«Педагогика» пәнінен дәрістік тезистері


Лекция тезистері
1. Кіріспе
Пән туралы қысқаша сипаттама
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына байланысты 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында балаларды тәрбиелеудің жаңа құралдары мен жолдарын іздестіру маңыздылығы арта түсуде. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер мен талаптарға сәйкес жалпы білім беретін орта мектептің І-сатысында тәрбиелеудің тәсілдері мен әдістері сарапталып, тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың технологиясы жаңаша қарастырылып, толықтырылып отыр.
050102 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім алушылар үшін «Төменгі сынып оқушыларының тәрбие жұмысының технологиясы» курсы «Жалпы педагогика негіздері» және «Тәрбие теориясы» бөлімдерін байланыстыратын «Педагогика» пәнінің логикалық жалғасы болып табылады.
Сондықтан студенттердің кәсіби даярлығында педагогикалық мәселенің теориялық негіздерін қарастыратын алдыңғы қатарлы педагогтардың тәжірибесімен таныстырып, өзіндік педагогикалық әдістемені іздеуге ұмтылдыратын, педагогикалық біліктер мен шығармашылықты қалыптастыратын «Педагогика» пәнін жетекшілікке ала отырып, «Төменгі сынып оқушыларының тәрбие жұмысының технологиясы» курсы болашақ бастауыш сынып маманының мектепте оқушылармен тәрбие жұмысын тиімді жүзеге асырудың технологиялық даярлығын қамтамасыз етеді.
Курстың мазмұны біріншіден, студенттердің психологиялық және педагогикалық пәндердің курстарын оқуға негізделеді, екіншіден, студенттердің бастауыш мектепте тәрбие жұмысын жүргізуге технологиялық даярлығын қамтамасыз етеді.
Пәннің мақсаты: бастауыш мектептегі сынып жетекшісінің кәсіби тәрбиелік іс-әрекетінде оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесінің негізгі мәселелерін оқып-үйренуге және шығармашылықпен болашақ қызметін атқаруға бағыт-бағдар беруге көмектесу.
Пәннің міндеттері:
- студенттерді қазіргі бастауыш мектептерде тәрбие үдерісінің жетекші мәселелерін ғылыми түсінуді қалыптастыру;
- студенттердің кіші мектеп жасындағы оқушылармен тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастыруда қолданатын педагогикалық білім және дағдыларын жүйеге келтіру;
- болашақ маманның кәсіби іс-әрекетіндегі үздіксіз өз бетімен білімін жетілдірудің қажеттігін қалыптастыру.
Студенттер курсты оқудың нәтижесінде:
- бастауыш мектептің тәрбие жұмыстарының жүйесін зерттей және бақылай білуді үйренеді;
- бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелік іс-әрекетінің мазмұны мен жүйесін, формаларын және әдістемесін меңгереді;
- алған білімдерін практикалық іс-әрекетте пайдалана алады;
- І-саты оқушыларымен ұжымдық шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру және талдау технологиясын үйренеді;
- негізгі тәрбие бағыттарын жүзеге асыруда жүргізілетін тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен жоспарлау технологиясын меңгереді.
Пререквизиттер: «Төменгі сынып оқушыларымен жүргізілетін тәрбие жұмысының технологиясы» пәнімен танысудан бұрын «Педагогика» пәнінің «Педагогиканың жалпы негіздері» және «Тәрбие теориясы» бөлімдерін толық меңгерулері қажет.
Постреквизиттер: Сонымен қатар аталған курс «Философия», «Әлеуметтану», «Психология», «Мәдениеттану», «Валеология», «Педагогикалық шеберлік» пәндерімен тығыз байланысты.
1. Тәрбие процесінің ерекшеліктері, мәні және мақсаты .
1. Тәрбие процесінің ерекшеліктері, мәні және мақсаты .
2. Арнайы ұйымдастырылған тәрбиенің мән-мағынасы
3. Тәрбие мақсаты мен тәрбие міндеттері
Тәрбие - арнайы ұйымдастырылған және сапалы, мақсатты жүргізілетін педагогикалық қызмет. Тәрбие деп қалыптасушы жеке адамның қоғамдық тәжірибенің бүтін жиынтығын: білім, ептілік, дағды, шығармашылық іс- тәсілдерін, әлеуметтік, адамгершілік және эстетикалық қатынастарды игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетті қолдап, қуаттаушы әрі ұйымдастырушы, бағдарлы, әрі сапалы орындалатын педагогикалық процесс болып табылады.
Қазіргі педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» үғымы әлі де жете зерттелмеген мәселелердің бірі, өйткені бұл жөнінде әртүрлі көзкарастардың бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі-ак дәлел бола алады.
Т. Е. Конникованың анықтамасы бойынша бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету.
И. С. Макаренконың анықтамасы бойынша тәрбие әдісі - бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау.
В. А. Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекеттерінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды. Сонымен әртүрлі авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қорытынды жасауға болады.
Тәрбие әдісі - тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс- әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықтама ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық педагогика мұғалім мен балалардың бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне бөлейді, табысқа жеткізеді.
Адамзат дамуының кай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір қоғамдагы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш-қуаты мен саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттілңкке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан карағанда тәрбие мақсаты - әрбір тұлғаны әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам-жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи іс-әрекетімен мәдениет субъектісі, басқаша айтқанда іс-әрекеті мен қарым-қатынас иесі. Адам іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп отырған қоғамдық тарихи жағдайларына тәуелді болады.
Қоғам дамуының белгілі сатысында педагогикалық философиялық ой- пікірлер пайда болып қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең басты мәселеге айналды. Осыған орай балаларға білім мен тәрбие берудің негзгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттердің мазмұны анықталады. Білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады.
Егер тәрбие мақсатының қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек тәрбие мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызды екенін айқын байқауға болады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес. Сондықтан да В. И. Ленин тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп дәлелдеген. Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болады, онсыз қоғам жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, ілгері дамымайды деді ол. Философия, социология, этика ілімдерімен қаруланған педагогика ғылыми адамды барлық жағынан дамытып, жарасымды етіп тәрбиелеуді өз алдына айқын мақсат етіп қойды. Халықка білім беру кәсіптік даярлық жүйесін үздіксіз жетілдіріп отыруды көздейді. Бұл әсіресе қазргі қайта құру кезеңінде ерекше маңызды.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырды. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастарды практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек. Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне міндеттері мен мақсатын жете түсіну керек. осыған орай тәрбиенің негізгі мақсаттары:
а) жастардың дүниеге ғылыми материалистік көзқарасын қалыптастыру;
ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары меи сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Әрбір адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыру-негізгі шарттардың бірі. Дүниетаным дегеніміз адамның табиғатпен әлеуметтік ортаны түсінуі және онымен қарым-қатынасының, оның барлық іс-әрекетінің бағытын бейнелейтін көзқарастарының жүйесі. Ал дүниеге көзқарас дегеніміз дүниенің даму заңдылықтарын ғылым негізінде ашатын көзқарас.
Дүниеге ғылыми көзқарастағы адамдардың басты қасиеттері өзінің Отанына шексіз берілгендігінде, жанқиярлықпен күресуге әзірлігінде. Мұндай көзқарас болмайынша, адам өз өмірінің мақсаттарын, халқымыздың жалпы күресіндегі өз орнын дұрыс түсіне алмайды.
Сонымен, еліміздің болашағына сай адам - ол теориялық іліммен қаруланған, оны шығармашылықпен іс жүзіне асыратын белсенді қоғам қайраткері, жаңа қоғамдық өмір үшін күресуге қабілеті мол, жоғары мәдениетті, білімді, өз ісіне асқан шебер адам.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсенді қатысуына әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектеп білім мен тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл- ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық талғамы, сезімі артады. Өмір жастарды осы заманға ғылым мен халық шаруашылығының кеңінен өркендеу дәрежесіне қарай жан-жақты тәрбиелеу міндеттері талап етеді. Қоғамдық және мемлекеттік өмірдің түрлі салаларында белсенді қызмет етуге қабілетті, сана сезімді және жоғары білімді адамдарды тәрбиелеп, даярлап шығаруды көздейді.
Мектеп реформасын жүзеге асырудың барысында оқу мен тәрбие жұмысының көптеген мәселелерінде түбегейлі өзгерістер енгізіп қайта құру қажеттігі туды. Солардың бастыларының бірі, мұғалім мен оқушы, мектеп басшыларымен педагог арасындағы қарым-қатынас сипатының өзін бүтіндей өзгерту қажет.
Осындай идеямен қаруланған халық ағарту қызметкерлерінің, жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерінің міндеттері-оқушылардың ғылыми- техникалық қазіргі талаптарына сай баянды ғылым негіздерімен қаруландыру, политехникалық білім беру, еңбекке тәрбиелеу, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын, оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегін ұйымдастыру барысында жүзеге асыра білу болып табылады. Осы мәселелерді өскелең өмір талабына сай ұйымдастыру және іске асыру жас ұрпақты үйлесімді етіп тәрбиелеудің, дамыту мен қалыптастырудың негізі болады. Ал тұлғаны жан- жақты дамыту бұл тәрбиенің мақсаты.
Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің кұрамды бөліктері: ақыл-ой тәрбиесі, құлық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие, эстетикалық және дене тәрбиесі т. б. Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты. Сондықтан ол өзін-өзі дамытып, барлық іскерлігімен білімін баланың бойына қоғамда өмір сүру үшін және оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге және қалыптастыруға әрқашан дайын болуы қажет. Міне, сонда ғана мектептегі тәрбие жұмысының жемісті болуы мүмкін.
Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Ең алдымен оның тәрбие мақсатына бағытталған ықпалы көптеген жағдайларға байланысты қиындай түсетін өте күрделі диалектикалық сипатының болуы.
Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасымен ынта-ықыласы, әдетімен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы өздері тап болған жағдайдың себептерін, әрине біле білмейді.
Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқының ішкі жағдайдың игілігіне айналатын адам санасының шеңберіне өткізілуі. Келешекте іс- әрекет нәтижесінде көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәні дамудың қай жағдайда жүруіне байланысты қалыптасады. Дегенмен, адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына оның осы жағдайлардағы нақты орны, қатынасы және сол жағдайлардағы іс-әрекетінің сипаты маңызды рөл ойнайды. Бұл дамудың әлеуметтік жағдайы деп аталып кеткен. Тәрбие процесінде адамның қоғамдық мәнін қалыптастырудың қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама-қайшылықтар тән, олар сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар болуы мүмкін.
Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның коғамға, адамдарға өз-өзі қатынастар жасауға және олардық шеңберін кеқейтуге бағытталады. Адамның қоғамдық мәнінің өмірдің түрлі жақтарына қатынасының жүйесі неғұрлым аумақты, кең болған сайын оның рухани жан дүниесі соғұрлым жазиралы, бай болады. Тәрбиенің мәні-адамның қоғамдық мазмұнының әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастар жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндеттердің төмендегідей бір қатар мәселелерін шешуді қамтиды:
Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің иәтижесіи талдау, жоспарлау жұмысын реттеу.
Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру. Бұл өзінің мазмұны жағынан педагогикалық іс-әрекетті пайдалы бөліктерге және ықпалдарға бөлудің, оқушылардың іс-әрекетіне педагогикалық басшылық етудің, оқушылар ұжымдары мен шағын топтардың, жеке оқушымен дұрыс қарым-қатынастарды бекітудің, оқушылар тәртібінің әлеуметтік- психологиялық шарттары мен себептерін аңғара білудің, оқушыларға жеке тұрғыда қатынас жасау бірлігінің болуын талап етеді.
Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл мазмұны жағынан педагогикалық міндеттерге енгізілген түзетулерді орынды жүзеге асыруды, сыртқы ықпалдардың қалыпты жағдайға өтуін немесе қабылданбауын қамтамасыз етеді, қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті материалды таңдап алуды, ұжым мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуді, бағыттауды, дамытуды, пайда болатын жеке шиеленістерді жоюды, оқушылар арасындағы достық пен жолдастық қатынастарды нығайтуды, педагогикалық жағдайға байланысты талап логикасын түрлендіруді, өзгерген жағдайлар да тәрбиелік ықпал жасаудың бағытын дүрыс анықтауды және тәсілдерді қайта құруды т. б. талап етеді.
Қорытынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны әдепті берілгендермен салыстырып; қол жеткен нәтижені талдау, қолданылған тәрбие әдістерінің тиімділік шеңберін анықтау, балалардың дамуындағы және тәртібіндегі ойластырылмаған, қажетсіз құбылыстардың туу себептерін белгілеу, орынды қүралдарды, әдістерді, тәсілдерді жинақтау, өз тәжірибесіне енгізу мақсатында басқа, мұғалімдердің іс-әрекетін зерттеу, педагогикалық теория мен тәжірибені сәйкестендіре білу деген сөз.
Тәрбие - бұл педагогикалық құбылыс. Олай болса педагогикалық қүбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарайық. Бұл жерде кейбір заңдылықтарды атауға болады.
Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Мысалы, жогарыда тәрбиені өсіп келе жаткан әулетті тұрмысқа дайындау деп анықтағанбыз. Ал, бұл дайындықты арнайы ұйымдастырылған тәрбие қызметініқ барысында іске асыруға болады, сонымен бірге ол балалардың күнделікті үлкендермен араласа жүріп, тұрмыстық іс-әрекетке үйренумен де орындалуы мүмкін. Бірақ аталған екі жағдайдағы тәрбиелік әрекеттер әртүрлі мағынаға ие болатыны сөзсіз. «Қоршаған орта тәрбиеледі», «Отбасының тәрбие жемісі» деп нақтылап айтатын болсақ, онда бұл бір мақсатты сияқты әрекеттердің өзара теңгерілмейтінін байқаймыз. «Қоршаган орта тәрбиеледі» немесе «Отбасы тұрмысы тәрбиеледі» деумен жеке адам дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдары болмаған ықпалын түсінеміз. Ал енді «мектеп тәрбиесі» десек, әңгіме басқаша, бүл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы іске асырылатын тәрбиелік қызметті білеміз.
К. Д. Ушинский: «Педагогикадағы тәрбие - алдын-ала ниеттелген және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс» - деп тұжырымдаған.
2. Арнайы ұйымдастырылған тәрбиенің мән-мағынасы
Тәрбие мәнін дәлірек топшылау мақсатымен американ психологы және педагогы Эдвард Ли Торндайк былай деген еді: «Тәрбие сөзіне әркім әртүрлі мағына береді, бірақ ол қашанда өзгеріс дегенді аңдатады. Егер біреуді өзгеріске келтіре алмасақ, біз оны тәрбиелемегеніміз». Ал енді осы өзгерістер жеке адам дамуында қалай көрінеді? Бұл сұраққа жауап берсе, К. Маркс «Адамның қоғамдық тұлға ретінде дамуы мен қалыптасуы азаматтық болмысты игеру жолымен іске асады» - деген еді. Бұл тұрғыдан тәрбиені өсіп келе жатқан әулеттік адамзаттық болмысты игеруге пайдаланатын құрал-жабдығы, - деп білу қажет.
Ал енді осы болмыстың өзіне және оны игеру қалай өтеді? Адамзаттық болмыс дегеніміз - адамдардың көптеген ұрпағының еңбегі және жасампаздық ұмтылысынан туындаған қоғамдық тәжірибе. Бұл тәжірибе өз ішінде келесі құрылым бірліктерін қамтиды: 1) адамдардың табиғат және қоғам жөнінде жасаған білімдерінің жиынтығы;
2) еңбектің әрқилы саласында қажет ептіліктер мен дағдылар және шығармашылық іс-әрекет әдістері;
3) әлеуметтік, рухани қатынастар.
Аталған тәжірибе көп ұрпақтың еңбегі және шығармашылық күшімен жасалатындықтан білімдер де, тұрмыстық ептіліктер мен дағдылар да, сондай-ақ ғылыми және көркемдік туындылар мен рухани-әлеуметтік қатынастар да адамдардың әртүрлі танымдық, көркем шығармашылық, әлеуметтік және рухани қызметінің нәтижелерінен қалыптасады. Енді осы тәжірибені өз «игілігіне» айналдырып, «меншіктеп» алу үшін жаңа әулет қайтадан бұл «затты» ақыл-саналық сипатқа келтіруі тиіс, яғни қай формада болмасын оны жасауға бағышталған іс-әрекетті (еңбектік, танымдық, әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық) шығармашылықпен көркейте, байыта отырып қайта жаңғыртып, бұрынғыдан да дамыңқыраған түрде өзінен кейінгі ұрпаққа жеткізуге борышты.
3. Тәрбие мақсаты мен тәрбие міндеттері
Мақсат категориясына қарама-қарсы категория - арман. Екеуінің бір-біріне ортақ ұқсастығы олардың санада туындап, әрі жасайтын идеялық бейне болуында. Ал айырмашылығы - осы бейнеге субъект қатынасының әртүрлілігі.
Арман-елестің немесе қиялдың субъектіге берер біршама қанағаттану сезімі. Арман адамды шындық болмыстан алшақтатады.
Мақсат - бұл да бейне, бірақ онан келетін қанағаттану тек ішкі қабылдаудан емес, сол бейнені іс-әрекетке қосып шындыққа айналдырудан. Бұл бейне не субъектіні белсенді әрекетке бағыттайды, ықпал жасайды. Туындай отырып, мақсат ойға алған, көздеген нәтижеге жетпей, өз қанағатын таппайды. Бұл арада бейне-нәтиже тек іштей қызығу үшін емес, нақты жетістік үшін қажет.
Арман субъекттің енжарлығынан келіп шығады, әрекетсіздікке байланысты, ал мақсат - іс-әрекет, белсенді қызметтің бастау көзі.
Бірақ өзіміз жасап отырған, қарама-қайшылығы қабысқан барша дүниеміздегідей -бұл екі шекті құбылыс-арман мен мақсат өзара тығыз байланысқан. Арман-мақсат түзу үшін негіз, арман-мақсаттарды қайта қарастырып, үйлестіріп отыруға ықпал. Мақсат та өз кезегінде жаңа мақсатқа жетелейтін жаңа арманға жол ашады. Мақсатқа жетудің жолы тұр-тура болмақ емес, ол үшін талай міндеттерді іске асыру қажеттіліктері туындайды.
Міндет - бұл мақсатқа жету жолдарындағы бір саты, орындалуы қажет нәтиженің бір бөлігі, осы бөлік өзінің іс-әрекеттік бітімін таппаса, жалпы нәтиже де жоқ. Міндет мақсаттың өзін құрайтын элементтерге бөлінуінен пайда болады. Кейін сол элементтердің бәрі бірігіп, іс-әрекеттің жалпы нәтижесін алуға жұмсалады. Іс-әрекеттің барысында субъект, әдетте, мақсат жөнінде ойламайды, оның есінде тек міндеттері, өз іс-әрекетін сол міндеттердің кезегімен шешілуі деп біледі.
Мақсаттың ұмыт болуы - жалпы стратегиялық бағыттың жойылуына әкеледі, ендеше, міндеттер де тактикалық бағдар ретінде өз маңызын жояды. Мысалы, бағбан адамдарға ләззат берер бақ бергісі келді (жалпы мақсат) . Бірақ нақты істерді (міндеттерді) орындау күйбеңімен жүріп, тиісті орынға гүл егуді ұмытты, соның салдарынан бақ ләззат беру сипатынан айрылды, яғни негізгі мақсат іске аспады, сонымен атқарылған міндеттер (атызды дайындау, суғару, күтім жасау-бәрі де) босқа кетті.
Мақсат болжау-мақсат пен міндеттердің өзара байланысын тану нәтижесі.
Міндет-мақсаттың бір бөлігі, құрылым бірлігі. міндет көрер көзге дербес, өз алдына жасағанымен, мақсат бағытында орындалып барады. Мысалы, педагог баланы күнделікті адамгершілікке баули отырып, қоғам азаматын тәрбиелеу бағдарындағы мақсатты мүлде естен шығармауы тиіс, өмірде адамның тұлғалық мазмұнын оның әр секунд, минут, сағаттағы белсенді тіршілігі қалайды, - дегендей философиялық тұжырымды бетке ұстау ләзім.
Кәсіптік еңбектің ажырамас бөлігі ретінде мақсат болжау мұғалімнің, жоғары оқу орны оқытушысының қызметінің құрамды бөлігі. Осыдан, ертең ұстаздық іске араласамын деген студент мақсат болжау проблемасының ғылыми мағынасын, педагогикалық қызмет кұрамындағы мақсат болжаудың мәні мен мақсаттың орны мен маңызын, мақсаттарды әртүрлі негізде сараптауды жете түсініп, игеруі міндетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz