Дефектология негіздері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

1лекция. Кіріспе. Дефектология негіздері.

1. 1 Дефектология ғылымына жалпы түсінік. Дефектология ғылымының мақсаты, міндеті.

1. 2. Дефектология ғылымына (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия) сипаттама және басқа ғылымдармен байланысы.

1. 3. Дефектология мен логопедияның жеке пән ретіндегі мәні, мақсаты, маңызы. Даму мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту мен тәрбиелеу ерекшелігі.

1. 4. Қазіргі таңдағы дефектология ғылымын зерттеудің жолдары, дамуында кемістігі бар балалардың психологиялық дамуы.

1. 1 Дефектология ғылымына жалпы түсінік. Дефектология ғылымының мақсаты, міндеті.

1. 2. Дефектология ғылымына (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия) сипаттама және басқа ғылымдармен байланысы.

Дефектология (латынша defectus-кемістік және грекше logos-ғылым) педагогика ғылымына жатады және кемтар балалардың психо-физиологиялық дамуының ерекшеліктерін, оларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді.

Ѓылыми танудың бір бөлігі ретінде Дефектология дене мүшесі мен психикасы кем балаларды және оларды оқыту мен тәрбиелеу проблемаларын зерттейді.

Дефектология мынадай жеке салалар қатарын біріктіреді:

Сурдопедагогика - есту қабілеті төмен немесе керең балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін зерттейді;

Т ифлопедагогика - көру қабілеті нашар немесе соқыр балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін зерттейді;

Олигофренопедагогика - ақыл-ойы кем балаларды оқыту және тәрбиелеу;

Л огопедия - тілі кемтар баларды түзету саласы.

Дефектология сонымен бірге өзіне кемтар балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін арнайы психологияны қамтиды.

Дефектологияда дифференциация (жіктелу) процесі жалғасуда, ѓылыми зерттеулердің жаңа бағыттары туындауда (мысалы, психикалыќ дамуы тежелген (ЗПР) балаларды зерттеу, қозғалу аппараттарында ақаулығы бар балаларды, аќыл-ойы кем соқыр балалар немесе ақыл-ойы кем мылқау балаларды зерттеу және т. б. ) .

Кемтар балаларды тәрбиелеу мен оқыту - күрделі әлеуметтік және педагогикалық мєселе. Мұндағы мақсат - осы балаларды мүмкіншіліктері мен қабілеттеріне қарай қоғамдық пайдалы еңбекке дайындау. Іс-әрекет - тұлғаның негізгі әлеуметтік міндеті, сондықтан оны зерттеу және кемтар балаларда іс-әрекетті дамыту олардың әлеуметтік қалыптасуына әсерін тигізеді.

Ғылыми зерттеулердің әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып, дефектология ғылымы кемтар балалардың обьективті даму заңдылықтарын зерттейді, оларды оқыту мен тәрбиелеу ж‰йесін жетілдіреді және негіздейді. Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістерін, формаларын, ќаѓидаларын, мазмұнын жасай отырып, дефектология арнайы ұйымдастырылған оқыту-тәрбиелеу процесінен туындайды.

Даму кемістігі, яғни психикалық немесе физиологиялық кемістігі, баланың дұрыс дамуының бұзылуы, бұл барлығы тек жаман қасиеттер деген сөз емес. Кемтар баланың дамуындағы кемістік олардыњ бойындаѓы кейбір жақсы қасиеттерді жоғалтпайды, оѓан баланың қоршаған ортаға қалыптасу нәтижесі мен оларды дұрыс тәрбиелеудіњ әсері мол. Мысалы, соқыр баланың есту қабілеті, сезімталдық, иіс сезу, жылу сезу қабілеттері артып, баланыњ айналаға бағыт-бағдар жасауына көмегі тиеді. Сол сияќты керең бала қимылды, ќозѓалыс-тербелістерді к‰шті қабылдауѓа м‰мкіндіктері туындайды, тек осыѓан дер кезінде дұрыс оќып-‰йренуге жаѓдайлар жасау керек.

Баланың психикалық және дене дамуындағы өзгеріс барлық процеске әсер етеді және оның соңғы нәтижесі ретінде танымдық іс-әрекетіне әсер етеді. Психофизиологиялық дамудыњ кеміс сипаты баланың тұлғалық қалыптасуына өзіндік әсерін тигізеді.

Дамудағы кемтарлыќ сандыќ шектеуліктермен емес, ол ең алдымен негізгі тірек ететін функциялардың сапалыќ өзіндік белгілерімен ерекшеленеді. Арнайы оқыту мен тәрбиелеу жағдайында кемтар балалардың биологиялық кемшіліктерін жеңуге болады. Нақты осы концепция дефектология әдіснамасының негізін құрайды.

Дефектология ѓылымы кемтар бала дамуыныњ өзіндік белгілерін сапалы танып білу принциптері мен тәсілдерін зерттейді. Сонымен ќатар, дефектология педагогикалыќ ғылым ретінде негізгі педагогикалық категорияларѓа сүйенеді.

Кемтар балаларды тәрбиелеу - дефектологияның негізгі ұғымдарының, түсініктерінің бірі. Балалардың жалпы дамуы, құрбы-құрдастарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасауы тұлға болып қалыптасуы үшін маңызы зор.

Кемтар балаларды тәрбиелеу мақсаттары мен міндеттері педагогиканың жалпы ќаѓидаларымен анықталады, яѓни қоғамдық пайдалы еңбекке белсенді дайындау, азаматтық ќасиеттерін қалыптастыру т. с. с., бірақ оларды аќаулыќтың құрылымына сєйкес ќажетті әдістер мен тәсілдер арќылы белгілі мөлшерде қолданады.

Балалардыњ кемістіктерінің түріне қарай арнайы міндеттер туындайды. Кемтар баланы тәрбиелеу жанұя мен мектептің тығыз байланысы негізінде, бірін-бірі түсінгенде, бір-біріне көмектескенде, талап пен тәртіпті байланыстыра алғанда іске асады.

Кемтар балалармен тәрбие жұмысы олардың жеке және жас ерекшеліктерімен байланысты, өз беттілікке, яѓни өзіне-өзі қызмет ету дағдысын дамытуға, еңбек және мәдени қылығына, ұжымда еңбек ету және өмір сүруге бағытталып жүргізіледі.

Кемтар бала тәрбиесі мазмұнына белгілі бір жүйе, көзқарас, тұжырымдар қалыптастырумен бірге, ой, еңбек, парасаттық, эстетикалық, құқықтық және дене тәрбиесіне байланысты белгілі тәрбие міндеттері кіреді.

Кемтар баланың тәрбиесі ортаның өте нәзік әрі т‰сінушілік қарым-қатынасын талап етеді, олардың кемістіктеріне немќұрайлы, к‰ле ќараудың пайдасынан зияны көп. Баланы сенімділікке, оптимистік ойлауѓа, қиыншылықты жеңуге, өз мүмкіншіліктерін дұрыс пайдалануға, жақсы қасиеттерді бағдарлауға, өз қылығы мен іс-әрекетіне сынмен қарауға тәрбиелеудіњ маңызы зор.

Кемтар баланы оқыту және дамыту - бұл мақсатты бағыттағы білік, ептілік, іс-әрекет дағдысын, өмірге және еңбекке маңызды дайындық құралдарын беру және қабылдау процесі. Оқыту барысында білім және тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады. Дефектология арнайы дидактика мәселелерімен айналысады (кемтар балаларды оқыту және білім теориясы) . Оқу процесінің ұйымдастырылуы, мақсаты, міндеті, мазмұны, ќаѓидалары балалар кемістіктеріне қарай әрбір наќты арнайы оқу орындарына баѓытталып жасалынады. Осыларѓа байланысты оқыту әдістері, құрал-жабдықтары, оқыту мєселелері шешіледі. Бұл дефектологияның ең негізгі басты проблемасының бірі. Т. А. Власованың айтуы бойынша, осы ғылымдағы барлық бөлімнің мақсаты - кемтар баланың даму ерекшелігін ескере отырып, олардыњ ауытқуларын жеңуге көмектесетін оқыту және тәрбиелеу жағдайын анықтау. Мысалы, дифференциация (жіктелу) диагностикасын жетілдіру нәтижесінде орта мектептегі үлгермеуші оќушылар арасынан ЗПР (задержка психического развития, яѓни ќазаќшасы ПДТ- психикалыќ дамудыњ тежелуі) топтары шықты.

Кемтар баланы оқыту ж‰йесі мен әдісін таңдауда баланың жасы, кемістігінің пайда болған уақыты да есептеледі. Мєселен, есту қабілетінен айрылу сәтінің мәні зор, яѓни ол кезде тілі шығып үлгерді ме әйтпесе көру ќабілеті ќай кезде жоѓалды, яѓни көз алдына елестету қабілеті сақталды ма т. б.

Кемтар баланың дамуы дені сау балаға қарағанда көбінесе оқытуға, тєрбиелеуге байланысты єрі тєуелді болады. Сондықтан оқыту процесінің жүрмеуі немесе оның дер кезінде басталмауы кемтар баланың дамуына үлкен зиян келтіреді, оның психикалыќ функцияларын тежейді.

Әрине, оқыту мен тәрбиелеу барысында кемтар баланың өздігінен емес, мұғалімнің көмегімен іске асыратын қосымша мүмкіншіліктерін естен шығармау керек. Л. С. Выготскийдің айтуынша, жақындағы даму зонасы тек бар мүмкіндікті ғана белгілеп қоймай, кемтар баланың психикалыќ даму перспективасына әсер етеді. Оқыту жақындағы даму зонасының актуальды дамуға өтуіне әсер ету керек, яғни уақыт өткен сайын мұғалімнің жетекшілігі артық болып, бала алдына ќойѓан міндеттерін өздігінен шеше білуі керек. Бұл оқыту мен даму арасындағы ішкі қатынасты құрайды, яғни дұрыс ұйымдастырылған оқыту мен тєрбиелеу психика функцияларына сүйене отырып ж‰ргізіледі жєне өзінің соңынан дамытуды ала жүреді.

Арнайы дидактикадағы маңызды мәселеніњ бірі ретінде еңбекке оқыту мен тәрбиелеуді айтуѓа болады. Арнайы мектептерде еңбек маңызды роль атқарады, себебі ол оқушыларды өмірге, белгілі кәсіпке дайындап қана қоймай, ақыл-ой және дене дамуындағы кемістіктердіњ дұрысталуына әсер етеді. Еңбекке үйренген және дағдыланған бала жан-жақты дамуға мүмкіндік алады.

Дефектологиядаѓы коррекция (латынша correctіo-түзету) - баланың психофизиологиялық дамуындағы кемістігін түзетуге бағытталған педагогикалық шара. Коррекция сөзінің астарында жеке дефектілерді түзету (мысалы:тіл ақаулығын түзету), сол сияқты, кемтар балаға оқыту, тәрбиелеу және дамыту процесінде жақсы жетістікке жетуге әсер ету жатыр. Дене дамуындаѓы және танымдыќ іс-єрекетініњ дамуындағы кемтарлықты жою “тәрбиелеу-түзету жұмыстарымен ” белгіленеді.

Тәрбиелеу-түзету жұмыстары кемтар балаға жалпы білім беру, оқыту ‰рдісінде ары қарай іске асады. Тәрбиелеу-түзету жұмысына еңбекке үлкен үйрету мүмкіндіктер береді, мұнда балаларда тек кәсіби біліктілік қана қалыптаспай, өз жұмысын жоспарлауға дағдылану, ауызша нұсқау беруге жетекшілік етуге үйрету, жұмыс сапасын сын көзбен бағалау қалыптасады.

Сонымен, еңбекке баулудыњ кемтар балаларды оқыту мен дамытуда жан-жақты маңызы бар, ал еңбек процесі ақыл-ой мен дене дамуындаѓы ақаулыќтарды түзетуге оњ әсерін тигізеді.

Кемшілігін түзету мақсатында кемтар баланы дені сау баламен қарым-қатынас жасауға жағдай туғызу керек. Кей жағдайда кемтар балаларға емдік-түзету жаттығулары керек (емдік денешынықтыру, массаж, дәрілермен емдеу т. б) .

Тәрбиелеу-түзету жұмыстарыныњ ж‰йесі кемтар баланың сақталған мүмкіндігін пайдаланумен құрылады, Л. С. Выготскийдің айтуынша, бұл бұзылған және әлсіреген функцияларды дамытуға, адам тіршілігінің іс-әрекетінің негізініњ, яѓни жоғары психикалыќ процестердіњ дамуына мүмкіндік береді. Арнайы мектептің түріне қарай тәрбиелеу-түзету жұмыстарының әдістері мен формалары ерекшеленеді, бірақ олардың барлығы баланың физикалық және психикалық жан-жақты дамуына бағытталады.

Компенсация (латынша соmpensatіo - өтеу, орнын толтыру, тењестіру) организмнің бұзылған немесе жетілмей қалған функцияларын қайта құру, орнына келтіру деген сөз. Бұл - туа біткен кемтарлықтың ізімен ағзаның бейімделу процесі. Мєселен, соқыр болып туылған баланың көру анализаторы функциясының компенсациясы сипап-сезу органының жетілуі арқылы өтелуі мүмкін.

Компенсация процесі жоғары ж‰йке қызметінің маңызды қосалқы мүмкіндіктеріне сүйенеді. Кемтар балаларда компенсация процесінде жаңа динамикалыќ жүйелер байланысы құрылады, тұлға дамып, бұзылған функциялар түзеледі.

Осы жөнінде Л. С. Выготский кемістіктіњ теріс жаќтарын компенсацияныњ пайда жаќтарына айналдыру заңында айтады: “Кемтар баланың өзіндік қасиеті ең алдымен кем функциясының өмірге жаңадан құрылуынан, даму процесі кезіндегі компенсация арқылы тұлғаның кемістікке әсерінің бірігуінен болады. Егер соқыр немесе керең бала дені сау бала сияқты дамып келе жатса, онда кемтар бала мұндай жетістікке басқадай әдіспен, басқадай жолмен, басқа құралдармен қол жеткізеді. Мұғалімге ең маңыздысы - баланы алып жүретін өзіндік жолды дұрыс таңдай білу болып табылады”.

Кемтар баланың дамуында алғашқы кемістік емес, оның екінші әлеуметтік салдары, єлеуметтік-психологиялық тұрѓыда іске асуы жетекші рөлді атқарады. Компенсация процесініњ кемістікті түзетуге толық мүмкіндігі жоқ, бірақ олар кемістік тудыратын қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Сондықтан Л. С. Выготский кемтар баланың әлеуметтік тәрбиесін, оның табиғи кемшілігіне негізделген тәсілмен түзетуді ғылыми және нақты, дұрыс жол деп есептеген. Бұл баланы әртүрлі қоғамдық қарым-қатынасқа, белсенді араласуға, мүмкіндіктерін ескере отырып, қоғамдық пайдалы еңбекке қосу дегенді білдіреді.

Арнайы педагогикалық әсер ету шаралары қаншалықты ерте басталса, компенсация процесі де соншалықты жақсы дамиды. Дамудың алғашқы сатысында басталған түзету-тәрбиелеу жұмыстары баланың дұрыс бағытта дамуына әсер етеді. Түзету-тәрбиелеу жұмыстарының әдістері дамудың барлық сатыларында қолданылады, өйткені бұзылған функцияның компенсациясы бірден қалыпқа келмейді, белгілі бір заңдылықтарға байланысты бірте-бірте қалыптасады.

Бала тұлғасының жан-жақты дамуы компенсацияның жоғарғы формасын білдіреді. Бірақ даму ақаулығының кейбір түрлеріне компенсация шектеулі пайда келтіреді. Мысалы, ақыл-ойы дамуы кем балаларға кемістікті компенсациялау жартылай ғана мүмкін, себебі, ақыл-ойдың күрделі бұзылуы жоғарғы психика процесінің дамуына кедергісін тигізеді. Бұл ақыл-есі кем балаларды дамытуды шектеу деген сөз емес, керісінше, түзету-тәрбиелеу жұмыстары процесінде олардың ойлау қабілеттерін белгілі-бір деңгейге көтеру.

Дамуында ақаулығы бар балалардың қолайсыз жағдайлардың әсерінен (ауыруы, психикасына түскен салмақ немесе стресс) компенсаторлы механизмдері бұзылуы мүмкін. Мұндай кезде еңбекке деген қабілеті бірден төмендейді және дамуы тежеледі. Бұл ќұбылысты декомпенсация деп атайды. Мұндай функциональды бұзылулар психика процесінің нашарлауына және тұрақсыздығына әкеледі. Осындай халдегі бала сабаќтарда тапсырманың аз мөлшерде берілуін сақтау режимін қажет етеді.

Дамуында ақаулығы бар балаларда компенсация процесінің дұрыс жүруі кейбір жағдайларды талап етеді. Олар төмендегідей:

1) оқыту және тәрбиелеу жүйесін дұрыс ұйымдастыру, оқу процесін тәрбиелеу-түзету жұмыстарын арнайы әдістері мен тәсілдері негізінде құру;

2) Оқытуды еңбекпен біріктіру принциптерін пайдалану, бұл баланың ақыл-ойының да дене бітімінің де дамуына әсер етеді.

3) балалар ұжымындағы дұрыс қарым-қатынас, сонымен бірге педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынас;

4) оқу жұмысының және балалар демалысының кестесін дұрыс ұйымдастыру;

5) оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту тәсілдерінің түрлерін ауыстырып отыру;

6) әртүрлі оқу құралдарын, арнайы және техникалық құралдарды қолдану.

Әлеуметтік реабилитацияныњ ( латынша rehabіlіtos - қабілетті қалыпқа келтіру мүмкіндігі) дєрігерлік-педагогикалық мєні - кемтар баланы әлеуметтік ортаға тарту, психофизикалық мүмкіндіктерінің деңгейіне қарай қоғамдық өмірге және еңбекке араластыру. Бұл - дефектологияның теориясындағы, практикасындағы да ең негізгі міндет,

Реабилитация даму кемістіктерін жоюѓа немесе жењілдетуге баѓытталѓан дєрігерлік құралдардың көмегімен, сонымен ќатар арнайы оқытуға, тәрбиелеуге және кәсіби дайындауға бағытталѓан шаралар негізінде іске асады. Реабилитация міндеттері кемтар балалардың әртүрлі категорияларына арналған арнайы оқу орындары жүйесінде шешіледі, онда оқыту процесін ұйымдастыру ерекшеліктері кемтар бала дамуының ерекшелігімен анықталады.

Әлеуметтік адаптация (латынша ыңғайлау) ақыл-ойы кем балаларды қоғамдық нормалар мен құндылықтар жүйесіне сейкес жеке және топтық қылық-єрекеттерін ыњѓайѓа келтіру. Ақыл-ойы кем балалардың даму ауытқуларына байланысты әлеуметтік ортамен өзара әрекеті, талаптарѓа, болып жатқан өзгерістерге сәйкес қалыптасу қабілеті төмен болады. Олар қалыптасқан нормалардың көлемінде өз мақсаттарына жету жолында ерекше қиындықтарды бастан кешіреді, мұның өзі оларда кері єрекеттер туғызып, әрекет-қылықтарындағы ауытқуларға әкеп соғады.

Ақыл-ойы кем балаларды тәрбиелеп оқыту міндеттеріне олардың қоғаммен, ұжыммен өзара қатынасты сәйкестендіруді қамтамасыз ету және әлеуметтік нормалар мен ережелерді саналы түрде орындаулары кіреді.

Әлеуметтік адаптация ақыл-ойы кем балаларды қоғамдық пайдалы өмірге белсенді араласу мүмкіндіктеріне жол ашады. Арнайы оқу орындарындағы тәжірибелердің көрсеткеніндей, мектептердің оқушылары қоғамдағы әрекет, қылық нормаларын игеру қабілеттеріне ие екендігін көрсетті.

Реабилитация мүмкіндіктері әр жыл сайын кеңейіп келеді, ғылыми және техникалық жетістіктер реабилитация әдістері мен тәсілдерін дамытуға әсер етеді. Есту қабілеті мен көру қабілеті төмен балаларға арналған мектептерде қолданылатын жаңа аппаратуралар, оқытудың техникалық құралдары оқыту нәтижесін көтереді, жақсартады.

1. 3. Дефектология мен логопедияның жеке пән ретіндегі мәні, мақсаты, маңызы. Даму мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту мен тәрбиелеу ерекшелігі.

Әртүрлі дамуында ақаулығы бар балалардың дене және ақыл-ой, психикалыќ даму ерекшеліктері мен обьективті заңдылықтарын терең және жан-жақты зерттеу - дефектологияның негізгі мақсатының бірі.

Дефектология білім саласы ретінде әртүрлі категориялардағы кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу, олардың даму заңдылықтарын құру және оның жеке тармақтарының дамуы нәтижесінде құрылады. Бұл заңдылықтарды әртүрлі мамандар (педагогтар, дефектологтар, дәрігерлер, физиологтар, психологтар және т. б) кемтар баланы комплексті және жан-жақты зерттеу нәтижесінде ғана анықтай алады.

Ғылыми негізді арнайы педагогиканы кемтар баланы жан-жақты емдік, физиологиялық, психологиялық зерттеулер құрады. Оларѓа дамуында єрт‰рлі кемістігі бар балалардыњ т‰зелу-ыњѓайлану м‰мкіндіктері мен кемістіктіњ негізін, ќұрылымын аныќтау, арнайы оќыту-тєрбиелеуді ұйымдастыру маќсатында кемтар балаларды педагогикалыќ жіктеу мєселесін шешу, кемтар балаларды аныќтап, есепке алу жатады.

Бұл шаралардыњ ақаулыќтардыњ бастапќы кезењінде ж‰ргізілуі нєтижелі болып келеді. Мєселен, есту ақаулығын анықтау тәсілі баланың өмірінің алғашқы жолында-ақ мүмкін болып отыр. Бұл есту және сөйлеу қабілетін дамыту жұмыстарын дер кезінде бастауға мүмкіндік туғызады. Сол сияқты тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар мен көру ақаулары бар балаларды да олардыњ дамуының алғашқы сатыларында-ақ анықтауға болады. Ақыл-ой дамуында ақаулығы бар балаларды анықтау дєрігерлік-педагогикалық комиссияның көмегімен іске асады.

Дефектология теориялық сұрақтарды талдаумен, анықтау құралдарын жасаумен, пєрменді єдістемелер табумен және т. б. айналысады. Бірақ ақыл-ойы дамуында ақаулығы бар балаларды ерте жастан анықтау әлі де көп жағдайда мүмкін болмай отыр, бұл терең ғылыми ізденістер мен арнайы балалар мекемелеріне балаларды жинаќтау комиссиясының жұмысын ұйымдастыруды талап етеді.

Дамуында ақаулығы бар балалардың арнайы мекемелерін дамыту және ұйымдастыру принциптерін негіздеу және құру.

Кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту тарихы оларды арнайы педагогикалық мекемелерде оқыту керектігін көрсетті.

Біздің елімізде кемтар балаларға білім беру жүйесін ұйымдастыру өкімет міндетінде. Дефектология мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблемаларын ғылыми және тәжірибе жүзінде шешіп отыр. Кемтар балалардың дефектісін түзету және дұрыс дамуына оларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу процесінің ерте жүргізілуі әсер етеді.

Арнайы мектеп жұмыстарының негізгі ќаѓидаларыныњ бірі - кемтар баланы оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі.

Кемтар баланың адамгершілік қасиетіне дұрыс көзќарас - барлық арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемелерінің міндетті де, жетекші ќаѓидаларының бірі.

Дамуында ақаулығы бар балаларды оқытып-тәрбиелеу процесінің мақсатын, міндетін, мазмұнын және тәсілдерін анықтау.

Дефектология жалпы және арнайы тәрбиенің қарым-қатынасы, ақаулықтың дамуын тежеу құралдары, психологиялық-педагогикалық құралдармен кемтар балалардың дамуын түзету мүмкіндіктерінің маңыздылыѓын қарастырады.

Арнайы дидактикалық жүйелер арнайы мектептің әрбір түріндегі оқытудың белгілі ќаѓидаларын, оқыту процесін ұйымдастыру формаларын, оқыту тәсілдері мен құралдарын зерттейді.

Мектептегі оқытылып жатқан оқу пєндері арнайы оқулықтармен, әдістерімен, көрнекі және техникалық құралдармен сәйкес келеді. Кемтар балаларды оқытуда, олардың танымдық көзқарасын көтеруде педагогикалық құрал негізгі роль атқарады. Қажетті жағдайларда дєрігерлік-емдеу құралдарына көмекші, қосымша рөл беріледі. “Бәлкім, адамзат соқырлықты, кереңдікті, ақыл-ойы кемдікті ерте ме, кеш пе жеңеді, бірақ, медициналық және биологиялық тұрғыдан қарағанда әлеуметтік және педагогикалық жаѓынан анағұрлым ертерек жеңеді”, -деп жазды Л. С. Выготский.

Ғылымдардың негізін игеру барысында дамуында ақаулығы бар балалардың ақыл-ой тәрбиесі іске асырылады. Жалпы білім еңбек оқытуы және тәрбиесімен біртұтас. Дене тәрбиесі, бір жағынан, дене бітімі сапасын нығайту функциясын, кеңістікте бағдарлауын дамыту функциясын атқарса, екінші жағынан, ауырған дерттерінің зардаптарын түзету функциясын атқарады.

1. 4. Қазіргі таңдағы дефектология ғылымын зерттеудің жолдары, дамуында кемістігі бар балалардың психологиялық дамуы.

Дефектология бір-бірімен аралас психологиялық-педагогикалық және медициналық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды.

Дефектология мен жалпы педагогиканың мақсат, ќаѓидалары бір, дегенмен де кемтар балалардың дамуы, тәрбиесі, оқытудағы арнайы міндеттерден өзіндік тұжырымдар жүйесін жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Дефектология және логопедия негіздері»
Дефектология ғылымы
Дефектология пәнінің негізі
Балалардың дыбыс айту ерешеліктері
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ КЕШЕУІЛДЕГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сөйлеудің бұзылу түрлері мен себептері және паталогиясы
Педагогиканың шығуы және дамуы
Педагогика ғылымының құрылымы
Ғылыми-педагогикалық зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz