Электролиттер мен бейэлектролиттердің құрылымы мен электрөткізгіштігі


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

3- сабақ. Электролиттер мен бейэлектролиттер

Сабақтың мақсаты: «электролиттер» және «бейэлектролиттер» ұғымын қалыптастыру, ерітінділердің электр өткізгіштігі заттың кристалдық құрылымына және химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін көрсету.

Реактивтер және құрал жабдықтар: күкірт қышқылының, натрий гидроксидінің, натрий хлоридінің және қанттың ерітінділері; мыс, темір, алюминий сымдары; қатты күйдегі натрий гидроксиді және хлориді, спирт, бензол, глицерин; ерітінділердің электр өткізгіштігін тексеретін құрал; «Ерітінділердің электр өткізгіштігі», «Кристалдық топ типтері», «Тұздардың қышқылдардың және негіздердің ерігіштігі» кестелері.

Сабақтың барысы. I Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Сабақтың тақырыбын және міндетін хабарлағаннан кейін берілген сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі.

  1. Өздеріңе белгілі химиялық байланыс түрлері туралы айтыңдар.
  2. Мына қосылыстардағы химиялық байланыс түрін анықтаңдар: а) NaCI, KI (иондық байланыс) ; ә) Na2SO4, CuSO4, NaOH, Ва(OH) 2(иондық және коваленттік полюсті байланыс) ; б) HCL, H2SO4, HNO3, H2O (коваленттік күшті полюсті байланыс) ; в) C2H6O, C6H12O6, C6H6(коваленттік әлсіз полюсті байланыс) .
  3. Қандай бөлшектерді иондар деп атайды? Мына қосылыстардың құрамына қандай иондар кіреді? NaCL, Na2SO4, CuSO4, NaOH, Ba(OH) 2.
  4. Берілген иондық қосылыстардың ион зарядын көрсетіңдер (тапсырма жылжымалы тақтаға немесе кодопленкаға алдын ала жазылып қойылады) :

NaCL, Na 2 SO 4 , NaOH, Ba(OH) 2 , CuSO 4 , Al 2 (SO 4 ) 3 .

  1. Қандай қосылыстар иодық байланыс түзеді? Олардың жалпы физикалық қасиеттері қандай? (Оқушылар, әсіресе заттардың қаттылық, баяу балқығыштық қасиеттерін көрсетуі керек. )

Әңгіме нәтижелерін жүйелеп, қорытындылаған соң, әрі қарай пән аралық сипаттағы төмендегідей сұрақтарды талдаған жөн.

  1. Электр тоғының табиғаты жөнінде не білесіздер?
  2. Металдардың электр өткізгіштігінің себебі неде?
  3. Өткізгіштер деген не?

II. Жаңа сабақты оқып үйрену. Оқушылар физика курсынан осы мәліметтерді қайталаған соң, дәптерлеріне мынадай қорытынды жазады: Электр тоғы дегеніміз - зарядталған бөлшектердің ( электрон немесе иондардың) бағытталған қозғалысы.

Бұдан кейін мұғалім оқушылармен бірлесіп, электр өткізгіштікті сынауға арналған құралдың құрылымын талдайды.

Содан соң мыс, темір, алюминий сымдараның электр өткізгіштігі көрсетіледі. Берілген тұздардың (NaCL және CuSO 4 ), сілтілердің (NaOH және Ba(OH) 2 ), ерітінділерінің электрөткізгіштігін көрнекі түрде көрсету төмендегідей қорытынды жасауға мүміндік береді: жоғарыдағы ерітінділер электр тоғын өткізеді, ал құрғақ NaCL, CuSO 4 , Ba(OH) 2 , NaOH электр тоғын өткізбейді (тәжірибе жасап көрсетеміз) .

Заттардың аты
Электр тоғын өткізе ме?
Заттардың аты:

Дистилденген су

Кристалды натрий хлориді

Натрий хлоридінің, т. б. ерітінділері

Электр тоғын өткізе ме?:

Өткізбейді

Өткізбейді

Өткізбейді

Әрі қарай мұғалім электролиттердің электр өткізгіштігін зерттеген швед химигі С. Аррениус екенін, ол электролиттік диссоциация теориясы деп атауды ұсынғанын айтады.

Бұдан кейін оқушылардың белсенді қатысуымен:

құрамы мен қасиеттерінің әртүрлілігіне қарамастан, тұздар мен негіздердің ерітінділері және кристалдары электрөткізгіштігін сынағанда неліктен бірдей нәтиже көрсетеді? - деген сұраққа жауап береді.

Зерттеген заттардағы ортақ қасиет - екеуі де иондық қосылыстарға жатады, яғни оларда иондық байланыс және иондық кристалдық тор бар. Бірақ кристалдарында иондар бір-бірін қатты ұстап тұрады да, еркін қозғалуға мүмкіндіктері болмайды (сондықтан электр тоғын өткізбейді), ал оларды еріткенде иондық байланыс үзіледі де, бос иондар пайда болады. Сондықтан олардың ерітінділері электр тоғын өткізеді.

Бұл болжамның дұрыстығын дәлелдеу үшін оқушыларға «Тұздардың, негіздердің және қышқылдардың суда ерігіштігі» кестесін пайдаланып, ерітінділері электр тоғын өткізетін тұздар мен негіздерден 2-3 мысал келтіреді.

Әрі қарай қышқыл ерітінділерінің электрөткізгіштігін тексеруді ұсынамыз (Н 2 SO 4 немесе НCL), электр шамы жанады, демек, олардың ерітінділері электр тоғын өткізеді, бұл ерітіндіде иондардың түзілгенін дәлелдейді. Мұғалім су молекуласының әсерінен сутек пен қышқыл қалдығы арасында коваленттік полюсті байланыс әлсірейтінін түсіндіреді. Cутектің электроны толықтай қышқыл қалдығына өтеді де, коваленттік полюсті байланыс иондық байланысқа ауысады, осыдан зат иондарға ыдырайды. Мұғалім өтілген материалды жүйелеп, мынадай қрытынды жасайды: ерітінділері мен балқымалары электр тоғын өткізетін заттар электролиттер (тұздар, негіздер, қышқылдар) деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам ұлпаларының құрылымы, электрөткізгіштігі және механикалық қасиеттері
Жоғары молекулалы электролиттер (полиэлектролиттер): құрылымы, ерітіндідегі конформациясы және қолданылуы
Электролиттер мен электролиз: NaCl ерітіндісінің электролизінің теориясы мен өндірістік қолданылуы
Электролиз процестері мен құрылымдары: электролизерлер, электрод материалдары, электролиттер және өнеркәсіптік қолдану
Қатты денелердің электрөткізгіштігі және селен мен кремний диодтарының вольт-амперлік сипаттамасын эксперименттік зерттеу
Қан биохимиясы: плазмалық белоктар, электролиттер және гемостаз пен фибринолиз
Фотобиологиялық үрдістер: энергетикалық деңгейлер мен жарық сіңіру, фотосинтездік реакциялар, люминесценция және ұлпалар мен жасушалардың электрөткізгіштігі
Протолиттік теория және ерітінділер: электролиттер, коллигативтік қасиеттер және буферлік жүйелердің рН-ы
ПВС негізіндегі қабықшаларды алтын және күміс нанобөлшектерімен модификациялау: синтез әдістері, қасиеттері және бейорганикалық электролиттер буының сорбциялық кинетикасы
Ерітінділердің қасиеті мен құрылымы: электролиттік диссоциация, химиялық теория және концентрация
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz