Пародонттың анатомиясы мен физиологиясы


Жоспар
Пародонт аурулары
- Пародонттың анатомиясы мен физиологиясы
- Пародонттың құрылысы
- Пародонттың қызметі
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Пародонт аурулары бет-жақ сүйегі аймағының көп таралған және күрделі ауруларын құрайды. ДДҰ-ның мәліметіне сүйенсек, пародонт аурулары нәтижесінде тістерді жолғатудан бет-жақ сүйек жүйесіндегі функционалдық ауытқулар туындайтын асқынған тісжегі кезінде жұлынған тістер әсерінен дамитын функционалдық ауытқулардан 5 есе көбірек орын алады екен.
Осыған байланысты болашақ дәрігер-стоматологтар пародонт ауруларының клиникалық ерекшеліктері, диагнозын нақтылау, емдеу әдістері және олардың алдын алу шаралары туралы жақсы мәлімет алулары қажет.
Пародонттың анатомиясы мен физиологиясы
Пародонт туралы ұғым. Пародонт деп бір-бірімен генетикалық, морфологиялық, функционалдық тығыз байланысты тісті қоршаған тіндер кешенін айтады. Бұл кешеннің құрамына қызылиек, периодонт, альвеола өсіндісі және тіс тіндері кіреді.
Ең алғаш тіс төңірегіндегі тіндер кешені туралы ұғымды 1905 жылы орыс ғалымы н:н:Несмеянов қалыптастырды және патологиялық үрдіс кезінде барлық тіндер кешені жарақаттанады деп қорыта келе, бұл кешенді құрылымды «амфодонттық ағза» (амфодонтный орган) деп атауды ұсынды.
Пародонттың құрылысы
Пародонт құрамына кіретін тіндердің біразының (периодонттың, тіс тіндерінің) анатомо-гитологиялық құрылымы туралы мәлімет ертеректе қысқа мәлімет берілгендіктен, бұл бөлімде тек қызылиек пен альвеола өсіндісі туралы ғана беруді жөн деп санадық.
Қызылиек деп ауыз кілегейлі қабығының жақ сүйектерінің альвеола өсіндісін жауып тұрған бөлігін айтады және ол пародонттың маңызды құрамы болып саналады.
Клиникалық және физиологиялық көзқарасқа сай, қызылиектің үш бөлігін ажыратады. Олар: 1) тістераралық қызылиек бүртігі (десновой сосочек), қызылиек жиегі (десновой край), екеуі қосылып еркін қызылиекті (свободная десна) құрайды, үшінші альвеола бөлігі - альвеолалық немесе бекіген қызылиек (альвеолярная или прикрепленная десна) .
Еркін қызылиек тіс мойнына тығыз жанаса орналасқан, ал альвеолалық қызылиек дәнекер тін талшықтары арқылы альвеола өсіндісінің сүйек қабымен бітісіп кеткен.
Тіс мойынымен еркін қызылиек арасында тереңдігі 1, 0-1, 5 мм тар саңылау (желобок) орналасқан және ол «қызылиек сайы» («десневая борозда») деп аталады. Қызылиек сайының қызылиек жақ қабырғасын және табанын эпителий жауып жатады және ол кіреуке кутикуласына барып бекиді. Бұл аймақтағы құрылым тіс-эпителий бекімі (зубо-десновое прикрепление) деп аталады.
Бекім эпителийінің тіс тіндерімен қосылу механизмі осы уақытқа дейін нақты анықталған жоқ.
Электронды-микроскопиялық зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, бекім эпителийінің беткей қатарындағы клеткалардың көптеген гемидесмосомдары тіс бетіндегі органикалық матрицаның (қалыңдығы 40-120 мкм) жұқа түйіршікті қабаты арқылы апатит кристалдарымен байланысқан.
Қалыпты жағдайда қызылиек сайының табаны кіреуке-дентин шекарасы деңгейінде орналасқан, ал адамның жасы ұлғайған сайын біраз төмендей немесе жоғарылай түседі.
Тісаралық қызылиек бүртігі пішіні үшкір ұшы тістердің тістеу қырына немесе шайнау бетіне бағытталған конусқа, ал ал ауыз кіреберісі үшбұрышқа ұқсас келеді және көршілес тістер арасындағы кеңістікті тығыз толтырып тұрады. Тістер сирек орналасқан жағдайда (тістер арасында түйісу орны болмаған кезде) қызылиек бүртігі үшбұрышқа ұқсас пішінін жоғалтып, тістердің мойын деңгейінде альвеолалық қызылиекке ауысады.
Жиектік қызылиек - тістің мойнын айналдыра тығыз жанасқан альвеолалық қызылиектің қозғалмалы бөлігі.
Пародонттың қызметі
Пародонттың қызметі сан-алуан және оның құрылысының анатомо-физиологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Пародонттың қызметі төмендегідей: трофикалық, тіреп-ұстау, амортизациялау, тосқаул болу (барьерлік), пластикалық, рефлекторлық-реттеушілік. Трофикалық қызметі жақсы дамыған қан және лимфа тамырларының, әртүрлі нерв рецепторларының арқасында жүзеге асады. Тіреп-ұстау қызметі тісті альвеолаға бекіткен периодонттың, қызылиектің, альвеола өсіндісінің күрделі құрылымды байлам аппаратының арқасында жүзеге асады.
Амортизациялаушы қызметі -шайнау қысымының күшін тіс қатарына және альвеола өсіндісіне тепе-тең бөлу. Бұл қызмет дәнекертінде құрылымның құрамындағы борпылдақ тіннің, қан және лимфа тамырларының шумақты торларының, тіндер сұйығының гидравликалық жастық қызметін атқаруы нәтижесінде орындалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz