Автокөлікті сақтандыру туралы


1. АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ
1. 1 Сақтандыру компаниясының іскерлігі, сипаттамасы және басқару жүйелері
Сақтандыру нарығы - сұраныс пен ұсыныс қалыптасатын, сату-сатып алу обьектiсi ретiнде сақтандыру қорғауы есептелетiн, экономикалық қатынастың арнайы саласы, ерекше әлеуметтiк-экономикалық сала. Сақтандыру нарығының дамуының обьективтi негiзi - алдын-ала ойламаған жағдайлардан зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсетуi жолымен өндiрiс процессiн үздiксiз қамтамасыз ету. Сақтандыру нарығы сақтандыру қоры қалыптасып және бөлiнетiн қоғамды сақтандыру арқылы қорғаудың ақшалай қатынастар ұйымдастыру түрі. Сақтандыру нарығының мiндеттi шарты сақтандыру қызметiне қоғамдық тұтыну және оны қанағаттандыратын сақтандырушылардың болуы. Отандық экономиканың нарыққа көшуi сақтандырушының экономикалық қатынастар жүйесiндегi орнын және маңызын өзгертедi. Сақтандыру компаниялары шаруашылық өмiрдiң тең құқылы субьектiлерiне айналады. Реттеушi сақтандыру нарығы әртүрлi құрылымдық бөлiмдерден тұратын күрделi, интеграциялық жүйе. Сақтандыру нарығының алғашқы звеносы-сақтандыру қоғамы немесе сақтандыру компаниясы. Осы жерде сақтандыру қорының қалыптасуы және қолданылуы, экономикалық қатынастардың қалыптасуы, жеке, топталған, коллективтi ойлардың байланысы жүргiзiлдi.
Сақтандыру компаниясы - сақтандыру келiсiм шарты және оған қызмет көрсету жөнiнде шешiм қабылдайтын, тарихи анықталған сақтандыру қорының қоғамдық түрі. Сақтандыру компаниясына техникалық-ұйымдастырылуының жеке даралығы тән. Сақтандыру компаниясының экономикалық ерекшелiгi оның ресурстарының толық даралығымен сипатталады. Сақтандыру компаниялар басқа сақтандырушылармен қайта сақтандыру арқылы қарым-қатынас жасайды.
Нарықтық экономика өз азаматтарын ерiктi тұрде таңдауға негiзделген. Әркiм өз қалауымен шешедi. Адам өз кiрiсiн еркiмен жұмсауға болады, бiр бөлiгiн тұтынуға, қаншасын жинақтауға бағыттауға құқылы. Адамдарға өз еркiмен кiммен келiсем деседе еркiндiк берiлген. Осының барлығын сақтандыру нарығы, кең көлемде сақтандыру қызметiн ұсына отырып ескередi.
Нарықтық экономикадағы сұраныс пен ұсыныстың еркiн ойыны потенциалды сақтандырушыға қажеттi сақтандыру қызметiнiң шығуына әкеледi. Сақтандырушылар арасында сақтандыру қызметiне қойылатын баға еркiн бағаның қалыптасуына бәсекелестiк туғызады. Экономикалық бәкелестiкте сақтандыру нарығы реттеушi қызмет атқарады. Бiрақ бәсекелестiк сақтандыру нарығында табысқа әкелмейдi. Андеррайтер сақтандыру полисiн толтыра отырып қабылдайтын шешiм, қоғамдық тәжiрибемен бекiтiлiп, күтуге негiзделген. Нарықтық экономикада сақтандырушы өз сақтандыру қорындағы ресурстарды пайдалануға тiкелей байланысты. Сақтандырушы кәсiпкер ролiнде шыға отырып, жауапты тұлға болып есептеледi, себебi кәсiпорынның iсiне жауап беретiн болғандықтан, заңға сәйкес жауапкершiлiк жүктеледi.
Кең көлемде сақтандыру нарығы сақтандыру өнiмiн сату-сатып алумен айналысатын экономикалық қарым-қатынас жиынтығы. Нарық сақтандырушы мен сақтаушы арасында органикалық байланысты қамтамасыз етедi. Бұл жерде сақтандыру қызметiн қоғамдық тану жүргiзiледi. Сақтандыру нарығы тауар шаруашылығында қалыптасады және оның бөлiнбейтiн маңызды элементi болып есептеледi. Оның шығу шарты қоғамдық еңбектi бөлу және әртүрлi меншiк иелерiнiң болуы. Берiлген шарттар-нарықтық қатынастар дамуының дәрежесiн анықтайды Сақтандыру нарығы нарықтық қатынастардың субьектiлерiнiң өз бетiнше болуын қалайды, олар сақтандыру қызметiнiң сату-сатып алу партнерларын тең, көлденең және тiкелей байланыстардың жуйелерiнiң дамуын қамтамасыз етедi.
Сақтандыру қызметiн мемлекеттiк реттеу элементi келiсiм, келiсiлген жағдайларды және бәсекелестiктi шектеу мақсатында сақтандыру компанияларының нарықты бөлу әрекеттерiн тоқтату.
Сақтандыру нарығы құрылымы институционалды және территориалды аспектiлердi сипаттайды. Институционалды аспектi акционерлi, корпоративтi, өзара және мемлекеттiк сақтандыру компаниялары түрінде көрсетiледi. Территориалды аспектi жергiлiктi сақтандыру нарығы, ұлттық және әлемдiк сақтандырунарығы болып бөлiнедi. Нарықтық қатынастардың дамуы аймақтық шектеулердi қоғамдық - экономикалық прогресс жолында болдырмау, интеграциялық прогресстi күшейту ұлттық сақтандыру нарығын әлемдiк деңгейге көтеруге әкеледi. Осындай итеграция мысалы ретiнде жалпы-европалық сақтандыру нарығының құрылуын айтуға болады.
Сұраныс пен ұсыныс көлемiне қарай сақтандыру қызметiн iшкi, сыртқы және халықаралық сақтандыру нарығы деп бөлуге болады
Ішкi сақтандыру нарығы - белгiлi сақтандырушыны қанағаттандыруға бағытталған сақтандыру қызметiне сұраныс бар жергiлiклi нарық .
Сыртқы сақтандыру нарығы - iшкi нарықтың сыртында орналасқан аралас сақтандыру компанияларына қызмет көрсететiн нарық.
Әлемдiк сақтандыру нарығы - әлемдiк шаруашылыққа қызмет көрсететiн сұраныс пен ұсыныс. Салалық бiр белгiсiне қарай нарық: жеке сақтандыру, мүлiктiк сақтандыру жауапкершiлiктi сақтандыру, экономикалық тәуекелдiлiктi сақтандыру болып бөлiнедi. Сақтандыру нарығының қатысушылары болып сатушылар, сатып алушылар және делдалдар, ассоциациялар есептеледi. Сатушылар категориясын сақтандыру компаниялары құрайды [3] . Сатып алушылар ретiнде сақтандырушы-жеке және заңды тұлғалар шыға алады. Сатушы мен сатып алушы арасында делдал ретiнде сақтандыру агенттерi және сақтандыру брокерлерi шыға алады. Сақтандыру нарығының арнайы тауары - сақтандыру қызметi. Олкелiсiм шарт негiзiнде заңды немесе жеке тұлғаға ұсынылуы мүмкiн. Егер қоғамдық позициядан сақтандыру арқылы қорғау қажет болса, сақтандыру мiндеттi тұрде болады.
Қазіргі таңда сақтандыру қызметiнде электронды және автоматтандырулардың сақтандыру саласына кең қолдануына байланысты өзгерiстер болуда. Әлемдiк тәжiрибеде сақтандыру екi бағытқа: арнайы және универсалды қызмет болып дамуда. Қоршаған ортаның диалектикалық бiрiгуi. lшкi орта сақтанушы жағынан басқарылады. Сыртқы жүйе сақтану жағынан басқарылмайтын элементтерден тұрады. Сыртқы орта iшкi ортаны қоршап және шектеп тұрады. Ішкi жүйеге сақтандыру компаниялардың нарыктық жүйе ядросын кұрайтын басқарылатын айнымалылар жатады. Осы сақтандыру компаниялармен басқарылатын айнымалылардың негiзгiлерi: сақтандыру өнiмдерi, сақтандыру полюстерiн сатуды ұйымдастыру жүйесi, сұраныстың қалыптасуы, тарифтер жүйесiнiң икемдiлiгi, сақтандырушының жеке инфраструктурасы.
Сонымен бiрге iшкi жүйеге нарықты жаулап алу мақсатына жетуге бағытталған сақтандырушымен басқарылатын айнымалылар нарықтық жүйе ядросына кiрмейтiндер де нарықта белгiлi сақтандырушының жағдайын бiлдiретiн материалдық, қаржылық және сақтандыру компанияның адамдық ресурстары жатады. Сақтандыру қоғамдарында қаржылық жағдай маңызды орын алады. Көп жағдайда сақтандыру қоғамының басшысының бiлгiрлiгiне де байланысты. Осы факторлардың жиынтығы нарықта сақтандыру компаниясының саясатын анықтайды. Жоғарыда айтылған басқару компоненттерi бiр-бiрiмен байланысты. Бас менеджер тиiмдi вариантты таңдай бiлуi тиiс. Сақтандыру өнiмi, сақтандырушы нарыққа алып шығатын басқару факторларының бiрi. Бұл жеке және мүлiктiк сақтандыру түрінiң шарты. Нарыққа байланысты сақтандыру компаниясының басшысы жаңа сақтандыру қажет па екенiн шешедi. Тарифтiң жұмсақ жүйесi сақтандырушы басқаратын iшкi нарық жүйесiнiң негiзiн құрайды. Сақтандыру компаниясының басшысы мақсатты бағытталған тарифтiк саясат таңдауы тиiс.
Нарықтың сыртқы қоршаған ортасы өз-ара байланысқан күштер жүйесi, ол нарықтың iшкi жүйесiн қоршап және оған әсер етiп отырады. Сақтанушы өзiнiң коммерциялық жұмысын сыртқы орта жағдайында жоспарлап жүргiзiп отырады [4.
Нарық - жабық жүйе емес, себебi оны қоршаған әлемдiк сақтандыру нарығы оқшауланбаған. Жоғарыда атап өтiлгендей негiзгi элементтерге нарықтық сұраныс, бәсекелестiк, сақтандыру қызметiндегi ноу-хау, сақтандырушының инфрақұрылымы жатады. Потенциалды сақтандырушы шешiмi келесi экономикалық және психологиялық алғы шарттарға байланысты:
- адам өз сақтандыру қызығушылығын жоғары деңгейде қанағаттандырғысы келедi.
- сақтандырушы әрқашанда тиiмдi жұмыс жасайды.
Кез-келген сақтандыру компаниясының қызметi сақтандыру қорының тарихи анықталған ұйымдастыру формасы. Ол экономикалық ортамен тығыз байланыста. Экономикалық ортадағы сақтандыру компанияларының қызметiне қарай жинақталуы сақтандыру жүйесiн құрайды. Нарықтық экономикада сақтандыру жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi сақтандыру және консультациялық қызмет көрсету, жеке клиенттерге
- күнделiктi және сенiмдi сақтандыру қызметiн көрсету.
Дамыған елдерде сақтандыру компаниялары жиi кездесетiн проблемаларды атап өтуге болады:
- сақтандыру бизнесiн интернационализация жасау
- iрi сақтандыру топтарының шығуы
- құнды қағаздарға инвестиция салу
- клиентура жағынан сұраныстың өсуi
- жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы
- қаржылық алдаулар
- көп елдердегi саяси жағдайлардың өзгеруi
- персоналдың тең емес жастық құрылым
- сақтандыру жұмысшыларының жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
Шет елде бөлiмдерi бар немесе еншiлес компаниялары бар сақтандыру компаниялары халықаралық саясатқа сезiмтал. Сақтандыру компанияларына әлеуметтiк сала үлкен әсер етедi, персоналдарға клиенттер сұранысы тығыз байланысты. Сақтандыру компания клиенттерi елдегi индустриалды өсуге байланысты қызмет көрсетуден жоғары стандарттар талап ете бастады.
Жаңа ақпараттық технологиялар Батыстың сақтандыру компанияларын қаруландыруға кiрiсiп, түпкiлiктi жолмен сақтандырушының қызметiнде жаппай стереотип ұғымын өзгерттi. Сақтандыру ақпараттарын компьютерлеу еңбек өнiмдiлiгiн арттырып, оперативтi шешiмдер қабылдауға мүмкiндiк бердi. Жұмыс көп бөлiгiн аз жұмысшылар жасайды. Бiрақ электронды жүйе жұмысына бағдарламашылар, компьютер инженерлерi қабылданды.
Жаңа ақпараттар технологиясы ақпаратқа жол ашып, сақтандыру қызметiнде несие карточкаларын енгiзуге себепкер болды. Сақтандыру компаниялары мен коммерциялық банктер арасында бәсекелестiк күшейе түстi.
Соңғы 10 жылдықта банк тәжiрибесiнде ”банкассюранс” терминi кең орын ала бастады, аударғанда ”банктiк сақтандыру” деген мағынада.
Коммерциялық банктердiң сақтандыру iсiне енгiзiлуiнiң бiр формасы сақтандыру трастарының құрылуы. Бұл клиенттермен келiсiлетiн сенiмдi коммерциялық банктердiң операциялары.
Егер клиент коммерциялықбанкке мүлiк берсе, сақтандыру сыйақыларын алу үшiн, онда ол - фундирленген сақтандыру трасты.
Дамыған Батыс елдерiндегi қазiргi таңдағы сақтандыру нарығының даму деңгейi сақтандыру iсiн монополизациялауды күшейтедi. Осыған байланысты оны төрт түрлi ұйымдастырушылық формасына бөлуге болады.
Көлденең интеграция - аз iрi сақтандыру компаниялардың қолына сақтандыру қызметiн бiрiктiру. Тiгiнен интеграция - сақтандыру компаниялардың басқа сфераға өтуi. ұлтаралық сақтандыру компаниясы сақтандыру iсiнде кең тараған жоқ.
Диверсификация-сақтандырушының әртүрлi кәсiпорын салаларында қызметтерiнiң кеңеюi. Батыстың индустриалды дамыған елдерiне сақтандыру нарығында диверсификацияның келесi негiзгi типтерi бар. Сақтандыру компаниялары сақтандыру нарығының индустриалды құрылымының негiзiн құрайды. Мысалы АІШ-та сақтандыру компанияларының қаржы ресурстарына 50 процентке жуық ұзақ мерзiмдi несиелерден келедi.
Сақтандыру компаниялары бөлiнедi: иелiгiне қарай: жеке және құқықтық, акционерлiк, өзара, мемлекеттiк және өкiметтiк. Жасалатын операция сипатына қарай: мамандандырылған, универсалды және қайта сақтандыру. Қызмет көрсету аймағына қарай: жергiлiктi, ν аймақтық, ұлттық және халықаралық.
Жарғылық капитал көлемiне жәнеν сақтандыру көлемiнiң түсу көлемiне қарай: iрi, орташа және ұсақ акционерлiк сақтандыру қоғамы - акция сату арқылы ақша құралдарын орталықтандыру негiзiнде сақтандыру қорын ұйымдастыру түрі. Ашық және жабық акционерлiк қоғамдар түрі бар.
Акционерлiк сақтандыру қоғамы - өз қаржысы бар, мақсаттары анықталған заңды тұлға. Акционерлiк сақтандыру қорының жоғарғы органы акционерлердiң жалпы жиналысы. Жиналыс жылына бiр рет өтедi, ал ағымдағы iстерiмен директорлар кеңесi айналысады. Акционерлiк қоғамның оперативтi-қаржылық қызметiн тексерумен сайланған тексеру комиссиясы айналысады. Тексеру комиссиясы жұмысының нәтижесi акционерлер жиналысында оқылады.
Сақтандыру компаниялары филиалы заңды тұлға құқықсыз ерекше сақтандырушының бөлiмi. Аффилиривтi сақтандыру компаниясы - бақылау акцияларынан пакет акциясы аз акционерлiк сақтандыру компаниясы.
Өзара сақтандыру қоғамы - мүшелерiнiң қатысуы үлестiк орталықтандырылған құралдар негiзiнде ұйымдасқан сақтандыру қоры. Қоғам қатысушылары сақтанушы және сақтандырушы ретiнде шыға алады. Сақтандырушы қоғам мүшесi болып, жылдық қызмет нәтижесiн кiрiс немесе шығынды бөлуге қатысады. Өзара сақтандыру қоғамының жоғары органы мүшелерiнiң жалпы жиналысы. Индустриалды дамыған елдерде қазiргi таңда өзара сақтандыру қоғамының қызметi жеке сақтандыру төңiрегiнде концентрацияланады. Pridental Insuranse kompany of Ameriсa - АҚШ төңiрегiнде iрi өзара сақтандыру қоғамы. Өзара сақтандыру қоғамының шығындарынан кiрiсi көбейсе резервтiк қорды толтыруға жұмсалады. Қалғаны дивидент төлеуге бөлiнедi. Сақтандыру нарығындағы Өзара сақтандыру қоғамының маңызы өсуде. Жапонияда өзара сақтандыру қоғамы жеке сақтандырудың алдынғы үлгiсi. Өзара сақтандыру қоғамының қызметi акционерлiк сақтандырушы сияқты құқықтық нормаларға бағынады. Кей жерлерде өзара сақтандыру қоғамының қызметi жайлы заң қабылданған. Өкiметтiк сақтандыру ұйымы - қызметi субсидированияға негiзделген коммерциялық емес компания. Мемлекеттiк сақтандыру компаниясы - мемлекетке негiзделген құқықтық ұйымдасқан сақтандыру қоры. Жеке сақтандыру компаниясы бiр отбасына немесе бiр адамға бағынады. Жан-жақты формадағы жеке сақтандыру компаниясына мысал ретiнде ағылшынның «Ллоидта” төрт негiзгi сақтандыру қызметi қамтылған: теңiз, теңiздiк емес, авиациялық және автомобильдiк тәуекелдер.
Кэптив - тұтас корпоративтi құрылтайшылардың сақтандыру көзқарасына қызмет ететiн акционерлiк сақтандыру компаниясы. Кэптив еншiлес сақтандыру компаниясы болуы мүмкiн. Ресей Федерациясында кэптив мысалы ретiнде «Лукоил “сақтандыру компаниясын айтуға болады, ол мұнай компаниясы «Лукоилдың” жүйесiне қызмет етедi.
1. 2 Азаматтардың жеке автокөлігін ерікті сақтандыру жолдары мен автокөлік сақтандыру компаниялары
Сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамы - сақтандыру мәселелерінде
Сіздің сенімді әріптесіңіз бола алады.
Сақтандыру компаниясының акционерлік қоғамынан сатып алынған Полисі Сіздің автокөлігіңізді келесідегі жағдайлардан сақтайды: айдап кету, ұрлау, тонау, транспорттық жол апаты, өрт, табиғи апат әсері және т. б.
Құнын клиенттердің өздері белгілі дәрежеге орай қадағалай алады. Франшизаны Сіз орнатасыз, сақтану толық немесе толық еместігін, оның көлемі жарнаның көлеміне әсер етеді [14] .
Сақтандыру компаниясының акционерлік қоғамының қызметкерлері - жоғары білікті мамандар, олар сақтандыру жөнінде барлық сұрақтар мен есеп-қисаптың маманы бола қоймай, тиянақты түрде полистің түрлерін қағаз жүзінде профессияналды толтырады.
Сақтандыру компаниясының акционерлік қоғамында ерікті автокөлікті сақтандыру - бұл:
- сақтандыру мерзімін, тәуекелін, сақтандыру соммасын таңдауға
мүмкіндік береді;
- автокөліктің кез келген күтпеген жағдай мен апатқа ұшырамаған
жағдайда жыл сайын жеңілдіктер береді:
1 жыл ішінде - 5%,
2 жылдан кейін - 10%,
3 жылдан кейін - 15%.
Арнайы лицензиясы бар бағанаушылар немесе арнайы маманданған
техникалық қызмет орталығы (ТҚО) ғана шығын бағасын анақтау құқылы.
Бізде төленетін борыш сомасы тура!
Сақтандыру компаниясының акционерлік қоғамы әр клиентке жеке қызмет көрсету және ынтымақтастық мерзімінде толық клиентпен бірге болу қағидасын ұстанады. Автокөлікті біздің компаниямызда сақтандыру Сізге қаржылық тұрақтылық пен сенімділікті қамтамасыз етеді.
Сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамы икемді баға саясатын ұстанып, әрқашан Сізге ұтымды ұсыныстар жасайды.
Сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамы - сақтандыру мәселелерінде
Сіздің сенімді әріптесіңіз!
Сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамы әр клиентке жеке қызмет көрсету және ынтымақтастық мерзімінде толық клиентпен бірге болу қағидасын ұстанады. Автокөлікті біздің компаниямызда сақтандыру Сізге қаржылық тұрақтылық пен сенімділікті қамтамасыз етеді.
Сізге автомобильді ерікті сақтандыру полисі не үшін қажет?
- Жауапкершілігіңізді міндетті сақтандыру полисі бойынша өтем ЖКА Сіздің кінәңізден басталған жағдайда ғана жүргізіледі, сақтандыру компаниясы зардап шеккен тұлғаға шығын өтейді. Автомобиліңізге келтірілген шығын міндетті сақтандыру полисі бойынша өтелмейді.
- Автомобиліңізге шығын келген жағдайда автомобильді ерікті сақтандыру полисі отбасылық бюджетіңізді кездейсоқ шығындардан қорғайды.
-Автомобиліңізді ерікті сақтандыру полисі автомобильге жұмсаған ақшаңызды сақтауға көмектеседі.
- Автомобиліңізді ерікті сақтандыру полисі оқиғаға кінәлі тұлғалармен соттасудан аулақ болуға көмектеседі.
Нені сақтандыра аласыз?
Отандық және шетелдік өндірістің жеңіл автомобильдерін.
Автомобиліңізді неден сақтандыра аласыз?
«Люкс» бағдарламасы сақтандырылған көлік құралына кез келген оқиғалар нәтижесінде шығын келтірілгенде қаржы шығыстарынан қорғайды.
Бағдарламаның артықшылықтары:
- Автомобиліңіз кез келген оқиғалардан сақтандырылады.
- Автомобиліңіз бүлінгенде мамандандырылған тқкс қызметтерін пайдалана аласыз.
- Автомобиліңіз бүлінгенде қалпына келтіру жұмыстары кезінде балама көлік (такси) қызметтерін пайдалана аласыз, «БТА Сақтандыру» ТұранӘлем Банкінің ЕК» АҚ осы шығындарды жабады.
Нені қосымша сақтандыра аласыз?
Міндетті сақтандыру полисінен басқа қосымша көлік құралын қолдану кезінде ЖКА нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиян үшін олардың алдындағы өз азаматтық-құқықтық жауапкершілігіңізді ерікті сақтандыра аласыз, мұндағы жауапкершіліктің ең көп лимиті - 10 000 000 теңге.
Автомобиліңіз қандай сомаға сақтандырылады?
Автомобиліңіз сақтандыру шартында аталған нарық құнына тең сомаға сақтандырылады.
Автомобиліңіздің сақтандыру құнын сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы сақтандыру полисі берілген күнгі автомобиліңізбен бірдей маркалы (моделі бір) және сол жылы шығарылған көлік құралдарының орташа нарықтық құны ретінде анықтайды [15] .
Сақтандыру құнына қандай факторлар әсер етеді?
- Автомобиль туралы деректер (маркасы, моделі, типі, шығарылған жылы, рульдің орналасуы) ;
- Автомобильді басқаратын тұлғалар туралы жеке деректер (жасы, жүргізу өтілі, алдыңғы 3 жыл ішіндегі авариялар саны) ;
- Сақтандыру бағдарламаларын (жабылатын тәуекелдерді), франшизаны таңдауы;
- Сақтандыру күшінде болатын аумақ;
- Автомобильді қолдану шарттары;
- Айдап кетуге қарсы жүйелердің болуы.
Сақтандыру жағдайы басталғанда қанша ақша аласыз?
Сақтандыру компаниясы Сізге сақтандыру полисінде аталған франшиза сомасын шегеріп, автомобильге келтірілген нақты шығын мөлшерінде ақша төлейді.
Франшиза дегеніміз - сақтандыру жағдайы бойынша шығынды жабуға сақтандырушының өзінің қатысуы. Франшиза сақтанушының автомобильді сақтауға және сақтандырылмағандай күтіп ұстауға итермелейтін қаржы рычагы болып табылады
Франшиза - Сақтанушының Пайда алушының шығындар төлеуге қатысуы.
- франшизаның белгіленген мөлшерінен аз немесе тең шығын өтелмейді;
- франшиза мөлшерінен асатын шығын шығынның толық сомасы мен белгіленген франшиза мөлшері арасындағы айырмашылық мөлшерінде өтеледі.
- Франшиза - шартсыз, (кез келген жағдайда есептеледі) барлық бағдарламаларға баәланысты болады;
- бүліну бойынша франшиза
- айдап әкету, жойылу немесе жоқ болу бойынша франшиза сақтандыру соммасының 10% тең;
Сақтандыруды қайда және қалай рәсімдей аласыз?
Сақтандыру агентіңізді шақырып, асықпай әңгімелесіңіз. Бұл:
- сақтандыру шарттары мен артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі білуге;
- сақтандыру өтінішін дұрыс толтыруға;
- автомобиль құнын дұрыс бағалауға және сақтандыру қорғауының қажетті көлемін анықтауға;
- сақтандыру жағдайы басталғанда не істеу керектігін, автомобиліңізді жөндеу үшін қалай ақша алуға болатындығын алдын ала білуге көмектеседі.
Алдын ала тексеруден өтіп, сақтандыру шарттарын дәл түсіндіруді талап етіңіз, бұл сақтандыру жағдайы басталғанда жылдам әрі толық көлемде ақша алуға көмектеседі.
Нарықта алғашқы айда қайта қаржыландырудың есебінен айтарлықтай өсім болды. 2010 жылы басталған өсім жалғасуда. Былтыр ол 16 пайызды құраған болатын. Жалпы қаңтардағы өсімге аса таңданудың қажеті жоқ. Өйткені, еліміздегі сақтандыру нарығы аса үлкен емес. Оған бірнеше ірі келісімшарттар айтарлықтай ықпал етуі мүмкін. Дегенмен, 52 пайыз жеткілікті деңгейде жоғары көрсеткіш", - дейді Талғат Үсенов.
Оның пайымдауынша, сақтандырудың негізі санаттары нарықтық жағдайда. Мәселен, автокөлік иелерінің міндетті сақтандыруында қаңтарда өсім 14 пайызды құрап, жинақ 2 миллиард теңгеден асты. Жұмысшыларды бақытсыз жағдайдан міндетті сақтандырудағы өсім 28 пайыз болып, 1 миллиардқа жуық теңгені құрады. Ал өзге міндетті сақтандыру өнімдері түрлеріндегі жинақ аса үлкен емес.
Т. Үсеновтың айтуынша, жеке сақтандыру блогында: бақытсыз жағдайдан сақтандыруда өсім 154 пайыз болып, абсолюттік көрсеткішті - 790 миллион теңгені құрады. Ол мұны банктердің белсенділігімен байланыстырып отыр. Сол сияқты медициналық сақтандыру - 24 пайызға, өмірді сақтандыру - 83 пайызға артқан. Мүлікті сақтандыру блогында: автокөлікті сақтандыру нөлдік көрсеткіште болып, жинақ 286 миллион теңгені құрады. Онда бұған дейінгі жылдардағы құлдырау тоқтап, біртіндеп өсу үдерісі басталды. Сондай-ақ жүкті сақтандырудағы өсім 233 пайыз, мүлікті сақтандырудағы өсім 2 еседен асып отыр.
«Автомир орталығы» Сізге ең оңтайлы сақтандыру түрін таңдауға кеңес беруден бастап сақтандыру оқиғасы және сақтандыру ақысын өтеуін рәсімдеуге дейінгі толық қызмет түрлерін ұсынады.
Біздің компания Қазақстан сақтандыру нарығындағы жетекші орын алатын сақтандыру компанияларымен жұмыс істейді. Олар:
«Экспорттық несиелер мен қаржы салымдары бойынша Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» СК;
«Казкомерц-Полис» СК;
«Казахинстрах» СК;
«АТФ Полис» СК;
«ЦАСО» СК;
«ЭйАйДжи Қазақстан» СК;
«Сентрас Иншуранс» СК;
«Мұнай сақтандыру компаниясы» СК;
«Евразия» СК;
«Amamat insurance» СК;
«Алматылық халықаралық сақтандыру тобы» СК;
«НОМАД Иншуранс» СК;
«Альянс-Полис» СК;
Сақтандыруда тұрған автокөліктерге және тұлғаларға келесі сақтандыру түрлері кіреді:
- КАСКО (АВТОКАСКО)
- автокөліктерді тонаудан және алып кетуден, сонымен қатар бұзылу мүмкіндігінен немесе стихиялық апаты салдарынан, ЖКА (Жол Көлігінің Апаты) үшінші тұлғалардың құқыққа қайшылық әрекетінен сақтандыруы. Сақтандыру объектісі болып өндіруші зауытының жиынтықтылауындағы автокөлік.
- Қосымша құрал - жабдықтарды сақтандыру - КАСКО сақтандыруы орнатылған құрал - жабдықтарға да таралады
- ( тюнинг элементтері және электронды аппаратура және т. б. )
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz