Мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие берудің формаларын жас және дербес ерекшеліктеріне қарай топтастырып, дұрыс пайдалану
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I . тарау. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің теориялық негіздері
1.1. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Балаларды табиғатпен таныстыруға арналған, зерттеушілердің ғылыми еңбектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
II . тарау. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие берудің әдістемелік негіздері
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру ... ... ... 31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... .36
Пайдаланған әдебиеттер ... ...

Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемінін саналуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсінуіне ерте заманнын өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген.
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие берудің формаларын жас және дербес ерекшеліктеріне қарай топтастырып, дұрыс пайдалану.
Жұмыстың болжамы: Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мағынасын ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады.
Жұмыстың объектісі: Мектеп жасына дейінгі мекеменің тәрбие үрдісі.
Жұмыстың міндеті: Жұмыстың теориялық негізі ретінде мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.
Жұмыстың практикалық мәні: Осы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу тақырыбы болашақта менің тәрбиеші ретіндегі жұмысыма зор көмегі бар. Мектеп жасына дейінгі балалармен қоршаған ортаны, табиғатты зерттей отырып, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, оны бақылауға ықылысын тудыра отырып, тәрбиеші балаларды Отанын, өз өлкесін сүюге тәрбиелейді.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынастарын, табиғатты халықтың шаруашылық әрекетіне пайдалануымен, ауыл халқы мен қала халқының маусымдық еңбегімен танысу балаларды еңбекті және еңбек адамдарын сыйлау рухында тәрбиелеуге көмектеседі. Бұл өз кезегінде балаларды қоғамдық пайдалы еңбекке және болашақ іс-әрекетіне психологиялық дайындауға негіз болып табылады.

1. РҚ МЖЖБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.
2. Типовая программа воспитания и обучения в детском саду. Алма-Ата: «Мектеп». 1988.
3. Б. Баймұратова, М. Сәтімбекова және т.б. Балбөбек. Қазақ балабақшаларына арналған бағдарлама. Алматы, 2006.
4. Богина Т.Л., Казакова Т.Г., Тимофеева Е.А. и др. под ред. Годиной Г.Н., Пилюгиной Э.Г.. М.: 1987. Воспитание и обучение детей младшего дошкольного возраста.
5. Васильева М.А. Программа воспитания и обучения в детском саду М.: 1985
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». - Астана қ., 2004.
7. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. - Алматы қ., 1999.
8. Гризик Т.Н. «Познаю мир». М.: 2008.
9. Керімбаева Р. Табиғат. Бала. Тәрбие.\\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 50 – 52б.
10. Қалықбаева З. Табиғат – тал бесігің. \\ Отбасы және балалақша. – 1995. № 6. 30б.
11. Қоқанбаева Р. И. Экологиялық тәрбие беру. \\ Отбасы және балабақша. – 2006. № 5. 20 – 22б.
12. Ыдырысова Ж. Табиғатқа ынтызарлық сезімді ояту. \\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 4 - 6. 70 – 71б.
13. Қонақбаева Р. Д. Балаларды эстетикалық тәрбиеге баулу. \\ Отбасы және балабақша. – 2008. № 2. 29 – 30б.
14. Жұмабекова Ф. И. Көркемдік тәрбиені ұйымдастыру ерекшеліктері. \\ Бақшадағы көркемдік тәрбие.
15. Құдашева Д. Т. Баланың жан – дүниесін әсемдікке баулу. \\ Отбасы және балабақша. – 2007. № 3. 15 – 16б.
16. Манкеш А. Е. Экологиялық тәрбие негізінде баланың рухани жан дүниесін дамыту. \\ Білім беру және менеджмент. – 2007. № 2. 117 – 119б.
17. Хамитқызы Ғ. Балабақшадағы экокологиялық тәрбие жұмысы.\\ Отбасы және балабақша. – 1996. № 3 – 4. 34 – 37б.
18. Ерженбайқызы А. Балабақшадағы экологиялық тәрбие арналары. \\ Отбасы және балабақша. – 1996. № 11 – 12. 52 – 57б.
19. Шалғынбаева Қ. Экологиялық тәрбие. \\ Отбасы және балабақша. – 2001. № 12. 55 – 58б

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I - тарау. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің теориялық негіздері
1.1. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Балаларды табиғатпен таныстыруға арналған, зерттеушілердің ғылыми еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
II - тарау. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие берудің әдістемелік негіздері
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемінін саналуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсінуіне ерте заманнын өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген.
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат - бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие берудің формаларын жас және дербес ерекшеліктеріне қарай топтастырып, дұрыс пайдалану.
Жұмыстың болжамы: Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мағынасын ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады.
Жұмыстың объектісі: Мектеп жасына дейінгі мекеменің тәрбие үрдісі.
Жұмыстың міндеті: Жұмыстың теориялық негізі ретінде мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.
Жұмыстың практикалық мәні: Осы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу тақырыбы болашақта менің тәрбиеші ретіндегі жұмысыма зор көмегі бар. Мектеп жасына дейінгі балалармен қоршаған ортаны, табиғатты зерттей отырып, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, оны бақылауға ықылысын тудыра отырып, тәрбиеші балаларды Отанын, өз өлкесін сүюге тәрбиелейді.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынастарын, табиғатты халықтың шаруашылық әрекетіне пайдалануымен, ауыл халқы мен қала халқының маусымдық еңбегімен танысу балаларды еңбекті және еңбек адамдарын сыйлау рухында тәрбиелеуге көмектеседі. Бұл өз кезегінде балаларды қоғамдық пайдалы еңбекке және болашақ іс-әрекетіне психологиялық дайындауға негіз болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда табиғатпен таныстыру тәрбиешігі балаларға эстетикалық тәрбие беру үшін мол мүмкіндік тудырады.
Балалаларға айнала қоршаған әлемнің ең қарапайым нақты заттары мен құбылыстары туралы нақтылы деректер беруі, жекелеген табиғат құбылыстарының арасындағы қарапайым байланыстарды және табиғат құбылыстарының өзгерушілік себептерін қарапайым түрде түсіндіруі, адам табиғаттың күші мен байлығын қоғам мүддесіне қалай пайдаланатынын, табиғатты қорғау жөнінде қалай жұмыс жүргізетінін айқын мысалдармен көрсетуі тиіс.
1.Балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің теориялық негіздері
0.1 Балаларды қоршаған ортамен таныстыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар
1 жастан 2 жасқа дейінгі ерте жастағы топ балаларына арналған бағдарлама
Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: Балаларды қоршаған заттардың көп түрлі қызметін айқындауға және олардың адам өмірі, табиғат құбылыстары туралы түсініктерін толықтыру.
Міндеттері:
1. Балаларға жақын қоршаған ортасы туралы түсінік беру, байқағыштығы мен белсенді сөйлеуін жетілдіру.
2. Балаларды қолжетімді табиғат құбылыстарымен таныстыру, өсімдіктер мен жануарларға қызығушылықтарын қалыптастыру, тіршілік иелеріне оң қарым-қатынасын тәрбиелеу, қарапайым эстетикалық сезімдерін ояту.
Мазмұны:
Өзі және айналасындағы адамдар туралы түсініктері
Балаларда өзі, өзінің аты-жөні, сыртқы түрі (Қолың қайда?, Көзің қайда?, Мұрның қайда?), өзінің іс-әрекеті (қолын жуды, жеді, ойнады, шомылды, т.б.) ниеттері (қыдыру, ойнау, тамақ жеу, т.б.) туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.
Жақын адамдары мен отбасы мүшелері (ата-әже, әке, ана) туралы түсініктерін бекіту.
Балаларда қоғамдық өмірдің нақты жағдайлары жайлы қарапайым түсініктерін қалыптастыру (Сатушы тәте, Дәрігер аға, Жүргізуші аға, т.б.).
Балаға жақын ортадағы заттармен таныстыру
Балаға жақын заттық ортадағы ойыншықтар, тұрмыстық заттар, тағам, тамақ түрлері, жеке заттары туралы түсініктер беру.
Балаларды заттармен, олардың белгілерімен, қарапайым іс-әрекет түрлерімен (суарады, жейді, киеді) таныстыру. Заттардың негізгі белгілерін (түсі, өлшемі, пішіні) ажырата білуге үйрету. Түсіне қарай заттарды топтастыруға үйрету (қызыл шарды қызыл қорапқа, ал көк шарды көк қорапқа салу).
Балаға жақын ортадағы және суреттегі заттарды тани білуге үйрету.
Табиғат туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру
Баланы айналасына жақын жануарлармен таныстыру.
Әнші құстарға, аквариумдағы балықтарға, құстарға және жануарларға (ит, мысық, көжек, тотықұс) бақылаулар жүргізу. 2 жасына қарай бірнеше жануарлардың болмысын суреттерден, ойыншықтардан (құс, тауық, мысық, ит) танып, көрсетуге, оларды атауға, дауысына еліктеуге үйрету. Осы белгілерімен қатар нақты атауларын беру. Балалармен бірге жануарлардың кейбір ерекше белгілеріне, дене мүшелеріне (басы, құйрығы), қимылына (жүгіреді, ұшады) назарларын аудару.
Бір жарым жастан асқан балалармен бірге табиғат құбылыстарын бақылау, оларды атай білуге ынталандыру, белсенді сөздік қорларын толықтыру.
Серуенде ағаштарды, гүлдер мен шөптерді ажыратуға, оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару. 2 жасқа қарай тәрбиешінің нұсқауымен белгілі түстегі гүлді тауып алуға, ересек адамның көмегімен гүлдерді, ағаштар мен шөптерді көрсетуге үйрету.
Балалардың өсімдіктер мен жануарларға қызығушылығын дамыту, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Тәрбиешінің табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға қандай күтім жасайтынына назарын аудару.
Балалардың назарын гүлдейтін бөлме өсімдіктеріне аудару, суаруға үйрету.
Балаларға күнделікті өздері көріп, жеуге болатын (жергілікті жағдайды ескеріп) кейбір көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін бекіту, оларды болмысынан мен суреттерден тануға жаттықтыру.
Су туралы түсініктерін бекіту: төгіледі, жылы, суық, сумен жуынады және суға шомылады.
1 жас 6 айдан асқан балаларды құмның қасиетімен таныстыру: құрғақ болса, сусылдайды; ылғал болғанда, пішінді жақсы сақтайды.
Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- өзі туралы - өзінің аты-жөні, іс-әрекеттері, тілек-ниеттері, жақын адамдары мен отбасы мүшелері туралы;
- заттардың белгілерін (түсі, өлшемі, пішіні) ажырату, қарапайым іс-әрекеттерді;
- заттарды түсі, пішіні мен өлшемі бойынша топтастыруды;
- заттарды өзіне жақын ортадан және суреттерден тануды;
- бірнеше жануарларды табиғи болмысынан, суреттерден танып көрсету және олардың аттарын атау, дауыстарын келтіруді;
- табиғат құбылыстарын атауды;
- ағаштар, гүлдер мен шөптерді ажырату, оларға қамқорлықпен қарауды;
- белгілі түстегі гүлді тауып алу, үлкендердің көмегімен гүлдер, ағаштар мен шөптерді көрсетуді;
- балаларға күнделікті көріп, жеуге болатын (жергілікті жағдайды ескеріп) кейбір көкөністер мен жемістерді ажырату, оларды табиғи түрлері мен суреттерден тануды;
- су туралы түсініктерін бекіту: төгіледі, жылы, суық, сумен жуынып, шомылатынын;
- құмның қасиеттерін білу: құрғақ болса сусылдайды, ылғал болғанда пішінді жақсы сақтайтынын білуі тиіс[1].
2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі І сәбилер тобындағы балаларға арналған бағдарлама
Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: балаларды қоршаған ортада бағдарлана білуін кеңейту, ересектердің айтқан сөзін түсінуін, көрнекі-әрекетті ойлау және тілді пайымдаудың қарапайым түрлерін дамыту.
Міндеттері:
1. Қоршаған ортаны баланың тілі мен ойлауын қалыптастыратын, сөздік қорын жандандырып, толықтыратын, байланыстырып сөйлеуін дамытатын, дыбыстауды қалыптастыратын, қоршаған орта туралы тілді пайымдаудың қарапайым түрлерімен таныстыратын маңызды құрал ретінде қолдану.
2. Барлық балаға арналған тәрбиешінің сөзін тыңдауды және түсінуді, заттарды бақылау мен суреттер қарау кезінде мұқият болуды дамыту.
3. Балаларды тәрбиешінің айтқанын дұрыс қайталауға: заттардың аттары, қимыл-әрекеттер, түстер; бұл сөздерді өз сөзінде қолдана білуге үйрету.
Мазмұны:
Баланың қоршаған ортада бағдарлана білуін кеңейту негізінде сөздік қорын жандандыру мен тілді түсінулерін дамыту. Табиғат құбылыстары мен алуан түрлі заттар туралы алғашқы түсініктерін дамыту, заттар және құбылыстар арасындағы қарапайым байланыстарды орната білуді қалыптастыру, балаларды көрнекіліксіз қоршаған ортадағы адамдардың тілін түсінуге үйрету.
Балаларды педагогтің ауызша сөзбен көрсетуі бойынша: заттарды түстеріне, өлшемдеріне қарай тауып әкелуге (Қызыл кубикті алып кел, Кішкентай қонжыққа ән айтып берші), олардың орналасқан жерін ажыратуға (Ойыншық жоғары сөреде (биікте) тұр, Жанына қой, адамдардың әрекеттері мен жануарлардың қимылына еліктеуге (Суды қалай құятынын көрсет, Қонжыққа ұқсап жүр).
Балалардың сөздік қорын:
- транспорт құралдары (машина, автобус), автомобиль бөліктері (кабина, рөл, дөңгелек), өсімдіктер (ағаш, шөп, гүл), жемістер (алма, алмұрт), көкөністер (сәбіз, қызанақ, қияр), үй жануарлары (қой, ешкі, тауық) мен олардың төлдерінің аттарын білдіретін зат есімдермен;
- кейбір еңбек әрекеттерін (жуу, сүрту, үтіктеу, емдеу), өзара қарым-қатынасты (беру, көмектесу, жаны ашу) білдіретін етістікпен;
- заттардың көлемін, түсін, дәмін (үлкен, қысқа, қызыл, көк, тәтті, ащы) білдіретін сын есіммен;
- үстеумен (қазір, жақын, алыс, төмен, жоғары, жылдам, баяу, қарашы) молайту.
Балаларды осы сөздерді қолдануға үйрету.
Балаларды суреттің мазмұны бойынша, серуенде көргендері туралы тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап беруге, тақпақтар айтуға, салынған суреттер туралы әңгімелеуге, кітаптағы суреттерді қарауға, ол жайында (екі-үш сөйлеммен) әңгімелеуге үйрету.
Суреттегі үй жануарлары (қой, сиыр, тауық және т.б.) мен оның төлдерін (қой - қозы, сиыр - бұзау, тауық - балапан) танып, атауға үйрету. Өсімдіктерді (шөп, ағаш, гүл) ажыратып, дұрыс атауға және гүлдің, шөптің, жапырақтарының түсін атауға, сыртқы түріне қарай ажыратуға, кейбір жемістер мен көкөністердің (сәбіз, қияр, алма, алмұрт және т.б.) дәміне қарай атауға үйрету. Балаларды отбасындағы, балабақшадағы, көшедегі ересек адамдардың кейбір еңбек әрекеттерімен таныстырып, оларды атау (күтуші ыдыс-аяқтарды жуып, сүртеді, анам киім тігеді, кір жуады, үтіктейді, аспазшы асханада ас әзірлейді, дәрігер балаларды емдейді, шашатаразшы шаш үлгісін жасайды, жүргізуші көлік жүргізеді және т.б.).
Айналадағы кейбір транспорт түрлерін (жеңіл және жүк автомобильдері, автобус, трамвай, троллейбус) сыртқы түріне қарап және бөлшектерін (кабина, рөл, дөңгелек, терезе, есік) ажырату.
Тәрбиеші балалармен бірге нысананы қарап, заттың бөлшектерінің (бөліктерінің) (отыратын орындықтың аяқтары, арқасы) атауларын, кейбір қасиеттерін (түс, мөлшер, түр) анықтайды, заттардың маңызы туралы сұрайды. Балалар өзінің, жақын адамдарының аты-жөнін, тәрбиешісін, тәрбиешінің көмекшісінің аты және әкесінің атымен атай білу керек; тұрмыстық заттарды білдіретін сөздерді дұрыс қолдану (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ, ойыншықтар) және олардың қолданылуын (төсекте ұйықтауды, үстел басында тамақтанады және сабаққа дайындалады, шкаф пен сөреде - кітаптар мен ойыншықтар орналасады, тостағанға қымыз, шыныаяққа сүт, шай құяды, қасықпен тамақ ішеді) білу керек.
Балалардың заттардың санын (біреу, көп, аз, бір-бірден), олардың кеңістікте орналасуын (биік - аласа, алыс - жақын, астында, үстінде, жанында), қозғалу бағыттарын (алға - артқа) сипаттау білуді жетілдіру. Өз тілінде үстеу мен сын есімді үйлестіріп қолдану.
Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:
- педагогтың ауызша көрсетуі бойынша: заттарды түстеріне, өлшемдеріне қарай тауып, олардың орналасқан жерін ажыратуды;
- транспорт құралдары, автомобиль бөліктері, өсімдіктер, жемістер, көкөністер, үй жануарлары және олардың төлдерінің аттарын білдіретін зат есімді қолдануды;
- кейбір еңбек әрекеттерін білдіретін етістікті, заттың көлемін, түсін, дәмін білдіретін сын есімді, үстеуді қолдануды;
- сурет мазмұны бойынша, серуенде көргендері жайлы тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап бере білуді;
- суреттегі үй жануарлары мен оның төлдерін танып, атай білу, өсімдіктерді ажыратып, дұрыс атау, гүлдің, шөптің, жапырақтардың түсін атап, сыртқы түріне қарай ажыратып, кейбір жемістер мен көкөністердің дәміне қарай атай білу, отбасындағы, балабақшадағы, көшедегі үлкендердің кейбір еңбек әрекеттерін атауды;
- айналадағы кейбір транспорт түрлерін сыртқы түріне қарап және бөлшектерін ажыратуды;
- өзінің, жақын адамдарының аты-жөнін, тәрбиешісін, тәрбиешінің көмекшісін атымен және әкесінің атымен атай білуі тиіс[2].
Табиғат ортасы
Өсімдіктер әлемі. Балаларды қияр, қызанақ, сәбіз, шалқан, алма, алмұрттың сыртқы түріне, түсіне қарай атап, тануға үйрету.
Ағаштарды (1-2 түрі), шөпті, гүлді (учаскедегі, бөлмедегі гүлдейтін өсімдік) атау және ажырату, учаскедегі гүлдердің, шөптердің түстерін атай білуді қалыптастыру Балалардың зейінін ағаштың негізгі бөліктеріне (діңі, бұтағы, жапырағы) аудару, жапырақтардың түсіне, көлеміне, пішініне қарай ажыратуға жаттықтыру. Өсімдіктердің бөліктері (сабағы, жапырағы, гүлі), суару туралы ұғым беру. Өсімдіктерді күтіп-баптауға ынталандыру.
Жануарлар әлемі. Үй жануарлары (сиыр, жылқы, ешкі, қой, түйе, жылқы, ит, әтеш, тауық, қаз және т.б.) мен оның төлдерін (бота, бұзау, лақ, қозы, құлын, күшік,балапан және т.б) атауға және ажырату.
Орманды мекендеушілерді (түлкі, қоян, аю, қасқыр, тиін жэне т.б.); құстарды (торғай, қарға, кептер және т.б.) атап, ажырату және оларға тән ерекшеліктерді атап көрсету (әтештің әдемі айдары бар, қоянның ұзын құлақтары бар, аю үлкен, оның құлақтары кішкентай, әтештің шақыруы, мысық пен күшіктің шығарған дыбыстарын тыңдату).
Кейбір жануарлардың денесінің бөліктерін (басы, құйрығы, аяқтары) ажыратып атауға үйрету.
Құстарға және олардың іс-қылықтарына (ән салады, ұшады, шоқиды, су ішеді) бақылау жасау. Балаларды балықтарға (аквариумдағы), құстарға жем шашуды үйрету.
Табиғат құбылыстары
Табиғат құбылыстарына қызығушылығы мен зейінділігін арттыру.
Табиғатта жыл мезгілдерінің (көктем, жаз, күз, қыс) ауысуын және олардың ерекшеліктерін (қыста суық, қар; жазда ыстық, күн жарқырайды, көктемде сүңгілер ериді, жылғалардан су ағады, ағаштар бүршік жарады, күзде жел тұрады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі) байқау. Жыл мезгілін сыртқы белгілері бойынша ажырату және оларды атау.
Ауа райындағы және табиғаттағы ерекшелік өзгерістерді байқау. Ауа райы құбылысы мен оған адамдардың қатынасы (жаңбыр - дымқыл, сырт киімсіз және етіксіз қыдыруға болмайды, жаздың ыстық күнінде бас киім киеді, қыста адамдар тон, мойын орауыш, жылы етік, аң терісінен жасалған тымақ киеді және т.б.).
Тұрмыстағы су (сұйық, жылы-суық, суға шомылады, жуынады, кір жуады және т.б.), табиғаттағы су (жылғалардан ағады, сүңгілер ериді, өзен, тоған) туралы білу.

- үлкендердің жекелеген еңбек әрекеттерін танып, атауды;
- балаға жақын адамдардың әрекеттері туралы;
- транспорт құралдары мен олардың маңызы туралы;
-ойыншықтар, жиһаз, киім, ыдыс-аяқтар, кейбір жемістерді атап, ажыратуды;
- оларды қолдану белгілері бойынша топқа біріктіруді;
- үй жануарлары (мысық, ит, сиыр, жылқы, ешкі, қой, түйе, шошқа, әтеш, тауық, қаз және т.б.) мен оның төлдерін атап, ажыратуды;
- орманды мекендеушілерді (түлкі, қоян, аю, қасқыр, тиін және т.б.); құстарды (торғай, қарға, кептер және т.б.) атап, ажырату және оларға тән ерекшеліктерді атап көрсетуді;
- жануарлардың дене бөліктерін атап, ажыратуды;
- қияр, қызанақ, сәбіз, шалғам, алма, алмұрттың сыртқы түріне, тусіне қарай атап, тануды;
- ағаштарды (1-2 түрі), шөпті, гүлді (учаскедегі, бөлмедегі гүлдейтін өсімдік) атау және ажырату, учаскедегі гүлдердің, шөптердің түстерін атауды;
- жыл мезгілін сыртқы белгісі бойынша ажыратуды және оларды атауды білуі тиіс[3].
1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу әс-әрекетінің тақырыптары
Қатынас білім беру саласы
Тіл дамыту мен қоршаған ортамен таныстыру бойынша сабақ үлгілері
Жан-жануарларға (ит, мысық, балапан, аквариумдағы балықтар, тордағы құстар), көліктерге (автомобиль, трамвай) бақылау жасау.
Ойыншық-заттарды атай отырып, көрсету, қимыл үстіндегі заттарды көрсету, саханалау, ойыншықтарды жасырып, оларды табу.
Заттардың бейнесі салынған суреттерді қарау (кубтың жан-жағына, бірнеше суреттердің арасынан). Алдымен заттардың, қимыл үсіндегі заттардың жеке салынған суреттермен, ал бір жарым жасында қарапайым сюжеттермен таныстырады.
1 жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең
Заттарды атай отырып, көрсету (Сиқырлы қапшық, Мына үйде кім тұрады?; қапшықтағы немесе себеттегі заттарды жасыру және оларды іздеп тауып, атау.
Заттар және олардың қимылдарын көрсету: қуыршақ (куыршақты тамақтандыру, ұйықтату, шомылдыру, машинада қыдырту, қуыршақ Сәуле өлең айтып, билейді), әтеш (жүреді, ән айтады, дән шоқиды), күшіктер (жүгіреді, үреді, тістейді, қантты қағып алады), мысықтар (жеңіл жүреді, пырылдайды, тырнайды, сүт ішеді, шармен ойнайды), қоян (секіреді, қорқады, сәбізді кеміреді), құстар (ұшады, дән шоқиды, шырылдайды), жүзетін ойыншықтар (балық, үйрек, қайық және т.б.).
Ойындар: Қуыршақтың көйлегін жуамыз, Мен жасырынамын, сен мені тап, Атын атап, шақыр.
Сахналау ойыны: Қонжық үйіне келді, ал құстар ұшып кетті
Кім не істеп жатыр?, Мысық бізге қонаққа келді, Қуыршақ Сәуле және мен, Қуыршақты шомылдырамыз, Кім қалай шақырады? Ғажайып суреттер көрсету
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең
Сюжетті көрсетілім: Қоянның үйі, Айнұр мен балапан, Мысықтың баласы мен қағаз, Айгүл мен әтеш, Қуыршақ Сәуленің туған күні, Мысық пен күшікке арнап үй салу (ірі құрылыс материалдарынан), Қонжық науқастанып қалды, Қуыршақ науқастанып қалды, Қуыршақтың көйлегін жуып, үтіктейміз және т.б.
Тірі жан-жануарларды көрсету: тордағы құстарға, аквариумдағы балықтарға бақылау жасау.
Бақылау: балабақша теліміне мақсатты серуен (Не көргенімізді атайық ойыны, көліктер мен құстарға бақылау жасау); топқа саяхат, топтағы макеттерді, ойыншықтарды, суреттерді және т.б. қарау.
Кітаптар көрсету.
Тапсырмаларды орындау.
Дыбыстарға, сөздерге, сөйлемдерге еліктеу: а) Кім қалай шақырады? (аңдардың дыбыстарына еліктеу),; б) Келесіге жеткіз (айт та, қайтала); в) тақпақтар айту (Қуырмаш, Қазым-қазым қаңқылда және т.б.).
Көп мәрте көргендері туралы әңгімелеу.
Ойындар. Жасырынбақ, Бізге біреулер қонаққа келді, Тауық пен балапандары, Атқа мініп қыдырамыз.
2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға раналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары
Қоршаған орта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптар үлгісі:
Бақшаға мақсатты серуен
Дидактикалық ойын: Тапсырма
Дидактикалық жаттығу: Жоғары-төмен
Дидактикалық ойын: Кім не істейді?
Шалқан ертегісін әңгімелеу
Дидактикалық жаттығулар: Кім не жейді?, А деп айт
Балалар бақшаға барғаны туралы ұжым болып әңгіме құрастыру
Дидактикалық ойын: Қандай?
Заттардың түстерін атау және ажырату
Дидактикалық жаттығу: Паровоз
Дыбыстарды айту мен есту зейінділігін дамытуға арналған жаттығулар
(Бұл ненің дыбысы, тап?)
Сылдырлайды мөлдір су өлеңін оқу
Заттармен тәжірибе жасау: батады, батпайды, жүзеді
Ш. Смаханұлы Добым менің өлеңін оқу
Қоянды бақылау
О. Бегалин Қазым, қазым, қаңқылда шығармасын оқу
Дидактикалық ойындар: Таны да ата, Тап та, ата
М. Төрежанов Бесік жыры
Автомашина, автобус, трамвай (ойыншықтар) қарау
Дидактикалық ойын: Осыларды жаса, Құлыншақ
Дидактикалық жаттығулар: Бөпенің тісі ауырады, Қошақан
Сюжетті суреттер қарау
А. Барто Жалауша өлеңін оқу
Дидактикалық жаттығу: Қонақ. Тәрбиешінің сиыр мен мысық туралы әңгімесі.
Бөлме өсімдіктерін қарау
С. Қалиев Ұры мысық өлең шумағын оқу
Сәуле қуыршағының киімдерін қарау
Қуыршақты серуенге киіндіру
Дидактикалық ойын: Сәулеге киімін шешуді үйретеміз
Дидактикалық жаттығу: Машиналар
Дидактикалық ойын: Бұл қандай пішін?
Дыбыстарды айтуға арналған жаттығулар
Дидактикалық ойын. Бізге кім келгенін тап
Дидактикалық ойын: Шешуін тап та, ата
Дидактикалық жаттығулар Ботақан
Дидактикалық ойын: Алыс-жақын
Дидактикалық жаттығу Бақа, бақа балпақ
Дидактикалық ойын. Мамық жүнді балапан
А. Бартоның Қар өлеңін оқу
Дидактикалық ойын Қар түйіршіктері
Ж. Карбозиннің Жасаймын шана шығармасын оқу
Дидактикалық ойын: Биік - аласа
Дидактикалық жаттығулар: Ненің дауысы?, Атқа мініп шабайық
Б. Данабековтің Бұзау шығармасын оқу
Бауырсақ ертегісін әңгімелеу
Дидактикалық ойын: Қуыршаққа арнап бөлме дайындаймыз
Дидактикалық жаттығу: Қар бүршіктері
Дидактикалық ойын Қонжықтың бөлмесі
Сахналау-ойыны. Қаз бен құлыншақ
Ә. Дүйсенбиевтің Мысық өлеңін оқу
Балықтарды бақылау
Ұ. Есдәулетовтің Тәй-тәй, қуыршақ өлеңі
Ертегі, әңгімелерді кейіптендіру
Құстарға бақылау жасау
Құстарды біз қалай қоректендірдік? тақырыбына (тәрбиеші балалармен бірге) әңгіме
Дидактикалық ойын: Не жоқ?
Қуыршақ Сәулені шомылдыру
Дидактикалық ойын: Үйректің балапандары
О. Бегалиннің Қаз бен балалары шығармасын оқып, әңгімелеп беру
Дидактикалық ойын: Нені қайда қоямыз?
Ешкі мен қасқыр ертегісін әңгімелеу
Заттардың қасиеттерімен таныстыру
Дидактикалық жаттығу: Кеме
Дидактикалық жаттығу: Кішкентай күн сәулесі
Балықтарға бақылау жасау. Балалар балықтарға жем шашады тақырыбында суреттер қарау
Дидактикалық жаттығулар: Ғажайып қорап, Шешуін тап, Қанша?
Е. Өтетілеуов Көктемде шығармасын оқу
С. Қалиевтің Ұры мысық өлеңін оқу
Дидактикалық жаттығулар: Кім не істеп жатыр?, Су
Бөлме өсімдіктерін қарау
С. Сауытбековтың Лақтың кеңесі шығармасын оқу
Дидактикалық жаттығу: Маса
А. Бартоның Ойыншықтар топтамасынан үзінді оқу
Дидактикалық ойын: Кімге не керек?
Дидактикалық ойын: Кім не жейді?
Айсұлу мысықтың баласын тауып алды тақырыбына әңгімелеу (көрсетусіз)
Балалар тауықтар мен балапандарға жем шашады тақырыбында сурет қарау
Дидактикалық жаттығу: Балапанды шақыр
Сиыр мен бұзауды, ешкі мен лақты салыстыру
Дидактикалық ойын: Не жоқ?
Ұ. Есдаулетовтың Құлын өлеңін оқу
Дидактикалық жаттығулар: Бұл не, тап, Не қайда отыр?
Бақбақ гүлін қарау
Фонематикалық ойындар: Кім қалай шақырады?, Кім шақырды?, Не, қандай дыбыс шығарады?
Тыныс алу жаттығулар: Үлпілдек жүнге үрле, Көбікке үрле
Үлкендердің көмегімен ойналатын дидактикалық ойын: Төлдерін тап та, ата
Дүкен, Ойыншықтар, Отбасы, Үй жануарлары және жабайы аңдар, Үй құстары, Гүлдер, Жәндіктер: құмырсқа, көбелек, аралар тақырыптарына кітапшалар карау[4].
Мектепке дейінгі кіші жастағы балалaрды тәрбиелеу мен оқытуға арналған Зерек бала бағдарламасы.
3-4 жастағы балаларға арналған бағдарлама
Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: қоршаған ортадағы нысандар мен құбылыстарға танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер, байланыс және көлік құралдары, қарапайым зерттеу әрекеті туралы түсініктерін кеңейту.
2. Заттар, құбылыстар мен оқиғалар арасындағы себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктерін түсінуін қалыптастыру.
Мазмұны:
Заттық орта
Айналадағы заттар, олардың сапасы, қасиеті, қызметі, неден жасалғандығы туралы түсініктерін жүйелеп, қорытындылау.
Қоршаған ортадағы заттарды және олардың көлемі, түсі, пішіні, бөліктері мен бөлшектерін бірнеше сенсорлық белгілері бойынша топтау, қарастыру, зерттеу, атау және ажырату ептіліктерін жетілдіру.
Заттарды сапасы мен қасиеттерін ажыратуға үйрету:
- сипап сезуге (тегіс - кедір-бұдыр);
- дәміне (тәтті - қышқыл);
- естуіне (сыбдырлайды - тарсылдайды), заттармен әрекеттерді атау. Түрлі заттар әлеміндегі атауларды балалар тіліне енгізіп, нақтылау, таныс емес заттардың не үшін қолданылатынын түсіндіру, заттардың тобын (ойыншықтар, киімдер, аяқ киім, ыдыс-аяқ, жиһаз) білдіретін ұғымдарды меңгеруін тиянақтау.
Қазақстанда тұратын қазақ және басқа да халықтардың тұрмыстық заттар мен топ бөлмесінің жиһаздарын дұрыс қолдану ептіліктерін жетілдіру.
Заттарға ұқыптылықпен қарау дағдылары мен ойыншықтарды, кітаптарды, ыдыс-аяқтарды сақтау ережелерін үйрету.
Байланыс және көлік құралдары
Жергілікті жағдайларды ескере отырып, көлік құралдарын (автобус, трамвай, жүк машинасы, жеңіл машина, ұшақ) танып, атауға үйрету.
Автомашинаның бөліктерін (кабина, рөл, кузов, дөңгелек) ажырата білуін дамыту.
Бағдаршамның белгілерімен, көшеде өзін-өзі ұстаудың қарапайым дағдыларымен (көшеде қалай және қай жерден өту керек) таныстыру.
Зерттеу-іздестіру әрекеті
Заттарды меңгеруге үйрету (балық аулайтын ау, сурет салуға қарындаш немесе бояулар, жіптердің көмегімен заттарды тартып алу және т.б.).
Түрлі материалдармен таныстыру (су - төгіледі, боялады; ылғал топырақтан мүсіндер жасауға болады, ал құрғақ топырақ - шашылады; қардан қар кесегін жасауға болады, егер жылы жерге кіргізсе, ол ериді, т.б.).
Тәжірибе нәтижесін көру үшін басқалардың әрекеттерін бақылауға үйрету.
Көп заттардың ішінен біреуін таңдап алуға үйрету (осы ойыншықпен ойнағым келеді, мына затты қолдана аламын).
Ақпаратпен жұмыс
Қолжетімді ақпараттармен (кітаптардан, телебағдарламалардан, фильмдерден, ересектердің сұхбаттарынан) жұмыс істеудің қарапайым дағдыларын дамыту.
Әдеби шығармалар мен олардың мазмұнына жаңа ақпарат көзі (еңбек, ойыншықтар, туыстар, ойыншықтармен қарым-қатынасы және т.б. туралы) ретінде қызығушылықтарын қалыптастыру. Өз әсерлерімен бөлісу іскерліктерін дамыту.
Менің елім - Қазақстан
Баланың шағын отаны - оның тұрғылықты жері (қаласы, ауданы, ауылы) туралы түсінік беру, аттарымен таныстыру.
Біздің елімізде қарттарға - құрмет көрсетіліп, ақылын тыңдайтынымыз туралы, ал кішілерге - қамқорлық жасалып, оларды бағып-қағып өсіретіні туралы түсінік беру.
Ересектер - жұмыс істейді, балалар - балабақшаға, мектепке баратыны туралы түсіндіру.
Адамдар үйлерде тұратыны, ал ертеде Қазақстанда жылы, ыңғайлы, басқа түрге жеңіл өзгеретін үйлер - киіз үйлерде тұрған.
Қазақстанда тұратын қазақ және басқа да халықтарының салт-дәстүрлері мен мәдениетінің негіздеріне бейімдеу.
Өмір қауіпсіздігі және жолда жүру ережелері
Жол бөліктерімен таныстыру, жаяу жүргіншілер жолы мен жол жиегіндегі тротуар жолдарымен таныстыру.
Бағдаршамның түстерімен таныстыру, қай түс қандай белгі беретіндігін түсіндіру.
Көлік жолдары мен жаяу жүргінші жолдары туралы түсінік беру:
- жаяу жүргінші тротуармен;
- балалар жолдан ата-аналарының көмегімен;
- жаяу адам көлікті аялдамада күтеді;
- көлік ішінде ешкімге кедергі жасамай, тәртіп сақтау.
Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау:
- үйде және балабақшада өз қауіпсіздігін сақтау;
- үшкір заттармен ойнамау;
- электр құралдарынан алыс жүру;
- отпен ойнамау;
- таныс емес, бөгде біреуге есік ашпау;
- серуенде жүргенде ересектерден алыс кетпеу;
- өзі білмейтін саңырауқұлақтар мен жидектерді теріп, жемеу.
4-5 жастағы балалрға арналған бағдарлама
Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: балаларда әлеуметтік құндылықтар мен мәдениет негіздерін қалыптастыру, қоршаған әлемнің қыр-сырын түсінуге талпынысын арттыру.
Міндеттері:
1. Ұлтжандылық, Отаны мен отбасына деген сүйіспеншілігін, ересектерді құрметтеу сезімін қалыптастыру.
2. Әрекеттердің әр түріне қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамыту.
3. Ересектер мен құрдастарының арасында өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру.
Мазмұны
Мен - адаммын
Өзі және өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейту. Өзін-өзі танудағы талаптарын мадақтау. Дене мүшелері (қол, аяқ, бас және т.б.), көру, есту, дәм сезу, сипап сезу мүшелері не үшін қажет.
Мен қандай көңіл күйде боламын (қуанамын, ренжимін, ашуланамын және т.б.).
Өзін-өзі дұрыс бағалау қажеттілігін қолдау.
Өзіне, өз күшіне сенімін нығайтып, өзіне құрметі мен дербестігін дамытуға мүмкіндік туғызу.
Өзінің қолынан келетіні, жақсы көретіні, не сезетіні, жақын әлеуметтік ортасы, қарапайым қарым-қатынастар туралы ойлап, өз ойын айта білуге үйрету. Құрдастарының арасында өз жағдайын, басқа балалардың өзіне қарым-қатынасын білуге үйрету.
Адам - тіршілік иесі
Өзін адам әлемінің өкілі ретіндегі алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
Жақын әлеуметтік ортасы, қарапайым туыстық және қоғамдық қарым-қатынастар туралы білімдерін қалыптастыру.
Адамдардың дем алатыны, қозғалатыны, тамақтанатыны, өсетіні, әңгімелесетіні туралы түсінік беру.
Адамдардың бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажырата білуге үйрету: басы, қолы мен аяқтары, тері және шаш қабаты, көздері мен шаштарының әр түрлілігі. Адамдардың бірдей ішкі құрылыстары (жүрек, асқазан, өкпе) бар.
Адамдардың бір-бірімен айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар (сырт келбеті, әдеттері, түрлі сезімдер мен көңіл күйлерді сезінеді).
Адамның өсуі үшін қажетті шарттар - су, жарық, жылу, тағам, қозғалыс пен демалыс, күтім мен махаббат. Адамдар бірдей сезімдерді сезінеді: қуаныш, ауру, өкініш.
Өзінің дене бөліктері мен мүшелерінің кейбір қызметтерін түсінуге үйрету: көз, құлақ, ауыз, тіс, тіл, қол, аяқ.
Отбасы
Отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып, отбасы мүшелерін, қызметтері мен қарым-қатынастарын (немен айналысады, бір-біріне қандай қамқорлық жасайды, қайда баруы мүмкін және т.б.) атауға ынталандыру.
Ойын жағдайларында отбасы үшін бөлмені жабдықтау: жиһаздар мен ыдыс-аяқтарды орналастыру, отбасылық қарым-қатынастар мен үлкендердің еңбегін ойын әрекеттерінде көрсету.
Балаларды өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы туралы әңгімелеуге ынталандыру. Өзінің отбасы мен бір-біріне қалай көмектесетіндері жайлы сұрақтарға жауап беру. Басқа балалардың да өз отбасы, ата-аналары, олардың өз балаларын жақсы көріп қамқорлық жасайтыны туралы түсіну.
Ересектердің еңбегі
Ересектердің еңбегі мен олардың қызметтері (тәрбиеші, аспаз, сатушы, дәрігер, құрылысшы, пошташы) туралы түсініктерін кеңейту.
Түрлі мамандық иелері (жүргізуші, ұшқыш, машинист, капитан) әртүрлі көлік құралдарын басқаратыны туралы білім беру.
Балабақша
Балабақша қызметкерлері туралы білімдерін кеңейту.
Балабақша ішінде орналасқан жатын бөлме, асхана, ас үй, кір жуатын, т.б. бөлмелерімен таныстыру. Қай бөлме неге арналғандығын ажыратуға үйрету: бұл бөлмелерде не жұмыс істейтінін сұрау, әр бөлмедегі жұмыс туралы, оған қажетті құрал-саймандардың атын, неден жасалғандығын, айту, көрсету, түсіндіру. Қайда?, кімде?, қандай?, кім?, не істейді? сұрақтарына дұрыс жауап беру.
Заттарды, кабинеттерді бір-бірімен салыстыруға (кең, тар, жарық, үлкен, т.б.) үйрету. Заттардың мөлшерін (ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы) шартты белгілердің көмегімен салыстыруға үйрету.
Бөлме өсімдіктері мен жануарлардың тіршілігі және олардың өсуі мен дамуына қолайлы жағдайларын туғызу қажеттілігі туралы нақты ұғымдарын қалыптастыру.
Өсімдіктердің көптүрлілігі мен оларға әртүрлі күтім керектігі (суару, жапырақтарды сүрту) туралы білімдерін бекіту.
Тірі табиғат бұрышын мекендеушілер мен өсімдіктердің белгілерін білдіретін сөздерді қолдануға үйрету. Бейнелеу өнеріндегі қол еңбек бұрышы, көркем шығармашылық, музыка бөлмесіндегі ұлттық музыка аспаптары (домбыра, қобыз) туралы түсінік беріп, олармен таныстыру. Домбыраның сыртқы бейнесін сызуға, суретін салуға үйрету.
Алаңмен, аумақпен таныстыру. Балабақша ауласын көгалдандыру, гүлзарлар балабақша келбетін көркейтетіні туралы түсіндіру.
Ағаштар, гүлдер және құстардың белгілеріне қарай анықтап және ажырату іскерліктерін дамыту. Маусымдық өзгерістерді байқауға, балабақшаның сыртқы және ішкі безендірулеріне көңіл аударуға үйрету.
Өзін-өзі ұстау мәдениеті
Ұлттық педагогика негіздеріне сүйене отырып өзін-өзі ұстау мәдениеті дағдыларын меңгерту.
Құрдастарымен келіспеушілік болған жағдайда, татуласуға, өзіне ұнамайтын теріс қылықты өзгеге жасамау керектігін түсіндіру, ортақ шешімге келіп, бір-бірімен татуласу дағдыларын үйрету.
Әрқашан ізеттілік көрсетіп, сәлемдесу, алғыс білдіру, көмегін ұсыну сияқты жағымды әрекеттер жасауға дағдыландыру.
Қарапайым әдептілікті сақтауға әдеттендіру. Үлкеннің алдын кеспеу, сөзін бөлмеу, кішілерге қамқор болу, ойыншыққа таласпау, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, т.б.
Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасы
Кішіге - ізет, үлкенге - құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Өзінің тегінің шежіресіне қызығушылығын ояту.
Ата-анасы, отбасы мүшелері мен өзінің аты-жөнін дұрыс айтуға үйрету.
Отбасылық мерекелер мен оны өткізуге дайындыққа белсенділігін мадақтау.
Құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орнатуға, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын бағалауға, кім кіммен жақын дос, олар не үшін бір-біріне жақын деген мәселелер туралы көзқарастарын білу дағдыларын қалыптастыру.
Адамгершілік қағидалары туралы түсінік
Әрқашан, қандай жағдай болмасын өз-өзін мәдениетті ұстау керек екендігін ұғындыру.
Өзінің жақындарына, балабақшасына, еліне, жеріне, достарына, елімізді мекендейтін басқа ұлт өкілдеріне сүйіспеншілігі мен сыйластығын қалыптастыру. Өзін, өзінің қадір-қасиетін бағалауға тәрбиелеу. Ересектердің балаға әрі - сыншы, әрі - қолдаушы екендігін ұғындыру[5].
ІІ сәбилер тобы (3 жастан бастап 4 жасқа дейін)
Зерттеу-іздестіру әрекеттеріне арналған тапсырмалар мен ойындардың тақырыптар үлгісі
Қардың суға ғажайып өзгеруі
Қардың еруі.
Түрлі-түсті сүңгілер (суды бояп, қатыру).
Құммен және қармен ойындар
Құмдағы жолдар мен өрнектер, Жолдағы аяқтардың іздері (қар бетіндегі түрлі аяқ киімдердің іздері, ойыншық дөңгелектің немесе шананың іздері, ойыншықтар үйіне дейін кең және тар көшелерді таптау).
Сумен ойындар
Түрлі заттарды (қайықтар, жаңқалар, кемелер) су құйылған ыдыстарға, шалшық суларға, бұлақтарға жіберіп, олардың қалай жүзетінін және толқын мен желді жасайтынын бақылау. Бояуларды сумен араластыру (керемет тамшылар).
Кішкентай доптар, үрмелі резеңке ойыншықтар, пинг-понгтің шарлары Су құйылған ыдыста бататынын-батпайтынын бақылау. Әртүрлі поролон губкаларын суға салу және оларды сығып алу. Ыдыстағы суды келесі ыдысқа ауыстырып құю. Резеңке ойыншықтар мен бөтелкені суға салып ауаларын шығару және ауаның қалай шығатынын бақылау.
Сабын және көбік сумен ойын
Су құйылған ыдыста сабынды көпірту.
Қағазбен ойындар
Қағазды умаждау, қар кесегін жасау, олармен ойнау. Қайшымен түсті қағаздан жіңішке таспа қиып алып, қатты қағаз, желпуіш немесе үрлеу арқылы жасалынған желдің көмегімен ұшыру, ұшуын бақылау.
Көлеңкемен ойындар
Қол, ойыншық, заттардың бейнелерінің көлеңкелерімен тәжірибелер жасау:
Қоршаған ортамен таныстыру
Бұл не? Бұл кім?
Не өзгерді?
Жыл мезгілдері
Күз сыйлығы
Бөлмені жабдықтаймыз
Қуыршақты киіндіреміз
Қуыршаққа шешінуді үйретеміз
Қуыршақты шомылдыру
Қуыршақты ұйықтату
Жанды суреттер
Шай демдейміз
Ортаңғы топ (4 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балалар)

Қармен және мұзбен ойындар
Қардан мүсіндер жасап, қар лақтырысып ойнау. Қардың суға айналуы және суды қатыру. Түрлі-түсті мұздар (суды бояп, қатыру).
Сабын сумен және көбікпен ойындар
Сабын көбікті жіберу, түтік арқылы сабын суға үрлеу.
Айнамен ойындар
Шағылысқан күн сәулелерін жіберу, Күнді ұстап ал, Айнада не бейнеленген?.
Сумен ойындар
Батады - батпайды, Жүзеді - жүзбейді, Бояуларды араластыру (керемет тамшылар).
Жарықпен және көлеңкемен ойындар
Көлеңкелі театр, Кімнің көлеңкесі қызықты, Бұл кімнің көлеңкесі, тап, Жасырынбақ (фонардың көмегімен қараңғыда затты іздеу).
Шынымен ойындар
Әлем, түсін өзгертеді (түрлі-түсті шыны арқылы қарау). Құпиялы суреттер (түрлі-түсті шыны арқылы суреттер қарау: қандай бейнелер көрінбей қалады). Бәрін көреміз, бәрін білеміз (үлкейткіш шыны арқылы қарау).
Дыбыстармен ойындар
Сылдырмақтар, Дыбыс шығаратын бөтелкелер (ішін суға, құмға толтырған немесе бос бөтелкені балғамен ұрса, қандай дыбыс шығарады?), Не сықырлайды, не даңғырлайды?
Жануарлар әлемі
С. Боранбаев, Лақ
Т. Рахимов Ақ лақ
С. Сауытбеков Лақтың кеңесі
Ә. Дүйсенбиев Ақ тайлақ
Т. Жексенбай Лақ пен бұлақ Бақа мен балық
С. Михалков Сүзеген Серкеш
С. Қасиманов Төрт түлік
Ат пен есек қазақ ертегісі
Бұлан түркімен халық ертегісі
Адасқан құмырсқа қазақ халық ертегісі
Тауық пен қоян африка халық ертегіс
Мақтаншақ қоян өзбек ертегісі
М. Жаманбалинов Кім не жейді?
С. Көбеев Құстың ұясы
О. Асқар Мысықпен тілдесу
Өсімдіктер әлемі
Т. Молдағалиев Жапырақтар
М. Әлімбаев Қоңыраугүл
К. Ахметова Алтын дән
К. Баянбаев Қойбүлдірген
Ю. Тувим Көкөністер
М. Төрежанов Шие тергенде
Б. Әдетов Ағаштың беті
Т. Молдағалиев Өрік гүлдеп
Қ. Елемес Бір тал шөп (ертегі)
Ж. Әбдікерейұлы Жауқазын
Н. Құмар Тәтті алма
Өлі табиғат
М. Әлімбаев Кемпірқосақ, Мұз сүңгісі
К. Көпішев Мұз айдыны
И. Суриков Қыс (жатқа айту)
Б. Жақып Сырғанақ
Жаңбыр, жаңбыр, Кел көктем орыс халықтарының тақпақтары (жатқа айту)
Қоршаған ортамен таныстыру
Бұл кім? Бұл не?
Не өзгерді?
Зоологиялық фриздер
Биологиялық фриздер
Заттық фриздер
Жыл мезгілдері
Ауылшаруашылық қызметкерлері не әкелді?
Нанды қалай өсіреді? Бізге күз не әкелді? Кімге не?
Қайдан сатып алуға болады?
Біз автобустамыз (Біз дәрігердеміз, Біз дүкендеміз, Біз кинотеатрдамыз)
Жануарларды қалай күту қажет?
Гүлдерді күтеміз
Сиқырлы қалта
Жылы - суық
Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан 6 жасқа дейінгі)
Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған Біз мектепке барамыз бағдарламасы
Қоршаған ортамен танысу
Мақсаты: коммуникативті-танымдық қызметін дамыту, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға қызығушылығын арттыру.
Міндеттері:
- балалардың қоршаған заттар, олардың сапасы мен қасиеті, қолданылуы туралы түсініктерін жүйелеу және қорытындылау;
- адамдардың қоғамдық өмірі мен қоршаған әлемнің тұтастығы туралы түсінігін, заттардың, оқиғалар мен құбылыстардың бір-бірімен байланысы туралы тәуелділігін анықтай білу іскерлігін, эксперимент жасау дағдыларын қалыптастыру;
- балалардың танымдық белсенділігін, ақыл-ой қабілеттері мен білуге құштарлықтарын арттыру;
- өмірдегі қауіпсіздік ережелерінің негіздерімен таныстыру.
Мазмұны:
Бала, оның отбасы, үйі. Туыстық байланыс туралы түсінігін қалыптастыру, өз жасын, өзінің, ата-анасының толық аты-жөнін білу, басқа отбасы мүшелерін, балабақшасының (нөмірі) және тобының атын, үйден балабақшаға келетін жолды айыру қабілеттерін қалыптастыру.
Отбасылық мерекелер, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, туып өскен жеріне деген құштарлығын қалыптастыру. Балаларды отбасылық мерекелер мен салтанаттарды ұйымдастыруға қатыстыру.
Өзінің ата тегін, ата-баба шежіресін білуге қызығушылығын арттыру. Ата-аналарымен, туысқандарымен сырт келбетіндегі ортақ ұқсастықтарын айыра білуге үйрету (көз, мұрын, шашының түсі, т.б.).
Жақындарына деген мейірімділік пен сыйластық сезіміне тәрбиелеу. Отбасындағы ерекше құрмет пен қамқорлық ата-әжелер мен отбасының ең кенжелеріне тиесілі екендігін ұғындыру.
Халықтық дәстүрге негізделген үлкендерді сыйлау адамгершілік тәрбиесін сақтауға үйрету.
Өзінің балалық шағының оқиғаларына, болашағына, осы шаққа бағасы, өзінің сезімін сөзбен жеткізу мен мәнін түсіну қызығушылықтарына ынталандыру.
Баланың сана-сезімін мен және менің сенімім, әдептілік әліппесі туралы ұғым, мен және менің қоршаған ортаға қатысым (құқық және міндет) бағыттары бойынша қалыптастыру.
Заттар әлемін меңгеру, кеңістікті бағдарлау. Заттар, олардың белгілері мен ерекшеліктері туралы ұғымдарын қалыптастыру. Балаға таныс әртүрлі заттардың атауларын қайталау және қорытындылау, таныс емес заттар мен олардың атқаратын қызметін түсіндіру. Заттардың қандай материалдан жасалғандығын (қағаз, шыны, металл, тері, ағаш) анықтап, сипаттама беріп (мөлдір, қатты, жұмсақ, тегіс), оның сапасы мен ерекшелігін дұрыс анықтай білуге үйрету.
Айналадағы заттар, құрылыс материалдары арасындағы міндет пен байланысты, оның неден жасалғандығы туралы түсінік беру.
Заттарды түсіне, көлеміне, пішініне, міндетіне қарай салыстырып, топтастыра білуге үйрету.
Тұрмыстық техника, оның қызметі, қолдану ережесі туралы түсінік беру.
Бөлменің сәнді, әрі қолайлы жабдықталғандығын көріп-сезіне білуге, заттар мен олардың безендірілуіне талғаммен қарауға үйрету.
Кез-келген зат ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz