Оқу-танымдық іс әрекетінің негізгі мәселелері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І ТАРАУ. ОҚУ.ТАНЫМДЫҚ ІС ӘРЕКЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1. Оқу.танымдық іс.әрекетінің мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Оқушылардың оқу.танымдық іс.әрекетін басқару . педагогикалық мәселе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

ІІ ТАРАУ. ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ.ТАНЫМДЫҚ ІС.ӘРЕКЕТІН БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 Қазіргі мектептегі оқушылардың оқу.танымдық іс.әрекетін басқарудың формалары және әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2 Қазіргі мектептегі оқушылардың оқу.танымдық іс.әрекетін басқарудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған.
Қазіргі жаңашыл қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіндігін толық атқара алатын және жоғары дене қабілетін меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастыруды талап етуде.
Осы орайда педагогика саласында жаңаша жұмыс жасау, жас ұрпаққа білім беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы педагогикалық жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, қолданылатын іс-әрекеттердің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала – ертеңгі дарынды әрі білімді жастарымыз. Жаңа инновациялық-технологиялық жүйелерді үздік қолданып, пайдалана білетін тұлғаны оқытып-тәрбиелеу тек педагог кадрлардың ғана емес, әрбір қоғам мүшесінің аса маңызды міндетіне айналып отыр.
Біз келешек ұрпаққа білім беру ісін дұрыс жолға қоя білсек, тәуелсіз еліміздің алдыңғы қатарлы ел қатарына қосылуына аз да болса үлес қосқан болар едік. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті сабақ үстінде ұйымдастырылып, сабаққа өзбетінше үйде даярлау үстінде жүреді. Әрбір оқушы өзінің оқып жүрген сабақ пәндерінің өзінің өмірі үшін қажет екендігін толық түсінген кезде ғана пән тақырыптарын танып білуге ұмтылады. Қоғам мүшелері толық әрі жан-жақты сауатты әрі білгір де білімді болуы толық жүзеге асқан кезде ғана Отанымыз көршілес елдермен де халықаралық қатынастарға терезесі тең жағдайда қарым-қатынасқа түсе алады. Жан-жақты кемелденген жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, елімізді қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамытуда өзінің айшықты қолтаңбасын қалдыра алады.
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтердің, психологтердің, көптеген еңбектері арналған зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған . Біреулері танымдық белсенділікті іс-әрекеттер ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде қарастырады.
Оқушылардың «оқу-танымдық белсенділігі» мәселесі терең педагогикалық зерттеулер пәні болып табылып, онымен М.А. Данилов, Р.Г. Лернер, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин, И.Ф. Харламов, Т.И. Шамова, Г.И. Щукина, А.Х. Аренова үлестерін қосқан болса, «оқу-танымдық іс-әрекет» мәселесі көптеген педагогтардың назарынан тыс қалмағанымен, дербес ізденіс мәселесі болып қарастырылмаған. Дегенмен, бірқатар педагог-зерттеушілер оқушылардың қызығушылығының қайнар көзі олардың танымдық мәселелердің мазмұнын анықтауға бар зейіні және ынтасымен толық түрде назар аударуында екендігін анықтаған (С.Л. Рубинштейн, Н.А. Менчинская, И.Я. Лернер). Осы жерде классикалық зерттеу үлгісіне айналып кеткен Титченардың зерттеу-тәжірибесіне назар аударғанымыз жөн. Бұл зерттеу-тәжірибе нәтижесінде оқушылардың танымдық қызығушылығы мен оқыту үрдісіне тікелей қатысы бар оқушылардың назар аудару сәтінің үш сатысы анықталған.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің жеке-жеке әр пәнге арналғандығынан бұл құбылыс оқушыларды әрбір пәннің әлеміне енгізеді, олардың құндылықтарын айқындап ашады, оқушыларды осы аталған құндылықтарды түсінуіне жағдай жасайды, адамзат жинақтаған білім қорының қол жететін, маңызы зор құндылық екендігін түсініп, сезіну басталады. Осы жағдайдан келіп жасөспірімдердің таным қызығушылығы арта түседі.
Оқу-танымдық іс-әрекет қоғам дамуы, ғылыми-техникалық үрдіс пен халықтардың рухани дамуы талаптарына сәйкес келетін білімді адамдарды даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса-қабат оқу-танымдық іс-әрекет оқушы үшін объективті қиыншылықтарға толы күрделі үрдіс. Осы қиыншылық мұғалімнің оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаруды да күрделендіреді.
Оқу-танымдық іс-әрекет үрдісі ой еңбегі мен күш-қуатының баршама шығындалуын қажет етеді, ал оны жүзеге асыру әрбір оқушының қолынан келе беретін нәрсе емес, өйткені, интеллектуалдық іс-әрекетке барлық оқушылар бірдей жақсы дәрежеде даяр бола бермейді. Сондықтан оқу-танымдық іс-әрекет барысында тек қана білім қоры жинақталып қана қоймай, ұзаққа созылған зейін аудару, ақыл-ой күшін, ерік күшін жұмсау, ең маңызды нәрсеге назар аудару сияқты күрделі үрдіс те жүзеге асырылады.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің нәтижелері еңбек іс-әрекетінің нәтижесі сияқты нақты көрініс таба алмайды. Мұғалімнің өз жауабына қойған бағасына қанағаттанбаған оқушы «Мен оқыдым-ғой»,– деп наразылығын білдіреді. «Мен оқыдым, мен білемін», – деген сенімі оның жетістігі аз болғанымен, көп уақыт пен күш бөлген еңбегінің нәтижесінде болып отыр. Оқушының үлкен еңбегі мен оны мұғалімнің бағалауының арасындағы мұндай сәйкессіздік оқушы үшін қосымша қиыншылық туындатады. Оқушының ұмтылыстары мен іскерліктері арасындағы сәйкессіздік көп жағдайда оның оқуға деген кері қатынасын қалыптастырады, тіпті оқушы мектепке келуге де ынтасыз болады.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің барысын күрделі әрі қызықсыз ететін осындай қиыншылықтар оқыту үрдісінің ішкі мазмұны мен сыртқы сипатының арасындағы сәйккестікті туындатуды қажет ететіндігін айқын көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушының жеке тұлғасының оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың мәні мен мазмұнын, ерекшеліктерін және әдіс-тәсілдерінің қыр-сырын ашу; оның білім жүйесіндегі орны мен мәнін анықтау және қазіргі мектептегі оқытудың жаңа әдістері мен оқушыларды жаңа материалды меңгеруге мотивациялаудың қажеттілігі мен оның әдіс-тәсілдерін сипаттау.
Курстық жұмыстың міндеті:
1.Оқу-танымдық іс-әрекетін басқару ұғымына жан-жақты түсінік беру.
2.Оқу-танымдық іс-әрекетін басқару міндеттерін анықтау.
3.Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін мотивациялау арқылы басқару жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың практикалық мәні:
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару бірнеше факторларға тәуелді болады. Олардың ішіндегі ең негізгісінің бірі мұғалімнің өз пәнін мектеп оқушылары үшін қаншалықты қызғылықты етіп ұсына алғандығы. Өйткені, педагог ғалымдар атап көрсеткендей, қызығушылық – қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау, ерік сияқты барлық психикалық үдерістер мен қызметтерге оң ықпал етеді. Курс жұмысы шеңберінде оқушылардың меңгеруге міндетті пәндерді өз қызығушылығымен тез танып білуіне мүмкіндік беретін жолдар мен тәсілдер қарастырылады.
Курстық жұмыстың теориялық мәні:
Оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті оның білім алуының негізгі әрі ең маңызды факторы. Оқу-танымдық іс-әрекет оқушының сабақ үстінде және үй тапсырмасын орындауы кезінде жасалатын негізгі психологиялық-педагогикалық үрдісі. Оқу-танымдық іс-әрекеттің сыныптағы жоғарғы қарқыны сабақтың жоғарғы ұйымдастырылу деңгейіне, тақырыптың қызықтылығына, меңгерілетін жаңа материалдың өзіне керектігін оқушының өзінің түсініп, саналы түрде қабылдауына көбіне-көп тәуелді болдаы.
Зерттеу базасы: Т.Тәжібаев атындағы №47 тарихи-гуманитарлық мектеп гимназиясы.
Зерттеу әдістері: Мектеп тұжырымдамасын зерделеу,бақылау, әңгімелесу, озық педагогикалық тәжирбиені зерттеу.
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы. – Астана: 2004.
2. Щукина Г.Т. Роль деятельности в учебном процессе. – М.: Просвещение, 1986. – Б. 52-76.
3. Каракулов К.Ж. Педагогика. – Шымкент: 2008. – 266 б.
4. М. Жұмабаев. Педагогика, Алматы. – 89 б.
5. Щукина Г.И. Проблема познавательного интереса в педагогике. – М.: 1971.– С. 53-54.
6. Зязин И.А., Кривонос И.Ф., Тарасевия Н.Н. Основы педагогического мастерства. – М.: Просвещение, 1989. – Б. 220-221.
7. Тоқсанбаева Н.Қ. Оқыту процесі жүйесіндегі танымдық іс-әрекеттің құрылымы.п.ғ.к. дисс... автореф. – Алматы: 2001.
8. Мөженақова М.С. Мектептің педагогикалық процесінде оқушылардың танымдық қызығушылығын өлкетану материалдары негізінде дамыту.п.ғ.к. дисс...автореф. – Қарағанды: 2004.
9. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. – Алматы: «Ғылым», 2002.
10. Асылжанова М.А. Танымдық іс-әрекет мектепке бейімделудің басты факторы. – Дисс... п.ғ.к. – Алматы: 1999
11. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – Алматы: «Мектеп», 1978.
12. Педагогика. Дәріс курсы. – Алматы: 2003.
13. Әбиев Ж.Ә, Бабаев С.Б, Құдиярова А.М. Педагогика. – Алматы: Дарын, 2004
14. Бейсембаева З. Студенттердің танымдық әрекетін басқарудың негізгі жолы. // Бастауыш мектеп, 2003
15. Б.Рақымова. Оқушылардың танымдық әрекетін дамыту. // Бастауыш мектеп, 2000.
16. Қоянбекова С. Танымдық іс-әрекетті белсендіру ерекшеліктері. // Қазақстан мектебі, 2003
17. Қамалбекова А. Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын әрекеті арқылы арттыру. -- Бастауыш мектеп 2005
18. Қапанов А. Студенттердің танымдық іс-әрекетін жетілдіру. // Биология және салауаттылық негізі, 2003.
19. Қожамберлиев Б. Руханилық танымдық мәселе. // ҚР. ҰҒА хабаршы 2003.
20. Қайыпова Ш. Танымдық шығармашылыққа баулиық. Қазақстан мектебі 2005, №7
21. Мустафина Ф. Оқушының танымдық белсенділігі және ізденісін қалыптастыру. // Информатика негіздері, 2005.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І ТАРАУ. ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС ӘРЕКЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. Оқу-танымдық іс-әрекетінің мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқару – педагогикалық
мәселе ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

ІІ ТАРАУ. қазіргі мектептегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаруды
ұйымдастыру

2.1 Қазіргі мектептегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың
формалары және
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2 Қазіргі мектептегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың
тиімді
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 30

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .36

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..37

ҚОСЫМШАЛАР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 38

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған Қазақстан-2030 стратегиясында
негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-
дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті
елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық
рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса
айтылған.
Қазіргі жаңашыл қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіндігін толық
атқара алатын және жоғары дене қабілетін меңгерген, өзіне сенімі мол,
салауатты-сауқатты, жан-жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастыруды талап
етуде.
Осы орайда педагогика саласында жаңаша жұмыс жасау, жас ұрпаққа білім
беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен
еліміздің дамуы педагогикалық жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз,
қолданылатын іс-әрекеттердің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені
бүгінгі бала – ертеңгі дарынды әрі білімді жастарымыз. Жаңа инновациялық-
технологиялық жүйелерді үздік қолданып, пайдалана білетін тұлғаны оқытып-
тәрбиелеу тек педагог кадрлардың ғана емес, әрбір қоғам мүшесінің аса
маңызды міндетіне айналып отыр.
Біз келешек ұрпаққа білім беру ісін дұрыс жолға қоя білсек, тәуелсіз
еліміздің алдыңғы қатарлы ел қатарына қосылуына аз да болса үлес қосқан
болар едік. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті сабақ үстінде ұйымдастырылып,
сабаққа өзбетінше үйде даярлау үстінде жүреді. Әрбір оқушы өзінің оқып
жүрген сабақ пәндерінің өзінің өмірі үшін қажет екендігін толық түсінген
кезде ғана пән тақырыптарын танып білуге ұмтылады. Қоғам мүшелері толық әрі
жан-жақты сауатты әрі білгір де білімді болуы толық жүзеге асқан кезде ғана
Отанымыз көршілес елдермен де халықаралық қатынастарға терезесі тең
жағдайда қарым-қатынасқа түсе алады. Жан-жақты кемелденген жастар
тәуелсіздігімізді баянды етіп, елімізді қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық
дамытуда өзінің айшықты қолтаңбасын қалдыра алады.
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне
педагогтердің, психологтердің, көптеген еңбектері арналған зерттеулерде
танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған . Біреулері танымдық
белсенділікті іс-әрекеттер ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның
ерекше қасиеті ретінде қарастырады.
Оқушылардың оқу-танымдық белсенділігі мәселесі терең педагогикалық
зерттеулер пәні болып табылып, онымен М.А. Данилов, Р.Г. Лернер,
М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин, И.Ф. Харламов, Т.И. Шамова, Г.И. Щукина,
А.Х. Аренова үлестерін қосқан болса, оқу-танымдық іс-әрекет мәселесі
көптеген педагогтардың назарынан тыс қалмағанымен, дербес ізденіс мәселесі
болып қарастырылмаған. Дегенмен, бірқатар педагог-зерттеушілер оқушылардың
қызығушылығының қайнар көзі олардың танымдық мәселелердің мазмұнын
анықтауға бар зейіні және ынтасымен толық түрде назар аударуында екендігін
анықтаған (С.Л. Рубинштейн, Н.А. Менчинская, И.Я. Лернер). Осы жерде
классикалық зерттеу үлгісіне айналып кеткен Титченардың зерттеу-
тәжірибесіне назар аударғанымыз жөн. Бұл зерттеу-тәжірибе нәтижесінде
оқушылардың танымдық қызығушылығы мен оқыту үрдісіне тікелей қатысы бар
оқушылардың назар аудару сәтінің үш сатысы анықталған.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің жеке-жеке әр пәнге арналғандығынан бұл
құбылыс оқушыларды әрбір пәннің әлеміне енгізеді, олардың құндылықтарын
айқындап ашады, оқушыларды осы аталған құндылықтарды түсінуіне жағдай
жасайды, адамзат жинақтаған білім қорының қол жететін, маңызы зор құндылық
екендігін түсініп, сезіну басталады. Осы жағдайдан келіп жасөспірімдердің
таным қызығушылығы арта түседі.
Оқу-танымдық іс-әрекет қоғам дамуы, ғылыми-техникалық үрдіс пен
халықтардың рухани дамуы талаптарына сәйкес келетін білімді адамдарды
даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса-қабат оқу-танымдық іс-әрекет оқушы
үшін объективті қиыншылықтарға толы күрделі үрдіс. Осы қиыншылық мұғалімнің
оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаруды да күрделендіреді.
Оқу-танымдық іс-әрекет үрдісі ой еңбегі мен күш-қуатының баршама
шығындалуын қажет етеді, ал оны жүзеге асыру әрбір оқушының қолынан келе
беретін нәрсе емес, өйткені, интеллектуалдық іс-әрекетке барлық оқушылар
бірдей жақсы дәрежеде даяр бола бермейді. Сондықтан оқу-танымдық іс-әрекет
барысында тек қана білім қоры жинақталып қана қоймай, ұзаққа созылған зейін
аудару, ақыл-ой күшін, ерік күшін жұмсау, ең маңызды нәрсеге назар аудару
сияқты күрделі үрдіс те жүзеге асырылады.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің нәтижелері еңбек іс-әрекетінің нәтижесі
сияқты нақты көрініс таба алмайды. Мұғалімнің өз жауабына қойған бағасына
қанағаттанбаған оқушы Мен оқыдым-ғой,– деп наразылығын білдіреді. Мен
оқыдым, мен білемін, – деген сенімі оның жетістігі аз болғанымен, көп
уақыт пен күш бөлген еңбегінің нәтижесінде болып отыр. Оқушының үлкен
еңбегі мен оны мұғалімнің бағалауының арасындағы мұндай сәйкессіздік оқушы
үшін қосымша қиыншылық туындатады. Оқушының ұмтылыстары мен іскерліктері
арасындағы сәйкессіздік көп жағдайда оның оқуға деген кері қатынасын
қалыптастырады, тіпті оқушы мектепке келуге де ынтасыз болады.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің барысын күрделі әрі қызықсыз ететін осындай
қиыншылықтар оқыту үрдісінің ішкі мазмұны мен сыртқы сипатының арасындағы
сәйккестікті туындатуды қажет ететіндігін айқын көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушының жеке тұлғасының оқу-танымдық іс-
әрекетін басқарудың мәні мен мазмұнын, ерекшеліктерін және әдіс-
тәсілдерінің қыр-сырын ашу; оның білім жүйесіндегі орны мен мәнін анықтау
және қазіргі мектептегі оқытудың жаңа әдістері мен оқушыларды жаңа
материалды меңгеруге мотивациялаудың қажеттілігі мен оның әдіс-тәсілдерін
сипаттау.
Курстық жұмыстың міндеті:
1.Оқу-танымдық іс-әрекетін басқару ұғымына жан-жақты түсінік беру.
2.Оқу-танымдық іс-әрекетін басқару міндеттерін анықтау.
3.Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін мотивациялау арқылы басқару
жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың практикалық мәні:
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару бірнеше факторларға тәуелді
болады. Олардың ішіндегі ең негізгісінің бірі мұғалімнің өз пәнін мектеп
оқушылары үшін қаншалықты қызғылықты етіп ұсына алғандығы. Өйткені, педагог
ғалымдар атап көрсеткендей, қызығушылық – қабылдау, зейін, есте сақтау,
ойлау, ерік сияқты барлық психикалық үдерістер мен қызметтерге оң ықпал
етеді. Курс жұмысы шеңберінде оқушылардың меңгеруге міндетті пәндерді өз
қызығушылығымен тез танып білуіне мүмкіндік беретін жолдар мен тәсілдер
қарастырылады.
Курстық жұмыстың теориялық мәні:
Оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті оның білім алуының негізгі әрі ең
маңызды факторы. Оқу-танымдық іс-әрекет оқушының сабақ үстінде және үй
тапсырмасын орындауы кезінде жасалатын негізгі психологиялық-педагогикалық
үрдісі. Оқу-танымдық іс-әрекеттің сыныптағы жоғарғы қарқыны сабақтың
жоғарғы ұйымдастырылу деңгейіне, тақырыптың қызықтылығына, меңгерілетін
жаңа материалдың өзіне керектігін оқушының өзінің түсініп, саналы түрде
қабылдауына көбіне-көп тәуелді болдаы.
Зерттеу базасы: Т.Тәжібаев атындағы №47 тарихи-гуманитарлық мектеп
гимназиясы.
Зерттеу әдістері: Мектеп тұжырымдамасын зерделеу,бақылау, әңгімелесу,
озық педагогикалық тәжирбиені зерттеу.

І ТАРАУ. ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС ӘРЕКЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. Оқу-танымдық іс-әрекетінің мәні мен мазмұны
Оқытудың немесе методологиялық негізі философия болып саналады.
Гносеология – танымдық теориясы. Диалектика заңдылықтары жатады.
Философиялық ілімге сүйене отырып (дидактика) оқытуды, оқу-танымдық
үрдістің бір бөлігі деп есептейді.
Сонымен, танып-білу – бұл адамның сана-сезімінде қоршаған дүниенің
бейнелену үрдісі. Ғылыми тану өзара бірлікте болатын нақтылы-сезімдік және
абстрактілік түрде өтеді. Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда таным
бірнеше сатыға бөлінеді:
1-саты – нақты пайымдау, сезім мүшелері және түйсік арқылы айнала
қоршаған орта дүниелерін тану; сезімсіз біз ешнәрсені де тани алмаймыз;
2-саты – абстрактілік ойлау, бұл кезде танудың алғашқы сатысында
алынған жаңа материалдар адамның ми қызметі арқылы оның санасында өңделеді,
қорытындыланады, тұжырымдалады, синтезделеді, бір жүйеге келтіріледі.
3-саты – тәжірибелік. Адам айнала қоршаған ортаны ой тұжырымы арқылы
ғана танып қоймай, зерттік тәжірибелер кезінде алынған мәліметтердің
ақиқаттығына көз жеткізеді. Танымның бұл сатысында адамның барлық танымдық
қызметтері жұмыс істейді.
Ал, мектеп оқушыларының таным үрдісінің өзіне тән ерекшеліктері бар:
- таным үрдісінің ғылымдағы объектісі белгісіз құбылыстар. Ал
оқушылар ғалымдар зерттеген жүйені өздігінен оқу арқылы танып
біледі. Оқушгыларды оқытуда адамзаттың танымдағы өткен жолын
өтпейді. Олар ғылымның ақиқат ашылған жаңалықтарын игереді. Ол
білімдер кездейсоқтықтардан тазартылған, жүйеленген, сенімді.
Әрине, мұғалім оқушыларды ғылымдағы таластармен таныстырады.
Сонымен оқушыларды ғылыми ізденістерге ынталандырады.
Оқушылардың таным үрдісі үнемдірек. Ғалымдардың, әдіскерлердің,
ұстаздардың көмегімен әрбір мектеп пәні бойынша маңызды білімдер негізі
іріктеліп алынады.
- Мектептегі таным үрдісі тек білім берушілік сипатта ғана емес,
сонымен қатар, тәрбиелеушілік, дамытушылық сипатта болады.
- Білімді игеру барысында оқушылардың ақыл-ой қабілеттері дамиды,
олардың көзқарастары мен сенімдері қалыптасады.
- Оқушылардың таным үрдістері олардың жастарына қарай
ұйымдастырылады.
Оқытуда таным үрдісінің әрбір буыны өзіне тән сапалы белгісі бар
үрдістер. Сонымен бірге, оның әрқайсысы білімді қабылдауда, оны дамытуды
үлкен роль атқарады.
Демек, оқу үрдісінің сатылары, өзара байланысты тұтас, толық таным
үрдісі екендігі табиғи заңдылық.
Оқытудың мақсаты тек оқушыларға білім, білік, дағды берумен ғана
емес, сонымен қатар олардың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Осындай
қасиеттердің бірі-танымдық қызығушылықты тұрақтандыруға бағытталған
танымдық белсенділік, әрекет және ықылас арқылы білімді тиімді игеру болып
табылады. Оқушылардың шығармашылық күштерінің, бейімділігін және
қабілеттерін дамыту танымдық мағынасымен және қоғамдық маңыздылығы
толтырылған, үздіксіз, жан-жақты әрекетті талап ететін күрделі жүйе. Бұл
жүйеде маңызды орын танымдық қызығушылықтары беріледі. Танымдық қызығушылық
барысында ықылас ерекше көрініс табады.
Танымдық ықылас жүйелі түрде бекітіліп және дамып, оқуға деген
жағымды ынта негізін құрайды, оны біреулер білімге деген құмарлық деп
қараса, басқалары оқуға деген әуестік деп топшылайды. Психолог
мамандардың пікірінше, танымдық ықылас ізденіс сипатына ие болады. Оның
әсерімен адамдар үнемі туындайтын сауалдарға жауаптарын өздері белсенді
іздеп табады. Мұның барысында оқушының ізденістік әрекеті қызығушылықпен
іске асырылып, оның эмоционалды көңіл-күйі көтеріліп, қуанышқа кенеледі.
Педагог және психологтардың арнайы зерттеулері айқындағандай,
танымдық ықылас өзінің оңтайлы әсерін тек іс-әрекеттің жүйесіне және
нәтижесіне тигізбей ғана, психикалық жүйелерге де әсер тигізеді: ойлау,
қиялдау, есте сақтау, және танымдық ықылас ықпалымен ерекше белсенділік
және бағыттылыққа ие болатын сезімдер. Танымдық ықылас-біз үшін оқушыларды
оқытудың маңызды себебі. Оның ықпалы зор болып келеді. Танымдық ықылас
ықпалымен, тіпті әлсіз оқушылардың да оқу жұмысы өте өнімді болады. Мұны
Л.С.Славинаның зерттеулері дәлелдеген. Ол үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс
атқаруда тек оқытушының тапсырмаларын орындауды талап ететін әдеттегідей
оқу жағдайын, өзіне ойын немесе жарыс элементтерін енгізген жағдайға
өзгертті. Мұның нәтижесінде оқытушыларды таң қалдырған құбылыс орын алды:
үлгерімі төмен және жалқау оқушылар қалыптасқан жаңа оқу жағдайларының
ықпалымен оқуға белсенділік, байқағыштық, түсінгіштік танытып, бұрын қиын
болып көрінетін мәселелерді өздері шешетін дәрежеге жетті.
Танымдық ықылас ықпалымен, кез-келген оқу тапсырмаларын орындауда
шығармашылық танытып, танымдық мәселені орындаудың тиімді, жаңа тәсілдерін
іздейді. Олар оқытушыны сынып ішінде үнемі қолдап отырады: сабақтарда
белсенділік танытады, күрделі қиын мәселелерді шешуге көмектеседі. Ал
сыныптастарының ұжымы ішінде – білім алудың қосымша қайнары, қызықты және
танымдық істердің бастаушылары болып табылады. Ықыласта интеллектуалдық
жүйелер ерекше білдіріледі. Ықылас пәніне ұмтылыс сауал туғызады; оған
жауап табу белсенді ойлау әрекетін білдіреді. Ықылас ықпалымен ой жылдам
жұмыс атқарады. К.Д.Ушинский оқуға деген ықыласты ойға толы ықылас деп
атайтын.
Танымдық ықылас оқушы тұлғасының бағалы тұрақты қасиеті ретінде
қалыптастыру оқытушыдан жастан жасқа дейінгі қызығушылықтарының даму
беталыстарын және оқушылардың жеке ұмтылыстары мен бейімділігін терең
білуді талап етеді. Бірқатар зерттеулердің көрсетуінше, оқушылардың
мүшелдік ерекшеліктерімен белгілі тәуелділікті болады. Бұл қызығушылықтың
тұрақтылығы, мазмұнның тереңділігіне де байланысты болады.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қолдау және бекітудің психологиялық
ынтасы жетістік болып табылады. Жетістікке жету барысында, оқушының жүзі
қуанышпен, қанағаттанарлықпен ерекшеленеді. Жетістікке жету қуанышына
бөленіп, оқушы басқа, одан да қиын істерді атқаруға дайын болады.
Оқушылардың төмендегі шарттар бойынша танымдық даму деңгейін анықтауға
болады:
• ойлау әрекетінің маңызды шарты ретінде белгілі білім қорының
болуы;
• тиімді танымдық жұмыс тәсілдерінің білім жүйесін қалыптастыру;
• игерілген тәсілді жаңа тапсырмаға аудара білу жиыны;
• анализ бен синтез тереңдігі мен толықтылығы;
• ой сапасының дамушылығы;
• жекеден жалпыға жылжу жылдамдығы;
• ойлау үнемділігі;
• интелектуалды белсенділік пен дербестік;
• ойлау әрекетінің жалпылануы;
• ойлаудың саналылығы;
• ойлау әрекетінің нұқалылығы;
• ойлай әрекетінің тұрақтылығы;
• ойлау дербестігі мен тараптардың көмегіне сүйену;
• оқушыларда оқуға жақсы қатынастың, танымдық мүдденің, үйренуге
қажеттіліктің қалыптасуы.

Төменгі сынып оқушыларының оқуға, танымдық қызметіне деген мотивациясын
арттыру үшін оқу үрдісі ерекше түрде ұйымдастырылуы тиіс. Қазіргі кезде кез
келген сабақ немесе сабақтар жүйесі мынадай нобай арқылы құрылады:
- мұғалім мақсаты құрастырады, бірақ бағаларды өлшеуішін түсіндірмейді;
- мұғалім алдына қойған мәселелерді қалыптасқан мақсаттардың элементі
ретінде қарастырады;
- қалыптасқан мақсаттарға жету құралдары мен әдістерін мұғалім өзі
таңдайды, яғни ол мақсатқа жетудің бірнеше әдісін ұсынады, сондықтан
біз мақсатқа жетудің әдістерінің көпнұсқалығы туралы айтуымызға болады;
- жаңа тарсырманы меңгеріп, қорытындылау үшін оқушылар өз бетінше
мұғалімнің ұсынған жаттығуларын орындайды;
- мұғалім орындалған жұмыстарды бағалап, оқушылардың білім деңгейін
тексереді, ары қарай бұл цикл жалғаса береді.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқу - тәрбие үрдісі барысында
білімді жинақтау болып табылады (дағдылар, шеберліктер). Ал бұл білім
жүйесінің заңды нәтижесі ретінді қажет болған жағдайда алған білімін
(дағдыларын, шеберлігін) қолдана алатын жеке тұлға болып саналады. Алайда,
азаматтық бүкіл өмірі бойы жиналған білімі мен ілімі соншалықты көп, терең.
Сондықтан қазіргі оқыту үрдісінде оның бәрін оқушыларға жеткізу қиындап
бара жатыр, тіпті мүмкін емес десе де болады. Ендеше оқушылардың танымдық
қабілетін арттырып, олардың оқуға деген ынтасын көтеру керек.
Біздің ойымызша, төменгі сынып оқушыларының танымдық мотивациясын
арттыру үшін білімді меңгерудің мынадай нобайы керек:
- мақсатты қоя алу ( мақсатты түсіндіру);
- мақсатты жүзеге асыра білу (орындалатын бөлігі);
- нәтижені бағалай алу 32,34-36.
Бүгінгі мектептерде тек қана екінші буын-орындалатын бөлу ғана
жүзеге асады. Сондықтан да ол мектеп тәжірбиесінде кең таралған, өйткені
мұғалім оны оңай қолдана алады. Мақсатты қоя білуге тоқталсақ, онда біз ол
мақсаттың тек қана жекеленген, бөлек, бір-бірімен бірікпеген оқу үрдісінің
талаптарын көздегенін байқаймыз. Оқыту үрдісінің мұндай түрі оқушылардың өз
қызметін бақылып, оған баға беріп, нәтиженің тиімділігін қалыптастырмайды.
Басқаша айтқанда, оқушының танымдыққа емес, тіпті оқу үрдісіне деген
қызығуының артуы екі талай.
Осы көрсетілген үш элементтің жүзеге асырылуы үшін оқу пәні ішкі ой
ерекшеліктеріне, яғни ол ойдың даму тарихы мен қалыптасуына, сонымен қатар
әр оқу пәні-жалпы білім жүйесінің тек қана бір бөлігі екенін түсінгенде
ғана іске аспақ. Яғни, қазіргі заманғы оқу үрдісінің мазмұнына деген
көзқарас оның диалектикалық дамуында ғана қарастырылуы керек. Басқа сөзбен
айтқанда, пәндік білім беру жүйесін негізінде диалектикалық қайшылық, яғни,
бір жүйеде нақты пәнді алсақ, білім беру жүйесінің дамуына мүмкіншілік
беретіні қозғаушы күш деп қарастырылады.
Түсініктерді қолдану үшін, адам, алдымен, білімнің негізін үйрену
керек. Егер түсінік жоқ болса, адам әлемінің барлық түрлілігін тану керек,
нәтижесінде ол еш нәрсені білмейді. Өйткені, түсініктер материалдық
заттардың, құбылыстардың жалып қасиеттері мен қатынастарын нақты түрде
қарастырады.
Біздіңше, төменгі сынып оқушыларында ұғынатын түсініктер оның
маңызын жаттап алып, көптеген жаттығуларды орындағаннан емес, оларды түсіну
ғана болады. Танымдық қабілетті арттыру үшін мұғалім оқу үрдісінің
негізінде төменгі сынып оқушыларының мотивациясын арттыруға көңіл бөлсе
ғана олардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеті, белсенділігі және тіліде
дамып, логикалық ойлау қабілеті қажетті деңгейде дамиды, ал соның арқасында
бастауыш мектептер орта білім көрсеткіштері едәуір көтеріле түсері сөзсіз.

Оқушыларда оқу-танымдық іс-әрекеттерді өз бетінше жүргізу дағдысын
қалыптастыру-оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге асыру
оқушылардың жинақтылыққа, өзін-өзі дұрыс басқаруға үйретеді, білімді саналы
түрде игеріп, оның танымдық- шығармашылық және қарапайым есептерді шешуге
дұрыс қолдана білуге жетелейді, білімін өз бетінше жетілдіру қабілетін
дамытады. Өз бетінше оқып-үйрену үшін қажетті мінез-құлықтың, серік-жігер
мен ақыл-ой қабілетінің даму дәрежесі, әсересе, жоғары сынып оқушылары мен
төменгі курс студенттерімен жүргізілген жұмыстарда айқын білінеді.
Сондықтан оқытушы оқушылар өзінің қызығуын толық түрде
қанағаттандыратындай, өзінің танымдық белсенділігі мен дербестігін жүзеге
асыратындай жағдай туғызуы тиіс.
Танымдық белсенділік жеке адамның орнықты қажеттілігіне, мінезіне
айналу үшін оның бойында өз күші және білімі игеру қабілеті мен қатар
дербес танымдық іс-әрекетке оң көзқарас қалыптастыру керек. Танымдық
белсенділік немесе ізденімпаздық, оқушының берілген тапсырманы басқаның
көмегінсіз орындауы мен ғана шектелмейді. Ол алдына саналы түрде мақсаттар
қойып, соған сәйкес өзінің іс-әрекетін бағыттай отыру мүмкіндігіне ие болу
керек. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесінің сан
қырлылығын ескеріп және компьютерлік техниканың көмегімен оқу үрдісін
жекелеуге мүмкіндік беретін, тұлға мен оқу іс-әрекет теориясының негізігі
қағидаларына сүйене отырып біз оған мынадай анықтама береміз.
Мазмұндық-амалдық бөлік негізінде білім жүйесі мен жаңа білімді өз
бетінше жетілдіру мүмкіндігін ашатын басты білімдер жүйесінен және оқу
танымдық іс-әрекеттер тәсілдерінен құралады.
Процессуалды-жігерлік бөліктің негізін оқушыларда таным кезіндегі
кездесетін қиыншылықтарды жеңу үшін жұмсалатын ерік-жігерін болуы және оның
өзінің дербес іс-әрекетінде жүзеге асыру дайындығы құрайды.
Біздің жүргізген зертеулерге қатысты осы үш бөлік оқу үрдісінің
барлық кезеңдерінде диалектикалық тұрғыда бір-бірімен өты тығыз байланысты
болатындығы анықталды. Осы бағытта жүргізілген жұмыстарға жасалған
талдаулар мен өз байқауларымыз: бізге танымдық белсенділіктің негізгі
бөліктерін мынадай белгі-шарттар мен көрсеткіштердің жиыны арқылы анықтауға
мүмкіндік береді.
Біз оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың негізгі
жолының бірі ретінде олардың сыныптық және сыныптан тыс дербес оқу-зерттеу
жұмыстарында компьютердің мүмкіндігін пайдалануды таңдадық. Сонымен қатар
оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда төмендегідей дидактикалық
шарттар орындалуы тиіс деп есептейміз:
- оқытудың алдынғы қатарлы әдіс-тәсілдерін қолдау арқылы қалыптасатын
теориялық білімнің болуы;
- компьютерлік технология мен модельдеуді қолдану арқылы жүргізілетін оқу
және оқудан тыс өзіндік жұмыстарының арнайы жүйесін жасауға оқушылардың
белсенді араласуы;
- компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушылардың оқу
және оқудан тыс жұмыстарының жасалғаны үнемі қадағалануы, білім
сапасының анықталуы.
Осы жасалған теориялық моделдің негізінде танымдық
белсенділіктің қалыптасу деңгейлерінің сипаттамасын, оның бөліктерінің
қалыптасу дегейлерін жалпылау деп қарастыруға болады.
Біздің пікіріміз бойынша, мазмұндық-амалдық бөлік танымдық
белсенділіктің қалыптасуына мынадай деңгейлермен сипатталады.
1. Дағды онша маңызды емес мәліметтерді қабылдау және оны қайталау
деңгейінде қалыптасады. Оқу-танымдық іс-әрекетінің мақсаты
игерілетін тақырыптың мазмұнына сай келмейді, олар тапсырмалар мен
есептеуде нақтыланбайды. Сондықтан жоспарлау қойылған мақсатқа
сәйкес келмейді.
2. Дағды хабардың жалпы мазмұнының негізгі идеясы анықталмай тұрып,
қабылдау мен еске түсіру деңгейінде қалыптасады. Оқу-танымдық
белсенділіктің мақсаты тақырыпқа сай келгенімен, қойылған
тапсырмаға сәйкес нақтыланбайды. Жоспарлау жұмыстың барлық кезеңін
толық қамтымайды.
3. Дағды хабардың негізіг мазмұнын мен мақсатын танып, қабылдау
деңгейінде қалыптасады. Оқу-танымдық іс-әрекеттің мақсаты
анықталады және есептерді шешеуге нақты айқындалады. Осыларды
есепке ала отырып, жұмыстың нақты жоспары жасалынады.
Процессуалды-жігерлі бөлік танымдық белсенділіктің қалыптасуының
келесі деңгейлерінен тұрады.
1. Танымдық қиындықтарды жеңу дайындығы төмен. Оқушылардың ерік-
жігері әлсіз, сабақ үстінде өздерін босаң ұстайды, жұмысты
аяғына дейін атқармайды, оқу-танымдық іс-әрекетке өз бетінше
белсенділік, жүйелік танытпайды, т.б.
2. Танымдық кезеңіндегі қиындықтарды жеңуге дайындық оқу-
танымдық іс-әрекеттің көпшілік түрлерінде байқалады. Оқушылар
сабақ кезінде ынталанып, жұмысты аяғына дейін атқаруға
тырысады. Бірақ үлкен қиындықтарды жеңуде табансыздық
танытады.
3. Танымдық қиындықтарды жеңуге дайындық оқу-танымдық іс-
әрекеттің көпшілік түрлерінде байқалады. Оқушылар кез келген
тапсырманы аяғына дейін орындап шығады. Жыл бойы жүйелі түрде
жұмыс істейді.
Танымдық белсенділіктің қалыртастыруының осы анықтаған сипаттамаларының
негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі үш деңгейге бөлінеді: төменгі,
орташа, жоғары.
Төменгі деңгей белгілі бір көлемде теориялық білімнің толық
еместігіне күрделі емес тапсырмаларды игеру дәрежесімен, үлгі бойынша
тапсырмаларды орындауына өз бетінше жұмыс істеумен, оқушылардың оқуға
тиісті көңіл қоймауымен сипатталады.
Орташа деңгей білім негізінің болуы, оқушылардың білімге, өзіндік
жұмысқа құштарлығының қалыптасуы, орта дәрежедегі тапсырманың игеру және
оны орындау алу қабілеті арқылы анықталады. Яғни, оқушылардың оқу танымдық
белсенділігі даму үстінде деп саналады.
Жоғары деңгей терең теориялық білімнің болуы, өзіндік жұмысқа
деген қажеттіліктің қалыптасуы арқылы танылады. Яғни, оқушылардың оқу
танымдық белсенділігі жеткілікті дәрежеде дамығандығы мен сипатталады.
Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық дербестігін ұйымдастырудың
негізгі құралы өзіндік жұмыс және ол оқушы жастардың дербес танымдық іс-
әрекетін жандандыруға ерекше орын алады. Осыған сәйкес өзіндік жұмысты
сабақ жүргізудің, ұйымдастырудың формасы оқыту әдісі ғана емес, ол
оқушыларды дербес танымдық іс-әрекетке тарту, қызықытру құралы деп
есептеуге болады. Олай болса, оқушылардың дербес танымдық іс-әрекеті
олардың танымдық белсенділігін арттырудың ең тиімді жолы.
Оқушылардың өзіндік жұмысын зерттеумен айналысатын көптеген авторлар
оның негізгі қызметі оқушылардың жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін
шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймайды, қайта оларды танымдық
дербестіктің жоғарғы деңгейіне көтеру деп санайды.
Біздің зерттеудің нәтижесі қазіргі білім беру жүйесіндегі
оқушылардың білім, білік және дағдыларында кездесетін негізгі кемшіліктер
мектептердегі білім беру, олардың өзіндік жұмыс жасау біліктерінің
төмендігінен деген қорытынды жасауға тіреп отыр. Бұлай деуге негіз,
теориялық тұрғыдан алғанда оқу үрдісін дамытатын кез келген мәселені шешу
арнайы ұйымдастырылған өзіндік жұмысынсыз жүзеге аспайтындығымен
түсіндіріледі. Ендеше жоғары сынып оқушылары мен студенттерінде танымдық
белсенділікті қалыптастырудың біз тағайындаған психологиялық-
педагогикалық, дидактикалық шарттары орындалуы тиіс. Мұндай шарттың бірі –
сабақ жүргізу кезінде мәселелік оқыту әдісін (мәселелік ахуалдар құру,
мәселелік сұрақтар қою, шығармашылық тапсырмалар беру және т.б.) пайдалану.
Екіншісі – оқу үрдісінде сабақтың барлық түрін жекелендіруге, оқушының
өзіндік жұмысын дамытуға мүмкіндік беретін компьютерлік техниканың
мүмкіндіктерін колдана білу.
Осыған байланысты біз оқушылар өз бетінше компьютерлік техниканың
көмегімен орындауға арналған фихикалық негізгі бөлімін қамтитын тапсырмалар
мен деңгейлік есептер жүйесін жасадық. Айта кетерлік бір жайт, оқу
үрдісінде компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін қолдану жеткілікті
дәрежеде дайындығы бар оқушымен ғана емес, қабылдау, ойлау, оқуға және
берліген мәліметті қайта жаңғыртуға қабілеті әр түрлі оқушылармен жұмыс
жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл кезде оқушының танымдық белсенділігін
дамытудың негізгі қажетті шарты – оқу үрдісін дараландыру.
Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушының әр түрлі
тапсырмаларды орындау барысындағы өз бетінше жұмыс істей алу қабілетімен,
деңгейімен анықталады. Оны тағайындау үшын біз мынандай көрсеткіштерді
пайдаландық: тапсырма өз бетінше орындалған; оны орындауда біршама көмек
керек; тапсырманың орындалуы кезінде үнемі көмек көрсетіледі.
Танымдық белсенділігі төмен оқушылар білімдерінің төмен екендігін
көрсетті: игерілетін материалдың негізгі мәнін ашып бере алмайды; логикалық
байланысты таба алмайды. Мұндай оқушылар заңдар мен заңдылықтарды формальды
түрде, өз білімін тәжірибеде қолдана алмайды.
Танымдық белсенділіктің қалыптасу деңгейлерін, деңгейлерінің өзгеруін
бағалау үшін тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар жүргізіледі. Оның
нәтижелерін төмендегі кестелерден көре аласыздар.
Қоғамдық прогресс пен ғылымның ықпалынан, оқытудың жаңа міндеттері мен
озат тәжірибесінің жинақталуынан оқыту талаптары дамиды, нақтыланады,
жетіле түседі.
Оқу үрдісі оқушылардың танымдық іс-әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал
танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.
Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін
ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды.
Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде,
тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Демек, оқушылардың
танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыруды оқу үрдісін
жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажет.
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне
педагогтердің, психологтердің, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған.
Зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған.
Біреулері танымдылық белсенділікті іс-әрекет ретінде қарастыра, екіншілері
жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде түсіндіреді.
Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, белсенділік – адамның өз бетінше
әрекет етуге дайын болуға ұмтылысынан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін
оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты
ретінде айқындалады.
Белсендірудің қандай да бір тәсілі мен әдістерін пайдалануға оқушының
қабілет дәрежесін ескеру керек. Күрделі танымдық міндеттерді танымдық
қабілет дәрежесі жоғары оқушылар ғана тапсыра алады. Оқышуға оның таным
күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігінен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым
асып түсетін міндеттер жүктеу білім беруде оңды нәтиже бермейді.
Жаңа технология, дәстүрлі емес әдіс-тәсілдердің де маңыздылығы жоғары.
Бірақ, көп жағдайда әсіресе ауыл мектептерінде бүгінгі күні әлі де болса өз
мәнін жоймаған, оқу үрдісінде пайдаланып жүрген, қазіргі қалыптасқан оқыту
жағдайында танымдық белсенділікті қалыптастыру – оқушылардың өзіндік
жұмыстарын ұйымдастыру барысында, шығармашылық сипаттағы сабақтарды
өткізуде үлкен мәнге ие. Мысалы: сот-сабақ, баспасөз мәслихаты сабағы,
объектіні зерттеу сабағы, тарихты „өзгерту сабағы”, сындарлы түсінік сабағы
(ереже, заңдылық, болжау), іздену сабағы, түпнұсқамен жұмыс істей сабағы,
пәнаралық сабақ, модельдеу сабағы, эвристикалық сабақ, саяхат сабақ,
шығармашылық әңгіме сабағы, топпен жұмыс сабағы, консультация-сабағы, сынақ-
сабақ, талдау сабағы, сайыс-сабақ, көрме-сабақ, сабақ-олимпиада, сабақ-
конференция, сабақ-спектакль, шығармашылық есеп, дөңгелек үстел сабағы,
шығармашылық жұмысты қорғау сабағы, болашақ мектеп сабағы және т.б. Осы
сабақтар ішінен іскерлік ойынын мысалға алайық. Іскерлік ойын сабағын
өткізу жоспары алдын ала дайындалады; сценарий құрылып, мақсаты
көрсетіледі; рөлдер бөлініп беріледі, кеңес беріледі. Құрал-жабдықтар,
көрнекіліктер әзірленеді.
Іскерлік ойындар: оқу, өндірістік, зерттеушілік болып бөлінеді. Оқудағы
іскерлік ойындардың негізгі белгілеріне мыналар кіреді.
1. Мамандардың басқарушылық әрекеті үрдісін модельдеу.
2. Ойынға қатысушылар арасында рөлдерге бөлу, рөлдеріне сәйкес өзара
әрекеті.
3. Ойынға қатысушылардың ортақ мақсаттарының болуы.
4. Ойынға қатысушылардың ұжымдық шешім шығаруы.
5. Шешімдердің көп нұсқалығы.
6. Ойын соңында талдау жасау.
Әдетте, ойын элементінің екі түрі қолданылады:а) белгілі бір мәселені
шешуге бағытталған жалпы жағдаяттық тапсырмалар (міндеттер); ә) арнайы
тапсырмалар.
Іскерлік ойындар күрделі шешімдерді қабылдай білуге үйретіп, ұжымдағы
өзара қарым-қатынасты айқындап, оқушының білімі, білігі мен жеке
қасиеттерін тексеруге мүмкіндік береді. Іскерлік ойыны оқушылардың жеке
қасиеттерін: жауапкершілік, іскерлік, шыншылдық, шешімпаздық, мақсаткерлік,
белсенділік сияқты қасиеттерін дамытады.
Қазіргі кезде оқушының оқу әрекетінің жемісті, нәтижелі болуына,
танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін
оқу үрдісін ұйымдастырудың түрлі тәсілдерін, әдістері мен нысандарын
іздестіру аса маңызды міндет.
Қазіргі кезде бастауыш мектептерде оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары
жүргізіліп, одан әрі жетілдіре түсуге даңғыл жол ашылды.
Бала өмірінде 6 жаста үлкен өзгеріс болатыны белгілі. Бала мектеп
оқушысына айналады. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелігі өсіп-
жетілуіндегі елеулі өзгерістермен сипатталады. Баланың мектеп жасына өтуі
оның іс-әрекетінің, қарым-қатынасының, басқа адамдармен қатынасының
өзгеруімен байланысты түсіндіріледі. Негізгі іс-әрекет түрі оқу болады,
өмірі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады.
Бастауыш мектеп оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдаспауымен
ерекшеленеді, сонымен қатар оларда „білуге құмарлық, әуестікте” байқалады.
Олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған
ортаны қызығумен қабылдайды.
Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсыз болып келеді. Сондықтан бастауыш
мектепте баларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі, негізінен, зейінді тәрбиелеуге
бағытталады. Мектеп өмірі баладан ерікті зейінін жаттықтыруды, назарын бір
орталыққа біріктіру үшін ерік күшін жинақтауды талап етеді. Балалардың
ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге дамиды (оқу іс-әрекетінің табысты
болуына деген жауапкершілік).
Бұл жастағы балалар өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте ашық
болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға берілгіш
келеді. Балалардың қиялына мүмкіндік берсе, оларды қандай да болсын бір
іске оп-оңай-ақ тартуға жеңіл. Сонда балалар қиын істерді де құштарлықпен
орындайды.
Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүріп жатады. Даму
үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6-7 жастағы балалар
заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастайды, олардың
құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында
бала шындық дүниенің құбаластары мен заттарын анықтай білуге, адам
баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір
нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте
байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрсе оларды ойлантады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқтғалардың, құбылыстардың сырын білуге
құмартады. Күн сайын ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше,
ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой
еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек
адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына
жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды. Ал бұл
баланың дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.
Егер мектеп жасына дейінгі балалрдың қызығуы ойын іс-әрекетімен
байланысы болып келсе, бастауыш сынып жасында қызығудың дамуы оқу іс-
әрекетінде жүзеге асырылады. Кеңестік психологтар зерттеулері бойынша 7
жастағы оқушыны мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа
адамдар (мұғалім, сыныптағы оқушылар), жаңа орын (мектеп, сынып), іс-
әрекеттің жаңа түрі (оқу) және т.б.
Қызығу өте ерте жастан қалыптасады және оның алғашқы көріну түрі
әуестік, құмарлық түрінде болады. Баланың бірінші жылында-ақ оны ашық түсті
заттар, қатты шыққан дыбыстар, заттардың қозғалысы өзіне тартады.Бала
күнделікті осы тітіркендіргіштерді үзіліссіз қабылдайды және оларды қайта-
қайта қабылдауға тілек білдіреді. Алайда, объектіге деген бұл бағыттылықты
оның эмоциялық тартымдылығына сәйкес уақытша оны қызығудың алды деп те
есептеуге болады.
Білуге құмарлық – бала табиғатына тән қасиет, ол баланың көргендерін
тануына, оған терең енуіне көмектеседі. Баланың мұндай құмарлығы өзін
қоршаған дүниені көруге, білуге, ұстауға деген қызығуынан байқалады.
Балалардың өте ерте балалық шағында „қайда?”, „неге?”, „бұл не?”,
„неліктен?” және т.б. сұрақтар қоюын оларда танымдық қызығуының пайда
болуымен байланыстыруға болады. Әрине, кішкентай баланың қойған мұндай
сұрақтары белгілі дәрежеде, қоршаған ортаға деген танымдық қатынас түрінде
әуестік, білуге құмарлықты көрсетеді. Мұны танымдық қызығудың бастауы десек
болады.
Балалардың қызығуы өз бетімен пайда бомайды, ол әлеуметтік ортаның,
ересектердің әсерінен пайда болады. Балалардың қызығулары олдардың жас және
дербес ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан, оқу-тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыруда әр түрлі жаста балалардың өздеріне лайықты қызығулары
болатынын ескеру қажет.
Адамның бар қасиеті: мінез-құлқы, қызығу сезімдері әрекет үстінде
дамиды. Әрекет үстінде балалар әр түрлі заттардың қасиеттерін
байланыстырып, бір шешімге келеді. Балада белгілі білім жүйесі қалыптасады.
Баланың танып – білсем деген ниетін қалыпты дәрежеде сақтап, танымдық
белсенділігін одан әрі күшейту үшін танымдық қызығуын арттыру маңызды. Ал
танымдық қызығуын ояту үшін зат болсын, әрекет болсын, соны жақсы білуі
керек, оны үйрететін бірінші кезекте үлкендер.
Өзін қоршаған ортаның шындығын ұғып білуге ұмтылудың бір көрінісі –
балалардың сұрақ қойғыштығы. Есейе келе балалар тек заттар туралы ғана
емес, әрі айналасындағы әлеуметтік көріністер жөнінде нақты білім, хабар,
түсінік алғысы келеді. Ересектерден балалар өз сұрақтарына жауап күтеді.
Осыдан келіп, оның ізденісіне, білуге ұмтылысына мұқият қарау керектігі
туады.
Балалардың қоғамда алатын орны, үлкендермен қарым-қатынасы әлеуметтік
өмірге араласуы, олардың өзіне ғана тән ішкі әлемі, қазығуы, қабылдауы,
ойлауы, қиялы, тағы басқа да көптеген мәселелер ғылымның сан-саласын
тоғыстыратын күрделі әлем.
Балада мектеп жасына дейінгі жастың соңына қарай үлкендердің әсерімен
мектептегі оқуға деген қызығу қалыптаса бастайды. Осыған байланысты
бастауыш мектеп жасында балалардың алғаш мектепке келген күнінен бастап
оларды не қызықтыратынын, олардың қызығуының өзіндік ерекшеліктері қандай
болатынын, сабаққа қалай қызығатынын жан-жақты білу үшін оқу-тәрбие жұмысын
жақсы ұйымдастырып, жақсартудың, оқу үлгірімін арттырудың маңызы зор. Бала
оқуға, сабақты үлгіруге, жалпы білімге қызығып тұрса, оқудағы іс-әрекеті
сәтті болады, білімді де сапалы меңгереді. Баланың оқу пәніне, тәрбие
жұмысына қызығуы болмаса, онда „оқудың да, тәрбиенің де” нәтижесі дұрыс
болмайтыны түсінікті. Сондықтан қызығудың балалардың жақсы оқуына, оқығанын
жақсылап ұғып алуына, оларды дұрыс тәрбиелеуде, олардың бойында адагершілік
қасиеттерді қалыптастыруда ықпалы зор.
Белгілі бір дәрежеде танымдық іс-әрекетте белсендірудің қажеттігі
туындайды. Мұнда оқыту үрдісіндегі әдістемелік жүйенің (мазмұн, әдіс-
тәсілдер, оқыту формасы, оқыту құралдары) өзара байланысы негізінде жүзеге
асырылуын талап етіледі. Оны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану үшін мына
ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:
Оқыту үрдісінде оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін
қажетті барлық шарттарды: білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды
қажетсіндіруді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын,
проблемаларды шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың
шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.
Енді таным үрдісінің әрбір сатыларын қарастыралық: жоғарыда
айтылғандай, таным үрдісі бағыт сілтеуші буыннан басталады. Бұл сатыда
мұғалім оқушылармен біріге отырып, танымдық міндеттерді түсіне бастайды,
олар бұрынғы білімдеріне сүйене отырып, мүмкіндігінше проблемалық болмыстар
мен жағдайларды меңгереді. Бұл ретте мұғалім әртүлі оқу құралдарымен және
материалдардың көмегімен өтілетін материалдарға оқушылардың қызығушылығын
туғызады.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің жеке-жеке әр пәнге арналғандығынан бұл
құбылыс оқушыларды әрбір пәннің әлеміне енгізеді, олардың құндылықтарын
айқындап ашады, оқушыларды осы аталған құндылықтарды түсінуіне жағдай
жасайды, адамзат жинақтаған білім қорының қол жететін, маңызы зор құндылық
екендігін түсініп, сезіну басталады. Осы жағдайдан келіп жасөспірімдердің
таным қызығушылығы арта түседі.
Оқу-танымдық іс-әрекет қоғам дамуы, ғылыми-техникалық үрдіс пен
халықтардың рухани дамуы талаптарына сәйкес келетін білімді адамдарды
даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса-қабат оқу-танымдық іс-әрекет оқушы
үшін объективті қиыншылықтарға толы күрделі үрдіс. Осы қиыншылық мұғалімнің
оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаруды да күрделендіреді.
Оқу-танымдық іс-әрекет үрдісі ой еңбегі мен күш-қуатының баршама
шығындалуын қажет етеді, ал оны жүзеге асыру әрбір оқушының қолынан келе
беретін нәрсе емес, өйткені, интеллектуалдық іс-әрекетке барлық оқушылар
бірдей жақсы дәрежеде даяр бола бермейді. Сондықтан оқу-танымдық іс-әрекет
барысында тек қана білім қоры жинақталып қана қоймай, ұзаққа созылған зейін
аудару, ақыл-ой күшін, ерік күшін жұмсау, ең маңызды нәрсеге назар аудару
сияқты күрделі үрдіс те жүзеге асырылады.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің нәтижелері еңбек іс-әрекетінің нәтижесі
сияқты нақты көрініс таба алмайды. Мұғалімнің өз жауабына қойған бағасына
қанағаттанбаған оқушы Мен оқыдым-ғой,– деп наразылығын білдіреді. Мен
оқыдым, мен білемін, – деген сенімі оның жетістігі аз болғанымен, көп
уақыт пен күш бөлген еңбегінің нәтижесінде болып отыр. Оқушының үлкен
еңбегі мен оны мұғалімнің бағалауының арасындағы мұндай сәйкессіздік оқушы
үшін қосымша қиыншылық туындатады. Оқушының ұмтылыстары мен іскерліктері
арасындағы сәйкессіздік көп жағдайда оның оқуға деген кері қатынасын
қалыптастырады, тіпті оқушы мектепке келуге де ынтасыз болады.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің барысын күрделі әрі қызықсыз ететін осындай
қиыншылықтар оқыту үрдісінің ішкі мазмұны мен сыртқы сипатының арасындағы
сәйккестікті туындатуды қажет ететіндігін айқын көрсетеді.
Осы кезде оқу-танымдық іс-әрекетке оқушының өзінің қатынасы қандай
болмақ деген мәселе бой көрсетеді. Оқушының оқу-танымдық іс-әрекетіне үнемі
мұғалім басшылық жасайды. Оқушы оқыту үрдісіндегі оқыту объектісі, ал
мұғалім оның субъектісі ретінде бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Осындай
кезде сырттан мұғалім оқушы басына білім құюмен шектелетін таным үрдісі
оқушыға оқу үрдісіне бей-жай қатысушы ролін ұсына алады. Ал, мұндай жағдай
оқушының оқушының жалпы ролін төмендеткенімен қоймай, оның танымдық
мүмкіндігін де төмендетіп алады. Сондықтан, оқушының өзі оқу-танымдық іс-
әрекеттің белсенді субъектісіне айналуы қажет. Нақ осы жағдай қазіргі
кездегі мектептегі білім берудегі жаңашылдық бағыттардың негізін құрап
отыр.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқару шеберлігі көптеген
факторларға тәуелді болып келеді. Олардың ішіндегі ең негізгісі –
мұғалімнің өз пәнінен өткізілетін сабақтарды қызғылықты етіп өткізе алуынан
бастау алады. Бұл үшін мұғалім сабақ пен оқыту түрлерін саналуандандырып,
өзінің қызметін шығармашыл етуі, оқушыларға да шығармашылықты талап ететін
тапсырмаларды көбірек беруі, сабақ үстінде өзбетінше жұмыс істеуін
қамтамасыз етуі, сабақ үстінде мұғалім мен оқушының арасындағы кері
байланыстың үнемі жанданып отыруына, үй тапсырмасының орындалуын үнемі
тексеріп отыруы қажет.
Тұлға үшін адамзат баласы жүзеге асыратын іс-әрекеттердің ішіндегі ең
бір күрделісі-танымдық процесс болып табылады. Педагогикада оқушылардың
оқу танымдық іс-әрекеті ұғымдары ойлау іс-әрекеті ұғымдары жиірек
пайдаланылады. Ойлау және таным ұғымдарына анықтама берер болсақ,
философиялық инциклопедиялық сөздікте ойлау ұғымы объективтік шындықтың
белсенді формасы ретінде сипатталады. Ойлау адамзат баласының танымының
жоғары сатысы болып табылады. Сондықтан таным ойлауға қарағанда әлде
қайда кеңірек ұғым философиялфқ сөздікте таным объективті шындықтың
бейнеленуінің жоғарғы формасы ретінде сипатталса, ал бейнелеу-материяның
жалпыға бірдей ортақ қасиеті ретінде сипатталып, оның мәні бейнеленуші
объектінің белгілнрін, қасиеттерін, элементтері арасындағы қатынастарын
басқа объектілермен байланыстарын қайта жаңғыртуда, қайта елестетіп
көрсетуде болып табылады.
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне
педагогтердің, психологтердің, көптеген еңбектері арналған зерттеулерде
танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған . Біреулері танымдық
белсенділікті іс-әрекеттер ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның
ерекше қасиеті ретінде қарастырады.
Таным – ол адамға бірден келмейді, ол өмір көріністерін топшылау,
салыстыру, тәжірибе жинақтау , оны қорыту арқылы терең де тиянақты білім
негізінде пайда болады. Танымдық іс -әрекетке баланың ақыл –ойын өсіру үшін
олардың елестеулерін дамытуға көбірек зер салу керек. Егер бала ойын, оқу
әрекеттері арқылы айналасындағы дүниемен тығыз байланыста болса, заттарды
қабылдауға әрекет етсе, оның танымы артады. Танымдық ойын арқылы түрлі
объектілерді көреді, байқай алады, оларға назар аударады.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылығын арттыру,
танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу – ол мектептегі оқытудың
негізгі мәселелері.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру үшін
С.Жақыпов өз еңбегінде сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктерді,
логикалық сызбаларды, шартты – графикалық құралдарды қолдану керек. Бұл
оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекетін жандандырып, өз бетімен
жұмыс жасауға және оны меңгеруге төзімділігін арттырудың бірден – бір
тәсілі болып табылады деп көрсетті [1].
Оқушылардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі үрдіс. Танымдық
әрекеттің негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі артады. Танымдық
белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға , білімге деген ынта – ықыласының,
қызығушылығының, құштарлығының ерекше көрінісі. Оқушылардың өзіндік
белсенділігін қалыптастыру мәселесінің маңызы өте зор. Оқушылардың
белсенділігін арттыру үшін мұғалім сол пәнге жан – жақты жетіктігін аңғарту
қажет. Оқушының өзіндік ынта – ықыласы болмаса, ол сол пәнді жан – жақты
меңгере алмайды. Оқу еңбегінің қиындығына төзімділік танытқан оқушы ғана
өзіндік белсенділігін дамыта алады.
Төменгі мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде
жүзеге асады. Осы жаста қарым – қатынас шеңберінің көбеюінің маңызы
артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтердің бүкіл оқыту –
тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс түрі –
оқу болып табылады. Осы оқу арқылы олардың танымы дамиды. Оқыту үрдісінің
қозғаушысы - ұстаз бен оқушының біріккен танымдық іс-әрекеттерінің
жиынтығы болып табылады.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолының бірі -
өзіндік жұмысы. Өздігінше жұмыс, оқушылардан мидың белсенді жұмыс істеуін
қажет етеді, осыдан кейін ақиқатты танудың белсенділіктің негізі пайда
болады.
Оқушылардың өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай
қасиеттер қалыптасады:
1. Өз бетінше ойлану біліктері .
2. Оқуға деген ынта – ықыласының артуы.
3. Өз ойының дербестігі.
4. Өз бетімен жұмыс жүргізуі.
Өзіндік жұмыстың дәстүрлі түрі – үй жұмысы, оны оқушы мұғалімінің
көмегінсіз жасайды. Әрбір оқу пәні оқушылардың алдына көптеген міндеттер
қояды және оқушылардың әрекеттерінің жиынын, олардың алған білімдерін,
арнайы біліктерді пайдаланып, жұмыс істеуді талап ететін, әр түрлі
сипаттағы өзіндік жұмыстар түрінде анықтайды.
Оқушылардың өзіндік жұмысын зерттеумен айналысатын көптеген авторлар
оның негізгі қызметі оқушылардың жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін
шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймайды, қайта оларды танымдық
дербестіктің жоғарғы деңгейіне көтеру деп санайды.
1.2. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқару – педагогикалық
мәселе
Педагогикада оқыту теориясы (дидактика) үш негізгі сүйене отырып
дамыды. Бірінші – оқыту теориясының шартты заңдарының философияға
негізделіп дамитыныдғы, атап айтқанда, мектептерде оқыту теориясын
дамытудың методологиялық негізі философиясы болғандығы.
Екінші – өткен заманнан қалған педагогикалық прогресшіл ұлы мұраның осы
күнгі оқыту теориясын дамыту үшін бірден бір сарқылмайтын қайнар көзі болып
табылғандығы. Мысалы, орыс халқының аса көрнекті педагогі К.Д. Ушинскийдің
немесе қазақ халқының даңқты педагогі Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық
еңбектерінде көрсетілген өте бағалы оқыту әдістері мен принциптері қазақ
мектептерінде дамытылып қолданылды.
Үшінші – мектептердегі мұғалімдердің озат тәжірибелері оқыту теориясын
аодан әрі дамуына ықпал етеді. Жан-жақты тәрбие беру міндеттері мектепте
оқушылармен оқу уақытынан тыс жүргізілетін оқыту үрдістері мен тәрбие
жұмыстары үрдістерінде шешіледі. Мұғалім мен оқушылардың бұл саладағы
қызметтерінің әрқайсысының өздерінің ерекшеліктері болады, алайда олар
өзара бөлінбестей байланысты, олар біртұтас оқу-тәрбие үрдісін құрайды.
Оқушылар табиғат пен қоғам заңдылықтарын, адамдардың рухани өмірін
сабақ үстінде де, сабақтан тыс кезде ғылым негіздерін оқып үйрену үрдісінде
танып біледі. Бұл жағдайда оқушы дайын білімдерге сүйеніп қана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетінің даму ерекшеліктері
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ кітабі
Оқытудың психологиялық мәселелері
Мeктeпкe дeйінгі мeкeмe бaлaлaрының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды тeориялық тұрғыдан нeгіздеп, оны белсендетудің әдіс-тәсілдер жүйесін жасау
Оқушылардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Оқытушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытудағы өзіндік оқытудың тәсілдері
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорлары
Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері
Пәндер