Әлемдік сауда жүйесінің негіздері



ЖОСПАР

Кіріспе

І.ТАРАУ. ДСҰ.ның пайда болу тарихы
1.1. СТЖК (Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім) қысқаша тарихы
1.2. Cауда жүйесін реформалаудағы Токиолық раунд
1.3. Жаңа жүйені жасаудағы Уругвай раунды

ІІ.ТАРАУ. Әлемдік сауда жүйесінің негіздері
2.1 ДСҰ жүйесінің принциптері
2.2 ДСҰ құрылымы және бюджеті
2.3 Соңғы жылдары ДСҰ.на кіретін елдердің тәжірибесі

ІІІ.ТАРАУ. Қазақстанның ДСҰ.на кіруі
3.1 Қазақстанның ДСҰ.на кіру нәтижелерінің жағымсыз жақтарына қарағанда артықшылықтары көп болады
3.2 Ауылшаруашылығы.Қазақстанның көмекті қажет ететін жалғыз саласы
3.3 ҚР ДСҰ.на кіруі жайындағы келісім сөздер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму тендециялары бір ортақ ғаламдық еркін нарық болуын талап етеді. Әрине бұл бағыттағы Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекеті ең маңызды болып табылады.
Ғаламдастыру жағдайында тауарлардың көпшілігіне сыртқы сауда немесе әлемдік нарық арқылы қол жеткізілетіндіктен, кез келген ұйымның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, уақыт мәселесі болып, табылады.
Осындай жағдайда бұл тақырыптың Қазақстан үшін актуальдылығы өсе түседі. ДСҰ-на кіру Қазақстан үшін несімен жағымды болады? Біріншіден, басты Қазақстандық өндірушілердің әлемдік нарықтардың кеңеюіне байланысты болашақтағы өсу перспективалары өсе түседі. Екіншіден, республика әлемдік нарыққа өз кіруін жеңілдетіп, ДСҰ-ның мүшелерінің артықшылықтарын қолдану мүмкіндігіне ие болады. Қазақстан өндірушілері Уругвай раундында қабылданған міндеттемелер деңгейінде өз қызметтері мен тауарларын экспорттауға мүмкіндік алады. Бірақ ДСҰ-на кіруде Қазақстандағы тауарлар халықаралық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз ету керек. Бұл мәселе отандық тауарлардың ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестігі жайындағы мәселені өте қиын етеді.
Бұл курыстық жұмыстың мақсаты: Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекетін қарастырумен қатар, қазіргі кезде ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып келе жатқан Қазақстанның ДСҰ-на кірудің қиындықтары мен болашағын қарастыру.
Курыстық жұмыстың бірінші бөлімінде ДСҰ-ның пайда болу тарихы мен оның пайда болуына әкелген негізгі келісім сөздер раундтары қарастырылған.
Екінші бөлімде Дүниежүзілік сауда ұйымының жалпы қағидаларына, оның құрылымына, СТЖК мен ДСҰ-ның айырмашылығы мен оған кірудің артықшылықтарына көңіл бөлінген. Сонымен қатар басқа елдердің осы ұйымға кіру тәжірибелері, оның ішінде Қытай, постоциалистік мемлекеттердің мысалдары келтірілген.
Үшінші бөлімде Қазақстанның ДСҰ-на кірудің ерекшеліктері мен тенденциялары талданған. Мұнда ДСҰ-на кірудің мақсаттары, жалпы артықшылықтары, өзіне алатын міндеттемелері, нәтижелері, және әр түрлі салаларға әсерлері қарастырылған.
Қорытынды бөлімде қазіргі кездегі келісім сөздер үрдісі нәтижесінде қол жеткізілген нәтижелер көрсетілген.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Мамыров “Халықарылық экономикалық қатынастар” – Алматы, 2002 жыл
2. Аманжан ЖАМАЛОВ: “Дүниежүзілік сауда ұйымы құбыжық емес”. Алтын Орда газет. №13, 24-30 наурыз 2006 ж. 6-бет.
3. АНА ТІЛІ газет. №44, 3 қараша 2005 ж. 4-бет.
4. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК сауда ұйымына кіру бізге не береді? АНА ТІЛІ газет. №28, 14 шілде, 2005 ж. 8-бет.
5. Жас қазақ үні газет. №18, 06.05-12.05. 2005 ж. 4-бет.
6. “ДСҰ-ға өту-бәсекелестікке лайықтыларға ғана қолайлы”. АҚ ЖОЛ ҚАЗАҚСТАН газет. №14, 6 мамыр 2005ж. 6-бет.
7. ДСҰ-ға енбей, “ас батпайды” , енсек, шетелдік жұмысшылар қаптайды. АЙҚЫН газет. 29 қараша 2006ж. 1,2-бет
8. “ДСҰ-жұмақ емес”. АЙҚЫН газет. 3 наурыз 2006 ж. 6-бет.
9. “Тауар өндіре алсаң ғана ДСҰ-ның қызығын көресің”. АЙҚЫН газет. 30 наурыз 2006 ж. 7-бет.
10. Министр Жақсыбек Құлекеев: “ДСҰ-на ену Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы орнын бекемейді”. “Егемен Қазақстан” газет. 18 мамыр 2001 ж. 2-бет.
11. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы. 2004 жылдың қаңтар-шілдесі. №7, А:2004.-51-58 бет, 285-286 бет.

ЖОСПАР
Кіріспе
І-ТАРАУ. ДСҰ-ның пайда болу тарихы
1. СТЖК (Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім) қысқаша тарихы
2. Cауда жүйесін реформалаудағы Токиолық раунд
3. Жаңа жүйені жасаудағы Уругвай раунды

ІІ-ТАРАУ. Әлемдік сауда жүйесінің негіздері
1. ДСҰ жүйесінің принциптері
2. ДСҰ құрылымы және бюджеті
3. Соңғы жылдары ДСҰ-на кіретін елдердің тәжірибесі

ІІІ-ТАРАУ. Қазақстанның ДСҰ-на кіруі
1. Қазақстанның ДСҰ-на кіру нәтижелерінің жағымсыз жақтарына қарағанда
артықшылықтары көп болады
2. Ауылшаруашылығы-Қазақстанның көмекті қажет ететін жалғыз саласы
3. ҚР ДСҰ-на кіруі жайындағы келісім сөздер

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму тендециялары бір ортақ
ғаламдық еркін нарық болуын талап етеді. Әрине бұл бағыттағы Дүниежүзілік
сауда ұйымының әрекеті ең маңызды болып табылады.
Ғаламдастыру жағдайында тауарлардың көпшілігіне сыртқы сауда немесе
әлемдік нарық арқылы қол жеткізілетіндіктен, кез келген ұйымның
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, уақыт мәселесі болып, табылады.
Осындай жағдайда бұл тақырыптың Қазақстан үшін актуальдылығы өсе
түседі. ДСҰ-на кіру Қазақстан үшін несімен жағымды болады? Біріншіден,
басты Қазақстандық өндірушілердің әлемдік нарықтардың кеңеюіне байланысты
болашақтағы өсу перспективалары өсе түседі. Екіншіден, республика әлемдік
нарыққа өз кіруін жеңілдетіп, ДСҰ-ның мүшелерінің артықшылықтарын қолдану
мүмкіндігіне ие болады. Қазақстан өндірушілері Уругвай раундында
қабылданған міндеттемелер деңгейінде өз қызметтері мен тауарларын
экспорттауға мүмкіндік алады. Бірақ ДСҰ-на кіруде Қазақстандағы тауарлар
халықаралық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз ету керек. Бұл мәселе
отандық тауарлардың ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестігі жайындағы
мәселені өте қиын етеді.
Бұл курыстық жұмыстың мақсаты: Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекетін
қарастырумен қатар, қазіргі кезде ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып
келе жатқан Қазақстанның ДСҰ-на кірудің қиындықтары мен болашағын
қарастыру.
Курыстық жұмыстың бірінші бөлімінде ДСҰ-ның пайда болу тарихы мен оның
пайда болуына әкелген негізгі келісім сөздер раундтары қарастырылған.
Екінші бөлімде Дүниежүзілік сауда ұйымының жалпы қағидаларына, оның
құрылымына, СТЖК мен ДСҰ-ның айырмашылығы мен оған кірудің артықшылықтарына
көңіл бөлінген. Сонымен қатар басқа елдердің осы ұйымға кіру тәжірибелері,
оның ішінде Қытай, постоциалистік мемлекеттердің мысалдары келтірілген.
Үшінші бөлімде Қазақстанның ДСҰ-на кірудің ерекшеліктері мен
тенденциялары талданған. Мұнда ДСҰ-на кірудің мақсаттары, жалпы
артықшылықтары, өзіне алатын міндеттемелері, нәтижелері, және әр түрлі
салаларға әсерлері қарастырылған.
Қорытынды бөлімде қазіргі кездегі келісім сөздер үрдісі нәтижесінде
қол жеткізілген нәтижелер көрсетілген.

І-ТАРАУ. ДСҰ-ның пайда болу тарихы
1. СТЖК (Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім) қысқаша тарихы

СТЖК- халықаралық экономикалық қатынастар мәселелерін шешумен
айналысатын, қазіргі кезде Бүкіләлемдік банк және Халықаралық валюталық қор
атымен танымал Бреттонвудтық ұйымдармен қатар екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін уакытша пайда болған.
СТЖК құрамына алғаш мүше ретінде енген жиырма үш мемлекет БҰҰ- ң жаңа
арнайы ұйымы- Халықаралық сауда ұйымының (ХСҰ) уставы бойынша келісімге
келген елу елдің құрамына кірді. Бұл уставта тек халықаралық сауда
нормаларын дамыту мақсаты ғана көзделген жоқ, сонымен қатар жұмысбастылық,
шикізат тауарлары бойынша келісімдер, кәсіби тәжірибені, халықаралық
инвестициялар мен қызметтерді шектеу сияқгы мәселелер туралы ережелер
болған.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін протекционистік шаралардың әсерінен
арылып, сауданы либеризациялау мақсатында 1946 жылы СТЖК- ң негізін калаған
23 келісімге келуші мемлекеттердің арасында тарифтер бойынша келісім
сөздері басталды. Келісім сөздердің бірінші раундынын нәтижесі- 45000 тариф
бойынша 10 миллиард АҚШ доллары көлемінде, немесе әлемдік сауда көлемінің
бестен бірі бөлігіндегі кемітулер. Бұл кемітулердің соммасы ХСҰ Уставына
кейбір сауда ережелердің енгізілуімен нақтыланады делінген. Бұл тарифтік
кемітулер мен ережелердін жиынтығы Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім
атына ие болып, 1948 жылдың қаңтарында күшіне енген.
ХСҰ уставы 1948 жылдың наурызында Гаванада өткен БҰҰ Конференциясында
толық негізделгеніне карамастан. оның ұлттық заң шығарушы мүшелерімен
ратификациялануы мүмкін болмай шықты. АҚШ-ң басшылығы 1950 жылы Гаванада
кабылданған уставты конгресстің ратификациясына ұсынбайтынын ресми түрде
пайымдағаннан кейін, ХСҰ өз қызметін тоқтатты. СТЖК өзінің уақытша сипатына
қарамастан. ДСҰ пайда болғанына дейін халықаралық сауданы реттеуші жалғыз
құрал болып қалды.
СТЖК-ң қүқықтық мәтіні 1948 жылдан бері 47 жыл бойы өзгермегенімен,
шектелген мүшелер санымен келісімге келу, және тарифтерді азайтуға шаралар
қолданылған. Сауда келімсім сөздері раундтарының жиынтықтары арқылы
көптеген алға басушылықтарға қол жеткізілді.Сауда келісім сөздерінің
раундтары- бумалық келісімдер арқылы алға басушылыққа жол ашу.
СТЖК бастауымен жүргізілген көпжақты сауда келісімсөздері немесе
сауда келісім сөздерінің раундтары нәтижесінде халықаралықсауданы
либеризациялауға қол жеткізілді, олардың ішінде ең ұзағы және ақырғысы
Уругвайлық раунд болды.
Сауда келісім сөздерінін раундтары үзакка созылганымен, сауда
келісімсөздеріне кешенді негіз қалайды. Жеке мәселелер бойынша жүргізілетін
келісімсөздерге қарағанда, раундтардың бірқатар артықшылықтары бар.
Біріншіден, раундарға қатысушылар көптеген мәселер топтарын қарастыру
мүмкіндігіне ие болады. Екіншіден, ішкі саясат тұрғысынан қарағанда
жағымсыз кемітулерді бумаларда болатын экономикалық және саяси
артықшылықтар есебінен қабылдау оңайырақ болады. Үшіншіден, дамушы
мемлекеттердің келісімсөздер раундары шеңберінде, басты екі сауда
мемлекеттері арасында жүргізілетін келісімсөздерге қарағанда, көпжақты
жүйеге әсер ету мүмкіндігі артады. Ақырғысы, саяси түрғыдан сезімтал
салалардың жалпы реформасы ғаламдық бума шеңберінде мүмкін болады, бұған
мысал ретінде Уругвайлық раунд нәтижесінде қол жеткізілген ауылшаруашылық
өнімдермен сауда реформасы мысал бола алады.
СТЖК бастапқы келісім сөздерінің көбісі тарифтерді кемітуге
бағытталған. Алайда 60- шы жылдардың ортасында жүргізілген Кеннеди
раундтарының нәтижесінде СТЖК-ң жаңа антмдемпингтік келісіміне қол
жеткізілді. 70- ші жылдары жүргізілген Токиолық раунд жүйені жақсарту және
кеңейтуге әрекет жасалды.

1.2. Cауда жүйесін реформалаудағы Токиолық раунд

1973- 1979ж. ж. 102 мемлекет арасында жүргізілген Токиолық раундта
СТЖК тарифтерді біртіндеп кемітуге тырысты. Оның нәтижесінде негізгі
әлемдік тоғыз өнеркәсіптік нарықтардағы кедендік баждар үштен бір бөлікке
кеміді, нәтижесінде дайын өнімдерге орташы тарифтер СТЖК құрылуының алғаш
кезіндегі 40 %- дан 4,7 % - ға дейін кеміді. Тарифтерді кеміту сегіз жыл
ішінде өзара келісушілік нәтижесінде жүзеге асырылды. сондықтан ең жоғары
тарифтер ең кеміне қарағанда едәуір көп азайды. (1,24) Ал калған мәселелер
бойынша Токиолык раундтың нәтижелері жақсы болған жоқ. Ауылшаруашылық
өнімдер саудасы мен қоргау шаралары (импортқа қатысты төтенше шаралар)
жайындағы мәселелер шешілгеи жоқ. Келісім сөздер барсында бірқатар
бейтарифтік шек қоюлар жайындағы келісімдерге қол жеткізілді. Көп
жағдайларда тек бірқатар индустриалды дамыған елдер бұл механизмдер мен
келісімдерге (нәтижесінде олар кодекстер деген атпен танымал болды)
қосылды. Бұларға келесідей келісімдер кіреді.
-Субсидиялар мен компенсациялық шаралар- Жалпы келісімнің 4,16,23
баптарын талқылау.
-Саудадағы техникалық шектеулер- кей жағдайларда стандарттар Кодесі
деп атайды.
-Импортты лицензиялау шаралары.
-Мемлекеттік сатып алулар.
-Кедендік бағалау- 7бапты талқылау.
-Антидемпинг- 6 бапты талқылау. Кеннеди раундының нәтижесінде
қабылданған Лнтидемпиипік кодексті орыибасады.
-Сиыр еті бойынша келісім.
-Сүт өнімдері бойынша халықаралық келісім.
-Азаматтық әуе ұшақтарымен сауда.
Уругвайлық раундтың нәтижесінде жоғарыда аталған кодекстердің
кейбіреулері өзгертіліп. кеңейтілді. Субидиялар мен компенсациялык шаралар,
Саудадағы техникалық шектеулер. импортты лицензиялау. кедендік бағалау мен
антидемпинг туралы келісімдер ДСҰ шеңберіндегі келісім шегіндегі көпжакты
міндеттемелер сипатына ие. Яғни ДСҰ барлық мүшелері оларды орындауға
міндетті, ал мемлекеттік сатып алулар, сиыр еті мен азаматтық әуе
ұшактарымен сауда келісімдерін мүшелердің белгілі саны ғана орындайды.

СТЖК табысқа жетті ме?

СТЖК-ң қызмет ету саласының шектеулігі мен мерзімділік сипатына
байланысты Оның әлемдік сауданы либеризациялауда 47 жыл ішінде жеткен
табысы айкын. 50- 60 ж.ж. тарифтерді төмендету әлемдік сауданың жылына
орташа, 8 % өсуіне әкелді. Ал сауданы .либеризациялау нәтижесінде қол
жеткізілген, алға жылжу СТЖК-ң әрекет етуінің барлык уакытында, сауданың
өндіріске қарағанда көбірек өсімін көрсетті. Уругвай раунды кезіндегі жаңа
мүшелердін көптеп қосылуы СТЖК- ң көпжақты сауда жүйесі экономикалық және
сауда реформалары кезінде өзінін рөлін бекіткенін көрсетті.
Токио раундының, тарифтерді азайтуды алмағанда, шектеулі алға жылжуы
киын жағдай туындай бастағанын көрсетті. СТЖК-ң тарифтерді азайтудағы
табысы мен 70-80- жылдардағы экономикалық құлдыраулар мемлекеттерді
экономика салаларын жоғарылап келе жатқан шет елдік бәсекеден қорғау
жолдарын қарастыруға итермеледі. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі мен
кәсіпорындардың көп санын жабу Европа және Солтүстік Америка елдерінің
басшылығын бәсекелестермен нарықтарды бөлу жөнінде екіжақты келісімдер
жасауға және ауылшаруашылық өнімді сатудағы өз деңгейін сақтап қалу үшін
субсидияларға басты мүддесін коюға ынталандырды. Бұның барлығы СТЖК-ң
беделі мен тиімділігін төмендетті.
Саудадағы жалпы жағдайдың нашарлауымен қатар, 80 ж. басына карай Жалпы
келісім 40-ж. қарағанда. әлемдік сауданың нақты жағдайларын сәйкес емес
екендігін көрсетті. Біріншіден, әлемдік сауда 40-ж. салыстырғанда анағұрлым
кешенді болып келді, әлемдік экономиканың ғаламдастыру процесі жүргізілді,
халықаралык инвестициялар кеңейді, ал СТЖК-ң ережелері тарамайтын қызмет
көрсетулер әлем елдерінің кызығушылығын туғызып, әлемдік тауарларды сатумен
тығыз байланысты болды. Басқа жақтарда СТЖК тиімсіз болып шыкты: мысалы.
ауылшаруашылығындағы тауарларды сатуды либеризациялау еш нәтижеге әкелген
жоқ, ал көпжақты жүйенің кемшіліктері кең түрде пайдаланды: жеңіл және киім
өнеркәсәбінде СТЖК-ң қалыпты ережелерінен тыс талшықтың әртүрлі түрлері
бойынша келісім жасау қаралды. Тіпті СТЖК-ң ұйымдық кұрылымы мен
мәселелерді шешу жолдары тиімді болған жок.
Осы және тағы да баска факторлар СТЖК мүшелерін көпжақты жүйені
кеңейтудің және тұғырландырудың жолдарын іздестіруге ынталандырды.

3. Жаңа жүйені жасаудағы Уругвай раунды

Уругвай раундын жүргізу туралы ой 1982 жылы Женевада өткен СТЖК
мүшелері-елдер министрлерінің кездесуінде туған. Мәселерді шешу және
келесімге келу үшін төрт жыл мұқият жұмыс жасалды да, 1986 ж. қыркүйекте
Пунта- дель- Эстеде министрлер қайта жиналды. Олар келісім сөз кеңістігіне
барлық сауда саясатының шешілмеген мәселелерін алды, мысалы интеллектуалды
меншік пен қызметтер саудасы. Бұл сауда келісім сөздері үшін жасалған ең
ірі мандаттардың бірі еді және оны орындау үшін төрт жыл жұмсалды. (1.45)
1998 ж. қарай келісім сөздер орта мерзімді шолу деңгейіне жетті. Ол
министрлер кездесуі ретінде Монреаль, Канадада өтті. Нәтижесінде раундтың
екінші деңгейінде келісім сөздерді жүргізу мандатынын жасап шығарылуына
әкелді. Министрлер алдын- ала нәтижелер бумасы жөнінде келісімге келді.
оларға дамушы елдерге көмек ретінде тропикалық жемістер нарығына кіру
рұксаты берілді және СТЖК мүшелерінің ұлттық сауда саясаты мен тәжірибесін
бақылауға мүмкіндік беретін сауда саясатын бақылау механизмдері жөніндегі
мәселелерді реттейтін жүйе жасауға алғашқы қадамдар жасалды.
1990 ж. желтоқсанында Брюссельде өткен министрлер кездесуінде ауыл
шаруашылық өнімдер саудасы жөнінде келісімге келе алмауына байланысты
раундты жалғастыру шешімі кабылданды. 1991ж. Женевада Пунта-дель-Эстеде
қабылған мандаттың әр элементі (нарыққа енуден басқа ) бойынша құқыктық
кұжаттары бар қортынды акті мәтінінің проектісі дайындалды. Келесі екі
жыл бойы келісім сөздер нәтижесі белгісіз болды. 1993 ж. 15 желтоқсанында
барлық мәселелер шешіліп, тауарлар мен қызметтердің нарыққа енуі туралы
келісім сөздер шешілді. 1994 ж. 15 сәуірде Марракеште, Марокко өткен
кездесу кезінде 125 елдің министрлері келісімге қол қойды.

ІІ-ТАРАУ. Әлемдік сауда жүйесінің негіздері
1. ДСҰ жүйесінің принциптері

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) -көпжақты сауда жүйесінің құқықтық және
институционалды негізі болып табылады. Ол үкімет саудаға қатысты ішкі
заңнаманы қалай жүзеге асыруға міндетті екендігін көрсететін негізгі
келісім міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Осы негізде дауларды басу.
келісім сөздер мен жалпы талдау арқасында елдер арасындағы сауда қарым-
қатынастары дамиды.
ДСҰ 1995 ж. 1 каңтарда құрылған. Үкіметтер 1993 ж. 15 желтоқсанында
Уругвай раундының шеңберінде келісім сөздерді аяктады да, саяси
мүдделілігін 1994 ж. Сәуірде Қорьтынды актіге қол қою арқылы білдірді.
Марракеш декларациясы Уругвай раундының нәіижелері әлемдік экономиканы
тұғырландырып, бүкіл әлемдегі табыстар, жұмысбастылық, капитал салымдарының
өсуі мен сауданың кеңеюіне әкелгендігін дәлелдеді.
Потенциалды ұйым мүшелері- 152 елдер мен территориялардың ішінен 76-
лары ДСҰ-ң мүшесі болып бірінші күні жарияланды. Қалған 50 шақты елдер
өздерінің ішкі ратификация шараларын жүргізіп жатыр, ал баска елдер өзінің
енуі жөнінде келісім сөздер жүргізіп келеді.
ДСҰ СТЖК- ка қарағанда мүшелер саны жағынан ғана емес, сауда қызметі
мен саясатының әрекег ету кеңістігі жөнінен де асады. СТЖК тек коммерциялық
тауарлар саудасына ғана қолданылды, ал ДСҰ тауарлар, қызметтер, идеялар
саудасын немесе интеллекгуалды мүлікті қамтиды.(2,45)
ДСҰ Женева. Швейцарияда орналасқан. Оның негізгі қызметтері:
- бірігіп ДСҰ құрайтын көпжақты және шектеулі мүшелер саны бар
сауда келісімдерін жүзеге асыру және реттеу;
- көпжақты сауда келісім сөздері үшін форумдар кызметін жүзеге
асыру;
- сауда дауларын реттеу жолдарын іздестіру;
- ұлттық сауда саясатын бакылау;
- ғаламдык экономикалық саясатты жүзеге асыруға қатысатын басқа
халықаралық ұйымдармен қатынасу;

Сауда жүйесінін принциптері

ДСҰ келісіміне 29 бөлек құқықтық мәтіндер кіреді. Бұл қосымша
министрлер деңгейінде қабылданған. ДСҰ мүшелерінің міндеттемелерін
түсіндіретін 25 қосымша шешімдер және келісімдермен тұғырландырады. Осы
келісімдерді біріктіріп, көпжақты сауда жүйесіне айналдыратын нақты
принциптері бар.(1,16)

Дискриминациясыз сауда

50 жыл бойы СТЖК-ң негізгі ережелері мүшелер мен импортталатын және ел
ішінде өндірілетін тауарлар дискриминациясына рұқсат берген жоқ. 1 бапта
аталған ең жағымды ел ұғымына сәйкес, барлық мүшелер басқа кез-келген
елдің өніміне жасайтын сауда жағдайларына мүше елдер өніміне де жасауға
міндетті. Яғни еш ел басқа елге қарсы дискриминациялық немесе ерекше
жағымды жағдай жасамауы тиіс: барлығы бірдей жағдайда тұрып, сауда
шектеулерін азайтумен байланысты артықшылықтарға бірдей дәрежеде ие болуы
тиіс.
1 бапта бірқатар салдары бар, мысалы кеден одактары мен еркін сауда
зоналарына байланыстылары. Алайда ең жағымды ел режимі дамушы және т. б.
экономикалық әсері аз елдер, елдер жағымдырақ сауда жағдайларын қолдана
алады.
Ұлттық режим деген атпен белгілі дискриминацияламаудың екіші нысаны
нарыққа сырттан енген тауарлар ішкі өндірісте өндірілген эквивалентгі
тауарлармен бірдей сауда жағдайларына ие болуы тиіс. Бұл СТЖК-ң 3 бабында
қарастырылған.
Қайта қаралған СТЖК мәтінімен қатар, ең жағымды ел мен ұлттық режимге
байланысты ДСҰ-ң бірқатар келісімдері бар. Интеллектуалды мүлік
құқықтарының сауда аспекгілері келісіміне сәйкес, интеллектуалды мүлікті
қорғауға байланысты ЕЖЕ және ұлттық режим міндеттемелеріне кірмейтін
жағдайлар қарастырылған. Қызметтер саудасының жалпы келісіміне (ҚСЖК)
сәйкес. қызметтерді тасымалдаушы мүше елдерге ЕЖЕ режимін ұсыну. Алайда ол
белгілі жағдайда, ДСҰ мүшелері бастапқыдан лсындай режимді ұсына алмайтын
жағдайларда орындалмайды. Осындай босату туралы шешім қабылданған кезде, ол
5 жыл өткеннен кейін қайта қаралуы тиіс және қызмет ету мерзімі 10 жылдан
аспайды.
Басқа дескриминацияламауға байланысты келісімдерге шыгу тегі туралы
ережелер келісімі; жүктегенге дейінгі қарау бойынша келісімдер; капитал
салымдары саласындағы саудамен байланысты келісім; санитарлық және
фитосанитарлық шараларды қолдану туралы келісімдер кіреді.
Нарыктарға болжалынатын және өспелі кіруге рұксат.
Көпжақты сауда жүйесі аркылы үкімет инвесторларға, кәсіпкерлерге,
кызметкерлерге. тұтынушыларға капитал салымдарын арттыруға және жаңа жұмыс
орындарын жасауға ыиталандыратын экономикалық жағдайды қалпыптастыруға
тырысады. Мұндай жағдай компаниялардың капитал салу және алға ұмтылу
мүддесі болған жағдайда тұрақты және болжанатын бола алады.
Нарықтарға кауіпсіз және болжанатын кіруге рұқсат алу тариф және
кедендік баждар арқылы жүзеге асырылады. Квоталар заңсыз болып
табылғанымен, тарифтер заңды болады да. үкіметтер оларды отандық өндірісті
және табыс жинауларын қорғау үшін қолданылады. Алайда олар реттеуге
ұшыратылады. Мысалы олар дискриминациялы емес және байланған болып
табылады. Байлану дегеніміз- нақты тауар бойынша тариф деңгейі ДСҰ үшін
міндеттеме болып табылады және ол негізгі сауда партнерлерінің келісімінсіз
арттырыла алмайды. Көп жағдайларда кедендік одақтың кеңеюіне байланысгы
кейбір аймақтарда тарифтер артып кетеді, осыған байланысты компенсациялық
келесім сөздерін жүргізу керек болып табылады.
Тарифтердің 5 жылға арналған төмендетілуі дамыған елдердің
өнеркәсіптік өнімдеріне 40 % төмендетуіне әкеледі, бұл орташа 6,3 % 3,8 %
дейін және дамыған елдер бажсыз режим қолданатын импортталатын өндірістік
тауарларға 20 44% дейін күрт өсті.
Барлық бейтарифтік импорттық шектеулерді тарификациялау
ауылшаруашылығы нарығының болжамдалу деңгейін жоғарылатты. Ауылшаруашылық
өнімдерінің 30 % квоталық және импорттық шектеулердің объектілеріне
айналды. Қызметтер саудасы кезінде тарифтер қолданылмаса да, болжанатын
шартгарды қажет етеді. Осыған байланысты мемлекет өзіне қызметпен
байланысты қызметті реттеу міндеттемелерін алды. Бұд міндеттемелер
тарифтерге байланысты міндеттемелермен қатар міндетті ұлттық схемаларда
болады және әрі қарайғы қызметтер туралы келісім сөздер раундтары кезінде
кеңейтіледі.
ДСҰ басқа келісімдері алдын-ала түсінікті болғысы келеді, мүше
елдердің ережелерді өз қажетіне байланысты өзгертуді болдырмауға тырысады.
Сауда шарттарына әсер ететін, мүшелер тұрақсыз дискриминациялық және
протекционистік саясатты жүргізу ниеті мүмкін болатын саясаттың әр
аймағында ДСҰ міндеттемелері әрекет етіп, оларды шектейді.
Сауда шарттарының түсінікті болуы ішкі заңдар, тәжірибелер мен
нұсқаулар транспарентті болуы тиіс. ДСҰ көптеген келісімдерінде
транспаренттілік туралы сөз болады. олар ұлттық денгейде ресми жарналарда
жоспарларды көпшілікке жария етуі керек. Сауда саясатын бақылау механизмі
арқылы ұлттық сауда саясатына әрдайым бақылау жасап отыру арқылы ішкі және
көпжақты деңгейде транспаренттілік қамтамасыз етіледі.

Адал бәсекеге жәрдемдесу

ДСҰ шектеулі және қорғаныс мақсатында тарифтерді қолдануға рұқсат
беруіне байланысты еркін сауда ұйымы бола алмайды. Ол адал, ашық және
өзгертілмеген бәсекеге арналған ережелер жүйесі болып табылады.
Демпинг пен субсидиялар жөніндегі ережелер сияқты, дискриминацияламау
ережесі де сауданың әділетті жағдайларын қамтамасыз етеді.
ДСҰ-ң ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімі ауыл шаруашылық өнімдерінің
саудасы кезінде адалдықты қамтамасыз ету үшін қолданылады. Интеллектуалды
мүлік жөніндегі келісім идеялар мен өнертабыстар арасындағы бәскелес
жағдайларды жақсартады. ДСҰ-ң т.б. адал және реттелген бәсекеге жәрдемдесу
мақсатында жұмыс істейтін ережелер жұмыс істейді.

Экономикалық реформалар мен дамуды ынталандыру

ДСҰ мүшелерінің төрттен үш бөлігін нарықтык емес жүйелерден өтпелі
кезеңде тұрған, экономикалық реформаларды өткізгелі жатқан және дамушы
мемлекеттер кұрайды. 1986- 1993 ж.ж. Урувай раунды өткен 7 жыл ішінде 60-
тан астам осындай мемлекеттер сауданы либеризациялау бағдарламаларын
жүргізді.
Кейбіреулері оны СТЖК- не ену шегінде жүргізсе, қалғандары өз бетімен
жүргізді. Уругвай раундында бұрынғыға қарағанда, өтпелі экономикасы бар
және дамушы елдер едәуір белсенді қатысты.
Мұндай жағдай сауда жүйесі тек өндірістік дамыған елдерде болды деген
ойды жоққа шығарады. Бұл дамушы мемлекеттерді СТЖК-ның кейбір
келісімдерінен босату керектігіне көзқарасты өзгертті. Уругвай раунды
аяқталган кезде дамушы мемлекеттер дамыған мемлекеттерге жүктелетін
міндеттемелерге дайындығын көрсетті. Сонымен қатар оларға ДСҰ- ң қиын
міндеттемелеріне бейімделудің өтпелі мерзімі беріледі. Бұл алдымен ең кедей
және ең нашар дамыған елдерге қатысты еді. Сонымен қатар министрлер
деңгейінде қабылданған дамушы елдерге жеңілдіктер беру жөніндегі келісім
экспорттаушы тауарларды нарықтарға жеңілдікпен енгізуге және бұл елдерге
техникалық көмек көрсетуге шақырады.
СТЖК- де қабылданған дамушы елдерге байланысты келісімдер ДСҰ-да да,
өз күшін сақтап қалды. Мысалы 1994 ж. СТЖК - ның 4 бөлімінде 1965 ж.
қабылданған өндірістік елдерді дамушы елдерге көмектесуге ынталандыратын
және жасалған жеңілдіктер үшін келееім сөздер кезінде жеңілдіктер күтпеуге
шақыратын 3 бап қалдырылған. 1979 ж. Гокиолық раунд аяқталған кезде
қабылданған екінші шара Жалпы преференциялар жүйесі негізінде дамыған елдер
дамушы елдерге нарықтарға ену жөніндегі жеңілдетулерге негізделен.

Ашық сауданы жақтайтын себептер

Көпжақты сипатта негізделген ашық экономиканың экономикалық себептері
қарапайым және саудаға тән ойға қонымдылықпен ерекшеленеді.
Барлық елдердің, оның ішінде ең кедейлерінде де, ресурстар болады.
Мысалы адамдық, өндірістік, табиғи және қаржылық ресурстарды ішкі және
сыртқы нарықтарға бәсекелесуші тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін
қолданады. Салыстырмалы артықшылықтар елдердін өз активтерін ең тиімді
жолмен қолданып, ең тиімді өндіру жолдарын қарастырады. Әлемдік нарықта
қызмет атқару аясы кеңейіп, тұтынушылардың ең үлкеи санына жол ашылады.
Яғни либералды сауда саясаты тауарлар мен қызметтердің шектелмеген ағымын
мүмкін қылады да, жоғары сапалы, бағасы тиімді өнімдерді өндіру аркылы
табысты жоғарылатуға көмектеседі.
Алайда саудадағы табыс өзгермейтін сипатқа ие емес. Нарықтың өзгеруі
мен жаңа технологияларды енгізуге байланысты арзан және сапасы жоғары
тауарлар өндірісін әртүрлі компаниялар қамтамасыз ете алады. Алайда ашық
экономиканың ынталандырушы сипатына байланысты олар дамып, басқа аймақтарда
бәсекелестік сипатқа ие болады.
Импорттан қорғау мен әрдайым мемлекеттік субсидиялармен қамтамасыз ету
рентабельсіз компаниялардың нарыққа ескірген өнім ұсынысына әкеледі.
Нәтижесінде бұл компаниялар жабылып, жұмыс орындары жойылады. Егер басқа
үкіметтер осындай саясатты шет елде жүргізсе, әлемдік экономиканың
белсенділігі төмендейді. ДСҰ-ның басты мақсаттрының бірі-осы
протекционизмге көшу әсеріне жол бермеу.

ДСҰ СТЖК- нен калай ерекшеленеді

Дүниежүзілік сауда ұйымы-СТЖК ісін жалғастырушысы емес, керісінше оны
толығымен орнын басып, басқа сипатқа ие болады. Келесі ерекшеліктерді атап
көрсеткеніміз жөн:
- СТЖК ешбір ұйымдық негізі жоқ, көпжақты келісім, ережелер
жиынтығы еді. Ол 40 ж. халықаралық сауда ұйымын кұру
талпыныстарының нәтижесінде пайда болған. ДСҰ өз кезегінде
тұрақты мекеме болып табылады, және оның өзінің секретариаты
болады.
- СТЖК уакытша негізде әрекет еткен еді, бірақ әрекет етудің 40
жылдың ішінде тұрақты ұйым ретінде қабылдауға шешім қабыданды.
ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелер барлық жақты және тұрақты болып
келеді.
- СТЖК ережелері тауарлар саудасына қолданылады. ДСҰ тауарлар
саудасынан басқа, қызметтер саудасын және интеллектуалды мүлік
құқықтарының саудалық жақтарын қарастырады.
- СТЖК көпжақты мекеме болғанымен, 80 жылдарға қарай шектеулі
мүшелер саны кіретін келісімдер саны арта түсті. ДСҰ барлық
келісімдері көпжақты болады және барлық мүшелердің
міндеттемелерін қарастырады.
- СТЖК -нің ескі жүйесіне қарағанда, ДСҰ мәселелерді шешу жүйесі
жылдамырақ және автоматтандырылған болып келеді, яғни онын
қауіпсіздік деңгейі жоғарырақ болып келеді.

2.2. ДСҰ құрылымы және бюджеті

Ұйымның барлық уәкілдерін біріктіруші ең жоғарғы орган- Министрлер
копференциясы. Конференция сессиялары екі жылда бір реттен кем емес
жиналады да, Уругвай раундының мәселелері бойынша шешім қабылдайды. Бірінші
конференция 1996 ж. желтоқсанда Сингапурде өткен; екіншісі 1998 ж. мамырда
Женевада СТЖКДСҰ елу жылдық қызметі нәтижесінде қол жеткізілген нәтижелер
жөнінде қорытынды жасалды; 2001 ж. Доха (Катар) өткен Министрлер
конференциясынан кейін көпжақты келісімдердің жаңа раунды басталды; келесі
конференция 2003 ж. Канкун (Мексика) өткен.
Мииистрлер конференциясы Сауда мен даму жөніндегі комитетті, Төлем
балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында шектеулер бойынша
комитет, Бюджет, қаржы, әкімшілік бойынша комитет, Сауда және қоршаған орта
бойынша комитеттерді тағайындайды.
Министрлер конференциясы ДСҰ Басты директорын тағайындайды. Казіргі
кездегі ДСҰ Басты директоры-Супачай Панитчпакди. Басты директор ДСҰ-ң
Секретариатының қызметкерлерін тағайындайды да, Министрлер конференциясында
қабылданған кұжаттарға қатысты олардың міндеттері мен қызмет ету шарттарын
анықтайды.
Сессиялар арасында қажет туындаған жағдайда (жылына 8-10 рет) ағымдағы
сұрақтарды шешу үшін ДСҰ барлық мүшелерінің уәкілдерінен тұратын Жалпы
кеңес шақырылады. Жалпы кеңес Дауларды реттеу органының және Сауда саясатын
бақылау органынын қызметін бақылайды. Жалпы кеңестің қол астында
Тауарлармен сауда жкөніндегі кенес, Қызметтер саудасы жөніндегі кеңес,
Интеллектуалды меншік құқығының саула аспектілері жайындағы кеңес және т.б.
қызмет етеді. Қызметтер және тауарлар саудасы жөніндегі кеңес шеңберінде
Келісімдер жөніндегі комитеттер және келісімшарттар топтары кұрылған.
Кеңсетер мен комитеттердегі мүшелік ДСҰ-ң барлық мүшелеріне ашық.
Шешімдерді қабылдау. ДСҰ-да жалпы шешімге келу негізіндегі шешім
қабылдау жүйесі қолданылады. Жалпы шешімге келе алмаған жағдайда шешім
дауыстар басымдылығымен қабылданады. Тауарлар, қызметтер, интеллектуалды
мүлік, қабылдаған міндеттемелерден босатылу шешімлері дауыстардың 34
қабылданады. Мүшелер құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайтын өзгертулер
мен жаңа мүшелерді қабылдау дауыстардың 23- мен қабылданады.
ДСҰ секретариаты Женевада орналасқан. Оның кұрамына Басты директор
Супачай Панитчиакди басқаратын 500 қызметкер кіреді. Секретариаттың
міндеттеріне келісімдер мен келісімдерді орындаумен байланысты ДСҰ уәкілді
органдарына қызмет көрсету жатады. Ол дамушы елдерге техникалық көмек
көрсету үшін міндетті болады. ДСҰ экономистері мен статистиктері сауда және
сауда саясаты жөнінде анализ жасайды, ал юристер ДСҰ ережелерін анықтаумен
байланысты мәселелерді шешеді. Секретариаттың басты қызметіне жаңа
мүшелерді қабылдау келісімдері мен үкіметтерге кіру жөнінде кенес берумен
байланысты. ДСҰ-ның бюджеті 134 млн. Швецар франкын құрайды, кұрамына 146
ел мүше болып кіреді. (7)
ДСҰ-на кіру процедурасы өзара байланысқан үш үрдістерден тұрады:
1. кіруші елдің сыртқы сауда режимін және оның ДСҰ-ның сауда
келісімдеріне сәйкестілігін қарастыру.
Бұл келесідей жүзеге асырылады: ел өзінің сыртқы сауда режимі туралы
меморандум дайындайды, ол сұрақ- жауап үрдісінде қарастырылады, одан кейін
Жұмыс тобының баяндамасы дайындалады да, қосылу шарттары болатын қосылу
туралы протокол дайындалады. Қосылудың бұл бөлігі ДСҰ-ның барлық
мүшелерінің қатысуымен көпжақты негізде жүзеге асырылады, бірақ кейбір
сыртқы сауда режимі туралы мәселелер ДСҰ-ның бөлек мүшелері мен қосылушы ел
арасында екіжақты негізде өтуі мүмкін.
Қазақстанның қосылуы жөніндегі келісім сөздер жүргізген кезде келесі
мәселелер жөнінде көптеген сұрақтар туындады:
- баға құрылудың нормалары мен тәжірибесі;
- салық салу жүйесі;
- бөлек экономика секторларындағы субсидиялар, мысалы ауыл
шаруашылығында;
- шет елдік инвестициялар режимі;
- төлем балансы;
- импорттық кеден тарифы;
- қорғау шаралары және т.б. ұлттық өндірушілерді қорғау
шаралары;
- импорттық лицензиялау;
- экспортты реттеу;
- мемлекеттік сауда келісімдері;
- импортты тауарларды стандарттау мен сертификациялау жүйесі,
санитарлық және фитосанитарлық шаралар;
- валюта айырбасы жөніндегі операциялар;
- сыртқы саудаға қатысты мақалалар мен статистика;
- интеллектуалды мүлікке құқықтарды қорғау жүйесі.
2.Тауарлар саудасы жөніндегі келісім сөздер. Бұл келісім сөздер
қосылушы елмен басты сауда серіктестерімен екіжақты негізде жүзеге
асырылады. Мұндай тарифтік төмендетулер, ауыл шаруашылығындағы арнайы
төмендетулерді қоса, қосылу жөніндегі протоколдың айырылмас бөлігі болады,
және ДСҰ барлық мүшелеріне таралады.
3.Қосылушы елдің қызметтер саудасы жөніндегі міндеттемелері. Бұл
келісім сөздер де көпжақты негіздс жүзеге асырылады және оның нәтижесі
қосылушы протоколға қосылатын міндеттемелер тізімі болады. ДСҰ-на елдердің
кіруінің басты, басты шарты-өздерінің ұлттық заңнамасы мен сыртқы
экономикалық қызметті реттеу тәжірибесін Уругвай раундында қабылданған
келісімдер бумасын сәйкестендіру. Құжаттардың барлық бумасын қосылушы елдің
үкіметінің ратификациялауы.
ДСҰ-на мүше болудың артықшылықтары:
- ДСҰ-ның мүшелерімен сауда қатынастарын дамуының болжалдануы мен
нақтылығы;
- ДСҰ мүшелерінің кұқықтарын пайдалану;
- Сауда саясатының ашықтығы мен сауда қатынастарындағы қауіпсіздікті
қамтамасыз ететін сауда серіктестерінің тәжірибесі;
- Сауда серіктестерімен құқықтар бұзылған жағдайда оларды
ДСҰ шеңберінде шешу механизмін қолдану;
- ДСҰ көпжақты сауда келісімдерінде тиімді қатысудың нәтижесінде
өзінің сауда және экономикалық мүдделерін қозғауда ДСҰ кұрал
ретінде қолдану;
ДСҰ келісімдері сыртқы сауданы, оның ішінде экспортты арттыруға
мүмкіндік береді және қатаң көпжақты ережелер нәтижесінде кауіпсіз және
болжанатын саудаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мысал ретінде ДСҰ келесі
келісімдерін келтіруге болады:
Текетиль мен киім жөніндегі келісім - мүше емес елдер бұл келісімде
көзделген сауданы либеризациялаудан түсетін артықшылықтарды қолдана
алмайды. Бұл текетиль мен киімге импорттық квоталарды біртіндеп азайту мен
өтпелі кезеңдегі он жыл ішінде тауарларға квоталарды арттыруға да катысты.
Сонымен қатар мүше емес елдердің текетиль және киім экспорты жөнінде жаңа
шектеулерді енгізілуі мүмкін.
Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісім - бұл келісімде көзделген нарыққа
енуде мүше емес елдер артықшылықтарға ие бола алмайды. Олардың ауыл
шаруашылық өнімдерінің экспортына ДСҰ жүргізген тарификацияның нәтижесінде
кеден баждарының жоғары қойылымдары салынады. Ауыл шаруашылық келісімі ДСҰ-
ның мүшелерінің ауыл шаруашылық өнімдеріне сандық импорттық шектеулерді
салуға рұқсат етпесе де, Уругвай раундының нәтижесінде кейбір ірі мүше
елдердің заңнамасы өзгертілді де, олар, мүше емес елдердін ауыл шаруашылық
импортына сандық шектеулер салуларына мүмкіндіктері бар.
Антидемпинг, субсидиялар жәие компенсациялық шаралар жөніндегі келісім-
бұл келісімге сәйкес ДСҰ- ның барлық мүшелері антидемпингтік және
компенсациялық тексерулер жүргізудің нәтижесінде салынған шығын фактісін
тексеру мүмкіндігіне ие болады. Бірақ Уругвай раундында қабылданған заңнама
бойынша мүше емес елдерден импортталатын өнімдерге салынған шығын жөніндегі
тексерулер жүргізілмейді. Сонымен қатар бұл ДСҰ- ның ережелерін бұзып,
дискриминациялық шара болса да, мүше емес елдер импортына андемпинг
шараларының шеңберінде сандық шектеулер салынуы мүмкін.
Қорғау шаралары жөніндегі келісім- бұл келісімде көзделген шаралар
(минималды дискриминациялық ауытқулар негізінде қоргаушы шаралар қолдану;
экспортты өз еркімен шектеу келісімдерін жою; кеңес берулер мен алдын-ала
айтулар сияқты қорғау шараларын енгізу процедураларын қатаң орындау)
қосылушы мемлекеттерге қолданып, олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауда келісім сөздерінің раундтары - бумалық келісімдер арқылы алға басушылыққа жол ашу
Токиолық раундта
Әлемдік қаржы және экономикалық дағдарыс
Ақшаның маңызы мен қызметі
Валюта, валюта бағамы, валюта қатынастарының экономикалық мәні
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі
Ресей Халықаралық валюта қоры
Төлем балансының теориялары
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы валюта жүесі
Пәндер