Жүсіптің (Мария анамыздың жұбайы) Захария


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жүсіптің (Мария анамыздың жұбайы) Захария есімді туыс ағайыны болады. Захарияның жасы біразға келіп қалған кісі еді. Әйелінің аты Елисавета болатын. Захария бір күні ғибадатханада қызмет етіп жүргенінде періште келеді. Періште айтты: «Захария сен менен қорықпа сенің қылған дұғаңды, құлшылығыңды Құдай естіді. Сен көп ұзамай ұлды боласың. Ұлыңның атын Иоанн қой. Иоанның Құдайдың алдындағы дәрежесі үлкен болады. Өйткені Иоанн Израйль халқының көп бөлігін дінге кіргізетін» дейді.

Захарияның баласы Иоанн өзінің уағызын айта бастағанда Ғайса пайғамбар отыз жасқа толған еді. Иоанн бүкіл елді шарлап «Құдай патшалығы жақындады. Құдайдың келуіне жол ашыңдар» деуден танбады. Иерусалимнің, бүкіл Иудейдің халқы Иоанның алдынан шығып күтіп алатын болды. Адамдар күнәләрінің кешірілуін жалбарына сұрап «шоқынатын» (крестить) болды. Бір күні Иоанның алдына Ғайса пайғамбар келеді. Ғайсаны көрген Иоанн сасқалақтап Сен маған неге келіп тұрсың, қайта мен сенен үйренуім керек қалай «шоқыну» керектігін дейді. Сонда Ғайса пайғамбар «Әркім өзінің міндетін орындауы керек. Оставь теперь. Ибо так надлежит нам исполнить всякую правду» дейді. Ғайса пайғамбар шоқынып болғаннан кейін Құдайдың рухы көгершін кейпінде ұшып келіп басына қонады. Сол кезде аспаннан дауыс келеді: «Бұл менің сүйген құлым. Менің рақымым(благоволение) түскен құлдардың бірі» деген.

Шоқынып болғасын Ғайса пайғамбар шөл далаға кетеді. Онда ол Құдайға жалбарынып, құлшылық қылып, өзіне жүктелген міндетті орындауға дайындалады. Ғайса пайғамбар шөл далада құлшылықпен өткізген қырық күнін оразамен өткізеді. Бір күні Ғайса пайғамбарға Ібіліс келіп азғыра бастайды: «Егер сен шыныменен Құдайдың баласы болсаң, кәні мына тасты нанға айналдырып жіберші» дейді. Ғайса пайғамбар болса сабырлы ұстап: «Киелі кітаптарда адам баласы нанмен ғана өмір сүруі керек деп жазылмаған. Құдайға құлшылық етіп рухани азықпен ақ өмір сүруге болады» дейді. Ібіліс онан ары өршелене ерегісіп, Ғайса пайғамбарды көтеріп биік таудың ұшына шығарады да: «Бүкіл жер шарындағы патшалықтарды көрдің бе? Бұлардың бәрі маған табынып бас ұрады. Мен қаласам кез келген адамға патшалықты сыйлай аламын. Егер сен маған бас иіп, сәжде қылатын болсаң осы патшалықтың бәрі сенікі болады» дейді. Ғайса пайғамбар оған ашулнып «Киелі кітапта тек Бір Құдайға ғана құлшылық қыл. Соған ғана қызмет ет» деп жазылған дейді. Дегеніне жетпей қоймаймын деп Ібіліс Ғайсаны иерусалимдегі биік ғибадатхананың басына алып келеді де: «Мына жерден төмен қарай секір. Киелі кітапта «Құдай періштелеріне бұйырған сені қашанда желеп жебеп жүруді, мүмкін аман қаларсың» дейді. Ғайса болса «болмайтын нәрселермен Құдайдың мазасын ала беруге» болмайды деп жауап береді. Түк шығара алмаған Ібіліс сонда ғана Ғайсаны жеке қалдырып кетеді.

Еврейлердің дәстүрі бойынша сенбі демалыс күні. Заң бойынша еврейлер бұл күні жұмыс істемеулері керек. Ғайса пайғамбар қасында шәкірттері бар сенбі күні синагогқа кіріп келеді. Синагогқа жиналған көп халықтың ішінде бір адамның бір қолы сал болып қалған еді. Ғайсның жаулары Ғайса енде не істер екен деп аңдып қарап тұрады. Бұл мына кемтер бейшараны емдей ма емдемей ма? Егер емдесе Мұса пайғамбардан бері келе жатқан заңды бұзды деп айыптаймыз деп қарап тұрады. Ғайса пайғамбар болса дұшпандарының не ойлап тұрғандығын алдын ала сезіп, ауру адамға қарап тұр орныңнан бар да адамдардың арасына қосыл дейді. Ол пақыр орнынан тұрып адамдардың арасына кіреді. Сол кезде Ғайса тұрды да жұртқа қарап былай тіл қатты: «Халайық сендерден сұрайтын сұрағым бар. Сенбі күні әрбір адам не істеуі керек? Жақсылық жасауы керек пе әлде жамандық жасауы тиіс пе? Өзінің жанын құтқаруы керек пе әлде өзін өзі азапқа салу керек пе?» соны білгім келеді дейді. Мұны естіген Ғайсаның дұшпандарының аузына құм құйылады. Жан жағына қараған Ғайса ауруға бұйырады: «қолыңды созшы дейді». Қолын созуы сұң екен жазылып сала береді.

Бір күні Ғайса шәкірттерін ертіп өзеннің ар жағына барып қайтуға сапарға шығады. Қайыққа отырысымен Ғайса ұйықтап кетеді. өзеннің ортасына жете бергенде жел тұрып, жаңбыр жауып, толқындар қатты көтеріле бастайды. Шәкірттері қорқып кетеді де «Ұстаз, Ұстаз тұрыңыз батып барамыз» деп айғай салады. Ұйқыдан көзін ашқан пайғамбар «желге тиым салады» артынша өзеннің үстінде тыныштық орнайды. Сонда шәкірттеріне қарап «сендердің имандарың қайда» дейді. Сонда шәкірттері бұл неткен ғаламат деп таң қалысады.

өзеннің арғы бетіне өтісімен пайғамбар жиналған халыққа арнап уағыз айтады. Кеш болып кеткесін шәкірттеріне қарап сендер қайта берің дер мен арттарыңнан өзім барамын дейді. Шәкірттері қайыққа отырып кетіп қалады. Шәкірттері кеткен соң артынша жиналған халықта тарай бастайды. Жалғаыз қалған пайғамбар таудың үстіне шығып құдайға құлшылық қылады. Бұл кезде шәкірттері мінген қайық өзеннің оратсына жетіп қалған болатын. Таң атуға жақындағанда шәкірттері оянып арттарына қараса өзеннің үстімен жүріп ккеле жатқан ұстаздарын көреді. өз көздеріне өздері сенбеген олар «бұл елес» деген тоқтамға келеді. Сонда пайғамбар тұрды да «қорықпаңдар бұл менмін» дедй. Шәкірттерінің ішінен Петр батыылданып «егер бұл анық Сен болатын болсаң, онда мен де саған өзеннің үстімен жүріп барайыншы дейді. Ғайса «жүр» деді. Петр қайықтан түсіп өзеннің үстімен жүреді. Алайда қатты жел тұрып тұрғандықтан қорқып кетеді. Бойына қорқыныш ұяласымен ол суға батып кетеді. Петр қорыққанынан «Я Құдай құтқара көр» деп айқайлап жібереді». Пайғамбар қолын созып судан шығарып алады да «имансыз неме сен неге күмәндәндің» деп ұрсады.

Тағы бір күні Ғайса қасына Петрді, Иаковты, Иоанн (өзінің бауры) ертіп тауға шығады. Құлшылық жасап отырғанда пайғамбардың түсі өзгеріп сала береді. Жүзі күн секілді нұрланып, киімі аппақ болып кетеді. Сол кезде қасына Мұса пайғамбар мен Ілияс пайғамбар келеді. Үшеуі отырып тау басында сұхбат құрады. Екі пайғамбар кетісімен Петр тұрды да Ғайсаға «Я Құдай! Мына жерде тұрған қандай жақсы. Егер сен қаласаң осы жерге үш пайғамбарға арнап үш үй тұрғызайық»деді. Сол кезде аспаннан ғажайып бір сәуле келді де, күркіреген дауыс естілді: «Бұл менің сүйікті құлым. Не айтса соны тыңдап айтқанын орындаңдар» деді. Шәкірттерінің Құдайдың дауысын естіп естерінен танып қалады. Ғайса пайғамбар жақындап, түртіп тұрғызады. Қорықпайдар дейді. Шәкірттері тұрып қараса Мұса да, Ілияс та жоқ кетіп қалыпты.

Капернаум қаласында Ғайса уағыз айтып отыр еді Петр тұрып мынадай сұрақ қояды: «Мен бауырымның маған қарсы жасаған қастандығын қанша рет кешірсем. Құдай оның күнәсін кешіреді?» деп сұрайды. Оның жауабын мына хикаядан табарсың дейді. «Құдай деген патша сияқты: патша бір күні өзіне он мың талант қарыз болып қаалған құлын шықырып алдырады. Ал ол құлдың қарызын өтейтін ешқандай мүмкіндігі жоқ еді. Патша тұрды да, мына құлды әйелі, бала шағасымен қосып сатыңдар. Сатудан түскен ақша қараызының орынын жабар деп бұйрады. Сонда әлгі құл патшаның алдына бас ұрып. О патша мен бейбақты кешіре гөр. Мені құлыққа сата көрме. Сәл шыдай тұрсаң қарызыңды бірнәрсе етіп қайтарармын деп жалбарынады». Құлға рақымы түскен патша оны босаттырып, барлық қарызыңнан құтылдың деп босатып жібереді. Құл былай шыға берсе алдынан өзіне қарыздар бір досы шыға келеді. Құл досын ұстап алады да қарызымды тез қайтар деп жан алқымға алады. Досы сәл шыдай тұршы, қазір мүмкіндігім болмай тұр десе, оған көнбейді. Досын апарып қараңғы сарайға қамап тастайды. Оны көрген басқа достары патшаға келіп құлдың не істегенін мәлімдейді. Ашуланған патша жасауыл жіберіп әлгі құлды қайта алдырады «Залым неме! Мен сенің барлық қарызыңды кешіріп жібере салдым. Ал сен болсаң не істеп жүрсің. Өзіңнің досыңның қарызын кеше салсаң болмай ма? Сенің қарызыңды мен кештім ғой. Неге сен ғибрат алмайсың» деп құлды баяғы қарызын қайтармайынша босатпайтын қылып азапты жұмысқа салып қойды дейді. Құдайда сол патша секілді, егер сендер өз бауырларыңның жасаған жамандықтарыын кешпесеңдер, Құдай да сол патша секілді жазалайды. Петрге берген жауабы осы болды.

Адамдар Ғайса пайғамбардан Құдай патшалығына жетіп онда мәңгі қалу үшін айтқан уағыздарыңның ішінде қайсысын орындасақ маңызы зор болады? деп жиі сұратын. Кейбіреулер оны сөзден ұстап кінә арту мақсатында сұрайтын. Бір күні бір заңгер тұрды да Ғайсаға қарап: «Ұстаз! Мен Құдай патшалығында мәңгі қалуым үшін не істеуім керек?» деп сұрады. Ғайса болса «Заңда не айтылған? Не деп жазылған?» деп қарсы сұрақ қойды. Заңгер «Заңда: Құдайды жан тәніңмен сүй, ал жақыныңды өзіңдей гөр!» деген деді. Ғайса тұрды да «Сен дұрыс айтасың. Сол айтылғандарды орындасаң мақсатыңа жетесің» деді. Заңгер болса онан ары қазбалап «Ұстаз! Ал менің жақыным кім сонда? Кімді жақын тұтуымыз керек?» деді. Оған жауап ретінде пайғамбар хикая айтып береді: « Бір күні бір адам Иерусалимнен, Иерихонға қарай сапарға шығыпты. Жолда ол қарақшыларға тап болып, тоналады. Қарақшылар үстіндегі киіміг дым қоймай сыпырып алғанымен қоймай, өлтіргенше сабайды. Жолаушы шала жансар күйі жол бойында жатады. Бір діндар священник кездойсоқ сол жолмен жүріп келе жатып, әлгі жолаушыға кезігіп қалады. Бірақ бәлесі маған жұғып кетер деп сырт айналып жоламайды. Левитте дәл солай бейшараға көмектепеген күйі жанынан өте шығады. Ал үшінші болып жолаушыға бір самарянин кезігеді. Ол жолаушыны аяп орнынан басын көтеріп суын беріп, денесіндегі жарасын таңып, жақын жердегі бір қонақ үйге апарады. Кетерінде қонақ үйдің егесіне екі динар тастайды да, сен мына адамды барынша күт. Егер мына қаражат жетпей қалса өз қалиаңнан шығарып жұмсай бер. Мен қайтар жолда барлық шығынды өтеймін деп кетіп қалады». Енді сен қалайойлайсың осы үшеуінің ішінде қайсы жақын жаңағы жолаушыға. Заңгер тұрды да «әрине жақсылық жасаған адам» деді. Сонда пағамбар «Бар! Сенде солай жаса» деп шығарып салды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моноұлттық мемлекет құру
Қарахан әулетіне кемінде 2800 жыл парсы, түркі және қытай деректері осылай дейді
МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАР БЕЙНЕСІН ЖАСАУДАҒЫ КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР
Мұхаммед пайғамбар(с.ғ.с) және ғылым
Бес жүз бес сөз
Христиан теологиясы
Мұстафа Шоқай және Түркістан легионы
ЕСКІ ҚЫПШАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҒАШЫҚТЫҚ САРЫНДАР
«Жүсіп – Зылиха» дастаны
Иоганн Бах
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz