Магистранттың өзіндік жұмысы



1 «Куратор тәрбие жұмысының ғылыми.теориялық және ұйымдастырушылық негіздері»
2 «Студенттердің ғылыми.зерттеу жұмыстары»
3 «Білім туралы» заңдағы білім беру жүйесінің міндеттері
Куратор университте студенттермен бір уақытта пайда болды және жоғары білімнің даму тарихымен байланысты осы уақытқа дейін міндеттері, қызметі, студенттермен қарым-қатынас сипаты өзгерді.
Демократиялық тенденциялардың дамуымен байланысты жоғары білім жүйесінде кураторға және оның студенттік өмірдегі рөліне көзқарас өзгерді. Ал кейбір жоғары оқу орындары студенттер өз жұмыстары және мәселелерін шешуге қабілетті деп есептеп, кураторлықты алып тастаған. Басқалары кураторларды тек І-ІІІ курстарға қалдырып, ал жоғары курс студенттерінің мәселелерін шешуге тек бір кураторды тағайындаған. Ал үшіншілері кураторлықтың бұрынғы жүйесіне қайтып келді (І-Ү курс арасында әр академиялық топта бір куратор).
Академиялық топ кураторларын берілген курста жұмыс істейтін сәйкес кафедра оқытушыларынан белгілейді, одан кейін оларды декан бекітеді. Кураторлар деканның тәрбие жұмысы бойынша орынбасар басқармасымен жұмыс жасайды, қажет жағдайда іс-әрекеттерін студенттік қоғамдық ұйымдармен келіседі.
Жұмыс үрдісінде куратор академиялық топ, студенттердің активіне жүгінеді. Авторитарлық әдіске куратор тек қажет жағдайда ғана жүгінуіне болады. Жарты жылға жұмыс жоспарын орындағаннан бұрын куратор студенттерді, олардың қызығушылық және неге бейім екендігін, сұраныстарын, отбасылық жағдайын, материалдық күйін, үй-тұрмыстық жағдайларын зерттейді. Содан кейін активпен бірге топтың жалпы жиналысында қарастырылатын жұмыстың жоспарын жазады, ол жоспар құжат мәртебесіне ие болады. Жоспарды орындағанда бар мүмкіндіктер мен нақты жағдайға жүгіну керек.
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389-1 "Білім туралы" Заңы.
2. Е.Дайрабаев, А.Дайрабаева. Педагогика пәнінің негіздері. Оқу құралы. Алматы, «Қазақ Университеті», 2005
3. http://www.egemen.kz

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия факультеті

Жалпы университтік жалпы және этникалық педагогика кафедрасы

МӨЖ

Тақырыбы: Куратор тәрбие жұмысының ғылыми-теориялық және ұйымдастырушылық
негіздері

Орындаған: философия және
ғыл. метод. кафедрасы,
1-курс магистранты
Альджанова Н.К.
Тексерген: пед.ғ.к., доцент
Әлқожаева Н.С.

Алматы, 2007

Куратор – студенттік өмір сұрақтарын: тәрбие, қызмет, еңбекті
ұйымдастыру, әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелерді шешуге деканатпен
белгіленген оқытушы.

Куратор университте студенттермен бір уақытта пайда болды және жоғары
білімнің даму тарихымен байланысты осы уақытқа дейін міндеттері, қызметі,
студенттермен қарым-қатынас сипаты өзгерді.
Демократиялық тенденциялардың дамуымен байланысты жоғары білім
жүйесінде кураторға және оның студенттік өмірдегі рөліне көзқарас өзгерді.
Ал кейбір жоғары оқу орындары студенттер өз жұмыстары және мәселелерін
шешуге қабілетті деп есептеп, кураторлықты алып тастаған. Басқалары
кураторларды тек І-ІІІ курстарға қалдырып, ал жоғары курс студенттерінің
мәселелерін шешуге тек бір кураторды тағайындаған. Ал үшіншілері
кураторлықтың бұрынғы жүйесіне қайтып келді (І-Ү курс арасында әр
академиялық топта бір куратор).
Академиялық топ кураторларын берілген курста жұмыс істейтін сәйкес
кафедра оқытушыларынан белгілейді, одан кейін оларды декан бекітеді.
Кураторлар деканның тәрбие жұмысы бойынша орынбасар басқармасымен жұмыс
жасайды, қажет жағдайда іс-әрекеттерін студенттік қоғамдық ұйымдармен
келіседі.
Жұмыс үрдісінде куратор академиялық топ, студенттердің активіне
жүгінеді. Авторитарлық әдіске куратор тек қажет жағдайда ғана жүгінуіне
болады. Жарты жылға жұмыс жоспарын орындағаннан бұрын куратор студенттерді,
олардың қызығушылық және неге бейім екендігін, сұраныстарын, отбасылық
жағдайын, материалдық күйін, үй-тұрмыстық жағдайларын зерттейді. Содан
кейін активпен бірге топтың жалпы жиналысында қарастырылатын жұмыстың
жоспарын жазады, ол жоспар құжат мәртебесіне ие болады. Жоспарды
орындағанда бар мүмкіндіктер мен нақты жағдайға жүгіну керек. Жоспарланған
жұмыстар барлығына түсінікті және қызықты болу шарт, алайда әрбір студентке
белгілі бір жұмыс бөлігін беріп, ол оған дербес жауапкершілікпен қарау
қажет.
Академиялық топтағы куратор студенттің жаңа әлеуметтік рөлге, жоғары
оқу орнына, жаңа қалаға әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселелерімен
айналысады. Ол мәселелерді шешуге жоғары оқу орын және мамандық туралы
әңгіме-сұхбатттар, қала бойынша экскурсиялар, оның мәдениетімен, тарихи
ескерткіштерімен таныстыру сияқты іс-әрекеттер көмектеседі. Студент атағына
ие болған жастар көп жағдайда қолына түскен бостандық, еркіндік ықпалына
түседі, уақытын бос өткізіп, сессияға дайындалуға үлгермей қалады.
Сондықтан алғашқы семестрдің өзінде-ақ студенттерді университеттік өмір
және ондағы оқудың ерекшеліктерімен таныстыру, олардың жауапкершілігін
дамыту маңызды.
Куратор студенттерді олардың өмір сүру әрекеттерін реттейтін
нормативтік құжаттармен, деканат және ректорат, университет және
факультеттің ғылыми кеңесінің отырысында қабылданған шешімдермен
таныстыруды ұйымдастырады. Бұл сипаттағы ақпарат студенттерге өте маңызды,
өйткені ол университеттік өмірде болып жатқан жаңалықтармен таныстырады,
өзінің жоғары оқу орнына баулиды.
Периодты түрде куратор студенттердің сабаққа қатысуын және үлгерімін
тексереді. Егер қажетті болса, академиялық топ жиналыстарында бұл сұрақтар
қарастырылады. Кейбір жоғары оқу орнындарында ата-анаға арналған күндерді
өткізу тәжірибесі енгізілген.
Куратор жұмысының маңызды аумағы болып студенттерді ғылыми-зерттеу
әрекетіне баулу табылады: кафедралық үйірмелер, пән бойынша олимпиадалар,
студенттердің ғылыми жұмыстарының жарыстары, кафедра немесе
лабораториялардың ғылыми зерттеу жұмыстары. Бұл бағыт студенттердің ғылыми
әлеуетін дамытуға әрекет етеді.
Аламға әдетте өмірде бір қатар әлеуметтік және басқа рөлдерді
атқаруға тура келеді. Алайда оқу жоспарлары және бағдарламалары
студенттерді тек бір рөлге - жақсы білікті мұғалім болу рөлін қарастырады.
Куратор активті топпен бірге студенттерді басқа әлеуметтік, отбасылық,
азаматтық және т.б. рөлдерді атқаруға өнегелік-психологиялық және теориялық-
практикалық дайындыққа жауапкершілікті ала алады.
Куратор студенттердің материалдық мәселелерін назардан тыс
қалдырмайды. Периодты түрде жатақханаларға барып тұрып, қиындықтарды шешуге
көмектеседі. Материалдық қиындықтарға байланысты студенттер жұмыс жасауына
тура келеді, куратор оларға жұмыс іздеуіне белгілі бір көмек көрсетуге
тиісті.
Академиялық топтың І курсында куратор ұйымның басқарушы рөлін
атқарады. Ол студенттердің дербес ерекшеліктерін, олардың психологиялық
сәйкесстігін зерттейді, кейін өзі жүгінетін топтың активін құруға қатысады.
Қазіргі жағдайда маңызды мәселе болып студенттердің өзін-өзі басқару
табылады. Қоғамдық ұйымдардың болмауына байланысты топта бұл мәселе
студенттік актив көмегімен, студенттердің әртүрлі жиылысы арқылы шешіле
алады. Академиялық топта бірлескен актив жұмыс істей бастағанда жоғары
курстарда әрбір студент осы ұжымның әрекеті және өмірін басқаруға қатысу
қабілетіне ие болады.
Куратор топта студенттер арасында бейресми және достық қарым-
қатынастардың дамуын бағыттайды, ол психологиялық атмосфераның
орнатылуына жағымды әсер ете алады. Бұл әрекетпен куратор топтың эмоциялық
және өнегелі бағытына, ішкі топтық микроклиматқа бір уақытта әсер ете
отырып, топтың ұйымдастырылған бірлігіне жетеді.
Іс-әрекетінің алуантүрлілігіне қарамастан, куратор студенттердің
тәрбие мәселесін қатаң сақтап отыру қажет. Тәжірибесі мол куратор бұл
мәселені білдіртпей шешеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу процесін ұйымдастырушы болып студенттің өзі
табылады, алайда куратор оған белгілі бір көмек көрсете алады. Ол
жетістіктер мен кемшіліктерді бағалауда эксперт рөлін атқарып, кеңес бере
алады.
Куратор жұмысының нәтижелілігі көп жағдайда студенттермен мақсатты
түрде қалыптасқан қарым-қатынастармен анықталады. Егер қарым-қатынастар
назар, сенім, құрмет негізінде құрылса, егер куратор студенттермен өзара
әрекеттесу әдістеріне жүгінсе, ол қойылған мақсатттарды шешуде
жетістіктерге жетеді.
Студенттермен өзара әрекеттесе отырып, куратор оларды академиялық
топта толығымен басқару жұмысын жүзеге асырады. Әрбір кураторға өзіндік
жазу тән, алайда қалыптасқан өзгерістерді ескермей, бір ережені қатаң
сақтау да дұрыс емес. Топта болған өзгерістерді ескеріп, онымен байланысты
тәрбиенің өзіндік сызығын дұрыстап отыру жөн: бір жағдайда - студентке
белсенділік танытуға мүмкіндік беріп, екінші жағдайда - қатаң
педагогикалық талапқа жүгіну.
Тәжірибелі куратор болу үшін арнайы әдістемелік әдебиетті оқыу, басқа
оқытушылар тәжірибесін зерттеу қажет. Көп жағдайда кураторлар өзге
тәжірибені қолданады. Алайда К.Д.Ушинский кеңесі бойынша басқа педагог
тәжірибесінің өзін алу қажет емес, өйткені басқа педагогикалық жүйе бойынша
тәрбиелеуге болмайды, бұл тәжірибедегі ойды, идеяны пайдалану қажет.
Кураторлар жұмысының тәжірибесін зерттеу негізінде олардың әрекетінің
нәтижелілігін көтеретін бір қатар педагогикалық ережелерді ұсынуға болады:
1) жұмыстың жоспарын бар мүмкіндіктер бойынша топ активімен бірлесіп
жасау;
2) едәуір ықпал тигізу үшін академиялық топ мүшелерін барлық қарым-
қатынастарда зерттеу;
3) педагогикалық жағдайға байланысты студенттермен қарым-қатынасты
өнімді түрде құруға үйрену;
4) күрделі, әрі ұзақ қа созылатын алғашқы мақсаттардың бірі –
толыққанды студенттік ұжымды қалыптастыру;
5) әрбір студент қоғамдық жұмыстарға қатысуна және оларға жауапкершілік
тартуына қол жеткізу;
6) студенттерге көптеген әлеуметтік рөлдерді орындауға көмектесу;
7) ұжымды немқұрайлылық, бақылаусыздық және жауапкершіліксіздік сияқты
басқа ешнәрсе ұжымды бұзбайтындығын ұмытпау;
8) студенттің өзін-өзі тәрбиелеуде саналы және мақсатқа бағытталған
жұмысты жүзеге асыруда қажетті көмекті көрсету;
9) студенттік өзін-өзі басқаруды, қоғамдық белсенділікті қолдау және
дамыту.
Орта ғасырлық университтерде міндетті тұлға ретінде қалыптасқан
куратор оның бүкіл даму траихымен тікелей байланысты. Басында ол
студенттерге кепілдікпен оқу кітаптарын беретін, олардың ұмытып кеткен
заттарын жинайтын бақылаушы-қадағалаушы адам болатын.
Университеттік білімнің өзгеруімен куратордың мәртебесі де өзгерді,
оның құқықтары және функционалдық дықміндеттері нақты сипатқа ие болды.
Куратор студенттермен бірге ұжымдық шараларды бірлесіп жоспарын құрып
атқарады, толыққанды тәрбиелеу ұжымын қалыптастыруға көмектеседі,
қоғамдық белсенділік және студенттердің өзін-өзі басқарудың дамуына
әрекет етеді, студенттерді қиын жағдайларда қолдау көрсетеді.

Пайдаланылған әдебиет тізімі

1. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. Минск. Университетское, 2002.
2. И.П. Подласный. Педагогика. Москва.Просвещение, 1996.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия факультеті

Жалпы университтік жалпы және этникалық педагогика кафедрасы

МӨЖ

Тақырыбы: Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

Орындаған: философия және
ғыл. метод. кафедрасы,
1-курс магистранты
Альджанова Н.К.
Тексерген: пед.ғ.к., доцент
Әлқожаева Н.С.

Алматы, 2007
Университет екі жетекші әрекет түрлеірнде негізделеді: білім беру
және ғылыми. Университет мәртебесі білім беру және ғылым әлемінде ғылыми
зерттеулердің іргетасымен анықталады. ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы
институттарынан қалыптасқан университеттер аталған дәйекті толығымен
меңгерегн жоқ. Дегенмен университет күшті білімді ғылымға деген қатынасын
өзгерткен жағдайда ғана құрай алады.
Қазіргі жағдайларда студенттер студенттер екі типті зерттеу
жұмыстарына қатысады: оқу және ғылыми. Олардың арасында сәйкестіктер және
айырмашылықтар бар. Сипаты бойынша зерттеудің екі типінің де ғылыми болып
табылатындығы екеуіне ортақ белгі. Алайда олар жоғары оқу орнының өмір сүру
әрекетінде әртүрлі рөл атқарады, ұйымдастыру әдістерімен ерекшеленеді. Оқу
және ғылыми жұмыстардың маңыздылығы өткізілген зерттеудің, теориялық
материал және практикалық қорытындылардың тереңдігімен анықталады.
Студенттердің оқу-зерттеу жұмысы (СОЗЖ). Жоғары оқу орнының оқу
жоспарымен қарастырылған, басым көпшілігі жоғары курстарда жүзеге асады,
мәндетті сиптақа ие, бес балдық жүйе бойынша бағаланады. Жоғары оқу
орнындарында СОЗЖ келесі формалары қабылданған:
– курстық жұмыстар;
– дипломдық жұмыстар;
– СОЗЖ (жекелеген жоғары оқу орнындарында).

Курстық жұмыстар көбінесе ІІІ-ІҮ курстарда жетекші оқу пәндері
бойынша орындалады. Бұл теориялық немесе тәжірибелік-эксперименттік сипатқа
ие алғашқы өзіндік ғылыми зерттеу жұмысы. Егер І курс студенті ғылыми
үйірмелердің бірінде жұмыс атқарса, оның үйірмелік жұмыс тақырыбы оқу
курстық жұмысқа алмасуы ғажап емес. Бұл жағдайда курстық жұмыс тұрақты және
фундаментальды сипатқа ие болады. Студентттер СОЗЖ-ның бұл түрін сәйкес
кафедралар белгілейтін оқытушылар басқармасымен орындайды. Олар курстық
жұмысты қорғау үшін кішігірім комиссия құрайды. Курстық зерттеуді жүргізе
отырып, студенттер ғылыми әдебиетпен жұмыс істеуді, таңдалған проблеманың
өңделуін зерттеуге үйренеді.
Студенттердің оқу-зерттеу жұмысы мазмұны және мәні бойынша сипаты
әртүрлі. Бір қатар жағдайларда курстық жұмыс дипломдық жұмыстың параграфы
немесе бөлімі болып, зерттеуді жоғары деңгейде жүргізуге талпыныс береді.
Дипломдық жұмыс кейбір жоғары оқу орнындарында СОЗЖ-ның міндетті формасы
болып табылмайды, мамандыққа қойылатын талаптарға сәйкес олар орындалмай,
мемлекеттік емтихандармен алмастырыла алады. Дегенмен техникалық жоғары оқу
орнындарында оқу жоспарына міндетті түрде дипломдық жобаны дайындау да
кіреді.
Шығарып жатқан кафедра оқытушыларды дипломдық жұмыс иегерлерін
ғылыми басқаратын оқытушыларды белгілейді. Олар студентке тақырып
таңдауға, дипломдық жұмыстың құрылымын жасауға, дипломдық зерттеуді өткізу
жоспарын орындауға көмектеседі. Дипломдық жұмыс тақырыбы және ғылыми
жетекші сәйкес кафедрамен, сонымен бірге факультет кеңесімен бекітіледі.
Дипломдық жұмыстың орындалуы 2-3 жыл ішінде орындалады және бір қатар
сатылардан өтеді:
- зерттеуге дайындық;
- зерттеуді өткізу;
- зерттеу нәтижелерін талдау және өңдеу;
- жұмысты жазу әдебиеттік рәсімдеу;
- дипломдық жұмысты қорғау.

Студенттер тақырыптың өзектілігін, оның ғылым үшін мәнін және
тәжірибеге қажеттігін анықтау, таңдаудың дұрыстығын негіздеу қажет. Одан
кейін олар зерттеу мақсатын қалыптастырып, оның объектісі және пәнін
анықтайды, зерттеу мақсаттарын қояды. Содан кейін әдістерді таңдап, базаны
анықтап, зерттеу бағдарламасын өңдеу керек.
Дайындалған дипломдық жұмыс рецензияланып, алдын ала апробациядан
(алдын ала қорғау) өтеді және кафедра шешімі бойынша қорғауға жіберіледі.
Қорғау процедурасының өзі мемлекеттік емтихандық комиссияның ашық
отырысында жүзеге асады.
Кейде дипломдық жұмыс материалдары практикаға енгізіледі. Бұл
студенттердің жүргізген зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейін және оның
ғылыми-практикалық мәнін куәландырады. Студенттер дипломдық жұмысын
дайындағанда үйірмелердегі ғылыми әрекетіне немесе курстық жұмыстарына
жүгінсе, олардың ғылыми мүмкіндіктері кеңейеді.
Көптеген жоғары оқу орындарының, әсіресе, педагогикалық кескіннің
оқытудың университеттік үлгіге көшуі дипломдық жұмыс мәртебесін көтеруге
әкеледі.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмастары (СҒЗЖ). СОЗЖ-на қарағанда,
зерттеудің бұл түрінің міндетті сипаты жоқ, ерікті түрде І курста жүзеге
аса алады. Ғылыми әрекетпен айналысып жүрген студенттер студенттік ғылыми
қоғамына (СҒҚ) бірігеді. Бұл аталған бағыттағы студенттермен жұмысты
ұйымдастырушы және орталығы. СҒҚ ғылыми негіздердің жұмысын бақылау және
қадағалауды жүзеге асырады, жаппай ғылыми шараларды - конференцияларды,
семинарларды, олимпиадаларды, ғылыми мектептердідайындайды және жүргізеді.
СҒЗЖ барлық формаларын ғылыми басқаруды жоғары оқу орындарыцның
оқытушылары жүзеге асырады. Олар ғылыми үйірмелер мен клубтарды
қалыптастырады, олардың өзектілігін анықтайды; студенттік баяндамаларды
ғылыми конференциялар, семинарлар, симпозиумдарға таңдайды және
рецензиялайды; секцияларды және дискуссияларды басқарады; студенттерге
ғылыми зерттеу әдістерін үйренуіне, тәжірибе жүргізуге көмектеседі;
студенттердің ғылыми жұмыстарының жинағын дайындайды.
Әдетте студенттер жетекші оқытушылар айналасында І-ІІ курстан бастап
топталады. Олар өз жетекшісінің ғылыми зерттеу тақырыбына енгізіледі.
Сөйтіп әртүрлі курстар студенттері, сонымен бірге магистранттар мен
аспиранттар қатыса алатын ғылыми мектеп құрылады.
Қазіргі университетте СҒЗЖ-ның әртүрлі формалары қызмет етеді:
- ғылыми үйірме;
- ғылыми клуб;
- студенттік ғылыми лаборатория;
- ғылыми конфйеренциялар, семинарлар, симпозиумдар;
- оқу пәндері бойынша олимпиадалар;
- студенттердің ғылыми жұмыстарының жарыстары;
- жазғы ғылыми мектептер;
- студенттік конструкторлық бюро;
- зерттеулердің келесілген тақырыптары.

Ең кең тараған және тұрақты формасы болып белгілі бір пән бойынша
ғылыми үйірме табылады. Үйірмелер кафедра шешімімен құрылады, оларды
доценттер немесе профессорлар басқарады. Үйірмеге әртүрлі курс студенттері
қатыса алады. Біреулері шығармашылық педагогикалық эссе, басқалары ғылыми
рефераттар жазады, үшіншілері тәжірибелік жұмыс өткізсе, төртінщілері
ғылыми зерттеу нәтижелері туралы баяндамалар дайындайды. Біртіндеп
студенттер ғылыми ізденістің әртүрлі қырларын игереді.
Ғылыми зерттеулер студенттердің аналитикалық ойлау қабілетінің
дамуына әрекет етеді. СОЗЖ және СҒЗЖ болашақ оқытушы, кез келген маманның
шығармашылық тұлғасының қалыптасуында кең мүмкіндіктерге ие. СҒЗЖ-ның
әртүрлі формаларына үнемі қатысып тұратын студенттер магистрлер және
аспиранттар болып, ғылыми зерттеулерді жалғастырады.
Жоғары мектептің орта мектептен принципті ерекшеліктерінің бірі болып
студенттердің оқу-зертеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатындығы
табылады. Біріншісі оқу жоспарына енгізіліп, міндетті сипаты ие болып, бес
балды жүйемен бағаланса, екіншісі еркіті болып табылады. СОЗЖ формалары
мамандық бойынша оқу жоспарымен анықталады, ал СҒЗЖ формалары алуан түрлі
және сәйкес кафедрамен анықталады.

Пайдаланылған әдебиет тізімі

1. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. Минск. Университетское, 2002.
2. И.П. Подласный. Педагогика. Москва.Просвещение, 1996.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия факультеті

Жалпы университтік жалпы және этникалық педагогика кафедрасы

МОӨЖ

Тақырыбы: Білім туралы заңдағы білім беру жүйесінің міндеттері

Орындаған: философия және
ғыл. метод. кафедрасы,
1-курс магистранты
Альджанова Н.К.
Тексерген: пед.ғ.к., доцент
Әлқожаева Н.С.

Алматы, 2007

Қазақстан демократиялық жолға түскен өтпелі кезеңде барлық әлеуметтік-
экономикалық өмірдің түбірімен өзгеруі білім саласының да қайта құрылуына
қажеттілік туғызды. Бұл орайда жүргізіліп жатқан реформалар, бұрынғы қол
жеткізген жетістіктерді сақтай отырып, білім беру жүйесін әрі қарай дамыту
жолдарын белгілеу қажет болды. Білім беру саласындағы әлемнің алдыңғы
қатарлы елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, жаңа мемлекеттің даму барысын
ескере отырып, жинақталған тәжірибеге арнаый талдау жасау қажеттігі туды.
Осы орайда білім беру ісінің заңдық базасын жасау қолға алынды. Білім
туралы заңдар қабылданып, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың
концепциясы, орта білімнің даму концепциясы мен білім берудің мемлекеттік
стандарттары бекітілді. Қабылданған нормативтік құжаттар еліміздің негізгі
ережелеріне сүйенеді.
Білімге байланысты мемлекеттік заңдар, стандарттар:
• Қазақстан Республикасының  1999 жылғы 7 маусымдағы № 389-1 "Білім
туралы" Заңы. (Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі
№597 "Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына өзгертулер
мен толықтырулар енгізу туралы" Заңымен енгізілген өзгертулер мен
толықтырулары бар) .
• "Білім беру" мемлекеттік бағдарламасы.
• Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі №343-ІІ 
"Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық-коррекциялық қолдау туралы" Заңы.
• Дарынды балаларға арналған мектептерді  мемлекеттік қолдау және
дамыту.
• Шетелдерде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы
Президентінің  "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау
туралы.
• Жанұялық тұрпаттағы  балалар ауылдары  және  жастар Үйлері туралы.

• Қазақстан Республикасының "Неке және жанұя туралы"  Заңы.
• ҚР "Білім туралы" Заңынан кейін қабылданған бастауыш және орта
кәсіптік білім беру аясында қолданыста жүрген нормативтік-
құқықтық  актілердің  тізбесі.
• Үміткерлерді  іріктеу  Ережесі және Қазақстан Республикасы
Президентінің  "Болашақ"  халықаралық стипендиясын   беру.
• Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі n
1304  "Педагогика қызметкерлері және оларға теңесетін тұлғалар
лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысы   (өзгертулер ҚР
17.02.01ж. n  252;  25.01.05ж  n   60  қаулыларымен енгізілген).
• Қазақстан Республикасы Үкіметінің  1999  жылғы 27 тамыздағы  n
262  "Мемлекеттік білім беру ұйымдарында педагогикалық
қызметкерлердің нормативтік оқу жүктемелерін бекіту  туралы" 
қаулысы.
• Білім беру қызметін лицензиялау Ережесі.
• Білім беру ұйымдарын  мемлекеттік  аттестаттау Ережесі.
• Қазақстан Республикасының "Білім туралы"  Заңы.
• Қазақстан Республикасында  ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Магистранттың пеадгогикалық практикадан өту құжаттары
МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Магистрлік диссертация жұмысын дайындау үшін нақты және теориялық материалдарды жинақтау
Бастауыш сыныптарда гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Педагогикалық тәжірибе
МАГИСТРАНТТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ
Кредиттік оқыту технологиясындағы білім берудің оқу бағдарламалары және оқу жоспарлары
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
Жоғары мектеп педагогикасы (дәрістер жинағы)
Пәндер