Нарықтық қатынас жағдайында кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау


Мазмұны
- Кәсіпорын қаржысының мәні мен атқаратын қызметтері
Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы әлемдік рынок заңы бойынша дамуда. Рынок - бұл тауарды өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара экономикалық қарым қатынас. Олардың әрқайсы бір - біріне сәйкес келмейтін өз экономикалық мүддесіне ие. Егер олар сәйкес келсе, тауаларды сатып алу және сату актісі жүзеге асады; сондықтан рынок өніріс мен тұтыну мүдделерін сәйкестендіретін өзіндік құрал және тауар-ақша қатынасының жоғарғы сатысы. Рыноктың қызметі рыноктык экономиканың қалыптасуына әкеледі.
Нарықтық экономика - жоспарлы-директивті экономикаға қарағанда өте нәзік және анағұрлым күрделі. Шаруашылық субъектінің бәсекеқабілеттілік индикаторы рынокта оның қаржысы болып табылады. Сондықтан шаруашылық субъктінің қаржылық жағдайы нарықтық экономика тұсында оның қызметін жалғастырудың кепілі саналады.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының шекарасын анықтау нарыққа өту жағдайында өте маңызды экономикалық мәселелердің қатарына жатады, дегенмен қаржы тұрақтылығының жеткіліксіздігі өндірістің дамуына қажетті қаржының жетіспеушілігіне, оның төлем қабілетсіздігіне жәнеде ақырында банкроттыққ әкелуі мүмкін, ал «артық» тұрақтылық дамуға кедергі келтіріп кәсіпорындағы запастар мен резервтердің қажетті деңгейден шамадан тыс жоғары болуына әкеледі.
Қазақстан экономикасының жүйелі трансформациясы әрбір нақты кәсіпорынға әсер етпей қоймады, әсіресе кәсіпорынның қаржы ресурстарының пайдалану аймағында. Кәсіпорындарда болған өзгерістер басқару жүйесінде болып жатқан өзгерістермен қамтылды, онда негізгі функциялардың орындалуын бақылау мемлекеттік органдардан кәсіпорын жетекшілеріне өтті. Қазіргі кезде болып жатқан нарықтық экономикаға өту кәсіпорынның шаруашылық субъект ретіндегі статусы едәуір нығайтты, олардың бірқатар өндірістік және қаржылық мәселелерді өз беттерінше шешуіне кең мүмкіндіктер туғызды. Ондай мәселелерге ішке және сыртқы нарықта өз серіктестерін таңдау жатады, өйткені болашақ ынтымақтастықтың тиімділігі осыған байланысты болады. Қазіргі кәсіпорындар контрагенттерді (жеткізушілерді, сатып алушыларды, подрядчиктерді, банктерді) бұрынғыдай жоғарыдан түскен бұйрық бойынша емес өздері таңдайды, кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы нарықтық қатынас әлемінде қаншалықты тез және дұрыс бағыт ұстануына байланысты болады
Басқаша айтқанда жетекшінің азғантай қатесі кәсіпорынға өте қымбат түсуі мүмкін, оның өз қызметін жалғастыруына қауіп қана тғызып қоймай, банкроттыққада ұшыраптуы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде дипломдық жұмыстың тақырыбы өте өзекті және оны орындау өте қажет деп айтуға болады. Берік-Қара ЖШС зерттеу нысаны болып табылады және оның 2007 - 2009 жылдардағы қызметі қарастырылады.
Дипломдық жұмыс төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қаржы ресурстарының мәнін және кәсіпорынның қаржы ресурстарын бағалау әдістемесін сипаттайтын сұрақтар қарастырылған. Екінші бөлімде «Берік-Қара» ЖШС жалпы сипаттамасы, оның даму тарихы, өндірістік құрылымы және әсіпорынның басқару құрылымы келтірілген. Жұмыстың үшінші бөлімінде «Берік-Қара» ЖШС қаржы тұрақтылығына экономика-математикалық талдау келтірілген. Соңғы бөлімінде ұсынылған шаралардың экономикалық тиімділігінің есептеулері келтірілген. Жұмыста статстикалық өңдеудің әртүрлі әдістері қолданылды: топтастыру әдісі, тізбектеп қою, абсолютті айрма және экономика-математикалық әдіс.
1. 1. Кәсіпорын қаржысының мәні және атқаратын қызметі
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай - күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай - күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Профессор А. Д. Шеремет «Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады » деп жазған [1] .
Профессор Н. А. Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай - ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым - қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді» [2] .
Профессор И. Т. Балабанов «Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану» - деп жазады. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресустарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы ұғымын А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша «Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы». [3]
В. Г. Артеменко мен М. В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: «Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс - шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады» [4] . Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық - техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
А. Д. Шеремет пен В. С. Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні - бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі[5] .
Э. А. Маркаръян мен Г. П. Герасименко да дәл осындай көзқараста. «Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі» немесе «Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақытылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады» [6] .
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына, оның тұрақтылығына көптеген факторлар әсер етеді, оларды экономист ғалымдар В. М. Радионова,
М. А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
1) пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
2) нәтиженің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы өзгерістері;
- қорларды, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- кәсіпорынды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға мыналар жатады:
- шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері;
- қоғамда үстемдік етуші техника мен технология;
- төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі;
- кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері;
- сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай - ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады[7] .
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай - ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады. Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады. Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншылықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім - шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым - қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншылықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестігі, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудагы тиімділікті зерттеу;
- айналым капмталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы - есептік және есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу,
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қордар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржы - бұл ақша қатынасының жүйесі, ақша қорларының айналым процесте құрылуы мен қолданылуын сипаттайды [8] . Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесінің құрамына:
- мемлекеттік қаржы (республикалық бюджет, мемлекттік әлеуметтік сақтандыру қоры, зенетақы қоры және басқа да қорлар) ;
- жергілікті қаржы (әртүрлі әкімшілік - территориялық құрылымдардың қорлары) ;
- кәсіпорындардың қаржысы жатады.
Мемлекеттік қаржы деңгейінде Республикалық бірегей қаржылық
саясатты өңдеу және іске асыру жүреді және бұған кәсіпорын қызметінің тиімділігі тәуелді.
Кәсіпорынның қаржысы Республиканың қаржылық жүйесінің құрылымында белгілі орынды алады, өйткені кәсіпорын деңгейінде мемлекеттің қаржылық ресурстардың көп бөлігі құрылады. Кәсіпорынның қаржысы келесі қызметтерді атқарады:
- бөлістіруші (ынталандырушы) ;
- бақылаушы.
Қаржының бөлістіруші қызметінің көмегімен кәсіпорындағы барлық ақша табыстары мен қорлары құрылып, қолданылады. Бөлістіруші қызметті орындай отырып, қаржы бүкіл ұдайы өндірісті іске асырады, оны үздіксіз қамтамасыз етіп отырады және оның барлық сатысына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар ақша құралдарын дұрыс бөлістіру кәсіпорын жұмысын жақсартуда әсер етеді.
Бөлу коэффициенті - қаржының жағдайының абсолюттік көрсеткіш өзі кіретін абсолюттік көрсеткіш тобының сол немесе басқа бөлігін құрайтынын анықтау қажет болған жағдайда қолданылады. Бөлу коэффициенті мен есепті кезеңде өзгеруі төменде көрсетілгендей қаржының жағдайын салыстырмалы талдау - нетто бойынша алдын ала таныстыру барысында маңызды рөл атқарады.
Үйлестіру коэффициенті - қаржының жағдайының немесе оның құрамдастарымының мәні бойынша әр алуан экономикалық маңызы түрлі көрсеткіштерінің қатынасын көрсету үшін пайдаланылады.
Қаржы коэффициентін талдағанда оның мағынасы базистік мөлшермен салыстырылады, сондай - ақ оның есепті кезеңдегі және бірқатар жылдағы серпіні зерттеледі. Базистік мөлшер ретінде осы кәсіпорынның уақыт қатары бойынша қаржысының жағдайы бойынша қолайлы өткен кезеңдегі орташаланған көрсеткішінің мағынасы; орташа салалық көрсеткіштің мағынасы; ең табысты бәсекелестің есеп - қисап дерегі бойынша есептелген көрсеткіштің мағынасы пайдаланылады. Сонымен бірге салыстыру базасы ретінде теориялық жағынан негізделген немесе сараптық сұрату нәтижесінде алынған, сондай - ақ қаржының тұрақты жағдайы жағынан алып қарағанда салыстырмалы көрсеткіштің оңтайлы немесе сыни мағынасын сипаттайтын мөлшер алынуы мүмкін [9] . Мұндай мөлшер іс жүзінде қаржы коэффициентінің нормативінің рөлін атқарады. Кәсіпорын қаржысының жай - күйін және оның өзгеру үрдісін талдау үшін қаржы коэффициентінің біршама шағын саны жеткілікті болады. Тек осы көрсеткіштің әрқайсысы қаржының жағдайының ең елеулі жағын көрсетуі маңызды.
Қаржылардың өндірістік процесті сандық сипаттау қабілеті оны бақылауға мүмкіндік береді. Бақылаушы қызметтің негізін қор және қорлық емес фирмалардың қаржылық ресурстарының қозғалысы құрайды. Бақылаушы қызмет екі түрде жүзеге асады:
- бухгалтерлік, статистикалық және жедел есеп берудегі қаржылық көрсеткіштер;
- қаржылық әсер ету.
Кәсіпорынның қаржысын ұйымдастыру негізінде келесі принциптер бар:
- қаржылық - шаруашылық қызмет облысындағы дербестік;
- өзін - өзі қаржыландыру;
- жұмыс нәтижесіне деген қызығушылық;
- нәтижеге жауапты болу;
- қаржы қорларының құрылуы;
- құралдардың жеке және қарыз болып бөлінуі;
- бюджеттік және бюджеттік емес қорлардың алдында міндеттердің бірінші кезекте орындалуы;
- кәсіпорын қызметіне қаржылық бақылау.
Қаржылық қарым - қатынастың құрамында келесі кәсіпорынның ақша қатынастары ерекшеленеді:
- контрагенттермен - алғашқы табысты құру, ішкі шаруашылыққа бағытталған мақсатты қорларды құру және қолдану ( жарғылық капитал, өндірісті дамыту қоры, қолдау көрсететін қорлар және т. б. ) туралы ;
- кәсіпорындармен - қаржыны бөлістіру, бірақ та қаржы ресурстарының қозғалысы қор фирмасында іске аспайды (келісім міндеттемелерін бұзған жағдайда айып пүлды өтеу және алу, әр түрлі жарна салымдарын салу, басқа кәсіпорындардан және мемлекеттен бағалы қағаздарды иемдену, олардан дивиденд алу және т. б. )
- өнімді тұтынушылармен - кәсіпорынның өзі келісімнің түрін және пішінін таңдайды, міндеттемелерді орындау шартын және санкцияларды анықтау тәртібін анықтайды, өз өніміне және қызметіне бағаны өзі қояды және жабдықтаушылар бағасының негізінде бағалайды;
- сақтандыру ұйымдарымен - сақтандырудың міндетті және ерікті түрлері бойынша;
- банктік жүйемен - қарыздарды алу және төлеу барысында есептік - кассалық қызмет көрсету, пайыздарды төлеу туралы белгілі төлем ақша банкпен бос ақша құралдарын белгілі уақытқа қолдану туралы;
- мемлекетпен - бюджеттік және бюджет емес қорларды құру және пайдалану туралы. Ақша қатынасының бұл тобы бюджеттік және бюджет емес қорларға әр түрлі салықтар, алымдар, салымдар және т. б. төлеу аркылы іске асады. Ал басқа жағынан өндірістік емес ортаны, мақсатты бағдарламаларды бюджетпен қаржыландырады;
- жоғарғы басқару құрылымымен - қаржылық ресурстардың ішкі салаларға бөлінуін «тікелей» және «көлденең» арақатынасы туралы бұл ақша табыстарының құрылуы мен үлестіруімен, шаруашылық субъектілер жинақтарымен және қаржылық банктік жүйелердің алдыңда міндеттемелерді орындауда қолданумен, ағымдағы шығындарды және өндірісті кеңейту шығындарын, жұмыс істеушілердің материалдық ыңталандыруын қаржыландырумен байланысты [10] .
- Кәсіпорынның қаржы ресурстары
Қаржылық ресурс - бұл кәсіпорын басқаруындағы және ағымдағы шығындарды және өндірісті кеңейту шығындарын іске асыру үшін, қаржылық міндеттемелерді және жұмысшылардың экономикалық ынталандыру үшін арналған ақша кұралдары [11] .
Кәсіпорынның қаржылық ресурстары:
- өндіріске және өнімді өткізуге ағымдағы шығындар(жұмыс, қызмет көрсету) ;
- өндірісті кеңейтумен байланысты және техникалық қайта жарақтануымен байланысты капиталды салымдарға инвестиция құю;
- бағалы қағаздарға қаржылық ресурстарды инвестициялау;
- төлемдер, қаржылық, банктік жүйелер, бюджеттік емес қорларға салымдар;
- әр түрлі ақша қорларының құрылуы (дамытуға, сонымен қатар қолдау көрсетудегі және әлеуметтік сипаттағы) ;
- қайырымдылық мақсаттар, демеушілік көмек.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытндылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынасының рационалдылығына, сондай - ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік - сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz