Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858—1931)


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931)

ХІХ ғасырдың 2-ші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіңде өмір сүріп, қоғамдық, әлеуметтік, рухани мәдени, әдеби өмірге белсене араласып адамгершілік, ағартушылық идеяларды уағыздаған қазақтың ұлы ақыны. Ол сондай- ақ прозашы, аудармашы, тарихшы және философ. Кейбір деректерде оның есімін ″ Шахкәрім ″ деп те көрсетеді. Туған жері-- қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктері. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді. Шәкәрімнің поэзиялық шығармалары мазмұнға бай, сан салалы болып келеді. Онда азаматтық лирика да, махаббат лирикасы да, табиғат суреттері де, философиялық толғамдар да, элегия, сонет, тарихи баллада, халықтық қара өлең үлгісі де баршылық. Осындай жан -жақтылық оның прозасына да тән. Оның тарихи, ғылыми, философиялық шығармалары қазақ прозасының дамуына өзіндік ықпалын тигізеді. Сондай -ақ ол қазақ әдебиетінің басқа халықтар әдебиетімен байланысты дамуына зор үлес қосты. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білгендіктен, ол осы халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан қазыналарына еркін бойлап, солардың озық үлгілерін халыққа паш етті. Европа поэзиясына үлкен ықпал жасаған. Хожа Хафизді Шәкәрім өзінің ең ұлағатты ұстаздарының бірі санайды Үнемі сырласып, мұңдасып отырады. Тіпті өмірінің ең соңғы күндерінде деХожа Хафизді аузына алады, оны түсінде көргенін айтып, бұл---дәм-- тұздың таусылғаны, фәнилік жарықтан бақилық даңққа өтудің белгісі деп біледі. Шәкәрім шығыс тақырыбындағы ең көлемді мұрасы---″Ләйлі---Мәжнүн″. Шәкәрімнің Хожа Хафизден аударған өлең жырларының саны біршама. Бұллардың басым көпшілігі тәржіма болғанымен, біразы Хафизсарынындағы төлтумаға құсайды. Шәкәрімнің шығыс үлгісіндегі мұрасы сол тұстсғы қазақ поэзиясының ізденіс өрісі, игерген аймағы турулы нақты түсінік берсе керек. Шәкәрімнің шығыстық жырлары көркемдік ойдың жаңа бір белесі болды. Мұндағы өрнекті, иірімді жан толқынысы, үлгілі тіл мәдениеті-ұлттық поэзиямыздың Абай жеткізген ең биік тұғырымен деңгейлес. Жетісу Қазақстан құрамына қайта енген кезде қазақ пен қалмақ бірме-- бір, бетпе--- бет келеді. Үнемі дерлік жеңіліске ұшырап отырған, кейде, тіпті алым төлеп, бодан болса да, елдігінен айрылмаған ойраттар 17 ғасырдың орта шенінен бастап күш алады. Көршілес киіз туырлық көшпенді екі жұрт арасында атадан балаға оған, екі жақ үшін де өлшеусіз шығынға түскен, ешбір халық тарихында болмаған жүз елу жылдық соғыс осы кезеңнен басталып, жаулық түбі аяусыз геноцидқа ұласқан, қазақ пен қалмақ бірін-- бірі тақыр- таза қырып бітіруді ғана мақсат тұтқан қасап майданға айналған еді.

Шәкәрімнің қазақ рухани өміріндегі жаңаша болмысы оның дінге көзқарасынан айқын танылады. Әлбетте, Шәкәрім-- өз заманының перзенті. Ұғым, наным, түсінік шектеулі шеңберде. Алайда ақын бас ұрған ақиқат ождан, шын иман, адаспайтын айқын жол адамдық, кісілік. Дүние қуып, пайда іздеген, алдау- арбаумен күн өткізген молда, мешітте мың жыл отырса да бейіштің есігінен сығалай алмақ емес. Ақын ұғымында бар кінә иманын малға айырбастаған молдада ғана жатқан жоқ . Бұл күнде алланың аяты да, пайғамбардың хадисі де бұзылған. Бұзған бірде- екілі адам емес, бүкіл қауым. Және дін бұзған, ізгі уағыз, қасиетті кітап жолынан ауған жалғыз Мұхамед үмбеті ғана емес, ″Таурат″ теріс түсіндіріледі, Зәрдөштің өсиеті ұмытылған, Будданың ілімі жаңсақ ұғылып, Айсаның айтқандары бұрмаланған.

Бұл күнде дұрыс иман жоқ

Шатақ дін нәпсі тыйған жоқ,

Ақылы саудың ойына

Алдамшы діндер сыйған жоқ .

Сонда қандай жолды таңдауымыз керек . Ақиқат жолы ---дейді ақын . Бұл - бәріміз құмарланып, бәріміз мұрат тұтатын шын асыл жар, айнымас серік, адастырмас жол басшы. Ал ақиқатқа жетудің амалы-- осы заманғы оқу - өнерді игеру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын, жазушы, философ - Шәкәрім Құдайбердіұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлынің өмірбаяны
Абай көтерген адам болу, азамат болу идеясы
Қазақтың шоқ жұлдызы
Діни ағартушылық бағыттың қалыптасуы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы
Құдайбердіұлы Шәкәрім
Шаһкәрім Құдайбердіұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz