Қазақ тіл білімінде үйірлі мүшенің зерттелуі


Мазмұны
І. Кіріспе . 3
ІІ. Негізгі бөлім . 5
- Қазақ тіл білімінде үірлі мүшенің зерттелу жайы …6
- Үйірлі мүшенің жасалу жолдары 16
- Үйірлі мүшенің түрлері . . . 20
А) Үйірлі бастауыш20
Ә) Үйірлі баяндауыш. 27
Б) Үйірлі толықтауыш32
В) Үйірлі анықтауыш37
Г) Үйірлі пысықтауыш. 46
ІІІ. Қорытынды. . 50
Пайдаланған әдебиеттер. . 52
I. Кіріспе
Тіл дамуы қоғамдық құбылыс дейтін болсақ, қазақтың ұлттық тілінің қалыптасуы жалпы қазақ тілі тарихындағы аса елеулі кезең болып саналады. Әр халықтың ұлттық тілі, сол тілде сөйлейтін халықтың ұлт болмаумен бірге қалыптасатын тіл дамуының жаңа сападағы көрінісі болып саналады. Бұл жөнінде лингвистикалық сөздікте: «Ұлт тілі - ауызекі және жазба түрде ұлттық қарым - қатынас құралы қызыметін атқарушы тілді білдіретін әлеуметтік - тарихи категория. Ұлт тілі ұлттық өмір сүруінің алғы шарты, әрі өзі де сол процестің нәтижесі болып табылады», - деп көрсетеді.
Қазақ тілі - түркі тілдер тобындағы біршама жас тіл екендігіне қарамастан, дамудың күрделі процестерінен өткен өзіндік грамматикалық құрылымы, даму тарихы бар тіл. Тіл дамудағы өзгерістер оның бір ғана саласын қамтымайтыны белгілі.
Сөйлемнің құрылымын тарихи салыстырмалы түрде талдау оның ертегідегі типтерін, бұл сөйлемдердің қазіргі тілдерге қатынасын көрсетіп қана қоймайды, тілдік бірегейдің тарихи даму жолмен ондағы өзгерістерді де қамтиды. Түркі тілдеріндегі жай сөйлем синтаксисын зерттеуші ғалымдар сөйлем мүшелері дамуындағы тілдік өзгерістердің бірдей еместігін көрсетеді.
Қазақ тілінің грамматикасын зерттеген алғашқы лингвист - ғалымдарымыз А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев, Ғ. Бегалиевтердің еңбектерінде сөйлем мүшелері әр түрлі дәрежеде сөз болады. Олар, негізінен алғанда, сөйлем мүшелеріне анықтама беріп, оның тілегі қолданысына мысал келтірумен шектелген болса,
3
50 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін зерттеушілеріміз аталған мәселеге әр қырынан келеді.
Осы тұрғыдан келгенде қазақ тілінің сиинтаксис саласын зерттеуші М. Балақаевтың, Т. Қордабаевтың, О. Төлегеновтің, Р. Әміровтің, Қ. Есеновтің, Ә. Абылақовтың, Т. Сайранбаевтың, М. Серғалиевтің, Е. Ағмановтың т. б. Еңбектері ұлттық ленгвистикамыздағы әр алуан аспектілерді талдаумен бірге көптеген жалпы түркілік проблемаларды шешуге де мұрындық болары сөзсіз.
Синтаксис саласындағы әлі де болса шешуін күтіп тұрған мәселелер баршылық. Соның бірі - қазақ тіліндегі үйірлі мүшелер.
Қазақ тіліндегі үйірлі мүшелер проблемасының күрделігі соншалық - мұндай мүшелі сөйлемдер бірде құрмалас сөйлем аясында, бірде жай сөйлем синтаксисі аясында қарастырылып келді. Мұның өзі үйірлі мүшенің басты грамматикалық ерекшелігінен, дәлірек айтсақ, жеке сөйлем ретінде танытарлықтай субьекті - предикаттық қатынасқа негізделетіндігінен туындаса керек. Десе да қазақ тіліндегі үйірлі мүшелер жай сөйлеммен ұқсас мүшелері бола тұра, одан ерекше белгілері бар жеке синтаксистік единница.
Лингвистический энциклопедический словарь. М. 1990. стр. 325.
4
II. Негізгі бөлім
- Қазақ тіл білімінде үйірлі мүшенің зерттелу жайы.
«Үйірлі мүше» деген атау түркітану жңа термин емес. Бірақ оның табиғаты әр тілде әр түрлі бұл терминнің мағынасы «топталған, жинақталған» мүше деген ұғым береді. Яғни, белгілі қызмет атқару үшін бірнеше сөз қатар тұрып, бір синтаксистік функсияда қолданылады. Мұндай мүше өзара субъек- предикаттық ыңғайда келеді. Тіпті оның құрамында бұларданда басқа сөздердік болуы мүмкін. Ондай жағдайда олар сөз тіркесінің байланысу тәмсілдері мен формаларын қамтиды.
П. И. Мелоранский «краткая граматика казак-киргизского языка» атты еңбегінде қазақ тіліндегі осы күнгі үйірлі мүше делініп жүрген категория жөнінде арнайы пікірі болмаған. (Інісі бардың тынысы бар, көзі көрмес кісі) дегендерді «анықтауыш пен анықталатын» сөйлемнің аралығындағы ерекше құбылысқа қосады. Бұған қарағанда, сол кездің өзінде-ақ қазақ тілінің кейбір синтаксистік құрлысындағы ерекшелігін ғалымның байқағаны анық. Оған дәлел П. И. Мелоранский осы еңбегінде қазіргі қазақ тілінің граматикалық құрлысында бар «біз қазақ елі ат белінде, атан қомында жүрген ел едік» деген сөйлемді келтіреді. Сондай- ақ бар, жоқ, есімше, сын есімдердің әр түрлі қызметін сөз ете отырып, бұлардың дербес сөйлем құрауындағы, зат туралы әр түрлі сападағы күрделі түсінікті білдіретінін айтқан. Сөз жоқ, бұл қазақ тіл білімі туралы сол кездегі алғашқы қадам еді.
Әр кездегі түркі тілдерді зерттеуші ғалымдар үйірлі мүшелерінің жасалуында, тек қана есімшенің қызметін ескереді де,
5
үйірлі мүше жасаудың қалған тәсілдері мен түрлерін келтіріп талдау бермейді.
Қазақ тіліндегі үйірлі мүше туралы 1936 жылы С. Жиенбаев «Тіл мәселелері» атты жинақта арнайы әңгіме жасап, онда айтылған пікірін 1941 жылғы «Синтаксис мәселелері» деген еңбегінде қорытып, үйірлі мүшесі бар сөйлемді «Біздің үйірлі мүше деп жүргеніміз - бәз - баяғы бағыныңқы сөйлем » деген болатын, онда сол еңбектерін жазу кезінде-ақ әр түрі ой айтқанын ескермеске болмайды. Мысалы:алғашқы еңбегінің 17 бетінде: «Үйірлі мүшелері бар сөйлемдер күрделі ойды білдіреді. Сондықтан олар құрмалас сөйлем қатарына қосылулары керек. Қазақ тілінде құрмалас сөйлемнің сабақтас, салалас деген екі түрі анық сияқты»- дейді. Іле-шала, осы ойына жалғас сөйлемде «үйірлі мүшесі бар сөйлемдер бұл екеуінің қай-қайсыны да дәл келе қоймайды. Үйірлі мүшелі сөйлемнің айтылу ырғағында құрмалас сөйлемнен өзгешелік жоқ. Үйірлі мүшелер жай сөйлем мүшесі сияқты болып айтылады. Сөйлемнің үйірлі мүшесі мен дара мүшесінің айтылу интонациясында айырмашылық жоқ, екі арада пауза болмайды» - деген тоқтамға келген болатын. Осындай қасиеттеріне тоқтала келіп, С. Жиенбаев «Сондықтан үйірлі мүшесі бар сөйлемнің сөйлемдік структурасын өз алдына сөз қылалық» деген пікір ұсынған. Бірақ, автор кейінгі еңбектерінде үйірлі мүше атаулыны құрмалас сөйлем есебінде ұғынып, талдау жасады. Үйірлі мүше туралы пікір айтқандардың бірі - Н. Т. Сауранбаев.
Үйірлі мүше туралы мәселе ғалымның 1948 жылы шыққан «Құрмалас сөйлем жүйелері» және «Қазіргі қазақ тілі» (1954ж. )
6
кітабында орын алады. Бірақ бір ақиқат: сол еңбектердің қай-қайсысында да үйірлі мүше сабақтас құрмалас сөйлемге телініп, негізгі өзінің синтаксистік функциясында берілмеді. Н. Т. Сауранбаевтің синтаксистік категориясы жөнінде жақсы пікірі бар. Мәселен, «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем мүшелері» (1948ж. ) деген еңбегінде: «Біздіңше қазақ тілінде де басқа түрік Мелиоранскйй П. И. Краткая грамматика казак- киргизского языка тілдеріндегі сияқты сабақтастықтың белгілі қалыптасқан түрлері бар. Олардағы бағыныңқы сөйлемдер мен жайылма жай сөйлемдердегі үйірлі мүше- екеуі екі басқа» - дейді.
Автордың айтуына қарағанда, бағыныңқы сөйлемдер мен күрделі немесе үйірлі мүшені шатастыруға болмайды. Бұлардың ішінде бағыныңқы сөйлемдер дегенді әдейі ерекшелеп, оның қалыптасқан түрлері қазақ тілінде де
бар екенін есепке алады. Сондай ақ автор үйірлі мүше мен күрделі мүшенің сабақтас екенін көрсетеді. Назар салып қарайтын болсақ, Н. Т. Сауранбаев пікірінде екі түрлі позитсия ұстанғаны байқалады. Бірі - үйірлі мүшені сабақтас құрмалас сөйлемнің компониеті ретінде ұғу, екінші сабақтас құрмалас сөйлемді құраушы бір компаненттің тек қана мүшесі болады деген түсінік.
С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев, Г. Байтоғаевалар үйірлі мүшені «Басынқыдағы бір мүшені анықтайды» деген пікір айтады. Шынына келгенде, басынқы сөйлемде ғанан ойдың тиянақтылығы болады да бағыныңқылы сөйлем сол басынқыдағы ойдың әр түрлі өту сапасын білдіреді.
Үйірлі мүше үнемі «басынқыдағы» бір мүшемен байланысты
7
болады деген пікір практикалық жағынан дәлдік болмайды. Үйірлі мүшелер де дара, күрделі мүшелер сияқты жеке алғанда бір жай сөйлемдегі немесе құрмаластың салалас, сабақтас түрлерін құрған бір ғана компониеттің ішіндегі (кейде екі компониетіне де келуі мүмкін) бір мүшемен байланысты болады.
Бұл жөнінде профессор М. Балақаев 1949 жылы «Қазақ тілі грамматикасы» (синтаксис) деген оқулығында: «Сол күрделі мүшенің бір бөлігі - үйірлі мүше болады» - деп дұрыс айтты.
Жиенбаев С. Қазақ тілінің методикасы. А. 1946. 16Б.
Сөйлемнің үйірлі мүшесі жайында елеулі қадам жасаған Г. Байтоғаева өзінің «Сложно - определительные конструкция (развернутые определение ) в современо казакском языке» деген диссертациялық еңбегінде зерттеуші қазақ тіліндегі үйірлі анықтаушыларға тоқталады. Автордың көрсеткеніндей, қазақ тілінде мұндай конструкциялардың үштен екісі анықтауыштық қызмет атқаруға бейім келеді. Г. Байтоғаева 1956 жылы координатциялық кеңесте сабақтас сөйлем туралы мәселе қойғанда, мынандай пікір айтқан болатын: «Учитывая все вышесказанное рассмотренные нами синтактические явления казахского языка - предложения с сложно - определительными конструкциямимы относим к разряды не простых, а сложных предложений». Үйірлі мүше, оның ішінде үйірлі анықтауыш туралы осы көзқарас зерттеушінің ғылыми еңбегіне өзек болды. Мысал: Жолаушылар қозыларын жаңа жамыраған, иттері өріп шулаған, құлындары шіңірлеп кісінеген көп үнді, даңғаза болған ауылдың үстінен шықты.
8
( М. Ә. ) сөйлемдегі негізгі ой жолаушылардың келуі.
М. Әуезов осы жолаушылардың келген жерінің қандай екенін көркем тілмен жеткізу үшін жеке алғанда бірнеше жай сөйлемдік мағнасы бар - қозылары жамыраған, иттері үріп шулаған, құлындары шіңірлеп кісінеген көп үнді, даңғаза болған - деген әрқайсысы өзара бастауыш баяндауыштың ыңғайдағы тіркестерімен өз ойына әдейі өң берген. Осы сөйлемді талдасақ, былай болар еді:
- Жолаушылар не қылды ? - баяндауыш.
- Қозылары жаңа жамыраған, иттері шулаған, құлындары шіңірлеп кісінеген көп үнді, даңғаза болған ауылдың үстінен кімдер шықты? - Жолаушылар - бастауыш.
- Жолаушылар қайда шықты? Ауылдың үстінен - мекен пысықтауыш.
- Жолаушылар қандай ауылдың үстінен шықты? қозылары жамыраған, иттері үріп шулаған, құлындары шіңірлеп кісінеген көп үнді, даңғаза болған - ауылдың үстінен деген синтаксистік анықтайтын мүше.
Бұларды жеке - жеке алғанда өз алдына аяқталған ойды білдіретін сөйлемдер ретінде қарастыруға болар еді. Бірақ тіркестегі сөздер жеке - жеке сөйлем ретінде айтылы, қолданылып тұрған жоқ. Сондықтан мұндай сөйлемдерді үйірлі мүшелі жай сөйлем есебінде түсінеміз. Үйірлі мүше жөнінде екігші бір түсінік бар. Бұл алғашқы пікірлерге қарама - қарсы. Яғни, үйірлі мүшені сабақтас құрмалас сөйлемнің ұқсастық, айырмашылық жақтарын есепке алады, жігін ашады. Ақырында, үйірлі мүше сөз тіркесіне тікелей қатысты екені аңғарылды.
9
Үйірлі мүшені сөйлемнің тек қана мүшесі деп танушылардың қатарына профессорлар М. Балақаев, С . Аманжолов, Т. Қордабаев сияқты көрнекті тіл мамандары қосылды. Бұл кісілердің үйірлі мүшеге берген анықтамаларында азды - көпті айырмашылықтар бар. Бірақ бәріне ортақ бір жай - бұлардың үйірлі мүшені сөйлем мүшесі ғана деп тануы. Міне, осы жай жалпы мүддеге сай келеді.
Профессор М. Балақаев: «Олар сөйлемдегі басқа сөздермен байланыста айтылғанда: сөйлемнің тұтас бір мүшесі болып ұғынылады да, бір сұраққа жауап береді, ал оларды бөліп өз алдына талдағанда бастауыш, баяндауыш, тағы басқа мүшесі бар сөйлем, ұғынылады» - дейді.
Абай жатқан үйге ертеңгі - кеш көп кісі келеді.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,
Қазақтың келістірер қай баласы.
«Абай жатқан» деген сөздердің тобы ғана сұрауға (қай?) жауап беріп, өзара бастауыш, баяндауыштың ыңғайдағы анықтауыш болып тұр. Оның анықтайтын сөзі - «үйге». «Абай жатжатқан» неліктен «үйірлі» деген атауға ие болады? Оның себебі - осындағы есімше «Абай» сөзін өзіне үйірген. Бұл жерде мәселе тікелей сөз тіркесімен байланысты. Өйткені, сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің бірі басыңқылық, бірі бағыныңқылық мағнада тұру керек. Енді мұндағы басыңқылық мағына есімшеге тән. Осы себептен де Абай жатқан синтаксистік қызметі жағынан бір ғана мүшенің ролін атқарып сөйлемде үйірлі анықтауыш болып тұрғанша күмән келтіруге болмайды.
10
Ал, осы үйірлі анықтаушымыз қазір есімшеден және зат есімнен жасалып тұрса, екінші мысалда екі есім сөзінің қатар алынуы арқылы берілген «іші алтын, сырты күміс» дегендер де бір мүшенің анықтауыш болып келген. Бұлар да алдындағы тіркес сияқты қарастыруға келетін грамматикалық құбылыс. Ал осы анықтауыш болып тұрған сөздердің тіркесін қарапайымдағы жай есім құрлысты сөйлем ретінде қарастыратын болсақ, онда мынандай сөйлем пайда болар еді: « сөзінің іші алтын - сырты күміс» немесе үйдің асты қызыл кірпіш, үсті - ағаш. Бұл сөйлемдегі кез - келген есім құрлысты «Қасым - құрлысшы, Сәуле - мұғалім» т. б. Бұл сөйлемдерді талдағанда бірі бастауыш болса, екіншісі баяндауыш қызметінде тұр. Ендеше:
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,
Қазақтың келістірер қай баласы. «Абай»
Асты қызыл кірпіш, үсті аға қоңыр шатырлы екі қабат үй тиянадай, көзге де көрікті (М. Ә) - деген сөйлемдердегі «іші алтын, сырты күміс, асты қызыл кірпіш, үсті ағаш» тіркестерін үйірлі мүше ретінде қарастыратынымыз - бұларды да өз алдына жеке алғанда сөйлем есебінде түсінуге болады. Бірақ осы тіркес қазір сөйлемдік дәрежеде тұрған жоқ, керісінше сөйлемдік қалпын қойып, тек қана сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалған.
Профессор Балақаев 1949 жылғы мектеп оқушыларына арнап шығарған «Қазақ тілі грамматикас» атты кітабында
«Үйірлі мүше дегеніміз - сөйлемдік тізбектегі көп сөздерден болған мүшелер» - дейді. Шынында да, үйірлі мүшелер тек қана
11
бастауыш, баяндауыштың ыңғайдағы сөйлемдік тізбек деп қоймай, ондай тізбектің құрамында басқа да сөздердің болғанын ескереміз. Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрлысында мұндай жағдай жиі ұшырайды - деп профессор Балақаев өз пікірін Шәукенов
Құсқан одан әрі сабақтап, мысалдармен дәлелдеді.
- Дәмежен сұңғақ бойлы, көтеріңкі кесектеу мұрны бар
Жаудыраған үлкен, әдемі қара көзді әйел еді. (М. Ә. )
- Осындай сырт ажарында тіршілік белгісі жоқ, суық қабақ жабырқау ауылған үш салт атты келді.
Бірінші сөйлем - жай сөйлем. Олай болатын себебі - онда айтылған ой біреу.
А) Дәмежан кім еді? әйел еді - баяндауыш, Есім көмекші етістікті құрама баяндауыш.
Ә) Кім әйел еді ? - Дәмехан - бастауыш.
