«Деректану теориясы» пәні


Кіріспе лекция
Кілтті сөздер
Дерек, сын, тарихи синтез, әдіс, әдіснама, деректану пәні .
Талқыланатын сұрақтар
1. Деректану теориясы пәні, мақсаты мен міндеті.
2. Деректанудың ғылым ретінде пайда болуының алғышарттары және ортақ
заңдылықтары.
3. Деректанудың қалыптасу және дамуының негізгі кезеңдері.
Мақсаты: Деректану теориясы пәні, мақсаты мен міндеттері, тарихына тоқталу.
1. Деректану теориясы пәні, мақсаты мен міндеті.
Деректану, тарихнамамен қатар тарихшыларды теориялық методологиялық дайындауда негізгі фундаментальдық пәндердің қатарына жатады. Деректанудың фундаментальдығы тарих ғылымының тарих обьектісіндегі-өткен қоғам ретіндегі тарихшыға тікелей берілген емес, ол тарихи деректерді таным арқылы тану арқылы тарих ғылымының субьектісі ретінде қаралады.
Деректану тарихи зерттеудің практикалығынан туындаған. Алғашқы кезде жазба деректер зерттеліп, деректанудың қолданбалы фактілік жағы ескерірілді, ол деректерді тануда нақты тарихи фактілерге жүгінді.
Жаңа деректердің ғылыми айналымға түсуіне байланысты, тарихи деректер және сол тарихи деректердің оқиғалары, процестері әр деректе, әр қырынан көрсетіледі. Деректің оқиғаларды қалай баяндауына байланысты, эмперикалық және апробиралық практикалық жолмен алынған деректер жазба деректерді әдістемелік зерттеу нақты фактілік матиралдарды алуда зерттеу обьектісіне айналды. Жазба деректер заттай деректерден тармақталып бөліне бастады (археологиялық) .
Курстың мақсаты - деректердің тарих ғылымындағы табиғатын зерттеу, белгілі әлеуметтік жағдайдағы оның туындау себептерін, осы жағдайдағы деректердің гносологиялық табиғатын тарихи танымның зерттеу обьектісіне айналдыру.
Курстың мақсаты жұмыстары.
- Деректерді таңдау, сыни анализ жасау және зерттеу жұмыстарын жүргізу.
- Тарихи зерттеуде деректілік-ақпараттық базалық негізін жасау.
- Тарихи зерттеуде терминалогиялық аппаратты негіздеу.
- Деректерде анализ жасауда әдістеме жүйесін білу және оның тәжірибеде қолдану мүмкіндігі.
- Аймақтық тарихи деректерді зерттеумен танысу. Дерктану пәні архивпен және қосалқы тарихи пәнімен тығыз байланысты.
2. Деректанулық ұғымдар мен терминдер туралы.
Дерек термині бүгінгі күні екі мағынада қолданылып жүр. Біріншісі: Дерек-хабар-ошар, мәлімет, мағлұмат сөздерінің сининимі ретінде. Екіншісі дерек көзі шежірк, жылнама, ретінде жиі қолданып жүр. Тарихи деректер өзінің саны, көлеміжағынан аса көп, мазмұны, түрі жағынан әр алуан.
Демек, «деректану» түсінік ретінде нақты уақиғалар туралы зерттеушіге жеткен деректерді, (хабар, мағлұмат, мәліметтерді), немесе сол деректерді жеткізген дерек көздерін (шежіре, жылнама) зерттеу, талдау мағынасын білдіреді.
Өткен ғасырдың басында «дерек» бір ғана мағынада - хабар, мағлұмат, мағынасында пайданылған. Дерек түсінігі трансформацияланып, қосымша мәнге ие болған.
Бақылау сұрақтары
1. Теориялық деректану пәні дегеніміз не?
2. Деректанудың алдына қойған міндеттерін атаңыз?
3. Зерттеу міндетттерін жүзеге асырғанда деректануға қандай қосалқы тарихи пәндер көмектеседі?
Әдебиет
1. Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) . Бес томдық. 3-том. -А: Атамұра, 2002.
3. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы. - Алматы: Қазақ
университеті, 2002. -302 б.
4. Қазақтың көне тарихы (Дайындаған М. Қани) А, Дәуір, 1993.
5. Источниковедение истори СССР. Под. Ред. И. Д. Ковальченко. 2-е изд. -М. : Высшая
школа, 1981.
6. Иванов Г. М., Коршунов А. М., Петров Ю. в. Методологические проблемы
исторического познания. М., 1981.
7. Голиков А. Г., Круглова Т. А. Источниковедение Отечественной истори М, 2002.
8. Источниковедение теоритечиские и методологические проблемы ( отв. С. О. Шмидт.
ред. ) Наука М, 1969.
Деректану теориясы
Кілтті сөздер
Дерек, әдіс, әдіснама, деректердің cыныпталуы
Талқыланатын сұрақтар
1. Деректану проблемалары мен методологиясы.
2. Тарихи деректерді сыныптау.
Мақсаты: Деректану проблемалары, методологиясы және оның жіктелуіне тоқталу.
1. Деректану проблемалары мен методологиясы.
Қазіргі таңда тарихи деректердің саны, көлемі, түрі жағынан әртүрлі. Сондықтан тарихшыға оларды бір-бірінен ажырату үшін не оларды жіктеп, не топтау керек. Осыларды топтау, жіктеуде әркім әр түрлі пікір айтады.
Жіктеу - обьективті зарттеуші өлшемдерге негіхделуі керек. Олар обьективті деректердің өзінен шығуы керек. Онда деректерде шындықтың орын алуы, бейнелену заңдары орын алуы тиіс.
Сондықтан жіктеу тек таза техникалық емес, әдіснамалық мәселе. Ол зерттеу тәсілі қызметтерін атқарады. Жалпы, Кеңес үкіметіне дейін ғалымдар тарихи деректерді зерттегенде олардың әлеуметтік тарихын ескермеді. Көбінесе 2 топқа бөлді.
Мысалы, француз Шарль Сеньобус: «Өткеннің ізі тікелей, өткеннің қосымша ізі» дейді. Лапо-Данилевский: «Мәдениеттің қалдығы» дейді. Сонымен қатар, «фактілерді суреттеу, айту» дейді. Кеңес дәуіріндегі жіктеуді ұсынамыз. Кеңес үкметінің алғашқы жылдарында өткен бұрынғы деректанушылардың пікірін қолдады. 1925-40 жж. Тарихшылар мемлекет, идеология, қоғамдық қозғалыс тарихи тақырыптар бойынша жіктеді. 40-50 жж. Академик Тихомиров деректерді 5 топқа бөлді: заттай, лингвистикалық, этнографиялық, ауызша, жазбаша. Тихомиров жазба деректерді 2-ге бөлді. Яғни, құжаттық және баяндаушы деп. Ол деректерді шығу тегіне қарай бөлді. ХХ съезден кейін деректерді типологиялық жіктеу қалыптасады.
Типтік жіктелу - деректердің мазмұны мен формасының сәйкестік принципіне негізделген. Ақпаратты алу, сақтау тәсілдерімен ерекшеленеді.
Типтік жіктелудің 7 түрі бар. Олар: жазба, лингвистикалық, заттай фото-кино құжаттар, этнографиялық - фоно құжаттар, фольклорлық.
Жоғарыда айтқан жіктеу пайда болу мазмұны, формасы ескеріледі. Бұл жіктеу барысында нақты жіктеу жоқ.
Ковальченконың деректану оқулығында мынадай типтерге бөледі: заттай, көркемсурет, графикалық тип, жазба, фото құжат.
Деректерді пайда болу тегі, сыртқы ерекшелігі қарай үлкен немесе шағын топтарға бөледі.
- заттай деректер археологиялық ескерткіштерінен бастап қазіргі дамыған техника-машиналарға дейін;
- көркемсурет сурет өнерінің барлық саласы;
- сөздік деректер күнделікті сөйлеу мәдениетінен бастап, халықтың шығармашылық ескерткіштері;
- жазба деректер тұрмыста, мінез-құлықта қалыптасқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар;
Жалпы, көптеген тарихи деректер бір типке жатпайды., бұлар аралас типтерді құрайды.
Мысалы, бір деректер бірнеше типтерге жатуы да мүмкін. Жазба деректер өте көп мөлшерде кездесетіндіктен, оларды әр түрге бөледі. Бұндағы негізгі принцип оның формасы мен мазмұнының мақсаты бірлігі осындай жағдайды ескергенде Н. У. Пушкарев жазба деректерді екіге бөледі:
Құжаттық:
- картографтық
- статистикалық
- актілік
- концелярлық
Баяндаушы:
- жеке (хаттар, күнделік, заманхат) ;
- көркем (очерк, роман, лирика, проза) ;
- тарихи (повесть, жылнамалар, әдебиеттер) ;
- ғылыми (тарихи, философиялық, әлеуметтік еңбектер) .
Жоғарыда айтылған дерек түрлері ең соңғысы емес.
Бақылау сұрақтары
1. Деректану проблемалары мен методологиясы жөнінде не білесің?
2. Тарихи деректерді сыныптау дегеніміз не?
3. Жазба деректүрлерінің эволюцияға ұшырауының факторлары?
Әдебиет
- Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.
- Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. -302 б.
- Источниковедение истори СССР. Под. Ред. И. Д. Ковальченко. 2-е изд. -М. : Высшая школа, 1981.
- Иванов Г. М., Коршунов А. М., Петров Ю. в. Методологические проблемы исторического познания. М., 1981.
- Голиков А. Г., Круглова Т. А. Источниковедение Отечественной истори М, 2002.
- Источниковедение теоритечиские и методологические проблемы ( отв. С. О. Шмидт. ред. ) Наука М, 1969.
Деректану методы
Кілтті сөздер
Деректанулық сын, деректі аналитикалық сынау, деректің пайда болу негіздерін сынау, деректің мазмұнын сынау.
Талқыланатын сұрақтар
1. Деректанулық «сын».
2. Деректанулық талдау методикасы мен принцптері.
3. Деректердің пайда болуын «сынау» немесе сыртқы «сын».
4. Деректердің шынайылық деңгейін анықтау немесе «ішкі сын». Өкілеттік прблемасы.
Мақсаты: Деректанулық сынды, олар мен жұмыс істеудің методикалық принціптері мен сатыралымен танысып, жазба деректердің сыни талдаудың сатыларымен жұмыс істей білуге үйрету
1. Деректанулық «сын».
Деректерде бейнеленген тарихи оқиғаларды қалпына келтіретін тәсілдерді деректанулық «сын» дейді
Ресей тарихы бойынша тарихи деректер бірінші болып сыннан өткізген В. Н. Татишев . Ол қажетті дүниені қажетсізден айыра білу Мықты тарихшылардың Еңбектерін өзіне сын көзбен қарауды ұсынады.
- Автор өзі айтып отырған оқиғаға қатысқан ба?
- Егер қатысса сол кезде өмір сүрді ме?
- Автор неге сүйеніп жазды?
- Көп жыл өткен соң сол іске қатысқандығын жазып алды ма?
- Авторы кім? өз отаны кім? әлде шетелдік пе?
Л Шлецер 1735-1809 жылдары тарихи сынды үш топқа бөлу арқылы жіктеген:
1. Кіші сын (сөзді сынау) түпнұсқаны анықтау.
2. Грамматикалық және тарихи талдау. Автордың қандай сөзді пайдаланғанын және не айтпақ болғанын анықтау. Жоғарғы сын. (дерек автордың пікірі дұрыс па, рас өтірік пе, көз жеткізу. Бұнда автордың оқиғаны қаншалықты білетіндігін анықтау. В. О. Ключевский ғылыми талдауды екіге бөледі: Философиалық сын (ежелгі қол жазбаны дұрыс оқи білу) . Фактілі сын жазудың көзқарасын анықтау дейді.
Жазба дерктерді ғылыми сынның негізгі ережелері белгілі деректанушы А. С. Лапо-Данилевскийдің еңбектерінде жан-жақты көрсетілген. Ол екі кезеңнен тұрады. І-кезең-«сыртқы сын» және ІІ-кезең «ішкі сын».
Тарихи деректерге мұндай көзқарас алдыңғы парагровта айтылған белгілі француз ғалымдары Ш. Лангуа мен Ш. Сеньбосқа да тән болды. Олардың Москвадан 1889 жылғы шыққан «Ведение в изучение истории» деген еңбегінде шынайылықта айқындау «автордың көңіл күүйін анықтау арқылы жүреді»-дейді.
2. Деректанулық талдау методикасы мен принцптері.
Ғылыми еңбектерде, деректану бойынша жүргізілген кәзіргі зерттеулерде деректанулық талдау жүйелі теориялық негіздемеге ие болды. Методика нақты зерттеу тәсілі деген ұғым болса, метод жалпы зерттеу деген ұғымды білдіреді. Сондықтан методтың ауқымы кең, оған методика да енеді. Ол негізгі үш құрамдас бөлімнен тұрады:
-Нақты методология-басқаша айтсақ, метод теориясы, осының негізінде ғылыми таным принціптері жасалады;
-Методика-зерттеудің нақты ережелері мен тәсілдері;
-Техника-зерттеуге қажетті құрал-жабдықтардың жиынтығы.
Үш құрамдас бөлім- методика, методология және техника бір-бірімен тығыз байланысты. Дегенмен, методология жетекші орын алады.
Методология мен методиканың ғылыми таным тәсілінің ажырамас құрамдас бөлігі екендігінен шыға отырып, тарихи деректану методикасын айқындауға болады. Бұл методика мынадай принціптерге негізделген:
Обьективтік принціп - тарихи құбылыстарды барлық қайшылықтармен, күрделіліктермен, санқырлылықтармен қоса жан-жақты зерттеу. Барлық деректерге толық талдау жасау. Бір-бірімен байланысты деректерді кешенді зерттеу.
Партиялық принціп - ол деректерді зерттеудің өзекті мәселесі етіп, әлеуметтік талдауды алады: деректің қандай ұлттың, әлеуметтік топтың не таптың мүддесін қорғағандығын анықтайды, деректе сол әлеуметтік топтардың, ұлттардың не таптардың мүддесінің қаншалықты ашық, толық дәл көрсетілгендігін анықтайды.
Тарихи принціп - ол дерекке тек нақты тарихи тұрғыдан қарау емес, сонымен қатарпайда болуы мен сақталуына әсер еткен оқиғаларды, құбылыстарды және процестерді зерттеу.
3. Деректердің пайда болуын «сынау» немесе сыртқы «сын».
Деректі сынаудың бұл кезеңі мәтінді оқудан, оның дәл мазмұнын, өмір сүру формасын айқындалуын, түпнұсқалығын, уақытын, авторын, жасалынған жерін, пайда болуының нақты-тарихи жағдайын, деректі жасаудағы мақсат мен міндеттерін анықтаудан тұрады.
Деректердің сақталу формалары. Кез келген тарихи дерек белгілі бір материялды формада өмір сүреді. Мазмұны жағынан бірдей мәтіннің өзі әр түрлі формада кездесуі мүмкін. Деректің сапалы да тез өңделуі көптеген факторларға байланысты, сондай факторлардың бірі ол деректің сақтау формасы: қолжазба ма жоқ тасқа басылған ба, мұрағат материялдары ма, жоқ публикация ма?
Мәтінді дұрыс оқи білу немесе түпнұсқалық проблемесы. Деректің мазмұнымен танысу барысында мәтінді қалпына келтіру және оның дәл мәнін ашуға байланысты көптеген қиындықтар пайда болады. Олар негізінен мәтіндегі кейбір сөздердің дұрыс оқылмауы немесе өшіп қалуына байланысты. Кей жағдайда мәтінді мазмұны бойынша немесе басқа мәтіндермен салыстыру арқылы қалпына келтіруге болады. Кәзіргі кезде мәтіннің өшіп қалған жерлерін немесе бүлінген жерлерін жаңадан пайда болған фотоанализ тәсілімен қалпына келтіру қолға алынуда.
Деректің пайда болған уақытын анықтау. Барлық деректерде бірдей оның жазылған уақыты көрсетіле бермейді., кейде мәтінде көрсетілген уақыттың өзі де дұрыс болмауы мүмкін. Дегенмен, көп жағдайда деректің жазылған уақыты туралы мәліметті сол мәтіннің өзінен, оның мазмұнынан табуға болады: деректе аталған тарихи тұлғалардың атынан, оның лауазымынан. Атақ дәрежесінен.
Деректің пайда болған жерін анықтау. Жоғарыда айтылған мәтінді оқу және уақытын анықтау үшін пайданылған тәсілдердің көбі, оның пайда болған жерін анықтау үшін де қолданылады. Сонымен қатар тарихшы тарихи географиялық гнегізіннде жасалған тарихи карталарды да пайдаланады. Тарихшыға қойылатын талаптың ең бастысы өзі зерттеп жүрген жерін көз алдына елестетуі. Сонымен қатар тарихи әкімшілік-территориялық өзгерістерді де жақсы білгені жөн.
Дерек авторының не құрастырушының атын анықтау. Дерек авторының не құрастырушының атын білу оны тарихи зерттеулергеи пайдалану міндетті шарт емес. Деректегі сақталынған ақпараттың сипаты оның авторымен емес, мазмұнымен айқындалады. Тарихшыны жасырын атпен, бірнеше атпен немесе тіптен атсыз жазылған деректерр де қызықтырады. Көптеген жағдайда тарихшылар өз еңбектерінде заң жобаларын, заң актілерін, үкімен қаулы-қарарларын, ағымдағы іс қағаздарын кеңінен пайдаланса да олардың авторын білуге ұмтылмайды. Дегенмен, бұдан дерек авторының аты керегі жоқ деген ұғым тумау керек.
4. Деректердің шынайылық деңгейін анықтау немесе «ішкі сын». Өкілеттік прблемасы.
Деректегі ақпараттың ғылыми маңызын бағалау кезінде оның шындыққа қатынасымен қатар, тарихшымен байланысын да айқында қажет. Бірінші жағдайда дерекпен шындықтың байланысына шынайылық проблемасы, екінші жағдайда «дерек және тарихшыға» өкілеттілік проблемасы пайда болады.
Шынайылық проблемасы.
Өкілеттік проблемасы.
Бақылау сұрақтары
1. Деректанулық сын дегеніміз не?
2. Обеьективтілік, париялық және тарихи принціп дегеніміз не?
3. Деректерді сақталу формасына мысал келтір?
4. Тұпнұсқалық проблемасы жөнінде не білесің?
5. Деректің пайда болған уақытын қалай анықтауға болады?
6. Деректің пайда болған жерін қалай анықтауға болады?
7. дерек авторының не құрастырушының атын қалай анықтауға болады?
8. Тарихи деректің әлеуметтік функциясы дегеніміз не?
9. Деректердің шынайылық деңгейін анықтау немесе «ішкі сын». Өкілеттік прблемасын қалау жүргізуге болады?
Әдебиет
Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.
Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. -302 б.
Источниковедение истори СССР. Под. Ред. И. Д. Ковальченко. 2-е изд. -М. : Высшая школа, 1981.
Голиков А. Г., Круглова Т. А. Источниковедение Отечественной истори М, 2002.
Источниковедение теоритечиские и методологические проблемы ( отв. С. О. Шмидт. ред. ) Наука М, 1969.
Қазақтың ауызша тарихы - тарихи дерек.
Кілтті сөздер
Ауыз әдебиеті, фольклор, шежіре, ауызша тарих, жыр, ертегі, аңыз-әңгіме.
Талқыланатын сұрақтар
1. Халық ауыз әдебиеті - тарихи дерек.
2. Шежіре - тарихи дерек.
Мақсаты: Ауыз әдебиеті және шежіреге түсініктемесіне тоқталып, жанрларын қарастыру.
1. Халық ауыз әдебиеті - тарихи дерек.
Ауыз әдебиеті - халықтың ғасырлар бойы ауызша шығарып, сақтап келген рухани асылқазынасы. Ауыз әдебиеті ағылшының фольклор сөзімен қатар қолданыста жұр. Folk - халық, Iore- оқулығымен деген мағына білдіреді. Бұл термин 1843ж. Ағылшын археологы Джон Томсом ойлап тапты. 1879 жылдан бері ресми айналымда. Ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, батырлар жыры, аңыз әңгімелер, өлең жырлар жатады. Бұлар халықтың ортақ туындысына айналып отырған. Бұл ұзақ процестерге созылған. Қалыптасуына тарихи жағдайлар себеп болды. Бұлардың әрқайсының шығу тарихы хронологиялық жағынан халықтың тарихы, санасы тұрмыс тіршілігі, орнын білдіреді. Сондықтан ауыз әдебиеті деректердің қатарынан орын алады. Ауыз әдебиетінің жанырлары: Ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтел, тұрмыс-салт өлеңдері- жырлары, шешендік сөздер, эпостар, айтыстар, өлеңдер.
Ертегі - халықтың шығарған көркем әңгімесі. Ол қола дәуірінен басталып, қазіргі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Бұлар, қиял-ғажайып, тұрмыс салт, жануарлар шыншыл ертегілер болып бөлінеді.
Миф- Мифология дүние туралы фантастикалық түсінік. Аңызды зерттейтің ғылым.
Мифология - адамның рухани мәдениетінің алғашқы формасы. Арғы тарих кезінде пайда болды. Адам қоршаған ортаны түсіну үшін қолданды. Құдай мен батыр іс-әрекетін айтушы. Аңыз - халық қиялынан туған ғажайып қызық оқиға, әңгіме. Ел ауызындағы ертегі аңыз. Аты жыр, Халқымыздың мақтанышы батыр ұл. Мерекелі, Мүшеліңді құттықтап, Сырбайыңның жазған сәлім хаты бұл.
«Естіп ем ел аузынан бір аңызды
Сол аңызды жүрегімен жыр ағызды.
Сырламай сол қалпында ұсынайын,
Кешір дос, олақ айсақ мына бізді» М. Әлімбаев.
Аңыз болды. Жақсы атағымен ел арасында тарады, жайылды. Аңыз етті. Белгілі бір оқиғаны, жағдайды әңімелеп айтты. Аңыз қылды. Әңгіме етті, сөйледі.
Мақал-мәтел. Мәнді-мағыналы аз сөзді жеткізу. Үлкен ойды жеткізу. Мақал-мәтел - дегеніміз халықтың нақыл сөздері, белгілі бір-ойды ықшам түрде, ұғымды өткір айтып, беретін сөз. Мақал-адам өмірінің тәжірбиесінен туған, қоғамдағы сан қилы құбылыстарға берілген баға, қорытынды, түйін. Бұлардың тақырыптары әр түрлі.
- Білім және ғылым туралы;
- Еңбек туралы;
- Ерлік туралы;
- Адамның қасиеттері.
Тұрмыс-салт өлеңдері жырлары.
Бақылау сұрақтары
1. Фольклор дегеніміз не? Және ол қандай түрлерге бөлінеді.
2. Эпостағы тахи шындық дегеніміз не?
3. Шежіре дегеніміз не? Және оның түрлерін білесің?
Әдебиет
Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.
Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. -302 б.
История Мировой культуры. (справочник школьника) под. Ред. В. В. Спавкина, П. В. Кашинский МГУ им. Ломоносова 1996 ж.
Абай Құнанбаев шығармалары . 1957 1, 2 кітап.
Төреқұлов Н. Қазбеков М. Қазақтың би шешендері 1, 2 кітап. А. Жолын1993ж.
Кәлімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі А. Мектеп, 1986 ж.
Ежелгі Қазақстан тарихынан жазба деректер
Кілтті сөздер
Дерек, антикалық, ескерткіш, мәлімет, фиксация.
Талқыланатын сұрақтар
1. Парсы деректері.
2. Антикалық деректер.
3. Қытай деректері.
4. Түркі ескерткіштері
Мақсаты: Студенттерге Қазақстанның көне дәуір тарихы кезеңінен негізгі деректермен таныстыру.
Бақылау сұрақтары
1. Қазақстанның көне дәуір тарихындағы жазба деректердің негізі ерекшеліктері.
2. Қытай деректеріндегі қамтылған негізі мәселені айтыңыз?
3. Антикалық деректердің шынайылығы қандай?
4. Қазақстан территориясын мекендеген тайпаларға парсы авторларының қызығушылығын қалай түсіндіресің?
5. Түркі деректерінің құндылығын атаңыз?
Әдебиет
Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.
Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. -302 б.
Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы жайлы деректер.
Кілтті сөздер
Монғолия, миссионер, көпес Орталық Азия, мұсылманның синкретикалық мәдениеті, түріктер, география, діни шығармалар, өмірбаян, этнография, Моғолстан, Ақ Орда.
Талқыланатын сұрақтар
1. Монғол деректері.
2. Араб деректері.
3. Парсы деректері.
4. Еуропа тіліндегі деректер.
5. Қазақ деректері.
6. Қазақстан тарихы жайлы орыс деректері.
Мақсаты: Студенттерге Ортағасырлық Қазақстан тарихынан монғол, араб, парсы, еуропа, қазақ және орыс деректерімен таныстыру.
Монғол деректері Лубсан Данзан (Алтын тобық) жылнамасы, «Шара Туджи», Атрибуция және текстологиялық мәселелері.
ІХ - ХІІ ғ. ғ. араб деректері Әль - Хорезми (Книга картины земли), Ибн Хордарбек (Книга путей и стран), Аль - Джахиза (Помлание Фатху бен хакану о достойнствах тюрок и всех войск халифата), Ибн Фадлан (Книга Ибн Фадлан), Гардизи (Украшение известий), Махмұд Қашқари (Түркі сөздерінің жинағы), Аль - Гарнати (Аль - Муриб) және т. б. Деректердің пайда болуының тарихи жағдайлары. Авторлық текст. Деректердің текстологиялық мәселелері. Деректер нақтылығының кейбір мәселелері. Деректемелік синтез.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz