Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғауларды мысалдар арқылы салыстыру
Кіріспе. М. Қашқаридың " Диуани лұғат ат . түрік " еңбегі.
I.Тарау . Түркі тіліндегі жалғаулардың зерттелу тарихы.
1.1. Көптік, тәуелдік, септік, жіктік, жалғаулары туралы түсінік.
1.2. Олардың өзіндік ерекшеліктері.
II.Тарау. Қазіргі қазақ тілімен салыстыру
2.1. Қазақ тілдегі жалғаулар.
2.2. Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғаулардың ұқсастығы мен айырмашылықтары
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Бүкіл түркі халықтары грамматикасының атасы саналатын Махмұд Қашқари еңбегін біз де қазақ тілінің тарихи грамматикасына арқау етеміз.
Махмұд Қашқари орта ғасырлардағы ғылымның алыбы, әрі жетік лексиколог, асқан грамматист, тарихшы, әдебиетші.
Махмұд Қашқаридың "Диуани лұғат ат- түрік" (Түркі тілдерінің сөздігі) атты еңбегі түркі тілдес халықтардың тілін, тарихын,рухани дүниесін көрсететін мұраларға толы.
Махмұд Қашқаридың "Диуани лүғат ат- түрік" жалпы түркі халықтарының , соның ішінде Орта Азия халықтарының ортақ ғылыми мүрасы.
Махмұд Қашқаридың "Диуани лұғат ат- түрік" атты сөздігінің қолжазбасы алғашқы рет 1913-1915 жылдары Стамбулда басылып шықты. (1;36-37)
Түркі әлемінің тұңғыш түрколыгы, данышпан білгіш Махмұт Қашқаридың өмірі мен қызметі жөнінде мәліметтер аз болғандықтан, оны өз туындысы «Диван-и лұғат ат түрктен» («Түркі тілінің сөздігін») ғана біле аламыз. Махмұт Қашқаридың толық есімі-Махмұт ибн әл-Хусейн ибн Мұхамед. Туылған және қайтыс болған жылдары белгісіз. Ғылыми жорамалдарға қарағанда, ол 1029- 1038 жылдар аралығында Қашкарда дүниеге келген. Махмұт Қашқаридьщ Қараханидтер әулетінен шыққандығы айтылады. Ата-бабаларының бірі-Харун эл-Хасан бин Сүлеймен Боғра хан атағын алған, Маураннахрды жаулап алып, Саманилердің астанасы болған Бұхараны да басып алған. Әкесі Боғра ханның немересі Хусейн бин Мұхаммаед Барсханның (Барскон) әкімі еді. Кейін, Қарахаидтер әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі - Қашқарға ауысқан. Махмұттың «Қашқари» ныспысын алуы да осы қалада тұруына байланысты болатын.

1. Нұрмаханов А. Түркі фразеологиясы . А. Ғылым . 1992.
2. Сүйіншалиев X . Диуани лұғат - ит - түрк. Алматы: 1986
3. Қалиев F. Боранбаева Г. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А: 1989.
4. Томанов М. Тарихи грамматика мәселелері А: Мектеп, 1975.
5. Щербак A.M. Грамматический очерк языка тюрсих тектов. Москва. 1952.
6. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. Москва:1951.
7. Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. А: 1976
8. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А: Мектеп . 1986.
9. Томанов М. Түркі тілінің салыстырмалы грамматикасы . А:1992.
10. Айдаров Ғ., Томанов М., Қүрысжанов Ә. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А: Мектеп . 1971.
11. Дмитриев Н.К. Категория принадлежности в исследование по сравнительной грамматике тюрских языков . Москва. 1956.
12. Қордабаев Түркі тілдерінде Томанов М. Тарихи грамматика мәселелері. А: 1991.
13. Радлов В.В. Опыт словаря тюрских наречи. Москва: 1993.
14. Ысқақоы А.Қазіргі қазақ тілі. А.Ана тілі: 1991.
15. Кононов А. Грамматика современного тюрского литературного языка. Алматы : 1956.
17. Серебренников Б., Годжиева Н. Сравнительно историческая грамматика тюрских языков. Москва . 1986.
18. Раистед Г. Введение алтайское языказнание. Москва:1986.
19. Қазақ тілінің грамматикасы. Қаз ССР ғыл. бас. А. 1967.1 том.
20. Нұрмаханова Ә. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы .: 1971.
21. Исаев С. Қазақ тілі. А.Қайнар: 1993.
22. Құрышжанұлы Ә. Ескі түркі жазба ескерткіштері. А.Мектеп . 1970.
23. Мұсабаева Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.Мектеп . 1988.
24. Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. Алматы: 1995.
25. Баскаков. Введение в изучени тюрских языков. Москва. 1964.
26. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. A.1991.
27. Қордабаев Т. Тюркология және қазақ тілі білімі. А.1992
28. Аханов А. Тіл білімінің негіздері. A.1992.
29. Томанов М, Жүнісов Н. Түркі тілдерінің салыстырмалы морфологиясы. А: 1984.
30. Махмұд Қащқари. Диуани - лұғат - түрік. Алматы : 1983.
31. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы:1988.
32. Н.Оралбай Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы 2007.

КІРІСПЕ
Бүкіл түркі халықтары грамматикасының атасы саналатын Махмұд Қашқари
еңбегін біз де қазақ тілінің тарихи грамматикасына арқау етеміз.
Махмұд Қашқари орта ғасырлардағы ғылымның алыбы, әрі жетік лексиколог,
асқан грамматист, тарихшы, әдебиетші.
Махмұд Қашқаридың "Диуани лұғат ат- түрік" (Түркі тілдерінің сөздігі)
атты еңбегі түркі тілдес халықтардың тілін, тарихын,рухани дүниесін
көрсететін мұраларға толы.
Махмұд Қашқаридың "Диуани лүғат ат- түрік" жалпы түркі халықтарының ,
соның ішінде Орта Азия халықтарының ортақ ғылыми мүрасы.
Махмұд Қашқаридың "Диуани лұғат ат- түрік" атты сөздігінің қолжазбасы
алғашқы рет 1913-1915 жылдары Стамбулда басылып шықты. (1;36-37)
Түркі әлемінің тұңғыш түрколыгы, данышпан білгіш Махмұт Қашқаридың
өмірі мен қызметі жөнінде мәліметтер аз болғандықтан, оны өз туындысы
Диван-и лұғат ат түрктен (Түркі тілінің сөздігін) ғана біле аламыз.
Махмұт Қашқаридың толық есімі-Махмұт ибн әл-Хусейн ибн Мұхамед. Туылған
және қайтыс болған жылдары белгісіз. Ғылыми жорамалдарға қарағанда, ол 1029-
1038 жылдар аралығында Қашкарда дүниеге келген. Махмұт Қашқаридьщ
Қараханидтер әулетінен шыққандығы айтылады. Ата-бабаларының бірі-Харун эл-
Хасан бин Сүлеймен Боғра хан атағын алған, Маураннахрды жаулап алып,
Саманилердің астанасы болған Бұхараны да басып алған. Әкесі Боғра ханның
немересі Хусейн бин Мұхаммаед Барсханның (Барскон) әкімі еді. Кейін,
Қарахаидтер әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі -
Қашқарға ауысқан. Махмұттың Қашқари ныспысын алуы да осы қалада тұруына
байланысты болатын.
Махмұт оқып-жазуды және кейінгі тәлімін өзі туылған Қашқарда алды. Ол
заманғы Қашкар қаласы - Шығыс Түркістанның ipi саяси жаңа мәдени орталығы
еді. Махмұттың замандасы Жүсіп Баласағұн осы кезде өзінің өлмес Құтты
білігін жазғаны - бұл өлкеде ғылым мен өнердің аса дамығанын дәлелдейді,
Ол уақытта барлық ислам елдерінде, олардың ішінде Қашқар елінде де
мектептердe Кұран, араб тілі, заң негіздері, математика оқытылатын. Бірақ
Махмұт тек Қашкарда алған білімімен шектелмей, Азияның басқа да, Бұхара,
Самарқанд, Нишапур, Мерв, Бағдат сияқты ipi мәдени орталықтарында білімін
кеңейтеді.
"Диуани" - түркі тілдерінің салыстырмалы үлағаты, соған қоса алғашқы
тілдік филологиялық зерттеу , онда түркі елдерінің тілдері тұңғыіп рет
ғылыми жүйеге түседі. Жеке сөздердің маңызы мен этимологиясы түсіндіріледі.
Еңбектен грамматикалық ережелерді, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін,
өлеңдер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер т.б. тарихи құнды материалдарды
кездестіреміз. Сөздіктің маңызы әлі жойылған жоқ. Әдебиет тілінің ескі
үлгілерін танытатын деректерді де біз осы Махмұд Қаіпқари сөздігінен
табамыз.Ол түсінуге ауыр сөздердің маңызы, жанама түсінігі, шыгу тарихы,
басқа тілдерге байланысты, көптеген тайпалардың сөз қолданыстары ,
өзгерістері сияқты күрделі мәселелерді шешуге де көмектеседі. Сондықтан
Махмұд Қашқари сөздігін XI ғасырдағы ескі түркі тілі жайын білгізіп қана
қоятын еңбек демей, сонымен қатар оған дейінгі және одан кейінгі
дәуірлердегі тіл өзгерістерін, әдеби тілдің жайын, тарихын танытатын бағалы
еңбек деп білген жөн.
Ал енді "Диуани лұғат ат- түрік" кітабының осы күнгі түркі тілдеріне
қандай қатынасы бар деген мәселеге келсек, онда біз көпшілік зерттеушілер
пікірін қуаттай отырып, оны тірі түркі тілдерінің бәріне бірдей тән қазына
, ортақ мұра деп қараймыз. Шынында да бұл өзі- осы күнгі көптеген түркі
халықтарының өз алдына бөлініп , халық сипатына жетіп қалыптасып алған
кезінде жазылған еңбек. Онда талай-талай тайпалар мен рулардың ауызекі
сөйлеу тілінен алынған материалдар жинақталған. Сондықтан да
Н.А.Баскаковтың Махмұд Қашқариді "түркі тілдерін өзара салыстыра зерттеудің
пионері болған еді " десе, А.Н.Самойлович оны "XXI ғасырдың Радловы" деп
атаған.
Махмүд Қашқаридың ойынша, түркі тілдерінің ең жеңілі- оғыз тілі де, ең
жақсысы, қолдануға қолайлы келетіні яшма, тухси тілдері мен қазіргі
Қазақстан территориясын яғни Іле, Ертіс, Еділ өзендерінің бойын жайлаған
халықтардың тілі. Бұл аталған жерлердің ішінен автор Қоқан Тараз қалалары
мен Баласағүн өлкесіне дейінгі кең атырабта тұратын халықтардың тіліне
тоқталып өтеді.
Сонымен, түркі тілдерінің Махмұд Қашқари жасаған ең алғашқы
классификациясы екі түрлі негізге сүйенген:
Түркі халықтарының орналасу тәртібіне қарай, яғни географиялық мәліметтерге
сүйенген де;
- ден әрбір топтағы түркі тілдерінің өзіндік фонетикалық және морфологиялық
қасиеттеріне, яғни лингвистикалық сипаттарға негізделген.(2.3-6 бет)
Сөздіктегі мысалдардың көбі халық ауыз әдебиетінен жиналған үлгілі -
өнегелі, парасатты сөздер , мақал-мәтелдер, әдеби үзінділер. Сөздік сол
кездегі түркі тайпалары, түркі тілдерінің топтастырылуы, тарихи фонетикасы
мен грамматикасы т.б. жайында көп мәлімет береді. Мысалы: алб йағында -
батыр соғыста.
Жұмыстың өзектілігі: Махмүд Қашқари сөздігі өз заманы ғана емес, күні
бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, түркі тілдері тарихын зерттеуде
таптырмайтын бірден-бір тарихи материал.
Түркі тілдерін зертеудің алғашқы қадамы түркі ғалымы Махмұд Қашқаридың
"Диуанынан" басталады.(22.26-27 беттер)
Бүкіл түркі халықтарының грамматикасының атасы саналатын Махмұд
Қашқари еңбегін біз де қазақ тілінің тарихи грамматикасына арқау етеміз.
Жүмысты жазу барысында алға қойған мақсатым: қазақ тілі мен түркі тіліндегі
жалғаулардың өзіндік айырмаіпылықтары мен үқсастықтарын, олардың
ерекшеліктерін зерттеу.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: қазақ тілі мен түркі тіліндегі
жалғауларды мысалдар арқылы салыстыра дәлелдеу.
Диплом жұмысын жазу барысында салыстырмалы әдісті қолдандым. Яғни,
Махмұд Қашқаридың еңбегі мен Т.Томанов, Ғ.Айдаров, А.Есенқұлов, А.Ысқақов
т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі жалғауларды салыстыра отырып, олардың
ұқсастықтарын айырмашылықтарын көрсетуге тырыстым.
Жұмыстың құрылымы: кіріспе , ІІІ тараудан және қорытынды
бөлімдерден түрады.
І-тарау. Түркі тіліндегі жалғаулардың зерттелу тарихы.
II- тарау.Қазіргі қазақ тілімен салыстыру.
ІІІ- тарау. Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғаулардың ұқсастығы мен
айырмашылықтары.
І-ТАРАУ.ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ.
1.1 Түркі тіліндегі жалғауларның зерттелу тарихы
Көптік мағынаны тудырудың негізгі жолы - көптік жалғаулары. Орхон -
Енисей жазбаларында көптік жалғауының екі түрі кездеседі: - лар, - лер, -
т. Кейінгі дәуір жазбаларында да - лар көптік мән берудің басты тәсіл
есебінде қолданылған.
М:Білге кетік кешілер енім сөзүм ешідіңлер.
Қазіргі қазақ тіліндегі -лар жалғауының қолданылуы мен салыстырғанда,
көне түркі тілінің ерекшеліктері бар. Олар мына төмендегідей:
Сан есіммен бір тіркесте келген зат есімдер де кейде - лар жалғауын
қабылдайды. М.Маңа торт йекілер йақын келті. Кейде жинақтық мән беретін
сөздерге де – лар жалғанып келеді: Тағлар суғы ақышты. Көкшіл бұлт өрүшді.
Осы тәрізді сөздер ыңғайына қарай жекелік түлғада қолданылады: Кулан түгел
құлмурты, Арқар, соқақ йумутты (құландарды түгелімен аудырды.Арқар
киіктерді жиды.)
Қолданылу мәні тұрғысынан соңғы сөйлем құрамындағы арқар,
құлансөздерінің алдыңғы тау сөзінен айырмашылығы жоқ. Сірә, бұл
ретте - лар аффиксінің стильдік қолданылуын ғана байқауға
болады.(4.136-138)
A.M. Щербак - лар аффиксінің Х-ХІІІ ғасырлардағы жазбаларында мынандай
қолданыстарды көрсетеді: - лар жалғауы изофеттік бірінші сыңарына ғана
жалғанып келеді. Тағлар сувы. Кейде - лар изафеттің екі сыңарына бірдей
жалғанып келеді. Қушылар авлағулары.
Кейде - лар изафеттік тіркестің соңғы, бастапқы сыңарына ғана
жалғанады. Аіпыру улу йазлықлы турмен менің йаман ішілерімнен, йаман
сағымчымдан (5)
Изафеттің алғашқы сыңары көптік жалғауы болып келуі қазақ тілінде тек
мынандай ыңғайларда ғана мүмкін: Кісілердің келісі, үйлердің төбесі.
Қысқасы - лар аффиксі өзінің мәні мен қолдану тұрғысынан көне түркі
тіліндегі негізгі ерекшеліктерін сақтаған.
-Т- қосымшасы Орхон - Енисей жазбаларында атақ-дәрежені білдіретін
азын - аулақ сөздердің ғана құрамында кездеседі.
Тарқан - тарқат, тігін - тігіт т.б.
Зерттеушілер бұл қосымшаны моңғол тілінен ауысқан деп есептейді
(4.138.)
С.Е.Малов " жазба ескерткіштегі тарқан - тарқат , тігіт -тігіндегі
-т қосымшасын көптік жалғауының көрсеткіші"- дейді. (6)
Тілімізде г жұрнағы арқылы жасалған, бірақ көптік мағына білдірмейтін
жігіт (игі), қарт (кәрі) тәрізді сөздер бар.
-Т жұрнағының беретін мағынасы мен қызметі қазіргі түркі тілдерінен де
байқалады.
Қазіргі түркі тілдерінде -_т жұрнағы, негізінен екі түрлі мағынада
жұмсалады. Белгілі бір іс- әрекетті білдіреді: түрік тілінде дүсүт (түсік),
алғүт (алым) деген сөздерді алатын болсақ, бұлар араб парсы тілдері арқылы
енген лексемалар.
Іс - әрекеттің нәтижесін, яғни әлдебір амал тәсіл мәнінде жұмсалады.Түрік
тілінде бүгет - бөгет, доғұт -тұрақ.
Қазіргі түркі тілдерінде бір жұрнақтың қызметін ара-тұра екініпі бір
жүрнақтың, яғни оның басқа бір фонетикалық сыңарларының атқара беретіндері
де болады. Мысалы: і_т жұрнағының орнына Д аффиксі жалғанады. Кечід
(өткел)
Махмұд Қашқари сөздігінде і_т жұрнағының - ыт,-іт, -үт варианттары
кездеседі. Үгіт (үгу), сығыт (жылау) , күлүт (күлкі)
Сөйтіп, - т жұрнағы ескіден келе жатқан тарихи жұрнақ болғанымен,
қазіргі тілімізде өнімсіз жұрнақтар қатарына жатады.(7).
С.Е.Малов көне түркі тілінде көптік мағына туғызатын қосымшаның бірі
деп біз есімдігінің құрамындағы ^_з ны көрсетеді. Бірақ Орхон- Енисей
жазбаларында - з көптік мән туғызатын еркін аффикс есебінде қолданылмаған.
Малов қосымша мына фактілерді келтіреді: меңіз( бет), көкүз (көкірек), ағуз
(ауыз), ал біз, сіз есімдіктерінің қүрамын былайша түсіндірелі " бі-з" "сі-
з"
Моңғол тілінде мен есімдігі "бі", "сіз" - сі түрінде айтылады. Сонда
түркі тілдерінің біз, сіз сөздері жіктеу есімдіктердің жеке
түрі мен - з көптік жалғаудың қосымшасынан құралған
болады.(б).
Сіз, сен есімдіктерінің өз заманындағы түркі тілдерінде қолданысы
жайлы Махмұд Қаіпқари былай дейді: " Сіз үлкендерді құрметтеу мәнінде сен
мағынасына айтылатын сөз". Бұған қарағанда , Махмұд Қашқари дәуірінде "сіз"
есімдігінің сыпайылық мәнімен қатар жүрген. Алайда түркі тілдерінің бірі
қазақ тілінде екі бөліктен түратын атаулардың бәрі бірдей - з -ға
аяқталмайды.
Мысалы: құлақ, қол, аяқ т.б.
з-ға аяқталатын сөздер санаулы.
Екініпі жағынан , қазақ тілінде - з- ға аяқталатын кей
сөздердің р ға бітетін етістік варианттары бар.
М.көз-көр, атыз-айыр. Бұл сөздер ешбір көптік мән
бермейді. (4.139.)
Орхон - Енисей жазба ескерткіштеріндегі көптік жалғауы заттардың біреу
емес, көп екендігін білдіреді.
1.2 Көне түркі ескерткіштері
Қазіргі заманда түркі тілдері сияқты көне түркі ескерткіштері тілінде
зат есімнің көптік жалғауы үш түрлі жолмен жасалады.
1- морфологиялық, 2- лексикалық, 3- синтаксистік.
Морфологиялық тәсіл.
Көптік мағынаны білдіру үшін негізгі және туынды түбірге - лар, - лер
қосымшалары жалғанады.
Лексикалық әдіс.
Ескерткіштер тілінде көптік лексикалық категория екі түрде жүзеге
асады: алдымен көптік мағына лексикадан жеке сөздердің семантикасына
байланысты болады және көптік мағына сөз тіркестері арқылы да беріледі.
Орхон - Енисей жазба ескерткіштері тілінде төмендегідей сөздер көптік
жалғауы жалғанбай - ақ көптік ұғымды білдіреді.
Ру - тайпа, халық аттарын білдіретін кейбір жинақты ұғымы бар сөздер. Огуз-
оғыз, кыбчак - кыпшақ.
Лексикалық мағынасының өзінде көптік ұғымы бар сөздер. Інгек - сиыр, құлғак
- құлақ.
Даралап, санауға келмейтін кейбір зат есімдер.
- лығ, ліг ( лық, лік) жұрнақтары арқылы жасалған кейбір дерексіз зат
есімдер жеке ұғымда да , көптік ұғымдада да кездеседі. Қағанлық- қағандық.
Синтаксистік әдіс.
Орхон - Енисей жазба ескерткіштері тілінде көптік мағына сөз
тіркестері арқылы да жасалады.
Зат есімнің алдында оның қанша екендігін көрсететін сан есімдер болса,
оларға көптік жалғауы жалғанбайды. Йеті йүз кісі - жеті жүз кісі.
Зат есімдердің алдында қоп - көп, үкіл - бүкіл сияқты анықтауыштар айтылса,
оларға көптік жалғауы жалғанбайды.
Үкүл ер - бүкіл ер.
3) Кейбір қос сөздер де көптік жалғауынсыз - ақ көптік ұғымды
білдіреді. Қыз - қудуз - кыз қырқын (8.69-71).
Қазіргі түркі тілдерінде сондай - ақ, көне жазба тілінде (көне
тілдерде) бірлікті білдіретін қосымша жоқ, болған да емес. Арнаулы
морфологиялық тәсіл арқылы берілетін сандық ұғым - көптік.
Көптік ұғым чуваш тілінен басқа түркі тілдерінде - лар аффиксі арқылы
беріледі. Түркі тілдерінің көпшілігінде соңғы дыбысының сапасына қарай -
лар аффиксінің басқа дыбысы ассимилияцияланып, әр түрлі варианттар пайда
болады. Бүл аффикстің негізгі екі варианты - лар, - лер, (дар,дер).
Көптік жалғауын өте көп вариантпен айтатын тіл - якут тілі. Екі
вариантты көптік жалғаулары ( - лар, - лер) қолданылатын тілдер түркі тілі
мен әзербайжан тілі.
Ескертетін жай - көптік жалғаудың сөз қүрамындағы орны туралы. - лар
көптік жалғауы есім негізге тікелей жалғанады да, одан кейін тәуелдік
жалғауы есім негізге тікелей жалғанады да, одан кейін тәуелдік
жалғауы, содан кейін ғана септік жалғау айтылады: аттарына , аттарыңды.
Бұлар - лар жалғауы қолданылатын барлық түркі тілдері үшін мызғымайтын
жүйе болып табылады. Сонымен қатар түркі тілдерінде жеке сөздер, кейде
формалар қүрамында ажырайтын, тарихи түрғыдан көптік жалғау деп есептеуге
мүмкін қосымшалар да бар. Сондай қосымшалардың бірі - есімдіктер қүрамынан
және жақтың қосымшалар құрамынан ажыратуға болатын (ы)з қосымшасы. Қазіргі
қазақ тілінде екінші жақтың көпше түрінде екі түрлі түлғанатыны бегілі: бар
-ың - дар, бар -ың - ыз - дар. Бірінші түріндегі - ың жақтың жалғауда да,
-дар көптік жалғау екені айқын. Бірақ екінші түріндегі -ың жақтық жалғауы
екені анық болғанмен , қосымшасын - ыз да сондай қпрауға еш негіз жоқ.
Өйткені, мұнда мән - лар аффиксі арқылы беріліп тұр. Көне дәуір
ескерткіштері тілінде - ын I жақ жекелікті білдіреді де - ыз II жақ,
көпшілікті білдірген. Бұл фактілерді еске алсақ, қазақ тіліндегі II жақтың
сыпайы түрі деп қаралатын форма тарихи тұрғыдан II жақ көптік болғанын
түсінуге болады. Сонымен қазақ тіліндегі - ыңыздар түлғасы жақтық жалғау
мен екі түрі көптік жалғаудың қабаттасуы болып шығарды.
Көптік жағаудың қабаттасуы - ыз қосымшасының қазақ тілінде өзінің
дербес мәнін жоғалтумен байланысты. - ыз қосымшасының көптік мәнде
қолданылуы қазіргі түркі тілінде, басқа тілдерде - ң ,- ма түрінде келеді.
Түркі тілдерінде арнаулы көптік жалғаудың тұлғасы көбіне жіктелмейтін
көптік немесе жинақтық көптік мағынасын береді. Сондықтан тас, құм, жылқы,
мал, шай т.б. сөздер ең алдымен , солай деп аталатын заттардың
жіктелмейтін көптігін білдіреді. Мұндай тұлғалы сөздердің осы мағынасы көне
түркі тілдеріне де тән.
Көптік жалғаудың ең негізгі мағыналарының бірі -жіктеуге келмейтін
көптікті, жинақтық көптікті білдіру болып табылады: столдар, малдар,
кісілер, - лар жалғауы белгілі бір санды білдірмейді, жалпы көптік заттар
тобын, мал тобын ғана білдіре алады.
Түрік тілде бутун, онулуғун, кітаптар.
Қазақ тілінде есімдіктердің көптік тұлғаларда айтылуы үіы түрлі
мақсатта болатыны белгілі: тура мәнінде, яғни көптіктерді білдіреді,
сыпайылықты құрметтеуді білдіреді, қалжың, мысқылды білдіреді. Осындай
қолданыс қазіргі түркі тілдерінің көпшілігіне тән ( 9.84-86).
Қазіргі түркі тілдеріндегі, оның ішінде қазақ тілінде кездесетін
етістіктің ашық, бүйрық, іпартты райларының бірінші жағына қосылатын жіктік
жалғауының - қ - к көпше формасының орнына - з, ыз , - із қосымшасы
жұмсалады. Тутдын - ыз (тұтык), тидім (тидік) (7 .115).
Махмұд Қашқари, сонымен бірге, ерен сөзінің құрамындағы ен
элементтерінде көптік қосымшасы деп түсіндіреді. Бірақ ол мынандай ескерту
де жасайды" бірақ бұл түлға аз ұшырасады және қағидаға қайшы, өйткені
көптік қосымшасы - лар, -лер ". Бұған қарағанда, Махмұд Қашқаридың өзі де
ан - ен элементтерінің көптік жалғауы екендігіне күмән келтірген тәрізді
(10.158-159).
1.3 Тәуелдік категориясы және тәуелдік жалғаулары.
Меншіктік пен меншіктеуші арасындағы қатынас, яғни тәуелдік
категориясы түркі тілдері құрамындағы байырғы құбылыстардың бірі. Тәуелдік
жалғаулары көне мұралар тілінде мына төмендегідей болып отырады.
Жекеше:
жақ - мЦ ын, им, ум, үш, ан, ен ) будуш - ын
жақ - и ( ың, аң, үң, ұң, аң, ең ) қут - ың
III жақ - ы , сы ( ы, и, сы, си, зы, зи) уйасы
Көптік:
жақ - мыз (мыз, миз, мүз , мұз ) -ының , имәз, умуз, аназ, әмәз) ханы -
мыз.
жақ - қыз, киз ( ыңыз, иңиз) - унуз, үнүз) адамы - ңыз.
III жақ -ы ,- сы, - си ( зы, зи) сылар - силар.
Жазбалар тілінде тәуелдікте тұрған сөз жіктеу есімдіктерінен тіркесіп
те, тіркеспей жеке де айтыла береді. Яғни, қазіргі қазақ тіліндегідей бірде
менің кітабым, бірде кітабын, түрінде жеке де айтылады.
Қазіргі қазақ тілінде тәуелдіктің жекеше II жағы екі түрлі ( ң, және-
ыңыз ) айтылатыны мәлім. Қазіргі норма оның біріншісін анайы тұлға (д)
есебінде түсінеді. Ал осы тұлға тарихи тұрғыдан II жақ жекеше тәуелдік
жалғауы мен көптік жалғаудың қосындысы: - ың, ыз (4)
Тәуелдік жалғауларының жекеше I жағының көрсеткіші - м . Түбірдің
соңғы дыбысы дауыссыз болғанда, оның алдынан айтылатын дауысты дыбыс езулік
те, еріндік те болады ( ым, ім, үш, ум).
ж. - ң мұның да алдынан еріндік те, езулік те дауысты дыбыс айтылады.
(уң, үң, ың, ің)
жактағы тәуелдік жалғау - ы, -і, - сы, - сі.
Алдыңғылар дауыссызға аяқталған түбірге жалғанады да, соңғылар
дауыстыға аяқталған түбірге жалғанады.
Тәуелдіктің көпше I жағы - мыз, - міз.
II жағы - ңыз, ңіз, (ыңыз, іңіз) (10.159)
Түркі тілдерінде тәуелдеу категориясы әлі де болса жан- жақты
зерттеліп, бір ізге түспеген.
Н.К. Лмитриевтің : " Тәуелдік деген термин шартты түрде алынған " -
деген пікірінің өзі көп нәрсені аңғартады.(11).
Ескерткіш жазуларында тәуелдік категориясы аналитикалық жолмен де
жасалады. Мысал: біздің су -біздің әскер, біздің ие - біздің мемелекет. 7,
1. 4 Септеу категориясы және септік жалғаулары.
Атау септік.
Қазіргі түркі тілдерінің қайсысында да атау септікті сөздің түбір ,
негіз қалпынан бөлектейтіндей арнаулы аффиксі жоқ. Атау септік тұлғасы ескі
жазбалар тілінде мынандай қызметтерде жұмсалады:
Атау септік тұлғасы өзінің тура мағынасында: Ілкі сен барғыл - алдымен сен
бар. Сөйлем бастауыш қызметінде келген.
Ілік септік қызметінде жұмсалады: Кілі ічреолдуруп, іле сувын кечтіміз,
ұйғыр таби байланып, мышақ есіл ачтымыз - кемеге отырып, іленің суын
кештік, ұйғырға дейін барып, мыңлақ есін аштық.
Табыс септік орнына жұмсалу: ічін ташын адынчы бедіз уртуртын, таш тоқытдым
- іші - тысын айрықша өрнектеттім, тасты қойғыздым.
Жатыс септік орнына жұмсалуы:
Атау тұлғасы шығыс септік орнына жасалуы да кездесіп отырады.
Мол ақылды - жолдан азды. (4)
Атау септігінде тұрған сөздердің арнайы жалғауы болмайды.
Кіші - кісі үгүз - өзен
Йер, иір - жер тағ - тау
Атау септігінде тұрған сөздер негізгі түбір ( тұғ - ту),
туынды түбір (тұғлығ - тулы), тәуелді жалғауы сөз ( оғлум -
ұлым), көптік жалғауы ( беглер - бектер) сөздер болуы
мүмкін. (8).
Атау септігі өмірдегі түрлі құбылыстардың заттардың атын ешбір
қосымшасыз білдіретін сөздердің негізгі үйтқы түбірін айтамыз.
Түркі тілдеріндегі септік жалғауы - ертеде қалыптасқан көне
категориялардың бірі. Ол сонау Ү-ҮІ ғасырлардан сақталған ең
көне жазбалардың өзінде -ақ , негізінен алғанда қалыптасып болған
категория ретінде кездеседі. (12.16).
Септік жалғаулар негізінен зат есімге тән категория деп қаралса да,
есім сөз таптарының қайсысы да, олармен қоса етістіктің есімше, қимыл есім
тұлғалары да қолданылуы ерекшелігіне қарай септелетіндігі мәлім. Махмұд
Қашқари материалдары да осы шектен асып кетпейді.
Ілік жалғауы зат есімдерге , негізінен - ның, - нің, нуң, нүң түрінде
жалғанады. Мысалы: Күн түннүң қаршысы ол - кері түннің арасы ол. Сонымен
қатар Махмұд Қашқари сөздігінде ілік жалғаудың - ың, - ің түрі де
үпіырасады. Алайда ілік жалғаудың бұл тұлғасы көбінесе есімдіктерге ғана
қосылып қолданылатындығы байқалады. Мысалы: ол менңі бірле топуқ ылымды
(10). Ілік септік тұлғасының көне жазбалар тілінде мына сияқты фонетикалық
варианттары бар : - ың, - ің, -уң,- үң, -ның, - нің, - нуң, - нүң.
Зерттеушілердің бірсыпырасы - ың және ның яғни аффикстің ең басында -
н дыбысының бар я жоғына қарай , ілік септік қосымшасының екі түрлі
таралуын болжайды.(4).
Академик В.В.Радлов өзінің Алтын Орда жарлықтары жайлы атақты
еңбегінде - ың тұлғасын негізінен батыс түркі тілдеріне тән деп қарайды да,
- ның тұлғасын шағатай тілінде, яғни шығыс тілдеріне тән тұлға деп
есептейді.(ІЗ).
Алайда қазіргі түркі тілдері арасында мынандай заңдылықтар бар:
әзербайжан, түркімен, түрік және чуваш тілдерінде дауыссыз дыбысқа біткен
сөздерге жалғанатын ілік септік жалғауы - ың ( басқа -н, -сіз) тұлғалы
болады да, дауысты дыбысқа біткен сөздерге - ның түрінде жалғанады. Басқа
түркі тілдерінде - ың варианты зат есімдерге жалғанбайды, түбірдің соңғы
дыбысының фонетикалық сапасына қарай бірде - тың болып өзгеріп отырады.
Махмұд Қашқари сөздігінде - ын варианты есімдіктерге тән де, -ның
варианты зат есімдерге тән.
Берміш сенің біл - білінер сенің бергенің.
Ілік септік жалғауының қолданыстағы негізгі мағыналары мына
төмендегідей:
1.Бүтіннің бөлшегін, құрама салаларын білдіреді.
М: менің қарным тозты - менің қарным тойды.
кісілер, заттар арасындағы қатысты, байланысты білдіреді. М. Бенің будыным
анта ечун - менің халқым ана жақта еді.
сонымен қатар, абстракт мемлекеттікті де білдірді. М. Біздің хан
ағаларымыз. (4)
Ілік жалғауы кейде жалғанбай жасырынып жұмсаладыітүрк қағаны. Сондай -
ақ "морфологиялық тәсіл мен синтаксистік тәсілдің түйісуінен туған аралас
тәсіл" арқылы да тәуелдік категория жасалады. М.Біздің ебіміз, сіздің
қолыңыз (14.64)
Ескерткіпітерге ілік септік заттық, қимылдың белгілі біреуге тән
екендігін білдіреді. Олар үнемі тәуелді жалғаулы сөздермен тіркесіп келеді.
(8)
Табыс септік
Табыс септік жалғауы әдетте тура толықтауыштың грамматикалық
көрсеткіші деп қаралады. Табыс жалғауы қашан да іс- әрекет таралған тура
объектіні білдіріп грамматикалық тәсіл есебінде танылады. Түркі тілдерінің
көпшілігінде дерлік табыс жалғауы - н дыбысынан басталады, тек біразында
ғана ( соның ішінде қазақ тілінде ) -т ,-д, дыбыстарынан басталатын
варианттар кездеседі.
- ғ, г, ығ, іг, ұғ, үг.
- ы, - и.
3. - н, -ны, -ні.
4. Көне түркі жазбалары тілінде табыс септік жалғауының негізгі
қолданыстары мына төмендегідей:
Іс- әрекеттің, таралу объектісін білдіреді. М: Аның атын арғұртты - оның
атын арытты.
Көне түркі тілінде табыс жалғауы сабақты етістіктермен қатар салт
етістіктерге қатысты қолданылған. М. Бен өзүм білге Тонуқуқ, Өтукен жерінде
қонғанмын. Махмұд Қашқари еңбегінде: Ол кар конуғ қышта інер, Ашық тарыг
анын үнер - Ол калың кар кыста жауар. Ac болатын егін сонан өнер.
Табыс септік жалғауының пайда болуын бірсыпыра зерттеушілер ілік
септік тұлғасымен байланыстырады. (4)
А.Н.Конолов табысты көне түркі тілдеріндегі тұлғасы -ғ, (ығ, -іг) ілік
септігі жалғауы құрамындағы мұрын жолды - ң дыбысының (-ың) өзгеруінен
шыққан ,- деп шамалайды. (15).
Бұл ретте Орхон- Енисей жазбаларындағы II жақтың жалғау (-г,ғ) мен
қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде кездесетін сондай жалғау (-ы) - н, -
нің сәйкестігі дәлелге алынады. ( йаздығ, йаздын) (4).
В.А.Богородский бұл мәселені басқаіпа түсіндіреді. Ол бүл жалғаудың
алғашқы түрі Оңтүстік - батыс тілдерінде кездесетін -ы, - і, варианты
деп қарайды. Есімдік түбірге жалғанған кезде түбірдің
соңғы - ң дыбысы морфологиялық ығысу заңы бойыніпа қосымшаға ауысқан
( мен - і ме-ні). Кейін осы құрамда есімдіктердің септеуіне де ауысқан.
Ал - ы , - і түлғасын этимологиялық жағынан тәуелдік жалғаудың III
жағымен байланыстырады. Оның ойынша, табыс септігі объектілік мән
береді, ал тәуелдіктің III жағы да нақ сондай объектілік мәнде айтылатын
қосымпіа (16).
-ғ, г жалғау түбірдің соңғы дыбысы дауыссыз болған жағдайда бірде езу
дауыстымен ( -ыг, - іг) , бірде ерін дауыстымен ( үг,ұг) қолданыла береді.
М; Ол итығ кейікке үпікірді-Ол итті киікке қосты. Табыс жалғауы жасырын (
түсіп қалып та) да қолданылады. М: Ол меңе сув ічтүрді - Ол маған су
ішкізді. Табыс жалғауы қашан да тура объектінің
грамматикалық тәсілі болған (10). -ығ.-іг, уғ, үг түлғалары қазіргі
кездегі түркі тілдерінде кездеспейді (8).
Барыс септігі
Қазіргі қазақ тілінде барыс септік тұлғасы -қа, ке, га, ге екені
белгілі. Егер сөз тәуелдік жалғауы болса , онда алдыңғы ғ,к (г, қ)
дыбыстары түсіп қалады да , тек - a, - e түрінде ғана жалғанады.
-а,-е түркімен тілдерінде барлық сөздерге жалғанады. Алайда көне түркі
жазбаларында барыс септік жалғауы бірнеіпе түрлі болып келеді. Олар
мынандай :
ғару (геру,қару, керу)
ру, (ру)
қа, (ке, га, ге)
йа (ие)
Бұлар қайсысы да түркі тілдері тарихында әр кезеңде қолданыс тапқан. Орхон
жазбаларында істің мекенін, бағытын білдіруге барыс септіктің - гару,
-теру, ( кейде, -нару) тұлғасы қолданылады. М. йырғару, (алға). -ғару
аффиксі кісіні , халықты білдіретін сөздерге де жалғанып, ол сөздер істің
бағытын білдіреді. М. Апа тарқанғару ічре саб ыдмыс - Апа тарқанға ііпке
қарай хабар жіберді.
Кейінгі дәуір мұраларында осы аффикстің - гар тұлғасы бар. Бірақ мұның
өзі де сөз құрамында көбіне - ңар түрінде ғана кездеседі. Бұл жерде мына
өзгеріс байқалады.
* ғар аффиксі көбінесе есімдіктерге , әсіресе жіктеу есімдіктеріне ( мен,
сен, ол) жалғанып қолданылғандатүбірдің соңғы - н дыбысымен аффикстің басқы
– ғ дыбысының тоғысуынан барып - нар тұлғасы пайда болса керек.
Зерттеушілер - ғару тұлғасын құрамды - ға және - ру аффикстерінен
тұрады деп қарайды. Егер - ға аффиксін барыс септіктің қазіргі тұлғасы
десек, - ру аффиксі өте ескі дәуірдің қалдығы, ол кейбір сөздердің
құрамында өлі тұлға болып сақталған. М: кері, ары, бері, сыртқары.
Көне түркі жазбалары тілінде жиі қолданылатын барыс септік жалғауы -
қа, ке, ға, ге: тәуелді жалғаулы сөздерге -а,-етүрінде жалғанған.
Бұл аффикс Орхон - Енисей жазбаларында барыс жалғауының басқа
варианттарымен қатар жиі қолданылған. Бір ғана сөздің өзі бірде - гару,
аффиксімен , бірде - ға аффиксімен берілген. М.Түрік қағанару сүледім
-Түрік қағанына шабуыл жасадым.
Қазіргі тіліміздегі жеке сөздер қүрамында есебінде бірде
-ғару (сыртқары), бірде -ру (берькері) сақталып қалған. Соған
қарағанда - ру өте көне түрі де, - ға жаңа түрі болуы ықтимал. =ға
аффиксті сөздер мақсат , себеп мәнін де білдіреді. М: ол ешічке отун қады-
Ол тамақ асуға отын үйді. (4).
Барыс септіктің қосымшаларының тарихи құрамы А.Н. Колоков
көне түркілік барыс жалғауы - гар, - ғару мен есімшенің келер шағын
жасайтын - ар, -ер, бір ғана аффикстің екі түрлі көрінісі деп
қарайды. (15).
Б.А.Серебренников қызметі мен мәні ұқсас аффикстердің қосындысы ( ғ
_а) деп дәлелдейді.
Қазіргі қазақ тілінде барыс септік қосымшаларын шолып қарағанда бір
ерекіыелік назар аудармай қоймайды. Барыс септік жалғауының қолдану
үлгісінде мол, сен, ол, сол, бұл, анау есімдіктерінің тұлғаналануы тәуелді
есімдердің тұлғалануы мына тәрізді болады. Маған, саған, оған т.б.
Сөйтіп бұл жерде барыс септіктің екі түрлі ерекше тұлғаысы көрінеді:
ған және -на, - ған қосыміпасы тарихи тұрғыдан қарастыру екі түрлі жайды
ескеруді қажет етеді.
Біріншіден, басқа септік жалғауларында жіктеу есімдіктері (І-ІІ ж)
өздерінің әдеттегі дыбыстық қүрамын сақтайды : менің, сенің, сені т.б.
Ал барыс септігінде түбірдің жіңішке дауыстысы жуан дауыстыға айналып
кетеді: ма- ған, са- ған . Сонымен қазақ тіліндегі барыс септік кем
дегенде екі түрлі септіктің ізін ( мағыналық жағынан да, түлғалық жағынан
да ) байқатады.
Барыс септіктің қазіргі тіліміздегідей қосымшалары көне түркілік
есімдердің септелуі мен тәуелденулі септеудің негізгі ерекшеліктеріне бейім
түрінде қалған. (4)
Көне түркі жазбаларының тілінде барыс септік - ра, ре түрінде де
ұшырасады. Алайда бұл тұлға кейінгі жазбаларда сөз құрамындағы "өлі қосымша
ретінде ғана кездеседі. Ал қазақ тілінде оны соңыра т.б. бірен- саран
сөздердің құрамынан көруге болады.
Жатыс септік
Қазіргі түркі тілдеріндегі жатыс жалғауларының варианттарын салыстыра
қарағанда , дауысты дыбыстар ыңғайынан болсын дауыссыз дыбыстар жағынан
болсын, негізінен - да тұлғасының айналасына топтасады.
Жатыс септік жалғаудың көне жазбалар тіліндегі қызметі мен мағыналары
мына сипатта:
Іс- әрекеттің , заттың орын- мекенін білдіреді. М. Түрік сір будун йерінте
бод қалмады - Түрік сір халқының жерінде тірі жан қалмады.
Іс- қимылдың, әрекеттің уақыт, мезгілін білдіреді. Күлтегін ол сүңішде отыз
йашайур рті - Ол соғыста Күлтегін отыз жасар еді.
Орхон- Енисей жазбаларында жатыс септік түлғасы шығыс мәнінде де
қолданылады. Шығыс септік қызметіндегі жатыс септік іс -қимылдың шығар
кезін білдіреді.
Жатыс жалғауы сонымен бірге, барыс септік қызметінде де қолданылады.
Сонымен көне түркі тіліндегі жатыс септік көп мағыналы. Жатыс септік
жалғауының басқа септікпен синонимдігі қазақ тілінде стильдік өң
алған. Жатыс септікте түрған сөздер - та, те, да, ле жалғауларының
жалғануы арқылы жасалады. (4).
Шығыс септік
Шығыс септік тұлғасы қазіргі түркі тілдерінде дыбысынан, кейбірінде
тек қана қатаң дыбысынан қазақ тілі мен тағы біраз тілдерде т, д, н
дыбыстарынан басталатын алты түрлі варианты ұшырасады. (12.111-112)
Махмұд Қашқарида: Сенден қачар сундылач, менде тынар қарғылан - сеннен
қашып сандуғаш, менде тынар қарлығаш.
Шығыс септік қосымшалар ескерткіш бойынша салыстырып қарағанда мына
жай байқалады. Көне түркі жазбаларында қысаң дауысты варианттар да ( - тын,
тін) ашық дауысты варианттар да (тан, тен, ден) кездеседі. Махмұд Қашқари
сөздігінде де солай.
Шығыс жалғауының этимологиялық негізінен
зерттеушілердің қайсысы да оның алғашқы бөлігі ( да - н) жатыс жалғауы
деп қарайды. Соңғы элементтің тегі жайлы әр пікірлер бар.
Рясяненнің ойынша піығыс септік тұлғасы жатыс және қүралдық септік
тұлғаларының қосындысы.
Раеместед көне жазбалар тіліндегі бірен - саран сөздерге шығыс
жалғауының қабаттасып келуін негізге алып, мынандай жорамал айтады: іо
әрекеттің шығар пунктің айқынырақ айту үшін жатыс жалғауының үстіне йан
(жан) жан сөзі тіркестіріле айтылған: оғуздайан. Кейін жатыс
жалғауымен энклитиканың (йан) кірігіп, қысқарту
нәтижесінде -дан тұлғасы шыққан(4).
Б.А.Серебренников екеуінің де пікірін қостайды. Шығыс қосымшасы -да
негізінде қалыптасқанын айта отырып, соңғы элемент (н) құралдық мәнді емес,
белгілі бір орыннан басқа жаққа жұмсалған қимылдың бағытын білдіретін
қосыша деп есептейді (17).
Қазіргі шығыс септігінің мәні мен қызметін ескерсек, ғалымның бұл
пікірі шындыққа жақын. Сөйтіп, дан құралын тарихи тұрғыда былай түсінуге
болады: -да істің статикалық (қозғалыссыз) мекенін білдіреді де, -н істің
бағытын білдіреді.
Шығыс септік жалғауының негізгі мағыналары: істің, әрекеттің шығар
көзін ажыраған объектісін білдіру. Сонымен бірге піығыс септік жалғауы
әрекеттің себебін білдіреді. М: Ол мендін тұрқығланды - Ол менен ұялды.
Қазіргі қазақ тілінде шығыс септік заттың тегін, негізін білдіру үшін
де қолданылады.
Қазіргі қазақ тіліндегі шығыс септік жалғауы табыс септік орнына да
қолданылады. Көне түркілік ескерткіштер тілінде осындай фактілер бар.
Мысалы, сувдан кечүрді - суды кеіпкізді.
Көмектес септік.
Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде жоқ жалғауы -көмектес септік.
Дегенмен , арнаулы грамматикалық тұлғасы бар көмектес септік қазақ тілінің
ғана ерекшелігі. Басқа түркі тілдеріндегі - мен септік жалғауымен
басқа түркі тілдеріндегі біле шылауының мәнін беретін арнайы жалғау - ын,
-ін, - н тұлғасы. - ын, - ін, - н тұлғасы мынандай негізгі мағыналар
туғызған. Іс- әрекеттің болып өткен жолын, орнын білдіреді. М: Ол йолын -
йорысар, унч - тізіл - Ол жолмен жүрсе, мүмкін дедім.
Істің істелу тәсілін білдіреді. М: Қыш йай біле тоқушты, қыңар көшін
бақышты - Ол қалың қар қыста жауар, ас болатын дән сонымен өнер.
- ын тұлғасы қазақтың халық тілі қалыптаспаған кезде- ақ
мәнін жоғалта бастаған.
Көмектес септік осы түлғасымен бірге көне түркі жазбаларының тілінде
бірлестік, құралдық мәнде бірге сөзі де қолданылған. МіМахмұд Қашқарида
мезгіл мәнінде де бірге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz