Әлемнің көне жеті кереметі


Әлемнің көне жеті кереметінен Мысыр пирамидасы ғана сақталған. 2007 жылы қолдан жасалған ескерткіш болып табылатын әлемнің жаңа жеті кереметі аталынды. Әлемнің жеті кереметі - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайн Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлыимперия құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері.
Әлемнің жеті кереметі
Олар:
Мысыр пирамидалары- өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған. Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған. Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең . Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған. Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі жасаған. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған. Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайыГелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылыжер сілкінісікезінде қираған. Александрия шамшырағыбіздің заманымыздан бұрын3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м. Бұл алғашқы"Әлемнің жеті кереметіне", "Екінші 7 керемет", "Табиғаттың өзіндегі 7 керемет", "Қиял-ғажайып 7 керемет", т. б. "кереметтер"қосылып келеді.
1. Ұлы Қытай қорғаны
Әлемнің ең ұзын қорғаны Қытайда орналасқан. Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы 8850 километрден асады. Бұл жер радиусынан да ұзын. Қорған құрылысы б. з. д. ІІІ ғасырда салына бастады, екі мың жыл бойы қытай халқы қорғанды жалғастырып, оны одан әрі ұзартты. Қытай қорғанының кей жерлері эрозияға ұшырап, қиратылды. Саяхатшыларға ең танымал жері Бадалин Мао Цзе Дун заманында күрделі жөндеуден өткен. Бадалин Бейджин (Пекин) қаласынан 75 километрден қашықтықта орналасқан. Қорғанға Қытай астанасынан темір жол және автобус арқылы қатынауға болады.
2. Колизей
Б. з. д І ғасырда салынған Рим қаласындағы Колизей әлемдегі ең үлкен амфитеатр болып саналады. 50 мыңнан астам орны бар Колизейде бірнеше ғасыр бойы гладиаторлық айқастар мен Рим тұрғындарына арналған мерекелік іс-шаралар қойылады. Қазіргі кино құрылымындағы сюжет бойынша Колизейде өткізілетін гладиаторлық айқастар көлемі жағынан екінші орын алатын Тунистегі амфитеатрда түсіріледі. Себебі, Колизей жақсы түсірілім үшін сақталмаған.
Рим қаласында болған жандардың барлығы Колизейге назар аударады. Колизей тек Рим қаласының нышаны ғана емес, күллі Италия елінің көрікті жеріне айналды. Колизей - Еуропада орналасқан жалғыз жаңа кереметтің бірі.
3. Мачу-Пикчу
Көне әлемдегі жеті керемет Еуропа мен Азия елінде орналасса, жаңа кереметтердің географиясы кеңейіп, Америка елін де қосып алды. Оңтүстік Америка еліндегі асқар тау баурайында Мачу пикчу қаласы орналасқан. Теңіз дейгейінен 2, 5 километр биіктікте орналасқан бұл қала 400 жылға жуық өмір сүрді. Белгісіз себептермен 1532 жылы инктер қаладан жырақ кетті. Ал испан конкисдаторлары биікте орналасқан қалаға шыға алмады. 1911 жылы америка ғалымдары көне қаланы табады. Ғибадатханалардың қираған үйінділері, екі қабатты үйлер мен қоймалар сақталған. Мачу Пикчуға жету оңай емес. Агуас-Кальентес қалашығына темір жол көлігі арқылы жеткен соң, автобуспен Мачу-Пикчуға жетуіңізге болады.
4. Петра
Петра - биік тас үйінді жартаста орналасқан Иорания қаласы. Әр кезеңде қала әр түрлі шапқыншыларға тиесілі болды. Б. з. д идумей, набатей, бертін келе орта ғасырда Рим, Византия, Араб шапқыншылары жаулап алды. Әр шапқыншы қаладағы сәулет өнерінің өзіндік жаңа айшықтарын әкелді. Қала шөлді даланы кезіп жүрген керуен сарай жолаушыларына арналған демалыс орны болатын. Тар каньонда керуеншілер шөлдерін қандырып, ұзақ сапарға аттанғандар өздеріне молынан су толтырып алатын. Жартастағы ойылған үйлер мен ғибадатханалар суық күндері пана болатын. Көне қала бұл күндері саяхатшыларды өзінің айшықтарымен таң қалдыруда. Петра қаласында танымал «Индиана Джонс и последний крестовый поход» киносы түсірілген.
5. Тадж-Махал
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz