Суға батудың түрлері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Суға бату
- Жоғарғы тыныс жолдарына судың толуы нәтижесінде бас миына және тіндерге жедел оттегінің жетіспеушілігін суға бату деп атаймыз.
СуҒа батудың түрлері
- Біріншілік немесе шынайы
- Асфексиялық немесе құрғақ
- Екіншілік
Біріншілік суға бату
Біріншілік суға бату көп кездеседі. Бұл кезде жыныс жолдары және өкпе сұйықтықпен бітеледі, сөйтіп су қанға өтеді.
Тұзсыз суға бату кезінде қан плазмасындағы иондардың тепе-теңдігі бұзылып, гемолиз гиперволемияға, гемодилюцияға гипопротеинемияға, артериалды гипоксемияға әкеледі. Науқасты судан шығарып біріншілік көмек жасағанда өкпе ісігі пайда болып, тыныс жолдарынан бозғылт көпіршік бөлінеді.
Теңіз суына бату кезінде, қанның қоюлануы байқалады (гиповолемия), қан плазмасындағы натрий, кальций, хлордың иондары жоғары болады. Клиникалық белгілері өкпе ісігінің пайда болуы, тыныс жолдарынан ақ көпіршіктің бөлінуі.
Асфексиялық суға бату
Асфиксиялық суға бату рефлекторлы ларингоспазмның пайда болуынан, яғни ол судың аспирациясына бөгет келтіреді. Бұл көбіне қатты хлорланған немесе лайлы суда көбіне әйелдер мен балаларда дамиды. Бұнда өкпе ісігі байқалмайды, бірақ көп мөлшерде асқазанда су болады.
Екіншілік суға бату
Екіншілік суға бату суық суға түскен соң жүректің кенеттен тоқтауынан (фибриляциясы) пайда болады . Кейде тыныс алу мүшелерінің немесе ортаңғы құлақтың (дабыл жарғағы перфорациясы) рефлекторлы реакциясы да белгілі роль атқарады. Клиникалық көрінісі бозару, перифериялық қан тамырларының айқын спазмы. Бұл кезде өкпе ісінуі болмайды.
Суға батқан адамға көрсетілетін алғашқы көмек :
- Зардап шеккен адамды судан алып шыққаннан кейін, басы кеуде клеткасынан төмен болу үшін ішімен бүгілген тізеге жатқызады және кез - келген мата бөлігімен ауыз қуысын және жұтқыншақты судан және құсық массаларынан тазалайды. Одан кейін трахея және бронхтардан суды шығару үшін кеуде клеткасын күшті қозғалыстармен қысады. Суға батқанда тыныс орталығының параличі 4-5 минуттен кейін пайда болады, ал жүрек қызметі 15 мин дейін сақталуы мүмкін. Ауа жолдарын судан босатқаннан кейін, зардап шеккен адамды тегіс жерге жатқызады және жасанды тыныс беруге кіріседі Қажет болғанда жүректің сыртқы массажы жүргізіледі. Жансақтауды ұзақ, бірнеше сағат бойы өзіндік тыныс қалыптасқанша немесе биологиялық өлімнің нағыз белгілері пайда болғанша жүргізеді.
1. Бірден судың бетінде алдын - ала дайындалған көмекші затпен өкпенің жасанды вентиляциясы. Қайықта және жағада ауа өткізуші заттарды, ауыз - мұрын маскасын немесе Рубен қабын қолданады.
2. Ұйқы артерияларында пульс анықталмағанда лезде жүректің жабық массажын жасай бастайды.
3. Зардап шеккен адамның есі бар болса, оған мүсәтір спиртінің буларын иіскеуге береді, тері жабындыларын ысқылайды және жылы көрпеге орайды.
4. Нағыз суға батқанда зардап шеккен адамды ішімен көмек көрсетіп жатқан адамның бүгілген аяғының санына жатқызады және 10-15 сек бойы қолмен кеуде клеткасының бүйір беттеріне күшті, біріне - бірі бағытталған қозғалыстар жасап тыныс жолдарын судан босатады. Одан кейін зардап шеккен адамды арқасына жатқызады және ауыз қуысын тазалап, өкпенің жасанды вентиляциясын жасай бастайды. Өкпенің жасанды вентиляциясын спонтанды тыныс пайда болғаннан кейін де, адам есіне келмегенде және дамып келе жатқан өкпе ісінуінің белгілері болғанда жалғастыра береді.
Электрожарақат
Электрожарақат дегеніміз- адам организмінде электр тоғының зақымдауы нәтижесінде мүшелер мен жүйелерде терең функционалды бұзылыстардың дамуы, ең бірінші - ОЖЖ, қан айналым және тыныс алу мүшелерінде.
Электрожарақаттың түрлері
- Электрохимиялық(электролиз, клеткалар мембраналарында иондық тепе - теңдіктің бұзылуы, ақуыздар коагуляциясы, тіндердің колликвациялық некрозы) .
- Жылулық(жанаспалы күйіктер, сүйектер зақымдалуы) .
- Механикалық(тіндердің ажырауы, тін және дене бөліктерінің жұлынуы) .
- Биологиялық(гиперкатехоламинемия, жүрек фибриляциясы, апноэ, тырыспа синдромы, ларингоспазм) .
Ауырлық дәрежесі
- 1 - ші дәрежесі: есі сақталған, бұлшықеттердің тоникалық жиырылулары басым болады. Ток әсері тоқтағанда зардап шегуші адамдарда ауырсыну синдромы, қозу, (кейде сананың бұлыңғырлануы), тері жабындыларының бозғылттануы және суықтығы, ентігу, тахикардия, артериалды қысымның жоғарлауы байқалады.
- 2 - ші дәрежесі: айқын кардио - респираторлы бұзылыстарсыз естің жоғалуымен бірге тоникалық тырысулар жүреді.
- 3 - ші дәрежесі: кома, тыныс алудың және қан айналымның бұзылыстары байқалады, гипотензия дамиды. Ішкі мүшелердің зақымданулары болуы мүмкін: өкпе тамырларының жарылуы, паренхиматозды мүшелердің ошақты некроздары, өкпе және ми ісінуі, тор қабықтың ажырауы. Жүйелі миолиз және гемолиз жіті бүйрек жетіспеушілігінің дамуымен асқынуы мүмкін. Кейде ОЖЖ біріншілік зақымдалуы тыныс алу және қан айналуды реттейтін орталықтардың күрт тежелуіне, тіпті электрлі леторгияға дейін әкеледі. Осы кезде зардап шегуші адамды тексергенде тіршілік белгілері анықталмайды.
- 4 - ші дәрежесі: қарыншалар фибриляциясы немесе орталық генезді апноэ, клиникалық өлім (ерекшелігі - ұзақтылығы 7-10 мин дейін) . Жиі электр тогы бас арқылы өткенде дамитын орталық апноэ тұрақты болып келеді және постреанимациялық кезеңде рецидив беруі мүмкін. Фаталды аритмиялар, зақымдалған аяқ - қол тамырларының трмбоздары сияқты тыныс алу орталы-ғының параличі кейде бірден пайда бомай, кейігі 2-3 сағ ішінде дамиды.
Алғашқы көмек
- Зардап шегуші адамды ток әсерінен босату, мұның өзі оның өмірін сақ-тап қалуы мүмкін, ток көзін өшіру (рубильник, пробкалар), немесе сымдарды әртүрлі деңгейлерде ағаш сабы бар балтамен шабу. Зардап шеккен адамды белбеуінен немесе құрғақ киімінің етегінен тартып босатуға болады, осы кезде құрғақ мата, ағаш, шыны немесе пластикадан жасалған тараны қолданып, жалаңаш аяқ - қолдың немесе аяқ киімнің (металл шегелер) жанасуларынан аулақ болу керек
- Электр тогымен зақымдалудың 1-2 дәрежесінде арнайы шаралар жасау қажет емес, науқас адамды тыныштандырып, ішке немесе парентералды аналгин, тавегил тағайындау керек.
- Зақымдалудың ауыр дәрежелері кезінде «ауызбен ауызға» әдісімен немесе ауа жіберуші аппараттар арқылы (маскалар) өкпенің жасанды вентиляциясын жасау керек. Егер жарты сағат ішінде спонтанды тыныс қалыптаспаса, трахеяны интубациялап, оттегі - ауа қосылысымен өкпенің жасанды вентиляциясын жалғастыру керек. Ларингоспазм кезінде вена ішіне дитилин (1, 5-2 мг/кг) енгізіп, кеңірдек интубациясын және өкпенің жасанды вентиляциясын жасау керек. Кеңірдек интубациясын жасауға мүмкіндік болмағанда коникотомия жасайды (ішкі диаметрі неғұрлым кең 5-6 инемен трахея пункциясы) .
- Эффективті қанайналысы тоқтағанда біріншілік реанимацияны стандартты кезекпен жүргізеді: механикалық дефибриляция, өкпенің жасанды вентиляциясы, жүректің жабық массажы, ЭИТ жүргізу, қан алмастырушы заттардың натрий гидрокарбонатының инфузиялары, ЭКГ бақылаумен аритмиялармен күрес.
Найзағай түсу
Найзағай түсу әдетте күн күркіреген кезде ашық жерде жүргенде немесе жалғыз тұрған ағаш астына тығылғанда болады. Найзағайдың зақымдаушы факторлары электр тогы, жарық және дыбыс энергиясы болып табылады. Найзағайотының кернеуі сол кезде ондаған миллион вольт, ток күші жүздеген мың ампер, найзағай каналының температурасы цельсий бойынша одаған мың градустарға жетеді.
Клиникалық көрінісі
Найзағай түскенде адам бірнеше минуттан бірнеше тәулікке дейін есінен тануы мүмкін, сол кезде клоникалық тырысулар пайда болады. Есіне келу қозумен, науқас адамның дезориентациясымен бірге жүреді. Зардап шеккен адамның іс - әрекеті көп жағдайда ауырсыну синдро-мымен анықталады. Кейде галлюцинациялық - сандрақ толқулар, аяқ - қол-дарының парездері, бульбарлы бұзылыстар байқалады. Науқас адамдар бас-тың ауырсынуына, көздің көру өткірлігінің төмендеуіне, тіпті соқырлыққа дейін (тор қабық ажырығанда) шағымданады. Тері жабындарында күрең қызыл - қоңыр түсті ағаш тектес суреттер түріндегі найзағай белгілері көрінеді (қантамырлар бойымен) . Кейде ауыр ангинозды статус, қан түкіру, өкпе ісінуі дамиды. Ішкі мүшелердің басым зақымдалғанымен сипатталады
Алғашқы көмек
- тыныс алуды және жүрек қызметін қалпына келтіру (жүректің сыртқы массажы және өкпенің жасанды вентиляциясы, жүректің механикалық және электрлік дефибриляциясы), мүмкіндік болса бір уақытта ЭКГ жазылады.
- сол уақытта тамшылатып реополиглюкин (полиглюкин) немесе 90-120 мг преднизолонмен бірге натридің изотоникалық ерітіндісін (500 мл дейін) енгізу (гипотензияда преднизолонды вена ішіне ағыммен құяды) .
- ауырсынуды және моторлы қызуды басу үшін вена ішіне бұлшықетке) литикалық қоспаны енгізеді: 1 мл 2, 5 % аминазин ерітіндісі, 1 мл 1-2 % промедол ерітіндісі және 1 мл 1 % димедрол ерітіндісі. Осы мақсатпен нейролептоанальгезия әдісін қолданады. Екі жағдайда да міндетті түрде препараттарды енгізудің алдында және кейін артериалды қысымды бақылап отырады .
- тыныс және жүрек қантамыр жүйесі тұрақтанғаннан кейін найзағай түскен адамды горизонталды жағдайда көпсалалы аурухананың реанимация бөліміне жеткізеді.
Үсіктер
Көбіне денеге ұзақ уақыт суық әсер еткенде, көбіне аяқ бөліктері тоңғанда. Суықтың әсерінен теріде қан айналыс бұзылып, оның некрозына және терең өзгерісіне әкеледі. Зақымдалу дәрежесін үсік кезінде анықтау өте қиын, өйткені көріністері күн аяғында пайда болады
Үсіктің этиологиясы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz