Орманшылық`



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Ормантану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Орман типологиясы құрылуының бастамалары ... ... ... . 4
1.2 Орманды қалыптастыратын негізгі ағаш тұқымдары және орман туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.3 Орманның негізгі элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .. 9
1.4 Ағаш бітімі (сүрекдіңдер), оның басты белгілері ... ... ... 11
1.5 Орман және климат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
1.6 Орман және жарық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
1.7 Орман және жылу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
1.8 Орман және жел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.9 Орман және ауа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
1.10 Орман және ылғал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
1.11 Орман және топырақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
1.12 Орман және фауна ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
1.13 Орманның қорғаушы қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26
2 Типологиялық негізінде ормандардың қалыптасуы мен қайта жаңаруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
2.1 Ормандар типологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27
2.2 Ормандардың қайта қалпына келуі ... ... ... ... ... ... ... ... .. 31
2.3 Ормандардың қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
2.4 Ағаш тұқымдастарын ауыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
3 Күту кесулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 43
3.1 Күту кесулерінің негізгі мақсаттары мен мәселелері ... .. 43
3.2 Күту кесулерінің түрлері және әдістері ... ... ... ... ... ... .. 45
4 Басты пайдалануға кесу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
4.1 Ағашты тұтастай кесу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
4.2 Орман шаруашылық тәсілдерімен құндылығы аз орман екпелерін қайта құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
4.3 Орманды басты қолдану және қалпына келтірудегі кесу жұмыстарының технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
4.4 Шаруашылықта құнды түрлердің өзі өсетін және ұрпақтарын сақтау жұмыстарының технологиясы ... ... ... ... 68
4.5 Орман күтіміндегі механизациялық және техникалық жұмыстарды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 69
4.6 Кескен орынды тазалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 74
5 Шайыр заттыларды және орманды қосымша пайдалану ...74
5.1 Шайыр заттылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 74
5.2 Орманды қосымша қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 76
6 Орман өрттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. . 78
1.1 Орман типологиясы құрылуының бастамалары.
Ормандарды жүйелеу – орман типологиясының негізгі мәселесі.Ал орман шаруашылығы ғылымдарының ішінен өзіндік тармақ болып бөлінуге әсер еткен XIX ғасырдағы орыс орман шаруашылығында пайда болған «екпе ағаштар типтері» деген түсінік.Сондықтан «құрғақ алқаптағы» және «сулы алқаптағы» орман типтері деп бөледі.
Ормандарды типологиялық жүйелеуді морфологиялық жүйелеумен араластыруға болмайды.Өйткені морфологиялық жүйелеу орман таксациясының әдістеріне сүйенеді. Ал таксациялық жүйелеу екпе ағаштардың сыртқы және әсіресе сандық белгілерін анықтайды, яғни құрамы, тұқымдар басымдығы, толықтығы, қабаттар саны, бони тет, екпе ағаштар шығу тегі, өнімділік, өсу барысы. Орманның құрамы, құрылымы, өнімділігі және өсу аймағын бағалаудатаксациялық сипаттама құнды негіз. Бірақта, орман шаруашылығы ісінде орман белгілерін біріктіріп сосын табиғи өсулердің әр түрлілігін түсіндіруде таксациялық әдістемелік орманшылардың қөңілінен шықпаған. Сондықтан орман типологиясы пайда болды, ол өсімдіктерді, кең биологиялық және географиялық негізінде, айқын белгілерімен жүйелейді.
Орман типі – орманның ағаш тұқымдары құрамымен біртектес участоктерін біріктіру. Сонымен қатар өсімдіктер даму реттері және фаунамен, микробтар мекені бойынша, климаттық, топырақтық, гидрологиялық шарттарымен, өсімдіктер өмір сүру ортасы арасындағы байланыспен, ішкі биогеоценоз бен биогеоценоз арасындағы түрлердің энергия және зат алмасуымен, биогеоценоздар құрастыру қасиеттерінің біртектілігімен біріктіргенде экологиялық жағдайлар және қолданылатын орман шаруашылық іс- шаралары бірдей болу керек.
Г.Ф. Морозовтың өсімдіктер типтері туралы оқытылымы.
Ғылыми типология негізін қалаушы Г.Ф. Морозов алғашқы болып өсімдіктер типтері туралы оқытылымды ұсынды. Ол орман өсімдіктері типі деп бір үлкен топқа біріктірілген және өсу жағдайларымен біртұтас өсімдіктерді атады. Морозовтың айтуы бойынша орман өсімдіктері типі – бұл климаттық фактормен байланысқан орманшылық – географиялық ұғымның ең төменгі жүйелік сатысы. Морозовтың бұл ойлары Алексеевтің, Воробьевтің, Сукачевтің және тағы басқа да ғалымдардың еңбектерінде өз жалғасын тапты. Погребняк жергілікті өсімдіктер әр түрлілігін анықтайтын топырақтық факторлар деп оны ормандар жүйелеу негізіне қойды.
Топырақтар жағдайлары және ормандар белгілері қарым – қатынасын анықтау үшін Погребняк эдафикалық тор қолданды. Ол тор екі қатардан тұрады: трофогендік, яғни құнарлығы және гигрогендік, яғни ылғалдылығы. Трофогендік қатардың мүшелері трофотроптар деп аталады, олар қарағай орманы немесе жалпақ жапырақты орман.
Қарағай орманы, құнары тапшы құмдақ топырақтарда, өседі.
Жалпақ жапырақты ормандар топырақ құнарына көп талап қояды, сондықтан олар орманның сұр топырағы мен қара топырақта өседі, олармен қатар көптеген ағаштар және бұталар өседі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 Қазақстан Республикасының Орман кодексі.Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Кодексі.
2 Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.
1996.-244 с.
3 Белов С.В. Лесоводство. – М.: 1983. – 321 с.
4 Мелехов И.С. Лесоведение. – М.: 1980. – 133 с.
5 Мелехов И.С. Лесоводство. – М.: 1989. – 153 с.
6 Морозов Г.Ф. Учение о лесе. Изд.5 – М.Л.:1949. – 75 с.
7 Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 325 с.
8 Нестеров В.Г. Общее лесоводство. – М.: 1954. – 432 с.
9 Сүлейменов А.А. Орман шаруашылығы: курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.- Павлодар: Кереку,2008.- 20 б.
10 Эйтинген Г.Р. Лесоводство. – М.: 1953. – 426 с.

ОРМАНШЫЛЫҚ

1 Ормантану

1.1 Орман типологиясы құрылуының бастамалары.
Ормандарды жүйелеу – орман типологиясының негізгі мәселесі.Ал орман
шаруашылығы ғылымдарының ішінен өзіндік тармақ болып бөлінуге әсер еткен
XIX ғасырдағы орыс орман шаруашылығында пайда болған екпе ағаштар типтері
деген түсінік.Сондықтан құрғақ алқаптағы және сулы алқаптағы орман
типтері деп бөледі.
Ормандарды типологиялық жүйелеуді морфологиялық жүйелеумен
араластыруға болмайды.Өйткені морфологиялық жүйелеу орман таксациясының
әдістеріне сүйенеді. Ал таксациялық жүйелеу екпе ағаштардың сыртқы және
әсіресе сандық белгілерін анықтайды, яғни құрамы, тұқымдар басымдығы,
толықтығы, қабаттар саны, бони тет, екпе ағаштар шығу тегі, өнімділік, өсу
барысы. Орманның құрамы, құрылымы, өнімділігі және өсу аймағын
бағалаудатаксациялық сипаттама құнды негіз. Бірақта, орман шаруашылығы
ісінде орман белгілерін біріктіріп сосын табиғи өсулердің әр түрлілігін
түсіндіруде таксациялық әдістемелік орманшылардың қөңілінен шықпаған.
Сондықтан орман типологиясы пайда болды, ол өсімдіктерді, кең биологиялық
және географиялық негізінде, айқын белгілерімен жүйелейді.
Орман типі – орманның ағаш тұқымдары құрамымен біртектес участоктерін
біріктіру. Сонымен қатар өсімдіктер даму реттері және фаунамен, микробтар
мекені бойынша, климаттық, топырақтық, гидрологиялық шарттарымен,
өсімдіктер өмір сүру ортасы арасындағы байланыспен, ішкі биогеоценоз бен
биогеоценоз арасындағы түрлердің энергия және зат алмасуымен,
биогеоценоздар құрастыру қасиеттерінің біртектілігімен біріктіргенде
экологиялық жағдайлар және қолданылатын орман шаруашылық іс- шаралары
бірдей болу керек.
Г.Ф. Морозовтың өсімдіктер типтері туралы оқытылымы.
Ғылыми типология негізін қалаушы Г.Ф. Морозов алғашқы болып
өсімдіктер типтері туралы оқытылымды ұсынды. Ол орман өсімдіктері типі деп
бір үлкен топқа біріктірілген және өсу жағдайларымен біртұтас өсімдіктерді
атады. Морозовтың айтуы бойынша орман өсімдіктері типі – бұл климаттық
фактормен байланысқан орманшылық – географиялық ұғымның ең төменгі жүйелік
сатысы. Морозовтың бұл ойлары Алексеевтің, Воробьевтің, Сукачевтің және
тағы басқа да ғалымдардың еңбектерінде өз жалғасын тапты. Погребняк
жергілікті өсімдіктер әр түрлілігін анықтайтын топырақтық факторлар деп
оны ормандар жүйелеу негізіне қойды.
Топырақтар жағдайлары және ормандар белгілері қарым – қатынасын
анықтау үшін Погребняк эдафикалық тор қолданды. Ол тор екі қатардан тұрады:
трофогендік, яғни құнарлығы және гигрогендік, яғни ылғалдылығы. Трофогендік
қатардың мүшелері трофотроптар деп аталады, олар қарағай орманы немесе
жалпақ жапырақты орман.
Қарағай орманы, құнары тапшы құмдақ топырақтарда, өседі.
Жалпақ жапырақты ормандар топырақ құнарына көп талап қояды,
сондықтан олар орманның сұр топырағы мен қара топырақта өседі, олармен
қатар көптеген ағаштар және бұталар өседі.

Е.В. Алексеев жүйелеуі
Е.В.Алексеев орман жүйелеу жұмыстарында Г.Ф.Морозов,
П.П.Серебренников, А.А.Кюрдинердің ілімдерін жалғастыра отырып қолданылма
жағынан дамытқан.
Е.В.Алексеев бойынша орман участогінің типі ол орман мен алып
тұрған жерінің тұтастығы. Ол да жүйелеу негізіне екі ординатаны қолданған,
А.А.Кюрденер сияқты, - ылғалдылық және топырақтың механикалық құрамы.
Бірақта Е.В.Алексеев топырақты терең зерттеуге талап қояды, өйткені
табиғатта тек емендік емес қарағайлық саздақтар бар.
Е.В.Алексеев жүйелеуі екі нысанды сұлбаға сүйенеді, А.А.Нартов және
П.П.Серебренников келісуімен, яғни екі категорияларға бөлу: а) құрғақ
алқаптың орман типтері; б) сулы алқаптың орман типтері (шымды
батпақтардағы, қарағайлы, қайыңды, шыршалы ормандар). Құрғақ алқаптағы
орман типтері ормандық саздақтағы қарағайлы, ақ букті, жалпақ жапырақты
ормандарға және қара топырақтағы емен орманына бөлінеді. Сонымен қатар
Е.В.Алексеев жалпақ жапырақты орманның климаттық формалары ретінде
шамшаттық орманды сипаттайды. Е.В.Алексеев эрозияға ұшыраған, бүлінген,
ауыл шаруашылығында ұзақ қолданылған топырақтарда пайда болған ормандарды
зерттеп, жаңа көз қарас тудырды және шәйылған саз топырақта қарағай
отырғызу керек екенін дәлелдеді. Ол орман типтері топырақтың механикалық
құрамымен байланысты екенін айқындады.

Типологиялық түсініктер

1. Сүрікдіңдер – орман екпелерінің негізгі бөлігі болып табылатын ағаштар
жиынтығы.
Бонитетімен, толықтығымен, нысанымен, құрылымымен және тегімен екпе
ағаштар бөлінеді, жергілікті және туынды, тұқымдық және балақ шыбықтық,
табиғи және жасалған, болып.
2. Тіршілік орны – орманның ішкі ортасы. Астынан тамырт орналасқан
топырақпен, ал үстінен бөрікбасымен шектелген ағаштар көлеміндегі топырақ
пен атмосфера жатады.
3. Орман – ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да
компонентерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан,
қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық
және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен.

1.2 Орманды қалыптастыратын негізгі ағаш тұқымдары және орман туралы
түсінік
Ағаш өсімдіктерін ботаника бөлімі немесе өсімдіктер туралы ғылым
-дендрология зерттейді, ол ғылыми көзқараспен көп жылдық ағаш
өсімдіктерінің – сыртқы және ішкі құрылысын, таксономиялық жағдайын, түр
ішілік жүйеленуін, физиологиясын, экологиясын, географиялық орналасуын және
шаруашылық мағнасын зерттейді. Ормандық ағаш өсімдіктері келесі өмірлік
формаларына немесе топтарына бөлінеді: ағаштар, бұталар, бұташықтар,
шалабұталар.
Әсіресе кеңінен тарап және шаруашылықта мағналы болған ағаштар – жан
– жағында бұталары мен жоғарыда өркені бар айқын діңді көп жылдық
өсімдіктер. Олардың орман қалыптасуында және шаруашылық пен халыққа сүрік
алуда маңызды орны бар. Ағаштардың биіктігі 8...10 м биік болады.
Есейген бұталарда басты дің болмайды, оның орнына бірнеше діңшелер
қалыптастырып 5 м биіктікке дейін өседі. Бұташалар тармақталған 80 см
дейінгі биіктікке өсетін өсімдіктер, ал лиандар - иілгіш, ұзын, тұрақсыз,
тіреу тілейтін сабақтары бар өсімдіктер.
Орман түсінігі көп қырлы. Орман биосфераның құрамдарының бір
бөлігі болып есептеледі, жер шары өмірінің белсенді орны болып құралады,
өйткені құрамы, құрылымдары тірі ағзалардың тіршілігімен байланысты;
географиялық ландшафттың элементі ретінде оны орман ауқымы (массив) және
орман қоры ж. т.б. құрастырады.
Орман – жер шарының негізгі түрлерінің біреуі, яғни әртүрлі аралас
өсімдіктердің күрделі қарым – қатынасы, бірақта көлемі, құрылымы,
құрамы, көбеюі, көректенуі және басқа белгілері бойынша айырмашылығы
бар. Ал өсімдіктер ішінде ағаштар басты орында. Бірақта көп ағаштарды
орман деп атауға болмайды. Өйткені олар бір-бірінен алшақ орналасып ,
қатар-қатар тұруы мүмкін, сондықтан олар саябақ немесе демалыс бағын
құрастырады.
Орман тек сандық белгілерімен емес, сапалық көрсеткіштерімен
анықталады. Орманда өскен ағаштардың өте жоғары орналасқан бөрікбасы
болады. Олар жоғарыда қосылып жарықты, жылуды, жауын-шашынды жерге
түсірмейді. Сондықтан төменгі бұтақтар солып қалады, ал өсетіндері
діңдері. Ол ағаштардың бағалылығы және шаруашылық мағынасы мол
көрсеткіші.
Еркін өсетін ағаштардың бұтақтары солбырап, бөрікбасы шашыраңқы
болады. Ағаштың діңі бұтақты, қысқа болады, оларда жақсы тауарлық түр
болмайды. Ормандағы ағаштар, еркіндегі өсетіндерге қарағанда, 10 ... 20
жыл кеш тұқым береді және дән беретін кезеңдері болады. Ол жылдар
ағаштардың тұқымы мен табиғи жағдайларымен байланысты, сонымен қатар
тұқым беру ағаштардың көлемдерімен байланысты. Өте ірі ағаштар 80% көп
дәндер береді, ал нашар өсетіндері – 0,5 % көп бермейді.
Орманда, ағаштармен қатар бұталар, шөптер, мүктер, қыналар және
т.б. өсімдіктер өседі. Ол әсерлер жарық, көректік заттар және су үшін
бәсекелестікте.
Сонымен, орман тек көптеген ағаштар араласы емес, ол бұталардың,
шөптердің, мүктердің, қыналардың және т.б. өсімдіктердің қарым-қатынасы,
онда ағаштар, ең бірінші болып, қоршаған ортаға әсер етеді: жарық , жылу,
ылғал, ауа құрамы, жел және басқа экологиялық жағдайларға. Орман өз
ортасын құрастыра отырып, қоршаған егістіктерге, шабындықтарға, су
қоймаларына және т.б. әсер етеді.
Орман тек өсімдіктер құрылымы емес, ол биологиялық жүйе, оның
қатарында әртүрлі жануарлар бар, орман фаунасын құрастыратын, сонымен
қатар микроағзалар дамитын орта. Ормандық аңдар мен құстар өздеріне
жайлы жағдай табады, өйткені олар қоректене және көбейе алады. Ал
көптеген аңдармен құстар ағаштардың өсіп-дамуына әсер етеді, өйткені
зиянды жәндіктердің көбейюін азайтып, орманның санитарлық жағадайын
жақсартады. Жер қазатын жануарлар (борсық, көртышқан) топырақ құрамын
жақсартады, қарағай тұқымдастарының қауіпті зиянкесі мамыр зауда
қоңызының дернәсілін азайтады.
Ормандағы топырақта көптеген құрттар мен микроағзалар бар. Олар
топырақтың құрамын жақсартады және ағаштар мен бұталардың қоректенуін
қамтамасыз етеді, өйткені түскен қылқандарды, жапырақтарды, бұтақтарды,
қабықтарды өңдеп пайдалы қылдырады.
Орман шаруашылығының негізін қалаушы Г.Ф. Морозов орманға жан-жақтық
түсінік берген, яғни орман тек ағаш өсімдіктерінің бір-біріне әсер
етумен емес, ал топырақтың және ауаның құбылыстарымен жаңа өзгерістер
әкеледі.
В.Н. Сукачев орманды ормандық биогеоценоз (грек. био - өмір, гео-
жер, ценоз-жалпы) ретінде қарастырған, яғни барлық тіршіліктің,
топырақтың, жалпы дамудың әсерімен болатын өзгерістер ретінде.
Қазақстан Республикасының Орман кодексінде орманға келесі түсінік
берілген. Орман – ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа
да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан,
қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық
және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен .

Ағаш және бұта өсімдіктерінің нысаны, құрылымы және тіршілік әрекеті
Ағаш және бұталарда мына маңызды бөліктер бар: сабақ, тамыр, жапырақ,
өркен, бұтақтар, жеміс және дән, әрқайсысының өз функциясы бар. Сабақ –
ағаштар мен бұталардың жер бетіндегі бөлігі, жапырақтарды, гүлдерді,
жемістерді қалыптастырып көтеретін және өткізгіш және сүйеніш функцияларын
атқаратын. Сабақ пен тамыр және жапырақтардан су және минералдық заттар
көтеріледі және жапырақтардан органикалық заттар тамырларға барады.
Ағаштарда сабақ деп діңді түсінеді – ол басты сабақ, тамырдың мойнынан
басталады, яғни тамырдың діңге қосылатын жері. Дің негізгі, өте құнды сүрек
беретін құрылым. Діңнің сыртқы бөлігі қабық деп аталады, ол ағаш және бұта
тұқымдарын табиғаттың қолайсыз жағдайларынан қорғайды және ағаштың сыртқы
әлпетін көрсетеді.
Сүрек діңнің негізгі массасын құрастырады, сонымен қатар сабақтар мен
бұтақтардың. Оның физикалық (түрі, жылтырлығы, кебуі, ісінуі, қабықтануы,
тығыздығы, жапырақтануы, т.б.) және механикалық (қысқанға төзімділігі,
созылуы, қозғалуы, жарамсыздығы, бұралуы, иілуі, жабысқақтығы, қаттылығы
ж.т.б.) қасиеттерімен шаруашылық мағнасы және халық шаруашылығында қолдануы
кеңінен байланысты.
Сүрек өсімдік жасушаларынан құрастырылған, сырты қабықталған
құрамдардан тұрады. Сүректің химиялық құрамы барлық ағаш
тұқымдастарындағыдай. Абсолюттік құрғақ сүректің органикалық бөлігі
көміртегінен (49 ... 50%), оттегінен (43 ...44%), сутегінен (6%) және азоттан
(0,1...0,3%) құралған. Бейорганикалық бөлігі, жандырғанда күл болып Са, К,
Мg, Na және басқа элементтер (0,1...1%) құрастырады.
Тамыр – ағаштар мен бұталардың жер астындағы бөлігі, өсімдікті су және
минералдық заттармен қамтамасыз етеді және топырақта тамырмен бекиді.
Жапырақ – жер бетіндегі орган, оның көмегімен негізгі тіршілік
әрекеттерінің процестері жасалады, ол фотосинтез, дем алу, транспирация.
Өркен – жапырақтары мен бүршіктері бар жас сабақ. Бұтақтар – діңнен
тарайтын бойындағы өркендер. Өркен мен бұтақтар бөрікбасын құрастырады. Ол
жерде жапырақтар, гүлдер және жемістер қалыптасады. Жеміс – тозаңданғаннан
кейін қалыптасатын, жабық тұқымдастардағы орган. Ол дәндерді қорғап және
шашады. Дән – жеміс ішіндегі, дәнмен көбейетін өсімдіктердің органы. Дән
көбею, тарау және қолайсыз жағдайларды бастан кешу әрекеттерін атқарады.

1.3 Орманның негізгі элементтері
Белгілі бір жерде орман ешқашанда бір текті болмайды. Оларда сыртқы
және ішкі белгілері және қасиеттерімен айырмашылық болады. Сондықтан іс
жүзінде топтайды. Орманның негізгі компоненті – орман өсімдіктері және оның
құрылымдық бөліктері: сүрекдіңдері, жас шыбықтар, шілік, шабан өркен, тірі
бүркеме дақыл, орман төсеніші ж.т.б.
Орман өсімдіктері – сүрекдіңдерінен, сонымен қатар, жаңа өсулерден,
шіліктен және тірі бүркеме дақылдан құрылатын орман участогі. Орман
өсімдіктерін орман фитоцинозы деп тауға болады (фитон - өсімдік, ценоз –
жалпы, біріккен). Оған ағаштар, бұталар, шөтесін өсімдіктер, мүктер,
қыналар, орман төсеніші жатады.
Сүрекдіңдер – ағаштардың қосындысы, өсімдіктердің негізгі компоненті.
Қазақстан Республикасының Орман кодесінде мына түсінік берілген:
Сүрекдіңдер – орман екпелерінің негізгі бөлігі болып табылатын ағаштар
жиынтығы.
Өскіндер, өзі себілгендер, жаңа өсулер, шілік, шабан өркендер, бүркеме
дақылдар өсімдіктердің төмедегі қатарына жатады. Пісу жасына жеткен әр
орманда ағаштардың жас ұрпағы болады. Ол ұрпақ аналық орманның, әлде басқа
тұқымдардың өнімі болуы мүмкін. Жас ұрпаққа өскіндер жатады – бір жастағы
ағаш өсімдіктері. Егер өскіндер сақталса, олар өзі себілген екі жасқа
дейінгі ағаш өсімдігі болады. Олар табиғи дамудың келесі ұрпағы – жаңа
өсулер, яғни екі жастан асқан негізгі тұқымдардан кейін дамитын өсімдіктер.
Ағаш кесу кезінде құнды тұқымдар өсулері сақталу керек, өйткені олар жаңа
ұрпақты қалыптастырады.
Шілік (майда тоғай) - өскен жерінде ағаш бітімін қалыптастырмайтын,
орман көлеңкесінде өсетін бұталар. Шіліктің тұқымдық құрамы орман
қалыптастыру жағдайларымен – климаттық, гидрологиялық, топырақтық, сонымен
қатар ағаш бітімінің тұқымдық құрамымен байланысты.
Майда тоғайдың орманшылық және экономикалық мағнасы зор. Оның топырақ
қорғау орны мыналарда: жерге рам шөптер өсірмейді, қопсытып құрылымын
сақтайды, су эрозиясын толастатады. Топырақты қоректік заттармен байытады,
пайдалы құстар мен аңдарға пана болады, азықтық жемістер береді.
Шабан өркенге негізгі ағаш тұқымының діңін жақсартып өсуін тездететін
ағаш және бұталарды жатқызады. Ол жаңа өсулер мен шіліктерге қарағанда
негізгі тұқымға көп көмек береді. Жан-жағында өсіп оның өсуін бәсеңдетпей,
діңі түзу болуға әсер етеді, өйткені бұтақтары көп болмайды.
Тірі бүркеме дақылдар – мүктер, қыналар, шөптесін өсімдіктер,
бұташалар орманды және ормансыз жерлерде өседі. Олар ағаш бітімдерімен,
географиялық жағдайға және өсімдіктердің өз жағдайларымен байланысты. Орман
өмірінде мағнасы зор, әсіресе қалпына келтіруге көп әсер етеді.
Тірі бүркеме дақылдардың ішінде азықтық, дәрілік, илік заттары бар
өсімдіктер көп және жануарларға көп азық береді.
Ағаштар қосылып екпелер қалыптастырады, оның ішінде жаңа қосылыс пайда
болады, ол орман төсеніші - әр түрлі шіріген өсімдіктер түсінділерінен
орманда қалыптасқан топырақ үстіндегі қыртыс. Өсімдіктер түсінділеріне
жатады – жапырақтар, қылқандар, бұталар, жемістер мен қабықтар, ол жерді
көптеген жануарлар паналайды. Орман төсенішінің қоры, қалыңдығы және
құрылымы орман құратын тұқымдардың түрлік құрамымен, ағаш бітімінің
жасымен, ағаштар биіктігімен, тірі топырақ жамылышымен, қазғыш фаунаның
белсенділігімен байланысты. Төсенішті топырақтың ормандық өсімдік
қасиеттеріне қолайлы әсер ететін фактор ретінде қарастыру керек, өйткені
қопсу мен құрылымын, жоғарғы қабаттың ылғалы мен температурасын сақтауға
әсер етеді. Сұйық жауын-шашынды сүзіп топырақтың қылтүтігін сақтайды.
Сонымен қатар төсеніш орман топырағына тыңайтқыш ретінде қызмет жасайды.
Орман төсенішімен қатар орманда тамыр жүйесі бар, ол бір өсімдіктің
жер астындағы табиғи күрделі құбылысы. Топырақта орналасу сипатымен жер
бетіндегі, терең орналасқан, аралас тамыр жүйелерін бөледі. Ағаштар тамыр
жүйесінің көмегімен жерге бекиді, су мен қоректік заттарды алады, алмасу
заттарын бөледі, қоректік заттардың артығын жинайды.

1.4 Ағаш бітімі (сүрекдіңдер), оның басты белгілері
Ағаш бітімінің морфологиялық маңызды айырмашылық белгілері бар және ол
тұқымдар құрамымен, нысанымен, жасымен, шығу тегімен, бонитетімен,
толықтылығымен, қабысуымен, қалыңдығымен, қорымен, өнімділігімен, даму
жағдайымен топтастырылады.
Ағаш бітімінің құрамы – қалыптастыратын ағаш тұқымдарының тізбесі және
әр тұқымның бітіміне қатынас дәрежесі. Егер ағаш бітімі бір ағаш тұқымынан
немесе бірлі – жарым қоспадан құралса, онда ол таза, ал егер екі немесе
одан көп тұқымнан құралса аралас деп аталады. Ағаш бітімінің құрамы 10 –
балдық жүйемен белгіленеді. Егер ол 7\10 қарағайдан және 3\10 қайыңнан
құралса, онда құрамы 7ҚЗАҚ деп бөлінеді, бас әріптер тұқымдарды көрсетеді,
ал сандар қосындысы 10 болу керек.
Ағаш бітімінде бір ағаш тұқымы көп болса, ол басым түскен деп аталады.
Ал егер бітімдегі тұқым шаруашылықта бағалы болса оны басты деп атайды.
Ағаш бітімінің нысаны, ең маңызды кейіпі, бір биіктіктегі ағаштар
қалыптастыратын қатарлар санымен анықталады. Егер ағаштардың бөрікбасы
жалпы қатар құрастырса, онда ол ағаш бітімі қарапайым, немесе бір қатарлы
деп аталады, ал егер екі немесе бірнеше қатар құрастырса, онда ол күрделі
немесе көп қатарлы. Егер қатар толықтығы 0,3 кем болмаса, онда ағаш бітімін
күрделіге жатқызады. Олар топырағы және климаттық жағдайлары қолайлы
жерлерде қалыптасады. Жоғарғы қатарда тез өсетін, жарықты жақсы көретін
тұқымдар өседі, ал екінші және үшіншіде жарықтың, аздығына көнетін ағаштар.
Күрделі ағаш бітімінің мысалы ретінде мына ағаш бітімін келтіруге болады -
қайың бірінші қатарда өседі, ал екінші қатарда – шырша.
Іс жүзінде өсімдіктердің нысанын бөледі, оған қатарлар саны, ағаштар,
бұталар, мүктер, қыналармен қалыптасқан. Бұл жағдайда ең жоғарғы қатарда
ағаштар, сосын бұталар, ең төменінде – шөптер, мүктер, қыналар, олар
топырақты жауып тұрады.
Ағаш бітімінің жасы – ол қатарды қалыптастыратын ағаштардың жасы, оның
биологиялық және шаруашылық маңызы зор. Егер ағаштардың жасы жас классының
шамасында болса бір жастағы болады, ал егер ол шамадан шықса, онда әр түрлі
жастағы деп аталады.
Ағаш бітімінің жасына байланысты бөледі – жас, орта жаста, пісіп
қалған, піскен, тұрып қалған деп. Жас ағаш бітімі – ағаш бітімінің
қабысуынан екінші класстағы жасының аяғына дейінгі кезең. Бұл орманның
ұрпағына жатады - өзі себілгенненөскендер, жаңа өсулер, балақ шыбықтар,
олар қабысқаннан кейін шатқал қалыптастырады, яғни өте жиі және толық орман
участогі, күтілмейді, I класс жасындағы балаусаға жатады. Ағаштар жылдам
жіктелу, биіктікке тез өсу, қарқынды бұтақтанып және жапырақтану кезеңінде
жас ағаш бітімі II классқа өтіп сырықтанады.
Ағаштардың жіктелуі саябырлау кезеңі басталады, бірақта өсуі қарқындап
сүрекдіңнің қоры көбейіп тұқым беру кезеңі басталады. Ондай ағаш бітімін
орта жастағыға жатқызады, яғни III класс басынан пісу жасына дейінгі кезең.
Пісіп қалған ағаш бітімі, класс жасымен пісу жасын алдын – алады. Бұл
кезеңде ағаштардың шаруашылық және техникалық белгілері анықталып, жақсы
өнім беріп, биікке өсуді саябырлатып, диаметрі үлкейуі мен сүрегі жуандауы
азаяды. Яғни табиғи сиреу және жіктелу төмендейді.
Пісу жасына келген ағаш бітімінің сандық және сапалық көрсеткіштері
белгіленіп шаруашылық мақсаттарына сәйкес болады. Ол кесуге дайын, негізгі
ағаш сортименттерінің шығымы мен қоры өте жоғары. Ондай ағаш бітімдерінде
дәндердің өнімі өте болуы байқалады. Тұрып қалған ағаш бітімдерінің жасы,
пісу кезеңінің басталу уақытынан, екі немесе одан көп жас класстарымен
жоғары. Ол уақытта өсу бәсеңдейді, жел сұлатпасы және зақымдану, ауыру
әсерімен ағаштар өледі. Ағаш бітімі көп сирейді.
Ағаш бітімінің пайда болу тегі деп қалыптасу жасын айтады. Егер ағаш
бітімі дәндер егумен немесе арнайы өсірілген жас ағаш өсімдіктерімен
отырғызылып өсірілсе, онда ол қолмен жасаудан пайда болған ағаш бітімі.
Егер ағаш бітімі дәндер қонумен немесе өзінен көбейсе, онда оның пайда
болуын табиғи дейді. Қолдан жасалатын ағаш бітімдері орман шаруашылығы
қарқынды дамитын жерлерде жиі болады. Ал табиғи ағаш бітімдері тұқымдық
және балақ шыбықтық болып бөлінеді.
Дәндерден өскен ағаштардан пайда болған ағаш бітімі тұқымдық деп
аталады. Тұқымдық жолмен барлық қылтықтық тұқымдар пайда болған, сонымен
қатар көптеген жапырақтылар (емен,қайың,көктерек ж.т.б.). Дәннен өскен
ағаштардың діңі тік болады.
Түбіртек балақ шыбықтан қалыптасқан ағаш бітімін балақ шыбықтық деп
атайды. Балақ шыбықтық ағаштар топтасып өседі, ал діңдері қисық болады.
Балақ шыбықтық жолмен жиі жапырақтылар өседі. Мысалы, қайыңдар – түбірден,
көктерек – тамыр атпадан,хөке ағаштары – сұлама бұтақтардан.
Ағаш бітімдерін түпкілікті және туынды деп ажыратады. Табиғи
жағдайларында қалыптасқан, белгілі орман өсімдіктері жағдайларына сәйкес
басымды тұқыммен сипатталатын ағаш бітімін түпкілікті дейді. Адам
әрекеттерімен немесе табиғи өзгерістердің әсерімен бұзылған түпкілікті ағаш
бітімінің орнында қалыптасқан ағаш бітімін туынды деп атайды. Ол ағаш
бітімдері, ереже ретінде, өнімділігімен нашар, төзімділігі және
өміршеңдігімен, шаруашылық құндылығымен төмен.
Ағаш бітімінің бонитеті – орманның өсіп және даму сапасын сипаттайтын
көрсеткіш, және онымен байланысты - өнімділік. Ол ағаш бітімінің негізгі
қатарының орта биіктігі және жасымен анықталып класстарға бөлінеді. Егер
ағаш бітімі биік және жас болса, онда орманның бонитет классы мен
өнімділігі жоғары болады. Іс жүзінде бонитеттің 7 класстарын (5 негізгі
және 2 литерлық) бөліп рим цифрларымен белгілейді (Iа,I,II...Vа), кейбір
жағдайларда оларды көбейтеді. Бонитеттің I классы жоғары және жақсы
топырақта өсетін, жоғары өнімді орманды сипаттайды. Бонитеттің келесі
класстары топырақтың нашарлауын және сүректің саны азайуын көрсетеді.
Бонитет классын анықтау үшін арнайы шкалалар дайындалған. Мысалы, дәннен
дамыған қарағай ағаш бітімі келесі көрсеткіштермен сипатталады (кесте).

Кесте – бонитет класстарына сәйкес (Орлов және Тюрин бойынша) қарағай
өсімдіктерінің биіктігі және жалпы өнімділігі


Биіктігі, м (алымы), жалпы өнімділігі, м3га (бөлгіші)
Жасы,
жыл

Бонитет классы
I II III IV V

20 9-8 7-6 6-5 4-3 2
127 103 75 53 33

40 17-15 14-13 12-10 9-8 7-5
402 329 254 189 125

60 23-20 19-17 16-14 13-11 10-8
662 555 447 343 249

80 27-24 23-21 20-17 16-14 13-11
860 730 604 472 350

100 30-27 26-24 23-20 19-16 15-13
1015 867 726 571 427

Ағаш бітімінің толықтығы - өсіп тұрған ағаштардың тығыздық дәрежесі,
яғни алып тұрған көлемін қолдануын сипаттайды. Егер тұрған ағаштардың
тығыздығы өте жоғары болса, онда ол көлемді ағаштарды араларына
орналастыруға болмайды, яғни тығыздығы өте жоғары деп 1,0 белгіленеді. Егер
бар ағаштар санына сондай көлемді және санды ағаштар қосу мүмкін болса,
онда толықтық 0,5 болады.
Толықтықты бірдің оныншы дәрежесімен белгілейді. Ағаш бітімі 0,8...1,0
толықтықпен өте жоғары толықтыларға жатады, 0,6...0,7 толықтықпен – орташа
толықтыларға, 0,3...0,5 толықтықпен – төмен толықтыларға, ал 0,2...0,1
толықтылықпен – сиректерге.
Ағаш бітімінің толықтылығы – мүмкішілігін, өнімділігін, қорды және
шаруашылық іс-шараларын анықтауды сипаттайтын маңызды көрсеткіш.
Шымылдықтың қабысуы ағаш тұқымдарының орман шаруашылық қасиеттерімен,
ағаш бітімінің бонитет классымен, құрамымен және жасымен, орман өсімдіктері
жағдайымен және орман өсу аймағымен байланысты, сондықтан ағаш бітімінің
бөрікбасының қабысу дәрежесін анықтайды. Кең бөрікбасын дамытатын ағаштарда
шымылдық қабысуы биік болады. Оны бөрікбасының кескінімен анықтайды және
бірдің оныншы дәрежесімен белгілейді. Шымылдық қабысуымен толықтықтың мәні
мен мағынасы бірдей емес, бірақта екеуінің арасында тығыз қатынас бар. Егер
қабысу жоғары болса, онда ағаш бітімінің толықтығы көп болады. Қабысуда да
толықтағыдай ағаш бітімінің жоғары қабысқан, орташа қабысқан және төмен
қабысқандығын анықтайды, сондықтан ол күтім кесуін жүргізгенде маңызды
көрсеткіш болып есептеледі.
Ағаш бітімінің жиілігі – бір көлемдегі ағаштар саны.Бұл көрсеткіш
ағаштардың биік және жуан өсуіне, жапырақтануына, бұтақтардан тазаруына
әсер етеді.Жиі ағаш бітімінде ағаштардың жапырақсыздануы қарқынды, биіктігі
мен диаметрі кіші, бұтақатрдан тазаруы жақсы.Оның ағаш бітімінің толықтығы
және қабысуымен айқын байланысы бар. Көлеңкені ұнататын ағаш тұқымдарында
(жөке ағашы) перде қабысуы жоғары болады, ал жарық сүйгіштерде
(қарағай,қайың) керісінше. Жиілік ағаш бітімініңжасы мен орман өсу
жағдайлары өзгеруімен өзгереді. Бонитеттің I классында ең төмен, ал V
класста – ең жоғарғы. Ал өсу жағдайлары жақсарса ағаштарда көлемді болып
өседі.
Ағаш бітімінің қоры – бір көлемдегі сүректің жалпы саны, әсіресе 1 га.
Ағаш бітімінің қоры, маңызды экономикалық көрсеткіш болып есептеледі,
өйткені екпе ағаштардың өнімділігін көрсетеді. Ал өнімділік тек ағаш
діңінің қоры емес, ол бұтақтар, жапырақтар, тамырлар, сонымен қатар бір
көлемдегі жаңа өсулер, майда тоғай, бүркеме дақылдар. Ағаш бітімінің қоры
көлемдік дәрежеде (м3), ал өнімділік массасымен (т) есптеледі.
Халық шаруашылығында қолдану көз қарасымен ағаш бітімінің ағаш қорының
сапасы ағаш бітімінің тауарлылығы. Ол іскерлік және отындық діңдердің
арақатынасымен анықталады, сосын қорды сапалық және сандық категорияларға
бөлумен, яғни іскерлік сүрек ірілік және сорттар категорияларымен, шикізат
технологиялық өңдеумен, отын, қалдық. Барлық ағаш діңдері тауарлылық
класстарға бөлінеді, оның негізі іскерлік сүректің шығымы.
Ағаш бітімінің таксациялық сипаттамасының маңызды көрсеткіштерінің
біреуі диаметр, яғни тамыр мойынынан 1,3 м биіктікте немесе кеуденің
биіктігінде өсіп тұрған ағаштардың жуандығы.

1.5 Орман және климат
Климат – географиялық орналасуымен анықталатын, бір жердегі көп
жылдық өзгермейтін ауа райы құбылымы. Ол негізінде астрономиялық және
физикалық – георгафиялық жағдайлардың әсерімен қалыптасады.
Астрономиялық жағдайлар жер бетіне күн сәулесінің бір келкі
түспеуін тудырады. Ол сәулелік және жылулық теңдіктің, ормандардың
вегетациялық кезеңдерінің қалыптасуына, яғни жыл кезеңдеріне,
метеорологиялық жағдайларының өзгеруіне әсер әсер етеді, сонымен қатар ағаш
және бұта өсімдіктері өсіп-дамуына мүмкіндік жасайды.
Физикалық – географиялық жағдайлар жер бетінің сипаттамасын,
климаттық әртүрлілікті анықтайды және сонымен қатар – ормандар
географиясына әсер етеді.
Сонымен, орман өміріне климаттық жағдайлар (жарық, жылу, ылғал,
ауаның атмосфералық құрамы және оның өзгеруі) өте әсер етеді, олар
экологиялық жағдайлардың құрыстырушысы және тіршілік немесе даму
ортасы. Климаттың жағдайлары орманның өмірі, оның маңызды
көрсеткіштері, ағаш бітімінің құрамы, формасы, қоры, сүректің
техникалық сапалары, орманды жаңарту, оның санитарлық жағдайы, өрт
қауіптілігінің күшейуі немесе төмендеуі, ормандық мәдениеттендіру
жұмыстары. Климат, оны қалыптастыратын ауа райы жағдайлары, орман кесу
және сумен ағызу жұмыстарын анықтайды.
Ормандағы климаттық жағдайлар, сапалық және сандық жағынан, ашық
жердің жағдайларынан айырмашылығы бар.

1.6 Орман және жарық
Орман өмірінде жарық климаттық факторлардың ең маңызды көрсеткіші,
оны күннің сәулелік күші деп білеміз. Ал қысқаша жарықты жарықталумен
теңдестіреді. Күн сәулесі болмаса фотосинтез үдірісі жүрмейді, яғни
ағаш өсімдіктерінің өсіп және дамуы тоқтайды, органикалық зат - сүрек
құралмайды.
Фотосинтез – космостық үдіріс. Оның әсерімен жыл сайын 1000 млрд –
құрғақ органикалық зат құрастырылады, ол жер бетінің құрғақ және су
көлеміне тең келеді. Құрғақ жер көлемінде ормандар 24,4 млрд.т. құрғақ
органикалық заттар құрастырады, жайылымдар – 10,4, егістіктер – 8,7,
шөлді жерлер – 5,4.
Орман шаруашылығында жарық биологиялық әсер ретінде қаралады,
өсімдіктердің өсіп және дамуын қамтамасыз ететін. Сонымен қатар жарық
экологиялық әсерге жатады, бұл жағдайда, орман қалыптасады.
Орманға түсетін жарық екі түрлі болады: тік және шашыраңқы, көк
аспаннан, бұлттардан, жер және су бетінен шашыраған. Ашық ауа
райында күн жоғары тұрғанда шашыраңқы күн сәулесі, барлығынан, 20 %. Тік
күн сәулесі жер бетіне Күннен сәулелер ретінде түседі.
Физиологиялық үдірістің жүруіне және көмір қышқылының сіміріліп
хлорофилл құрастырылу үшін жарықтың спектральдік құрамы көп мағналы.
Ультракүлгін және инфрақызыл сәулелер ағаш өсімдіктеріне зиян
келтіреді. Ағаш өсімдіктерінің өсіп және дамуына ультракүлгін сәулелер
аз болу керек, ал инфрақызыл сәулелер негізінде жылу береді. Көмір
қышқылы сіміріліп хлорофилл құрылуға күн сәулесінің қызыл, сары бөліктері
көп мағналы. Көк, сия көк сәулелері ағаш және бұталардың өсімдік
бүршігі өсіп – дамуына көп әсер етеді.
Барлық ағаш тұқымдастардың жарыққа қатынасы әртүрлі. Орман
шаруашылығында оларды жарық сүйгіш және көлеңкеде, өсетіндерге бөледі.
Жарық сүйгіш ағаш тұқымдастарына қайың, бал қарағай, көктерек, т.б., ал
көлеңкеліктерге шырша, жөке ағашы, шамшат, май қарағай, т.б. жатады.
Жарық құмарлық өзгеріп отырады және орманың жасымен орман
құрғыштығына байланысты жас кезінде ағаштар жарыққа құмар емес, ал өсе
келе ол көрсеткіш өзгереді. Топырақ жағдайы жақсарғанда ағаштардың
көлеңке сүйгіштігі көбейеді.

1.7 Орман және жылу
Ағаш өсімдіктерінің өсіп-дамуына жылудың белгілі саны керек, яғни
жылу құбылымы (режим), ол температураның көлемге (ауа, топырақ, су
беті) жайылуы және оның әрқашан өзгеруі. Жағымды температурасыз
дәндер өнбейді. Бірақта жер шарында өсімдіктер өсіп-дамуға жылу
әртүрлі және өзгерісті керек. Ауа мен топырақтағы температура әрқашан
өзгеріп тұрады. Ол тек жыл ішінде емес, тәулік және сағат шеңберінде
өзгеріп тұрады.
Өсімдіктердің жылуға талабы әртүрлі және құбылмалы, жылу
жағдайларына қойылатындай. Сондықтан жылу жағадайлары фактор ретінде
орманның өсіуне әсер етеді. Ағаштар мен бұталар нольден жоғары
температурада өсіп – дамиды. Ағаш өсімдіктерінің тамырлары топырақ
температурасы 5º жоғарыда дамиды, фотосинтез 0-40 ... 50 º жүреді, ал
жағдайлы температура 30 ... 35ºС. Дәннің өнуі, гүлдеу және тісу әр
тұқымда өз қолайлы температурасында жүреді. Ал суық ауа – райы гүлдеуді,
жемістің пісуін, кейде өнімнің болмауына келтіреді.
Жылу басқа климаттық әсерлермен және әсіресе жапырақпен тығыз
байланысты. Күннің шуақтық күші – ағаштар мен бұталарға негізгі жылуды
әкеледі. Орманның жарықтануы, өзгеруі жылу құбылымына келтіреді. Жаздың
өзінде, бұлтты күні күн сәулесі топырақ бетіне аз түседі, сондықтан
суыту байқалады. Жылу жауын-шамшынмен байланысты. өсіп-даму кезіндегі
жауаынның көп болуы температураның төмендеуіне келтіреді. Ормандағы
ағаштардың діңдеріде, бөрікбасыларыда, фотосинтез үдірісі, транспирация
жылу бөледі.
Жылуға талаптануымен барлық ағаштар негізгі екі топтарға бөлінеді:
жылу сүйгіш және салқынға төзімді, олар ұзақ уақыт төмен оңтайлы
температураларға төзімділік көрсетеді (+1... +10 ºС). Сонымен қатар аязға
төзімді ағаштар бар. Олар салқынға да төзімді.
Ағаштың сыртқы пішінімен жылуға қатынасын білуге болады.
Қабықтануы, түктенуі, бүршігінің қабықтануы ағаштың аязбен суыққа
төзімділігін көрсетеді. Жылу сүйгіштерге емен, грек жаңғағы, қараған
т.б., ал салқынға төзімділерге қайың, қандағаш, бал қарағай, қарағай
жатады.
Ағаш өсімдіктерінің өсуі мен дамуына, өте төмен және жоғары,
температуралар әсер етеді. Көктемгі кеш және күзгі ерте үсіктер болады.
Олар күндізгі жылылыққа қарамай ауада әлде топырақ бетінде түнде
болады және жас ағаштарға көп зиян әкеледі. Өйткені негізгі өркен
зақымдалады сосын көп тармақтанып сүрек сапасын төмендетеді.
Үсіктердің тағы екі түрі бар: адвекативті – арқтикадан келетін
суық ауаның әсерімен болады; радиациялық – ол топырақтан жылу шыққанда түн
салқын болады. Адвекативті үсік зиянды және ұзақ болады. Үсікке өте
сезімтал – емен, шамшат, шаған, ал төзімділер – бал қарағай, қайың,
қарағай, қандағаш, көктерек, шетен.
Ағаштардың өте төмен температуралармен зақымдану кездеседі, олар аяз
тудырған жарықтар деп аталады. Олар қыста ауа температурасы күрт
төмендегенде болады. Жарықтарда зиянды жәндіктер, саңырауқұлақтар
спорлары орнығады, сондықтан сүрек сапасы төмендейді. Қар аз түсіп, аяз
- 40º С төмен және ұзақ болса шыршаның қылқандары қызарып түсіп қалады,
сосын ағаш өледі.
Орман өзі ауа мен топырақтың температурасына әсер етеді (мысалдар
келтіру керек).

1.8 Орман және жел
Жел, ауаның жер бетінде қыймылдауы, ол атмосфера қысымының
біркелкі болмауымен байланысты, бұл экологиялық ықпал, сондықтан орман
тіршілігіне көп әсер етеді. Ол әсер пайдалы немесе зиянды болуы мүмкін
және желдің жылдамдығымен байланысты. Желдің пайдалы мағнасы, көптеген
шаруашылықта бағалы ағаш тұқымдастар (қарағай, шырша, емен, қайың, бал
қарағай т.б.) желдің көмегімен тозаңданады. Оның көмегімен қылқан
жапырақтылар және жапырақтылар ағаштарының дәндері жәйіледі. Қарағай,
шырша, бал қарағай дәндерінің қанатшалары бар, онымен ұшу жеңілдейді.
Жәйлі жылымдағы бар жел транспирацияны реттейді (5...8 м (с), яғни
ағаштар және бұталар ылғалды жәйлі физиологиялық буландырады. Ол,
фотосинтезді белсендетеді, өйткені атмосфералық буландырады. Жел суық
ауаны жылымен араластыра отырып топырақта үсікті болдырмайды.
Өте қатты жел 14 .. . 20 мс жылдамдығымен, ал 20...25 мс дауыл,
қатты дауыл (30 мс жоғары) орманға кері әсер етеді, ол орман
шаруашылығын шығындандырады. Ол желдер жел сұлатпаға, онда ағаш діңі
сынады, келтіреді.
Желдің тек бір жақтан соққнынан ағаштарда бір қырлы бөрікбасы
қалыптасады, діңі қыйсық болады, олар сүректің техникалық сапаларын
төмендетеді. Қысқы уақытта желдің әсерімен ағаштар шимай –шатақ болады,
ол қайыңдар шырша және қарағайлармен өссе жиі болады. Сол себептен
қылқандар шапқан уақытында сұлатпаға және құламаға соқтырады.
Желдің кері әсерін азайту үшін орман шаруашылығы тәсілдерін
қолдану керек. Шырша өсінділерінде орта және жоғары жиілік сақтау керек.
Желге төзімді және желде сұламайтын ағаштарды қолдансақ желге төзімділік
жоғарылайды. Тағы бір шара, күту және санитарлық кесулерді қолдану.
Орман желге көп әсер етеді. Ол, ағаштар бітімінің биіктігіне,
толықтығына, жиілігіне, жасына және құрамына қарай болады.

1.9 Ауа және орман
Ауа газдардың табиғи араласы, атмосфера құрамындағы, негізінде азот
(78 %) және өттегінен (21 %) тұрады. Тағы аргон (1 % шамасында), көмір
қышқылы (0,03 %), инерттік газдар (неон, криптон т.б.) бар. Ауада шаң,
түтін, өндіріс газдары, су, бектерийлер, вирустар және т.б. болуы мүмкін.
Ауалық азот микроағзалар тіршілігінің әсерімен жер бетінен
бөлінеді және ағаш пен бұта өсімдіктерімен аз қолданылады. Ол жауын-шашын
болғанда өсімдіктермен, ауадан түйін бактерийлермен қортылады. Топырақтағы
азоттың, мағнасы зор, өйткені ағаштармен бұталардың негізгі көректік
заты және белок молекуласына кіреді. Оттегі орманның тыныстануына керек,
яғни органикалық заттар тотығын көмір қышқылы мен су айналады және
энергия бөлінеді. Тірі ағзалар тыныстанғанда өттегін жұтып көмір
қышқылын бөледі. Сонымен қатар фотосинтез үдірісінде өсімдіктер
өттегін бөледі. Ол белоктар, майлар және углеводтар құрамына кіреді,
яғни орынды тіршілік жасайды. Кейбір орман өсімдіктерінің өттегін
өндіруі мынадай: - 4 ... 11 т (жылына, шыршалар – 5 ... 13, емендер – 6
... 14).
Ағаштар тіршілігіне көмір қышқыл газы (СО2) өте мағналы, ол
адамлар, жануарлар және өсімдіктер тыныстанғанда, өсімдіктер және
жануарлар қалдықтары шірігенде, бұзылғанда, жанғанда пайда болады. Жер
атмосферасында жылына 20 млрд.т. көмір қышқылы газы және аэрозольдері
қосылады. Көмір қышқылы газы фотосинтез жүргенде органикалық заттарды
құрастыруға керек. Көміртегі ағаш өсімдіктерінің құрғақ заттарының 50 %
құрастырады, яғни сүректің.

1.10 Орман және ылғал
Өсімдіктерді сумен қамтамасыз етуге ылғал әсер етеді. Су тірі
өсімдіктің құрамына кіріде, ол ағаш және бұта өсімдіктерінің тіршілігінде
зор биологиялық роль атқарады. Оның тіршіліктік өсу орнында, жапырақтарда,
шырынды жемістерінде 80...95 % дейін су болады.
Заттар ауысу, жасушалар бөлініп өсуі үдірістері, жасушаларда су,
көп болса, қарқынды жүреді. Сусыз фотосинтез үрдісі де болмайды.
Ұлпаның сусыздануы протоплазманың өлуіне келтіреді. Жасуша көректенуге
керек заттардың ерітушісі су. Сумен бірге тамырдан жапырақтар және өсу
нүктесіне минералдық заттар жеткізіледі. Ылғалсыз дәндер толмайды және
өнбейді, яғни орман өзін-өзі толықтырмайды.
Су – Жер шарында өсімдіктердің өмір сүруімен таралуының зор
эколоогиялық факторы, күн сәулесімен атмосфералық айналыммен, жер
бетімен және жылу ауысуымен қатар. Жер биосферасында климат
қалыптастырушы фактор. Орманда ылғалдың негізгі көзі жер астындағы
сулар және атмосфералық жауын-шашын, олар сұйық (жаңбыр, қырау) және
қатты (қар, бұршақ, боз қырау) болады. Орман өмірінде көп мағналы -
жаңбыр, қар, бұршақ, қырау. Жаңбыр физиологиялық және сирек физикалық
әсер етеді, өйткені ол өсіп – даму кезеңінде ылғалдың негізгі
қамтушысы. Қырау – су парлары конденсат құрастырып шөп бетінде кішкентай
тамшылар қалпында қалады. Қар топырақты көктемде суландырады,
өсімдіктерді тоңып және үсуден сақтайды. Бұршақ 0,5 ... 2 см мұз
қиыршықтары ретінде ағаштарды механикалық зақымдайды.
Ағаштар мен бұталар жауын-шашынды әртүрлі қабылдайды. Өсімдіктерге
су керектігі негізінде ауаның температурасы мен ылғаллдылығына
байланысты. Егер температура жоғары болып ылғалдылық төмен болса,
онда су көп керек. Ағаш бітіміде, яғни құрамы, жасы және сумен
қамтамасыз етілу мен метеорологиялық жағдайлары. Аралас орманнан таза
қарағайлар суды аз жұмсайды. Ағаш бітімінің жасы үлкеюімен ылғал
жұмсауы көбейеді. Құрғақ ыстық ауа – райында да осындай жағдай
байқалады. Ағаш тұқымдастарын суға талап қоюына қарай ксерофиттерге,
гигрофиттерге бөледі. Судың тапшылығына шыдайтындар – ксерофиттер, мысалы
кәдімгі қарағай, су молшылықты талап ететін өсімдіктер – гигрофиттер,
мысалы қара қандағаш.
Орман жауын – шашынның қанша және қандай жерде болатынына әсер
етеді, өйткені ол өскен жерін суытуымен байланысты. Ормансыз жерде
10...15 % жауын – шашын аз болады. Құрғақ жердің су балансы Г.Н.
Высоцкий усынған формуламен анықталады: N = A + F + V + T, бұл жерде N –
түскен жауын-шашын мөлшері; А – жер бетінен ағатын (15 ... 35 %); V-
ағаштар, шөптер, жер беттерінен буланатын (15 ... 50 %); F - өсімдіктер
астынан ағатын (15 ... 35 %), T – транспирация (20... 40 %).
Аталған көрсеткіштердің барлығы көптеген жағдайлармен байланысты,
мысалы,жер бетінің тегістігі, өсетін өсімдіктер құрамы мен қалыңдығы.

1.11 Орман және топырақ
Топырақ – ол табиғи құрылым, генетикалық біріккен топырақтық
қыртыстардан құрастырылған, литосфераның жоғарғы қыртыстары судың,
ауаның және тірі ағзалардың әсерімен өзгерулерден жасалған. Топырақтың
құнарлығы бар, яғни ағаштар, бұталар және басқа өсімдіктерді азот,
минералдық заттар және сумен керек мөлшерде қамтамасыз ете алады. Ол
қатты, сұйық, газдалған және тірі бөліктерден құралады. Топырақтың
негізгі массасы ұсақ топырақ, яғни 1 мм дейінгі қиыршықтары топырақ
коллоидтары деп аталады. Ол қиыршықтар топырақтың механикалық құрамы
және органикалық, минералдық, органикалық-минералдық -қоспалардан тұрады.
Топырақ коллоидтары топырақ құрастырғанда көп мағналы. Олар
топырақ өсімдіктерінен: аммоний, калий, кальций, магний, фосфаттарды
сіңіріп, сумен, жуылудан сақтап топырақ құрамын біріктіруге себепкер
болады.
Сұйық бөлігі, немесе ерітінді, заттарды көшіреді, яғни топырақтан
алып өсімдіктерге сумен ертілген қоректік заттарды жеткізеді.
Топырақтың газдалған бөлігі немесе топырақ ауасы сумен толмаған
құыстарды толтырады. Топырақ ауасының құрамында N, О2, СО2 ұшпалы
органикалық құрамдары бар, олардың саны топырақта болып жататын
көптеген химиялық биологиялық, физикалық - химиялық үрдістерге
байланысты.
Топырақтың тірі бөлігі топырақ флорасынан тұрады, яғни топырақ
микроағзаларынан (бактерийлер, саңырауқұлақтар, актиномицеттер,
балдырлар т.б.) және топырақ жануарларынан – көптеген омыртқасыз
жәнідіктер – қарапайымдар, кенелер, кұрттар, жәндіктер, сонымен қатар жер
жыртушы сүткөректілер (көртышқан, жертесер т.б.). Топырақ флорасымен
фаунасы затар айналымында маңызды роль атқарады және топырақ құрастыруға
әсер тигізушілердің біреулері.
Жер бетіндегі топырақтар түрлерінің молшылығы топырақ құрастырушы
факторлардың қарым-қатынасы – климат, аналық таулық құрылым, өсімдіктер,
жануарлар, аймақтың рельефінің жасы, адамның шаруашылық тіршілігі.
Топырақтарды классификациялау негізіне топырақ танабының құрылымы
салынған. Яғни олардың басталуы, дамуы және эволюциясы. Қазіргі
генетикалық классификация аймақтық – генетикалық топтармен жүйеленген.
Ормандық – далалық және далалық аймақтарда кеңінен тараған қара
топырақ (құрғақ қарапайым – суық климаттың, көп жылдық шөптесін
өсімдіктердің әсерімен); шалғындық қара топырақ, кермекті сұр топырақ
(ағаш, бұталар немесе шалғындық өсімдіктер әсерімен).
Топырақтардың морфологиялық белгілері мен қасиеттері, яғни формасы мен
құрылымы, адамның кәсібімен, азда болса сезімімен анықталады. Топырақ
қабаты морфологиялық айырмашылығы бар генетикалық қыртыстардан тұрады.
Морфологиялық белгілері: реңі (бояуы), құрылымы, түйіршіктену құрамы,
тығыздалуы.
Реңі, немесе топырақтың бояуы, минералогиялық және химиялық құрамымен
байланысты, яғни ондағы органикалық заттармен, сондықтан қара, сұр
немесе қоңыр болады.
Топырақ құрылымдығы – қатты қоспаларының әртүрлі формасы және
көлемді құрылымдарға бөлінуі. Әр бөлшектің формасы топырақ құрылымы деп
аталады. Құрылымның негізгі үш түрін бөледі: куб тәріздес, призма
тәріздес; плита тәріздес.
Топырақтың қиыршықтану құрамы - әртүрлі ірілігі бар бөлшектерден
құралу: тастардан (бөлшектер көлденеңі 3 мм көп); құмдардан (0,01 – 3 мм),
шаңдардан (0,001 – 0,01), лайлардан (0,001 мм кем). Егер 0,01 мм кішкентай
бөлшектер құрғақ топырақта 10 % дейін болса, онда топырақ құмды.
Егер физикалық саз бөлшектері 11-20 % болса, онда ол топырақ құмдау, ал
бөлшектер 21-50 % болса – саздақты, 51 % көп болса – сазды.
Адам шаруашылық құрғанда топырақтың механикалық құрамы өте мағналы
болады. Одан судың топыраққа сіңуі, суды ұстауы, өсімдіктердің
тамырларының дамуы және өңдеуші құралдарға топырақтың қарсы тұруы.
Соңдықтан құмды және құмдау топырақтар өңдеуге жеңіл, саздақты және
сазды – ауыр. Еңбек пен қаржы жұмсау әртүрлі болады. Топырақтың
механикалық құрамы ағаштардың өсу құрамына әсер етеді. Құмды топырақта
қарағай жиі өседі, ал құмдау топырақта шырша.
Топырақтың тығыздалуы оның тығыздығын және қуыстылығын көрсетеді.
Сондықтан өте тығыз (күрекпен өңделмейді), тығыз (күрекпен өңделеді),
жұмсақ (күрек оңай кіреді, лақтырғанда шашылады), өте жұмсақ (топырақ
төгіліп тұрады).
Топырақ климаттық жағдайлармен қатар өте маңызды экологиялық
фактор, өйткені онымен орманның өсіп – дамуы байланысты. Ол орманның
барлық қасиеттерімен белгілерін анықтайды. Оның құнарлығымен құрамы,
әлпеті, бонитеті, орман түрі, тіршілігі, топырақ бетіндегі жабыныш
қалыптасады. Топырақ күшті сүректің техникалық сапасына, тамыр
жүйесінің формасына, табиғатттың қолайсыз жағдайларына төзімді болуына,
жабайы жануарлардың, зиянды жәндіктердің, саңырауқұлақ ауруларының
болуына әсер етеді. Ал орманның өсіп-өнуі мен табиғи қайта
құрылуындағы шешуші жағдай. Топырақтан ағаштар мен бұталар минералдық
заттарды тұздар ретінде алады, олар: N, K, P, Ca, Mg, Fe, S және
микроэлементер: Zn, Cu, Mn т.б.
Топырақ ағаштардың тамыр жүйесін қалыптастырады, ол механикалық
құрамымен ылғалдылығына байланысты. Терең, жақсы дренаждалған
топырақтарда, әсіресе құмды және саздақ құрамды жерлерде, ағаштардың
жерге жайылуы жақсарады, өйткені күшті сырықты тамырланады. Құрғақ
топырақтарда, әсіресе құмды, қарағайдың өзіде желден сұламды, өйткені
тамырлары жер бетінде қалыптасады.
Орман, өзіде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Климат және орман
Шардара орман шаруашылығы мекемесінің орманды қалпына келтіру жұмыстарының көрсеткіші
Мәдени мұра бағдарламасы және оның маңызы
Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи бағында дәрі жеміс-жидек өсімдіктерін тиімді пайдалану
Халық шаруашылығындағы орман саласының маңызы
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Аймақтардың оптимальды ормандылығы
Шалдай орман шарушылығына сипаттама
Орман өсу жағдайы
Орманды алқаптар
Пәндер