Монополистік бәсеке түсінігінің шығуы



Жоспар

Кіріспе

1.Монополистік бәсеке түсінігінің шығуы ... ... ... ... ...4

1.1.Бәсеке .нарық механизмінің басты элементі

1.2. Монополистік бәсекенің пайда болу жағдайы

2. Қысқа мерзім ішіндегі фирма мен нарық ... ... ... ... 13

2.1. Фирманың пайданы максималдауы

2.2. Жетілген бәсекелес фирманың қысқа мерзімдегі ұсынысы

3.Нарықтағы монополистік бәсеке тепе.теңдігі ... ... ..23

3.1.Бағалық бәсеке кезіндегі монополибәсекелес фирма

3.2.Экономикалық монополсыздандыру реформаның

басты бағыты

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
Кіріспе.

Нарықтық экономикалық қарым-қатынастар жүйесін орнықтыру – Қазақстан Республикасында, тағы да басқа бұрынғы социалистік елдерде атқарылатын реформаның түп қазығы іспеттес. Нарықтық экономиканың әміршілдік-жоспарлықтан басты айырмашылығы-өндірісті дамытудың негізгі қозғаушы күші және реттеушісі ретінде бәсекелестіктің пайда болуы.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бәсекелестік қарым-қатынастарды қорғау және өркендету, монополияға қарсы заң және соған негізделген мемлекеттік реттеу мемлекет белсенді түрде кірісетін негізгі аясының бірі болып табылады. Әміршілдік-жоспарлы жүйеде монополизм әлеуметтік бағдардың кепілі және негізгі сипаты да, ал монополияға қарсы саясат жоқтың қасы болболды, сондықтан да мемлекеттік монополияға қарсы саясатты жасақтау- мемлекеттің өтпелі кезеңдегі ең маңызды ұйымдық-басқарулық парызы болмақ..
Монополияға қарсы саясат мемлекеттік реттеу жүйесінің құрамдас және қажетті бөлігі болып табылады және оның басқа да әдістерімен, түрлерімен тығыз байланыста, сондай-ақ бұл өзара әрекет пен өзара кірігу жылдан-жылға күрделі де сан алуан боп барады. Мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, баға мен сыртқы сауданы ырықтандыру, кәсіпкерлікті дамыту ең ақырында бәсекені дамытуға арналған. Бұл жерде монополияға қарсы саясат үйлестіруші буын боп шығады.
Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық-монополия, ал фирма-монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.

1. Монополистік бәсеке түсінігінің шығуы
Монополистік бәсеке түсінігі және моделі 1933 жылы шыққан Э.Чемберлиннің аттас кітабына міндетті Бірақ Чемберлиннің монополистік бәсеке туралы көрінісінің өзгеруін ұмытпау керек, оның монополия және бәсеке күші монополистік бәсеке комбинациясын көрсетеді деген
сенімі ғана өзгермеді.
Чемберлин өзінің «Монополистік бәсеке теориясы» атты басты еңбегінде олигополияны және монополистік бәсекені нарық құрылымының екі түрлі моделі деп қарастырып, соңғысын ол өнім дифференциациясымен байланыстырды. Кейін, Чемберлин нарық құрылымының жетілген бәсеке және монополия арасында жатқан барлық типтері олигополияны қоса алғанда монополистік бәсеке нарығының кең класына қосылуы мүмкін деген шешімге келді.Ол 1957 жылы : «Таза бәсеке, монополистік бәсеке және таза монополия – маған табиғаттан толық болып көрінетін классификация» деген. Ол «Монополистік бәсеке олигополияны ескермейді емес, керісінше оны қамтиды» деген.
Мұндай шешім кеңінен таралады.Дәл осымен көптеген қазіргі кездегі шетелдік микроэкономика курстарында монополистік бәсекенің аралық немесе өрлеген дәрежесі «Нарық құрылымы» бөлігінің бөлек тарауында көрсетілмейді. Оның орнына монополистік бәсекенің дәстүрлі нарығы және олигополия моделі өндіріс ұйымдарын зерттеуге кіріспе ретінде қолданылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Г. Нұрмолдақызы Заң қабылданып еді , монополистердің монологы естіле бастады. /Жас Алаш 1998 жыл 6 тамыз

2. Егеменді Қазақстан Табиғи монополиялардың тарифтері төмендетілді. 1998 жыл 29 тамыз


3 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормалық құқықтық акт бюллетені 2000 №2.
4. Қадырбеков Б. Экономиканы монополсыздандыру реформаның басты бағыты /Қаржы-қаражат 1996 №5

5. Я. Әубәкіров Экономикалық теория негіздері Алматы Санат 1998

6. Н.Қ.Мамыров, Қ.С.Есенгалиева, М.Ә.Тілеужанова Микроэкономика Алматы Экономика 2000

7. Ж.Қ.Нұрпейісов. Микроэкономика негіздері. Астана, 2001

8. Гальперин В.М.,Игнатьев С.М., Моргунов В.И. Микроэкономика СПб, 2001

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1.Монополистік бәсеке түсінігінің шығуы ... ... ... ... ...4

1.1.Бәсеке –нарық механизмінің басты элементі

1.2. Монополистік бәсекенің пайда болу жағдайы

2. Қысқа мерзім ішіндегі фирма мен нарық ... ... ... ... 13

2.1. Фирманың пайданы максималдауы

2.2. Жетілген бәсекелес фирманың қысқа
мерзімдегі ұсынысы

3.Нарықтағы монополистік бәсеке тепе-теңдігі ... ... ..23

3.1.Бағалық бәсеке кезіндегі монополибәсекелес фирма

3.2.Экономикалық монополсыздандыру реформаның

басты бағыты

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ..39

Кіріспе.

Нарықтық экономикалық қарым-қатынастар жүйесін орнықтыру – Қазақстан
Республикасында, тағы да басқа бұрынғы социалистік елдерде атқарылатын
реформаның түп қазығы іспеттес. Нарықтық экономиканың әміршілдік-
жоспарлықтан басты айырмашылығы-өндірісті дамытудың негізгі қозғаушы күші
және реттеушісі ретінде бәсекелестіктің пайда болуы.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бәсекелестік қарым-қатынастарды қорғау
және өркендету, монополияға қарсы заң және соған негізделген мемлекеттік
реттеу мемлекет белсенді түрде кірісетін негізгі аясының бірі болып
табылады. Әміршілдік-жоспарлы жүйеде монополизм әлеуметтік бағдардың кепілі
және негізгі сипаты да, ал монополияға қарсы саясат жоқтың қасы болболды,
сондықтан да мемлекеттік монополияға қарсы саясатты жасақтау- мемлекеттің
өтпелі кезеңдегі ең маңызды ұйымдық-басқарулық парызы болмақ..
Монополияға қарсы саясат мемлекеттік реттеу жүйесінің құрамдас және қажетті
бөлігі болып табылады және оның басқа да әдістерімен, түрлерімен тығыз
байланыста, сондай-ақ бұл өзара әрекет пен өзара кірігу жылдан-жылға
күрделі де сан алуан боп барады. Мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру,
баға мен сыртқы сауданы ырықтандыру, кәсіпкерлікті дамыту ең ақырында
бәсекені дамытуға арналған. Бұл жерде монополияға қарсы саясат үйлестіруші
буын боп шығады.
Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды
ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық-монополия,
ал фирма-монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды өндіретін
жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың
сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын
анықтайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын
бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бәсекелес
фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының
шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол
монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.

1. Монополистік бәсеке түсінігінің шығуы
Монополистік бәсеке түсінігі және моделі 1933 жылы шыққан Э.Чемберлиннің
аттас кітабына міндетті Бірақ Чемберлиннің монополистік бәсеке туралы
көрінісінің өзгеруін ұмытпау керек, оның монополия және бәсеке күші
монополистік бәсеке комбинациясын көрсетеді деген
сенімі ғана өзгермеді.
Чемберлин өзінің Монополистік бәсеке теориясы атты басты еңбегінде
олигополияны және монополистік бәсекені нарық құрылымының екі түрлі моделі
деп қарастырып, соңғысын ол өнім дифференциациясымен байланыстырды. Кейін,
Чемберлин нарық құрылымының жетілген бәсеке және монополия арасында жатқан
барлық типтері олигополияны қоса алғанда монополистік бәсеке нарығының кең
класына қосылуы мүмкін деген шешімге келді.Ол 1957 жылы : Таза бәсеке,
монополистік бәсеке және таза монополия – маған табиғаттан толық болып
көрінетін классификация деген. Ол Монополистік бәсеке олигополияны
ескермейді емес, керісінше оны қамтиды деген.
Мұндай шешім кеңінен таралады.Дәл осымен көптеген қазіргі кездегі шетелдік
микроэкономика курстарында монополистік бәсекенің аралық немесе өрлеген
дәрежесі Нарық құрылымы бөлігінің бөлек тарауында көрсетілмейді. Оның
орнына монополистік бәсекенің дәстүрлі нарығы және олигополия моделі
өндіріс ұйымдарын зерттеуге кіріспе ретінде қолданылады.

1.1.Бәсеке – нарықтық механизмнің басты элементі.

Нарықтық қатынастардың мәп-мағынасын байқатып ұғымдардың бірі – бәсеке
болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені- өндірушілердің бір-бірімен
нарықтағы тауар ұсынымы мен бағаны белгілеу жайлы өзара қатынасы ретінде
анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке. Ал, тұтынушылар
арасындағы бәсекені – нарықтағы бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру жайлы
өзара қатынастар ретінде анықтаймыз. Нарық жағдайындағы бәсеке шаруашылық
пропорциясының негізгі механизмі қалыптастыру ретінде белгілі.
Бәсеке нарық субъектісінің тепе-теңдік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу
үшін өзара экономикалық жарысын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы
жұмысау. Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Сондықтан жеке
кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің құқықтарын нарықта бәсеке мен
манаполияға өктем жүргізеді.Нарық субъектілері көп болса, бәсеке тиімді
жүреді. Себебі бәсеке мен монополия бір-біріне кері ұғымдар.Батыс
сарапшыларының бағалауынша, бір тауар түрін сатушылар 4-5 тен аз болмаған
жөн, ал 8-15-тен болса өте тиімді. Егер төрт фирма 80% сауда-саттықты
бақыласа, онда нарық монополияланған болып табылады .
Бәсекенің классикалық түрін еркін, жетілген, бағалық деп атау баршаға
белгілі нәрсе. Мұнда баға құрылымының еркін механизмі экономиканы
жүргізудің өте тиімді тәсілі ретінде бағаланады. А.Смит бәсекенің еркін
теориясының негізін қалаған.Бәсекенің классикалық түрі нарықтық экономикасы
бар елде XVIII-ші ғасырда XIX-шы ғасырдың соңғы ширегінедейін байқалады.
Демек, бәсеке өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында монополиялық
бірлестіктердің (картель,синдикат, концерн) тууына дейін болған.
Классикалық (еркін) бәсекенің орнына еркінемес, жетілмеген бағалық
емес монополиялық бәсеке келді. Бәсекелестік күрестің нақты өзгеруі
монополиялық бәсеке теориясында айқын көрінеді. Оның негізін қалаушы
американ экономисі Чемберлин Эдвард Гастингс (1899-1967жж) болды
Ол монополиялық бәсекенің негізгі ережесін жасады және бәсеке күресінің бір
түрін ерекше байқады: өнімді дифференциациялау үшін. Ол былай деп жазған:
Бәсекенің Бәсеке сипаты бойынша нарықтың моделі
негізгі
сипаттары
Жетілген Жетілмеген Таза монополия
(еркін және (таза емес)
таза) бәсеке бәсеке
Монополиялық Олигаполия Бір ғана өндіруші
бәсеке
Тауар Тауар Тауар Тауар Бір ғана өндіруші
өндірушілердөндірушілердіңөндіру шілердіөнді-рушілер аса
ің саны көптігі ң көптігі көп емес,ірі
тауар
өнді-рушілер бар.
Өнім сипаты Бір текті өнімӘр текті өнімА.Бір неше ірі Біртекті өнім, өзін
фирмалар ауысты-ратын ұқсас
бір-текті өнімнің болма-уы.
тауарлар
өндіреді.
Б. Бірнеше ірі
фирмалар
дифференциаланған
тауар-лар
өндіреді.
Бір бірі-менАуылшар-уашылыӘртүрлі саудаӨнеркәсіп: Жергілікті қо-ғамдық
жо-лығатын ғы Киім, а) алюминий, қолдану
экономика бидай,көкөніс,аяқ-киім, болат балқыту. кәсіпорындары
сапасы. же тағам өнім ә) автомобиль телефондары
міс-жидек
өндіру

Жіктелумен бірге монополия пайда болады және жіктелудің ұлғаюына қарай
монополия элементтері көбірек бола бастайды барлығында, қайда болса да
белгілі дәрежеде жіктелу кездеседі.Әр сатушы өз меншегіндегі өнімге
абсолюттік монополияға ие, бірақ оған қарамай кейбір кезде жетілмеген
ауыстырушылар тарапынан бәсекеге ұшырайды. Сондықтан өз-өзімен бәсекелестік
күрес тәсілі ретінде монополиялар өнімді жүктеуге ұмтылады.
Екінші дүние жүзілік соғысан кейін, батыстың экономикалық ойы,
қазіргі жағдайда ірі компаниялар барын айта отырып, олардың тауар өткізу
нарығына өзара бөлісуін көрсетті. “Көптеген ірі корпорациялар олигополиялық
нарық нарық құрылымында әрекет етеді, ”- деп 1975 жылы американ
экономистері Роберт Хейлбронер (1919ж.) мен Лестер Туроу (1938ж.) жазды.
“Олар нарықты бөледі және бір-бірімен жарнама, өнім жіктеуді, қызмет
жасауды ұсыну т.б. арқылы бәсекелестікке түседі”. Американ экономисі Пол
Самуэльсон былай деген: “Басты қауіп монополияда жатыр немесе жетілмеген
бәсекеде. Жетілген бәсеке көптеген өндірушілердің іске тартып, бірде бір
фирманың тауар бағасына әсер етуі болмауын қадағалайды.”
Жетілмеген бәсеке бағаға қайдағы бір бәсекелес әсер еткенде пайда болады.
Шындығына келгенде барлық иегерлер “еркін емес бәсекелестікке тартылған.”
Бәсекені оның тәсіліне қарай былай білміз: бағалық және бағалық емес немесе
өнімнің сапалық (тұтыну құны) негізіндегі бәсеке. Біртекеті өнімдер түрінің
нарықтың өзінде әртүрлі бағаларды көрсетуі бағалық бәсекелестің мән-жайын
көрсетеді. Сатушы өзінің өніміне бағаны түсіре отырып, тауарына барынша
назар аудартады және түптеп келгенде нарықта нәтижеге қол жеткізеді.
Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі өндіріс шығындарын және өткерілетін
тауарлар бағасын төмендету болып табылады. Баға еместік бәсеке ең алдымен
өнім сапасын жақсартуды көздейді. Баға еместік бәсекенің басты қаруы –
жарнама, маркетинг факторларын және басқаларын қолдану болмақ. Қазіргі
нарықтар өнім түрлерімен ғана бөлініп қоймайды және бәсеке сипатымен де
бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке нарығы, олигополиялық
бәсеке нарығы, таза монополия нарығы. Енді осыларға толығырақ тоқталайық.
Жетілген бәсеке нарығы – кезкелген ұқсас (бір-бірінін ауыстыратын)
тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан тұрады. Бірде
бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранымды, нарыққа тауардың түсуін
немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары
қоюға дәрмені жетпейді, себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды
нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір стушы бір ғана тауар өнімн сатады.
Бұл нарықта тез келуге болады және тез кетуге болады. Осындай нарықтың
моделіне, мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдер нарығы өте жақын –бидай, көк-
өніс, жеміс-жидек ж.т.б.
Монополия бәсеке нарығы (грек сөзі “монос” бір, “полео” - сатамын)-
көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті өнімді сатуынан
құралады.Өнімдері бір-бірінен сапасы, қасиеті, сыртқы өрлеуі бойынша
ажыратуға болады, сондай-ақ ассортименті, қызмет көрсетуі бойынша да бөлуге
болады. Сатып алушылар мұндай ерекшелігіг көре отырып тауарларға жоғары
бағаны төлеуге дайын тұрады. Осындай модельге, мысалы- киім, аяқ-киім,
тағам өнімдері, жағар маймен т.б. бөлщек сауда жасау өте жақын.
Олигополия (грек сөзі “олигос”-аздау “полео”- сатамын)- бірнеше деген сатып
алушылар нарығын көрсетеді, байқалатыны тіпті, осылардың кейбіреулері
нарықтың көп бөлігін бақылайды. Өнім бұл жағдайда біртекті және әр текті
болуы мүмкін олигополиялық бәсекенің бірден бір белгісі сол оған
қатысушылардың бағаның толыққанды көтерілгендігінің оң нәтижесіне есеп
құра алмайды.
Себебі бәсекелесте оны төмендетуге мәжбүр етеді. Олигополиялық нарық
жағдайында өнімдер бір үлгіде жасалған (мысалы, алюминий, болат,химия
өнеркәсібі өнімі) немесе (мысалы, автомобиль,компьютер,ауыл шаруашылық
инвентарь,тұрмыстық прибор.)
Таза монополия нарықтың сондай түрі, онда бір ғана өндіруші бір текті
өнімді 100% -ға сатуды жүзеге асырады және ол өнімді соған жақын
ауыстырушылар жоқ. Таза монополияға мысал ретінде жергілікті қоғамдық
қолдану кәсіпорындары қызмет жасауы мүмкін: жергілікті телефон байланысы,
электр жүйесін жөндеуші және басқада қоғамдық қызмет жасау жүйелері.
Бәсеке- құрылымдық ұғым, ал бақталастық мінез-құлықтық ұғым. Оны жоғарыдағы
кестеден байқауға болады. Жетілген бәсеке кезінде, бақталастық болмайды, ал
жетілмеген бәсекеде бақталастық мінез-құлық нарықта байқалып қалады.
Монополия кезінде бақталастық жоқ. Жеке өндіруші артықтау жағдайға ие
болып, ол өнімнің нарығын бақыласа, онда өндірістің монополиялық құрылымы
пайда болады. Тіпті шағын кәсіпорынның өзіде монополист болуы мүмкін, егер
оның тауар өндірісіндегі үлесі жоғары болса. Ірі корпорация монополиялық
жағдайға ие болмауы да мүмкін, егер оның нарықтық қарқыны басқа
өндірушілермен тепе-тең болса. Монополизмге мынандай экономикалық
қатынастар типінде жатқызамыз: жекелеген шаруашылық субъектілері өзінің
мүдделерін контрагентеріне, жалпы қоғамға жүктеуі мүмкін және олардың өзіне
керекті тұтынысын жоққа шығарады.
Нарық жағдайын бақылай отырып, бәсеке жағдай жасау мен қолдау мемлекеттік
антимонополиялық органдардың ісі болып табылады. Бәсекелестік органның
қалыптасуына шағын және орта кәсіпорындар қызметінің еркіндегі ерекше роль
атқарады.

1.2. Монополистік бәсекенің пайда болу жағдайы

Монополистік бәсеке оншақты фирма шаруашылық еткенде және олардың арасында
жасырын келісімдер мүмкін емес жағдайда пайда болады.Әр фирма өз
жауапкершілігінен тәуекел етіп, өзінің бағалық саясатын анықтайды.
Бәсекенің басқа барлық қатысушыларының әрекеттерін болжап, есептесу мүмкін
емес.
Монополистік бәсеке өнім дифференциациясы қажет жағдайда және өз
тауарларының өтімі үшін тұтынушылардың көзқарасын есепке алғанда
өркендейді. Монополистік бәсеке тұтыну бұйымдарын өндіретін салаларда
кеңінен көрсетілген. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету өрісінде
бізге көптеген мысалдар береді: көйлек, костюм, пальто, тері өнімдері,
кафе, театрлар, эстрада және тағы басқалар. Өнім дифференциациясы тауардың
сапа ерекшеліктерінде ғана негізделіп қана қоймай, сонымен қатароның қызмет
етуіне де байланысты. Әдемі безендіру, дүкеннің орналасқан жері мен жұмыс
істеу уақыты, келушілерге ең жақсы қызмет көрсету, бағадан жеңілдікпен
қамтамасыз ету тұтынушылардың таңдауының себебі болып табылады.
Экономикалық игілік дифференциациясы жағдайында бірдей өнім шығаратын
немесе бірдей қызмет көрсететін екі фирма табу қиын. Сала шекарасы бұзылып,
саланы қатаң бөліп көрсету қиынға түседі, ал кейде өнімдер мен тауарлар
континуумы байқалатындықтан мүмкін емес.
Маңызды мағнаға тек баға ғана емес, сонымен қатар бағасыз факторлар ие
болады: жарнама, сату шарттары, тауарды бөліп-бөліп сату мүмкіндігі, жөндеу
(ремонт) кепілдігінің болуы немесе болмауы және тағы басқалары.
Монополистік бәсеке жағдайында салаға ену үшін жоғары тосқауыл жоқ. Масштаб
эффектісі жоғары мағына бермейді, ал істің басталуын қажет ететін капитал
үлкен емес.
Салаға жеңіл ену, салаға жеңіл ену үшін кедергі жоқтығын білдірмейді. Олар
өнімге патенттер, лицензиялар немесе тауарлық маркалар болуы мүмкін. Бірақ
таза монополиядан айырмашылығы тауарлар-субституттар патенттелетіндіктен ,
патенттер ерекше характерлі болмайды.
Егер жетілген бәсеке жағдайында сұраныс қисығы абцисса өсіне параллель
болса, онда монополистік бәсеке кезінде аздаған теріс еңкіштік пайда
болады.Бұл сұраныс қисығының икемділіг жетілген бәсеке икемділігінен аз,
бірақ таза монополиядан икемдірек. Монополистік бәсеке жағдайында
икемділік дәрежесі бәсекешілер санына, сонымен қатар өнім
дифференциациясының тереңдігіне байланысты.
Сөйтіп, өнім дифференциациясы баға дифференциациясында көрінеді. Бір
тауарға немесе қызметке үйренген тұтынушы оған баға өссе де одан бас тарта
алмайды. Тек ең үнемшіл және мерконтильді тұтынушы ғана фирманы өзгерте
алады.
Сұраныс қисығының теріс еңкіштігі монополистік бәсеке жағдайында өнімнің аз
өндірілетінін білдіреді. Егер жетілген бәсеке жағдайында Qc Р бағасымен
өндірілсе, онда монополистік бәсеке негізінде Qm Pmc бағасымен
өндіріледі.
Р
AC

Pm N
M
Pc D

Dm

Qm Qc Q

1-сурет. Монополистік бәсеке.

Фирма аз уақыт ішінде пайданы қалай алса, шығынды да солай шығарады. Бірақ,
салада жоғары тосқауылдың болмауы, нақты экономикалық пайда табатын
фирмалар, басқа кәсіпкерлердің ұмтылуына әкеп соғады. Нәтижесінде ұзақ
мерзім ішінде анологты жетілген бәсеке жағдайы туады: пайда да жоқ, шығын
да жоқ (экономикалық пайда нөлге тең).
Монополистік бәсеке жағдайында фирманың өнім шығару көлемі, жетілген
бәсеке жағдайындағыдан аз, ал орташа жалпы шығын мен баға жоғары.
Өнімнің аз көлемде жоғары бағамен сатылуы монополистік бәсекенің жетілген
бәсекеден аз эффективті екенін көрсетеді. Егер жетілген бәсеке жағдайында
Р=MC болса, онда сонополистік бәсеке жағдайында PMC.

P
MC

Pm=AC

AC

D

MR

0
Qm Q
2-сурет. Монополистік бәсеке: ұзақ мерзімдегі тепе – теңдік

Pm AC екенін оңай аңғаруға болады, сонда жетілген бәсеке кезіндегі P=AC
болады. Бұл монополистік бәсеке кезінде өндіріс қуаттылығының орташа жұмыс
бастылығы пайда болды.
Бұл шындық қуаттылықтар өнімнің дифференциациясы үшін төлем болып
табылады.2-суреттен көретініміз сұраныс қисығы неғұрлым тік болса, өндіріс
көлемі үйлесімді мөлшерден соғұрлым солға жылжиды да, АС минимум нүктесіне
жетеді. Бірақ, экономикалық игілік дифференциациясы неғұрлым күштірек
болса, өнеркәсіп соғұрлым көп мөлшерде әр алуан қызығушылықтар мен
тұтынушылардың көзқарастарын қанағаттандыра алады.

2. Қысқа мерзім ішіндегі фирма және нарық.

Қысқа және ұзақ мерзімнің экономикадағы мінездемесі уақыт ұзақтығымен
байланысты емес. Өнім теориясында қысқа мерзім көлемі бір өндіріс
факторларының көлемі ауыспалы болып табылады, ал басқалары – тұрақты,
сонда ұзақ уақытта қолданылатын факторлар көлемі өзгермелі болады. Шығындар
теориясында біз қысқа мерзімдегі тұрақты және өзгермелі шығындарды
айырдық, ал ұзақ мерзімде барлық шығындар түрі өзгермелі екенін болжадық.
Тез мерзім деп әр фирманың шығаруы мен фирмалар саны салада белгіленген
соншалықты қысқа мерзім.
Қысқа мерзім деп, әрбір фирманың өндіру қуаттылығы сол уақыт ішінде
белгіленген ( завод, фабрика және басқа да өндірістердің көлемі мен саны),
бірақ,шығару қолданылған өзгермелі факторлардың көлемінің өзгеруіне
байланысты ұлғаюы және төмендеуі мүмкін.Саладағы фирмалардың жалпы саны
өзгермейді.
Ұзақ мерзім деп,өндіріс қуаттылығы осы уақыт ішінде сұраныс және шығын
жағдайларына бейімделген болуы мүмкін. Шекті жағдайда фирма қызметін толық
тоқтатуы мүмкін (нарықтан немесе саладан кете алады). Бір жағынан, жаңа
фирмалар қолайлы нарықтық жағдайларда салаға (нарыққа ) кіруі мүмкін.
Сөйтіп, ұзақ мерзімде біртеғкті саладағы фирмалар саны түрленуі мүмкін.
Нәтижесінде тез мерзім, қысқа мерзім және ұзақ мерзімге тағы бір мүмкіндік
қосылады, ол – нарыққа (салаға ) жаңа фирманың кіруі және бұрын істеген
фирманың одан шығуы. Қысқа мерзімде салада фирманы саны мен қуаттылығы
тұрақты, ұзақ мерзімде фирма саны мен қуаттылығы ғна өзгермелі емес,
сонымен қатар шығындар мен қолданылатын ресурстар көлемі өзгермелі.
Өнім біртектілігінің жормалына байланысты саладағы барлық фирмалардың шығын
функциялары бірдей болуы керек-өнімнің біртектілігі қолданылатын
ресурстардың біртектілігін болжайды. Сондықтан,саладағы барлық фирмаға
қатынасының қорытындысы әділ болатын типтік фирманың тәртібін айта аламыз.
Жеңілдету мақсатында әр фирманың дайын өнімінің артық қоры жоқ ( нөлге
тең), сондықтан әрбір фирманың сату көлемі оның сол уақыттағы шығару
көлеміне тең.

2.1. Монополистік бәсеке жағдайында фирманың
пайданы максималдауы

Монополистік бәсеке жағдайында саланаң негізгі өніміне сұраныс қисығы кері
ылдида болады. Оның себебін айтсақ, нарықта негізгі өніммен қатар оның
орнына жүре алатын басқа да өнімдер шығарылады. Сондықтан фирмалар аз
уақытта болса да монополистік пайда алады. Фирманың тепе-теңдігі MC=MR де,
яғни шегіне жеткен өндіріс шығындары мен максималды табыстың теңдігінде
болғандықтан, ол максималды пайданы P1KLM тікбұрышына сай көлемде алады.
Бұны 3-суреттен көруге болады.
MC
P

ATC
P1 K
M
L

0 MR
Q1 Q
3-сурет

Монополистік бәсеке жағдайында бұл салаға жаңа өндірушілердің қосылуына
кедергі болмайды. Сондықтан ұзақ мерзімдік кезеңде фирмалардың экономикалық
пайдасы 0-ге тең.

P
d

MC
P2 K B
ATC

MR d
Q2 Q3 Q

Жетілген бәсеке жағдайында фирма бағаалушы болып табылады. Ол өзінің
пайдасын, тек шығару көлемін тауарлы нарықтың жағдайына және өз шығындарын
ескертілген технологияға бейімделгенде максималдайды. Бірақ, ол өнімнің
бағасына әсерін тигізе алмайды.
Нарық және технология жағдайымен берілген жетілген бәсекелестік фирманың
максимум табысының қамтамасыздандыруының шығуын анықтаймыз. Экономистер
максимум пайданы өнім өндірісінің түсім және шығындары арасындағы максимум
оң (болымды) ерекшелік ретінде атайды, сондай-ақ сол мөлшер арасындағы
минимум ерекшелікті де атайды. Сондықтан минимум шығындар , егер оң
(болымды) пайданы алу мүмкін болмаса, мкасимум пайда ретінде қарастырады.
Тауарлы нарықтың шарттары 3-суретте көрсетілген.D( және S( -нарықтық
сұраныс пен ұсыныс қисығы; P* және Q*- нарықтық тепе-теңдік көлемі уақыт
бірлігіне сәйкес. SMC, SATC және STC қисықтары типтік фирманың шекті,
орташа жалпы және жалпы шығындар қисығын қысқа мерзімде ұсынады. Фирма
бағаалушы болғандықтан AR=MR сызықтары фирма өніміне сұраныс сызығы болып
табылады. TR сәуле ретінде 4 (б)-суретте жалпы түсім сызығы. Баға берілген
фирманың өндіріс көлемімен байланысты болмағандықтан TR сызығының
еңкіштігі өзгермеген, сондықтан TR=P*q.
P

S(

а
P*
SATC(q2*)
D(

0 Q* Q
3-сурет
Фирма пайдасы қысқа мерзім ішіндегі жалпы түсім мен жалпы шығындар
арасындағы ерекшелікті көрсетеді.
( (q)= TR(q) – STC (q)

Бірінші реттегі пайданы максималдау шарты:
d((q)(dq=dTR(q)dq-dSTC(q)dq=0
dTR(q)MR(q) және dSTC(q)dq=MC(q) болғандықтан бірінші реттің шарты шекті
түсім мен шекті шығындар арасындағы теңдік болып табылады:
MR(q*)= MC(q*)
Бірақ, жетілген бәсекелес фирма үшін P=AR=MR , және сондықтан бірінші
реттегі шарт бағаға шығынның теңдігі ретінде көрсетілуі мүмкін:
MC(q*)=P

Б суретте көрсетілген бірінші реттегі шарт А және С q*1 және q*2 шығару
көлеміне сәйкес келетін нүктелерде екі рет орындалады.
P,C

P* A B C SMC б
D AR=MR

q*1 q1 q*2 q2 q

TR,STC
STC в
TR

D
TR(q*2)

STC(q*2)
A’ B C’

o
q*1 q1 q*2 q2 q

+( C”

г

0 q*1q1 q*2 q2 q
A”
-(

4- сурет. Жетілген бәсекелес фирманың тепе-теңдігі
( пайда)
Бірақ, г суретінде көретініміздей бірінші жағдайда шығындар максималды, ал
екінші жағдайда – пайда. Бұл жағдайларды айыру үшін екінші реттегі шарт
қолданылады:
d2 (dq2=d2TRdq2-d2STCdq20
бұдан,
d2TRdq2d2STCdq2

формуланың сол жағы MR қисығының еңкіштігін сипаттайды, оң жағы – SMC
қисығының еңкіштігі. Сондықтан екінші реттің шарты шекті шығындардың
еңкіштігі шекті пайданың еңкіштігінен үлкен болуы үшін немесе MR қисығының
астынан SMC қисығы қиылысу үшін қажет етеді.
Жетілген бәсекелес фирма үшін баға шығару көлеміне тәуелді болмайды, шекті
пайданың еңкіштігі:
d2 TRdq2=0.
Екінші реттегі шартты теңсіздік ретінде көрсетеді:
0d 2STCdq 2

Соңғы формула, MR мен SMC қисықтарының қиылысуы оң еңкіш болса, пайда
максималды болады.
Сонымен, егер
d2(dq2 0,
шығару көлемі q*2 пайданы (болымды, оң) максималдайды, егер де
d2(dq20
шығару көлемі q*1пайданы ( теріс )максималдайды, яғни шығындарды.
Басқаша айтқанда, пайда MR=SMC және SMC ұлғайған қисық болса, максималды
болады. Суреттегі шығарудағы максималды оң пайда штрихталған тікбұрыш
ауданына сәйкес келеді. Ол қысқа мерзім ішіндегі жалпы пайда мен шыған
арасындағы айырмашылыққа тең:
M((q)=MR (q)- SMC (q)
немесе үздіксіз жағдайда,
M((q)= d((q)dq
Геометриялық шекті шығын айқын шығару кезінде сипатталады.
Пайда максимумуына жеткенде, оның қисығының еңкіштігі нөлдік болады.
Суреттегі А және С нүктелерінде ( пайда қисығына тиісті нөлдік еңкіш
болады:
M((q*1)=0, M((q*2)=0

Шығару көлемінің өзгеруіне байланысты пайда соммасының өзгеруін
суреттерден оңай бақылауға болады. Жалпы түсім қисығы жалпы шығын қисығынан
максималды жоғары жатқанда оң және теріс пайданың максимумдары q*2 және q*1
көлеміне байланысты жетеді. Шығарудың өзгерісті дәрежесінің екі нүктесі :
q1 және q2. Бұл зиянсыз шығарудың нүктелері В дәне D нүктелерінің
AR=MR=SATC – ке сәйкес, ал В’ және D’ нүктелерінің TR=STC –қа сәйкес
екендігін ескерте кетейік. Соңында q1 және q2 нүктелері нөлдік пайдаға
сәйкес.
Сонымен, шығарудың өсу шегі 0-ден q *1 –ге дейін теріс пайданың (шығынның)
өсу шегімен қабаттаса жүреді. Әрі қарай шығындар қысқарады, ал фирма q1
шығаруға жетіп, артушы пайданы ала бастайды ( q*2 –ге дейін).
Әрі қарай шығарудың өсу шегі пайданың төмендеуімен қабаттаса жүрекді.
Соңында, екінші сынықтың үстінен шығарудың көбеуі фирманы қайтадан шығынға
ұшыратады ( SATC P=AR=MR).
Суретте фирмаға өнімді q*2 көлемінде шығару немесе жабу парықсыз ( бәрі-
бір) көрсетілген. Өнімнің нарықтық бағасы фирманың орташа өзгермелі
шығындарының минимумына тең. Бағаның бұндай дәрежесінде пайда максимумы,
(=(ON(, q*2 шығаруда және нөлдік шығаруда да бірдей. Сонымен қатар (ON(
тұрақты шығындарға дәл осындай тең. Сөйтіп, фирма нөлдік шығаруда тең
шығын алады. Басқа да кез-келген өнім көлемінде пайда соммасы жоғары
болады.

S( P SMC
P SATC

SATC(q*2) SAVC
P* P* AR=MR

D(

O Q* Q q*1 q*2 q

TR,TC STC
K

TR
M (
TFC

O

+(

O q
N q*1 q*2

-( (

4-сурет Жетілген бәсекелес фирманың тепе-теңдігі.
(шығын)

2.2. Жетілген бәсекелес фирманың қысқа мерзімдегі ұсынысы.

Бағадан ұсыныс функциясын берілген тауардың бағадан ұсыныс мөлшерінің
тәуелділігі. Жетілген бәсекелес фирманың қысқа мерзім кезеңіндегі ұсыныс
қисығы оның шығындарының қисығының бөлігімен үйлесімді.
5-суретте шекті (SMC), орташа жалпы (SATC) және орташа өзгемелі (SAVC)
шығындар көрсетілген. Р1 кезінде оң (болымды) пайда максимумына шығарғанда
жетеді(q1), яғни А нүктесі SMC қисығы берілген пайда максималдаушы
фирманың ұсыныс қисығында жатады.

P
A SMC A’ S
SATC P1
B P2 B’
C SAVC P3 C’
D D’
E P4

0 q
q5 q4 q3 q2 q1 q4 q3 q2 q1 q

5-сурет Қысқа мерзімдегі фирманың шекті шығыны мен ұсынысы

Едәуір төмен Р2 баға кезінде q2 шығаруында пайда максималды болады, SMC
қисығындағы В нүктесі ұсыныс қисығына жататынын білдіреді. Бұл жағдайда
пайда максимумы нөлге тең, Р2 баға орташа жалпы шығын минимумына тең.
Егер баға P3 SATC –ке дейін төмендесе, пайданы максималдау көлемі q3 –ке
дейін түсіп қалады. Бұл жағдайда SMC қисығындағы С нүктесі SATC қисығынан
төмен орналасқандықтан пайда теріс (болымсыз) болады, яғни q3 шығаруын
сату түсімі өндірістің жалпы шығындарын жаппайды:

P3q3 SATC (q3)q3.

Бірақ, бір жағынан P3SAVC(q3). Бұл түсімнің q3 шығаруын сатудан барлық
өзгермелі және сонымен қатар тұрақты шығындарды жаба алады. Сөйтіп, q3
шығаруының шығындары жалпы тұрақты шығындардың қысқа мерзім кезеңіндегі
соммадан аз болады. Сондықтан q3 шығаруын нөлдікпен салыстырғанда пайда
максималданады. Сөйтіп, С нүктесі фирманың ұсыныс қисығында жатады.
Егер баға бұдан да төмен болса, P4=min SAVC q4 шығару екі жағдайда да пайда
максималдауын қанағаттандырады. Бұл TR(q4)=q4(SAVC(q4))= TVC (q4) білдіреді
және сондықтан фирма шығындары тұрақты шығын соммасына тең болады. Бұл
жағдайда фирмаға q4 бірлік өнім немесе жабылып қалуы бәрі бір. Сондықтан
SMC қисығындағы D нүктесін жабылу нүктесі деп атайды.Бұл нүкте фирма
ұсыныс қисығына жатуы да мүмкін, жатпауы да мүмкін.
Ең соңында P5=min SMC бағасында q5 шығаруы максималдау жағдайын
қанағаттандырады, бірақ баға орташа өзгермелі шығындарды жаба алмайды, және
шығарудың нөлден жоғары кез-келген шығындары тұрақты шығындардан жоғары
болады. Басқаша айтқанда Pmin SAVC кезінде пайда максималдаушы фирма
жабылуды қалайды. Сондықтан SMC қисығындағы Е нүктесі жетілген бәсекелес
фирманың ұсыныс қисығына жатпайды.
Жетілген бәсекелес фирманың ұсыныс қисығындағы A’,B’,C’,D’ нүктелері SMC
қисығының A,B,C,D нүктелеріне сәйкес келеді.
D’ нүктесінен жоғары жатып, SAVC минимумына сәйкес келетін ұсыныс қисығының
ауданын құрастырады.
SMC қисығының ауданы SAVC қисығынан төмен жататынын , ұсыныс қисығына
кірмейтінін ескерейік, себебі, егер өнім бағасы орташа өзгермелі
шығындардан төмен болса, пайда максималдау мінезі фирманың жабылуын мәжбүр
етеді. Сөйтіп, қысқа мерзімдегі жетілегн бәсекелес фирманың ұсыныс қисығы
орташа өзгермелі шығындардан жоғары жатқан шекті шығындар қисығының
үдемелі тарауын көрсетеді. min SAVC-тан төмен нарықтық баға дәрежесінде
ұсыныс қисығы баға өсімен қосылады.
Егер орташа өзгермелі және шекті шығындар функциясы белгілі, жетілген
бәсекелес фирманың ұсыныс функциясын анықтау қиын емес:

Егер P≥ min AVC , q= S(P)

Егер Pmin AVC , q=0
Мысал,
STC =10+bq-2q2 +13q3

болсын, 10=TFC
STVC=bq-2q2+13q3
SMC=6-4q+q2=2+(q-2)2

SMC нарықтық бағаға теңңстіреміз, сонда
2+(q-2)2=P немесе (q-2)2=P
одан,
q= 2±(P-1)12 егер P≥2
P2 кезінде функцияда 2 тарам бар. Бірақ, q=2-(P-2)12 тарамында теріс
еңкіштік бар, ол екінші реттегі пайданы максималдау жағдайына жауап
бермейді. Сондықтан бұл тарам әрі қарай қарастырылмайды.
Енді орташа өзгермелі шығындар минималды болатын шығаруды анықтаймыз
STVC=6q-2q2+13q3-тен
Min SAVC=6-2q+13q2 -ні табамыз
q-ді нөлге теңестіреміз.
dSAVCdq=-2+23q=0

онда q=3.бұл минимумы SAVC q= 3 кезінде жетеді.
q=3 қойып табамыз
min SAVC= 6-6+13*32=3
Сөйтіп, фирманың ұсыныс функциясы
qs= 2+(P-2)12 егер P≥3
qs=0 егер P3 .

3. Нарықтағы монополистік бәсеке тепе-теңдігі.

Экономистер шығаруды өзгермелі шешім ретінде қарастырып, фирма үшін таңтау
объектісі болып табылмайтын өнім сапасын қабылдайды.Бұл, кез-келген сапа
түрлендіруінен басқа, негізгі ұсыныс біртекті тауарлар болатын жетілген
бәсеке және монополия жағдайы үшін қолайлы.
Өнімнің біртектілік ұсынысынан бас тартсақ, біз фирмаға өндірілетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монополистік бәсеке түсінігі
Нарықтық экономика туралы
Нарықтық қарым-қатынастың қажеттілігі
Монополия түсінігінің негіздері
Тауарлық бәсекелестік
Бәсекелестік қатынастардың негізгі түрлері
Бәсекелестіктің дамуы және монополистік қызметтер
Бәсеке - негізгі нарықтың элементі
Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Нарықтың мәні және түрлері
Бәсеке - нарықтың негізгі элементі
Пәндер