Қазақ халқының ұлттық мінезбітіктері



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлімі
а) Отансүйгіштік
ә) Намысқойлық
б) Шешендік
г) Әдептілік
д) Қонақжайлылық
е) Бауырмалық

ІІІ. Қорытынды
Қайырымдылық
Бұл - өте күрделі, әлде де толық зерттеліп, шешімін таппай келе жатқан мәселе. Осы жәйтті жақсы аңғарған Н. Назарбаев былай дейді: "Менің ойымша, қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние".
Ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, бұлар жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық нормасын "сегіз қырлы, бір сырлы" делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындады. Осынау аталы сөздің мән-мағынасы мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру; еңбек сүйгіштікпен қиыншылыққа төзе білу; ел намысын қорғау; жаудан беті қайтпау; ата тегін жадында сақтау; сөз асылын қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау; ата салтын бұзбау (жасы үлкенді сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, т.б.).
Көшпелі өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, кұбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан-жүйесі жағынан да жан-жақты жетілген, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті күйбең тіршілікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің әні мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұтымды мақал мен мәтелді, ертек пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған қазақтар үшін аң-құс аулау, мал күзету, жау түсіру-тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Әрбір көшпенді әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ иесі болып саналды.
1. Жарықбаев., «Жалпы психология»
2. Сәбит Бабаев., «Жантану» кітабы.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтың ұлттық мінез бітістері,
олардың кейбір ерекшеліктері
Бұл - өте күрделі, әлде де толық зерттеліп, шешімін таппай келе жатқан
мәселе. Осы жәйтті жақсы аңғарған Н. Назарбаев былай дейді: "Менің ойымша,
қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей,
зерделенбей жатқан тылсым дүние".
Ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның
әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына
орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге
әкелді. Мәселен, бұлар жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық
нормасын "сегіз қырлы, бір сырлы" делінетін қанатты нақыл сөздермен
қисындады. Осынау аталы сөздің мән-мағынасы мыналар еді: көшпелі мал
шаруашылығын жете игеру; еңбек сүйгіштікпен қиыншылыққа төзе білу; ел
намысын қорғау; жаудан беті қайтпау; ата тегін жадында сақтау; сөз асылын
қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау; ата салтын бұзбау
(жасы үлкенді сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу,
т.б.).
Көшпелі өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді,
кұбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан-жүйесі
жағынан да жан-жақты жетілген, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де,
түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өсті.
Олардың көзі қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал
бағып, күнделікті күйбең тіршілікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін,
жыраудың жырын, әншінің әні мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы
ұтымды мақал мен мәтелді, ертек пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында
сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп-қонуға
дайын отырған қазақтар үшін аң-құс аулау, мал күзету, жау түсіру-тұрмыстың
дағдылы машығына айналды. Әрбір көшпенді әрі жауынгер, әрі малшы, әрі
шаңырақ иесі болып саналды. Осы айтқанымыздың дәлелі болып табылатын
кейіннен мақал болып кеткен "Өнерді үйрен де, жирен", "Жігітке жетпіс өнер
де аз", "Шебердің қолы ортақ", "Жауда жүрсе ат ойнатқан батырым, үйде
жүрсе, құрт қайнатқан батырым" сияқты бес аспап адамның психологиясы жайлы
қанатты сездер біздің заманымызға дейін жетті. Көшпелі қауым бірін-бірі
жақсы білді, әр адамның қадір-қасиеті, оның жасына, жол-жоралғысына,
әлеуметтік ортадан алатын орнына қарай белгіленіп отырды. Мұндай
қауымдастық адамаралық қатынастарды қаршадайдан көріп өскен бала да өсе,
ержете келе ортақ мүдделілікті, көзқарас сәйкестілігін, кісілік белгісін,
түсініп, жеке бастың өзіне бұра тартуына мүмкіндік бермеді. Психологиялық
тұрғыдан "бірауызды" болып қауымдасқан жандар үнемі өздерінің рулық одағына
етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанды. Осыған орай көшпелі тұрмыс
тәліміне лайықталған бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа, дау-дамайға
төрелік айту сияқты этностық таптаурындар (стереотип) кең өріс алды. Әрине,
осы топтық санамен бірге әркімнің жеке басының әлеуметтік және биосфералық
факторларға орайлас жеке-дара, жас, жыныс ерекшеліктерінің де болатындыры
еске алынды. Мәселен, кешпелі халық қыз баланы ерекше қадірлеп, қастерлеп,
әлпештеді. Оны әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы
деп, ал мінезі жайсаң, әдепті жігітті "қыз мінезді жігіт екен" дейтін
болды.

Отансүйгіштік
Халқымыз кір жуып, кіндік кескен атамекенін аялап, елінің тілі мен
мәдениетін, әдебиеті мен тарихын, біртуар аяулы перзенттерін мақтан тұтып,
қадірлеп-қастерлеуді ұрпағына аманат еткен.
Бізде қай жүзге жататыныңды, қай рудан екеніңді білу ес жиып,
есейгеннің белгісіндей дей отыра, мұның түпкі мақсат-мұраты біреу, ол -
ынтымақты ел болуға бағытталған. Ер-азамат үшін туған халқын жан-тәнімен
сүю, оның шаруашылығы мен мәдениетінің өркендеп, керкеюіне бар күш-
жігерімен білімін, еңбегін жұмсап, үлес қосу перзенттік парыз болған. Қаз
дауысты Қазыбек би: "Алтын ұяң - Отан қымбат... туып - өскен елің қымбат,
кіндік кесіп, кір жуған жерің қымбат"-деп тебіренген ғой. Қазақ елі -
біздің Отанымыз, атамекеніміз, қастерлеп келе жатқан туған жеріміз. Осы
жерді жан-тәнімен сүйетіндер де, оны көздің қарашығындай қорғап,
сақтайтындар да ең алдымен қазақ халқы, оның сендердей ізбасарлары.
Қаршадайынан өз отбасын, әкесі мен шешесін, бауырлары мен туған-
туысқандарын қастерлеп, қадір тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен
ел-жұртын, атамекенін шын көңілмен сүйетін болады. Өйткені халқымыз "Отан
отбасынан басталады", деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрім-бұтағын
жанындай жақсы көріп сүймеген баланың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетін
толыққанды азамат болуы екіталай. Ұлтжанды кісінің имандылық — адамгершілік
қасиеттері, - сондай-ақ, оның жекжат-жұрағатқа деген оңды көзқарасынан да
жақсы байқалады.
Қазақ елінің кез келген перзенті жұмыр жердің қай бұрышында жүрсе де
өзінің іс-әрекеті мен мінез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген
сүйіспеншілік қасиеттерін тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиіс.
Бұл үшін ата-бабалардың тарихы мен шежіресін біліп, оларды талдап таратуға
ерекше мән берген абзал. Аталас ағайындарының аты-жөнін жүйелеп, оларды
саусақпен санағандай айқын ажырата білу - кім-кімге де болса жарасымды
адамгершілік сипат.

Намысқойлық
Бұл - әр этностың өз халқының ар-ожданын, имандылық қадір-қасиетін
көздің қарашығындай сақтай білуінен, қажетті жерінде бұл үшін жанын пида
етуден көрінетін қасиет.
Қазақ халқы өзінің ұлы мен қызын қаршадайынан намысқойлыққа баулып,
Отанына, кір жуып, кіндік кескен жеріне дақ түсірмеуді қатты ескерткен,
"арым жанымның садағасы"- деп, ар-намысты бәрінен де жоғары бағалаған.
Мағжан Жүмабаевтың "Батыр Баян" поэмасындағы Баян батырдың інісі Ноян
жастық пен махаббаттың сезім күшін ақылға жеңдіре алмай, қолға тұтқын болып
түскен қызбен бірге қалмақ еліне қашып кеткенін білесіздер. Ағайын-
туысқандарының "елін сатып кетті" деген бір ауыз сөзі намысына тиген Баян
батыр оларды қуып жетіп, өлтіреді ғой. Кешегі Ұлы Отан соғысы кезінде өз
ұлтының намысын қызғыштай қорыған қазақ жауынгерлері қаншама! Атақты
Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Рахымжан Қошқарбаевтың намыс сезімі
қандай жоғары деңгейде болғаны белгілі. Осы соғыста жүзге жуық қазақ
жауынгерлерінің Совет Одағының Батыры атағын алуы да ұлттық
намысқойлығымыздың белгісі емес пе? Қазақ халқының арғы-бергі тарихынан
мұндай мысалды көптеп табуға болады. Мәселен, 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда
қазақ жастары жүрек әмірімен ұлттық намысты қорғап, халқымыздың ардагер ұлы
Дінмұхамед Қонаев (1912-1993) жұмыстан алынғанда оның орнына қазақстанның
басшысы қазақ ұлтынан, не болмаса қазақстандық болсын деп заңды талап
қойған жоқ па? Осынау әділетті талап-тілек аяққа тапталып, арты қанды
қырғынға ұласып, қаншама адам қаза болды. Қазақ қыздарына қол жұмсап
жатқан қарулы милиция қызметкерлерінің анайы ісіне шыдай алмаған Қайрат
Рысқұлбеков, жігіттік намыспен арашаға түскені үшін аяусыз жазаланып,
өмірін қиды. Ол өлімге қасқая қарсы қарап тұрып, тергеушілер алдында басын
имеді. Оның "Атам десең атыңдар, Еркек тоқты құрбандық"- деген сөзі кейін
нақылға айналып, ұлт намысын қозғаудың тамаша ұраны болды. Қайраттың
осынау жүректілігі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі боларлық, ұлттық намысты жанынан
артық бағалаудың тамаша үлгісі.
Өз ұрпағын ата-баба рухында тәрбиелеп, ұлттық намысты ту етіп ұстаған
халқымыз "қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді" дегенді үнемі еске
салып келді. Қазақ жесірін өгейсітпеген, жетімін шеттетпеген аса бауырмал
халық. Қазірде туған жұртының әдет-ғұрпынан, дәстүр-салтынан бейхабар
кейбіреулер имандылықтан мәңгүрттікке қарай бет алуда. Ал, мейірімсіздік
пен қатыгездік сондайлардан шығады. Ұлтымыз арақ ішімдігін "һарам" деп, оны
тоғыз жаудың (жалқаулық, аңқаулық, жасқаншақтық, суайттық, өсекшілдік,
мақтаншақтық, бөспелік) біріне жатқызған ғой. Қазіргі кезде сырахана мен
дүңгіршектердің айналасынан шықпайтын қазақтың кейбір ұл-қыздарына көз
түскенде, жігерің құм болып, санаң сарсылып олардың осынау қылықтары ұлттық
намысқа тиіп, зығырданымыз қайнап жүрген жоқ па?
Шешендік
Халқымыздың жайсаң психологиясын аса биіктен көрсететін ұлттық
ерекшеліктерінің бірі - суырып салма шешендік. Бейнелі, астарлы, тұспалдап
айтатын шешендік сөзге аса үйір халық екендігіміз жайлы ғұлама-ғалым Шоқан
Уәлиханов: "қазақ шешендікке құмар, сөз өнерін, әсіресе әзіл-оспақты жаны
сүйеді" - деп, кезінде айтқан еді. Халқымыз "Тіл тас жарады, тас жармаса
бас жарады", "Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады" - деп, сөз
құдіретінің психологиялық астарын жақсы аңғарған. Шебер де, шешен сөйлей
білу - адамның асыл қасиеттерінің бірі есептелініп, мұны олар өзгелерге
психологиялық жағынан әсер етудің ерекше құралы, тәсілі деп те санаған.
Шешендік өнер дарыған кісі отаншыл, елінің салт-санасын, әдет-ғұрпын
жетік білетін ұшқыр ойлы, "орақ ауыз, от тілді, күміс көмей" болып келеді.
Ол халқының бастан өткізген "тар жол, тайғақ кешулерін", арман-тілетін, мұң-
зарын, өмірлік құндылықтарын бірер тіркеспен ғана "мірдің оғындай", "тайға
таңба басқандай" етіп, яғни "тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін" ғана
айтады. Халқымыздың осынау тамаша қасиетін кезінде тіпті бізге оң қабақпен
қарамайтындар да көре білген.
Бір көргенін жазбай танып, ілезде жаттап ала қоятын, өз ойын екінші
адамға жеңіл де жедел түсіндіре алатын осынау қарапайым халықтың асқан
зеректігіне қазақ даласында болған шетжұрттықтар ауыздарының суы құрып,
қайран қалып отырған ғой. Олар қыр халқының, сондай-ақ ыстық-суыққа аса
шыдамдылығын, қиыншылыққа төзімділігін айтудан жалықпаған. Мәселен, поляк
зиялысы А. Янушкевич (1803-1857) бұл жөнінде былай деп жазыпты:
"Қазақтардың ақыл-ой қабілетінің кереметтігіне барған сайын менің
көзім жетуде. Сөздері қандай жеңіл!. Әр қайсысы айтайын деген ойын
түсіндіруге де, қарсыласының дәлеліне бірден тойтарыс беруге де керемет
шебер". Осынау ұлттық тамаша қасиетімізден қазіргідей тіл жұтаңдығына
кезіккен алмағайып заманда, айырылып қалмай, оның тұтас көлемін көздің
қарашығындай сақтай алмасақ - бұдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық шарттары
«Оңтүстік Қазақстандағы татарлардың арасындағы этнотілдік үрдістер»
Дәстүрлі өнер түрлері
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
Ұлт этнографиясын зерттеудің кезеңдері
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті (Тарих. Теория. Практика)
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жайлы
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәні
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Қазақ халқының этникалық даралығын нығайту бойынша жасалған шаралардың тиімділігі
Пәндер