Б) Дәмехан қандай әйел еді - сұңғақ бойлы, көтеріңкі кесектеу мұрны бар жаудыраған үлкен, әдемі қара көзді - анықтауыштар. Осы анықтауыштардың құрама жағынан алғанда бәрі бірдей еместігі байқалады. Яғни сұңғақ бойлы, жаудыраған үлкен, әдемі қара көзді - дегендер күрделі анықтауыштар, ал көтеріңкі кесектеу мұрны бар деген үйірлі анықтауыш болады. Дәлел: егер алғашқы бірыңғай күрделі анықтауыштардың құрамындағы қай сөз болса да, біреуін алып тастайтын болсақ, онда сөйлемде айтылатын ойға ешқандай нұсқан келмейді. Мысалы: Дәмехан сұғақ әйел еді. Дәмехан бойлы келісті әйел еді. Дәмехан жәудіреген үлкен көзді әйел еді т. б. Ал. Үйірлі мүшеде Дәмехан мұрны бар әйел деп айту сөйлемдегі мағынаға қайшы келеді, құрамындағы сөздерді өз ішінен талдауға
12
алсақ, мұнда бастауыш та мұрны, баяндауыш та бар, анықтауыш та көтеріңкі кесектеу кездесетінін анықтауға болады, ал екінші мысалда үйірлі мүшенің құрамы кеңейе түскен. Мұндағы үйірлі мүшеміз - осындай сыр ажарында тіршілік белгісі жоқ деген сөздердің тобы.
Тіршілік белгісі - бастауыш, жоқ - баяндауыш, ақырында-толықтауыш, сырт-анықтауыш сияқты. Бірақ үйірлі мүшеге жүргізілетін талдау таза грамматикалық, яғни, синтаксистік талдау емес, бұл үйірлі мүше мен күрделі мүшені, үйірлі мүшемен құрмалас сөйлемді шатастыру үшін қолданылатын тәсіл болады - деп көрсетеді.
Үйірлі мүше жайында тың пікір айтып, көлемді еңбек еткен Құскен Шаукенов. «Үйірлі мүшелер, оларды оқыту методикасы» атты еңбегінде бұрын-сонды үйірлі мүше жайлы айтылған ғалымдардың ой-пікірлеріне талдау жасап, саралған. Күрделі мүше мен үйірлі мүшенің ұқсастық, айырмашылық жақтарын атап көрсеткен. Олардың басты ұқсастықтар-формулалары мен мағыналарына, айырмашылықтары кез келген күрделі мүше бірнеше сөзден тұрғанымен, оларды өзара талдауға келмейді, ал үйірлі мүшелер өз ішінен талдау көтере алады. Қ. Шаукенов: үйірлі мүшелерді - сөйлем мүшелерінің шоғыры деп, оларды өз ішінен тіркес құрай алмайды, тек қана сөз тіркесін компанентті болуға қабілетті.
Балақаев М, Қазақ тілі грамматикасы . 1949 ж.
түйдекті тіркес деп түсіндіреді. Сонымен бірге Қ. Шаукенов Үйірлі мүше болу үшін тек қана субъекті - предикаттық ыңғайда тұру шарт емес. Қазақ тілінде есімшеге қана үйірлетін әр түрлі грамматикалық
13
тұлғалардағы сөздердің қатары кездесе береді. Бұл сөздер сол өзі қарасты есімшемен бір тізбек құрап - сөйлемде бір ғана мүшенің қызметін атқарады. Үйірлі мүшенің мұндай «субъектісізі» түрі тек қана есімшеге үйірлеген сөздер тізбегінде кездеседі де, қалған жағдайларда үйірлі мүшелер субъекті - предикаттық ыңғайда болады - деп көрсетіп дәлелдеген.
Азаматтық кеңседе бітіре алмаған жұмысын пәтеріне әкелетін болды.
- Азамат не қылатын болды? - әкелетін болды - баяндауыш.
- Кім әкелетін болды? - Азамат - бастауыш.
- Азамат кеңседе бітіре алмаған жұмысын қайда әкелетін болды? - пәтеріне - пысықтауыш.
- Пәтерде нені әкелетін болды? - жұмысын - толықтауыш.
- Қандай жұмысын? - Кеңседе бітіре алмаған - үйірлі анықтауыш.
Бұлай болатын себебі айқын. Азаматтық пәтеріне әкелетін жұмысы қайдағы бір даладағы істелген жұмыс емес кеңседе істеліп бітпей қалған жұмыс. Сондықтан Б. Майлин дәл кеңседе бітіре алмаған жұмыс екенін баса айтып отыр. Біз «жұмыс» өзінің анықтауыш «алмаған», «бітіре алмаған» деп қарастырмаймыз, осы үшін сөздің тізбегі арқылы түсінеміз. «Бітіре алмаған жұмысын» деп анықтауыштық - анықтаушылық қатынаста қарауға болар еді, бірақ «кеңседе» сөзі о баста бітіре алмаған сөздеріне байланысты, бағынышты болғаны анық. Бірақ «кеңседе» бұрынғы мекенді мағынасынан айрылып, әуелде өзі бағынған етістік сөздері анықтауыштың қызметке ауысуына сай қазір сол тізбектің құрамында
14
қалып қойған - деп, үйірлі мүше болуда есімшеге топталған
Шакенов Қ. Үйірлі мүшелер, оларды оқыту методикасы. А. 1991 ж.
Есім сөзінің әр түрлі грамматикалық формалары сол есіммен бір тізбек құрайды да сөйлемде үйірлі мүше бола алады, - дейді.
Үйірлі мүшенің осындай басты қасиеттеріне тоқтала келіп
Қ. Шәукенов былай деп анықтама береді:
«Сөйлемдік дәрежеден айырылып, сөйлем мүшесі функциясына ауысқан сөздердің синтаксистік тобын үйірлі мүшелер дейміз».
Профессор Балақаев ста С. Аманжолов та, Т. Қордабаев та үйірлі мүше туралы пікірлерінде осы мүшені құрған сөздердің тобын өз ішінен талдауға келетін айтады. Мәселен: С. Аманжолов
«Құрамындағы сөздері жеке талдауға келетін бақ тұтас алғанда, бір ғана сұраққа жауап беретін сөздер тізбегін үйірлі мүше дейміз» десіре, Т. Қордабаев «Үйірлі мүшеге өз ішінде бастауыш, баяндауыш және басқа да мүшелерге жүктеле алатын байлшанысты сөзінен интонаия арқылы бөлінбей, бір ғана мүшенің қызметін атқаратын сөздер тіркесі деген анықтама беуі керек», - дейді. Ғ. Әбуханов 1960 жылы шыққан «Қазақ тілі» атты оқулықта: «Сөйлемнің күрделі мүшесі сияқты бір сөзбен байланысып, бір сұраққа жауап беретіндей болып тіркескен бірақ тіркестегі сөздері өзара жеке сөйлем мүшесі ретінде талдауға келетін сөздердің синтаксистік тобы үйірлі мүше - деп аталады» деген ереже ұсынды.
15
2. Үйірлі мүшенің жасалу жолдары
Профессорлар: М. Балақаев, С. Аманжолов, Т. Қордабаевтың және доцент Ғ. Әбухановтардың жалпы үйірлі мүшелерге берген анықтамаларында бір ортақ өзара өте ұқсас пікірде болғандығы байқалады. Мәселен: Т. Қордабаев «Сонымен үйірлі мүше болатын тіркестеріміздің құрамында, бастауыш, баяндауыш боларлық сөз болады, ал күрделі мүшеде мұндай қасиет болмайды»- дегенін ескертсек, мұндай қасиет көбінесе үйірлі анықтауыштардан табылады
Мысалы:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz