Тыныс алу мүшелері және олардың қызметінін жас ерекшеліктері. баланың тыныс алу жүйесінің маңызы, құрылығы мен қызметінің ерекшеліктері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Тыныс алу жүйесінің манызы

2. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылымының жас

ерекшеліктері.

3. Газдын алмасыуы.

4. Тыныс алудын нервтін және гумонитарлық реттері

ІІІ. Корытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Тыныс алу мүшелері және олардың қызметінін жас ерекшеліктері.

Баланың тыныс алу жүйесінің маңызы, құрылығы мен қызметінің ерекшеліктері

Тыныс алу жүйесінің маңызы. Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, сүйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Адам организмінде қоректік заттардын қоры болады, сондықтан 25-30 тәулік аштықты өлместен көтере алады. Сусыз адам бірнеше апта өмір сүре алады, ал оттегінсіз бірнеше миноттің ішінде өліп қалады. Олай болса, оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Организмде оттегінің қоры жоқтың қасы не бары бірнеше миноттік қана. Сондықтан тіршіліктін сақталуы үшін оттегі үнемі денеге жеткізілуі тиіс. Оттегі үлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардын ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды. Ал өкпеден ұлпаларға оттегін, клеткалардан өкпеге көмір қышқылын тасымалдайтын қан деп алдыңғы тараулардн жазғанбыз.

Мұнымен қатар, дем алу ырғағы жүйке жүйесі арқылы да организмге әсер етеді. Нәрестелерде тыныс аритмиясы деген ерекшелік болады: дем алғанда пульс жиілеп, дем шығарғанда және пауза кезінде азаяды. Тыныс аритмиясы, әсіресе жыныстық жетілу кезінде жақсы байқалады. Ересек адамдарда мұндай әсер болғанымен балалардағыдай айырмашылық онша көп емес.

Тыныс ырғағының аз да болса, қанның қысымына, капиллярлық қан айналысына да ықпалы бар. Өз еркімен тәжірибеге қатысқан студенттерде дем шығарғанда қолдың бұлшық еттерінің күші аздап көбейгені байқалған. Тыныс ырғағы көздің жарық сезімталдығына да аздап әсер етеді. Тыныс ырғағы адамның миының қызметіне де, әсер ететінін білу педагогтер үшін аса маңызды. Кейбір күнделікті бақылауда орын шғатын жағдайларды естеріңізге алыныз адам аса зор ықыласпен тыңтыңдағанда дем алу сол уақытқа кідіреді. Дем шығарғанда ынта күшейеді, ал дем алған сәтте төмендейді. Тыныс алу жиілігі жоғары болғанда, айталық, ашуланғанда адам коңіл қойып, бар ынтасымен ойлана алмай қалады. Мұндай жағдайда ол өзін-өзі басып, тыныштандыруы тиіс. Тыныш отырып, қалынты ырғақпен демалғанда адамның ойлау қабілеті жоғары болады. Сондықтан сабақ оқып жатқанда, оның алдында баланың көңілін өзгертетін әсерлер болмауы тиіс. Осыған байланысты гигненалық талантар бойынша мектепте қиын пәндердің алдына дене шынықтыру сабағын қоюға болмайды.

Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі. Тыныс мүшелері мұрыннан басталады. Тыныс жолдары екіге бөлінеді: а) дем алғанда және дем шыгарғанда ауаның жылжитын қуыстары; ә) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны - өкпе альвеолалары.

Тыныс алуға қатысатын мүшелер тынысалу жүйесін құрады. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі - өкпе.

Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар - тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, және бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауанын өсерінен сақтау үшін жылытылады.

Ауа танау арқылы мұрын қуысына кіреді. Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, жұп танау тесіктері арқылы сыртқа ашылады да ішкі жағы хоан тесігі арқылы жұтқыншақ пен қосылады. Мұрын қуысы шырышты қабатпен қапталғап. Мұнда ауаның құрамындағы шаң-тозаңдарды, микроорганизмдерді ұстап, өлтіріп, сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін эпителий клеткаларының түктері бар және ол өкпеге баратын ауаны жылытып, ылғалдайтын қан тамырларына бай. Мұрын қуысы арқылы дем алу ауызбен дем алғаннан гөрі организмге ауаны 25%-ға көбірек өткізетін көрінеді. Бұл оның қабырғасындағы өкпенің жұмысын қоздыратын жүйке талшықтарының болуына бйланысты. Қазіргі кезде ауру тудыратын микрооганзмдердің "қақпасы" - тыныс жолдары екені толық дәлелденген. Сондықтан тыныс жолдарының дұрыс қызмет етуі организмге қажетті қорғаныш қасиеттерн қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұрын қуысында иіс рецепторлары орналасқан, жұтқыншақ - ас қорыту жүйссінің мүшесі, ал көмей - сөйлеу мүшесі.

Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі - өкпе. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ, шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады.

Газдың алмасуы. Адам мен жануарлардың өмірі үшін ауадағы газдардың ішіндегі оттегінің маңызы зор. Адам дем алғанда ішке кіретін ауаның құрамы, дем шығарғандағы сыртқа айдалатын ауадан өзгеше.

Тыныс ауасының құрамы

Көрсетілген газдардан басқа дем алғанда ішке кіретін ауаның құрамында судың буы, аргон, криптон, ксенон, исон, гелий және сутегі болады. Дем шығарған ауаның температурасы сыртқы ауадан жоғары болады, сондықтан сыртқа айдалатын ауадағы азоттың пайыздық мөлшері сол көбірек, бұл жылытылғаннан кейін азот молекулаларының кеңеюіне баплапысты. Ауадағы азот пен басқа газдардың организм үшін маңызы әлі толық анықталған жоқ. Олар пайдаланылмай сыртқа қайта айдалады. Бұрын бұл газдар адам организмі үшін маңызы жоқ дейтін еді. Ал қазір үшақ, тік үшақ, зымырандарды пайдаланып ғарыш кеңістігінің жоғарғы қабаттарына шыққандар үшін қажет скендігі анықталды. Сондықтан ұшқыш пен ғарышкерлердің, суға сүңгушілердің дем алатын ауасының құрамында азот, гелий бар. Көрсеткіштерден дем алатын ауаның құрамындағы оттегінің азайып, керісінше, көмір қышқыл газының көбейетіні анық көрінеді.

Ересек адам I минотте өкпесінен 6-7 л ауаны откізеді. Алмасатын ауаның молшері адамның салмағына және бойына байланысты. Адамның бойы неғұрлым биік және салмақты болса, соғұрлым оның өкпесі арқылы ауа көп өтеді. Мысалы, ұзын бойлы адамда бұл мөлшер 1 минотте 8 л болса, аласа бойлы кісіде 4, 5 л.

Бірақ бұл заңдылықты балаға аударуға болмайды, ауа балаға ересек адамнан көбірек қажет. Тіпті 2 3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л, кейде 7 л ауа өтеді. Мұндай ұзақ мерзімді гипервентиляция (лат. гинер + вентиляция желдету) баланың дем алуының ерекшелігіне жатады. Осыған байланысты балалардың организмінен бу ретінде судың көптеп шығуы, бүйрек, тері арқылы көмір қышқылының сыртқа айдалуы байқалады.

Ересек кісіде тыныштық кезінде 3-4 % көмір қышқыл газы айдалатын болса, балаларда пайыздық мөлшері анағұрлым аз, мысалы, 5 жастағы балада - 1, 7%. Дененің көрсеткіштері кеміген сайын сыртқа айдалатын көмір қышқыл газының мөлшері төмендейді. Бұл балалардағы гипервентиляцияға байланысты. Ал денсден айдалатын көмір қышқыл газының жалпы молшері, дененің 1 м салмағына шаққанда, балаларда ересек адамға қарағанда көп болады.

Тыныс алудың нсрвтік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуі әр дәрежедегі реттеу жолдарымен іске асады.

Төменгі дәрежелі тынысорталығы сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз байланыстағы дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен тұрады.

Тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы көмір қышқыл газының концентрациясына байлапысты, яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның қандағы концентрациясы артқанда тыныс орталығың нейрондарының қозғыштығы күшейеді де, тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады. Көмір қышқыл газының тыныс орталығына өсері екі түрлі жолмен іске асады: а) нейрондарды қоректендіретін қанның құрамының тікелей өсері; б) рефлекторлы жолмең көмірқышқыл газыпың арнайы хеморецспторларға әсері.

Бұлардан басқа да рефлекторлы түрде болатын тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуінің де маңызы үлкен, Айталық, дем алғанда өкпе керіледі де, оның қабырғасындағы және қабырға аралық еттер мен диафрагмада орналасқан арнайы барорецепторлар тітіркенеді. Оларда пайда болған импульстер орталыққа тепкіш жол арқылы сопақша миға барып, оның мейрондарының қызметін тежейді де, дмм алу тоқтаң, дем шығару басталады. Өкпенің керіліп созылуы тоқтасымен тыныс алу орталығына баратын импульстер тоқталады, пейрондардың қозғыштығы артады да, қайтадан дем алу басталады. Тыныс орталығы бұзылса, дем шіу тоқталып, тірлік те жойылады.

Дем алу мен дем шығаруды реттеуге ми жарты -шарларының қыртыстары да қатысады. Адам жаттығу арқылы өз еркімен дем алуды тоқтата алады. Бірақ бұл организмнің жаттығу дәрежесіне байланысты. Мысалы, Әдейі жаттыққан индиялық иопар ұзақ уақыт тынысын тоқтата алады.

Спортпен шұғылданатын адамдардың тыныс алуының миноггік көлемі 200 литрге дейін болатыны мәлім, ал спортпен айналыспайтын адамда ол не бары 70 80 л ғана болады. Ми Қыртыстарының тынысты реттеуге қатысуының дәлелне спортшылардың Жарыс алдында, студентердің емтйханға кірерде тынысы жиіленетіні мысал бола алады.

Тыныс алу мүшелерінің қызметіне сыртқы ортапың әсері және гигиеналық талантар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыныс алу ағзаларының тіршілік үшін ерекшеліктері
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінен дәрістер
Тыныс алу жүйесі және оның жастық ерекшеліктері туралы
Орталық жүйке жүйесіндегі жүйке орталықтарының қызметі
ПЕДИАТРИЯ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ГИГИЕНАСЫ
Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы
Баланың тыныс алу жүйесінің маңызы, құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері
ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тыныс алу жүйесі жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz