Мемлекеттік реттеу жүйесінде аграрлық өндірісті дамытудың және тұрақтандырудың экономикалық механизмі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ӘОК ӘОЖ 338. 10 Қолжазба құқығында

Кужиев Болат СандыбаЙҰЛЫ

Мемлекеттік реттеу жүйесінде аграрлық өндірісті дамытудың және тұрақтандырудың экономикалық механизмі

08. 00. 05 -Экономика және халық шаруашылығын басқару

(қызмет салалары және сфералары бойынша) мамандығы

Экономика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Атырау мұнай және газ институты» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында орындалған

Ғылыми жетекшісі:: Ғылыми жетекшісі:
Экономика ғылымдарының докторы Ә. Ә. Әбішев: Экономика ғылымдарының докторы Ә. Ә. Әбішев
Ғылыми жетекшісі:: Ресми оппоненттер:
Экономика ғылымдарының докторы Ә. Ә. Әбішев:

экономика ғылымдарының докторы

А. Н. Саханова

экономика ғылымдарының кандидаты Г. Қ. Байжақсынова

Ғылыми жетекшісі:: Жетекші ұйым:
Экономика ғылымдарының докторы Ә. Ә. Әбішев: Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Қорғау 2009 жылдың «11» желтоқсан күні 16. 00 сағатта Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетіндегі экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін іздену жөніндегі Д 14. 02. 01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде өткізіледі, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144 бөлме.

Диссертациямен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат « » қараша 2009 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы, э. ғ. д. А. Б. Темирбекова

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Аграрлық секторды реттеу қиын және көпқырлы мәселе болып табылады. Оның жағдайы республиканың нақты сұраныстарын қанағаттандырмайды. Дамыған елдердің көп жылдық тәжірибесі мен Қазақстанның соңғы он жылдық ішіндегі практикасы нарық жағдайында мемлекеттің қатысуынсыз экономика қарқынды дамымайтындығын құптайды.

90-жылдар соңындағы жағдай АӨК барлық кешенді экономикалық шаралар отандық өндірістің тиімді даму есебінен Қазақстанның азық-түлікпен қаматамасыз ету қауіпсіздігіне бағытталған. Бұл мақсатқа жету барлық меншік түрлеріндегі ауылшаруашылық мекемелерінің қажетті кірісін қолдау арқылы ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп арасындағы эквивалентті айырбасты қолдауға және қамтамасыз етуге негізделген.

АӨК тұрақты дамуын қамтамасыз етуге баға және қаржылай несиелендіру саясатының теңдесуін жүргізуге, мемлекеттік реттеу мен нарықтың өзін-өзі реттеудің үйлесімділігіне негізделген атқарушы экономикалық механизм қажет.

Қаржы ресурстарының жетіспеушілігі кезінде ауылшаруашылық құрылымдардың практикалық қызметіне негізгі несиелендіру жүйесі ретінде ұсынылатын қосымша қаржыландыру көздерін іздеу қажеттілігі пайда болады.

Бірақ пайыздық үстемелердің өте жоғары болуына қарай несие олардың шаруашылық қызметін қолдау көзі ретінде экономикалық жағынан тиімді емес, тіпті кірісті мекемелерге де.

Осы тұрғыда агроөнеркәсіптік өндірісті реттеудің тиімді жүйесін қалыптастыру мәселесі ерекше ауқым алады, ол өз кезегінде пайдаланушы және туындаушы реттеу көздерін әрі қарай жүйелендіру мен нақтыландыруды, аграрлық секторға қаржы түсірудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды. Қазіргі жағдайда мемлекеттің қабылдаған шаралары аграрлық нарықтың негізгі субьектілері арасындағы экономикалық қатынасты реттеу жүйесінің тиімділігін көрсетпейді: ауылшаруашылық тауар өндірушілер, ауылшаруашылық шикізатты өңдеуші мекемелер, сауда және қызмет көрсетуші мекемелер. Сонымен қатар осы тақырып бойынша зерттеу ауқымдығы аймақтық АӨК тиімділігі мен тұрақтылығын тиімді көтеру жолдарын ерекше маңыздылығының нақты дайындамасын, аграрлық өндірістің рационалды дамуының альтернативті бағыттарын іздестіруін, біртұтас алғанда ауыл шаруашылығын экономикалық реттеу механизмін жетілдірудің маңыздылығын қамтамасыз етеді.

Бұл аймақтық АӨК реттеудің экономикалық механизмін жетілдіру және дамытуға бағытталған, нарықтық экономикаға бет алған әлеуметтік құрылымдарды жүзеге асыру механизмін құру мен әлеуметтік экономикалық шаралар кешенін жасайды.

Осы сұрақтардың ауқымдылығы диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдау алдын анықтады.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Экономикалық механизмнің әдіснамалық сұрақтары оның практикалық қолданысы мен жетілдірілуі Қазақстанның ұлттық экономикасында реформа жүргізуге байланысты белсенді зерттеліп келеді. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу экономикалық механизмін жетілдіру мәселесін зерттеуге отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген жұмыстары арналған.

АӨК ұйымдастырушы экономикалық механизмі мен нарықтық экономика мәселесін зерттеуге: Л. И. Абалкин, В. М. Баутин, В. Р. Боев, И. Н. Буробкин, И. Н. Буздалов, Г. В. Беспахотный, Д. Ф. Вермель, A. M. Гатаулин, В. А. Добрынин, А. П. Зинченко, С. В. Киселев, В. А. Клюкач, В. В. Кузнецов, В. В. Милосердов, А. А. Никонов, Г. А. Романенко, А. В. Петриков, Э. А. Сагайдак, А. Ф. Серіков, М. П. Тушканов, И. Г. Ушачев, И. Ф. Хицков, Л. И. Холод, Ф. К. Шакиров, А. А. Шутьков үлкен үлес қосты.

Қазақстандағы АӨК-ді мемлекеттік реттеудің экономикалық механизм жүйесін қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық сұрақтары:

Г. Қалиевтың, К. И. Искаховтың, К. Қайырбековтың, В. Е Левичевтің., Ж. С. Сундетовтың, Т. И. Есполовтың, М. И. Сигарев, Б. Ш Сыздыковтың және т. б. көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде жарық көрді. Бірақ әлі де отандық әдебиет көздерінде аз зерттелген мәселелер мен сұрақтар кездеседі. Көп құрылымды экономика шаруашылықтың әр түрлерін ұйымдастыру арқылы кеңістік пен өндірісті қалыптастыру процесін экономикалық механизмнің ажыратылмайтын бөлігі ретінде зерттеу қажеттілігін арттырды. АӨК-ні мемлекеттік реттеу сұрақтарына жаңа қырынан қарауға негізделген экономикалық механизмдерді жетілдіру теориясын нақтылау қажеттілігі туындады.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығын реттеудің экономикалық механизм элементтерін жетілдіруді қаржыландыру-несиелеу, салықтық-бюджеттік, бағаны инвестициялау түрлерін жетілдіру арқылы ауыл шаруашылығын реттеудің қосалқы әдістерін белсендендіруді қажет етеді.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің экономикалық механизмі республикалық және аймақтық деңгейде көрінеді. Оның көптеген аспектілері дайындалмаған, жасақталмаған.

АӨК даму жүйесінің ғылыми негіздемесі оның даму деңгейінің болжамы мен тиімділігінің бағасын қоса алғанда аймақтық деңгейінде құралынады. Нарықтық экономиканың тұрақталу жағдайында аймақтық АӨК-ні реттеудің экономикалық механизмі қызметінің дәрежесін айқындау, әдіснамасының тиімділігін зерттеу қажеттілігі туындады.

Республикалық деңгейде төмендегі мәселелерді шешу қарастырылуда: еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аграрлық саясаттағы жалпы принциптер мен шараларды жақсарту; ауыл шаруашылығында тиімді ресурсты потенциалды құру; ауылшаруашылық өнім мен басқа да салалар арасында баға паритетін қамтамасыз ету; салық және қаржы-несие жүйелерін реттеу.

Аймақтық деңгейде мына мәселелер шешілуі қажет: өндіріс қаражатының қозғалысының аз тиімділіктен көп тиімді меншік иесіне өткізу механизмін жүзеге асыру; монополияға қарсы саясатты енгізу және көп салалы шаруашылықтың құқықтық ұйым түрлерін қолдану; өнімді өндіру және өткізуді реттеу; ауылдың әлеуметтік даму бағдарламасын жақсарту; инвестициялар тарту; ауыл шаруашылығында аудит және ақпаратты кеңес беру қызметін іске асыру.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Экономикалық механизм тұрақтылықтың теориялық және әдіснамалық негізі мен аграрлық өндірістің дамуы, оны жетілдірудің практикалық ұсыныстары мен әдістемелік шешімдері және экономиканы реттеудегі мемлекеттік жүйесіндегі тиімділікті анықтаудағы негіз осы диссертациялық жұмыстың мақсаты болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету төмендегі басымды міндеттерді шешуді көздейді:

- аграрлық өндірісті дамытуды және экономикалық механизм тұрақтылығының теориялық және әдіснамалық негізін дамыту және зерттеу;

- Қазақстанның аграрлық секторын реттеудегі шет мемлекеттердің экономикалық механизмінің жұмыс істеу ерекшеліктерін пайдалану мүмкіншіліктерін анықтау және талдап қорыту;

- экономикалық механизм тұрақтылығы мен аграрлық өндірістің дамуын нарық жағдайындағы өндіріс тиімділігіне әсер етуін анықтау;

- ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу жүйесіндегі экономикалық рычагты (баға, салық, несие-қаражат механизмі) рационалды пайдалану бағытын және маңызын ашу;

- ауылшаруашылық өнімі нарығында белсенді мемлекеттік саясат жүргізу ұсыныстарын дайындау;

- аграрлық секторды несиелеу тиімділігін анықтау әдісін толықтыру және нақтылау;

- жеке экономикалық рычагты, сонымен қатар біртұтас механизмді пайдалану тиімділігін бағалаудағы әдістемелік және әдіснамалық жағдайды дәлелдеу.

Зерттеу саласы. Экономикалық механизм тұрақтылығы және мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аграрлық өндірістің дамуының теориялық, әдіснамалық және практикалық аспектілері.

Зерттеу обьектісі - Қазақстан экономикасының аграрлық секторы, аса терең зерттеулер жүргізілген жеке аумақтар мен шаруашылықтар.

Диссертациялық зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі аграрлық сектордың экономикалық дамуы мен экономикалық механизм тұрақтылығына нарықтың және мемлекеттік (нарықтан тыс) үйлесімнің әсер ету постулаты болып отыр.

Зерттеу үрдісі кезінде әртүрлі әдістер қолданылды. Сонымен, экономикалық механизм тұрақтылығының концепциясын және аграрлық өндірістің дамуы мен көрсеткіштер жүйесін дайындау үшін аналитикалық және абстракты-логикалық әдіс; мемлекеттік реттеудің экономикалық рычагын және олардың өндіріс тиімділігіне әсерін талдау үшін - монографиялық және статистика-экономикалық әдістер қолданылды. Сонымен қатар, салыстыру, кешенді экономикалық талдау, болжау әдістері де қолданылды.

Зерттеу жүргізу барысында аталған мәселе бойынша отандық және шетелдік авторлардың ғылыми жұмыстары, жоспарлы-нормативті, статистикалық және ҚР мемлекеттік органдарының есептік материалдары, қаулылары, шешімдері, заң актілері және басқа да АӨК басқару органдарының нормативтік құжаттары, ауылшаруашылық мекемелерінің есептері қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы :

  • ауылшаруашылық өндірістің дамуы мен тұрақытылығының теориялық концепциясы кешенді дәлелденген және дамытылған;
  • экономикалық механизмнің тұрақтылығы мен дамуына кеңейтілген түсініктеме берілген;
  • даму мен тұрақтылық механизмін реттеудің мемлекеттік және нарықтық байланысының, бұл формалардың ең жақсы қатынастарының АӨК аграрлық секторына әсерін анықтауға мүмкіндік беретін логикалық моделі келтірілген - қазіргі заман жағдайындағы қаржы-несие механизмін құру шарттары мен негізгі қағидалары құрылған, оның аймақтық ауыл шаруашылығында жұмыс істеу ерекшеліктері зерттелген және айқындалған. Дамыған елдердегі ауыл шаруашылығын реттеу ерекшеліктері мен жалпы сипаттамалары анықталған;
  • аграрлық өндірістің қажетін қанағаттандыруға алынатын өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өнімдерге баға белгілеу заңдылықтары мен тенденциясы аймақтық деңгейде анықталған;
  • өндірістің дамуын ынталандыратын ауылшаруашылық мекемелерге салық салудың регрессивтік жүйесі дайындалған және ұсынылған;
  • ауылшаруашылық тауар өндірушілердің жұмыс істеу тиімділігін арттыруға әсерін тигізетін аграрлық өндірісті несиелендіруді жетілдіретін негізгі әдістемелік баптар анықталған. Аграрлық секторды несиелеу тиімділігінің әдісі анықталып толықтырылған;
  • аймақтық аграрлық нарықта бағаны реттеу жолымен ауылшаруашылық тауар өндірушілерге қаржылай қолдау көрсету концепциясы ұсынылған.

Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:

  • мемлекеттік реттеу жүйесінде аграрлық өндірісті дамытудың және тұрақтандырудың экономикалық механизмі;
  • ауыл шаруашылығын реттеудің экономикалық механизм элементтерін жетілдіруді қаржыландыру;
  • ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізуді реттеу.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы экономикалық механизм тұрақтылығымен аграрлық өндірістің дамуының аймақтық деңгейдегі мемлекеттік реттеу жүйесін дайындауда.

Қолданбалы сипаттағы зерттеу қорытындыларын ұйымдастыру - экономикалық мәселелерді жоғары тиімділікпен шешуге және ауылшаруашылық өндірісін мемлекеттік реттеудегі құрал жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді, елдің өнім өндіру қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі экономикалық механизм рөлін арттыруға әсер етеді.

Диссертациядағы дәлелденген және ұсынылған ғылыми ережелер аграрлық өндірістің дамуы мен экономикалық механизм тұрақтылығының теориясын дамытады, нарық жағдайындағы қоғамдық өндірістің жұмыс істеуі мен қалыптастыруының жаңа баптарын ашады, АӨК потенциалының қорын тиімді пайдалануға әсерін тигізеді.

Диссертация мен автордың жарияланымдарын оқу материалы ретінде ауылшаруашылық жоғары оқу орындарының экономика факультеттерінде және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде пайдалану ұсынылады. Ауыл шаруашылығы экономикасы, аграрлық саясат негізі, агробизнесті ұйымдастыру және т. б. курстарда қолдануға болады.

Диссертациядағы материалдар ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысатын ғылыми ұйымдарға қызығушылық туғызады және аймақтық ерекшелігі ескерілетін АӨК реформалау қортындысына баға беруде қолданылуы мүмкін.

Диссертацияда ұсынылған әдістемелік баптарды АӨК аграрлық саласындағы бағаны талдау мен болжауда, салық және мемлекеттік қаржы-несие саясатында қолдануға болады.

Диссертациялық жұмыс ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес орындалған.

Жұмыстың негізгі нәтижелерінің қолданылуы. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері конференциялар мен ғылыми семинар және жиындарда талқыланып, қолдау тапты: «Финансы как особая форма экономических отношений. Управление финансами» халықаралық ғылыми- практикалық конференциясында (Пенза, 2007) ; «Федерализм, гражданское общество» халықаралық ғылыми- практикалық конференциясында (Пенза, 2007) ; «Актуальные вопросы экономических наук» халықаралық ғылыми - практикалық конференциясында (Новосибирск, 2008) ; «Экономика и управление: актуальные проблемы и поиск путей решения» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (Пермь, 2008) ; Атырау облыстық білім беру департаментінің алқа мәжілісі (Атырау, 2006) ; Атырау облысының №116 санды Қазақстан Респбуликасының Заңына сәйкес облыстағы ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру (идентификация) туралы семинар - кеңесте (Атырау, 2007) ; «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» ғылыми конференциясында (Атырау бизнес және құқық коледжі, 2007) ; «Атырау облысының агроөнеркәсіп кешенінің даму аспектілері» ғылыми- практикалық конференциясында (Атырау аграрлы-техникалық колледжі, 2008) .

Зерттеу нәтижелерінің жарияланымдары. Зерттеу тақырыбы бойынша 8 ғылыми мақала жарық көрді. Оның ішінде бес мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің нұсқауындағы экономикалық басылымдарда жарияланған.

Диссертация құрылымы мен көлемі . Диссертация компьютерде терілген, кіріспеден, 3 тараудан, ұсыныстар мен қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Диссертация құрамына суреттер мен кестелер енгізілген.


Негізгі бөлім

Бірінші тарауда «Нарық шартында ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру мен реттеудің теориялық аспектісі» - экономикалық механизмнің мазмұны мен маңызының теориялық ережелері зерттелген және қорытындыланған.

Жекелеген экономистер «шаруашылық механизм» мен «экономикалық механизм» ұғымдарына шектеу қояды, соңғысы шаруашылық механизмінің құраушысы деп есептеледі.

Біздің ойымызша «шаруашылық механизм» ұғымы «экономикалық механизм» ұғымынан ауқымдырақ және кең. Бұл категориялар өзара байланысты, бірақ тәуелді емес. Экономикалық механизм обьективті экономикалық заңдардың нақтылығын сипаттайды. Сонымен қатар, ол мемлекеттің жүргізіп отырған экономикалық саясаты әсерінен қалыптасады.

Шаруашылық механизм бойынша жекелеген жұмыстарда оның негізгі экономикалық бөлігі анық көрсетілген.

Шаруашылық және экономикалық механизмнің қозғалыс күштері туралы айтылмаған. Аграрлық реформа барысында экономикалық механизм туралы сақталған түсініктемелерге қарамастан, экономистер арасында мәселені нарықтық экономика тұрғысынан зерттеуге құлшыныс байқалды. Сонымен қатар құрылымға, оны құраушы элементтерге, инструменттерге деген көзқарас жақында байқалады.

Экономикалық механизмнің теориялық негізінің маңыздылығын қорытындылай келе, біз барлық анықтамалар бір-бірін толықтырады деген қорытындыға келдік.

Экономикалық механизмнің әр элементінің ерекшелігі мен өзіне тән сипаты бар, бірақ олардың әрекеттесу нәтижесі қала және ауылдық әлеуметтік инфрақұрылымы мен өмір сүру сапасын жақындастыратын, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрекет ететін, бәсекеге қабілетті және тұрақты өндірісті дамытуды қарайтын нарықтық ортаны құруға байланысты аграрлық саясаттың бірікті мәселесін шешуді қарастырады.

Жүргізілген теориялық зерттеулер бізге мемлекеттік реттеудің экономикалық механизм жүйесі көп этапты және бірқалыпты (біркелкі) мемлекеттік реттеудің экономикалық механизм жүйесі екендігін көрсетуге мүмкіндік берді.

Экономикалық механизм - шаруашылық механизмі мен ұйымдастырушылық-экономикалық қатынас түрлерінің бөлігі, оның мағынасы өнім өндіруге әрекет жасаушы әртүрлі әдістердің қатынасының дұрыстығын анықтауға бекінеді (оның ішіне баға және қаржылау-несиелеу механизмі, салық пен сақтандыру жүйесі, АӨК инвестициялау мен бюджеттік қолдау да кіреді) .

Экономикалық механизмнің қайта құрылу мәселесі экономикалық дамудың объективті және субъективті факторларымен, халық санасының дамуын анықтаумен, қоғамның экономикалық жүйесінің даму концепциясын қалыптастыру мен жасақтауға байланысты болу керек.

Тиімділікке баға және қаржылау-несиелеу механизмі қатынасының, салық және сақтандыру жүйесінің, АӨК инвестициялау мен бюждеттік қолдау көрсетудің бірқалыптылығы кезінде ғана қол жеткізіледі.

Экономикалық механизмнің құрылымдық құраушысы оның негізі болып табылады. Сондықтан, жұмыста баға мен қаржылық-несиелеу механизмдерін, салық пен сақтандыру жүйелерін, ауыл шаруашылығындағы инвестиция мен бюджеттік қолдауды қарастыру, олардың әрқайсысы деформацияны есептегенде, арнайы ғылыми зерттеу жүргізуге лайық деп есептейміз.

Қазіргі жағдайда экономикалық механизм тұрақтандыруы мен дамуының жетекші буыны ретінде қаржы-несиелік механизм қарастырылуы керек.

Басқарушы-әкімшілік жүйесіндегі қаржы-несиелік механизм негізін орталықтандырған жоспарлау жүйесі құрайды, ол қоғамдық өндірісті қаржыландыру мен несиелеуге сәйкес келетін әдістің жиынтығы.

Қаржы қоры шаруашылық есеп қызметі мекемесі қорытындысымен тығыз байланыста болған емес. Инвестициялық сұраныс олардың шаруашылық жағдайына байланысты болмады, оларды шығынды мекемелерде сұрай алатын болды. Мекемелерге мемлекеттік бюджеттен үлкен қаржы түсіру жүйесі болды. Мұндай жағдайда қаржы қоры жұмсалып, оған деген сұраныс арта түсті. Арзан ақша қаражатын бөлу есебінен инвестициялық емес, басқа мәселелерді шешу талпынысы пайда бола бастады.

Сонымен, жабдықтар мен машиналарды жүктемелеу ауысымының санын көтерудің орнына, мекемелер жаңа жабдықтар мен техникаларды талап ете бастады, мұндағы еңбек өндірісі экстенсивті жолмен өсті. Мекемелер қондырылмаған жабдықтармен, пайдаланылмаған машиналар арқылы өздеріне негізгі қордың артықтығын жасауға тырысты, бұл капитал қаржы қоры бөлігін ұстап тұруға әкеліп соқты.

Қаржы-несие механизмі үнемі жетілдіріліп отырды, бірақ шарт ретінде, оның тиімді жұмыс жасауы талап етілді - меншіктің көп түрінің пайда болуы және осыған байланысты жалпы мемлекеттік қаржы мен мекеме қаржысы арасындағы нақты шектеудің пайда болуы - осының барлығы нарықтық экономика жағдайында мүмкін болды.

Жалпы экономикалық реформа жүргізу кезінде АӨК-нің қаржы жүйесінде терең өзгерістер жасалды. Бұл өзгерістер ең алдымен мемлекет және ауыл шаруашылығы арасындағы қаржылық қарым-қатынас механизмін қозғады. Бұрынғы қаржылық қатынас жүйесі толығымен бұзылып, аграрлық секторға қолдау көрсететін жаңа мемлекеттік жүйені қажет етті, орталықтандырылған несиелеу механизмі жүйесі өзгерді. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің қаржылық жағдайы экономикадағы баға құрылымының өзгеруіне және басқа да бірнеше факторларға байланысты құлдырады. Көп ұзамай, АӨК қаржы қорына өтуіне жаңа мүмкіндіктер беретін нарықтық инфрақұрылым жүйесі құрыла бастады. АӨК қазіргі заманға байланысты қаржыландырудың негізі «Агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу туралы» заңға сәйкес анықталады. Заңда көрсетілген мемлекеттік қаржылық қолдаудың негізгі бағыттарын сызба түрінде көрсетуге болады (сурет 1) .

Сурет 1 - Аграрлық сектордағы АӨК мемлекеттік қаржыландыру жүйесі

Ескертпе - Автор құрастырған.

Агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға бюджеттен қаражат бөлуді негізгі үш бағыт бойынша қарастырады: мемлекеттік мақсатты бағдарламаны жүзеге асыру, ауылшаруашылық өндірісті тікелей бюджеттік қолдау және сақтандыру.

Заңға сай агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға бөлінетін бюджеттік қаржы:

  • инвестициялық қызметті қолдау, оның ішінде жаңа техника мен құрал- жабдықтарды алу, асыл тұқымды жануарлар мен сортты дақылдарды дәндерді мақсатты бағдарламаға сәйкес алу;
  • топырақтың құнарлылығын арттыру және жақсарту шараларын жүргізу, ауылшаруашылық дақылдар зиянкестерімен күресу жұмыстарын жүзеге асыру, жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу, жою, онымен қатар қоршаған ортаны қорғау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • кадрлар біліктілігін арттыру және дайындауды ұйымдастыру;
  • өтем ақы, жәрдем ақының түрлері (әлеуметтік, несиелік жәрдемақы) .

Қазақстандағы АӨК реформалауда шетел тәжірибесін есепке алу оны сол қалпы көшірмелеуді білдірмейді. Отандық АӨК бар жетістіктерге әлемдік аграрлық өндірістегі барлық тиімді және жақсыны синтездеу қажет.

Дамыған елдерде мемлекеттік реттеу экономикалық әдістерді пайдалануға сүйенеді: баға, салық, несие саясаты, бюджеттік дотация мен субсидиялар.

Айырмашылығы әр елдің мәдени, тарихи, географиялық ерекшеліктермен, оның әлеуметтік қалауларымен анықталады.

Мысалы АҚШ-та кепілдік баға жүйесі, тұрақты кіріс деңгейін сақтандыратын мақсатты бағалар қолданылады.

Мүлікке салық салу кезінде оның ең төменгі құнының мөлшері жүйесімен әрекеттесетін сақтандыру бойынша фермерлік несие корпорациясы құрылған.

Канаданың ауыл шаруашылығы аясындағы қазіргі заманғы федералдық саясатын жер мен негізгі ауылшаруашылық өнімдерді сатуды монополиялық мемлекеттік реттеу кезіндегі өндіріс қаражатын жеке меншік өндірістік қызмет әдістерін, түрлерін және жолын еркін таңдау саясаты ретінде сипаттауға болады. Диссертацияда Қытай мен Ресейдің ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің айырмашылық ерекшеліктері қарастырылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агробизнес кешенінің экономикасы мемлекеттік реттеу объектісі ретінде
Агроөнеркәсіптік өндірісінде нарық қатынастарының қалыптасуы
Агроөнеркәсіптік кешеннің құрылымы
Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдаудың экономикалық механизмдері
Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары
ҚАРЖЫ САЯСАТЫ, ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Ауыл шаруашылығының дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-әдістемелік астары жайлы
Қаржы саясаты және қаржы механизмі
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері баға арқылы мемлекет тарапынан реттеудің жолдары
2003 - 2004 жылғы бағдарламаның нәтижесіндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің артуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz