Графикалық жарнамалардағы геометриялық фигуралардың маңыздылығы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1.3
І тарау Графикалық жарнамалардағы геометриялық
фигуралардың маңыздылығы.
1.1 Авторлық визитка, буклет, бланк жасау кезіндегі геометриялық фигуралардың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
1.2 Полиграфия және шағын полиграфия түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .4.8
ІІ тарау Стендтер. Стендтерде қолданылатын геометриялық
фигуралардың маңыздылығы.
2.1 Жасалатын жұмысты сәндеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.13
2.2 Түстік үйлесім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13.15
2.3 Интернеттік веб сайттармен жұмыс жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ..15.26
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26.28
IV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28.29
V Қосымшалар

Кіріспе
Елдің қазіргі заманғы даму кезеңі қоғам өміріндегі барлық саланың динамикалық және сапалы өзгеруімен ерекшеленеді. Радикалдық, демократикалық және жаңарту процесі барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік институттарды түгелдей қозғады.
Нарықтық экономиканың дамуы басталды. Нарықтық қатынастардың дамуына бағытталған, сонымен қатар ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметін ынталандыратын және реттейтін, сыртқы экономикалық ортаның дамуына негізделген заңдар мен қаулылар қабылданды.
Осы жағдайларда жарнаманың рөлі артып, әсіресе сыртқы нарықта кең қанат жайды. Экономиканы қарқындандыру, нарықтық принциптерді нығайту, әлеуметтік мәселелерді шешудегі қажеттіліктер, өндіріліп жатқан өнімнің сапасын көтеру және ассортиментін кеңейту жарнама алдында нақты міндеттерді қойды. Жарнама саласында қызмет атқаратын мамандарға өзінің кәсіби біліктілік дәрежесін көтеру, көптеген ұйымдық, кадрлық және өндірістік міндеттерді шешу, жарнама - насихаттарының және ақпараттық қызметтердің жаңа тиімді нысандарын табу талап етілді.
«Жарнама – сауданың қозғалтқыш күші» деген ұран кеңінен қолдануда. Егер ойланып қарасақ, жарнама кең мағынада ілгерілік қозғаушысы болып табылады. Өйткені, көпшілігі жаңа технологиялар мен шешімдер қолданған жаңа тауарларды жарнамадан біледі. Сәйкесінше жаңа тауарлар сұранысқа тез ие болады, онда ауыспалы технологиялар мен өндірістер анағұрлым жоғары қарқынмен дамиды.
Бүгінде жарнама туралы жалпы түсінік қалыптасқан. Жарнаманың жалпы әртүрлі анықтамалары бар. Ол коммуникация процесі, өткізуді ұйымдастыру процесі, қоғаммен байланысты қамтамасыз ететін немесе ақпараттық процес ретінде анықталады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Основы работы с МS Оffiсе и Интернет. Корпорация Місrosoft, 2004.
2. Титоренко Г.А. Автоматизированные информационные технологии в экономике: учеб. для студ. Вузов по экон.спец. — М.:ЮНИТИ-ДАНА, 2006
3. Иттен И.Искусство цвета. - М.: Искусство, 2002-203 б.
4. Зайцев А.С. Наука о цвете и живопись. - М.: Искусство, 1986-158 б.
5. Шукурова А.Н. Архитектура Запада и мир искусства 20 века. -М: Стройиздат, 1989-318 б.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1-3
І тарау Графикалық жарнамалардағы геометриялық
фигуралардың маңыздылығы.
1.1 Авторлық визитка, буклет, бланк жасау кезіндегі геометриялық
фигуралардың
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
1.2 Полиграфия және шағын полиграфия түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .4-8
ІІ тарау Стендтер. Стендтерде қолданылатын геометриялық
фигуралардың маңыздылығы.
2.1 Жасалатын жұмысты сәндеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-13
2.2 Түстік үйлесім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13- 15
2.3 Интернеттік веб сайттармен жұмыс жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ..15-26
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2 6-28
IV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28-29
V Қосымшалар
Кіріспе
Елдің қазіргі заманғы даму кезеңі қоғам өміріндегі барлық саланың
динамикалық және сапалы өзгеруімен ерекшеленеді. Радикалдық, демократикалық
және жаңарту процесі барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік
институттарды түгелдей қозғады.
Нарықтық экономиканың дамуы басталды. Нарықтық қатынастардың дамуына
бағытталған, сонымен қатар ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметін
ынталандыратын және реттейтін, сыртқы экономикалық ортаның дамуына
негізделген заңдар мен қаулылар қабылданды.
Осы жағдайларда жарнаманың рөлі артып, әсіресе сыртқы нарықта кең
қанат жайды. Экономиканы қарқындандыру, нарықтық принциптерді нығайту,
әлеуметтік мәселелерді шешудегі қажеттіліктер, өндіріліп жатқан өнімнің
сапасын көтеру және ассортиментін кеңейту жарнама алдында нақты міндеттерді
қойды. Жарнама саласында қызмет атқаратын мамандарға өзінің кәсіби
біліктілік дәрежесін көтеру, көптеген ұйымдық, кадрлық және өндірістік
міндеттерді шешу, жарнама - насихаттарының және ақпараттық қызметтердің
жаңа тиімді нысандарын табу талап етілді.
Жарнама – сауданың қозғалтқыш күші деген ұран кеңінен қолдануда.
Егер ойланып қарасақ, жарнама кең мағынада ілгерілік қозғаушысы болып
табылады. Өйткені, көпшілігі жаңа технологиялар мен шешімдер қолданған жаңа
тауарларды жарнамадан біледі. Сәйкесінше жаңа тауарлар сұранысқа тез ие
болады, онда ауыспалы технологиялар мен өндірістер анағұрлым жоғары
қарқынмен дамиды.
Бүгінде жарнама туралы жалпы түсінік қалыптасқан. Жарнаманың жалпы
әртүрлі анықтамалары бар. Ол коммуникация процесі, өткізуді ұйымдастыру
процесі, қоғаммен байланысты қамтамасыз ететін немесе ақпараттық процес
ретінде анықталады.
І тарау Графикалық жарнамалардағы геометриялық фигуралардың маңыздылығы.
1.1 Авторлық визитка, буклет, бланк жасау.
Кез келген ақылы жарнама презентация формасы мен тауардың, қызметтің,
ойдың алға жылжуын айтамыз. Ол латын тілінен reclamare, немесе француз
тілінен reclamе аударғанда қатгы айғайлау немесе жарнамалау деген
мағынаны білдіреді.
Біздің жарнама дегенде білеріміз - бір топтың немесе бір фирма
өнімінің жақсы жағын насихаттап, мақтайды деген үстірт түсінік. Алайда
жарнама құрылымының сипаттамасына тереңірек зер салып, үңіле түссек, бұл
құрылымның бастауында оның қалыптасу тарихы мен өзіндік кезеңдері бар
екенін аңғарамыз. Ал, сонымен жарнама дегеніміз не? Осыған тоқталсақ.
Жарнама - спектакль, концерт, дәріс немесе көрермендерге арналған
басқа да мәдени шаралар, спорттық жарыстар, ойын-сауықтар туралы
хабарландырудың бір түрі. Немесе: Жарнама дегеніміз - белгілі бір фирма,
тауар немесе қызмет түрі жайлы мағлұматтардың бұқаралық ақпарат құралдары
арқылы жариялануы,- деген жалпыға ортақ анықтама бере отырып, таралуына
қарай жарнама ақылы және жанама болып бөлінеді. Газет бетін сатып алып,
жарнамалау ақылы деп аталады. Ал өнімді ұсынушы адамның немесе фирманың
көпшілік қауым мен бұқаралық ақпарат құралы арасында болатын әртүрлі
байланыстар жанама жарнамаға тән. Оның тиімді тәсілі мектепте, қарттар
үйінде, тағы басқа мекемелерде фирманың өз өнімдерін тегін таратуы. Жанама
жарнаманың басты үш қызметі бар. Олар:
- нарық кеңістігінде әйгілі болу;
- фирманың беделін арттыру;
- тығырыққа тірелген кезде өз беделін сақтап қалу мақсатында
жарнамалауды жүзеге асыру.
Жарнаманың жеке адамдарға арналған хабарландыру, құлақтандыру,
сақтандыру секілді түрлері де болады. Мәселен: жекелеген адамдардың
жоғалған, ұрланған құнды заттарын, құжаттарын жарнамалайды. Бұл дегеніміз
жарнаманың сақтандыру немесе құжаттандыру түрі болып табылады. Бүгінгі
таңда белгілі бір кәсіпорынның өнімін жарнамалау кеңінен тарап кетті.
Мұндай бағыттағы жарнаманы жүзеге асыру үшін мейлінше өнімнің жақсы
қасиеттерін көрсетуге тырысады. Яғни, бұл ақпараттық сипаттағы жарнамаға
жатады. Құрылымдық жағынан жарнама суреттер арқылы безендірілетін және тек
сөздерден тұратын жарнама болып бөлінеді. Жарнама БАҚ-тың барлық түрінде
кездеседі.
Жарнамаға әйгілі маркетолог Филип Коттлер былай анықтама береді:
Жарнама - нақты қаржыландырудың қайнар көзі көрсетілген, ақпаратты
таратудың ақылы құралдары көмегімен жүзеге асатын коммуникацияның өзіндік
нысаны. Ал Американдық маркетинг ассоциациясының берген анықтамасы
бойынша: Жарнама - бұл тапсырыс берушінің нақтылы төлемімен тауарларды
және қызмет көрсетудің кез-келген формасы және ол тиімді әдіс-тәсілдерді
қолдана отырып тұтынушыларға қызмет көрсететін және маркетингтің құрамдас
бөлігі болып табылады,- деп тұжырымдайды. 1996 жылы шыққан Сауда туралы
жарнама кітабының авторлары В.Беклешев және С.Вороновтың жарнамаға берген
анықтамасы АҚШ-тағы Эдвертайзинг Эйдж журналында өткізілген конкурс
барысында мақұлдауын алғаны белгілі. Бұл жерде жарнамаға жалпы сипаттама
бере келе Жарнама - ол жарнама беруші қарамағынан шығатын бұқараның
мақұлдауын, дауыстарын алуы, тұтынушылар мен тұтынушылар санын көбейту және
табысты көбейту мақсатында алдын-ала ақысы төленген тауар, қызмет, қоғамдық
қозғалыс немесе тұлға туралы баспа, қолмен жазылған, ауызша немесе бейнелік
хабарлама,- деп нақтылы тұжырымға келген.
Ұраншылар институты мемлекеттік билік орнатудағы ежелгілерінің бірі
болып саналғандықтан, мұндай қызмет барлық ежелгі мемлекеттерде тіркелген.
Еуропа территориясында ұраншылар хабарландырулары б.з.б. ХІҮ ғ. жатқан Крит-
Микендік мәдениетінің орталықтарында қазба жұмыстары кезінде табылды.
Ұраншылар ежелгі ірі қалаларда адамдардың көп шоғырланған жерлерде
күнделікті ақпарат беру үшін қызмет еткен. Негізінен бұл ақпарат
мемлекеттік бұйрық түрінде саяси мәнде болған, бірақ көп жағдайда ұраншылар
тұрғылықты халыққа жалпылай маңызды ақпаратты беріп отырды. Әйгілі
қолбасшыларды ұрандау, елшілердің келуі туралы алдын-ала айту, нан тарату
немесе жақында цирктің көрсетілуі туралы хабарды тарату түрлері ертеде жиі
кездесіп отырған.
Мәдениеттанушылардың пікірінше, ежелгі және ортағасыр заманында
қоғамдық-рухани өмір салты ауызша формада көрініс тауып, жалғасып отырған.
Мұны жарнамалық мәтіндердің ауызша нұсқалары дәлелдейді. Саудагерлердің
айқайлары жарнаманың ерекше жанрын қалыптастырды, бұл жарнамалар:
• тауар мен қызмет көрсетуді ұсыну түрінде;
• жаяу қолөнершілердің делдалдарының шақырулары;
• жарнама құралдары кешені (ауызша - сөз түрінде, әртүрлі бейнелік
элементтер, мимика мен ым (жест) түрінде ұсынылып отырған.
Сол кездің өзінде жарнаманы өткізетін ыңғайлы уақыт пен орын таңдауды
ұйымдастыру аса маңызды болған. Ал бейнелік жарнаманың бастаулары
адамзаттың ою-өрнек, сурет пен мүсіндерді игеруімен тығыз байланысты.
Ежелгі Грекияда көркемөнер мен қолөнершілердің жасаған бұйымдарын
фирмалық таңбамен белгілеу дәстүрі қалыптасқан. Осылайша қазір жарнаманың
әдіс-тәсілдері болып табылатын таңбалық құралдар меңгерілуі ежелден бастау
алған. Мәдениет дамуының бастапқы кезеңдерінде-ақ жарнама жазбаша мәтін
түрінде шыға бастады. Әрине, бұл жазудың пайда болуымен сипатталады. Антика
кезеңіндегі жазбаша жарнама өмірдің барлық салаларын қамтыды. Фаустин
табыстарына монша өзінің барлық қызметтерін ұсынады - деп Рим
азаматтарының сүйікті антикалық моншалары жарнамаланған. Осындай сипатқа ие
болған жарнама антикалық қалаларда адамдардың көбірек шоғырланған
аудандарында арнайы бөлінген орындарда жүзеге асып отырды. Жарнамалық
мәтіндер бүгінгі заманның
өнертабысы емес, олардың бастаулары ежелгі замандардан көрінеді, яғни,
антикалық заманда жарнамалық қызмет қалыптаса бастады деп тарихи
жәдігерлерге көз жүгірте отырып нақты айта аламыз. Демек, афиша, плакат,
сауда маркасы, жарнамалық акция сияқты құбылыстардың бастапқы түрлері
антика заманында қалыптасты деуге толық негіз бар.
Ортағасырлар дәуірі 476 жылдан, яғни, Ұлы империяның күйреуіне себеп
болған Рим варварларының жаулап алуынан басталып, Қайта өрлеу дәуіріне
дейін созылғаны белгілі. Мәдениет сахнасында рухани дүниетаным, христиандық
идеология, шіркеу институттары қалыптасты. Осының арқасында халық көбінесе
уағыздау, рухани насихаттау мен ілімдердің рухани әсерін қабылдауға
қабілетті болды. Осындай мәтіндердің әрқайсысы діни жарнама сипатында
болған.
Қауымға ауызша түрде шіркеу қызметкерлері ғана емес, сонымен бірге
әкімшілік өкілдері мен саудагерлер де ықпал етіп отырған. Ұраншылар
институты антикалық заманнан ортағасырлық мәдениетке өткен.
Жарнамаға деген сұраныстың артуы Х-ХІ ғғ. ортағасырлық қалалардың
өсуімен байланыстырылады. Урбанизация бұқаралық ақпараттандырудың, оның
ішінде жарнаманың көп түрлерінің пайда болуына себеп болды.
Ұраншылар әртүрлі сауда гильдияларын өткізу үшін қызмет еткен. Ағымдық
әкімшілік бұйрықтарды хабарлайтын патшалық және рыцарлық геральд-ұраншылары
және қалалық ұраншылар болған. Ұраншылар тарататын ақпарат жоғарыдан
төменге бағытталған түрде ғана болған жоқ. Кейбір ұраншылар халыққа
қажетті нәрселерді сату, сатып алу туралы хабарламалар жинаған. Гильом де
Вильнев құрастырған Париж ұрандары жинағы XIII ғасырда жазылғандығын
ескерсек, бұл жинақта жарнамалар бұқаралық байланыстың ерекше түрі және
қызметі ретінде бағаланған. 1608 жылы жарық көрген Лондон ұрандары
кітабында алғашқы ауызша жарнаманың мысалдары келтірілді. Бұл жерде:
Әйелдер мен еркектердің назарына! 24 жастағы келіншек жөнінде хабарыңыз
болса, ұраншыға хабарлаңыз, Сізге еңбегіңіз үшін көп алғыс айтамыз... деп
жазылған. Мұның өзі ауызша жарнаманың мазмұнды әрі айқын түрі.
Ортағасырлық жарнама әлемі ауызша мәтіндермен ғана шектелген жоқ.
Суретшілер, мүсіншілер шеберлігі жарнамалық қызметтің белсенді жұмыс
атқарылуына әрқашан көмектесіп отырды. ХІ-ХІІ ғғ. геральдика — таңбалар
жүйесі қалыптасты. Партолло дё Сассоферрато Белгілер мен елтаңбалар
жөнінде трактатында суреттерді дұрыс қолданудың ережелері мен принциптері
туралы жазған.
Көріп отырғанымыздай, жарнама әсер етудің жаңа түрлерін уақыт өте келе
өзіне сіңіріп отырды. Күнделікті болып жатқан оқиғалар туралы ақпаратты
қоғамның үнемі талап етуі жаңа мамандарды қалыптастырды. Англияда олар
newsmen, Францияда - нувелисттер, Италияда -новелланти, яғни
жаңалықтарды жинаушылар мен таратушылар деп аталды. Олар кездесу орындары
мен ақпараттың қайнар көздерін іздестіре отырып, осының негізінде кейінірек
ақпараттық бюро қалыптастырады. Жарнаманың әрі қарай дамуына Иоганн
Гуттенберг ойлап тапқан баспа
станогының пайда болуы көп септігін тигізді. Бұл кезден бастап-ақ жарнама
сипатында болған парақшалар таралымы мың данаға дейін өскен.
ХҮ ғасырдан бастап Батыс Еуропада ірі баспа нарығы қалыптаса келе,
әртүрлі баспалардың бәсекесі туындағаны тарихтан мәлім. XVIII ғасырдың
өзінде жарнамалық ақпарат газеттердің едәуір көп бөлігінде жарияланып
отырған. Кейін журналистиканың дамуымен газеттердің сыртқы келбеті мен
жарнама беру әдісі біршама өзгеріске ұшырады. Нарықтағы жарнама жасаушылар
осы өнім адамдардың талғамына әсер ету мүмкіндігіне ие болды.
Жарнама зеттеушісі Бил Бернбах Жарнама бұл ғылым емес, бұл сендіру.
Ал сендіре білудің өзі үлкен өнер деп баға берген екен. Келесі бір
анықтамаға сүйенсек, жарнама сөзі ағылшынша эдвертисмент, яғни
коммерциялық хабарландыру деген мағынаны береді. Демек, жарнама дегеніміз
өзін танытуды және айналымын көздеген фирма, тауар немесе қызмет көрсету
түрлері туралы мәліметтердің ақылы түрде БАҚ-тан орын алуы деп тұжырымдасақ
та орынды секілді. Кез келген ұғымның анықтамасын белгілеп алғаннан кейін
міндетті түрде құбылыс ретінде қарап оның қалыптасу тарихына көз жүгіртпей
болмайды.
Жарнаманың алғашқы қадамы сонау ертеден, Греция мемлекетінен
басталады. Билеушілердің аты мен оларды мадақтайтын жазбалар ойылып, ірі
құрылыстар нысандарын безіндіру үшін қолданылған. Бұл жарнаманың ең алғашқы
белгілері болып табылады. Қыш құмыраларға салған шебердің белгісі бүгінгі
тауар белгісімен сай. Жарнамалық жазуларға, сол кездегі үкім, бұйрық, ресми
мәліметтер және жекелеген хабарлар жатқан, олар тасқа қашалып, ағаш пен
сүйектерге салынған, сондай-ақ шығыс елдеріндегі таңертең ерте
Тыңдаңыздар! ... деген ұранын жарнаманың алғашқы белгісіне жатқызуға
болады.
Ағартушылық, мәдениет, ғылыми білімнің ілгерілеуіне ықпал еткен 1448
жылы Иогон Гутенбергтің ойлап тапқан баспа станогы жаңа қадамдар жасағаны
белгілі. Бұл жаңалық баспа жарнамасының пайда болып, ілгерілеуіне оң ықпал
тигізді. Ең алғашқы баспа жарнамалары Англияда Гутенберг жаңалығынан кейін
30 жыл өткен соң пайда болды.
Ал Францияда жарнама 1612 жылдан бастап дамыды. Сан ғасырға созылған
жарнама құрылымының жетілуі ақыр соңында теледидардың, радионың пайда
болуына байланысты бұл салаға да сіңісіп кетті. Алғашқы радиожарнама 1920
жылы Питтсбургте радиотаратудың іске қосылуымен эфирде берілді.
Тележарнамалар АҚШ-та 1941 жылы экранға шықты. Осылайша қоғамның дамуымен
бірге жарнаманың берілу стилі, ауқымы кеңейе түсті. Жарнама жасау үшін
жоғары білім мен біліктілік қажеттілігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
1.2 Полиграфия және шағын полиграфия түрлері
Полиграфия (поли... және .. .графия)— мәтіндік және графикалық
материалдарды басып шығаруға арналған техникалық құралдар жиынтығы; техника
саласы. Полиграфияның негізі 1440 жылы неміс өнер тапқышы И.Гутенбергтің
(1406 — 1468) кітап басуды ойлап табуынан бастап қаланды. Полиграфия
технологиясы негізінен 3 өндірістік процестен (пішінге келтіру, баспалық
және өңдеу) құралады.
Пішінге келтіру процесіне теру және иллюстрация баспа пішінін дайындау
енеді. Мәтіндік пішін қолмен не теру машиналарымен терілетін баспаханалық
шрифтіден алынады. Қазір автоматты теру әдісі кең тараған. Иллюстрация
баспа қалыбын қолмен дайындауда шығыңқы баспада ағаш гравюрасы, ксилограф,
не линогравюра; ойыңқы баспада металл гравюрасы, акватинта, офорт; жайпақ
баспада литография пайдаланылады. Сондай-ақ иллюстрация пішін
фотомеханикалық тәсілдермен (автотипия, фотоцинкография, фотолитография,
фототипия, т.б.) және электронды бедерлеу машиналарының көмегімен де
алынады.
Баспалық процесс кескін бояу резервуарында, аралық бетте және
қабылдағыш бетте түзілетін түрлерге ажыратылады. Қазіргі полиграфиядағы
баспалық процесте бояулы кескін пішіннен көшірілетін бетке тікелей
беттестіру арқылы немесе бір (офсеттік баспа) не екі аралық бет арқылы
басылады. Баспалық процесс баспа машинасы арқылы орындалады.
Өңдеу процестері баспа өнімдерінің түріне байланысты жүргізіледі.
Кітап пен журнал дайындауда қолданылатын өңдеу процесі (брошюралау, түптеу)
тым күрделі. Полиграфңя кәсіпорындар шығаратын өніміне байланысты
баспахана, типография, түрлі-түсті баспа фабрикасы, картография фабрикасы,
офсеттік баспа фабрикасы, литография, т.б. болып аталады. Бірнеше баспалық
процестерді біріктіретін кәсіпорын Полиграфия комбинаты (мысалы, Алматы
қаласындағы "Полиграфкомбинат" кәсіпорны) делінеді.
Шағын полиграфия
1. Жалпы ақпарат. Күн сайын әр түрлі тауарлар мен қызметтер ұсынатын
жеке фирмалардың көптеп ашылуы полиграфиялық қызметтің дамуына себепші
болып отыр. Фирмалар брошюралар, буклеттер мен үнпарақтар түріндегі түрлі
жарнаманы, бухгалтерлік есептілікті жүргізу үшін көп көлемде түрлі
бланкілер мен формулярларды қажет етеді. Сондықтан да полиграфиялық
қызметтерге сұраныс артып отырған осы кезеңде бұл бизнес түрімен айналысу,
нарықтық конъюнктура тұрғысынан алып қарағанда, өзін-өзі ақтайтын болады.
2. Ғимарат. Типографияны орналастыруға келетін болсақ, онда ең тиімді
орындар - бизнес-орталықтар, білім беру мекемелері және т.б. Шағын
типография 30-40 шаршы метрден артық жерді қажет етпейді. Климаттық
жағдайларға да назар аудару қажет, олар жұмысыңыздың ерекшелігіне сай болуы
керек. Желдеткіш пен ауасорғыш жүйесі дұрыс жұмыс істеуі тиіс. Бұл бизнесті
ұйымдастыруда тұрғын үйлерден аулақ жүрген жөн, өйткені тұрғындармен
көптеген проблемалар болып қалуы мүмкін. Типография қолжетімді жерде
орналасқаны жөн және клиенттер тапсырыс беру үшін, дайын өнімін алып кету
үшін рұқсат қағазын алып, белгілі бір өнеркәсіп аумағында жүріп қалмай,
сіздермен жұмыс істеу барасында мүмкіндігінше аз уақыт жұмсауы керек.
3. Құрал-жабдықтар мен материалдар. Шағын типография үшін құрал-
жабдықтар таңдау барысында келіп түсетін тапсырыстар көлемі өндіріс
қуатының оңтайлы жүктемесін қамтамасыз ететіндей болу керектігін ескеру
қажет.
Шағын типографияны жабдықтауды ең қымбат машиналардан бастамай, даму
мен тәжірибенің жинақталуына байланысты жетіспейтін құрал-жабдықтарды
шетінен сатып алып отырған жөн. Типографияның баспалық кызметінің негізгі
бағытына сәйкес құрал-жабдықтарды таңдау бірнеше өлшемдер бойынша
жүргізілуі мүмкін.
Егер типография көп жағдайда ақ-қара материалдар шығаратын болса, онда
ризограф иелену пайдалы. Ризограф жұмысының жылдамдығы мен үнемділігі
арқасында шағын типографияларда кеңінен пайдаланылатын танымал құрал болды.
Жеке басылымның өзіндік құнының, энергия шығынының төмендігі, экологиялық
тұрғыдан зиян еместігі, шығын материалдарының қолжетімділігі ризографтың
негізгі басымдықтары болып табылады. Бұдан бөлек, ризографты пайдалану
баспа үдерісін дайындауда қосымша шығынды және дербес арнайы оқытуды талап
етпейді. Бұл машиналар талғаусыз қоректенеді және кез келген сападағы,
арзан және жұқа қағаздан бастап картонға дейінгі қағазбен жұмыс істей
алады. Полиграфия қызметі нарығының бірқатар мамандары қайтадан құрылған
типография үшін негізінен жаңа ризограф алу керектігін алға тартады. Бұл
оған иелік етушіні өндірістің басты элементінің мүмкін болатын сынып
қалулары мен тоқтап қалуларына қатысты проблемалардан құтқарады.
Егер типография одан да қиын тапсырыстарға мамандануға ниет етсе, онда
ризографтың орнын басатын құрылғы - күрделі түстерді құра алатын, оларды
араластыратын, сондай-ақ ауқымды тапсырыстарды орындай алатын толыққанды
офсеттік машина.
Офсеттік машинаны пайдалану, ризографты пайдалануға қарағанда қымбатқа
түседі, бірақ сапа мен өнімнің өзіндік құнының арақатынасы сенімді түрде
бұл олқылықтың орнын толтырады.
4. Қызметкерлер. Қызметкерлерді таңдау барысында үміткерлерге жоғары
талап қойыңыз. Сіздің дамуыңыз көбінесе баспашыға байланысты. Әдетте штатта
мынадай қызметкерлер болады: баспашы, оның көмекшісі, маман, кесуші,
тапсырыс бойынша менеджер. Баспашы маманының жалақысы жоғары болғанымен,
оны табу оңай емес. Өйткені оның еңбегі ауыр әрі үнемі бояумен жұмыс
істейтіндіктен денсаулығына зиян. Сонымен, сіздің типографияңыздағы басты
қызметкерлер - баспашы мен тапсырыс жөніндегі менеджер. Әдетте, тапсырыста
күзге қарай және жыл басына қарай көбейеді.
5. Болжамды есептеулер.
5.1. Шығыстар:
- ризограф, моделіне байланысты - 450 000 теңгеден жоғары.
- кескіш, моделіне байланысты - 10 000 теңгеден жоғары. - раминатор,
моделіне байланысты— 12 000 теңгеден жоғары.
- брошюрашы - 20 000 теңгеден бастап,
- гимарат жалдау 30 м2 — 80 000 — 90 000 теңге.
- қағаз, бояу - 150 000 теңгеден жоғары. Барлығы: шамамен 750 000
теңге.
5.2. Баспа өнімдерінің негізгі түрлерінің орташа өзіндік құны:
- Парақша: формат А4, толық түсті, 2-жақты басып шығару, жылтыр, 500
дана, өзіндік құны - 40 000 теңге, соңғы баға - 55 000 теңге.
- Журнал: А4, 48 жолақ, қара-ақ, түрлі түсті мұқаба, 1 000 дана,
өзіндік құны -110 000 теңге, соңғы баға - 160 000 теңге.
- Буклет: АЗ, 1000 дана, өзіндік құны - 42 000 теңге, соңғы баға - 60
000 теңге.
Фирмалық стиль: оның қызметтері мен негізгі элементтері
Тұтынушылар үшін күресте, брендинг қалыптастыруда басты құралдардың
бірі болып табылатын фирмалық стиль бүтінде фирманың барлық коммуникациялық
саясатының негізі болып табылады. Оны қолдану безендіруді, түстердің
мазмұндас келуін, жарнамадағы образбен, іскери қағаздармен, техникалық және
іскери құжаттармен, өнімнің қаптамасымен және т.б. бірынғайлықты ұйғарады.
Фирмалық стиль — жарнаманың заманауи және өзекті түрінің бірі. Көптеген
зерттеуші оны маркетингтік коммуникацияның ерекше түрі деп қарастырады.
Фирмалық стильде түстердің жиынтығы, графикалық және басқа да тұрақты
элементтері тауардың (қызметтің) көріністік және мағыналық бірлігін
құрайды, фирма жайлы ақпаратты береді. Фирмалық стиль ұйым өмірінде мынадай
маңызды қызметтер атқарады:
1. Имидждік қызмет. Беделі мен абыройын арттырудағы компанияны дамыту
мен қолдау. Фирманың мұндай түсінігі бүкіл аудиториямен қатар оның
тауарларына да әсер етеді. Көптеген адам тауар сапасын танымал тауар
белгісіне қарай бағалайды әрі анонимдік тауарларға қарағанда бұлар үшін көп
ақша төлеуге де дайын.
2. Теңдестіру қызмет. Фирмалық белгі тауарлар мен жарнаманы
теңдестіріп, олармен фирма арасындағы байланысты анықтайды.
3. Сараланған қызмет. Жалпы қаржыдан фирманың тауарлар мен
жарнамаларына бөлінген көзі. Ол тауарлар ағыны мен жарнамаға бағытталған
нақты ақпарат тасымалы болып табылады.
Фирмалық стильдердің жүйесіне мынадай негізгі элементтер жатады:
• тауарлық белгі;
• логотип;
• фирмалық блок;
• фирмалық лозунг (слоган);
• фирмалық түс гаммасы;
• фирмалық қаріп жиынтығы;
• басқа да фирмалық константалар.
Тауарлық белгі. Оның бес негізгі түрі бар: ауызша, бейнелі, көлемді,
дыбысты, аралас.
Логотип — бұл тауарлық белгінің ең көп тараған түрі (тауарлық белгінің
80%-ға дейінгісі ауызша белгіде болса, шамамен тіркелген бес тауарлық
белгінің төртеуі логотип түрінде болып келеді). Бейнелі тауарлық белгіде
фирманың эмблемасы, бірегей суреті болады. Кез келген пішіннің бейнесі,
табиғи басқа да нысандар бейнеленеді.
Көлемді белгіде — нысан, кескін, аралас сызықтар болады. Ереже бойынша
ең көп тараған көлемді белгілерге түрлі қаптамадағы тауарлар жатады:
бөтелке, флакон, қораптар сондай-ақ арнайы бір қалып (мысалға:
шоколад,
сабын қалыбы).
Дыбысты тауарлық белгі — мұнда мелодия, шум, дыбыс болады. Ол радио
және телеарналарға арналған.
Аралас тауарлық белгі, көбінесе, сөздер мен бейнелердің аралас келуі.
Фирмалық блок. Екі немесе одан көп элементтердің үйлесуі. Бұл элементтерге
көбіне фирмалық лозунгты да қосады. Кейде фирмалық блокқа компанияның ресми
атауы, пошталық мекен-жайы, банктік реквизиттері, компанияның жарнамалық
белгілері, тауарлар жіктелісі мен қызметтері, графикалық элементтер,
жекелеген фразалар да пайдаланылады. Фирмалық лозунг (слоган). Слоган тек
фраза түрінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті қолдануға келетін
компанияның ұраны ретінде де жасалады. Тауарлық белгіге қарағанда слоганның
өзінің бейнелі және аудиолық түрі болады. Фирмалық слоган компанияның
спецификациясын білдіріп, өзге бәсекелестерінен ерекшелеп тұруы керек. Өзге
де стильдермен - дыбыс, ритм үйлесім табуы керек. Көптеген сәтті фирмалық
слогандар он жылдай өмір сүреді.
Фирмалық түс гаммасы. Көптеген компанияның көбінесе өздеріне тән
түстер арқылы бірден тануға болады. Басқалардан олардың көбірек есте
сақталатыны да сондықтан. Мысалға, Билайн компаниясы, сары және қара түс,
Макдональдс мейрамханалар желісі - қара және сары түс, Кодак фирмасы
сары және алтын түстес.
Фирмалық түс компания қызметімен үйлесіп, сатып алушыға деген
эмоционалдық әсерін назарда ұстау керек.
Компания қызметіне қарай түстің де сипатына мән беру керек, мысалға
сақтандыру және қаржы секторлары консервативті түстерді: көк, жасыл
таңдайды. Ал егер тауар түрлері көп болса, онда ашық түстер келеді.
Фирмалық стилде егер бизнестің сипаттамасымен сай келмесе, түстердің көп
болуы қажет емес. Ең жақсы деген фирмалық түс екі тұстен артық болмайды.
Фирмалық қаріп жиынтығы. Материалдарды жазуда әрі безендіруде әрқашан
тұрақты түрде қолданылатын қаріп. Олар компания қызметіне, идеясына сай
келу керек. Жақсы оқылатын болғаны жөн. Банктер мен сақтандыру
компанияларының қаріптері - тік, майлы, ресми келеді. Беттеу де фирмалық
стильдің түрі болып келеді. Басылым форматы да ерекшелікке ие. Кейде,
тіпті, компания өкілі де фирмалық стильдің элементіне жатады. Компанияда
өзінің фирмалық этикеті, сөйлесу стилі, киім үлгісі (дресс-код) және тағы
басқа белгілері болады.
ІІ тарау Стендтер. Стендтерде қолданылатын геометриялық фигуралардың
маңыздылығы.
2.1 Жасалатын жұмысты сәндеу.
Жарнама дизайны курсы Сізге графикалық дизайнның әртүрлі өнімдерін:
белгіні және логотипті жасаудан бастап жарнамалық топтамаға дейін жобалау,
концепцияны тұжырымдау және оны сапалық графикалық түрде -фирмалық стиль,
визуалды коммуникация, тұсаукесер жүйелерін жасап шығаруда дәйекті іске
асыру принциптерін меңгеру жөніндегі кәсіби дағдылар береді.
Курс келесі пәндерді оқудан басталады:
Сурет және кескіндеме - заттардың және геометриялық пішіндердің дұрыс
пропорциялары, белгіленген қалыптағы сауатты композиция бойынша базалық
білімдер, графикалық және үндестік шешімнің амал-тәсілдері; көркемсуреттегі
әртүрлі техникалармен және материалдармен танысу. Аталған пәннің нәтижесі
заттың көлемдік пішінін дұрыс көре білу және оны қағаз парағының
жазықтығында қисынды да ретті бейнелей біле алу болып табылады.
Түстану - өзіне түстің негізгі сипаттамаларын (түс реңі, ашықтық,
қаныққандық), түстердің гармониялы үйлесімін оқып білуді қосатын, түс
туралы кешенді ғылым.
Аталған пәннің қорытындысы жарнама дизайнында түсті сауатты қолдану
жөнінде білім алу болып табылады.
Қаріп - қаріптің тарихын, қаріп түрлерінің эволюциясын және олардың
басып шығару технологияларымен өзара байланысын, қазіргі терім қаріптерінің
классификациясын, белгілердің анатомиясын, қаріптің морфологиясын және
эстетикасын, стиль түсінігін, қазіргі қаріп мәдениетін оқып біледі.
Арнайы композиция - композицияның визуалды коммуникациялар жүйесіндегі
ролін зерттейді, құралдарды, түр мен мазмұнның бірлігін, бейнелілікті,
түрді, пішінді сызық, дақ арқылы анықтауды, фактурамен жұмыс істеуді,
қаріпті және бейнені стильдеуді және трансформациялауды, қаріпті және бейне
элементтерінің байланысын, тепе-теңдігін және сай келушілігін, қаріп
композицияларын жасауды оқып біледі. Материалтану негіздері - жарнама
өнімінде пайдаланылатын әр алуан материал түрлерін оқып білу, жарнама
өнімін жасау үшін материалдар тобын дұрыс таңдап алу.
Кәсіби Соrеl Draw және Рhоtо Shор компьютерлік бағдарламалары.
Бағдарламаның құралдарын, сурет салудың, нысандарды трансформациялаудың
қасиеттерін және мүмкіндіктерін оқып білу. Соrеl Draw және Рhоtо Shор
бағдарламаларын, анимация, кітап басу бағдарламасын жарнама өнімінің,
кітаптардың компьютерлік графикасын көрсету және веб-сайт жасау үшін
пайдалану.
Графикалық дизайндағы графиканың және технологияның қазіргі түрлері
-графиканың әр алуан түрлерін оқып білу: граффити жұмыстардың стилистикасы,
әзіл суреттер, комикстер. Басып шығару үшін қажетті жабдық- принтерлер,
плоттерлер, сканерлер, сандық фотокамералар, графикалық планшеттер. Сандық
басып шығару технологиясы.
Арнайы сурет - графикалық жұмыстарды нысандардың өздерінің және
белгіленген қасиеті бойынша стильдеу тәсілдерін пайдалана отырып орындау.
Бірыңғай идеямен біріктірілген жарнамалық баспа өнімінің орындау бойынша
жаттығулар және нобайлар орындау. Жарнама өнімін орындау бойынша нобайлар,
фирмалық стиль жасау жөніндегі жаттығулар. Жарнама өнімін жобалау -
жарнамалық полиграфия өнімінің топтамасын жасап шығару: логотип және
полиграфиялық өнім, фирмалық стиль (логотип, конверт, этикетка, орама,
бумалар, салпыншақтар, үнпарақтар мен буклеттер және т.с.)
Бизнес-процесті ұйымдастыру - өзіне мыналарды қосатын өз бизнесін
құруды оқып білу:
- бизнес ұйымдастыру үшін алаңды таңдап алу;
- өндірістік процесті жобалау;
- бизнесті ұйымдастыруға кететін экономикалық шығындар: құрал-
жабдыққа, тігін жабдығына, материалдар сатып алуға кететін шығындар,
жалақы, коммуналдық шығындар, салықтар, жарнама, сату;
- кәсіби этикет клиентпен сенімді қатынас жасау тәсілдері, клиенттің
қызығушылығы және клиенттерді тарту, клиенттің қажеттілігін және мүдделерін
анықтау;
- өз ісіне бизнес-жоспар жасау.
Тұсаукесер - жарнаманың дизайн-жобасын: жарнама өнімін көрсете отырып,
нобайлар каталогын көрсету.
Тыңдаушы өз жұмыстарын көрсетуін аяқтаған соң оған Жарнама дизайнері-
суретші біліктілігі, курста оқудан өткені және біліктілік
берілгендігі туралы
сертификат беріледі.
Оқудың ұзақтығы: 360 академиялық сағат (10 ай)
Сабақ кестесі: аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма немесе
сейсенбі,
бейсенбі, сенбі).
Бір сабақтың ұзақтығы: 3 академиялық сағат
Топта оқудың құны 1 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz