Кассадағы операциялар есебі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І бөлім. КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібі ... ... ... .5
1.2 Касса операцияларының есебі ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Касса операцияларының есебі бойынша негізгі бухгалтерлік проводкалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ІІ бөлім. КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1 Кассадағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар ... ... ... ... ... ...14
2.2 Құжаттардың маңызы, атқаратын рөлі және құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.3 Кассалық кітап жүргізу және толтыру үлгісі ... ... ... 21
ІІІ бөлім. ФИРМАНЫҢ 1С ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН «БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП» ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНДА КАССА ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖҮРГІЗУ ... ... ...23
3.1 1С «Бухгалтерия» деп аталатын бағдармалалық өнімде фирманың шоттарының жұмыс жоспарын іске асыру ... ... ... 23
3.2 Касса бойынша операцияларды «1С Кәсіпорын» жүйесінде жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... .30
ҚОСЫМШАЛАР

Қолма – қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субъектісінде касса болады. Касса – бұл қолма – қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй жай. Касса операцияларының есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі №24 хаттамасымен бекітілген «Қазақстан Республикасының халық шаруашылығында касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.
Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Ол материалды жауапты адам болып табылады да, ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады.
Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері бойынша алады.
Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма – қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттік берген тұлға қол қойған Кіріс Ордері №1- нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі. Қолма – қол ақшаларды кассадан беру Кіріс Ордері №2- нысанындағы шығыс касса ордері бойынша немесе шығыс касса ордері мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде рәсімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма – қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жүргізіледі. Шығыс кассалық ордерге бас бухгалтер мен басшының қолы қойылған болу керек.
Ақша қаражаттарының келіп түсуі мен жұмсалуы жөніндегі барлық операцияларды кассир Кіріс Ордері №4 нысанындағы касса кітабына жазады.
Егер кәсіпорында аздаған касса операциялары жасалатын болса, кассалық есеп беру үш – бес күнде бір рет жасалуы мүмкін. Кассирден қабылданған есептеме деректерін бухгалтерия қызметкерлері тексереді.
Қазіргі таңда әр бір кәсіпорынның бухгалтериясының кассасы «1С Бухгалтерия» деп аталатын өнімдік бағдарламада тіркеледі. Барлық толтырылған құжаттар сонымен бірге сол құжаттар негізінде кассаға кірістелген немесе кассадан төленген ақша қаражаттары кассалық кітапқа тіркеледі.
«1С Бухгалтерия» бағдарламасында «Кассалық кітапті» ашу үшін келесідей операция орындалады: Меню → Банк и Касса → Кассовая книга.

1 Мырзалиев Б. С. «Бухгалтерлік операцияларды жүргізудің әдістері».
2 Оразбекұлы Бахыт. «Инвестициялық институттардағы бухгалтерлік есеп».
3 Көкенова Фатима. «Кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі».
4 Бухгалтер бюллетені 2009 №16
5 Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі), 10-желтоқсан, 2008 ж // Алматы: ЮРИСТ, 2009 254 б.
6 Баймұханов С.Б., Балапанов Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп». Алматы Экономик'С, 2003
7 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 23 мамыр 2007ж бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары
8 Назарова В.Л., М.С. Жапбарханова, Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Алматы- Экономика, 2005.-298 бет..doc
9 Бухгалтердің және шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру.// Бухгалтер бюллетені №15 .2009
10 Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А.Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы Экономик'С, 2003.
11 Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері. (халықаралық стандарт) оқулық - Алматы 2006 жыл.
12 Нысанбаев С.Н., Қожамкүлова Ж.Т.Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері. Оқу құралы. — Алматы Казақ университет., 2004. — 138 бет..
13 Попова Л.А. Бухгалтерский учет на предприятии, Учебное пособие – Караганда: «Арко», 2005.
14 Нурсеитов Э.О. Бухгалтерский учет в организациях/Учебное пособие. – Алматы,2006.-472с.
15 Сариев Д.Б. «1с:кәсіпорын» жүесінің бүгінүгі күнгі жетістіктері // Егемен Қазақстан газеті, № 62. 2008 ж.

Тақырыбы: Кассадағы операциялар есебі.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І бөлім. КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Касса операцияларының есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Касса операцияларының есебі бойынша негізгі бухгалтерлік проводкалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
ІІ бөлім. КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1 Кассадағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар ... ... ... ... ... ...1 4
2.2 Құжаттардың маңызы, атқаратын рөлі және құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.3 Кассалық кітап жүргізу және толтыру үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...21
ІІІ бөлім. ФИРМАНЫҢ 1С ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНДА КАССА ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖҮРГІЗУ ... ... ...23
3.1 1С Бухгалтерия деп аталатын бағдармалалық өнімде фирманың шоттарының жұмыс жоспарын іске асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3.2 Касса бойынша операцияларды 1С Кәсіпорын жүйесінде жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
КІРІСПЕ
Қолма - қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субъектісінде касса болады. Касса - бұл қолма - қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй жай. Касса операцияларының есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі №24 хаттамасымен бекітілген Қазақстан Республикасының халық шаруашылығында касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Ол материалды жауапты адам болып табылады да, ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады.
Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері бойынша алады.
Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма - қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттік берген тұлға қол қойған Кіріс Ордері №1- нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі. Қолма - қол ақшаларды кассадан беру Кіріс Ордері №2- нысанындағы шығыс касса ордері бойынша немесе шығыс касса ордері мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде рәсімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма - қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жүргізіледі. Шығыс кассалық ордерге бас бухгалтер мен басшының қолы қойылған болу керек.
Ақша қаражаттарының келіп түсуі мен жұмсалуы жөніндегі барлық операцияларды кассир Кіріс Ордері №4 нысанындағы касса кітабына жазады.
Егер кәсіпорында аздаған касса операциялары жасалатын болса, кассалық есеп беру үш - бес күнде бір рет жасалуы мүмкін. Кассирден қабылданған есептеме деректерін бухгалтерия қызметкерлері тексереді.
Қазіргі таңда әр бір кәсіпорынның бухгалтериясының кассасы 1С Бухгалтерия деп аталатын өнімдік бағдарламада тіркеледі. Барлық толтырылған құжаттар сонымен бірге сол құжаттар негізінде кассаға кірістелген немесе кассадан төленген ақша қаражаттары кассалық кітапқа тіркеледі.
1С Бухгалтерия бағдарламасында Кассалық кітапті ашу үшін келесідей операция орындалады: Меню -- Банк и Касса -- Кассовая книга.
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорын қызметіндегі, бухгалтерлік есептегі кассалық операциялардың дұрыс орындалуын, қателіктер жіберілмеуін және әр бір құжат негізінде ақша қаражаттарының тиімді қолданылуы сонымен бірге АЛИНА жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі кассалық операциялардың ұйымдастырылуын меңгеру болып табылады.
Курстық жұмыстың алдына қойған мақсатқа жету үшін жұмысты орындау барысында келесідей міндеттерді шешу қарастырылған:
кассалық операциялардың 1С Бухгалтерия бағдарламасындағы тіркелімімен және кассалық операциялардың басқа нысандарының қалай жүргізілетінін, толтырылатынын меңгеру
Кәсіпорындардың кассасындағы кассалық операциялар туралы әр түрлі әдебиеттерден, газеттер мен журналдардан мәліметтер жинақтай отырып кассалық операциялардың дұрыс тіркелемін қарастыру
АЛИНА жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде касалық операцияларды есепке алу, кассадағы қолма - қол ақшалар, ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар есебін ұйымдастыруды меңгеру
1 Бөлім. КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР
1.1 Кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібі
Касса - арнайы жабдықталған, дабылдама (сигнализация) орнатылған және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлімде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақшалар касса қызметкерінің мөрі сүргіш арқылы басылып жабылатын сейфте сақталуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сүргіш басатын мөр касса қызметкерлерінде, ал кілттің екінші данасы ұйымның басшысында болады. Касса қызметкері әр бір жұмыс күнінің соңынды кассаны жауып қызметшіге тапсыруға тиіс. Кәсіпорындар, ұйымдар өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі бергенше кітапшасы ғана арқылы ғана алады.
Толтырылған чекке кәсіпорынның бас бухгалтері және басшысы қол қойып, осы ұйымның мөр таңбасы басылады. Сондықтан банк мекемесінің алынған нақты ақша сол алынған күні ұйымдардың кассасына кіріске алынуы керек және ол үшін кассир кассалық кіріс ету ордерін толтырып, содан соң кассалық кітапқа жазады.
Кассада негізінен кіріс және шығыс ордері толтырылады, соңында бұл ордерді кассалық кітапқа енгізеді. Күн сайын кәсіпорын касса қызметкері кассадағы нақты ақшалардың қалдығын жұмыс күнінің соңында санап оның соммасын қаржылық кітапқа жазады.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім - шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық жиынтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай - ақ заңды тұлғаның ақшаланған бөлшектері үшін де ашылады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі негізгі нысандары: төлем тапсырмасы, чек, вексель, төлем - талап тапсырмасы, кеден және салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеушілер мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім - шарт негізінде анықтайды, сондай - ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелері зачетқа да жазыла алады.
Төлем тапсырмалары онда көрсетілген сомманы бенефициардың пайдасына ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттер көрсетіледі:
* Төлем тапсырмасының нөмірі;
* Төлем тапсырмасының жазылған күні;
* Жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК және ИИК);
* Жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
* Бенефициар аудару жасалған ақша қаражатын алушы.
Бір жақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң
нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аудармалы болып бөлінеді.
Қолма-қол ақшаны қабылдау, сақтау және жұмсау үшін кәсіпорында касса болады. Қолма-қол ақшамен жұмыс істеу ережелері ҚР-ы Ұлттық банкінің нұсқауымен бекітілген.
Нұсқау мыналарды ұйғарады:
- ҚР-ы банк мекелерінде барлық ақша қаражаттарын сақтау; чекте көрсетілген мақсаттарға, банктерден алынатын қолма - қол ақшаларды жұмсау;
- банк мекемелерімен бекітілген лимиттер шегінде кәсіпорынның кассасында қолма-қол ақшаны сақтау;
- кассалық құжаттарды дайындау және қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру тәртібі;
- ақша қаражаттарын сақтау мен тасымалдау кезінде олардың түгелдігін қамтамасыз ету бойынша көрсетулер;
- кәсіпорын кассаларының орнын жабдықтау тәртібі.
Кассир жұмысқа орналасқан кезде кассалық операцияларды жүргізу ережелерімен танысып және кәсіпорын әкімшілігімен толық жеке материалдық жауапкершілік туралы келісім шартқа отыруға тиісті. Ол өзі қабылдаған құндылықтардың түгелдігі үшін материалды-жауапты болады.
Кассалық операцияларды дайындау кезінде төмендегі құжаттар пайдаланылады:
- кіріс кассалық ордерлер;
- шығыс кассалық ордерлер;
- кіріс және шығыс кассалық ордерлерді тіркеу журналы;
- кассалық кітап.
Кассаға қолма-қол кіріс кассалық ордер бойынша қабылданады, ал шығыс етілуі шығыс кассалық ордерлер арқылы жасалады. Оларға ақша алу немесе беруге негіз болған құжаттар қоса тігіледі.
Ақша өткізетін тұлғаға кіріс кассалық ордердің бөлігі болатын жыртылмалы квитанция беріледі.
Қолма-қол ақша беру кезінде шығыс кассалық ордер немесе оған қоса тігілетін құжаттарда қаржы басқарушының қол таңбасы болуы тиіс. Құжаттарға келсек, олар қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын күні, айы, жылы белгіленген "Алынды" немесе "Төленді" таңбасымен жойылады. Кіріс және шығыс кассалық ордерлерде ешқандай өшірулер мен түзетулерге жол берілмейді.
Егер ақша бұл кәсіпорында жұмыс істемейтін тұлғаға берілетін жағдайда, сол шығыс ордерінде реквизиттері жазылатын төл құжат немесе оның орнына жүретін құжатын көрсетуге тиіс.
1.2 Касса операцияларының есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасы жұмысшы-қызметкерлерге есептелінген еңбекақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік құралдарына қажетті шығандарды (жанар-жағар майға) төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларын сатып алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және басқа да құжаттарды пошта арқылы жөнелтуі үшін есеп айырысуға арналған. Касса арнайы жабдықталған, яғни дабылдама (дыбыстық белгілер, сигнализация) орнатылған, және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлмеде орналастыруды қажет етеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда кассирлік жұмысқа қызметкер орналасқан уақытта, яғни ұйым басшысы касса қызметкерін тағайындау туралы (жайлы) бұйрыққа қол қойғаннан кейін кәсіпорынмен касса қызметкері арасында материалдық жауапкершілікке келісімшарт жасалуы қажет. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі берген чек кітапшасы арқылы ғана ала алады.
Банк мекемесінен нақты ақша алу үшін кәсіпорынның касса қызметкері чек кітапшасындағы парақты толтырады. Бұл чек парағын толтыру барысында чекке банк мекемесінен алынғалы отырған, яғни кәсіпорынның жұмсауға тиісті нақты ақшаларының сомасы және бұл соманың қандай мақсатқа жұмсалатындығы жазылып көрсетілуі тиіс. Толтырылған чекке кәсіпорынның бас бухгалтері және басшысы қол қойып, осы ұйымның мөр таңбасы басылады. Барлық толтыруға тиісті ақпараттар толтырылмағанша, чекке қол қоюға болмайды. Сонымен қатар чекке лауазымды адамдардың, яғни қол қоюға тиісті адамдардың қолы қойылмаса (екі адамның қолдары қойылмайынша), мөр басуға рұқсат етілмейді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың касса қызметкері банк мекемесінен нақты ақша аларда банк бақылаушысының қатысуымен ақшаны санап алуы тиіс. Сонымен қатар банк мекемесінен алынған нақты ақша сол алынған күні кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына кіріске алынуы керек. Ол үшін кассир кассалық кіріс ету ордерін тол-тырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазады. Кәсіпорындардың кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, яғни қабылдау үшін бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы керек және ақша төлеген заңды немесе жеке тұлғаға осы толтырылған кассалық кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне ұйымның аты, ақша төлеуші заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні, қандай мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол ақшаның төленген уақыты (күні, айы, жылы) жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет. Кассалық кіріс ету ордері мына үлгілі түрде болады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасыннан нақты ақша кассалық шығыс ету ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу тізімдемелері, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысы мен бас бухгалтерінің қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар тағы да басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің деректемесі (реквизиті) көрсетілген мөртаңба (штамп) басылуы керек. Егер кассалық шығыс ету ордеріне қоса тіркелген құжаттарда кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысының "рұқсат етемін" деген жазуы және қолы қойылған болса, онда кассалық шығыс ету ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның төл құжатын немесе өзін қуәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етуі керек. Сонымен қатар касса қызметкері осы көрсетілген құжаттарда жазылған деректерді, яғни ақша алушы адамның аты-жөнін, құжатының нөмірін және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы тиіс. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді.
Кассалық кіріс ету ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ кассалық шығыс ету ордері және оның орнына жүретін немесе оған қосымша тіркелетін құжаттарды кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері сиямен немесе шарикті қаламсаппен анық етіп толтырулары қажет. Бұл құжаттарды өзгертуге олардағы сандармен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат етілмейді. Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын бухгалтерия қызметкерлері тіркеу журналына тіркеп жазады. Кассалық шығыс ету ордері мына үлгілі түрде болады:
Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жәрдемақы, сыйақы, еңбекақы төлеу үшін төлеу тізімдемелері қолданылады. Бұл тізімдемелер тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық кіріс ету немесе кассалық шығыс ету ордерлері, сондай-ақ олардың орнына жүретін құжаттар бойынша кассаға ақша қабылдауға және кассадан ақша төлеуге тек қана осы құжаттар толтырылған күні ғана рұқсат етіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына нақты ақшаны қабылдау немесе кассадан ақша төлеу барысында (кассир) касса қызметкері кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерінің дұрыс толтырылғандығын бұл құжаттарда ұйымның басшысы мен бас бухгалтерінің қолдарының болуын, және ордерлерде көрсетілген қосымша құн түгелдігіне тексеру жүргізуге, қадағалауға міндетті. Бұл операциялар орындалғаннан кейін құжаттардың тиісті жеріне касса қызметкері өз қолын қоюы керек. Касса операцияларының есебі кассалық кітапқа тіркеліп отырылуы тиіс. Бұл кітапты касса қызметкері жүргізеді.
Кассалық кітаптың беттері (парақтары) нөмірленіп және оған жіп өткізіліп, кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері қолдарын қойып, куәландыруы керек. Кәсіпорынның кассасына келіп түскен, кірістелген немесе кәсіпорынның кассасынан төленген, яғни шығыс етілген ақшалардың кімнен келіп түскендігін немесе кімге не үшін төленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған құжаттардың нөмірі және бухгалтерлік жазулар, сонымен қатар кіріске алынған, сондай-ақ шығыс етілген сомалар кассалық кітапқа жазылуы тиіс. Күн сайын кәсіпорынның касса қызметкері кассадағы нақты ақшалардың қалдығын жұмыс күнінің соңында санап, және оның сомасын кассалық кітапқа жазады. Бұл кассалық кітаптағы деректерге өзгеріс енгізуге, өшіруге, түзетуге жол берілмейді және касса операциялары мен ондағы жүргізілетін, толтырылатын құжаттардың дұрыстығына ұйымның бас бухгалтері бақылау жасап отыруы керек.
Кәсіпорынның кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақшаларының есебі үшін өз алдына кассалық кітап ашылады. Сонымен қатар бұл жағдайда кассалық операциялар бойынша толтырылатын барлық, құжаттарда кіріске алынған, яғни келіп-түскен және шығыс етілген, кассадан төленген, ақшалардың сомасы шетел валютасымен және сол күнгі бағам (курс) бойынша ұлттық валютаға (теңгеге) айналдырылып жазылады.
Мысалы: кәсіпорындардың сатып алушысы болып табылатын заңды тұлға 2002 жылдың 13 желтоқсанында алған тауарлары үшін 5000 (бес мың) АҚШ доллары көлемінде кәсіпорынның кассасына ақша төлеген (сол күнгі доллардың теңгеге шаққандағы бағамдық айырмашылығы 149-ға тең) деп алатын болсақ бухгалтерлік есепте мынадай жазу жазылады:
Д-т: Касса $ 5000 (745000 тг.)
К-т: Тауарларды сатудан алынған
табыс $ 5000 (745000 тт.)
Мұндағы 745000 тг. = 149 х 5000
Жалпы кәсіпорынның кассасындағы шетел валютасы түріндегі ақшалардың есебі кассадағы ұлттық валюта түрінде нақты ақша қаражаттарының есебіне ұқсас жүргізіледі.
Кәсіпорындардың кассасындағы ақшаларын есептейтін шоттар бойынша жүргізілетін операциялар кредиті бойынша нөмірі бірінші журнал-ордерде, ал дебиті бойынша осы журнал-ордердің тізімдемесінде жүргізіледі.
1.3 Касса операцияларының есебі бойынша негізгі бухгалтерлік проводкалар
Қолма - қол ақшаның келуі мен берілуінің синтетикалық есебін №1010 Кассадағы қолма - қол ақша активті шотында жүргізіледі. №1010 шот бойынша сальдо айдың басына кассадағы қолма - қол ақшаның қалдығын көрсетеді. Дебет бойынша айналым - есеп айырысу шотынан ақшаның келуі, өнімнің өткізілуі үшін қолма - қол ақшамен төленуі, есепті сомалардың жұмсалмаған бөлігін кассаға қайтару және т.б. бейнеленеді. Кредит бойынша - қолма - қол ақшаның жұмсалуы бейнеленеді.
Бұл операцияларды төмендегі сызбаларда бейнелейміз:
№1010 Кассадағы қолма - қол ақша
2110 Алуға тиіс шоттар 1310 Материалдар
Өткізілген өнімдер Келген материалдарға
қолма - қол ақша алынды қолма - қол ақша төленді
1250 Есепті және басқа тұлғалардың 1250 Есепті және басқа тұлғалардың дебиторлық қарызы дебиторлық қарызы
Есепті тұлғалардың пайдалан- Тұлғаларға есепті негізде ақша
баған қаражаттарын қайтару беру
l040 Есеп айырысу шотындағы l040 Есеп айырысу шотындағы
ақшалар ақшалар
Есеп айырысу шотынан Қолма - қол ақшаны есеп
қолма - қол ақшаның келуі айырысу шотына өткізу
3390 Басқа кредиторлық қарыздар 3350 Еңбекақы бойынша персоналмен
есеп айырысулар
Кредиторлық қарыздардың Еңбек ақы, әр түрлі
жабылуы жәрдемақылар төленуі
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы ережелеріне сәйкес кәсіпорын жыл сайын мүліктің, оның ішінде кассадағы қолма-қол ақшаның түгендеуін жүргізіп отыруы тиіс. Түгендеу кезінде бухгалтерлік есептегі мәліметтер мен қолма-қол ақшаның нақты мөлшері арасындағы айырмашылығы төмендегі тәртіппен реттеледі.
Ақша қаражаттарының артығы кіріске алынып және қаржылық нәтижелерге апарылуға жатады. Есепте артық сомаға № 1010 шоттың дебеті мен № 6110 Негізгі емес қызметтерден түскен табыс шотының кредиті бойынша проводка жазылады. Кейін артық ақша мен айыпты тұлғалар анықталады.
Ақшаның кем шығуы айыпты тұлғалардың есебіне апарылады. Егер олар анықталмаған немесе олардан өндіру жөнінен сот талап арызын қанағаттандырмаған жағдайда, залалдар өндірістің шығындарына (№ 7210 Жалпы және әкімшілік шығыстар шотының дебеті мен № 3390 Басқа кредиторлық қарыздар шотының кредиті бойынша) проводка арқылы шығыс етіледі. Кем шығулар сомасына төмендегі проводкалар: № 3390 шоттың дебеті мен № 1010 шоттың кредиті бойынша, ал ақша төлеу кезінде № 1010 шоттың дебеті мен № 3390 шоттың кредиті бойынша жазылады.
ІІ Бөлім. КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ
2.1 Кассадағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін өздері қалаған банк мекемелерінен есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Кез келген кәсіпорындар үшін әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына болады. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорындар мен ұйымдар банк мекемесіне мынадай құжаттарды табыс етуі қажет:
oo банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш;
- кәсіпорынның құру туралы (жайлы) шешімдердің көшірмесі;
- кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және олардың орынбасарларының қолтаңбалары қойылған, сондай-ақ кәсіпорынның мөр таңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка және басқа құжаттар;
Кәсіпорынның басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға төлейтін төлемі едетте қолма-қол ақшасыз есеп айырысу шотынан төленеді.
Қандайда болмасын заңды ұйымның басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға қарызы, олардан сатылып алынған тауарлардың, материалдық құндылықтардың, тағы да басқалардың құны және олардың көрсеткен қызметтеріне төленетін төлем шот иесінің келісімімен ғана төленеді. Есеп айырысу шотынан қаржы кейбір жағдайларда шот иесінің келісімінсіз арбитраждың бұйрығы, соттың үкім қағазы, салық комитеті немесе қаржы полициясының бұйрығы тағы да басқа заңда қаралған жағдайлар негізінде аударылуы мүмкін. Есеп айырысу шотындағы ақшадан, нақты ақшамен қаржы алу үшін шот иесіне қызмет көрсететін банк мекемесі чек кітапшасын береді.
Ұйымдардың өкілі, әдетте кассир есеп айырысу шотынан кәсіпорын кассасына нақты ақшаны осы чек кітапшасының тиісті түрде толтырылған чегі бойынша ала алады. Есеп айырысу шотына кәсіпорынның сатқан өнімі мен тауарларының, материалдық құндылықтары мен басқа да активтерінің және басқа заңды немесе жеке тұлғаларға көрсеткен қызметтерінен түскен табыс сомасы, банктер мен басқа да банктен тыс мекемелерден алған несиеге сондай-ақ басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардан алған қарыздарының сомалары кірістеледі. Ал бұл шоттан кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатып алған мүліктері мен заттарының құны, бюджет және бюджеттен тыс мекемелерге төленетін төлем сомасы төленеді. Сонымен қоса бұл шоттан кәсіпорынның кассасына жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын төлеу үшін және басқадай мақсаттар үшін нақты ақша алынады. Банк мекемссі есеп айырысу шотындағы ақшалардың көлемінде шот иесінің, яғни кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қабылдау, төлеу және аудару жайлы тапсырмаларын орындайды.
Кассасындағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№
Операциялардың мазмұны
Дебиттелетін шот
Кредиттелетін шот
1
Түсуге тиіс дебиторлық борыш сомасы кәсіпорынның кассасына кіріске алынды.
1010, 1020
1210
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz