Қазақ тарихының ұлы ойшылдары



1 Қорқыт
2 Кетбұға
3 Асанқайғы
4 Қазтуған
5 Байжігіт
6 Абылай хан
7 Махамбет
8 Боғда
Қорқыт оғыз-қыпшақ тайпаларының VIII—IX ғасырда ғұмыр кешкен ұлы ойшылы, батагөй ақыны, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел бақсысы. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қамы (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, ана жағынан қалың қыпшак нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қарақожа деген кісі болса керек.
«Қорқыт батыр емес, абыз (патриарх), халық даналығын бас болып паш етуші және сақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды»,— дейді В. В. Бартольд. Қорқыт қазақ үшін ең алдымен күй атасы, Қобызда күй шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы. Оның күйлерінде айқын байқалатын стилдік тұтастық, өмірді бейнелеу тәсілінің тұрақтылығы, әуен-сазындағы бақсы сарындарымен үндес қарапайым көнелік, сөз жоқ, дара тұлғаның қолтаңбасын айқын аңғартады. Бұл орайда, Қорқыт туралы аңыз-әңгімеден де бұрын, Қорқыттың бейітінен де бұрын, тіптен, «Қорқыт ата кітабынан» да бұрын, оның тарихта болған нақтылы тұлға екеніне музыкалық мұралары дәлел.
Қорқыт күйлері: «Қорқыт» (үш нұсқасы бар), «Аққу», «Әупбай», «Башпай», «Желмая», «Елім-ай, халқым-ай», «Сарын» (екі нүскасы бар) «Тарғыл та
Атадан балаға жалғасып жеткен ауыз әңгімеде де, жазба деректе де Кетбұға Найман тайпасының ұлы жыршысы, дәулескер күйшісі, көріпкел бақсысы, тіптен, Шыңғыс ханның хат таныған шежіреші замандасы. Яғни, Кетбұға шамамен 1150—1230 жылдар аралығында ғұмыр кешкен.
Шежіре сөздің қай-қайсысы да Кетбұға есімін әйгілі «Ақсақ құлан», «Нарату» күйлерімен байланыстырады. Иісі Дешті Қыпшақты ауызына қаратқан Жошы хан аңда жүріп мерт болғанда, осынау қаралы хабарды Шыңғыс ханға естіртуге ешкімнің батылы бармаса керек. Сонда, Найманнан шыққан ұлы жыршы, дәулескер күйші Кетбұға ақыл тауып, қаралы хабарды күймен естіртіп еді дейді. Бұл жөнінде XV ғасыр мұрасы болып табылатын «Түркі шежіресі» («Шад-жарат ал-атрак») атты еңбекте қызықты дерек келтірілген. Доспамбет жырау, Махамбет Өтемісұлы сияқты әйгілі тұлғаларымыз Кетбұғаны даланың дана биі, ақылгөй кемеңгері ретінде сөз етеді. Кетбұға есімі дәулескер күйші ретінде көршілес қырғыз, қарақалпақ еліне де кеңінен мәлім.
«Ақсақ құлан» күйінің сарын-сазы ноғайлының эпостары сияқты тегеурінді. Күй өз заманының шиыршақ атқан серпінді болмысын танытуымен бірге, ел, халық басындағы қасіреті мол қанды заманды күңірене мәлімдейді.
Кетбұға күйлері: «Ақсақ құлан» (алты нұсқасы бар), «Нарату» т. б.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қорқыт оғыз-қыпшақ тайпаларының VIII—IX ғасырда ғұмыр кешкен ұлы
ойшылы, батагөй ақыны, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел
бақсысы. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қамы (Қайыспас) дейтін атасынан
тараса, ана жағынан қалың қыпшак нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі
оғыз тайпасына белгілі Қарақожа деген кісі болса керек.
Қорқыт батыр емес, абыз (патриарх), халық даналығын бас болып паш
етуші және сақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды,— дейді
В. В. Бартольд. Қорқыт қазақ үшін ең алдымен күй атасы, Қобызда күй
шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы. Оның күйлерінде айқын байқалатын стилдік
тұтастық, өмірді бейнелеу тәсілінің тұрақтылығы, әуен-сазындағы бақсы
сарындарымен үндес қарапайым көнелік, сөз жоқ, дара тұлғаның қолтаңбасын
айқын аңғартады. Бұл орайда, Қорқыт туралы аңыз-әңгімеден де бұрын,
Қорқыттың бейітінен де бұрын, тіптен, Қорқыт ата кітабынан да бұрын, оның
тарихта болған нақтылы тұлға екеніне музыкалық мұралары дәлел.
Қорқыт күйлері: Қорқыт (үш нұсқасы бар), Аққу, Әупбай, Башпай,
Желмая, Елім-ай, халқым-ай, Сарын (екі нүскасы бар) Тарғыл тана.

Кетбұға
(ХП—ХШ ғасырлар)
Атадан балаға жалғасып жеткен ауыз әңгімеде де, жазба деректе де
Кетбұға Найман тайпасының ұлы жыршысы, дәулескер күйшісі, көріпкел бақсысы,
тіптен, Шыңғыс ханның хат таныған шежіреші замандасы. Яғни, Кетбұға шамамен
1150—1230 жылдар аралығында ғұмыр кешкен.
Шежіре сөздің қай-қайсысы да Кетбұға есімін әйгілі Ақсақ құлан,
Нарату күйлерімен байланыстырады. Иісі Дешті Қыпшақты ауызына қаратқан
Жошы хан аңда жүріп мерт болғанда, осынау қаралы хабарды Шыңғыс ханға
естіртуге ешкімнің батылы бармаса керек. Сонда, Найманнан шыққан ұлы жыршы,
дәулескер күйші Кетбұға ақыл тауып, қаралы хабарды күймен естіртіп еді
дейді. Бұл жөнінде XV ғасыр мұрасы болып табылатын Түркі шежіресі (Шад-
жарат ал-атрак) атты еңбекте қызықты дерек келтірілген. Доспамбет жырау,
Махамбет Өтемісұлы сияқты әйгілі тұлғаларымыз Кетбұғаны даланың дана биі,
ақылгөй кемеңгері ретінде сөз етеді. Кетбұға есімі дәулескер күйші ретінде
көршілес қырғыз, қарақалпақ еліне де кеңінен мәлім.
Ақсақ құлан күйінің сарын-сазы ноғайлының эпостары сияқты тегеурінді.
Күй өз заманының шиыршақ атқан серпінді болмысын танытуымен бірге, ел,
халық басындағы қасіреті мол қанды заманды күңірене мәлімдейді.
Кетбұға күйлері: Ақсақ құлан (алты нұсқасы бар), Нарату т. б.

Асанқайғы
(XIV—XV ғасырлар)
Сәбитұлы Асан XIV ғасырдың 60—70 жылдарында Еділ бойында дүниеге
келген. Халидұлы Құрбанғали өзінің Тауарих хахмса атты еңбегінде әйгілі
Майқы биді Асанқайғының арғы атасы еді дейді.

Асанқайғының өмір сүрген кезеңі Алтын Орданың шаңырағы шайқалып, ұсақ
хандықтарға ыдырай бастаған кезі. Асанқайғы өз кезіндегі Берке, ҰлыМұхамед,
Әбілқайыр сияқты хандармен, Керей, Жәнібек сияқты сұлтандармен заманы ғана
бір емес, сонымен бірге аласапыран оқиғаға толы осынау тарихи кезеңнің
ахуалына ықпалын жүргізген тұлғалардың бірі. Ол Дешті Қыпшақтан енді
дараланып, енді қоныс орнықтыра бастаған қазақ халқының ертеңін ойлап,
еңсесін көтеруді өмірлік мұраты еткен дала абызы. Асанқайғы ел қамы, халық
тағдыры туралы толғаныстарын күй тілікте де жеткізіп отырған. Бүгінгі
күнімізге оның Ел айырылған, Асанқайғы, Желмаяның жүрісі, Зар
сияқты күйлері жеткен.
Ел айырылған күйінің құрылысы қарапайым болғанымен, сарын-сазынан
терең күйзеліс лебі айқын аңғарылады. Тіптен, не боларын күні бұрын болжай
алатын дананың шарасыздығы сияқты торығу да жоқ емес. Мұны бастан аяқ
жалықпай сұңқылдап отыратын мұңды сазынан, талмай қайталанатын күрделі
қағысынан байқау қиын емес.

Қазтуған
(XV ғасыр)
Орта ғасырлық тұлғалар сияқты Сүйінішұлы Қазтуған да әрі батыр, әрі
ақын, әрі күйші, әрі би, әрі шешен. Сегіз қырлы, бір сырлы. Ол өзі туралы:
... Бұлт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан, Мұсылман мен
кәпірдің Арасын бұзып өтіп дінді ашқан, Сүйінішұлы Қазтуған!—
дейтіні сондықтан. Алтын Орданың қос босағасындай болған, кіндігі бір
ноғай мен қазақтың қақ бөлінуі, ата жұрты Еділден ірге көтеруді Қазтуған
сияқты эпикалық қарымдағы тұлғаның жүрегін қақыратып өтіп, өмірлік
қасіретіне айналған. Ол қасіреті шерлі күй, шежіре жыр түрінде сыртқа
шыққан.
Қазтуғанның ат жалын тартып мініп, ата жолын қуып, ел ісіне араласқан
ортасы Дешті Қыпшақтың кіндік мекені Еділ мен Жайық арасы, Каспий алабы,
Қарасу деген жерлер. Ол қиын кездегі көп қиқушының бірі емес. Сол даланың
бағы мен сорын пешенесіне балаған ел басыларының әулетінен шыққан. Оның
тепсініп сөйлеп, таусылып айтып, тебірене күй төгуінде осындай гәп бар.
Қазтуған жырларына қарағанда, ол өзінен жасы көп үлкен Асанқайғының
көзін көріп, үлгі-өнеге алған.
Бүгінгі күндерімізге Қазтуғанның Сағыныш, Құлақ күй атты күйлері
жеткен.

Байжігіт
(XVI—XVII ғасырлар)
Байжігіт Өр Алтайда дүниеге келген әйгілі күйші. Шежіре жөнімен
таратканда. Орта Жүз өз ішінде Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Керей, Уақ
болып алты арыс ел күраса, соның Керейінен — Абақ және Ашамайлы аталары
тарайды. Абақ Керей өз ішінде он екі атаға бөлінсе, соның бір атасы
Жастабан ұрпақтарынан Байжігіт туады.
Байжігіттің өмір сүрген кезеңі Шыңғыс ханның қанды жорығынан көп зардап
шеккен Керей тайпасының ата қоныстан ірге көтеріп, жаңа қонысқа орныға
қоймаған беймаза шақ болған. Бес жасында ата-анадан жетім қалған Байжігіт
өмірдің қиындығын көре жүріп, халық басындағы ауыртпалықты көкірегіне тоқып
өскен. Бұл жолда оның жұбаныш тауып, шер тарқатары да, халық қасіретіне
араша түсері де домбырасы болған.
Байжігіт шығарған күйлердің мол нүсқасы Шығыс Түркістанда, Өр Алтайда,
Семей облысының Шұбартау ауданында күні бүгінге дейін тартылады. Әйгілі
күйшінің мұрасын зерттеп, халқымыздың рухани игілігіне айналуына М.
Мағауин, О. Хаймолдин, Т. Әсемқүлов сияқты ғалым-зерттеушілеріміз бен
өнерпаз домбырашыларымыз көп еңбек сіңіріп жүр.
Байжігіттің күйлері: Азат (екі нұсқасы бар), Ақтабан, Алмажай,
Аңшының зары, Арман, Әлдисұр, Беласар, Бөкен жарғақ, Бұлғын
сусар, Былқылдақ, Дәлдірең торы, Жетім торы, Жұмағұл, Ерке атан,
Қайың сауған, Қара жорға, Қашқан қалмақ, Қоңырат, Қосбасқан,
Қособа, Қос сиыр, Кербалақ, Көкейкесті, Көңіл, Көктөбе,
Күншуақ, Көкбалақ, Көк қаршыға, Нарын, Сара би, Секіртпе,
Сылаң торы, Тоғыз тоты т. б.

Абылай хан
(1711—1780 жылдар)
Уәлиұлы Абылай (Әбілмансұр)— төре әулетінен, қазақ халқының
біртұтастығын сақтауда жойдасыз еңбек сіңірген әйгілі ханы, сонымен бірге,
XVIII ғасырдан күйі жеткен санаулы күйшілеріміздің бірі. Ол өмір сүріп
хандық құрған заман қазақ халқы үшін жойылып кету қауыпы төніп тұрған, өлім
мен өмірдің арасында күн кешкендей алмағайып заман болатын. Бұл жөнінде сол
кездің дуалы ауыз ақыны былай дейді:
Былай барсаң Қоқан бар — қоқаңдаған әкең бар, Былай барсаң қалмақ бар
— күшіңді еппен алмақ бар, Былай барсаң қытай бар — жапырағыңды бүтай бар,
Былай барсаң орыс бар — балаңды берсең қоныс бар.
Абылай ханның күйлерін тақырыбы жағынан болсын, әуен-сазының ерекшелігі
жағынан болсын екі кезеңге бөліп қарауға болады. Біріншісі, жоңғар
шапқыншылығы қабындап тұрған кезде нақтылы өмір құбылыстарына арнаған
күйлері. Мұнда негізінен жаугершіл кездің жорықтары, соғыс зардабы мен
жеңіс еалтанаттары, батырлардың ерен ерліктері күй тіліне көшіп отырады.
Екіншісі, тура шапқан жаудың беті қайтып, көшпелі өмірдің ырғағы қайта
жанданып, Абылай ханның өзі байсал тарта бастаған кезде туған күйлері. Бұл
күйлерінде өмірдің мән-мағынасы туралы ойлаған, ел қамы мен халық тағдыры
жөнінде толғанған ойлы сезім бел алып жатады. Абылай ханның күйлері туралы
Ш. Уәлиханов, A. B. Затаевич сияқты ғалым зерттеушілер алғаш
пікір білдіріп, кейбір күйлерін нотаға түсірген.
Абылай ханның күйлері: Ақ толқын, Алабайрақ, Бұлан жігіт, Дүние
қалды, Жетім торы, Қайран елім, Қара жорға, Қоржын қақпай, Майда
жал, Садақ қақпай, Сары бура, Шаңды жорық т. б.

Махамбет
(1804—1846 жылдар)
Өтемісұлы Махамбет — халықтың азаттығын көксеген күрескер, қол бастаған
батыр, құдіретті ақын, дәулескер күйші. Туып-өскен жері Ішкі Бөкей
ордасындағы Бекетай деген өңір. Бұл — қазіргі Орал облысының Жәнібек
ауданына қарайтын жер.
Махамбет өзінің барша болмыс қасиетімен көшпелілер көсемінің соңғы
тұяғы. Ол өзі туып-өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау,
Асанқайғы, Қазтуған, Шәлкиіз, Жиембет, Доспанбет сиякты біртуар тұлғалардың
өлмес мұрасын көкірегіне тоқып өскен. Әйгілі Сырым батырдың әділет сүйгіш,
азатшыл рухы Махатбеттің бесік жыры болып, өмірінің мағынасына айналған.
Махамбет өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, көзі ашық, көкірегі ояу
жан болған. Ол орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген.
Махамбет поэзияда қандай дара болса, күйде де сондай оқшау. Оның
күйлері адуын мінезімен, асқақ сезімімен дараланады. Азаттық үшін күрес
жолында бастан кешкен ауырлық-тауқыметтер, үзеңгілес серіктерінің өр
тұлғалары, туған жердің қадір-қасиеті Махамбет күйлеріне арқау болып
отырады.
Өтемісұлы Махамбеттің күйлері: Ақжел-ең, Жайық асу, Жорық, Жұмыр
Қылыш, Исатайдың Ақтабаны-ай, Қайран Нарын, Қиыл қырғыны, Нарын,
Өкініш, Тарлан, Шілтерлі терезе т. б.

Боғда
(XIX ғасыр)
Қараұлы Боғданың туып-өскен жері Жем, Сағыз өзендерінің бойы
болғанымен, ол Ақтөбе, Гурьев, Орал өңірін, Маңғыстау түбегін еркін аралап,
бұл төңіректің күйшілік дәстүрін терең меңгерген. Исатай, Махамбет сияқты
ел қорғаны болған азаматтармен, Соқыр Есжан сияқты дәулескер күйшілермен
құрдас, сыйлас болған. Абыл Қошқар, Еспай, Кәуен, Арыстан сияқты
күйшілердің өнеріне ден қойып өнеге тұтқан.
Боғда өзінің шығармашылығында отбасы, ошақ қасының немесе ауыл арасының
күйкі көріністерінен шектелмейді. Ел қамы, халық тағдырына алаң көңілімен
әлеуметтік үні айқын күйлер шығарады. Бұл орайда оның шоқтықты күйлері
Қаражаяу, Боғда, Бозтөбе екеніне күмән жоқ. Қазақстан күйшілік
дәстүрінде тармақты күйлерді тарту, сол тармақты күйлердің өрісін ұзарту
кез келген күйшіге сын болса, Боғда әйгілі Алпыс екі тармақты Ақжелең
циклына өз тарапынан Кербез Ақжелкең, Кербез керік деп аталатын екі күй
қосқан адам.
Боғданың күйлерін бүгінгі күнімізге жеткізушілердің ішінде О.
Сүйіндіков, Н. Қыдырғалиев, М. Өскенбаев, Л. Мұхитов сияқты
домбырашыларды ризашылықпен еске аламыз. Қараұлы Боғданың күйлері: Боғда,
Бозтөбе, Жемсу, Екіндіде ел іздеген, Кербез Ақжелкең, Кербез
керік, Қара жаяу, Сегіз лақ т. б.

Тәттімбет
(1815—1860 жылдар)
Қазанғапұлы Тәттімбет Қазақстанның орталық, шығыс, оңтүстік өңіріне кең
тараған қоңыр күйлер мен бойлауық күйлерді шығарушы күйші-композиторлардың
ең дарындыларының бірі. Ол ән мен күйдің жылжыған жорғасы мен жылмаған
жүйріктері Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Біржан сал, Жаяу Мұса, Жанай, Орынбай
сияқты әнші-ақындармен, Тоқа, Ықылас, Итаяқ, Шашақ сияқты күйшілермен,
Құнанбай, Алшынбай, Ерден, Шыңғыс, Шорманның Мұсасы сияқты ел басыларымен
қадірлес-сыйлас болған. Екінші Александр патшаның таққа отыру тойына
барған. Яғни, Тәттімбет өз кезінде ел ісіне араласқан, өз заманының көзі
ашық, көкірегі ояу лауазымды азаматы болған. Біржан сал:
Тәттімбет ардакерім Арғын асқан, Қырық түрлі күй айналған
бармағына,—дейді. Иә, Тәттімбет ең алдымен дәулескер күйші ретінде ден
қойғызады. Ол домбырада оң бұрау, теріс бұрау, шалыс бұрау, қалыс бұрау,
қосақ бұрау (тел бұрау) күйлерін шығарған. Тәттімбет творчествосы қазақтың
музыка тарихында ерекше орын алады, қанша уақыт өтсе де, қанша ғасыр артта
қалса да оның әсем күйлері талай буынның рухани азығы болады,— деп жазды
академик А. Жұбанов.
Қазанғапұлы Тәттімбеттің күйлері: Азына, Ақбас бура, Балбырауын
(Шымылдық үзер), Балқан тау, Бес төре, Боз торғай, Былқылдақ,
Желқара, Жетім қыз, Жібек жал, Ерке атан, Ерке бұлан,
Қаражорға, Қашқан қалмақ, Кенжетай, Қорамжан, Қосбасар (төрт
нұсқасы бар), Қоянды, Көкейкесті, Көшжанаған, Манабай, Майда
сары, Мінеки, Нар шөккен, Ноғай-қазақ, Өлең сай, Салқоңыр,
Саржайлау, Сары-қамыс, Сарыатан, Сары өзен, Сұлама, Суықтөбе,
Сұлуағаш, Сылқылдақ, Тепеңкөк, Тасбұлақ, Толқын, Терісқақпай,
Шайыр қалды т. б.

Құрманғазы
(1818—1889 жылдар)
Европадағы рухани Қайта өрлеу кезеңінің (XIV—XVII ғғ.) алғашқы
қарлығаштары ақын Данте мен суретші Джотто болғаны сияқты, қазақ даласында
XIX ғасырда болған рухани жаңғырудың алдыңғы легінде күйші-композитор
Сағырбайұлы Құрманғазы болды. Құрманғазы күйлері өз ортасының, өз заманының
нақтылы көріністерін тілге тиек еткенімен, сол күйлердің өнбойындағы өршіл
рух заманалық құбылыстарды меңзеп, дәуірлік өзгерістерді толғап, ақиқат пен
азаттық үніндей болып естілді.
Құрманғазының ғұмыр кешкен кезі патшалық Россия жүргізген отаршыл
саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға бастаған кезі
еді. Мұндай озбырлыққа жан-жүрегімен қарсыласу Құрманғазының өмірбаянына
айналып, күй тілінде көрініс тауып отырған. Ол өзі беттескен заманның
тарихи-әлеуметтік болмысына күйші-философ ретінде ден қояды. Ұрпақ
тағдырына ықпал ететін заманалық құбылыстарға бойлай үңіліп, ой толғау
Құрманғазының күйшілік болмысына тән.
Сағырбайұлы Құрманғазының күйлері: Адай (үш нұсқасы бар), Айда
бұлбұл, Айтжан-ай, Ақбай, Ақсақ киік (екі нұсқасы бар)? Амандасар,
Алатау, Аман бол, шешем, аман бол, Байжұма, Балбырауын, Балқаймақ
(екі нұсқасы бар), Бас Ақжелең, Бозшолақ, Бозқаңғыр, Бұлбұлдың
құрғыры, Демалыс, Жігер, Ертең кетем, Итог, Кішкентай, Көбік
шашқан, Кісен ашқан (екі нұсқасы бар), Лаушкен, Маната, Машина,
Назым, He кричи, не шуми, Ойбай, балам, Пәбескі, Перовский марш
Сарыарқа, Саранжап, Серпер, (төрт нұсқасы бар), Теріс қақпай, (екі
нүсқасы бар), Төремұрат, Түрмеден қашқан, Ұзақ Ақжелең т. б.

Дәулеткерей
(1820—1887 жылдар)
Шығайұлы Дәулеткерей бұрынғы Бөкей ордасында, қазіргі Орал облысының
Орда ауданына қарасты Қарамола деген жерде дүниеге келіп, сол ата қонысында
дүние салған. Дәулеткерейдің ата-бабасы Орыс ханнан бері қарай хандық
биліктен қол үзбеген. Алайда, Дәулеткерей төрелік биліктен гөрі өз
төңірегіне рухани дәстүрдің, күйшілік өнердің алтын діңгегі сияқты болған.
Ол Соқыр Есжан, Байжұма, Мүсірәлі сияқты күйші-домбырашылардың өнерін өзіне
шабыт тұғыры еткен.
Егер, дүние шіркіннің дидарында осынау фәни жалғанға жылап келіп, жылап
кететін адам құдіреттің көңілін жұбататын, жүрегін жылытатын, санасын
сергітетін бір құбылыс болса, ол — Дәулеткерейдің күйлеріндей-ақ болар.
Дәулеткерейдің күйлерін тыңдаған жан өмірге келгеніне өкінбеуге тиіс. Ұлы
күйші қиын заманның қасірет қамауына тап болған бейбақ халқын домбырасымен
жұбатқан сияқты.
Төре күйлерінің атасы атанған Дәулеткерей өзінің әрбір күйін айрықша
талғаммен, ерекше сұлулықпен сомдаған. Оның кез келген күйі табиғаттың
өзіндей табиғи қалпымен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ философиясының қалыптасуының тарихи ерекшелектері
Қазақстанда педагогика және әлеуметтік педагогика тарихына үлес қосқан тұлғалар
Қоғамдағы саяси ілімдерді қалыптастырудағы ұлы ойшылдардың маңызы мен ролі
Саяси-құқықтық ілімдер тарихы пәні
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Ұлы ойшыл Абайдың қарасөздері - қазақ әдебиетіндегі ерекше дара туынды
Саяси процесс
Педагогика жəне басқа ғылымдар
Философ Абай Құнанбаев
Қазақ ағартушылығы Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысындағы жағдайында əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени прогресс жолындағы мықты қозғалыс беруші күші
Пәндер