1950 жылдардағы Азиядағы дағдарыс



1. 1950 жылдардағы Азиядағы дағдарыс 1
1.1 1950 . 1953 жылғы Корея соғысының алғышарттары 1
1.2 Корея жарты аралы . бейбітшілік пен соғыс арасында 8

2. 1950 .1953 жылдардағы Корея соғысы 19
2.1. Корея мәселесін әскери жолмен шешу әрекеті 19
1. 1950 жылдардағы Азиядағы дағдарыс
1.1 1950 – 1953 жылғы Корея соғысының алғышарттары
Кореяның қазіргі кезде екі бөлек мемлекет болып өмір сүріп келе жатқаны, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. КХДР үкіметі мен Корей Республикасының үкіметтері де Корей жарты түбегіндегі жалғыз заңды үкіметке айналғысы келді. Халықаралық келісөздер арқылы елді бейбіт біріктіру мүмкін болмағаннан кейін, ары қарай не істеу керек деген мәселелер туды. Ал Корей жарты түбегінен кеңестік және американдық армиялардың әкетілуі, екі жақ үшін де мәселені түпкілікті шешуге итермеледі.
БҰҰ – ның көмегімен құрылған Оңтүстік Корей үкіметі өзін Корей түбегіндегі заңды үкімет деп бар әлемге жар салды. Бұдан көргеніміздей БҰҰ Оңтүстіктің Солтүстікке билік жүргізе алатынын заңды түрде мақұлдағанын көруге болады. Өйткені 1948 жылдың 12 қыркүйегінде БҰҰ шешіміне сәйкес, Оңтүстік Корея Республикасы Корей жарты түбегі мен оған тиісті аудандардың заңды үкіметі деп танылды. Осы шешімге сәйкес Солтүстікті “коммунистік тап” заңсыз басып алған, сондықтан да Оңтүстік Кореядағы билік басындағылар Солтүстік Кореяны олардан азат ету керек деген пікірге келіп тоқталды. Оңтүстік Корея премъер – министрі Ли Сын Ман Солтүстіктегі территорияны тез арада қосып алу жөнінде талай рет мәлімдемелер жасады. “Территорияларды қосып алу бейбіт жолмен емес, Солтүстікке жасалатын шабуыл арқылы болу керек” - деді Ли Сын Ман. Осыны желеу етіп Оңтүстік Корейлік үкімет Солтүстік барлық келіссөздерден бас тартып, тек қана АҚШ – тың арағайындығы нәтижесінде ғана бас қосуға болады деген сенімде болды. Оңтүстік Корея сондай – ақ БҰҰ – ның бақылауымен бүкіл Кореяда сайлау ұйымдастырмақ болды. Сондай – ақ, сол кезде Оңтүстік Кореяның ішкі жағдайы да нашарлап кетті. Айта кететін болсақ, елде Ли Сын Манның билігіне қарсы бас көтерулер, оның ішінде армияда да партизандық көтерілістер болып тұрды. Оңтүстік Кореядағы билік басындағылардың бір бөлігі де Ли Сын Манның жүргізіп отырған саясатына наразы болды. 1950 жылдың мамырында болған Оңтүстік Кореяның Ұлттық жиналысында Ли Сын Ман мен оның жақтастары 44 орыннан айырылып, “тәуелсіз” кандидаттар 210 орынның 128- ін алды. Осының өзі көрсеткендей, Оңтүстік Кореядағы Ли Сын Ман билігі қаншалықты тұрақсыз екені сол кезде – ақ көрінді. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяның жаңа сайланған Ұлттық жиналысы Солтүстік Кореямен келіссөздер жүргізіп, бейбіт бірігу жолдарын табу керек деген пікірде болды. Бірақта Оңтүстік Корея басшысы Ли Сын Ман бұған өте қарсы болды. Өйткені ол бұдан ертеректе – ақ Солтүстікпен бірігудің әскери жолын таңдап, сол жолдан тайғысы келген жоқ еді. Өйткені оны бұған АҚШ итермелеп, жан – жағынан дем беріп отырды. Осы саясатқа байланысты Ли Сын Ман Оңтүстік Кореяда коммунистерді репрессиялап, қудалауды күшейтті. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяда коммунистерді елде заңсыз тұлғалар ретінде санайтын, Ұлттық қауіпсіздік туралы заң шығарылды.
Антикоммунизм бағыты Ли Сын Манның саясатының басты бөлігі болып жарияланды. Сонымен қатар Оңтүстік Корея жеріндегі партизандармен күресті Ли Сын Ман асқан жанкештілікпен жүргізді. Елдің әскери қуаттылығы арта түсті. АҚШ Оңтүстік Корея армиясына техника мен қару жарақты үсті – үстіне үйіп төкті. Сонымен қатар АҚШ экономикалық жағына да, Оңтүстікке көмегін аямады.
Бірақ та, АҚШ әлемде атомдық қару иелігі жөнінен монополиядан айырылуы және Қытай Халық Републикасы құрылғаннан кейін, Сеулмен ашықтан – ашық әскери одақ құрудан алшақтана бастады. 1950 жылдың 12 қаңтарында АҚШ – тың сол кездегі мемлекеттік хатшысы Д. Ачесон, “АҚШ – тың қорғаныс міндеттемелері тек Жапонияға дейін тарайды, ” - дегенді айтты. Бұдан біз көретініміздей АҚШ, Оңтүстік Корея мен Тайваньды өз қорғаныс бағдарламасынан қалыс қалтырғанын байқаймыз. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының бұл сөзі, Оңтүстік Кореяның одан әрі әскери қуаттылығын арттыруға мұрындық болды. Сонымен қатар Оңтүстік Корея аймағында антикоммунистік елдердің қорғаныс ұйымын құруға талаптанды. Оның негізінде НАТО ұйымы алынды. Бірақ та АҚШ халықаралық жағдайдың өзгеруіне байланысты, Сеулдің антикоммунистік елдердің қорғаныс ұйымын құруына қарсы шықты. АҚШ – тың кейбір саяси тұлғалары Оңтүстік Кореяның бұл қадамын АҚШ – қа жасалған тікелей бейбастақтық ретінде қарады.
Ал енді КХДР – ға келетін болсақ, Пхеньян өзін Корей жарты түбегіндегі халық заңды үкімет, халық сайлаған үкімет ретінде әлемге жариялағанын жоғарыда айтып кеттік. КХДР жақ Сеулді біріккен Кореяның астанасы деп жариялап, Пхеньянды “революциялық Корея астанасы” деп таныды. Солтүстік Кореялық үкіметін социалистік елдер “заңды” деп таныды. Ал КСРО болса, Солтүстік Кореямен 1948 жылы 12 қазанында - ақ дипломатиялық қарым – қатынас орнатқан еді. 1950 жылдың басына дейін әлемнің барлық социалистік елдері КХДР – мен дипломатиялық қарым – қатынас орнатты. КХДР социалистік елдермен дипломатиялық қарым – қатынас орнатқанын желеу етіп, өзін заңды түрде оңтүстікті азат ету мәселесін талқылау жолдарын іздестіре бастады. Сонымен қатар КХДР – дың Жоғарғы жиналысы КСРО мен АҚШ – қа жіберген ашық хаттарында, Кореядан әкетілгелі жатқан шетелдік әскерлерден кейін де, біртұтас Корея жерінде тыныштық орнатамыз делінді.
Бірақта Корея жарты түбегіндегі жағдай қиындай түсті. 38-параллель маңында әскери қатығыс бірінен кеін бірі орын алып, аяғы үлкен соғысқа алып келгенін біз білеміз. Бұл жағдайдың соғысқа ұласуы кездейсоқтық емес, әдейілеп жасалған жайт екені қазір көруге болады.
КХДР – дың сол кездегі мәліметтері бойынша, 1949 жылдың қаңтары мен сәуірі аралығында Оңтүсті Корея жақ 38 параллельді 1274 рет бұзған. Ал Оңтүстік Кореяның әскери кемелері Солтүстік жақта орналасқан аудандарды 42 рет атқылаған, ал әскери әуе күштері 71 рет Солтүстік Корея жақтың нысаналарын атқылаған. Сонымен қатар 38 параллельге жақын орналасқан Окгдис, Кэсон және Янын аудандарын соғыс басталмай жатып – ақ, басып алу әрекеттерін Оңтүстік Корея жасады. Бұл жағдайлардың барлығын Оңтүстік Корея әскері, американдық әскери кеңесшілердің рұқсатымен жасады. Өйткені олардың басты мақсаты КХДР – ды ашық соғысқа итермелеу еді. Бірақ - та 1949 жылдың жазына белгіленген шабуылда Оңтүстік жақтың шегінуіне тура келді. Мұның басты себептері:
- Соғысқа жеткілікті мөлшерде дайындықтың болмауы;
- Ішкі тылдың тұрақсыздығы;
- Оңтүстік Кореядағы халық демонстрациялары;
- Солтүстік Кореяның бірінші болып соғыс ашуын тосу.
- Оңтүстік Кореядағы партизандық қозғалыстың біршама өсуі мен үкімет әскерлері мен қарулы қақтығыстардың жилеуі және тағы басқа жағдайлар.
Осының нәтижесінде Оңтүстік Кореяға тиесілі Чечжудо аралында халық комунистері құрылып, алғашқы азат етілген аудан болды.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, жер шарында қақтығыстарға бейім аймақтар кездеседі. Корея жарты түбегі, негізінен таулы және орманды жарты арал. Солтүстігінде Корея жарты түбегі - Қытайдың Манчжуриясымен және Ресеймен шектеседі. Оңтүстікте Корей жарты түбегі - Жапониямен су арқылы шектеседі. Корейліктер өз елін “Таңғы тыныштық елі” деп атайды. Бірақ та бұл атаудың қаншалықты Кореяға сай еместігін біршама жағдайлардан көруге болады. Корея жарты түбегінің стратегиялық жағынан орналасқан жері, оның бай табиғи байлықтары көрші елдердің мазасын алды, қызығушылығын арттырды. Бұл жайт, біздің дәуіріміздің екінші жүзжылдығынан басталады. Негізінен қуатты Қытай мәдениеті Корея арқылы Жапонияға жетті. Сонымен қатар, корейліктер шашыраңқы және әлсіз ел болғандықтан, оның көршілері бұл жағдайды өз пайдаларына шешіп, кеңінен пайдаланған. Бірақ та шет ел басқыншыларымен күресте Корея халқы шыңдалып, өздерін біртұтас халық ретінде сезініп, өз мәдениеті мен әдет – ғұрыптарын мақтан ететін елге айналды. Жаңа тарихта Кореяға қарсы ол елге бақылау жүргізу үшін үш соғыс болды. Олар: бірінші, 1894 – 1895 жылдар аралығында болған жапон – қытай соғысы. Бұл соғыс жапондықтардың жеңілісімен аяқталды. ХІХ ғасырдың аяғында Кореяны өзіне бағындырмақ болған мемлекеттердің қатарына Ресей де қосылды. Сондықтан да, екінші соғыс 1905 жылы болған орыс – жапон соғысы. Бұл соғыста да жапондықтар жеңіске жетті де, Кореяға соңғы 40 жыл ішінде өз билігін жүргізіп келді. Бірақ та жапондықтардың езгісіне қарамастан, корея халқы оларға қарыс қуатты, ұлттық, азаттық үшін қозғалыс ұйымдастырды. Бұл жоғарыда айтылған екі соғыс та, әсіресе орыс – жапон соғысы халықаралық жағдайға өз әсерін тигізді. Бұл соғыс негізінде 1950 – 1953 жылдардағы Корей соғысының басталуына, белгілі дәрежеде әсер етті. Өйткені Ресей қайтсе де Кореяны өз бақылауында ұстағысы келді. Ресей бұл арманына Кореяны екінші дүниежүзілік соғыста Жапониядан азат еткенде жете алды. Сонымен қатар, біртұтас Кореяны, Солтүстік және Оңтүстік Кореяға бөлінуіне басты себепкерлердің қатарында болды. 1943 жылы Каирде болып өткен одақтастар конференциясында АҚШ, Қытай, КСРО және Ұлыбритания біртұтас және тәуелсіз Корей мемлекетін құруға сөз байласты. Бірақ та Корея мемлекеті біраз уақыт одақтастар бақылауында болуы керек болды. Өйткені одақтастар корейлердің өз мемлекетін басқару мүмкіндігіне сене қоймады. 1945 жылдың 8 тамызында КСРО Жапониямен соғысқа кіріскеннен кейін Корея жарты түбегінде өз саясатын жүргізгісі келген бұрынғы бір мемлекет пайда болды. Ол КСРО еді. Жапонияның сөзсіз тізе бүгуінен кейін Корей жерінде жапондықтардың үлкен армиясы қалып қойды. Осы жылы 12 тамызда кеңес әскерлері Корея жарты түбегіне Солтүстіктен басып кірді. Ал американдықтар болса, Корея жарты түбегіне тек үш аптадан кейін ғана келіп жетті. Осы уақыт ішінде корейлік коммунистер мен ұлтшылдар бірге жұмыс істей жүріп және де оларға болашақта елдің тәуелсіздігін алып береміз деп КСРО жағы өздеріне бағынышты Кореяда біртұтас өкімет құра алды. Негізінен Кеңес әскерлері Кореяға жапондық армияны талқандаймыз деген желеумен ғана келген еді. 1945 жылдың 6 қыркүйегінде Корея Халық Республикасы құрылғаны туралы әлемге жар салды. Сонымен қатар, Корея жарты түбегінің оңтүстігінде орналасқан американдық әскер 8- қыркүйек күні уақытша Корея өкіметін құрды. Осылайша, біртұтас Корея Оңтүстік және Солтүстік Кореяға бөлінді. Уақытша Корея үкіметін АҚШ, Гоминдань қолдады. Негізінен Кореяның екіге бөлінуі атап айтқанда, 38-параллельдің солтүстігі кеңес әскерінің бақылауында болса, оңтүстігі америка әскерінің бақылауында болуы уақытша деп танылған. Ал шындап келгенде, екі Кореяның халқы да өздерінің тағдырын шеше алатын жағдайға жете алмады. Жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, Корея екі жаққа бөлінген мемлекет қатарында.
Корея да Германия сияқты екіге бөлініп, екі үлкен мемлекеттің бақылауында болды. Уақытша әскери шекаралар, мемлекеттік шекараға айналды. Бұл екі елде де КСРО қуатты Коммунистік үкімет құра алды. Кореяның өз бөлігінде американдықтар да өздеріне бағынышты үкімет құрды. Осылайша, КСРО мен АҚШ өздері бақылау жүргізетін территорияларында кеңестік және батыстық аймақ құрып алып, содан кейін ғана елді өздерінің шарты бойынша біріктіргісі келді. Бірақ та корейліктер, әсіресе оңтүстік жақ негізінен елдің көп халқы бар бөлігі бұл жағдайға көнгісі келмеді.
Енді Корей соғысының алғашартына әсер еткен корейлік оңтүстік бөлігінің саясаткерлері арасында Ли Сын Ман оңшыл консерватор болды. Он нағыз антикоммунист және ұлтшыл адам болды. Оның бар мақсаты - Тәуелсіз Корея мемлекетін құру болды. Ешкіммен келіспейтін және қатыгез адам ретінде ол өз өмірінің көп бөлігін, атап айтқанда 1912 жыл мен 1945 жылдар аралығында АҚШ та өмір сүрді. Ол жақта жүріп Ли Сын Ман Корея тәуелсіздігі үшін күресті. Жапондықтар талқандалғаннан кейін өз елін тез арада орыстардан да, американдықтардан да тазартып, одан кейін солтүстік корейлік коммунистерді талқандағысы келді. Оның ойынша, американдықтар мен орыстар Корея болашағы туралы бір- бірімен келісіп қойғандай көрінді. Бірақта бәрі де оның ойындағыдай болмады. Американдықтар Ли Сын Манның экстремизмдігі қолданылса да, онсыз өз саясаттарын жүзеге асыра алмады

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
СОДЕРЖАНИЕ

1. 1950 жылдардағы Азиядағы дағдарыс 1
1.1 1950 – 1953 жылғы Корея соғысының алғышарттары 1
1.2 Корея жарты аралы - бейбітшілік пен соғыс арасында 8
2. 1950 –1953 жылдардағы Корея соғысы 19
2.1. Корея мәселесін әскери жолмен шешу әрекеті 19

1. 1950 жылдардағы Азиядағы дағдарыс

1.1 1950 – 1953 жылғы Корея соғысының алғышарттары

Кореяның қазіргі кезде екі бөлек мемлекет болып өмір сүріп келе
жатқаны, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. КХДР үкіметі мен
Корей Республикасының үкіметтері де Корей жарты түбегіндегі жалғыз заңды
үкіметке айналғысы келді. Халықаралық келісөздер арқылы елді бейбіт
біріктіру мүмкін болмағаннан кейін, ары қарай не істеу керек деген
мәселелер туды. Ал Корей жарты түбегінен кеңестік және американдық
армиялардың әкетілуі, екі жақ үшін де мәселені түпкілікті шешуге
итермеледі.
БҰҰ – ның көмегімен құрылған Оңтүстік Корей үкіметі өзін Корей
түбегіндегі заңды үкімет деп бар әлемге жар салды. Бұдан көргеніміздей БҰҰ
Оңтүстіктің Солтүстікке билік жүргізе алатынын заңды түрде мақұлдағанын
көруге болады. Өйткені 1948 жылдың 12 қыркүйегінде БҰҰ шешіміне сәйкес,
Оңтүстік Корея Республикасы Корей жарты түбегі мен оған тиісті аудандардың
заңды үкіметі деп танылды. Осы шешімге сәйкес Солтүстікті “коммунистік тап”
заңсыз басып алған, сондықтан да Оңтүстік Кореядағы билік басындағылар
Солтүстік Кореяны олардан азат ету керек деген пікірге келіп тоқталды.
Оңтүстік Корея премъер – министрі Ли Сын Ман Солтүстіктегі территорияны тез
арада қосып алу жөнінде талай рет мәлімдемелер жасады. “Территорияларды
қосып алу бейбіт жолмен емес, Солтүстікке жасалатын шабуыл арқылы болу
керек” - деді Ли Сын Ман. Осыны желеу етіп Оңтүстік Корейлік үкімет
Солтүстік барлық келіссөздерден бас тартып, тек қана АҚШ – тың арағайындығы
нәтижесінде ғана бас қосуға болады деген сенімде болды. Оңтүстік Корея
сондай – ақ БҰҰ – ның бақылауымен бүкіл Кореяда сайлау ұйымдастырмақ болды.
Сондай – ақ, сол кезде Оңтүстік Кореяның ішкі жағдайы да нашарлап кетті.
Айта кететін болсақ, елде Ли Сын Манның билігіне қарсы бас көтерулер, оның
ішінде армияда да партизандық көтерілістер болып тұрды. Оңтүстік Кореядағы
билік басындағылардың бір бөлігі де Ли Сын Манның жүргізіп отырған
саясатына наразы болды. 1950 жылдың мамырында болған Оңтүстік Кореяның
Ұлттық жиналысында Ли Сын Ман мен оның жақтастары 44 орыннан айырылып,
“тәуелсіз” кандидаттар 210 орынның 128- ін алды. Осының өзі көрсеткендей,
Оңтүстік Кореядағы Ли Сын Ман билігі қаншалықты тұрақсыз екені сол кезде –
ақ көрінді. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяның жаңа сайланған Ұлттық
жиналысы Солтүстік Кореямен келіссөздер жүргізіп, бейбіт бірігу жолдарын
табу керек деген пікірде болды. Бірақта Оңтүстік Корея басшысы Ли Сын Ман
бұған өте қарсы болды. Өйткені ол бұдан ертеректе – ақ Солтүстікпен
бірігудің әскери жолын таңдап, сол жолдан тайғысы келген жоқ еді. Өйткені
оны бұған АҚШ итермелеп, жан – жағынан дем беріп отырды. Осы саясатқа
байланысты Ли Сын Ман Оңтүстік Кореяда коммунистерді репрессиялап,
қудалауды күшейтті. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяда коммунистерді елде
заңсыз тұлғалар ретінде санайтын, Ұлттық қауіпсіздік туралы заң шығарылды.
Антикоммунизм бағыты Ли Сын Манның саясатының басты бөлігі болып
жарияланды. Сонымен қатар Оңтүстік Корея жеріндегі партизандармен күресті
Ли Сын Ман асқан жанкештілікпен жүргізді. Елдің әскери қуаттылығы арта
түсті. АҚШ Оңтүстік Корея армиясына техника мен қару жарақты үсті – үстіне
үйіп төкті. Сонымен қатар АҚШ экономикалық жағына да, Оңтүстікке көмегін
аямады.
Бірақ та, АҚШ әлемде атомдық қару иелігі жөнінен монополиядан
айырылуы және Қытай Халық Републикасы құрылғаннан кейін, Сеулмен ашықтан –
ашық әскери одақ құрудан алшақтана бастады. 1950 жылдың 12 қаңтарында АҚШ –
тың сол кездегі мемлекеттік хатшысы Д. Ачесон, “АҚШ – тың қорғаныс
міндеттемелері тек Жапонияға дейін тарайды, ” - дегенді айтты. Бұдан біз
көретініміздей АҚШ, Оңтүстік Корея мен Тайваньды өз қорғаныс
бағдарламасынан қалыс қалтырғанын байқаймыз. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының
бұл сөзі, Оңтүстік Кореяның одан әрі әскери қуаттылығын арттыруға мұрындық
болды. Сонымен қатар Оңтүстік Корея аймағында антикоммунистік елдердің
қорғаныс ұйымын құруға талаптанды. Оның негізінде НАТО ұйымы алынды. Бірақ
та АҚШ халықаралық жағдайдың өзгеруіне байланысты, Сеулдің антикоммунистік
елдердің қорғаныс ұйымын құруына қарсы шықты. АҚШ – тың кейбір саяси
тұлғалары Оңтүстік Кореяның бұл қадамын АҚШ – қа жасалған тікелей
бейбастақтық ретінде қарады.
Ал енді КХДР – ға келетін болсақ, Пхеньян өзін Корей жарты
түбегіндегі халық заңды үкімет, халық сайлаған үкімет ретінде әлемге
жариялағанын жоғарыда айтып кеттік. КХДР жақ Сеулді біріккен Кореяның
астанасы деп жариялап, Пхеньянды “революциялық Корея астанасы” деп таныды.
Солтүстік Кореялық үкіметін социалистік елдер “заңды” деп таныды. Ал КСРО
болса, Солтүстік Кореямен 1948 жылы 12 қазанында - ақ дипломатиялық қарым
– қатынас орнатқан еді. 1950 жылдың басына дейін әлемнің барлық социалистік
елдері КХДР – мен дипломатиялық қарым – қатынас орнатты. КХДР социалистік
елдермен дипломатиялық қарым – қатынас орнатқанын желеу етіп, өзін заңды
түрде оңтүстікті азат ету мәселесін талқылау жолдарын іздестіре бастады.
Сонымен қатар КХДР – дың Жоғарғы жиналысы КСРО мен АҚШ – қа жіберген ашық
хаттарында, Кореядан әкетілгелі жатқан шетелдік әскерлерден кейін де,
біртұтас Корея жерінде тыныштық орнатамыз делінді.
Бірақта Корея жарты түбегіндегі жағдай қиындай түсті. 38-параллель
маңында әскери қатығыс бірінен кеін бірі орын алып, аяғы үлкен соғысқа алып
келгенін біз білеміз. Бұл жағдайдың соғысқа ұласуы кездейсоқтық емес,
әдейілеп жасалған жайт екені қазір көруге болады.
КХДР – дың сол кездегі мәліметтері бойынша, 1949 жылдың қаңтары мен
сәуірі аралығында Оңтүсті Корея жақ 38 параллельді 1274 рет бұзған. Ал
Оңтүстік Кореяның әскери кемелері Солтүстік жақта орналасқан аудандарды 42
рет атқылаған, ал әскери әуе күштері 71 рет Солтүстік Корея жақтың
нысаналарын атқылаған. Сонымен қатар 38 параллельге жақын орналасқан
Окгдис, Кэсон және Янын аудандарын соғыс басталмай жатып – ақ, басып алу
әрекеттерін Оңтүстік Корея жасады. Бұл жағдайлардың барлығын Оңтүстік Корея
әскері, американдық әскери кеңесшілердің рұқсатымен жасады. Өйткені олардың
басты мақсаты КХДР – ды ашық соғысқа итермелеу еді. Бірақ - та 1949 жылдың
жазына белгіленген шабуылда Оңтүстік жақтың шегінуіне тура келді. Мұның
басты себептері:
- Соғысқа жеткілікті мөлшерде дайындықтың болмауы;
- Ішкі тылдың тұрақсыздығы;
- Оңтүстік Кореядағы халық демонстрациялары;
- Солтүстік Кореяның бірінші болып соғыс ашуын тосу.
- Оңтүстік Кореядағы партизандық қозғалыстың біршама өсуі мен үкімет
әскерлері мен қарулы қақтығыстардың жилеуі және тағы басқа
жағдайлар.
Осының нәтижесінде Оңтүстік Кореяға тиесілі Чечжудо аралында халық
комунистері құрылып, алғашқы азат етілген аудан болды.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, жер шарында қақтығыстарға бейім
аймақтар кездеседі. Корея жарты түбегі, негізінен таулы және орманды жарты
арал. Солтүстігінде Корея жарты түбегі - Қытайдың Манчжуриясымен және
Ресеймен шектеседі. Оңтүстікте Корей жарты түбегі - Жапониямен су арқылы
шектеседі. Корейліктер өз елін “Таңғы тыныштық елі” деп атайды. Бірақ та
бұл атаудың қаншалықты Кореяға сай еместігін біршама жағдайлардан көруге
болады. Корея жарты түбегінің стратегиялық жағынан орналасқан жері, оның
бай табиғи байлықтары көрші елдердің мазасын алды, қызығушылығын арттырды.
Бұл жайт, біздің дәуіріміздің екінші жүзжылдығынан басталады. Негізінен
қуатты Қытай мәдениеті Корея арқылы Жапонияға жетті. Сонымен қатар,
корейліктер шашыраңқы және әлсіз ел болғандықтан, оның көршілері бұл
жағдайды өз пайдаларына шешіп, кеңінен пайдаланған. Бірақ та шет ел
басқыншыларымен күресте Корея халқы шыңдалып, өздерін біртұтас халық
ретінде сезініп, өз мәдениеті мен әдет – ғұрыптарын мақтан ететін елге
айналды. Жаңа тарихта Кореяға қарсы ол елге бақылау жүргізу үшін үш соғыс
болды. Олар: бірінші, 1894 – 1895 жылдар аралығында болған жапон – қытай
соғысы. Бұл соғыс жапондықтардың жеңілісімен аяқталды. ХІХ ғасырдың аяғында
Кореяны өзіне бағындырмақ болған мемлекеттердің қатарына Ресей де қосылды.
Сондықтан да, екінші соғыс 1905 жылы болған орыс – жапон соғысы. Бұл
соғыста да жапондықтар жеңіске жетті де, Кореяға соңғы 40 жыл ішінде өз
билігін жүргізіп келді. Бірақ та жапондықтардың езгісіне қарамастан, корея
халқы оларға қарыс қуатты, ұлттық, азаттық үшін қозғалыс ұйымдастырды. Бұл
жоғарыда айтылған екі соғыс та, әсіресе орыс – жапон соғысы халықаралық
жағдайға өз әсерін тигізді. Бұл соғыс негізінде 1950 – 1953 жылдардағы
Корей соғысының басталуына, белгілі дәрежеде әсер етті. Өйткені Ресей
қайтсе де Кореяны өз бақылауында ұстағысы келді. Ресей бұл арманына Кореяны
екінші дүниежүзілік соғыста Жапониядан азат еткенде жете алды. Сонымен
қатар, біртұтас Кореяны, Солтүстік және Оңтүстік Кореяға бөлінуіне басты
себепкерлердің қатарында болды. 1943 жылы Каирде болып өткен одақтастар
конференциясында АҚШ, Қытай, КСРО және Ұлыбритания біртұтас және тәуелсіз
Корей мемлекетін құруға сөз байласты. Бірақ та Корея мемлекеті біраз уақыт
одақтастар бақылауында болуы керек болды. Өйткені одақтастар корейлердің өз
мемлекетін басқару мүмкіндігіне сене қоймады. 1945 жылдың 8 тамызында КСРО
Жапониямен соғысқа кіріскеннен кейін Корея жарты түбегінде өз саясатын
жүргізгісі келген бұрынғы бір мемлекет пайда болды. Ол КСРО еді. Жапонияның
сөзсіз тізе бүгуінен кейін Корей жерінде жапондықтардың үлкен армиясы қалып
қойды. Осы жылы 12 тамызда кеңес әскерлері Корея жарты түбегіне
Солтүстіктен басып кірді. Ал американдықтар болса, Корея жарты түбегіне тек
үш аптадан кейін ғана келіп жетті. Осы уақыт ішінде корейлік коммунистер
мен ұлтшылдар бірге жұмыс істей жүріп және де оларға болашақта елдің
тәуелсіздігін алып береміз деп КСРО жағы өздеріне бағынышты Кореяда
біртұтас өкімет құра алды. Негізінен Кеңес әскерлері Кореяға жапондық
армияны талқандаймыз деген желеумен ғана келген еді. 1945 жылдың 6
қыркүйегінде Корея Халық Республикасы құрылғаны туралы әлемге жар салды.
Сонымен қатар, Корея жарты түбегінің оңтүстігінде орналасқан американдық
әскер 8- қыркүйек күні уақытша Корея өкіметін құрды. Осылайша, біртұтас
Корея Оңтүстік және Солтүстік Кореяға бөлінді. Уақытша Корея үкіметін АҚШ,
Гоминдань қолдады. Негізінен Кореяның екіге бөлінуі атап айтқанда, 38-
параллельдің солтүстігі кеңес әскерінің бақылауында болса, оңтүстігі
америка әскерінің бақылауында болуы уақытша деп танылған. Ал шындап
келгенде, екі Кореяның халқы да өздерінің тағдырын шеше алатын жағдайға
жете алмады. Жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, Корея екі жаққа бөлінген
мемлекет қатарында.
Корея да Германия сияқты екіге бөлініп, екі үлкен мемлекеттің
бақылауында болды. Уақытша әскери шекаралар, мемлекеттік шекараға айналды.
Бұл екі елде де КСРО қуатты Коммунистік үкімет құра алды. Кореяның өз
бөлігінде американдықтар да өздеріне бағынышты үкімет құрды. Осылайша, КСРО
мен АҚШ өздері бақылау жүргізетін территорияларында кеңестік және батыстық
аймақ құрып алып, содан кейін ғана елді өздерінің шарты бойынша
біріктіргісі келді. Бірақ та корейліктер, әсіресе оңтүстік жақ негізінен
елдің көп халқы бар бөлігі бұл жағдайға көнгісі келмеді.
Енді Корей соғысының алғашартына әсер еткен корейлік оңтүстік
бөлігінің саясаткерлері арасында Ли Сын Ман оңшыл консерватор болды. Он
нағыз антикоммунист және ұлтшыл адам болды. Оның бар мақсаты - Тәуелсіз
Корея мемлекетін құру болды. Ешкіммен келіспейтін және қатыгез адам ретінде
ол өз өмірінің көп бөлігін, атап айтқанда 1912 жыл мен 1945 жылдар
аралығында АҚШ та өмір сүрді. Ол жақта жүріп Ли Сын Ман Корея тәуелсіздігі
үшін күресті. Жапондықтар талқандалғаннан кейін өз елін тез арада
орыстардан да, американдықтардан да тазартып, одан кейін солтүстік
корейлік коммунистерді талқандағысы келді. Оның ойынша, американдықтар мен
орыстар Корея болашағы туралы бір- бірімен келісіп қойғандай көрінді.
Бірақта бәрі де оның ойындағыдай болмады. Американдықтар Ли Сын Манның
экстремизмдігі қолданылса да, онсыз өз саясаттарын жүзеге асыра алмады
Енді, Сталиннің Солтүстік Кореяға байланысты мақсаттарының
орындалғаны туралы айта кетейік. 1945 – 1950 жылдар аралығында КСРО
Солтүстік Корея мемлекеттерінің қуатын жан - жақты арттырып күшейте түсті.
Олар елдің оңтүстігін, партизандық соғыс арқылы тұрақсыздандырмақ болды.
Егер де азаматтық соғыс бастала қалған жағдайда, солтүстік жақ
өзінің әскери дайындығы арқасында оңтүстікті жеңу керек деген саясат басты
мақсат етіп қойылды.
Бірақ та Сталин Корея мәселелеріне тікелей араласпады. Ол Солтүстік
Корея өкіметінің басына беделді комунистік басшы Ким Ир Сенді қойды. Ким
Ир Сен Кореяда корейлік социализмді орнатқысы келді. Осылайша, ол өзін
марксизм - ленинизм ілімін жалғастырушы ретінде көрсеткісі келді. Негізінен
Ким Ир Сен, Сталинмен Маоға еліктейтін.
1949 жылдың желтоқсанында кеңес әскерлері Солтүстік Кореядан
әкетілді. Солтүстік Кореяда тек қана әскери кеңесшілер қалдырылды. Ендігі
кезек американдықтарда болды. Негізінен американдықтар Оңтүстік Кореядан
өздері де кеткісі келді. Өйткені олар онда өздерін келеңсіз жағдайда
сезінді .
Американдық әскери кеңесшілер Кореяның стратегиялық жағдайын
сараптай келе, мынандай шешімге келді: Оңтүстік Корея Тынық мұхиты
аймағында батыстық Сенат жүргізілетін аймақ ретінде танылды. Олардың ойынша
бұл жағдайда Жапонияны Филиппиннің және тағы да басқа Тынық мұхиттың аралды
елдерінің территорияларын пайдалану керек деп шешілді. Кореяның екіге
бөлінуі, оның оңтүстік бөлігінің батыс жаққа қарайлағаны американдықтар
үшін ең дұрыс шешім ретінде қалды. Бірақ та біртұтас Корея туралы АҚШ-пен
КСРО арасында келісім шарт бар еді. Ал қытайлықтармен орыстар біртұтас
Кореяны коммунистік, ал американдықтар антикоммунистік мемлекет ретінде
көргісі келді. Сондықтан да орыстар мен американдақтар Кореяны әрқайсысы өз
мақсатында пайдаланғысы келді. Орыстардың ойынша, “егер де Корея
территориясында ашық сайлау өткізілсе, оның нәтижесі оңтүстіктегі
антикоммунистік күштердің пайдасына шешіледі – деп қорықты. Дәл сол
уақытта американдық уақытша әкімшілік Онтүстік Корейлік саясаткерлік
жағынан қатты сынға ұшырады. Олар негізінен елді бақылауды өз қолына алғысы
келді. Бірақта американдықтар елді бақылауды олардың қолына бергісі
келмеді.
1997 жылдың аяғында Корея мәселесін шешуде Біріккен Ұлттар Ұйымы
атсалыса бастады. Бірақта бұл ұйымда да батыстық көзқарас көп жақты болды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы бүкіл Корея территориясында Бүкіл халықтық сайлау
өткізу керек деген ұсыныс жасалды. Бұл ұсыныс сол кезде орындала қалатын іс
емес еді. Бірақ та 1948 жылы елдің онтүстігінде сайлау болып өтіп, оның
нәтижесі заңсыз деп саналды. Өйткені Ли Сын Манның саяси қарсыластары оның
бұйрығы бойынша қамауға алынған еді. Бұған қарамастан батыс Ли Сын Манды
Корея республиканың бірінші президенті ретінде тануға келісім берді.
1949 жылдың маусымында американдық әскерлер Корея жарты түбегінен
әкетілді. Корея солтүстігінде құрылған солтүстік Корея Халық Демократиялық
Республикасын Қытай, КСРО және тағы да басқа коммунистік республикалар
таныды. КХДР - дің біріншісі басшысы болып Ким Ир Сен тағайындалды. Орыс
және американдық әскерлер әкетілгеннен кейін, Корея жарты аралында Корей
соғысының бірінші алғышарты ашылды.
1950 жылдың жазына дейін екі Корея мемлекеті бірін-бірі сөз жүзінде
айыптап отырды.
1948 – 1950 жылдар аралығында батыс пен шығыс арасындағы Азаматтық
күшке байланысты теңдік бұзылды. Негізінен күштердің ара-салмағы шығыс
жақта болды. Осы уақытта Берлиндік мәселе шиеленісті. Орыстар мен
американдықтар жағдайды шиеленістірмеуге бар күшін салды. Өйткені
жағдайдың шиеленісуі үшінші дүниежүзілік соғысқа әкеліп соқтыратын еді.
1950 жылдың маусымында дүниежүзінің назары Корея емес, Қытай жақта
болды. Өйткені Қытайдағы Чан Кайши биліктен құлатылған еді. Негізінен оның
билігі коррупцияланған еді. Сондықтан да американдықтар оның билігін сақтап
қалуға көмектесе алмады. Сонымен қатар, Үнді Қытайдағы АҚШ мүдделері өз
жемісін бермеді.
1950 жылдың басына қарай АҚШ президенті Трумэннің әкімшілігі азиялық
елдерде демрократияны орнату және оны қорғау туралы бағдарлама шығарды.
Осылайша, американдықтар Қытайлық және Кеңестік коммунистерге Азиядағы өз
мүдделерін қалай қорғайтыны туралы көрсеткісі келді. Негізінен бұл уақыт
екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдік істерде кімнің - кім екенін
көрсеткен уақыт еді. Американдықтар мен орыстар үшін ең басты мақсат -
Еуропада өз мақсаттарын жүзеге асыру арқылы бақылауда ұстау еді.
Ал, Азия континенті АҚШ пен КСРО үшін екінші орында болды. Азиялық
елдердің отаршылдық жағдайдан, тәуелсіздікке қол жеткізулері батыс үшін
ешқандай жақсылық әкелмейтіндігі белгілі еді. Сондықтан да батыс әлемі КСРО-
ға қарағанда біршама әлсіз болды. Өйткені әлемнің көп жеріне сотцалистік
және комунистік қозғалыстар етек алып жатқанда, КСРО беделі өсе түсті.
Оңтүстік - Шығыс Азияның болашағы бұлыңғыр болғандықтан, Батыс
Еуропа елдері өз мүдделерінен айырылғысы келген жоқ. Негізінен АҚШ -
тықтарға соғыстан қалған олжа реттінде Жапонияға бақылау жұргізу мүмкіндігі
тиді. АҚШ президенті Трумэн, Қытайлық коммунистердің Мәскеуден бөлек
саясат жүргізуіне кедергі болмау керектігін түсінді. Осылайша, 1949 жылы
қазанда құрылған Қытай Халық Республикасын таныды. Бірақ та АҚШ пен Қытай
арасында Тайвань мәселесі кесе-көлденең тұрды. Өйткені Тайваньға Чан Кайши
өзінің жарты миллион солдатымен орныққан еді. ҚХР басшысы Мао Цзэдун
Тайваньды Қытайдың бөлінбейтін бөлігі ретінде болып қалатыны туралы
мәлімдеме жасады. Бірақ та АҚШ Чай Кайшиге қолдауын көрсете берді. Алайда,
кезінде Гоминдань басшысына көмекке әскер жібермей қойған болатын.
Осы мәселеге байланысты, 1980 жылдың 5 қаңтарында сөйлеген сөзінде
Трумэн былай дейді: АҚШ Қытайдың ішкі істеріне араласпайды және де
Тайваньның Қытай территориясы екеніне күмәні жоқ. Егерде Мао күшті болса
Тайваньға шабуыл жасар еді. Ал американдықтар, ол іске араласпайтын еді .
Бірақ АҚШ Маоның олай істей алмайтынын білген еді. Өйткені ол кезде
ҚХР әлі әлсіз мемлекет еді.
1949 жылдың қаңтарында АҚШ мемлекет хатшысы Дин Атчисон АҚШ Тынық
мұхиттағы өз қорғаныс сызығын Аляска, Жапония, Филиппинге созатынын
мәлімдеді. Сонымен қатар, Атчисон бұл қорғаныс сызығында Қытайдың жоқ
екенін баса айта кетті. Осы арада айта кететін бір жайт, не Тайвань, не
Корея туралы еш сөз қозғаған жоқ. АҚШ- тың Тайваньға ашық қолдау көрсетуі
Маоның ашу - ызасын келтірді. Сонымен қатар АҚШ, Қытай Халық Республикасын
заң жолымен танымағандықтан БҰҰ – да белгілі орынсыз қалды.
1971 жылға дейін БҰҰ – дағы Қытай орнын Тайвань иеленген болатын.
1950 жылдың ақпанында Кеңес – Қытай достық және бірлесе жұмыс атқару
келісімі, АҚШ басшылығы үшін күтпеген жағдай еді. АҚШ – тың өзінде
Трумэннің әкімшілігінде Қытайдан айырылып қалғандар деген айып тағыла
бастады. Сонымен қатар, Солтүстік Кореяның оңтүстікке басып кіруі, АҚШ
мемлекет хатшысы Атчисонның мәлімдемесінде қорғаныс сызығы бойында Оңтүстік
Кореяның жоқ болуы бірден - бір себеп болды. Негізінен айтқанда, Солтүстік
Корейлік басшылардың жоспары Кеңес және Қытай басшылығына алдын – ала
белгілі болған еді.
Мәскеу үшін тек соғыстың басталған күні таңқаларлық болды. Ал АҚШ
үшін Корея соғысының басталуы жай түскендей әсер етті. Өйткені американдық
барлау қызметтері соғыстың болар – болмасы жайында ешқандай мәліметтері
болған жоқ еді.
Корея соғысы басталуы алдында аймақтық мәселелерді олардың шығу
тегін, себептерін сараптай отырып шешуге болғанымен, уақыт бәрібір соғысқа
әкеп тіреді. Корея соғысы - соғыстар арасындағы бірінші де, соңғысы да
емес. Бірақ та, Корея соғысы біртұтас халықтың екіге бөлініп, жарты
ғасырдан астам уақыт бір – бірін қаралаумен келе жатқанын тарих беттерінен
көре аламыз. Корея соғысынан кейін, әлемде “суық соғыс” саясаты белең алды.
Сонымен қатар, “Корея соғысы” әлемде адам шығыны көп болған соғыстар
қатарына жатады. Бұл соғыста 4 миллион адам қаза тауып жараланған болатын.
Оның ішінде 1 миллионы қытайлықтар еді. Ал соңына келгенде Оңтүстік Корея
азат етіліп, Солтүстік Корея кедейлікке белшеден батты. Ким Ир Сен
езгісінде қалды.

1.2 Корея жарты аралы - бейбітшілік пен соғыс арасында

Екінші дүнижүзілік соғыстан кейін “Корей мәселесі” аса ірі шешімін
таппаған халықаралық мәселеге айналды. Сонымен қатар “Корей мәселесі”
қазіргі таңда өте ұшығып тұр. Бұл “Корей мәселесінің” осыншама ұшығуы
көптеген әлемдік және ішкі корейлік оқиғаларға байланысты болып отыр.
Өйткені әлем елдері АҚШ – тағы 11 қыркүйекте болған террористік актілерден
кейін бір – біріне жаңа көзқараспен қарап отыр.
Екі Корея да соғысқа дейін Жапонияның жаулап алған территориялар
қатарында болды. Жапонияның құзырлығынан азат етілгеннен кейін, Солтүстік
және Оңтүстік Корея да экономикалық жағынан біршама дамыды. Екі Корея
арасындағы соғыстан кейін, олардың әрқайсысына КСРО мен АҚШ үлкен
экономикалық көмек көрсетті. Әйтсе де, Оңтүстік Корея үлкен экономикалық
жетістіктерге жетті. Оңтүстік Кореяның ХХ ғасырдың соңына дейінгі
экономикалық өсімі 70 - жылдары 10 %, 80 – 87- жылдар аралығында 7 – 8 %-ға
өскен. 2000 жылы халқы 50 миллионға жетсе, экономикадағы ақша айналысы 205
млрд доллар болып, оның ішінде жыл басына шаққанда 5000 АҚШ долларына тең
болды. Соңғы жылдары импортқа 224 млрд доллар келеді екен. Соңғы есептер
бойынша Оңтүстік Корея әлемдегі сауда жағынан 10 орында тұр. Ал осындай
экономикалық өсу жағынан Солтүстік Корея қалыс қалып отыр. Өйткені соңғы
он жылда КХДР әлеммен экономикалық байланысты үзді деуге болады. Өзін - өзі
оқшау ұстап отыр.
Екі Корея мәселесіне 1980 жылдың бірінші жартысында әлем
қауымдастығының қызығушылығы өсті. Әлемдік экономикалық өсімге байланысты,
КХДР мен Оңтүстік Кореяның қалалары көптеген халықаралық, экономикалық және
тағы басқа шаралардың өтетін жерлеріне айналды. Бұл оқиғалардың өзі – ақ,
Корея жарты түбегіндегі мәселелерге қызығушылықты оятты. Екі елде, мысалы
үшін Оңтүстік Корея астанасы Сеулде ХХІV Жазғы олимпиадалық ойындар, ал
1989 жылы КХДР астанасы Пхеньянда ХІІІ Халықаралық жастар мен студенттердің
фестивалі өтті.
Бұл оқиғалардың өзі-ақ, “Корея мәселесінің” шешілмегендігін
көрсетті. Соңғы 50 жылда екі Корей арасында әлі де бейбіт келісімге жеткен
жоқ. Демаркацияланған сызықта (38 параллель) әлі де кішігірім әскери
қақтығыстар болып отырады. Екі жақтың әскері, әр кезде де әскери
дайындықтың ең жоғары шегінде болып келді, сонымен қатар Оңтүстік Кореяда
американ солдаттары мен онда орналасқан ядролық қару бар екені баршаға
мәлім. Сонымен қатар, соңғы жылдарда КХДР да өзінің ядролық қаруын, әсіресе
АҚШ бұл мәліметтерді құптап КХДР-ды зұлымдық ошағы мемлекеттері қатарына
жатқызып отыр.
Дегенмен де, қазір Корея жарты түбегінде екі бір - біріне қарама-
қарсы келетін жүйемен екі Корея өмір сүріп жатыр. Бір жағынан, екі Кореяның
қоғамық - саяси жүйелері де бір-біріне өте қарама - қайшы. Сонымен қатар,
Корея жарты аралының ішкі істеріне ұлы державалар араласқан уақытқа
дейін, Корея жерінің маңындағы күшті көршілері де өз үстемдігін орнатуға
күш салған. Осының нәтижесінде, Корей халқы көп ғасырлар ширегінде қорғану
мен азаттық соғыстарын жүргізіп келді.
Орта ғасырларда корейліктерге өз үстемдігін жүргізгісі келген, Қытай
мен Жапония арасында өте күшті бақталастық болды. Өйткені еуропалықтар Қиыр
Шығысқа әлі келе қоймаған еді. Жапониялық билеуші топтары Кореяны
Жапонияның жүрегіне бағытталған пышақ ретінде қараған. Өйткені олар
Жапонияға бір - ақ рет болған басып кіру жағдайының 1274, 1281 жылдары
монғол басқыншылары осы Корея жерімен жасағанын ұмытпаған еді. Енді бір
жағынан жапон билеуші топтары Кореяны, материктік Азия елдерін басып алып,
үстемдік жүргізу үшін көпір ретінде қарастырды және солай болды. Мысалы
үшін 1592 - 1598 жылдардағы басқыншылық соғыс, ХІХ ғасырдың соңында және ХХ
ғасырдың ортасында жүргізілген соғыстар.
Ал өз кезегінде Қытай билеушілері Кореяны Цин әулетінің соңғы
кезінде өмір сүрген көрнекті қайраткері Юань Челкай айтқандай көзді
сақтайтын кірпік ретінде, яғни кірпік - Корея, көз – Қытай - деп
қарастырған. Сондықтан да, 1594 жылы болған Қытай мен Жапония соғысындағы
бақталастық соғыс, Кореяға үстемдік жүргізу үшін болған еді.
Капиталистік елдердің, оның ішінде патшалық Ресейдің Қиыр Шығысқа
бойлай енуі, Корей жарты түбегінде түбегейлі орнаған қаупімен, соғыспен
аяқталды. Мұның өзі, Орыс - жапон қоғамының 1904 жылдың басты себебіне
айналды. В. И. Ленин бұл соғысқа былайша: орыс - жапон соғысы қиылысты
соғыс, бұл соғыс басқыншылық соғыс - деп баға берген. Жапонияның бұл
соғыста женіске жетуі, Кореяда 1910 жылдан - 1945 жылға дейін орнығысып
қалуына жол ашты.
Жапон миллитаризмін талқандағаннан кейін және Кореяны кеңес ар—миясы
1945 жылдың тамызында азат еткеннен кейін, енді ұлттың қайта бой кө-
теруіне демократиялық - тәуелсіз ел болып қалыптасуға жол ашылды.
Бірақ АҚШ - тың соғыстан кейін ұстанған бір қалыпты саясаты, 1945
жылдың желтоқсанында Мәскеуде өткен КСРО, АҚШ және Ұлыбритания сыртқы істер
министрлері келісімдеріне қайшы келді. Міне, сол саясаттың кесірінен
біртұтас Корея екі елге бөлініп, сол кезде пайда болған теке - тірес әлі
күнге дейін шешімін таппай келеді. 1950 - 1953 жылдар аралығында екі Корея
елінде соғыстың нәтижесінде екі жақтан 2,4 млн адам ұрыс даласында қаза
тауып, 2 млн жуық бейбіт тұрғындар қаза тапты. Осы Корея соғысы нәтижесінде
әлемде екі жүйеге бағынышты, КСРО мен АҚШ - қа тәуелді соғыс блоктары, НАТО
мен Варшава шарты ұйымы сияқты ұйымдар құрылды. Әлем қырғи қабақ соғыс
атты ұзақ мерзімге созылған жағдайда болды. Біз білетіндей, АҚШ соғыстың
басында 1950 жылдың жазында Ли Сын Ман армиясының жеңілуінен кейін, әлемдік
революция процесінің белең алып келе жатқанын түсініп, Оңтүстік Кореядан
бар көмегін аямады. Өйткені социалистік жүйе, бірінші дүние жүзілік
соғыстан кейін, Шығыс Еуропа елдерінде біршама орнығып, Қытайда Чан Кайши
режимі құлағаннан кейін, социалистік жүйе қалыптасқан еді. Әсіресе, АҚШ
үшін 1949 жылы Қытай Халық Республикасының пайда болуы, үлкен әсер етті.
Сондықтан да, АҚШ Корея жарты түбегін коммунизмнен қорғану полигонына
айналдырғысы келді.
АҚШ-тың Корея соғысының өз мақсатына пайдалануы, Кореяның ішкі
істеріне араласуы батыс тарихшыларының Корея соғысы іс жүзінде
империалистік соғыс болды деген тұжырымға келуі көпті аңғартты.
1950 жылы 7 шілдеде АҚШ, БҰҰ - да Кореяға байланысты өз қаулысын
өткізу нәтижесінде Корей соғысын БҰҰ атынан АҚШ - тың ең сенімді 15
мемлекет соғысқа араластырылды. Бұл жағдай Корея халқына тікелей
басқыншылық жүргізу болып табылды. АҚШ мұнымен қоймай, бұл соғысты тек
Корея түбегінде ғана емес, Қытай жерінде үлкейте жүргізіуді мақсат еткен.
Бұл жағдайда біз Кореядағы болған АҚШ әскерінің қолбасшысы генерал
Макартурдың сөзінен білуге болады. Генерал Макартур 1950 жылдың күзінде БҰҰ
әскері ҚХР шекарасына жақындаған кезде, Қытай теңіз жағалауын қоршап
ұстауға, Маньчжуриядағы әскери және өндірістік нысандарды бомбалауға Чан
Кайши әскерінің қалдығын Қытайдың оңтүстігіне және Кореядағы майданда
пайдалану керектігін айтып Ақ үйде көп өтініш жасағанын қазір мәлім болды.
Бірақ АҚШ Ақ үйінде отырған жағдайды жақсы білетін басшылар генерал
Макартурдың авантюристік жоспарын қабылдамай тастады. Өйткені, АҚШ Корей
соғысын бітіре алмай жатқанда “үлкен соғысқа” килігудің соңы жақсылыққа
апармайтынын сезді. Мысалы американдық зерттеуші Р.Осгудтың айтуынша, “АҚШ
- тың Корея соғысының үлкеюуін шектеу ісінің басты себебі, КСРО – ның ол
соғысқа тікелей араласып, сол арқылы үшінші дүниежүзілік соғыс қаупінің”
бар болғаны ғана болды - деп жазады. Сонымен қатар, АҚШ Корея соғысында
жай қарулармен жеңіске жете алмаған жағдайда, ядролық қару қолдану
мәселесін де ойластырды. Сол жылдары АҚШ стратегиялық әскери авиациясын
басқарған генерал Пауэр, жоғарыда айтылған сөздерге мынадай дәлел уәж
айтқан: біріншісі, Пусан плацдармын қорғаған кезде және екіншісі, 1950 жылы
қараша – желтоқсан айларында американдық солдаттардың Кореяға алғаш келген
кездерінде ядролық қаруды қолданбақ ниетте болған.
Сонымен қатар, Корея соғысы бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі
алғашқы АҚШ – тың қатысуымен болғандықтан, АҚШ империализмінің алға қойған
жоспарын меңзегендей болды. Өйткені, АҚШ екі Корея жарты түбегін теңізден
қоршауға алу АҚШ әскери – теңіз күштері үшін алғашқы үлкен тәжірибеден
өтті. Бұл соғыста АҚШ билеуші топтары ұлтаралық соғыстарды түптеп келгенде,
бір державалық мүдде үшін пайдалануға болатынын сол кезде - ақ түсінді. Ал
шындығына келгенде, АҚШ – тың Корея соғысын одан әрі өршіте түсуі әлемді
үшінші дүниежүзілік соғыс табалдырығына жеткізгендей болды. Корея соғысы
әлемдегі ірі державалардың бір – бірінен қанша алшақ екенін көрсетті.
Сонымен қатар, аймақтағы бейбітшілікке нұқсан келтіріп, әлі күнге дейін екі
Корея бір тілді, біртұтас халық болса да, бір – біріне сенімсіздікпен
қарайды.
1953 жылы 27 шілдеде Пханмундандағы уақытша бейбіт келісімге қол
қою, Корея үшін аса ірі соғыстың біткенін білдірсе де, ол келісімге 51 жыл
өтсе де бейбіт келісімге келе алмай, сол арқылы аймақ халқына тыныштық
әкелмей отыр. Айта кететін бір жайт, бұл келісімге сол кезеңдегі Оңтүстік
Корея президенті Ли Сын Ман қол қоймаған еді, ол соғысты аяғына дейін,
жеңіске жеткенге дейін жалғастыру керек деп санады.
Сонымен қатар, АҚШ – тың соғыстан кейінгі кезеңде де сыртқы саясаты
Қиыр Шығыс пен Кореяда өздерінің ұстанымдарын нығайту болды. Америкада
консервативтік саясаттанушы Д. Загорияның айтуынша мерзімді саясаты бар АҚШ
әкімшіліктері ауысқанымен негізі бәрібір қалады деген.
1950 – 1953 жылдары Корея соғысы аяқталғанымен, Корея жарты
түбегінде бейбітшілік нығайып, аяғына дейін орнады деген сенімнен аулақ
болу керек, өйткені соғыстан кейін де Оңтүстік Корея жерінде Америка
әскерлері қалып қойды. Сонымен қатар, Оңтүстік Корея армиясының саны 600
мыңға жетіп, сол аймақтағы аса ірі армия ретінде қалып отыр. Сондықтан да,
Солтүстік корейліктер де өз армиясының қуатын арттыру үшін, көршілерінен
қалыспауда. Өйткені 38 параллель түбінде саны жағынан әлемде алтыншы және
жетінші орында тұрған армиялар әлі күнге дейін қарсы тұр.
Бейбітшілікті тұрақтандыру үшін, алдымен халықтың тұрмыс жағдайы,
экономикалық дамуы қашан да алда болуы керектігі баршаға аян. Және де бір
айта кететін жағдай, Корея жарты түбегінде өмір сүріп отырған екі Корея
мемлекеті ұстанған жүйелердің қарама - қайшылықтары қашан да бейбітшілікті
тұрақтандыру ісіне өз зиянын тигізіп отырғанын біз білеміз. Соның бір
айғағы ретінде, Кореядағы жағдайды 60 - жылдары АҚШ-тың Үнді Қытайдағы
мемлекеттерге жүргізген басқыншылық соғыстары қатты ұшықтырып жіберді. Бұл
жағдайдың ұшығу шыңы - 1968 жылдың қаңтарында КХДР – дың мемлекеттік суында
ұсталған Американың тыңшы кемесінің ұсталуы еді. Осындай арандату арқасында
АҚШ, КХДР – дағы жағдайды ұшықтырғысы келді.
Ал екінші жағынан, 1970 жылдардың ортасынан бастап халықаралық
қатынастарда біршама жылылықтардың пайда болу нәтижесінде, Оңтүстік және
Солтүстік Корея арасында 1972 – 1974 жылдарда болған соғыстан кейін алғашқы
бас қосу еді. Бұл жағдайға әсер еткен жайт, АҚШ пен КХДР арасындағы қарым –
қатынастардың дамуы. АҚШ президенті Р. Никлсонның 1972 жылы Қытайға барған
сапары еді. Бұдан кейінгі халықаралық және аймақтық жағдайлардың өзгеруі
Кореядағы жағдайларға өз әсерін тигізді. Үнді Қытайдағы АҚШ – тың
басқыншылық соғыстарының жеңіліске ұшырауы, Оңтүстік Кореяның Вашингтон
үшін осы аймақтағы саясатын жүргізуге кеңінен жол ашты. Вьетнамдағы АҚШ –
тың соңғы тірегі Сайгон құлағаннан кейін, АҚШ қорғаныс министрі Дж.
Шлесинджер “Майдан қорғанысы Батыс Еуропа мен Оңтүстік Кореядан басталады”
- деп мәлімдеме жасады.
АҚШ – та Р. Рейганның консервативтік басшылығы келгеннен кейін,
Сеульдік одақтасының АҚШ үшін мағынасы өсе түсті. Өйткені АҚШ президенті Р.
Рейган сайланғаннан кейін, президент ретінде оның бірінші қонағы Оңтүстік
Корея президенті Чон Ду Хван болды. Р. Рейган өзінің алдындағы әкімшіліктің
Оңтүстік Кореядан АҚШ жаяу әскерін алып кету шешімінен бас тартып,
керісінше А10 шабуылдаушы ұшқыштар эскадрилиясын орналастырып, американ
әскери қызметкерлерінің санын 1000 – ға көбейтті.
Сол кезде сонымен қатар, АҚШ - тың Кореядағы әскерінің санын
көбейтуі аса зор қауіп төндірген. Ол Оңтүстік Кореяда АҚШ-тың ядролық
қаруын орналастыру мәселесі болды. Мысалы үшін АҚШ Оңтүстік Кореяда
нейтрондық бомбаны орналастырмақ ниетте болды. Бұл хабарды Р. Рейганың
алдындағы әкімшіліктің қорғаныс министрі болған К. Уайнбергер өз
мәлімдемелерінде айтқан. Сондай - ақ, сол кезде ҚХР мен КСРО территориясына
дейін атом бомбасын жеткізе алатын Ғ-16 атты ұшақтар Оңтүстік Кореяда
орналастырылды. 1986 жылдың 28 - шілдесінде Владивостокта сөйлеген сөзінде
КСРО басшысы М.С. Горбачев осы мәселе туралы мәлімдеме жасады. Осының
нәтижесінде Оңтүстік Корея Пентагонның ойыншығына айналып, Корея жарты
түбегімен қатар бүкіл Қиыр Шығыс аймағының бейбіт жағдайын ұшықтырды.
Сонымен қатар, Оңтүстік Корея халқы бейбіт өмірге қауіп төндіретін осындай
қадамдарды құптамай демонстрацияларға, шерулерге шығып, наразылық
ұйымдастырып отырды және де бас көтеруде Оңтүстік Корея басшысы тарапынан
аяусыз басылып отырды.
Айта кететін бір жайт, соңғы 20-30 жылда Кореяға байланысты
мәселелерге зор ықпал ететін мемлекет Жапония болды. Жапония екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін, экономикалық қалпына келіп, қуатты мемлекетке
айналды. 1965 жылы АҚШ - тың көмегі арқасында Оңтүстік Корея ара-қатынасы
реттелгеннен кейін, АҚШ - пен қосыла Сеулдың “екі ағасы” ретінде
ұстанымдарын айқындай түсті. АҚШ, Сеул режиміне әскери - саяси жағынан,
Жапония экономикалық өсімі жағынан көмектесуге тиіс болды. Сонымен қатар,
1980 жылдың ортасынан бастап Токио Сеулге әскери жағынан көмек беріп
отырғандығы мәлім болса да, сол кездегі Жапон басшылары бұл тұжырымнан бас
тартуда. КСРО басшысы М.Горбачев мәлімдегендей, Қиыр Шығыста Вашингтон-
Сеул-Токио үшбұрышы пайда болды. Бұл үшбұрыштардың үш негізгі мақсаты -
аймақтағы социалистік бағыттағы мемлекеттерге айбат көрсету, сондықтан КСРО
бұған ешқашан жол бермейді деген.
Соңғы кездер АҚШ - тың өзімен Корея жарты түбегіндегі теке -
тірестік ошақты бәсеңдету жолдарын қарастыру туралы ашық әңгімелер
айтылуда. Міне, осындай жағдайлардың Корея мәселелерінің бір көрінісі
екенін біз білеміз. Өйткені, Корея түбегіндегі жағдайды ұшықтырмаудың басты
амалы Корея халқының қолында екен ескеру қажет. Екі Корея мемлекетінің
халқы бейбітшілік пен соғыс арасында өмір сүріп отыр, әлі күнге дейін
бейбіт келісімге қол қойылған жоқ. Екі елдің де халықаралық жағдайда өз
орындары бар. Әйтсе де екі Корей мемлекеті халықаралық мәселелерде екі алып
мемлекеттер КСРО - мен АҚШ - қа арқа сүйейді.
КСРО ыдырағанға дейін, Солтүстік Корея шиеленісті шешу үшін біршама
жұмыстар атқарды. Бірақ та КХДР-дің ұсыныстарын АҚШ пен Оңтүстік Корея
қабылдамай тастады. Енді біз КХДР-дың ұсыныстарына тоқтала кетейік.
– Бірінші, КХДР екі Кореяның бейбіт бірігіп, соңында Корея
республикасын құрып, оның өзі бейтарап мемлекет болуы керек, сонымен қатар
ел “бір мемлекет екі жүйе” ретінде дамуы қажет делінген ұсыныс. Бұл
терминді қазірдің өзінде Қытай дамытып Ганконгті қосып алудың алғышарты
ретінде пайдаланған
– Екінші, 1984 жылы КХДР АҚШ пен Оңтүстік Кореямен қосылып үш жақты
кездесу өткізуі.
- Үшінші, КХДР Корея жарты түбегін ядролық аймақ ретінде қайта
қүру, Солтүстік пен Оңтүстіктің арналарын 1988-1991 жылдар аралығында 100
мың адамға дейін қысқарту ұсынысы болды.
КХДР-дың бұл барлық ұсыныстары, КСРО тарапынан әрқашанда қолдауға ие
болып отырды. Бірақ та, бұл ұсыныстардың қабыл болуы үшін, әлі де көп жұмыс
жасау қажет екенін түсіну керек. Сонымен қатар, Оңтүстік пен Солтүстік
арасында табиғи апаттардың салдары дәнекер бола алды. 1984 жылы күзде
Оңтүстік Кореяда болған тайфун салдарынан болған апатта, Солтүстік Корея
экономикалық көмек көрсетті. Бұл көмекті Сеул қабылдады. Артынша екі ел
бөлінгеннен бері болмаған 200 адамдық делегациямен алмасты. Олардың ішінде,
соғыс кесірінен айырылған жан ұя мүшелері, артистер, журналистер және тағы
басқалар болды. 1984 - 1985 жылдар аралығында екі ел үкіметтерінің
делегаттары кездесіп, экономикалық байланыстарды жаңғырту шабул жасамау
келісімінің алғышарттары, біріге қалған жағдайда Кореяның біртұтас аталуы
туралы мәселер қаралды.
1988 жылы КХДР басшысы Ким Ир Сен өзінің жаңа жылдық баяндамасында,
осы жылдық келісімге келу жылы, әскери жаттығулардан бас тарту, халықаралық
конференция шақыру, сонымен қатар Оңтүстік пен Солтүстік үкіметтерінің
бірігу мақсатымен мәселелерді шешу сияқты ұсыныстарды жүзеге асыруға
шақырды.
Сонымен қатар, 1957 жылы Оңтүстік Кореяда оппозиция күш алып,
ұйымдастыру мен қуаты жағынан елде болмаған бейбіт шерулер болды. Олардың
басты талабы елді демократияландыруды іске асыру еді. Оңтүстік Корея
басшылары оппозицияның талаптарын орындап, президент сайлауын өткізді. Ол
сайлау 1987 жылы 16 желтоқсанда болып өтті. Екі Кореяның халқы қашан да тек
бейбіт өмір сүру үшін, елдің бірігуін қалаған. Ал қазіргі таңда әлемдегі
2001 жылғы 11 қыркүйегінен кейін АҚШ – тың ұстанған саясаты екі ел
арасындағы қарым – қатынастарға өз салқындығын тигізуде.
АҚШ пен Жапонияның экономикалық көмегінің арқасында Оңтүстік Корея
экономикасын дұрыс жолға қойып, дамыған елге айналды. Халық тұрмыс жағдайы
жоғарылады. Ал Солтүстік Корея керісінше, КСРО ыдырағаннан кейін
экономикасы төмендеп, халық тұрмысы нашарлап кетті. Сонымен қатар, АҚШ
Солтүстік Кореяны зұлымдық ошағы қатарына жатқызды, экономикалық қоршауға
алды. Солтүстік Корея бұған жауап ретінде ядролық қаруды жасап шығаруды
қолға алды. Бұл жағдай АҚШ – тың ашу ызасын тудырды. Осы мезетте айта
кететін бір жайт, екі елдің бірігу мәселесі кейінге қалып қойғандай әсер
етуде.
55 жыл өткенде Корея түбегіндегі 1950 – 1953 жылдардағы болып өткен
соғыс себептеріне қызығушылық арта түсуде. ХХ ғасырдың орта шеніндегі болып
өткен осы трагедияның Корея соғысына байланысты тарихи деректердің жаңа
қырынан көрінуі, Ресей мұрағаттарынан осы қақтығысқа байланысты құжаттардан
құпиялық белгілері алынып тасталғаннан кейін, мүмкін болды. Оның ішінде
әсіресе ең құндылығы сол кездегі КСРО – ның, АҚШ – тың, Қытайдың, КХДР –
дың, Оңтүстік Кореяның басшыларының сол қақтығыста қандай рөл атқарып,
соғыстың болуына тікелей әсер ету жағдайларына назар аударып білуге болады.
1950 – 1953 жылдардағы Кореядағы соғыс, сол кезде күн өткен сайын
жақындай түсті. Екі бөлек Корея да, және олардың басты одақтастары АҚШ пен
КСРО да мүмкіндігінше құпия дайындала бастады.
1948 жылдың қазан айында Кеңес Одағы өз әскерін КХДР территориясынан
әкеткеннен кейін, барлық әскери техника мен қару – жарақ КХДР – дың
жасақталып жатқан армиясының еншісінде қалды. Сонымен қатар КХДР армисының
қатарында жүздеген кеңестік әскери кеңесшілер болды. Бұдан былай да, Кеңес
Одағы КХДР – ға 1950 жылдың 3 мамырында КХДР басшысы Ким Ир Сен, Сталинге
жолдаған жеделхатында Корея Халық Армиясының техникалық жарақтануына одан
әрі көмек көрсетуін сұрады. Сол кездегі Кеңес Одағының КХДР – дағы елшісі
Т.Ф. Штыков та осы соғысқа дем беруші адамдардың, тұлғалардың бірі еді.
Қару – жарақ пен әскери техника Солтүстік Корея басшысы үшін, танк
полкінен тұратын механикаландырылған бригада (әр танк полкісі 33 танктен
тұрады) мен әуе дивизиясын (86 ұшақтан тұрады) құру үшін қажет болды.
Сонымен қатар, КХДР басшылығы Пхеньянның бейбітшілікке бағытталған
саясатын көрсету үшін бірталай шараларды іске асырды. Соғыс басталуға бір
апта қалғанда Солтүстік Корея жағы, екі Корея парламентінің қосылуы жайында
ұсыныс жасады. Біртұтас парламент Кореяның тарауы және үкіметін құруымен
айналысуы деп күтілді. Бірақ та бұның өзі сол кездегі жағдайға байланысты
жасалған үгіт – насихаттық жоспарланған қадам еді.
Сондай ақ, Оңтүстік Кореяның Ли Сын Ман басқаратын әкімшілігі мен
АҚШ үкіметі де, Оңтүстік Корея мен АҚШ Корея Республикасының армиясын құру
туралы келісімге келді. Ал 1950 жылы АҚШ пен Оңтүстік Корея өзара көмек
және Қорғану жөнінде тағы бір шешімге қол қойды. Сол 1950 жылы Оңтүстік
Корея АҚШ – тың көмегімен 300 мыңдық жауынгері бар армияны құрды, оның
ішінде 1500 АҚШ – тың жауынгері мен офицерлері болды. Сол жылы Сеул
Вашингтоннан 500 млн доллардың әскери техникалық көмегін алды.
Кореядағы қақтығысты тездетудегі тағы бір жағдай, АҚШ конгресінің
Корея Республикасында Компартия мүшелері бар коалициялық үкімет құрыла
қалған жағдайда, ешбір көмек көрсетілмейтіндігі жөніндегі қарары болды.
Міне осының өзі әскери қақтығысты біршама тездетті.
Ал Пхеньян болса, Оңтүстікке басып кіруді, бейбіт қосылуды желеу
етіп ойластырып жатқанда, Сеул керісінше Солтүстікке басып кіруді
миллитаристік сипатта жүргізіп, ашық пікірде болды. КХДР ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
1950-1953 жылдардағы Корей соғысы: себептері, барысы, нәтижелері
Жапонияның саяси және экономикалық дамуы
Жапония мен Қытайдың тарихы мен саясаты
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі және Қытайдың позициясы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония экономикасының “Ғажайып дамуы”
Қазақстан Республикасының Жапониямен экономикалық және географиялық қарым-қатынасы
Жетекші Араб мемлекеттерінің саяси ұстанымдары
Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат
Қытайдың Орталық Азиядағы саясаты
Пәндер