Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу мәселелерін талдау



КІРІСПЕ

1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЬЕКТІЛЕРДІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Несиенің экономикалық мәні, оның түрлері
және несиелендіру қағидалар
1.2Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуындағы несиелеудің орны
1.3 Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекет тарапынан
қаржы . несиелік және инвестициялық қолдау саясаты

2 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЬЕКТІЛЕРІН НЕСИЕЛЕУ ТӘЖІРИБЕСІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Шағын және орта бизнестің даму тенденциясы және несиелеу динамикасы
2.2 Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының несиелік
қабілетіне талдау

3 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЬЕКТІЛЕРІН НЕСИЕЛЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Шағын және орта бизнеске несиені тартудағы кездесетін мәселелер
3.2 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады. Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.
Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады. Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады, несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелер бөліп отыр. Өйткені әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді. Банктер өздерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудың әдістемесін жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін анықтауда қолдануы қажет.
Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы, несиелеу механизімінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларын құрастырды. Банктердің шағын бизнеске несие ұсынуының тиімділігін арттыру, ынталылығын көтермелеу, Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизімін жетілдіру бүгінгі күннің талабы.
Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы саласының бiрi болып табылады. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн мемлекет тарапынан түрлі жаңа қадамдар жасалынуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн конструктивтiк бизнес-идея, тиiмдi басқару (менеджмент) және қаржының жеткiлiктi болуы шартты жағдай.
1 Правила классификации активов, условных обязательств и создания провизий против них, с отнесением их к категории сомнительных и безнадежных. Утверждено постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 ноября 2002 г. - № 465.
2 Методика определения кредитоспособности заемщика. Утверждено решением Кредитного Комитета ОАО «Казкоммерцбанк» от 15 апреля 1999
3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, әрі дамыту мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестері туралы үлгі ереже бекіту туралы: 2002 ж. 19 тамыздағы №917 Қаулысы// Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметінің Актілер жинағы. 2002– №27.- 34-37 б.
4 Банки и банковские операции: Учебник для вузов. Жуков Е.Ф., Максимов Л.М., Маркова О.М. - М.: Юнити, 1997. – С. 214.
5 Банковское дело: Учебник Под ред. Г.С. Сейткасымова. – Алматы: Қаржы-қаражат, 2002 – С. 159-174.
6 Банковское дело: Учебник Под ред. Лаврушина О.И. – М.: Кнорус, 2008.- С. 256-305.
7 Бухгалтер бюллетені 2004. – № 31. –7 б.
8 Бухгалтерлік есеп және аудит 2002. – № 6. – 12 б.
9 Банки и банковские операции: Учебник для вузов Жуков Е.Ф., Максимов Л.М., Маркова О.М.- М.: Юнити, 1997. - С. 471.
10 Банковское дело: Учебник Под ред. Г.С. Сейткасымова.- Алматы:. Қаржы-қаражат, 1998. – С. 159-174.
11 Банковское дело: Учебник Под ред. Лаврушина О.И.- М.: Кнорус 1998.- С. 256-305.
12 Боровиков В.И. Денежное обращение, кредит и финансы: Учебное пособие для студентов экономического университета. - Воронеж, 1996. –
С. 192.
13 Вестник КазГУ 2004. – №2. С. –6
14 Гамидов Г.М. Банковской и кредитное дело. - М.: Юнити, 1998. - С.92.
15 Дауранов И. Кредитование субъектов малого предпринимательства // Банки Казахстана. 2000 . – №11. – С.13-17.
16 Жуков В.Г. Общая теория денег и кредита. - М.: Юнити, 1998.-С. 62.
17 Жуков Е.Ф. Деньги, кредит, банки. М.: Юнити, 2000. - С. 622.
18 Зеленкова Н.М. Ипотека //Деньги и кредит. 1992. – №11. – С.53-55.
19 Искалиев К. Малому бизнесу - государтсвенную поддержку// Мысль. – 1999. – №5. – С. 52- 56.
20 Ильясов К.К. Проблемы страхования рисков при финансировании малых и средних предприятий// Экономика Казахстана на пороге ХХI века: – сб. науч. тр. – Алматы: Экономика, 1999. – С. 676-690.
21 Калиева Г.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстане: Учебное пособие. 2001. – С. 150.
22 Калиева Г.Т. Кредитное дело. – Алматы.: Қаржы-қаражат, 1998. – С. 128.
23 Кенжегузин М. Реформирование экономики Казахстана. – Алматы.: Экономика 1997.-С.90
24 Лаврушин О.И. Банковское дело. - М.: Финансы и стататистика, – 1998. - С.25-30.
25 Лебедов Е.А. Кредитный механизм и его роль в становлении рыночной экономики. – СПб.изд.СПбУЭФ. 1992.
26 Мейірбеков Б.К. Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау мен реттеудің қажеттілігі// Сб. науч. тр. –Алматы.: Экономика, 2000. – 142-156 б .
27 Мысль 2003. –№ 8. –С.10.
28 Мейірбеков Б.К. Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау мен реттеудің қажеттілігі// Сб. науч. тр. – Алматы: Экономика, 2000. – 142-156 .
29 Назарбаев Н.Ә. Шағын бизнеске үлкен жауапкершілік жүктеледі:
18 қыркүйекте Кәсіпкерлер форумында сөйлеген сөзі//Егемен Қазақстан. – 2002. - 20 қыркүйек.
30 Ольшаный А.И. Банковское кредитование – М.: РДЛ, 1997. –С.109.
31 Питер Р. Роуз. Банковский менеджмент– М.: 1995. – С.21-25.
32 Райханұлы Н. Шағын кәсіпкерлік: Бағдар айқындала түсті// Ақиқат. 2001. – №7. – 38-42б .
33 Рассказав Е.А. Управление свободными ресурсами банка. М.: Финансы и стататистика, 1996. – С.215.
34 Рид Э. Коттери др. Коммерческие банки – М.: Космополис, 1991.- С.72-75.
35 Сейткасымов Г.С. Банковское дело. – Алматы.: Экономика, 1998. - С.62
36 Сәрсенұлы Е. Республикадағы шағын және орта бизнестің хал-ахуалы// ҚазЭУ хабаршысы. - 2002.- №3. – 52-57 б.
37 Саниев М.С. Деньги, кредит, банки: Учебник. – Алматы, 2000. – С.198.
38 Финансы и кредит 2004. – № 15. – С.15.
39 Финансы и кредит 2004. – № 18. –С.17.
40 Усоскин В.М. Современный коммерческий банк.- М.:ИПС Вазар-Ферро, – 1993.-С.19
41 Усоскин В.М. Современный коммерческий банк: управление и
операции. М.: ИПЦ, Вазар Ферро, 1994.- С.98.
42 “ҚР Ұлттық банк туралы” ҚР заңы (соңғы өзгерістер мен толықтыруларды есепке алғандағы) // 30.03.1995.
43 “ҚР банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңы (соңғы өзгерістер мен толықтыруларды есепке алғандағы) // 30.08.1995.
44 Ольшаный А.И. Банковское кредитование. – М.: Русская деловая литература, 1997.- С.15.
45 Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков; российский и зарубежный опыт. М., Финансы и статистика; 1995.- С. 145-148
46 Брагинский М. И. Обязательства и способы их обеспечения; неустойка, залог, поручительство, банковская гарантия. -М.: Дело, 2003 .- С. 15-18
47 ҚҰБ-нің 2002–2005жж., статистикалық бюллетені.
48 Банковское дело Под ред. Г.С. Сейткасымова. - Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998.- С. 215-233
49 Банковское дело Под ред. О.И. Лаврушина. – М.: Финансы и стататистика, 2004. - С. 316-337.
50 Банковское дело: стратегическое руководство / Под ред. В. Платонова, М. Хиггниса. – М.: “Консалтбанкир”, 1998.- С. 118-131.
51 Банковская система России (настольная книга банкира).Книга II. – М.: Дека, 1995. – С.141.
52 Панова Г.С. Кредитная политика коммерческого банка. - М.: ИКЦ ДИС, 1997. С. 5-24.
53 ҚР Ұлттық банкінің нормативтік актілері 2000–2005ж.
54 Положение Нацбанка РК от 2.08.2002. №218 “О классификации активов банка и условных обязательств и расчете провизий по ним банками ІІ-го уровня РК”
55 С.Б.Мақыш. Коммерциялық банктер операциялары.- Алматы.: Маркет, 2004.– 139-189 б.
56 В.М. Усоскин Современный коммерческий банк: управление и операции.- М.: Антидор, 1998.- С 218-231.
57 Долан Э.Дж. и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика.- М.: Санкт-Петербург, 1993.- С. 41-51.
58 Е.Б. Ширинская Операции коммерческих банков и зарубежный опыт.- М.: Финансы и статистика, 1993.- С. 11-13.
59 Основы банковского менеджмента Под ред. О.И. Лаврушина, М.: Инфра- м, 1995.- С. 25-28.
60 О.М. Маркова и др. Коммерческие банки и их операции.- М.: Банки и биржи, 1995. С 101-109
61 Питер С. Роуз Банковский менеджмент М.: Дело, 1997.- С. 312-313
62 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»// – Алматы. – 2005.-14 б.
63 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында»// Астана. – 2006.-8 б.
64 Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года №4189 «О Государственной программе развития и поддержки малого предпринимательства на 1999-2000 годы».
65 Назарбаев Н. А. Казахстан 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Предидента страны народу Казахстана. Казахстанская правда, 04 декабря 2001 года.
66 Баранников А. Помочь малому бизнесу // Экономика и жизнь.- 2002.- №6. С.67.
67 Алимбаева Р. Н. Малое предпринимательство и система его поддерки в условиях реформирования экономика (на примере РК), автореф. ... Алматы, 1999.- С. 14 .
68 Мескон М. Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента. – М.: Дело, 1992. – С. 647.
69 Кенжеғозин М. Ілгері басу бар, ал кері кету қалай? // Ақиқат 2003.- № 6.- 12 б.
70 Русско-казахский экономический словарь делового человека. – Алматы.: Демеу, 1992- С.110.
71 Райзберг Б. А. Основы экономики и предпринимательства. – М.: Новая школа, 1993. – С. 35.
72 Бердалиев К. Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. –
Алматы. Экономика, 2001. – 89 б.
73 Бисенғазиев М., Хамитов А. Кәсіпкерлік негіздері. – Орал, 2001.- 24б.
74 Мейірбеков Б. А. Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау жолдары мен дамыту әдістері (ҚР мысалында) автореф. ... 2004.- 34 б.
75 Сабденов О., Муханова Е. Малые предприятия: опыт формирования и перспективы развития. Алматы.: 1992. – С.29 .
76 Стратегический план развития Республики Казахстан до 2010 года. //Астана, 2001.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЬЕКТІЛЕРДІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1Несиенің экономикалық мәні, оның түрлері
және несиелендіру қағидалар 6
1.2Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуындағы
несиелеудің орны 11
1.3Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекет тарапынан
қаржы - несиелік және инвестициялық қолдау саясаты 28
2 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЬЕКТІЛЕРІН НЕСИЕЛЕУ ТӘЖІРИБЕСІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Шағын және орта бизнестің даму тенденциясы және несиелеу
динамикасы
2.2 Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының несиелік 35
қабілетіне талдау
48
3 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЬЕКТІЛЕРІН НЕСИЕЛЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Шағын және орта бизнеске несиені тартудағы кездесетін мәселелер64
3.2 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің жетілдіру жолдары 71
ҚОРЫТЫНДЫ 83
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 86

Кіріспе

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Шағын және орта кәсіпкерлік
немесе бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму
жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады.
Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан
экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық
өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына
тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті
дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір
көзі банктік несие болып табылады. Экономиканың нақты секторын және де
сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың
өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын
өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі.
Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін
пайдалы, әрі тиімді.
Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады.
Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады,
несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы
байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелер бөліп
отыр. Өйткені әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру
мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін
тигізеді. Банктер өздерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік
талдаудың әдістемесін жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес
несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін
анықтауда қолдануы қажет.
Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы,
несиелеу механизімінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен
қолданылатын әдістемелік нұсқауларын құрастырды. Банктердің шағын бизнеске
несие ұсынуының тиімділігін арттыру, ынталылығын көтермелеу, Қазақстан
экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизімін жетілдіру бүгінгі күннің
талабы.
Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы саласының бiрi
болып табылады. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн мемлекет
тарапынан түрлі жаңа қадамдар жасалынуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары
деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн конструктивтiк бизнес-идея, тиiмдi
басқару (менеджмент) және қаржының жеткiлiктi болуы шартты жағдай.
Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыруына
қажетті қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде
мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтан, ақшалай
қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге
бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың
тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда
жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн
жұмыссыздық мәселесі шешіледі немесе жобаның әлеуметтiк мәнiн арттырудың
мүмкіндігі туындайды.
Сондықтан, халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі алатын орны ерекше.
Дипломдық жұмыстың ғылыми зерттелу дәрежесі. Шағын және орта бизнес
субъектілерін несиелеудің ғылыми негізіне тереңнен қалам тартқан батыс
елдерінің осы салада зерттеулер жүргізген маман-ғалымдардың еңбектері
кеңінен қолданылды. Атап айтқанда, Д. Кейнс, Р. Кэмпбелл, К. Кондратьев,
А.В. Чаянов, Й. Шумпетер, П.С. Роуз, М.А. Гольцберг, Дж. Р. Брик, Э.Дж.
Долан. Сонымен қатар, жұмыста Ресей мен Қазақстанның іргелі зерт-
теушілерінің еңбектері, оның ішінде Е.Ф., Жуков, Л.Н. Красавина,
О.И. Лаврушин, О.Б. Баймұратов, Г.Т. Қалиева, Қ.Қ. Ілиясов, Н.Қ. Мамыров,
Ғ.С. Сейітқасымов, М.С. Саниев, Н.Н. Хамитов сияқты ғалымдардың және
көптеген басқа да отандық экономистердің еңбектері кеңінен пайдаланылды.
Дегенмен, аталған еңбектерде несиелеудің әдістері мен тәсілдері бүгінгі
күннің талабына сай жан-жақты қарастырылған деп айту мүмкін емес. Жалпы
несиелеу үдерісінде көптеген мәселелер көтеріліп жатқанымен, нақты шағын
және орта бизнесті несиелеу мәселелері әлі де болса ғылыми тұрғыда терең
негіздеуді талап етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты
– Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу мәселелерін талдау,
несиелеу үдерісіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар
несиелеу үдерісінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-
қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындау шарт:
– шағын және орта бизнестің экономиканың дамуындағы
алатын рөлін көрсету және оның мазмұнын ашу;
– бизнесті дамытудағы мемлекет тарапынан
жүргізілетін қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау
саясатына жан-жақты тоқталу;
– кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін несиелеудің
тәжірибелік мәселелерін қарастыру және оған баға
беру;
– шет елдік және отандық несиелеу үдерісінің
тәжірибелік мәліметтеріне сүйене отырып шағын және
орта бизнес субъектілерін несиелеуге зерттеулер
жүргізу;
– бизнес субъектілерін несиелеуді жетілдіруге
байланысты ұсыныстар мен тұжырымдар жасау.
Дипломдық жұмыстың пәні ретінде қазіргі кезде коммерциялық банктердің
шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді іске асыру барысындағы
экономикалық қатынастардың жиынтығы қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың объектісі – Қазақстандағы шағын және орта бизнесті
несиелеу.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі – шағын және орта
бизнес субъектілерін несиелеуді талдау саласында еңбек еткен шетел және
отандық практик-экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми
еңбектері, ал нормативтік негізі Қазақстан Республикасының заңдары және
несиелеу жөніндегі нормативтік актілері, Ұлттық банктің ережелері мен
нұсқаулары болып табылады.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЬЕКТІЛЕРДІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1 Несиенің экономикалық мәні, оның түрлері
және несиелендіру қағидалар

Несие қазіргі кездегі экономиканың тірегі, экономикалық дамудың басты
бөлшегі болып табылады. Оны ірі өндіріс орындары мен бірлестіктер, сондай-
ақ өндірістік, ауылшаруашылық және сауда-саттық шағын құрылымдар,
мемлекеттер мен үкіметтер, сонымен қатар қарапайым халық та пайдаланады.
Қарыз алушының мақсаттық талаптарына байланысты несие өндірістік және
тұтынушылық болып екіге бөлінеді.
Несиенің өндірістік түрі несие берушідан алынған қаржының пайдалану
ерекшеліктеріне байланысты. Несиенің бұл түрі өндірістік мақсаттарда
жұмсалатын қарыздар ретінде алынады.
Несиенің тұтынушылық түрі бастапқы несиелік қатынастар дамығанда, яғни
бір субъектінің тұтыну заттары артылғанда, екіншісінің оларды пайдалану
қажеттілігі туындағанда пайда болған. Уақыт өте келе несиенің бұл түрі
шаруашылықта кеңінен таралып, халықтың қажеттілігін, ең алдымен ұзақ
пайдаланатын тауарлар сұранысын қанағаттандыру үрдісін тездету мүмкіндігін
тудырды.
Өндірістік несиемен салыстырғанда тұтынушылық несие түрін халық тұтыну
мақсаттарында пайдаланады, ол жаңа құн тудыруға бағытталмаған, қайта
қарызгердің тұтынушылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмсалады.
Тұтынушылық несие – халыққа тұтынушылық тауар сатып алуға немесе
тұрмыстық қызметтерді өтеуге коммерциялық (бөлшектік сауда арқылы
тауарлардың төлемін шегіндіріп сату) және банктік (тұтынушылық мақсаттарға
берілетін қарыздар) несие түрінде берілетін қарыз. Тұтынушылық несиенің
басты бағыты – халықтың тауарларды сатып алуына көмектесу. Бұл несие
бөлшектік саудамен тығыз байланысты: бір жағынан тауар айналымы өскен сайын
несиенің көлемі де артады, өйткені тауарға деген сұраныс несие қажеттілігін
тудырады, екінші жағынан – халықты несиелеу көбейген сайын төлем
қабілеттілігі өсе береді.
Несие құрылымы оның мәніне негізделген және несиелік қатынастарды
тануға баспалдақ болып табылады.
Тұтынушылық несиелеу үрдісінде қарыз беретін тарап несиелік мәміленің
несие берушіы (алашақ) болып табылады. Қарызды беру үшін несие берушідың
белгілі бір қаражаты болуы шарт. Олардың жеке меншік қорлары мен жинақтары
қаражат көзіне айналуы ықтимал. Банк-несие беруші өз шаруашылығында жеке
қорларынан ғана емес, есепшоттарда сақталған клиенттерден түскен қаражат,
сондай-ақ акциялар мен облигациялар түрінде қарыз бере алады.
Несие алып жатқан, несиелік қатынастар құрған тарап қарызгер болып
саналады, олар алынған соманы қайтарып беруге міндетті. Қазіргі кезде
банктермен қоса шаруашылық ұйымдар, мемлекет пен халықтың өзі қарызгер бола
алады.
Сонымен қатар, айырбас объектісі, яғни несие берушідың қарызгерге
беретін заты, керісінше, несие берушіға қайтарылып берілетін зат
тұтынушылық несиелеу жүйесінің маңызды бөлшегінің бірі болып табылады.
Несие берушілердің ерекшеліктерін ескере отырып,халықты несиелендіру
жүйесі тура және жанама болып екі түргі бөлінеді.
Тура банктік несие берілгенде банк пен қарызгер арасында келісімшарт
құрылады. Ал жанама несие банк пен клиенттің арасына делдал тарапты
араластыру арқылы беріледі. Әдетте делдар ретінде бөлшектік сауда
өнеркәсіптері қызмет етеді, мұндай жағдайда клиент пен кейіннен банктен
қарыз алатын дүкен арасында несиелік келісімшарт құрылады. Қазіргі кезде
халыққа тұрмыстық техниканы сатып алуға берілетін қарыздардың 60% жанама
несие құрайды.
Тұтынушылық қажеттіліктерді қанағаттандыратын тура және жанама
несиелердің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Тура несиенің жанама
несиеден ең бірінші артықшылығы – несиелеу объектісінің құнын нақты
бағалауға, қарыздың экономикалық мақсаттылығын анықтауға, оның қолданысын
бақылауды бекітуге көмектесетін несиелік үрдісті ұйымдастыру
қарапайымдылығы. Осының бәрі банк пен қарызгер арасындағы несиелік
қатынастарды нығайтуға көмектесетіні сөзсіз. Алайда, банк тұрғысынан
банктік тура несие жанама несиеден қауіптірек саналатын бірнеше жағдай
мұндай несие түрінің кемшілігі болып табылады.
Субъектер бойынша несиені бөлу оларды алу несие жүйесінде жіктеу
түсінігін қалыптастырады, яғни, несие түрлері. Несиенің түрлері
экономикалық және ұйымдастыру қатынасындағы әлдебір нақты несие келісіміне
тән ерекшеліктердің жиынтығын көрсетеді. Несие келісімінің экономикалық
ерекшелігі дегеніміз несиенің қасиеті болып табылады, олар біртұтас
(қайтарылымы, төлемдігі). Ұйымдастырушылық қасиеті жекелеген жағдайларда
түрлі болуы мүмкін – несиені беру және оны қайтару тәртібі басқаша болуы
мүмкін. Жоғарыда атап көрсетілген салалық бағытқа сәйкес өндірістік,
саудалық, банк аралық несиелер ерекше айқындалуы мүмкін. АҚШ-та несиені
жіктеу жүйесінде ауылшаруашылық несиелері ерекше назар аударады.
Әрбір жағдайда несие түрлерінің беру және қайтару тәртібін реттейтін
өзіндік құрылымы болуы мүмкін. Орталықтандырылған одақтық банк жүйесінде
аса танымал болған құрылымдар – тауар айналымы жөніндегі несие тәртібі,
ауылшаруашылық өндірістері, маусымдық өндірістік сипаттағы өндірістік
кәсіпорындарды реттейтін №1 нұсқау, дайындық өнеркәсіптер және т.б.
Банкаралық несиелер де ерекше технологиялық тәртіппен ерекшеленеді.
Несие түрлері тек субъектер бойынша ғана емес, сондай-ақ, басқа да
белгілері арқылы ерекшеленеді (Сурет 1).

Сурет 1 Несие түрлері*
*Ескертпе 4,142б

Оларға жататындар:
- несиенің капитал қозғалысымен байланысы;
- несиені қолдану саласы;
- несие мерзімі;
- несиенің төлемі;
- несиенің қамтамасыз етілуі.
Несиенің капитал қозғалысымен байланысы бойынша оны екі түрге бөлуге
болады: ақша қарызы мен капитал қарызы. Ақша қарызы, ереже бойынша,
тұтынушылық немесе басқа мақсаттармен байланысты. Несие қоғамдық өнімнің
өндірісін алып келмей, жасалған жинақ есебінен жабылған жағдайда осылай
болады. Капитал қарызы, керісінше, өнімді жоюды емес, оны көбейтуды
ұсынады. Несиегер бұл жағдайда несиенің тек қарызды қайтару үшін ғана емес,
оның көмегімен жаңа бағаны алу үшін пайдалануы тиіс. Сондай-ақ, банк
қаражатын қолдану нәтижесінде қосымша алынған табыс бөлігі ретінде қарыз
пайызын төлеуі керек. Капитал қарызы банктік несиелендірудің типтік түрі
болып табылады.
Несиенің пайдалану саласы бойынша, өндіріс саласы несие мен айналым
саласы несиесі болып бөлінеді. Қазіргі заманғы тәжірибелер үшін қаржыны
қалыпты экономика айқындамасы жағынан дұрыс саналатын өндіріс саласына
емес, керісінше, айналым мен табыс өндірістік салаға қарағанда анағұрлым
көп болып табылатын айналым саласына салу оңтайлы болып табылады. Қазіргі
заманға тән тәжірибенің ерекшелігі тауар өндірушілер банктерден қарыз ала
бермейтіндігінде. Кейде оны алу қиынға соғып жатса, ал енді бір жағдайда,
олар үшін пайызын қайтару тым ауыр соғады.
Несиені пайдаланғаны үшін төленетін қарыз пайызы тым жоғары болып
келеді. Өзіндік құнына жатқызуға да келмейді, өндірістік саладағы
операциялардың аса маңызды рентабельдігі үшін түскен табыс есебінен төлеуге
де келмейді. Жоғарғы қарыз пайызын ең басты, сауда-делдалдық фирмалар ғана
төлеуге қабілетті болып келеді. Сондықтан да несие салымының өндірісті
дамыту жағына емес (нарықты тұрақтандыру айқындамасы жағынан және инфляция
ырғағын төмен түсіру жағынан маңызды болып табылатын), керісінше сауда
саласына қарай ауытқуы да белгілі.
Мерзіміне қарай банктік несиелер қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және
орта мерзімді болып бөлінеді.
Қазіргі заман дәстүрлі несие ісі қысқа мерзімді сипатпен ерекшеленеді.
Көптеген нарықтық экономика елдерінің айқындамасы жағынан қысқа мерзімді
несиелерге пайдалану уақыты бір жылдан әрі аспайтын қарыздар жатады.
Негізінен, бұл ағымдағы клиент сұранысынан шығатын капитал айналымынына
қызмет ететін қарыз.
Ұзақ мерзімді несиелерге пайдалану мерзімі алтын жылдан асатын (кейбір
елдерде, мәселен, АҚШ-та сегіз жылдан артық мерзімдерді ұзақ мерзімге
жатқызады) несиелер жатады. Бұл қарыз негізгі капиталды құру үшін қажетті
қаражатқа сұраныс үшін, қаржы активтерін, сондай-ақ, кейбір түрлі айналым
қарадатына қызмет етеді.
Орта мерзімді несиелерге пайдалану мерзімі 1 жылдан 6 жылға дейін
созылатын несиелер жатады. Оларды қолдану саласы ұзақ мерзімді несиені
пайдалану саласымен сәйкес келеді.
Әлемдік тәжірибе айқындамасы жағынан клиенттерге несие берудің
мерзімінің ұзақтығы барлық эталон үшін бірдей болып келмейді. Мәселен,
кеңестік тәжірибеде қысқа мерзімді қарызға 1 жыл мен 3 жыл аралығында
пайдалануға берілген несиені жатқызатын.
Қазақстанның қазіргі заманға сай ақша айналымы (күшті инфляция, банк
капиталының жылдам құнсыздануы) әлемдік банктік тәжірибеде тұрақтанған.
Қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді стандарттарды өзгертіп
жібереді. Қысқа мерзімді қарызға 12 айға дейін пайдалануға берілген
қарызды жатқызады. Ал орта мерзімдіге – 1-2 жыл, ұзақ мерзімді – 3 жылдан
жоғары.
Америка тәжірибесінде қысқа мерзімді қарызды қайтару мерзімін нақты
көрсетпей-ақ рәсімделсе, қазақстандық қысқа мерзімді несиенің
айырмашылығы, бізде ереже бойынша қарызды пайдалану, сондай-ақ, қайтару
мерзімі нақты көрсетіледі.
Қазіргі заманғы қазақстандық банк статистикасы белгісіздік пен орта
мерзімді несие түсінігінің болмашы үлесінің әсерінен, тек қысқа мерзімді
және ұзақ мерзімді ғана несиелер қалады 4,162б..
Банк қарыздарын жіктеу критерийлері бөлімінде несиені төлеу соңғы
орындарда емес. Аталмыш белгілері деректеріне байланысты нарықтық пайыздық
көрсеткішті банк қарызын айқындауға болады. Несиенің нарықтық бағамы - сол
тұста нарықта көрсетілген баға болып табылады. Түрлі банк қарыздары бойынша
сұраныс пен ұсынысты назарға алу қажет. Күшті инфляция жағдайында бұл өте
қозғалмалы баға болып табылады. Оның көтеру айқындамасы да болады. Жоғары
пайыздық көрсеткішті қарыз ереже бойынша, үлкен тәуекелге байланысты туады.
Олардың несие шарттарын бұзуы, несие ресурстары бағамының көтерілу болжамы
және тағы басқалары.
Жеңілдетілген пайыздық шартта ұсынылған қарыздар несиеге дифференциялық
табыс элементі болып табылады. Ол акционерлермен қарым-қатынас кезінде,
эмиссиондық банктердің орталықтандырылған несиелерін қайта қаржыландыру
(олардың нарықтық бағасымен салыстырғанда төмендетілген жағдайы), банк
қызметкерлерін несиелендіру (ерекше жағдайда банк оларға пайызсыз қарыз
береді).
Несиелендіру мен банк қарыздарын жіктеу белгілерінің маңызды
элементтері қамсыздандыру болып табылады. Бұған байланысты қарыздың
тікелей, жанама қамсыздандыруы болуы мүмкін. Немесе мүлдем болмауы да
мүмкін. Халықаралық тәжірибеде несие былай бөлінеді: қамсыздандырылған,
қамсыздандырылмаған, жартылай қамсыздандырылған.
Әлемдік банк тәжірибесінде қарызды қамсыздандыруға қашан да біржақты
қарамаған. Орталықтандырылған банк жүйесінде тауарлық материалдық
құндылықпен қамсыздандырылған қарыздан сенімді болып саналған. Ал батыс
тәжірибесінде мұндай нақтылық болмаған. Керісінше, батыс тәжірибесі
көрсеткендей, материалдық қамсыздандыру банк қарызының уақытында
қайтарылуына сенімділік бермейді. Нақты сатылмайтын, баяу айналымды
материалды қор бір жағында тұрса, екіншісі – қарызгердің жалпы мүлкі,
жылдам сатылатын активтер. Материалды қорға сенімсіздіктен батыс
экономистері өз тұжырымдарын жасады. Мұндай қамсыздандыруы бар несие ең
сенімсізі болып табылады. Керісінше, тауарлық материалдық құндылықпен (олар
қорда да жоқ, олардың бәрі де айналымда жүреді) қамсыздандырылмаған несие
сенімді болып келеді.
Егер де, мәселен, өтім базарын таппаған дайын өнім қорын кепілге алып
несие берсе, онда, бұл несиені қанша жерден тауарлық материалдық
қамсыздандырылғанымен, сенімді деп айтуға болмайды. Керісінше, мұндай
жағдайда қарызды қайтарып алу қиынға соғады. Өйткені, оны осыған байланысты
сенімсіз қарыздар санатына қосамыз.
Бар мәселе қамсыздандыру сапасында. Егер де бар болып, өтімді әрі
жеткілікті болса, онда несие үшін соншалықты жаман болмайды, және мұндай
қамсыздандыруды жоққа шығаруға да болмайды. Ал басқа жағынан алып
қарағанда, назарға қамсыздандырылмаған (бланктік) қарыздардың жағымды
жақтарын да назарға алмауға болмайды. Әсіресе, она егер де алдыңғы қатарлы
қарызгер мен кепіл ұсынса (мұндай жағдайда несиенің қайтарылу
қамсыздандырылуы қарызгердің бүкіл мүлкі болады).
Батыс тәжірибесінде қамсыздандырылмаған несие заңды тұлғалармен қатар,
жеке тұлғаларға да беріледі. Кәсіорындарға қамсыздандырылмаған несиені
беретін кезде қарызгердің беделі, оның қаржылық жағдайы, болашақтағы
табысы, сондай-ақ, несие ережелерін сақтауы назарға алынады.
Қамсыздандырылмаған несие ірі сомада ірі кәсіпорындарға, алдыңғы қатарлы
қарызгер бола алатын, білікті басшылығы бар және тамаша даму тарихы бар
ірі сауда компанияларына беріледі.
Көп жағдайда, бұл жеке тұлғаларға қатысты болып келеді. Өздерінің
бланкілік несиесін ұсынған банктер олардың мүліктерін жеке үйінің барын,
көп жылдан бергі тұрақты жұмыс орнын, қарызды дер кезінде жабуын назарға
алып несиесін ұсынады.
Және тағы да бір ескерту. Жоғарыда атап өткендей, қамсыздандыру банк
несиелендіру жүйесінің іргетасты элементі болып табылады. Оны сол немесе
басқа жобаны қаржыландыру мүмкіндігі мәселесі бойынша шешім қабылдауда
соңғы қорғаныс шебі деп атау дәстүрге айналған.
Әлемдік банк тәжірибесінде жіктеудің басқа да белгілерін көруге болады.
Көптеген елдерде қарыз екі блокқа бөлінеді: заңды тұлғаларға несие және
жеке тұлғаларға қарыз. Егер де бірінші блоктың несиесі өндірістік мақсатқа
жұмсалса (мәселен, өндірісті ұлғайту және өнімді сату), онда, екінші
блоктың несиелері халықтың жеке қажеттілігіне қызмет көрсетеді. Мұндай
жіктеме несиелендіру ұйымына да (рұқсат ету, рәсімдеу, қарызды өтеу,
несиені қамсыздандыру және т.б.), сондай-ақ, несие салымының
диверсификациясы үшін де маңызды болып саналады.
Банк несиесін басқа да, ұсақ белгілері арқылы бөлшектейді. Оларды
несиелендіру процесі кезінде пайдаланылған валютаға (рубль, доллар, евро
және тағы басқалары) байланысты да бөледі. Олардың несие қарыздарының
лимитталған және лимитталмағанына да, ұдайы толықтырылған және бөлінген
несиелерге де байланысты.
Арнайы несие тобын бөлу үшін оның мөлшері де маңызды негіз болып
табылады. Отандық және әлемдік банктерде ірі несиелер реттеледі. Бұл
несиелердің қатарына бір қарызгерге (немесе қарызгерлер тобына) берілетін
банк капиталының 5 пайызынан асатын қарызды жатқызамыз.

1.2 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуындағы
несиелеудің орны

Қазіргі кезде нарықтық қатынастарды реттейтін заңдар әсерінен
кәсіпорынға олардың ұйымдастыру-құқықтық нысандарына тәуелсіз, кешенді
несие-есептік және кассалық қызмет көрсететін мемлекеттік, коммерциялық
банктердің тармақталған желісі қалыптасуда.
Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан шағын
бизнеске несие беретiн бiрден-бiр ұйым ол – екiншi деңгейдегi коммерциялық
банктер болып табылады. Коммерциялық банктер көбінесе заңды тұлғаларды және
қысқа мерзімді несиелеуді жақтайтыны – тарихи қалыптасқан жағдай.
Қазақстандық шағын және орта бизнес субъектілерінің екiншi деңгейдегi
банктерден коммерциялық несиелер алуы кәсіпорындарды дамыту үшін
қаражаттарды молықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі болып
табылады. Алғашқы құрылу кезінде шағын бизнес несиесіз өз жұмысын атқара
алмайды. Бірақ кішігірім компаниялар банкпен мәміле жасаған кезде қолайсыз
жағдайға келеді. Мұндай жағдайға келудің бірден-бір себептері – ол
компанияның несие қабілеттілігінің төмендігі, өндіріс пен мүлкінің
өтімсіздігі, маркетингтік және технологиялық потенциал дамуының артта
қалуы.
Республикадағы шағын және орта бизнесті несиелеуді дамытуға кедергі
болып отырған негізгі факторлар мыналар:
– несие алу барысындағы шарттардың қатал болуы;
– несиенің мерзімі мен пайыздық ставкаларының бизнеске
қолайсыздығы;
– несиені рәсімдеу процедурасының ұзақтылығы және оны сақтандыру
қажеттігі;
– коммерциялық банктердің кепілге қоятын талаптарының жоғарылығы;
– әлемдік несие нарықтарындағы дағдарыстар әсерінен несиелік
ресурстарға қол жеткізу қиындықтары және коммерциялық банктердің
жеке ресурстарының аз болуы;
– мемлекеттік инвестициялық-несиелік институттар ресурстарының
тиімсіздігі;
– Мемлекеттің қазына қоры арқылы шағын және орта бизнесті несиелеуге
бөліп отырған қаражатының аз болуы және шартарының қолайсыздығы.
Осы ретте Қазақстан Республикасының банктiк сферасының
макроэкономикалық өзгерiстерге ұшырауы, соның iшiнде импорттық
либерилизациялау, бағалар реформасы, фискалдық тәртiптi үдете түсу,
жекешелендiру және тағы да басқа нарықтық экономикаға тән өзгерiстер орын
алды. Осылайша банктiк сектордың несиелеу iсiнде де ғаламдық өзгерiстер
процесi жүрiп отыр.
Мемлекеттiк экономикалық даму жолында оған ұшырасатын өзгерiстерге
байланысты несиенiң айналыс аясы мен оның орны да бiраз өзгерiстерге
ұшырады. Әсiресе Қазақстан Республикасының бұрынғы орталықтандырылған
мемлекеттiк жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға өту кезінде осы
несиелiк қатынастар аясында несиелiк салымдар көлемi ұлғайды. Бұл процестiң
жүруi нарықтың заңдылығы. Егер, бұған стандарттық емес мынандай мәселелер
елдiң банктiк жүйесiнiң дамымай қалуы, тыңғылықты жасалмаған ақша-несие
саясаты әсер етпесе. Осылайша нарықты экономика жағдайына көшуде, көшiп
бiткен кезде де несиенiң алатын орны ерекше. Жоспарлы орталықтандырылған
экономика кезiнде елдiң несиелiк ресурстары КСРО Үкiметiмен жалпыға бiрдей
жасалған несиелiк жоспар бойынша берiлдi. Тiптi, ол несие қандай мақсатқа,
оған яғни несиеге кәсiпорын мұқтаж ба, жоқ па оған көңiл бөлiнбедi. Ал,
шаруашылықтар осы несиелiк жоспар бекiтiлгеннен кейiн ағымдағы тоқсанда
несиеге қажеттiлiк бiлдiрiлсе, жергiлiктi банктер мұндай мәселелермен
айналысуға құқығы жоқ және ресурстары да жоқ болатын. Бұл өз кезегiнде
несие аясының тарылуына және де шаруашылықтың мәселелерiн жедел де тез шешу
сипатын жоғалттырды. Ал, нарықты экономика кезiнде несиенiң берiлу
мәселелерi әр банктiң өз несиелiк саясатына сай әр банк өзi жекеше шешедi.
Несие берудiң барлық жағдайлары банкпен клиенттiң арасында жасалатын
несиелiк келiсiмшартта қарастырылады. Нарықтық жағдайда несиелiк
қатынастарды кеңейтуге бiраз мүмкiншiлiктер ашылды. Олардың iшiнде атап
айтқанда коммерциялық және ипотекалық – несие, вексель, акциялар мен бағалы
қағаздарды несие алу үшiн кепiл етiп шығару. Несиелiк қатынастардың кең
ауқымға жайылуы арқылы несие ролiнiң оң бағытқа бұрылуында несиелеудiң
жаңа тиiмдi әдiсi – белгiлi бiр нақты жобаны несиелеу жобалық
қаржыландыру бұл ретте банктер ұзақ мерзiмге несие қаражатын берiп қана
қоймай жобаның басынан бастап, аяқталғанына дейiн бақылау жасап, несиенiң
тиiмдi пайдалануын қадағалайды.
Банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына,
қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді
мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының
негізсіз өсуін шектеуге, инфлияция процестерін болдырмауға және ұлттық
валютаның нығаюына ықпал етуге міндетті.Банктер қарыздарды өндірістің
тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары
тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әртүрлі қызмет
көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты
мақсаттар мен шаралар үшін береді.
шағын және орта бизнестi несиелеу тек қана қаржылық құралдардың
шектеулiлiгiнен ғана емес, сонымен қатар екінші деңгейдегi коммерциялық
банктердiң бұл секторды толығымен несиелеу өкiлеттiлiгiмен және оның
тәуекелдiлiгi де әсер ететiндiгiн атап өту керек.
Бiрiншiден ол құрамы бойынша бiрыңғай емес. Өйткенi Қазақстанда
коммерциялық банктер саны 39 болса, соның iшiнде олардың жарғы капиталы кем
дегенде 2 милд теңге болуы керек. Салыстырмалы Республиканың қаржылық
орталығы Алматы қаласында iрi банктердiң 70% орналасқан, ал кiшiгiрiм
банктер әр түрлi облыс орталықтарында шоғырланған.
Екiншiден, iрi банктер мен кiшiгiрiм банктердiң мүмкiндiктерi мен
ұсынатын қызмет түрлерi адекватты емес. Қысқа мерзiмдi несиелеу түрiмен
негiзiнде iрi банктердiң айналысуы шамалы, ал орта және кiшiгiрiм банктер
үлесi де аз болып отыр.
Үшiншiден, орташа банктер шағын бизнеске несие ұсынудың орнына, iс
жүзiнде олардың қаржыларға қол жеткiзуге мүмкiндiктерi тiптен жоқ. Ол
қаржылар түрiнде банкаралық несиелер, қарыздар, банкаралық қаржы нарығында
орналасқан қаражаттарды айтуға болады. Осы ретте кiшiгiрiм банктердiң
шектеулi меншiктi капиталы табысты клиенттер тартуға, депозиттiк базасын
кеңейтуге, активтiк операцияларды толығымен жүргiзiп, осыдан түскен пайда
арқылы капитализациялануға кедергi етуде. Банктердiң шағын және орта
бизнеске берiлген қысқа мерзiмдi несиелерiнiң көлемi бұл бизнестi делдалдық
және сауда-саттық қызметтерiмен айналысуына әкелiп соқтырды. Ал елдегi iрi
банктердің көпшiлiгi iрi қалаларда орналасқандығынан және несиелiк
ресурстар жолының бiрдей емес мөлшерде бөлiнуi ауыл шаруашылығы секторын
айналып өтуге мұқтаж етедi. Мемлекетiмiз бен II-деңгейдегi коммерциялық
банктердiң шағын және орта бизнестi несиелеу-қаржыландыру схемасын,
субнесиелеу ретiнде Еуропалық Даму және Қайта Құру банкi ЕДҚБ мен Азиялық
Даму банкiнiң АДБ ресурстарымен несие беру коммерциялық банктерге
жүктелген.
Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң
сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі
жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді. Қазiргi кездегi
банктiк жүйе – бұл алуан түрлi және дәстүрлi емес жаңа банктiк қызметтердi
клиенттерге көрсету. Соның iшiнде банктердiң дәстүрлi қызметтерiнiң бiрi –
несиелiк операцияларды iске асыру. Шағын және орта бизнестің күрделі
мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі, несие
алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ. Осы себептен банктерде
шағын және орта бизнесті қаржыландыруға асықпайды. Республикамызда шағын
кәсіпкерлікті тиімді қаржыландыру үшін қажетті ресурстарға деген үлкен
тапшылық орын алып тұр. Мұндай қаржы бойынша шешімін таппай тұрған
мәселелерге:
1) несие алудың шектеулігі;
2) коммерциялық банктердің кепілдік міндеттемені жоғары деңгейде ұстауы;
3) берілетін несиенің пайыздық ставкасының жоғары болуы және қысқа
мерзімділігі;
4) шағын кәсіпкерлікке микро несие берудің заңдылық негізінің жоқтығы;
5) банктердің шағын кәсіпкерлікті несиелеу саясатының анықсыздығы.
Несиелер берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
болып бөлінеді. Несиенің жеделділігі оны қайтару, өтеу мерзімдерімен
анықталады. Осылай қысқа мерзімді несиелер бір жылдан аспайтын мерзімге, ал
ұзақ мерзімді бір жылдан асатын мерзімге беріледі.
Қысқа мерзімді несие кәсіпорынның айналым қаражаттарының қалыптасу
көздерінің бірі болып табылады. Ол кәсіпорынның ағымдағы қызметі процесінде
жетіспейтін ақша қаражаттарының қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді. Бір
жылдан астам уақытқа кәсіпорын күрделі шығындарына несие ала алады. Бұл
жағдайда несие оның дамуына, өндірісті кеңейтуге, оны қалпына келтіруге,
жаңа техниканы ендіруге, қымбат жабдықтарды алуға және басқа мақсатты
бағдарламаларға бағытталған кәсіпорынның қарыз қаражаттары ресурстарының
көздері ретінде жұмсалады. Қазіргі кезде шағын және орта бизнес
субъектілері арасында қысқа мерзімді несиелер іс жүзінде жиі ретте
қолданылады, бұл орайда шағын және орта бизнес субъектілерінің сауда-
делдалдық қызметке, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге, қоғамдық
тамақтандыру қызметтері көрсетуге бағдарлануы ескеріледі.
Қаржыландырудың бұл түрлері қарыз алушы, сондай-ақ банк үшін де тиімді
болады. Несиені беру және өтеумен байланысты мәселелер келісім түрінде
несиелік шарт жасау арқылы, банк ережелерімен және қарыз алушы кәсіпорын
мен банк арасындағы несиелік келісім шарттарымен реттеледі.
Банктер кез келген уақытта, кез келген қарыз алуға ниет бiлдiрген
субъектiлердi несиелеген кезде пайда болатын несиелiк тәуекелдi банктiң
қаншалықты тиiмдi жаба алу тәуекелiне кез болады. Жалпы отандық несиелеу
тәжірибесі көрсеткендей банктердің кәсіпорындарды қаржыландыру кезінде
келесідей факторлар өз әсерін тигізеді:

Кесте 1 – Банктердің кәсіпорындарды несиелендіру кезінде әсер ететін
факторлар

Банк тұрғысынан Кәсіпорын тұрғысынан
1. Кепілзатпен қамтамасыз етудің 1. Несиеге деген жоғары пайыздық
болмауы мөлшерлеме
2. Несиені қамтамасыз етудің 2. Несиелердің қысқа мерзімділігі
өтімсіздігі
3. Қарыз алушы-кәсіпорынның 3. Несиені өтеу кезінде жеңілдік
қанағаттанғысыз қаржылық жағдайы кезеңінің жоқтығы
4. Қарыз алушы-кәсіпорынның 4. Құжаттарды дайындау процедурасының
ақпараттық жабықтығы ұзақтығы
5. Қарыз алушы-кәсіпорынның нақты 5. Кепілдің бағалау құнын оның нарықтық
несие тарихы туралы ақпараттарға құнынан кемітіп көрсетуі
қол жетпеушілік
6. Банк менеджерлерінің ұзақ 6. Кәсіпорын менеджерлерінің ұзақ
мерзімді несиелермен жұмыс істеу мерзімді несиелерді рәсімдеу бойынша
тәжірибесінің жоқ болуы жұмыс істеу тәжірибесінің жоқ болуы
Ескерту – автормен құрастырылған: Банковское дело: Оқу құралы Под
редакцией
Г.С. Сейткасымова. - Алматы: Қаржы-қаражат, 2004. - С. 159-174.

Кәсіпорындағы несиелеу тәуекелінің көп таралған түрлеріне мыналар
жатады: өтімділік тәуекелі – жоспарланған пайданы ала алмау қауіпі; қаржы
тиімділігі тәуекелі – пайданың азаюына сәйкес шығынның өсу мүмкіндігі;
маркетингтік тәуекел – өнімді өткізу байланысты тәуекел; форс-мажорлық
жағдайға байланысты тәуекел – әртүрлі жағдайлардың пайда болуы, осының
нәтижесінде кәсіпорын қызметінде несиені өтеу, өндірістік құралдарды сатып
алу сияқты белгіленген жоспарлардан ауытқуы мүмкін. Кәсіпорынның несиені
тиімді пайдалануы оның өнімді өткізуден түскен түсім негізінде берілген
несие бойынша негізгі қарыз сомасы мен пайыз мөлшерлемесін уақтылы төлеумен
сипатталады.
Несие берудің неғұрлым сирек ұшырасатын түрі ұзақ мерзімді несиелер
болып табылады. Мұндай несиелерді екiншi деңгейдегi банктердің бәрі бірдей
бермейді. Оларға жаңадан құрылған компаниялардың, қызмет тиімділігі төмен
компаниялардың қол жеткізуі қиынға соғады, өйткені ұзақ мерзімді несие
берген кезде қарыз алушы борышын таза пайдадан өтеуге тиісті болады. Сондай-
ақ қаржыландыруды беру жөніндегі қызметтердің қосымша түрлері де болады:
олар – құжаттамалық несие операциялары – шағын және орта бизнес
субъектілері барған сайын барынша кеңінен қолданылып отырған банк
кепілдіктері аккредитивтер, вексельдер.Табысы аз азаматтардың және
кәсіпкерлікті жаңадан бастаушылардың, оның ішінде коммерциялы және кредитті
рәсімдеудің техникалық рәсімдері оңайлатылған грант негізінде жүзеге
асырылатын ауылдағы кәсіпкерлердің кәсіпкерлік бастамаларына шағын несие
беру жүйесі көрсетілген схеманың тұғыры болуы тиіс. Бұл жаңа жұмыс
орындарын құруға және қосымша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ
өз бизнесін одан әрі дамытуды мақсат тұтқан жаңадан бастаушы кәсіпкерлерде
несие тарихының пайда болуына ықпал ететін болады [28].
Сонымен қатар кәсіпорынның несиені пайдаланудың жоғары тиімділігі
коммерциялық банктің қызметінде де көрінеді. Себебі, соңғысы несиелік
ресурстарды орналастыру арқылы жопарланған қосымша пайда алады
(2-сурет).

Сурет 2 – Банктің ресурстарды орналастырудағы қосымша пайдасы

Қазiргi уақытта шағын және орта бизнес әр түрлi қаржылық мекемелерден
көмек алуда. Банкпен несиелендiру мерзiмдерi өте қысқа. Сондықтан осы
корпоративтi экономика үлгiсiндегi экономикаға сай қаржы институттарының
жаңа формаларын енгізу керек. Ол шағын бизнеске төмендетiлген пайызбен
несие беру, өзара несиелеу қоғамдарын құру керек. Ал, коммерциялық банктер
мемлекет тарапынан шағын бизнестi несиелегенi үшiн ешқандай жеңiлдiктер
алмағандары үшiн бұл секторды несиелеуге онша қызығушылық тудырып отырған
жоқ.
Шағын бизнестi қолдау ретiнде банктердiң және басқа да қаржылық
институттардың несиелiк ресурстарын кеңiнен тарту мақсаты алға қойылған
жөн. Инвестицияларды қорғау шаралары бойынша коммерциялық құры-лымдардың
коммерциялық шағындарының қорғалуын қарастырып, жеңiл-дiктермен шағын
бизнеске несиелер бөлу операцияларын жетiлдiру керек.
Несиелік процесті басқарудың негізгі элементтері болып тәуекелді
минимизациялау және алдын алу табылады (3-сурет).

Сурет 3 – Кәсіпорында несиені басқару стратегиясы

Жоғарыда айтылғандай, шағын бизнестi несиелеу қаржыландырудың банктер
үшiн тәуекел деңгейiнiң өте үлкендiгi ең бiрiншi фактор болып отыр. Сонымен
қатар банктiк қызметтердiң iске асуының өзiндiк құнының жоғарылауымен де
тiкелей байланысты. Осы аталған факторларға байланысты мемлекет тарапынан
банктiк емес қаржылық мекемелердiң шағын бизнестi инвестициялауына
ынталандырудың қозғаушы механизмiн жасау керек. Қазiргi кезде менiң ойымша
шағын бизнестi арнайы инвестициялайтын компания құру керек сияқты. Сондай-
ақ шағын бизнестi несиелейтiн коммерциялық банктердiң механизмi мен
тәртiбiн қарастыру керек. Коммерциялық банктер шағын бизнестi несиелеуде
бюджет қаражаттарының кепiлiмен және де арнайы мемлекеттiк қоғамдық қорлар
мен бiрлестіктердiң қаражаттары кепiлi арқылы несиелеудi қарастыруы керек.
Шағын және орта бизнестiң дамуы мен оның одан әрi нығаюының базасы ретiнде
тұрғындардың банктiк жинақтарының индексациясын жүргiзу болып табылады. Осы
мақсатта несиелiк корпорациялар жүйесi мекемелерi зор роль атқарады. Мұндай
мекемелер шағын және орта бизнестi қаржыландырғаны үшiн белгiлi бiр
мөлшерде салықтық жеңiлдiктер, несиелiк ресурстар және мемлекет кепiлiн
алады. Мұндай несиелiк корпорациялар жекеменшiк нысанында болып,
коммерциялық негiзде жұмыс жасайды.
Еңсесі биік елдің қатарына қосылу үшін шағын және орта бизнес саласын
тұрақты дамыту керек. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің Қазақстан
халқына арналған Жолауында таяудағы жылдарда әлемнің бәсекелестікке барынша
қабілетті 50 елінің қатарынан көріну міндетін қойып отыр. Осы мәреден
көрінудің басты талаптарының бірі шағын және орта бизнесті дамытуға
байланысты. Сондықтан да Елбасы осы саланың тұғырын нығайту мен қамту
аймағының кеңейтіле түсуіне айрықша мән беріп келеді. Себебі аталған
мақсатқа қол жеткізу үшін шағын және орта бизнестің елімізде серпінді дамуы
өте маңызды.
1992 жылы ҚР Үкіметі Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы заң
қабылдады. Заңда жеке кәсіпкерлікті қорғаудың негізгі формалары мен
әдістері, жеке кәсіпкерлердің максималды еркіндігі мен мемлекеттік заңды
тұлғаның жеке кәсіпкерлердің құқығын бұзғаны үшін жауапкершілігі
анықталған. Қызметін өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асыратын,
жеке тұлға мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар жеке кәсіпкерліктің
шаруашылық жүргізуші субъектілері болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы эко-
номикалық дағдарыс, өндірістік байланыстардың бұзылуы, көптеген кәсіп-
орындардың тоқтауы, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, өзгермелі
инфляция және басқа да жағдайларда өтеді. Бірақ, қалыптасқан қиын-
шылықтарға қарамастан, мемлекет шағын кәсіпкерліктің проблемаларымен
айналысуда. Уақыттың осы аралығында Қазақстан Республикасының Конституциясы
жас республикадағы кәсіпкерліктің құқықтық негізі болып табылады.
Экономиканың осы секторының дамуының бірінші кезеңі,
1987 жылдан бастап, он төрт жыл уақыт аралығын қамтиды. Осы уақыт
аралығында Республикада бұған дейін болып көрмеген қарқынмен елде
кәсіпкерлікті қалыптастырды. Бұған бірінші кезекте нормативті-құқықтық
базаны құру ықпал етті (2-кесте).

Кесте 2 – ҚР шағын кәсіпкерлікті бірінші кезеңде реттеудің қабылданған
негізгі нормативтік-құқықтық актілердің тізімі

№ Құжаттардың аталуы Бекітілу
мерзімі
1 2 3
1 Жеке еңбек қызметі туралы КСРО заңы 19.11.1986 ж.
2 КСРО – да кооперация туралы КСРО заңы 01.07.1989 ж.
3 КСРО – да меншік туралы КСРО заңы 01.03.1990 ж.
4 Қазақстан КСР-да шаруашылық қызметтің еркіндігі және 11.12.1990 ж.
кәсіпкерлікті дамыту туралы Қазақстан КСР заңы
5 КСРО – да кәсіпорындар туралы заң КСРО заңы 01.01.1991 ж.
6 1992 – 1994 жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау және 05.05.1992 ж.
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
7 Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы Қазақстан04.07.1992 ж.
Республикасының заңы

2-кестенің жалғасы
1 2 3
8 1995 – 1996 жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау және 10.07.1994 ж.
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
9 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 27.12.1994 ж.
10 Шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдауды күшейту06.03.1997 ж.
және дамытуды белсендету шаралары туралы ҚР
Президентінің үкімі
11 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі 08.04.1997 ж.
банктермен шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеудің
төменгі мөлшері туралы ҚР Ұлттық банкі Басқармасының
қаулысы
12 Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер бөліктерін несиеге17.04.1997 ж.
сату бойынша ашық конкурстарды ұйымдастыру және жүргізу
туралы ереже
13 Болашақта меншікке беру құқығымен ШКС – не 17.04.1997 ж.
қолданылмайтын өндірістік бөлмелерді және объектілерді,
мемлекеттік кәсіпорындарға офистік бөлмелерді беру
жөнінен тендерлерді жүргізу туралы
ережелер
14 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы ҚР 26.04.1997 ж.
Үкіметінің қаулысы
15 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау 07.06.1997 ж.
мен дамытудың маңызды және аймақтық бағдарламалары
туралы ҚР Президентінің үкімі
16 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы ҚР заңы 19.06.1997 ж.
17 Жеке кәсіпкерлік туралы ҚР заңы 19.06.1997 ж.
18 Шаруа (фермерлік) қожалықтары туралы ҚР заңы 31.03.1998 ж.
19 Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті дамыту мен31.12.1998 ж.
қолдаудың 1999 – 2000 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы
20 Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу,15.11.1999 ж.
бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау
жөніндегі Агенттігі туралы қаулы ҚР Президентінің үкімі
21 Қаржылық лизинг туралы ҚР заңы 05.06.2000 ж.
22 ШКС несиелеудегі коммуналды меншік объектілерін 07.07.2000 ж.
кепілдеме ретінде пайдалану мәселелері туралы ҚР
Үкіметінің қаулысы
23 Қазақстан Республикасында қолөнершілікті дамыту 11.07.2000 ж.
концепциясы туралы ҚР Үкіметінің қаулысы
24 Шағын кәсіпкерлік жөніндегі Республиканың 17.10.2000 ж.
ақпа-ратты-көрмелік орталығы жабық акционерлік қоғамын
құру туралы ҚР Үкіметінің қаулысы
25 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен07.05.2001 ж.
қолдаудың 2001–2002 жылдарға арналған мемле-кеттік
бағдарламасы
Ескерту – Кесте автормен дайындалған

Шағын және орта бизнес қызметін қолдау мен дамыту мемлекетпен
нормативті-құқықтық актілер негізінде іске асырылды. Қабылданған нормативті-
құқықтық актілердің және оларды іске асыру нәтижелерінің негізінде
Республикадағы шағын кәсіпкерліктің даму уақытын үш кезеңге бөлуге болады:
1) 1987 – 2001 жылдардың аралығы – кәсіпкерліктің бірінші кезеңі. Бұл
уақыт аралығында қызметтің осы түрімен айналысатын халық саны он есе
көбейді. Кәсіпкерлік кооперативтерден кәсіпорындарға дейін өсті, оны дамыту
жөнінен көптеген заңдар мен бағдарламалар қабылданды; халық шаруашылығы
кәсіпорындарының біраз бөлігін мемлекет меншігінен шығару мен жекешелендіру
кезеңдерін бастан кешірді; еліміздің экономикасы дағдарыстық күйден өз
қызметін тұрақтандыру кезеңіне өтті. Тұтастай бұл уақытты Республикадағы
кәсіпкерліктің қалыптасуы кезеңі ретінде сипаттауға болады.
2) 2002 жыл мен қазіргі уақытты қоса алғанда – бұл кәсіпкерліктің
тұрақты дамуының екінші кезеңі. Бұл кезеңнің басталуы дайындалған
нормативті-құқықтық базамен, кәсіпкерлікті қолдау бойынша ұйымдар мен
институттардың тұтас құрылымдарын құрумен, шағын кәсіп-керлікті дамытудың
белгілі теориялық және практикалық тәжірибесін жинақтаумен қоса жүреді.
Өзінің екінші кезеңіне, атап айтқанда даму кезеңіне өте отырып, кәсіпкерлік
Республика экономикасын гүл-дендіретін басты тетіктердің бірі екендігін
хабарлады. Мұнымен қоса кәсіпкерліктің қолданылатын формалары мен түрлері
алуан түрлі. Екінші кезеңнің басталуы, атап айтқанда 2002 жылдан бастап,
Қазақстан Республикасының 2002–2004 жылдарға арналған Мем-лекеттік
бағдарламасын қабылдауға байланысты, онда бірінші рет шағын кәсіпкерліктің
даму болашағы ұлттық экономиканы дамытудың жалпы жүйесімен бірге
қарастырылады.
3) Экономикасы дамыған елдердегі шағын кәсіпкерліктің дамуында қол
жеткен әлеуметтік-экономикалық параметрлеріне сәйкес, мәні инно-вациялық
процестер мен өнімді экспорттаумен байланысты үшінші кезеңді анықтауға
болады [12].
Еліміздің халқын отандық тауарлар және қызметтермен қамтамасыз ету,
жаңа жұмыс орындарын құру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің инновациялық
белсенділігін көтеру мақсатында шағын кәсіпкерлікті әрі қарай дамыту
елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 1992 – 1994, 1995 – 1996
жылдарға арналған бағдарламаларында жоспарланған арнайы шараларсыз мүмкін
емес. Әрбір бағдарламаның жүзеге асырылуы жоспарланған шаралар арқылы іске
асырылады, олардың негізгі мазмұнын шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және
инвестициялық қолдау; оның инфрақұрылымын дамыту; шағын кәсіпкерлікке
мамандарды дайындау; қайта дайындау жүйесін ұйымдастыру және біліктілігін
көтеру; шағын және орта бизнес субъектілерін қорғау және қолдау құрайды.
Уақыттың осы аралығында кәсіпорындарды мемлекет меншігінен шығару мен
жекешелендіру жөнінен жүргізілген реформалар шағын және орта бизнестің
қалыптасуының алғышарты болып табылады: бірінші кезең
(1991– 1992 жылдар) қызмет көрсету аймағында жүргізілді (сауда, тұрмыстық
қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру және т.б.); екінші кезең (1993–1995
жылдар) – өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында және ауыл шаруашылығында;
үшінші кезең (1996 – 1998 жылдар) – бұл Қазақстан экономикасында жеке
секторды орнықтыру; төртінші кезең (1999–2000 жылдар) – жекешелендірілген
мемлекеттік мүлікті есепке алуды, басқару тиімділігін одан әрі жетілдіру
және бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету. Республикада 1991–2000 жылдар
аралығында мемлекеттік меншіктің 34,5 мыңнан астам объектілері жеке-
шелендірілді. Шағын және орта кәсіпорындардың 38%-нан астамы
1994–1995 жылдардағы шағын жекешелендіру мезгілінде құрылған. Ал
жекешелендірудің төртінші кезеңі шағын және орта кәсіпкерлікке халықтың
келуін қамтамасыз етті, нәтижесінде экономиканың осы сферасындағы жұмыспен
қамтылған жұмыскерлер саны 1600 мың адамға жетті, 400 мың шағын және орта
бизнес субъектілері қызмет етеді, ал елдің ЖІӨ шағын кәсіпорындарының үлесі
18%-ға дейін өсті.
Осыған байланысты 1997 жылы 6 наурызда ҚР Президенті қабылдаған Шағын
кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдауды күшейту және дамытуды белсендету
шаралары туралы Үкімі шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау аймағында
қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайларды құрудың бағдарламалық құжаты
болып табылды. Қабылданған құжатта шағын кәсіпкерлік мемлекеттік
экономикалық саясаттың басым аймағы болып табылады деп көрсетілген. Шағын
кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатында құжат шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің статусын анықтайтын, нормативті-құқықтық актілерді құруды;
шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеуге алудың жеңілдетілген
рәсімін енгізуді; шағын кәсіпкерлікті іс жүзінде қолдауды қамтамасыз
ететін, шаралар жүйесінің кешенін дайындауды; шағын кәсіпкерлікті қолдау
жөнінен арнайы органдарды және шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құруды
қарастырады.
Үкім елдегі бірқатар нормативті-құқықтық актілерді дайындау мен
бекітудің негізі болып табылды. Сонымен, шағын кәсіпкерлік субъектілері
санының қарқынды түрде өсуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруді ұйымдастыру
Франциядағы шағын бизнес
Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары
Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары туралы
Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті дамытудың жолдары
Шағын және орта бизнесті несиелеу туралы
Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу проблемаларын талдау
Шағын және орта бизнестің дамуындағы алатын ролі
Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ-ның кәсіпкерлік фирмаларды несиелеу механизмдерін жетілдірудің негізгі бағыттары
Пәндер