Тіл үйренудегі қағидалар


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ТІЛ ҮЙРЕНУДЕГІ ҚАҒИДАЛАР

Молдасанов Е.М. - ф.ғ.к., доцент м.а. (Алматы қ-сы, Абай атындағы ҚазҰПУ)

Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілін меңгеруде туындаған қиындықтар мен күрмеуі қиын мәселелер әр деңгейдегі мінбелер мен баспасөзде үнемі айтылып келеді. Қазақ тілін мектепте, жоғары оқу орнында, мекемелерде үйретудің өзіндік мақсат, міндеттері мен қағидалары бар екені де айқындалып отыр. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай мектепте де, жоғары оқу орнында да дайын мәтіндерді жаттау мен тест жүйесіндегі жекелеген тіл бірліктерін сұрау, грамматикалық қосымшаларды анықтау немесе жекелеген сөздердің аудармасын сұраумен қазақ тілі меңгерілмейтініне көз жетті.
Ендігі мақсат - мемлекеттік тілді үйретудің бірізді, дамытылған тұтас жүйесін құру.
Әдетте мектептен қазақ тілін оқып келген студенттерге жоғары оқу орнында да дәл бұрынғы мектепте өтілген тақырыптар қайталана берілетіні кездеседі. Мәселен, мектеп бағдарламасында өтілетін қоршаған орта, отбасы, менің бөлмем, күн тәртібім деген сияқты осыған ұқсас тақырыптар айналасындағы сұхбат пен сұрау-тапсырмалар студенттің тіл меңгеруге деген ынтасын көтермейтіні, мазмұндық жағынан байытпайтыны белгілі.
Бүгінде мемлекеттік тілді меңгерудің бірнеше қағидасы айқындалып отыр. Атап айтар болсақ: тілді жеделдете оқыту қағидасы; мемлекеттік тілді оқытудың деңгейлік қағидасы; қазақ тілін үйрену белсенділігін арттыруда тіл білудің мотивациясы теориясы; мемлекееттік тілдің әлеуметтік болмысын тану теориясы (тілдік жағдай, этнотілдік жағдай, тілдік орта және мемлекеттік тілді оқытудағы оның дидактикалық-тәрбиелік әлеуеті); мемлекеттік тілді оқытудың әлеуметтік-мәдени, лингвомәдени, этнолингвомәдени негіздері; мемлекеттік тілді жеделдете оқыту арқылы тілдік тұлға қалыптастырудың құндылық теориясы (адамқұндылығы, тіл құндылығы тұрғысынан танылуы) 3 деп мемлекеттік тілді оқытудың, тілдік тұлға қалыптастырудың теорялық негіздерін айқындалып отыр.
Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту қағидасы. Мемлекеттік тілді мемлекеттік ұйымдарда, барлық салаға жеделдете ендіру мақсаты арқаны кеңге салып, әйтеуір бір үйренеміздің уақыты өткенін білдіреді. Уақыт талабының өзі бүгінде мемлекеттік тілді жеделдете оқыту қағидасын алдыға тартады. Бүгінгі студент - ертеңгі маман. Мемлекет тізгінін қолға алар әр тұлға тілдік әлеуетті қалыптыстыруды бүгіннен қолға алуы қажет. Сондықтан жоғары оқу орындарында 2-3- курстарда кәсіби сала бойынша қазақ тілін дамытып (аптасына 1 сағат) оқыту жақсы нәтижеге бастар еді.
Мемлекеттік тілді оқытудың деңгейлік қағидасы. Кез-келген тілді меңгеру тек дамумен ғана жүзеге асырылатыны белгілі. Бүгінде қазақ тілін балабақшадан бастап үйрету керек деген ойлар жиі қозғалып жүр. Қай халық болмасын өз ұрпағына ұлтының тілін туғаннан бастап құлағына сіңіріп, сәби кезінен үйрету керектігі әр ғылым саласында дәлелденіп отырған қағида болып отыр. Бұл тұрғыдан келгенде қазақ тілі өз ұлтына әлі де өгей болып отырған жайлары молынан ұшырасады. Қай халыққа болмысын қазақ тілін үйренуді балабақшадан бастау орынды. Бұл тілді меңгеруде сөйлеу аппараттарының, тілдің айтылым әрекетінің дұрыс қалыптасуына жағдай жасайды. Бұдан әрі мектеп пен жоғары оқу орнында қазақ тілін меңгерудің тиісті деңгеймен ұстасуы абзал. Тілдік тұлғаның тіл меңгеру дәрежесін анықтауда көптеген қиындықтар туындап жатады. Қайсібір тестілертің өзі тілдік тұлғаның деңгейін анықтауға дәрменсіз. Бұл әр жеке тұлғаның даму дәрежесінің әр түрлі екендігін білдіреді. Әрине, тұлғаның тілді меңгеру қабілеті мен тілді үйренуге деген мотивациясына да көп нәрсе байланысты болып келеді. Сондықтан да болар тілді оқытуда көбіне жеке тұлғамен жүргізілген сабақтар нәтижелірек болады.
Тілді меңгеруде тіл үйренушілерді деңгейін анықтап, оны келесі деңгейге жеткізу аса маңызды.
Қазақ тілін үйрену белсенділігін арттыруда тіл білудің мотивациясы теориясы осыған дейінгі айтылған ойлардың көбіне өзек болып келеді.
Елбасы "...Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңызды мәселе - мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл - бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс. Тәуелсіздіктің барлық жылдарында біз бүкіл пост-кеңестік кеңістікте ең либералды тіл саясатын жүргіздік. Қоғамда біздің тіл саясатымыздың мәнін тереңірек және дәлірек түсіндіру керек. Ол кез-келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі болып табылатыны жақсы мәлім" деген болатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тіліндегі түсіну
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыта отырып, білім сапасын арттыру
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЕРКІН СӨЙЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Шет тілін үйретудегі мотивацияның атқаратын ролі
Арнайы педагогика жалпы педагогиканың ғылыми саласы ретінде
Жоғары оқу орындарында шетел тілін үйренудің теориялық негіздері
Мұғалім сөзі - оқушыға үлгі
Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың жоспарлы нәтижесіне қол жеткізу
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
Пәндер