ЖӘНІБЕК ТАРХАН


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Торғай өлкесін атам заманнан қазақтың іргелі тайпалары қыпшақтар, тоқал арғындар, ішінара алшынның кейбір тайпалары мекендейді. Шежіре бойынша, Арғын бабамыздың тоқалынан тарайтын Аманжолдан Әйдерке мен Шақшақ туады. Шақшақтан: Бақай, Көшей Түзей, Ақназар, Есназар, Томай; Әйдеркеден - Өтей, Шымболат, Мерген, Баян, Өмірзақ өрбиді. Шақшақтың қалмақ әйелінен туған Көшейдің алты ұлы болған. Олар: Үмбетей, Аю, Қожамбет, Қошқар, Қарабас, Тіней болып алты Қошқар аталады. Аюдың үш ұлы Есенбай, Елібай, Ңұржан, кейін Аққозы, Қарақозы болып екіге бөлінеді.

Міне, Қошқардан Тінібек, Тұрлығұл және біз әңгіме еткелі отырған Жәнібек туады. Қазақ халқының тарихына, мәдениеті мен әдебиетіне үлкен үлес қосқан Жәнібектен кіндіктеген ұрпақ жайлы белгілі журналист, марқұм Әбдірашид Бектемісов шежіре жазып кеткен.

Жәнібектің ұлы бабасы Шақшақ та асқан батыр болған, Ол жайлы Нұрқан ақын кезіңде:

Сайраған Сарыарқаның бұлбұлымын,

Торғайдың топтан озған дүлділімін,

Атамыз алатайлы батыр Шақшақ

Сом алтын бәйбішенің кенже ұлымын.

Еділдең атам Шақшақ есіп өткен,

Жайықтың жалпақ суын кешіп өткен.

Қисыннан қисын тауып қарсыласса,

Егескен жаудың басын кесіп өткен, - деп жырлайды.

ЖӘНІБЕК ТАРХАН Қошқарұлы, Шақшақ Жәнібек (1693 - 1752, Қостанай обл. Жангелдин ауд. Тосым құмы) - қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық куресінің каһарманы. Орта жүз құрамындағы арғын тайпасының момын руынан шыққан. Атасы Шақшақ Аманжолұлы "Еңсегей бойлы Ер Есім" атанған атақты Есім хан қол-басшыларының бірі болған. Жәнібек Тархан 1710 ж. он жеті жасында Тәуке ханның қолымен бірге жауға шауып, жекпе-жекте қалмақтың бас батырын өлтірген. Абылай ханның тұсында қол бастап, ханның негізгі кеңесшілерінің бірі болған, ел басқару және мемлекетаралық қатынастарға белсене араласқан. 1717 жылғы Аягөз маңындағы шайқаста 24 жасында қол бастап, ерлік көрсеткен. 1723 жылдан бастап Жәнібек Тархан бір жағынан, Кіші жүз жасақтарына көмектесіп Еділ қалмақтарымен, екінші жағынан, Бегембай, Қабанбай, Малайсары, Райымбек, Өтеген батырлармен бірге оңтүстікте жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беріп отырды. 1726 ж. Ордабасыдағы ұйғарымнан кейін құрылып, Сарысу өзенінің Бұланты саласының бойында жоңғарларға ойсырата соққы берген біріккен қазақ жасағының құрамында Орта жүз әскерлерінің ең ірі қолын Жәнібек Тархан басқарған. Ел жадында сақталған аңыз әңгімелер бойынша, Төле бидің түйесін бағып жүрген Сабалақтың (болашақ Абылай ханның) Ташкентті билеген Уәли сұлтанның баласы екенін алғаш жария еткен де, Абылай хан тағына отырғанда оған бата берген де Жәнібек болған. Ол 1740 - 41 ж. жоңғар қоңтайшысының тұтқынындағы Абылайды құтқарып алуда да ерекше дипломатиялык ше-берлік танытқан. Орынбор комиссиясының бастығы И. И. Неплюевпен арадағы қатынасын ұтымды пайдаланып, жоңғар қоңтайшысына арнаулы елшілік шығартқан, бүл іске Әбілмәмбет, Әбілқайыр хандарды да араласты-рып, ақыры Абылайды басқа адаммен аманатқа ауыстырып алған. Жәнібек Тархан 1732 ж. жеті мың қолдық жоңғар ескерлері Орта жүзге шабуыл жа-сағанда қазақ әскерлеріне басшылық еткен. Жәнібек Тархан бастаған қазақ жасақтары саны жағынан анағұрлым басым басқыншыларға тойтарыс бере-ді. Бірақ үздіксіз шапқыншылықтан әбден титықтаған Қазақ елі Ресей патшасынан көмек сұрауға мәжбүр болады. Жәнібек Тарханның қазақ даласының тұтастығы мен елінің еркіндігі жолындағы саяси күресінің елеулі белестері осы кезеңде басталды. Абылай хан да, Жәнібек Тархан да Ресей мемлекетінің қазақ жеріне бекіністер салуына үзілді-кесілді қарсы шыққандарына қарамастан 1740 ж. шекара комиссиясының бастығы В. А. Урусовпен қазақ-орыс сауда қатынасын орнатуға, саяси байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздерге қатысқан. Ресей әкімшілігі Орта Азиядан Орынборға қатынап тұрған сауда керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Жәнібек Тарханға жүктеген. Кейін Жәнібек Тархан да Абылай сұлтан, Әбілмәмбет хан, Қабанбай, Бөгембай батырлармен бірге Орта жүздің Ресейдің қол астына өтуін ресми тіркеген құжатқа қол қойды. Осы түста, 1743 ж. 11 шілдеде Ресей патшайымы Елизавета Петровнаның жарлығымен Қошқарұлы Жәнібекке тархан атағы берілді. Орта жүз хандығының билігі Абылайдың қолына көшкеннен кейін Жәнібек Тарханның өкілдігі де жоғарылады. Ш. Уәлихановтың пікірінше, Жәнібек Тархан көп тыңдап, аз сөйлейтін, ердің қунын екі ауыз сөзбен шеше алатын әділ де шешен адам болған. Жәнібек Тарханның үлкен бәйбішесі - Түрсынбай датқаның қызы, екінші әйелі - Әйтеке бидің қызы, үшіншісі - қалмақ ханының қызы, кіші әйелі - Қасым батырдың қызы. Бұлардан тараған Дәуітбай, Жауғашар, Ақпанбет, Тоқпанбет, Деріпсалы, Тоқтамыс ұрпақтары қазіргі уақытта, негізінен, Қостанай обл. Жангелдин ауданында тұрады. Жәнібек Тарханның мәйіті Түркістанға жеткізіліп, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленген. Батыр есімі Бұқар жырау, Тәтіқара ақын, Абыз әулие жырларында кездеседі. Халық ақыны Иманжан Жылқайдаровтың жыр-лауында бізге жеткен "Шақшақ Жәнібек батыр" жырында, Көкбайдың "Абылай" дастанында Жәнібек Тарханның ер тұлғасы нанымды сомдалған. 1993 ж. Арқалық қаласында батырға ескерткіш орнатылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шақшақ Жәнібек батырдың өміржолы мен ұрпақтары
Қазақ - Жоңғар шапқыншылығындағы Шақшақ Жәнібек батырдың алатын орнын айқындау
НҰРАЛЫНЫҢ ХАН САЙЛАНУЫНДАҒЫ ШЫНДЫҚ
Есіркеп сұлтан
Қостанай облысында Жангелдин ауданының тарихи-мәдени ескерткіштері
Қостанай облысында Жангелдин ауданының тарихи-мәдени ескерткіштері туралы
Есет Көкіұлы мемориалдық кешені
Әбілқайыр хан (1693 - 1748)
Қазақ хандығының құрылған жері мен уақыты
Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz