Несиенің мәні мен атқаратын қызметі
Қазіргі уақыттағы түсінік бойынша «тұтыну несиесі» термині банктік бизнесте бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі пайдаланып, ең алдымен АҚШ-та жақсы дамыды, өйткені американдықтар соғыстан ең аз зардап шеккен болатын.Сонымен қатар бүгінгі таңда да тұтыну несиесі банктің несие саясатының негізгі болуымен қатар үкіметтік деңгейде де қолдау тауып отыр. Сонау 70 жылдары АҚШ Конгресі қарыз алушылар арасында жасына, жынысына, нәсіліне, ұлттық шыққан тегіне, түрған жеріне байланысты әртүрлі бөлінушіліктерді болдырмау үшін ережелер қабылдаған.
1974 жылы қабылданған «Барлығына бірдей несиелік мүмкіндіктер туралы» заңда несие берушілерге қарыз алушылардан жасы немесе нәсілі туралы сұрақ қоюына тыйым салынған.
Қазіргі заманда несиеге еркін қол жеткізу мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бір бөлшегі болып табылады.
Біздің еліміздің банктік тәжірибесінде жеке тұлғаларға берілетін несиені тұтыну несиесі деп атайды. Ол жеке тұлғалардың ұзақ мерзімге пайдаланатын қымбат бағалы тауарларды сатып алу үшін беріледі. Банк тұрғысынан алып қарағанда жеке тұлғалардың тұтыну қажеттіліктерін несиелеу бір жағынан оның несиелік қабілетін тексергенде кездесетін әр түрлі қиыншылықтарға қарағанда тәукелі жоғары, ал пайыздық мөлшері арқылы өте тиімді несиелердің қатарына жатады. Нліктен көптеген тұтыну несиесі бойынша кәсіпкерлік фирманың несиелеріне қарағанда жоғары процент белгіленеді ?
1) тұтыну несиесінің экономикалық циклға тәуелді болуы. Оның көлемі экономикалық құлдырау кезінде көптеген отбасылар өздерінің табысы мен мүмкіндіктеріне сенімсіздеу қарайды, әсіресе жүмыссыздық денгейі өскен кезде.
2) несиеге деген тұтынушылардың реакциясы несиенңі тұтынушылар несиелік келісім –шарт бойынша ай сайын төленетін төлемдердің мөлшеріне (размеру) төленетін проценттік мөлшерге қарағанда көп көңіл бөлетін. Көптеген жағдайда жеке тұлғалар несиелеуді қалаулы өмір деңгейіне жетудің құралы деп біледі.
Бұнымен келіспеу өте қиын. Бүрінгі таңда Қазақстандағы жағымды экономикалық жетістіктердің болуы тұрғылықты халықта қалыптасып қалған несиеге өмір сүру қорқынышын азайтты десек болады.
Бұл тақырыптың өзектілігі халық өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыра алу мүмкіндігінде болып отыр. Ол кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктер үшін берілетін несиеде көрінеді,
Курстық жұмыстың мақсаты –Қазақстандағы коммерциялық банктердің халыққа беретінтұтыну несиесінің жағдайы мен түрлеріне баға беру. Осы мақсатқа жету үшін мынадай мәселелер қарастырылған:
- Жалпы несие туралы түсінік, оның түрлері мен қызметтері.
- Тұтыну несиесін үйымдастыру мәселесі.
- Тұтыну несиесінің түрлері және оны беру ережелер.(БТА;АҚ мысалы негізінде.

Қазіргі уақыттағы түсінік бойынша тұтыну несиесі термині банктік
бизнесте бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі пайдаланып, ең алдымен АҚШ-
та жақсы дамыды, өйткені американдықтар соғыстан ең аз зардап шеккен
болатын.Сонымен қатар бүгінгі таңда да тұтыну несиесі банктің несие
саясатының негізгі болуымен қатар үкіметтік деңгейде де қолдау тауып отыр.
Сонау 70 жылдары АҚШ Конгресі қарыз алушылар арасында жасына, жынысына,
нәсіліне, ұлттық шыққан тегіне, түрған жеріне байланысты әртүрлі
бөлінушіліктерді болдырмау үшін ережелер қабылдаған.
1974 жылы қабылданған Барлығына бірдей несиелік мүмкіндіктер туралы
заңда несие берушілерге қарыз алушылардан жасы немесе нәсілі туралы сұрақ
қоюына тыйым салынған.
Қазіргі заманда несиеге еркін қол жеткізу мемлекеттің әлеуметтік
саясатының маңызды бір бөлшегі болып табылады.
Біздің еліміздің банктік тәжірибесінде жеке тұлғаларға берілетін
несиені тұтыну несиесі деп атайды. Ол жеке тұлғалардың ұзақ мерзімге
пайдаланатын қымбат бағалы тауарларды сатып алу үшін беріледі. Банк
тұрғысынан алып қарағанда жеке тұлғалардың тұтыну қажеттіліктерін несиелеу
бір жағынан оның несиелік қабілетін тексергенде кездесетін әр түрлі
қиыншылықтарға қарағанда тәукелі жоғары, ал пайыздық мөлшері арқылы өте
тиімді несиелердің қатарына жатады. Нліктен көптеген тұтыну несиесі бойынша
кәсіпкерлік фирманың несиелеріне қарағанда жоғары процент белгіленеді ?
1) тұтыну несиесінің экономикалық циклға тәуелді болуы. Оның көлемі
экономикалық құлдырау кезінде көптеген отбасылар өздерінің табысы мен
мүмкіндіктеріне сенімсіздеу қарайды, әсіресе жүмыссыздық денгейі өскен
кезде.
2) несиеге деген тұтынушылардың реакциясы несиенңі тұтынушылар несиелік
келісім –шарт бойынша ай сайын төленетін төлемдердің мөлшеріне (размеру)
төленетін проценттік мөлшерге қарағанда көп көңіл бөлетін. Көптеген
жағдайда жеке тұлғалар несиелеуді қалаулы өмір деңгейіне жетудің құралы деп
біледі.
Бұнымен келіспеу өте қиын. Бүрінгі таңда Қазақстандағы жағымды
экономикалық жетістіктердің болуы тұрғылықты халықта қалыптасып қалған
несиеге өмір сүру қорқынышын азайтты десек болады.
Бұл тақырыптың өзектілігі халық өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыра
алу мүмкіндігінде болып отыр. Ол кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктер үшін
берілетін несиеде көрінеді,
Курстық жұмыстың мақсаты –Қазақстандағы коммерциялық банктердің халыққа
беретінтұтыну несиесінің жағдайы мен түрлеріне баға беру. Осы мақсатқа жету
үшін мынадай мәселелер қарастырылған:
- Жалпы несие туралы түсінік, оның түрлері мен қызметтері.
- Тұтыну несиесін үйымдастыру мәселесі.
- Тұтыну несиесінің түрлері және оны беру ережелер.(БТА;АҚ мысалы
негізінде.
I-тарау. Несие теориясы.
1.1 Несиенің мәні мен атқаратын қызметі.
Несие –нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді.оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар,
мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың
айырбас сферасынан іздеу қажет.Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан
екінші қолға өтуін білдіреді десе , шынымен де осындай айырбас кезінде
несиеге
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін
сипаттайды.Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне
капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді.Бір жағынан қарағанда бұған
негіз де бар сияқты.Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай
түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп
, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар ,несие мен қаржы категориаларын бір санайтындар да аз
емес, несие- бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын , яғни қаражаттың
уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса , ал қаржы –
сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді,яғни қаржы: дотация,
субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Экономикалық категория ретінде ,несие- кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер , сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу ,пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасқан өндірістік қатынастар жиынтығы.
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі ,оның атқаратын қызметтерімен
сипатталады.Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді
атқарады:
• қайта бөлу;
• айналыс шығындарын үнемдеу;
• айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
• капиталдың шоғырлануын жеделдету;
• ғылыми-техникалық проргресті жеделдету;
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының
толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады.Несиенің бұл қызметінің
көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал
ағымы болады.Несиенің бұл қызметінің қаржының қайта бөлу қызметінен
айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе ,ал салалар мен
аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы ,яғни ол нарықтық механизм
негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің
экономикалық мәнінен туындайды.шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай
қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей
жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады.Міне,
сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары
өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін
несиені пайдаланады.Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана
қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Ал келесі қызметі ,яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын
уақытша алмастыруы .Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға
толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар
айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып,
ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар:
чектер , вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге
асырылады.Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар,
айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына
жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несинің
бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып ,пайда алуға мүмкіндік
береді.
Несиенің ғылыми – техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-
техникалық ұйымдардың қызмеиін қаржыландыру мен сипатталады.Сондықтан да,
несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми – зерттеу орталықтарының ( бюджеттік
қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі.Сондай-
ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де
аса қажет болып табылады.Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның
қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктік несиелері
есебінен қаржыландырылады.
1.2 Несинің формалары және олардың жіктелуі
Несиенің формалары ,оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде
несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несинің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының ,олардың негізгі
қызметтерінің , яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де , несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшгалай.Мұндағы тауар түрінде
берілетін несиені – коммерциялық , ал ақша түріндегі несиені банктік деп
атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан
туады.
Коммерциялық несие –бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген
тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие- бұл вексель айналысының пайда болуына себеп
болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл
формасының басты мақсаты –тауарлардың өту процесін жеделдету , сондай-ақ
одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен
бизнеспен айналысатындар бола алды.Коммерциялық несие көбіне тауарды
сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды.Мұндай
жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында
төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме – вексель
қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
• қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
• коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
• қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
• коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
• қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды
түрде рәсімделуі барысында , бұл несие үшін төленетін ақы тауар
бағасының құнына қосылады.
Банктік несие –бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде
берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие – бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік
қатынастардың формасы болып табылады.Банктік несие бойынша несиелік
қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады.Банктік
несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса ,ал қарыз
алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады.
Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты- бұл пайыз түрінде табыс алу .
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несилер
береді.Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
I.қарыз алушылар категорияларына қарай :
1.Қаржылық институттарға берілетін несиелер :
• мақсатты қорларға ;
• банктерге;
• қаржы-несиелік мекемелерге;
2 Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
• өнеркәсіп салаларына ;
• ауыл шаруашылығына;
• саудаға;
• дайындау ұйымдарына;
• жабдықтау-сату үйымдарына;
• кооперативтерге;
• жеке кәсіпкерлерге.
3 Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
II. Мерзіміне қарай:
• қысқа мерзімді (1жылға дейін);
• орта мерзімді (1жылдан 3-5жылға дейін)
• ұзақ мерзімді (5жылдан жоғары)
III.Тағайындалу және пайдалану
• негізгі қорларға жұмсалатын;
• айналым қаражатына жұмсалатын;
IV.Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай;
Қамтамасыз етілген:
• кепілхатпен;
• кепілдемемен;
• кепідікпен;
Сақтандырылған.
Қамтамасыз етілмеген:
• сенім (банктік )несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандартты несие –қайтарылу уақыты жетпеген, біраққайтуында ешқандай
күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер –қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған
және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің
жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты
күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді ,4-санатты күмәнді, 5-санатты
күмәнді.
3)Үмітсіз несиелер –қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар
шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне қарай:
• ұлттық валютамен;
• шетел валютасымен;
VII.Берілу шартына қарай:
1.Тұтыну несиесі.
2.Ипотекалық несие.
3.Овердравт несиесі.
4. Овернайт несиесі.
5.Онкольдық несие.
6.Банкаралық несие.
7. Лизингтік несие.
8.Ломбарттық несие.
9.Рамбурстық несие.
10.Сенім несиесі.
11.Маусымдық несие.
VIII.Несиелеу объектісіне қарай:
• Меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
• Материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына.
• Сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен
имппорттауға;
• Азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар
және басқа да мүліктер алуына;
• Ломбарттық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
• Театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы
маусымдық үзілістерге;
• Тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға.
1.3 Несиені үйымдастыру қағидалары.
Шаруашылықты несиелегенде, банктердің барлықәрекеті сол қағидалардың
орындалуына бағытталады. Сондай қағидалар төртеу.
-Несиенің жоспарлы мақсатты түрі.
- Несиенің қайтарымдылығы.
-Несиенің мерзімділігі.
-Несиенің қамтамасыздылығы.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында әр банк ,тәуелсіз несие саясатын
жүргізетін болғандықтан ,олардан қандай да болса , қағидаларды орындауын
талап етудің қажеттілігі болмай қалды.оның үстіне жаңа экономикалық
жағдайда кейбір қағидалар өзінен -өзі мағынасын жоғалтты.Мысалы,бұрынғы
несиенің жоспарлы-мақсатты түріне сәйкес , несие тек жоспарлаудың
орындалуына бағытталған әрекеттерге ,тек жоспардың орындалу дәрежесіне
сәйкес берілуге тиіс болатын.Енді жоспарлау болмағандықтан бұл қағида
өзінен-өзі қолданылмай қалды.Қазір әр банк ,қандай мақсатқа ақша несие беру
керек екенін қолда бар ресурсқа байланысты ,және банктің пайдасын көбейту
мақсатына қарай анықтайды.Осыған байланысты несие берудің жағдайларында,
әр банк өзі белгілейді және олар барынша толық, несие алушымен жасалатын
шартта көрсетіледі.Басқаша айтқанда қазіргі жағдайда банктердің барлық
несиелік саясаты осы шарт шеңберінде.
Несие қағидаларының кейбіреулерінің елеулі маңызы бар және оларды
барлық банктер несие бергенде басшылыққа алады. Мысалы, банк ешкімге
ешқашанда несие бермейді ,егер оның мерзімінде қайтаруына сенімі
болмаса(несиенің қайтарылымдығы мен мерзімділігі) .Несиенің қамтамасыз
етілу қағидасы бұрынғыдан да қатаң түрде қолданылып жүр.Қазір банктен несие
алу үшін бұрынғыдай, жеткілікті салада тауарлы-материалдық құндылықтардың
барлығын және оларды өндіріс процесімен өткізгеннен кейін, несиені
қайтаруға толық мүмкіншілік туатынын дәлелдейтін мәліметтер беру
жеткіліксіз.Қазіргі банктерге басқа құжаттармен қатар, жоғары өтімді кепіл
зат ,болмаса бірінші сыныпты фирмадан кекпіл хат тапсыру керек .Оның үстіне
кепілзаттың құны сіз алып отырған несиенің сомасынан әлдеқайда көп болуы
шарт.
Салымның қайтарымдылық мерзімділік және қамтамасыздық несие берудің
негізгі талабы болып келеді.Олар екі жақтың шартында көрсетіледі.Сонндықтан
оларды несиенің негізгі қағидалары деп қабылдау керек.Осыған байланысты
кейбір беделді экономистердің соңғы жылдары шыққан басылымдарында несиенің
қағидаларына көңіл бөлмейтіндіктері түсініксіз.Қайтарымды несиенің қағидасы
қайтарымсыз несие болмайды деген пікірлер өткен ғасырдың 70 жылдарынан
бастап айтылып келеді.
II-тарау.Тұтыну несиесін ұйымдастыру.
2.1 Тұтыну несиесі туралы жалпы түсінік.
Біздің елде халықтың тұтынуына берілетін несиелерді тұтыну несиелері
деп атайды.Сонымен қатар несиенің тұтыну сипаты несиені беру мақсатымен
анықталады. Тұтыну несиесінің түрлеріне халыққа ұзақ мерзімде пайдалана-
тын тауарды сатып алу үшін, кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктер үшін
берілетін несиелер ипотекалық несиелер тағы басқалары жатады.Батыс ел-
дердің тәжірбиесінде тұтыну несиелері деп тұтыну тауарларын сатып алу үшін
және сол қызметтерді төлеу үшін жеке несие алушыларға берілетін несиені
атайды.
Тұтыну несиелерін қарызға алушы мен несиелеу объектісіне қарай топтау
көптеген жеке сипаттары бойынша жүргізілуі мүмкін. Соның ішінде қарыз алушы
типіне, қамту ету түріне, өтеу мерзімі мен өтеу әдісіне, пайдалану
мақсатына, несиелеу объектісіне, көлеміне тағы басқаларына байланысты.
1.Несиелік келісім-шарт субъектілеріне байланысты тұтыну несиесінің
жіктелуінің мынадай түрлерін ажыратамыз:
1.Банктік несиелерді.
2.Сауда ұйымдарының халыққа беретін несиелері.
3.Банктен тыс қоғамдық ұйымдарының тұтыну несиелері (ломбард, қор-
лары, несие институттары)
4.Жеке тұлғалармен берілетін жеке және дара тұтыну несиелері.
5.Өздері жеке істейтін кәсіпорындар мен мекемелер тарапынан берілетін
тұтыну несиелері.
2.Нсиелеу мерзіміне байланысты:
1.Қысқа мерзімді (1 жылға дейін).
2.Орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін).
3.Ұзақ мерзімді (5жылдан жоғары).
3.Мақсаттық бағыттылығына қарай:
1.Мақсатты.
2.Мақсатсыз.
4.Қамтамасыз ету түріне қарай:
1.Қамтамасыз етілгендерге залог, кепілдеме, жауапкершілікті өз мойнына
алуды жатқызамыз.
2.Қамтамасыз етілмегендерге сақтандыру компаниялары мен келісім-шартқа
отыру негізінде несиені қамтамасыз ету. Қарыз алушының төлем қа-білеттілігі
төмендеп несиені өтей алмған жағдайда банктік шығындарды азайту мақстында
жүргізіледі.
5.Өтеу мерзіміне байланысты:
1.Бір уақытта толығымен төленетін несиелерге несие сомасы мен ол бой-
ынша пайызды (%) бір уақытта төлеу жатады.
2.Уақытқа байланысты бөлініп төленетін несиелерге:
а) қарызды бірқалыпты уақыт аралығында өтеу жатады,мысалы:ай сайын;тоқсан
сайын т.б.
б) бірқалыпсыз (тұрақсыз) уақыт аралығында өтелетін несиелер, яғни қарызды
өтеу барысында төлеу сомасы кейбір факторларға байланысты өзгеріп отырады
(өсіп,кеміп). Мысалы: қарызды соңғы төлеу мерзімінің жақындауына немесе не-
сиелік келісім-шарттың аяқталуына байланысты.
Уақытқа байланысты бөлініп төленетін несиелер бойынша қарыз келісім-шарттың
қызмет ету уақыт аралығында қарыз сомасы бөлшектелініп төленеді.
Банкке қарыздың келісім-шарт бойынша берілген уақыт аралығында кешіктіріл-
мей уақыпында төленіп отыруы абзал, ол несиенің тез айналымдылығы мен жаңа
салымдар үшін несие ресурстарына мүмкіндік береді және оның өтімділігін
(лик-видность) қамтамасыз етеді.
Несие беру бойынша пайыз төлеу әдісіне байланысты былай топтаймыз:
1. Несие беру мезетінде ол бойынша пайыздар кешіктірілмей ұсталады.
2. Несиені толық өтеу мезетінде ұсталады.
3. Пайдалану мерзіміне байланысты сол уақыт аралығында пайыздарды бір-
дей жарналарментөлеу (тоқсан сайын, жарты жыл сайын).
Біз мысал ретінде АҚШ-тың тәжірбиесін көрсетсек болады. Онда барлық тұ-
тыну несиелері 3 топқа бөлінеді: төлемі уақытқа байланысты бөлініп
төленетін,
револьверлік (клиеттерге несиелік карта бойынша берілетін несиелер) және
сол уақыт мезетінде толығымен төленетін несиелер.
Уақытқа байланысты бөлініп төленетін несиелерге несие мен ол бойынша
пайыздар белгіленген уақыт аралығында төленіп отырады.Көп жағдайда қарыз
алушы бұл несиені тауар алуға немесе басқа шығындарын өтеуге алып, несиені
ай сайын бірдей сомада төлеп отырады.
Несие картасы бойынша берілетін несиелерді ресми түрде уақытқа байла-
нысты бөлініп төленетін несиеге жатқызуымызға болады, өйткені ол бойынша да
төлемдер ай сайын жүргізіледі.
АҚШ-та уақытқа байланысты бөлініп төленетін несиелерді өтеу уақыты негі-
зінен 2-5 жылға дейін несиелердің көлемі көп сомаға берілуі мүмкін. Сонымен
қатар аз сомаға да беріледі,бірақ несиелеу объектісі ретінде автокөлік,
ұшақ ,
кеме тағы басқа 100 мың доллардан асатын сомаға алынатын ірі көлемдегі тау-
арлар болуы мүмкін.
Уақытқа байланысты бөлініп төленетін несиелерді банктік несиелердің
тікелей және жанама түрі бойынша ажыратуға болады.
Тікелей банктік несие берілген кезде несиелік келісім-шартқа банк тек
несие алушы (несиені пайдаланушы) адаммен ғана отырады.
Жанама банктік несие банк пен клиент арасындағы несиелік қатынаста дел-
далдың болуымен ерекшеленеді. Бұндай делдалға көбінесе бөлшек сауда ұйым-
дары жатады. Бұл жағдайда несиелік келісім-шарт клиент пен дүкен арасында
жасалады да кейін несиені банктен алады. Несиенің бұндай түрінің көп
таралуын
Америка азаматтарының көлік сатып алуға кететін несиенің 60%-ін жанама неси-
лер құрайды.
Біздің елімізде бұндай статистика жоқ, дегенмен соңғы жылдары халықты
сауда ұйымдары арқылы несиелеу белсенді дамып келе жатыр.Бірақ клиенттер
өте жиі автокөлік , тоңазытқыш , компьютер , кір жуғыш машиналары тағы
басқа ұзақ мерзім пайдаланатын қымбат тауарларды уақытқа байланысты бөлініп
төле-нетін несие негізінде алады.
Тұтыну қажеттіліктерін тікелей және жанама банктік несиелеуде
жетістік-тері мен кемшіліктерін айта кетсек болады.Жағымды жақтарына
несиелеу объек-тісін нақты бағалауға , сондай-ақ несиелеудің экономикалық
дұрыс бағытталуын,
өтелуі мен қолдануына бақылау жасауға мүмкіндік беретін несиелік процесті
ұйымдастырудың қарапайымдылығында. Бұл банк пен несие алушы арасындағы
несиелік қатынастарды ұйымдастыруда өте ыңғайлы .
Ал екінші жағынан тікелей банктік несиеге қатысты жағымсыз
факторларға жанама несиелеуге қарағанда тәуекелдің жоғары дәрежесі
жатады. Бұндай қорытындының мағынасы мынада:
1.Несиелеудің мынадай күрделі жақтары:
а) қарыз беру уақытындағы қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау;
б) несиелік қабілеттілігін талдаудың әдісі тәжірибе талаптарына сай келмеуі
мүмкін.
2 .Елдегі макроэкономикалық жағдай.
Халықтың тұтыну қажеттіліктерін жанама банктік несиелеуде олар несиелік,
пайыздық, валюталық,нарықтық тағы басқа тәуекелді азайтады, өйткені заңды
тұлғаларға (сауда ұйымдары,несие алушы адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар
мен мекемелер) беру несие алушының төлем қабілеттілігін анықтауға (заңды
тұлғаның) ,несиенің толық әрі уақтылы төленуіне бақылау ұйымдастыруға
мүмкіндік береді.
Клиенттің көзқарасымен қарайтын болсақ ,ол несиені оған қажеттілігі
пайда
болған кезде алуы өте маңызды.
2.2 Тұтыну несиесін ұйымдастыру
Жеке тұлғаларды несиелеу бүгінгі таңда ұзақ және қысқа мерзімді қарыз
беру арқылы жүзеге асырылады.
Ұзақ мерзімді несиелер көбінесе инвестициялық сипатта болады және
халықтың тұрғын үй құрылысы мен шаруашылықты жүргізуге байланысты
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Жеке тұлғаларды несиелеу жинақ және ипотекалық банктер арқылы жүзеге
асады.
Жинақ банкі мынадай ұзақ мерзімді несиелерді береді:
1) Бау-бақшалық үйлерді салу мен бау-бақшалық участкілердің жағдайын
жасауға 5 жыл мерзіммен берілетін несиелер .
Қарызды пайдаланушының бекітілген уақыты біткеннен кейін несие алушы
банкке қаражаттарды мақсатты бағытта пайдаланғаны туралы есеп беруі
міндетті. Егер несие толығымен жұмсалмай қалса, онда банктің басқарушысы
қарыз алушының жеке өтініші бойынша несиені пайдалану мерзімін тағы 1 жылға
қосымша арттыра алады. Егер есеп беру уақтылы табыс етілмесе банк берілген
несиені бекітілген уақытына жеткізбей, сонымен қоса жоғары пайыздық
мөлшерді
төлету арқылы қайтарып алуына болады.
Несие бойынша төлемдер банк кассасына тоқсан сайын бірдей бөліктермен
төленіп отырады. Өзінің қалауы бойынша клиенттер ірі сомаларды төлеп отыра
алады. Бекітілген уақытта төлемдер түспеген жағдайда банк қызметкерлері
келесі тоқсанның бірінші айының 15-күнінде төленбеген сомаларды уақыт
мерзімі өтіп кеткен (төленбеген) қарыздарға жатқызады.
Қазіргі таңда жеке тұлғалардың бау-бақшалық үйлерді салуға берілетін
несиелерді шаруашылық ұйымдар мен кәсіпорындардың да беру құқы бар, банкте
заңды тұлғаның атына жалпы сомаға несие алу арқылы.Кепілдеме
(поручительство) мен басқа да құжаттар бұл жағдайда талап етілмейді.
Өйткені кәсіпорын өзінің қарыз алушысы бойынша жауапкершілікті өз мойнына
алады, яғни қарыз бен ол бойынша пайызды төлеу кепіл бола алады. Сондай-ақ
банкке жекелік есеп беруді де қажет етпейді.
2) Ауылдық жерлердегі үйді түбегейлі ремонттау үшін берілетін несиелер
қарыз алушының орта айлықжалақысын есептеп, үйді жөндеуге кететін
шығындардың құнынан 75% мөлшерінде қарызды өтеу мен ол бойынша пайызды
төлеу алдынғы несиелерге қойылған шарттармен бірдей.
3) Маусымдық тұруға арналған ауылдық жерде үйді сатып алуға несиелер.
Мерзімі 5 жылға дейін, құрылыстық баланстық құнының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz