Қазақстан Республикасында қонақ үй шаруашылығын басқару


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК -

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Алматы 2009

Қорғауға жіберілді: ҚазИТУ 1 проректоры, ҚР ҰИА академигі, т. ғ. д. профНалеев О. Н. «»2009 ж.:

Қорғауға жіберілді: ҚазИТУ 1 проректоры, ҚР ҰИА академигі, т. ғ. д. проф

Налеев О. Н. «»2009 ж.

Қорғау МАК хаттамасыМАК бағасыМАК хатшысы:

Қорғау МАК хаттамасы

МАК бағасы

МАК хатшысы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСҚА

ТҮСІНІКТЕМЕЛІК ЖАЗБА

ТАҚЫРЫБЫ: « Қазақстан Республикасында қонақ үй шаруашылығын басқару»

4 курстың студенті Алимгазиева Н. Д.

Ғылыми жетекшісі Нұрымбетова Б. И.

Кафедра меңгерушісі доц. Дауылбаев К. Б.

Факультеті инженерлік - экономикалық

Мамандығы 050904 - Тұрмыстық қызмет көрсету және сервис

Кафедра Экономика және менеджмент

Дипломдық жұмысты орындауға берілген

ТАПСЫРМА

Студент Алимгазиева Надира Даулетовна

Жұмыс тақырыбы: Қазақстан Республикасында қонақ үй шаруашылығын басқару

ЖОО №30/2 бұйрығы бойынша «5» қаңтар 2009 ж. бекітілген

Біткен жұмыстың өткізілген уақыты «30» сәуір 2009 ж.

Жұмысқа арнайы қорытындылық мәліметтер:

1) Қызмет көрсету түрлері және стандарттау

2) Менеджмент жүйесіндегі басқару мәні мен менеджер қызметінің маңызы

3) «Құмбел» қонақ үйінің ұйымдастыру жүйесі

Дипломдық жұмысында өңдеуге жататын мәселелер тізбесі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны:

1) Қонақ үй шаруашылығын басқару ерешеліктері

2) Басқару _ жүйесін менеджменттеу мәселесі

3) Қазақстандағы қонақ үй индустриясы

Графикалық материалдар тізімі:

1. Туристік кәсіпорынның шаруашылық-қаражаттар нәтижелері

2. Қонақ үйлерде қызмет көрсету түрлері

3. Отельдің иерархиялық деңгейі

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1) _ Ердавлетов СР. География туризма. История, теория, методы, практика. - Алматы, 2000

2) Чудновский А. Д. Туризм и гостиничное хозяйство М. : ЭКМОС, 2005

3) Экономика туризма. Под ред. В. А. Квартальнова - М., Финансы и статистика, 2001

4) . _ Мазбаев О. Б., Омаров Қ. М. Қонақ үй шаруашылығы, -Алматы, 2006 _ ж _

Жұмыс бойынша берілетін кеңес және оған қарасты жұмыс бөлімдері:

Бөлім
Кеңесші
Мезгіл
Қолы
Бөлім: 1. Қызмет көрсету түрлері және стандарттау
Кеңесші: Нұрымбетова Б. И.
Мезгіл: 10. 01. 09 - 18. 02. 09
Қолы:
Бөлім: 2. Шағын қонақ үйлердің ерекшеліктері және санаттарға бөлінуі
Кеңесші: Нұрымбетова Б. И.
Мезгіл: 19. 02. 09-18. 03. 09
Қолы:
Бөлім: 3. Менеджмент жүйесіндегі басқару мәні мен менеджер қызметінің маңызы
Кеңесші: Нұрымбетова Б. И.
Мезгіл: 20. 03. 09- 24. 04. 09
Қолы:
Бөлім: 4. Қорытынды
Кеңесші: Нұрымбетова Б. И.
Мезгіл: 25. 04. 09-30. 04. 09.
Қолы:

Диплом жұмысын дайындаудың сызбасы

п/п

Бөлім атауларын

қарастыратын сұрақтар

тізімі

Ғылыми жетекшіге ұсынатын мерзім
қосымша
№п/п: 1
Бөлім атауларынқарастыратын сұрақтартізімі: Қызмет көрсету түрлері және стандарттау.
Ғылыми жетекшіге ұсынатын мерзім: 10. 01. 09 - 18. 02. 09
қосымша:
№п/п: 2
Бөлім атауларынқарастыратын сұрақтартізімі: Шағын қонақ үйлердің ерекшеліктері және санаттарға бөлінуі.
Ғылыми жетекшіге ұсынатын мерзім: 19. 02. 09-18. 03. 09
қосымша:
№п/п: 3
Бөлім атауларынқарастыратын сұрақтартізімі: Отельдің толықтырылу деңгейін сараптау
Ғылыми жетекшіге ұсынатын мерзім: 20. 03. 09. - 24. 04. 09
қосымша:
№п/п: 4.
Бөлім атауларынқарастыратын сұрақтартізімі: Қорытынды
Ғылыми жетекшіге ұсынатын мерзім: 25. 04. 09-30. 04. 09.
қосымша:

Тапсырма берілу мерзімі «5» қаңтар 2009 ж .

Кафедра меңгерушісі доц. Дауылбаев К. Б.

Жұмыс жетекшісі Нұрымбетова Б. И.

Тапсырма орындаушы

4 курстың студент Алимгазиева Н. Д

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ… . . . . . . 7

I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМ МЕН ҚОНАҚ ҮЙ

ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ . . . 9

1. 1Қонақ үй шаруашылығы қызмет көрсетудің бір саласы ретінде. . . . . 11

1. 2. Қызмет көрсету түрлері және стандарттау . . . 21

II. ШАҒЫН ҚОНАҚ ҮЙЛЕРДЕГІ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ . . . . . . 37

2. 1. Шағын қонақ үйлердің ерекшеліктері және санаттарға бөлінуі . . . 49

2. 2. Менеджмент жүйесіндегі басқару мәні мен менеджер қызметінің маңызы . . . 542. 3. Қонақ үй шаруашылығында интернет жүйесін пайдаланудың практикалық әсері . . . 63

III. «ҚҰМБЕЛ» ҚОНАҚ ҮЙІН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТИІМДІЛІКТІ САРАПТАУ . . . 66

3. 1. «Құмбел» қонақ үйінің ұйымдастыру жүйесі . . . . . . 67

3. 2. Отельдің толықтырылу деңгейін сараптау . . . 72

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 73

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 78

.

КІРІСПЕ

Қонақ үй шаруашылығын дамыту үшін Қазақстанда барлық жағдайлар бар. Республикамыздың бай тарихы, тарихи ескерткіштер, мәдениет, саяси тұрақтылық - туризм және қонақ үй шаруашылығын қарқынды дамытудың алғышарттары болып табылады.

Қазақстан Республикасында қонақ үй шаруашылығының пайда болуы және дамуы төмендегідей нәтижелер мен тұжырымдарды түйіндеді:

1. Қонақ үй қызметі жеке кәсіптік шаруашылық ретінде нарықтық сұраныс пен ұсынысқа сәйкес келді. Жеке кәсіпкер үшін қонақ үй қызметін нарықтағы баға бойынша жүйелеуге мүмкіндік береді.

2. Алматы қаласында қонақ үй шаруашылығының қалыптасқан жағдай бойынша айтатын болсақ, қонақ үй бизнесі ең алдымен менеджмент саласының өркендеуімен тығыз байланысты.

3. Басқару инфраструктурасы ауқымды инвестициямен емес, жоғары маманданған басқарушы кадрлардың болуымен, сол сияқты осы салада олардың аздығы байқалады.

Соңғы уақытта, дәстүрлі қонақ үйлер мейрамханалармен қатар арнайы белгіленген тамақ түрлері мен қызметтер көрсетуге маманданған туристік сегментті қамтамасыз етеді. Қонақ үй шаруашылығы кәсіпорындарында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарының болуы, халықаралық қатынастардың қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға»:

«Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде.

Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріңіз көріп, біліп отырсыздар.

Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ.

Оқтын-оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін де төтеп беріп келгенбіз.

Тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құpy бізге оңайға түскен жоқ.

Ел болып ол қиындықтарды да еңсеріп өттік. Өткен ғасырдың соңында Шығыс Азияда басталған кезекті дағдарыс тұсында тәуелсіздігіміз тағы бір сынаққа түскен болатын. Дер кезінде қабылданған дұрыс шешім, ұтымды іс-қимылдың арқасында біз одан да аман-есен өте шықтық. Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың кедергісіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Әлеуметтік кепілдіктер толығымен сақталып отыр. Бүгінгі проблемалар және біздің оларды қалай шешіп жатқанымыз кемелдіктің және біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің тұрақтылығының сынағы. Біз бұл сынақтан өтеміз деп ойлаймын. Бізге өз дамуымыздың жаңа кезеңіне кіруге және біздің жетістіктерімізді еселеуге тура келеді. Белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін біздің халқымыздың топтасқандығы қажет. Дағдарыс бізді экономикалық реформаларды бұрынғыдан да белсенді жүргізуге ұмтылдырып, сындарлы сәттен каймықпай өтуге жұмылдырады».

Елбасы елдегі сан ұлттар арасындағы татулық пен бірліктің буынын нығайта түсуді көздеп, халқымыздың еңсесін түсірмеу үшін кеңдік пен кемеңгерлік, сабырлылық пен іскерлік қадамдарға барды.

Елбасының бүгінгі Жолдауында қиындық атаулыны жеңетін күш - бірлік екендігі қадап айтылған. Көпшілік экономиканы "қолмен басқару" қажеттігіне келіп отыр, ал реттеу осы дағдарыстан шығудың аса маңызды ісіне айналуда[1] .

I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМ МЕН ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Еліміздің экономикасының дамуы үшін туризм маңызды орынға ие. Оның дамуы жұмыс орындарының мол болуын қанағаттандырады.

XX ғ. соңы - XXI ғ. басында туризм халықаралық және интернациональды болуына өзара байланысқан екі фактор әсер етті: туристік фирмалар көп пайда түсіру үшін саяхаттар географиясын дүние жүзі бойынша кеңейтті, ал рентабельді болуы үшін туристік бизнес халықаралық деңгейде инвестициялануы керек. Екі фактордың өзара байланысының көрнекі мысалы - круизды бизнес. Круиздер теңіз және мұхит арқылы мемлекеттерді байланыстырып халықаралық саяхатқа жатқызылады. Круизді турлардың географиясы үнемі ұлғаю үстінде. Олар: Аляска, Филиппинн арлдары, Малайзия, Тынық мұхит аймақтары және т. б.

Бизнестің бұл түрінде тұрақты тұру үшін компания халықаралық туристік нарық жолына нық басып, түрлі аймақтар мен елдерде дамыған материалдық базасы болуы шарт. Мысалы, ірі круиздік «Роял Кариббеан» туристік операторының Кариб теңізінде арнайы круиздік аялдама жасау үшін пайдаланатын бір аралы бар.

Қонақ үй корпорациясы мен агенттік-операторлық бизнесте «Холидей Инн», «Нур-туристик» және т. б. мысалға келтіруге болады.

Аймақтық туризм бірқалыпты дамымайды, дамыған туристік аймақтарға: Еуропа, Америка, Шығыс Азия и Тынық мұхит аймағы, Африка, Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия кіреді. Барлық аймақтарды тек туристік ағынның болуымен ғана салыстыруға болады. Соңғы он жылда туризмнің дамуы мен туристік пайданың мол түсуі Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азия аймағында байқалды. Статистика және туризм мамандары, маркетолог, кәсіпкерлердің қызығушылығын олардың территорияларының үлкен болмаса да, мұндағы туристік қызмет көрсету көлемінің күрделілігі, жүйелілігі тудыруда. Тарихқа жүгінсек, туристік индустрия Еуропада пайда болған, қазіргі уақытта да туристтер көп келетін аймақ. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық дамуы, жаңа техника мен технологияның, халықтардың өмір сүру деңгейінің де үлкен әсері бар.

Қазіргі уақытта туристік аймақтар белсенді дамуда және туристтердің ағынының жоғарылауы байқалуда. Халықаралық туристік ұйымының статистикалық мәліметтері бойынша, әлемдік туристік бизнес әлемдік және аймақтық дағдарысқа қарамастан жылына орташа есеппен 3- 4 % өсуде.

Африка, Таяу Шығыс, Шығыс Азия және Тынық мұхиттық аймақтарда соңғы жылдары туризм қарқынды өссе де, Еуропада төмен өсімді көрсеткенімен, ол келушілер саны жөнінен алғашқылардың қатарын сақтауда. Еуропаға 2007 жылы 385, 9 млн. адам туристік сапармен келген.

Туризмнің дамуы аймақаралық объективті бәсекелестікті айқындайды: пайда болған жаңа курорттардың қызмет көрсету стандарттары жоғары болып, бұрыннан келе жатқан туристік аймақтардың қызмет көрсету деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Жаңа курорт пайда болып, қызмет көрсету стандарттары үнемі жоғарылайды. Туристік аймақтар өздеріне қосымша туристтер ағынының көптеп келуі үшін, олар өздерін «үйдегідей» сезіну мақсатында туристтерге өте қолайлы жағдайлар, демалыс пен саяхаттар ұйымдастырады. Туристік өнім жайлы әр түрлі масс-медиа ақпараттарының қолайлылығы, саяхат пен демалыс орындары жайлы ақпараттар да маңызды роль атқарады[5] .

1. 1. Қызмет көрсету саласы-қонақ үй шаруашылығы.

XX ғ. туризм маңызды әлеуметтік көрініске айналды. Кей елдерде халықтар тамақ пен тұрғын үй төлемдерінен кейінгі үшінші орында туристік қызметтерге ақша жұмсайды.

Сыртқы және ішкі туризм саласында қонақ үй шаруашылығы туристтер үшін жүйелі толық қызмет түрлері Қазақстандағы туризмнің қарқынды дамуына және әлемдік туристік бизнесте бәсекелестікті қалыптастырады. Туристік қызметтер, оның ішінде қонақ үй қызметі де әлеуметтік-мәдени қызмет түріне жатады. Отандық туризмді дамыту қазіргі таңда қонақ күту принциптеры мен туристік қонақ үй қызметі үшін кадрларды даярлау жүйесі алдына белгілі мақсат қойып отыр.

Туризмнің аса маңызды элементі - орналастыру. Қонақ үй индустриясы - қонақ үй қызметі жүйесінің аса мәнді бөлігі. Ол адамзаттың ежелден келе жатқан дәстүрі - қонақты сыйлау, оны күту және оған құрмет көрсетуден басталған. Орналастыру жүйесі мен орны - уақытша қонақты түрлі деңгейде күтуге арналған әртүрлі типтегі құрылыстар тұрғызуға итермеледі. (Шалаштан бастап, супергигантты отельдерге дейін) .

Бүгінгі қонақ үй қызметі туристік орталықтың мықты бөлігі және туризм экономикасының негізі.

Қонақ үй индустриясын түрлі ұжымдық және жеке орналастыру орындары: отельдер, қонақ үйлер, мотельдер, жастар хостелы мен жатақханалар, апартаменттер, туристік пансионаттар, сонымен қатар туристтерді орналастыруға қатысатын жеке секторлар құрайды.

Экономикалық іс-әрекет ретінде қонақ үй индустриясы қонақ үйлерде, мотельдерде, кемпингтерде орналастыру кезінде әртүрлі қызмет түрлерін көрсетіп сыйақы үшін жұмыс жасайды[26] .

Қазақстанның оңтүстік аймағы адамдар алғашқы қоныстанған аймақ ретінде танымдық маңызы зор. Олар: Түркістан, Отырар, Баба-ата, Испиджап (Сайрам), Тараз, Мерке, Талхиз (Талғар), Қойлық (Талдықорган) .

Көптеген мәселелерді оңтайлы шешу керек. Бүгінгі күні Қазақстанда туризмнің толық дамуы үшін жарнама, сауда орындары, көлік, орналастыру, тамақтандыру, байланыс түрлерімен қамтамасыз ету және т. б. қызмет түрлері дұрыс жолға қою керек, сондай-ақ өзіміздің туристтерді сыртқа жібергеннен гөрі, шетелдік туристтерді көбірек қабылдау өзімізге пайдалы болар еді.

Республикамызда туристердің сыртқа кетуі басым, олардың ағыны тұрақтанып жылына орташа есеппен 700 мың адамды құрайды. Олардың көпшілігі шетелге коммерциялық мақсатта жол жүреді. 2007 жылы республикадағы 22 туристік компания Түркияға, Біріккен Араб Әмірлігіне, Пәкістан, Үндістан, Оңтүстік Корея, Польша, Грекия, Болгария, Италияға чартерлі авиарейстер ұйымдастырумен айналысқан.

Соңғы уақытта Қытайға, Пәкістанға, Иранға шоп-тур есебінен баратын туристтердің саны төмендегені байқалады. ҚХДР баратын қазақстандық туристтердің саны күрт азайды. Германияға, Оңтүстік Кореяға, Түркияға, БАӘ коммерциялық бағытпен барушы туристердің саны да азайды. Танымдық мақсатта Қазақстаннан Австралияға, Австрияға, Чехияға, Францияға, Италияға, Канадаға, Испанияға, Оңтүстік -Шығыс Азия елдеріне баратын туристтер саны көбеюде. Туристік компаниялардың жұмыс бағыты танымдық, демалыс, сауықтыру және т. б. мақсаттарға қарай ауысуда. Ірі компанияларда жеке туризм бөлімдері ашылуда.

Қазіргі таңда, Қазақстанның өзі де туристік мақсаттарда қызығушылық тудыруда. Еліміздің ғасырлардан жалғасып келе жатқан тарихы, кездесе бермейтін тарихи ескерткіштері, мәдениеті, салт-дәстүрі, саяси тұрақтылығы, барлығы да - туристік индустрияның дамуына алғышарт бола алады.

«Ұлы Жібек жолын» қайта жаңғырту туризм саласы үшін пайдалы. Әсіресе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында да рекреациялық және тарихи орындар туризм саласын дамытуға өте қолайлы.

Қазір республикамызда туризм саласы үшін қажетті маман кадрларды даярлау жұмысы қарқынды жүзеге асуда. ҚазМХТУ жанындағы туризм факультеттеріндегі студенттерді халықаралық мамандар даярлаудағы алмасу бағдарламасы бойынша оқытып, өз ісінің мамандарымен қамтамасыз етуде.

Нарықтық қатынастың дамуы нәтижесінде қазақстандықтар шетелге демалу, кәсіби қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатында барып жатыр. Шетелге шығуға шек қойылмайды, қазақстандықтардың 10 % өте жоғары деңгейдегі ауқатты адамдар саналады, жергілікті курорттардың және көлік қызметінің қымбат болуы, халықтардың шетелге барып тауар мен материалдық жағдайларын түзеуі, (шопинг - негізгі мақсаттардың бірі) коммерциялық деңгейде жаңа бірлескен іскерліктің арқасында т. б. бағыттардың болуы ішкі туризмнен гөрі, сыртқы туризмнің өркендеуінің негізгі себептері болып табылады.

2007 жылы Қазақстанға сырттан 450 мыңнан астам туристер демалу, жеке іс сапармен, танымдық мақсатта келген болатын. Бірақ 2008 жылы олардың саны 141, 1 мың адамға төмендеген. Республикамыздың шетелдік қонақтар үшін қызықсыз болуның себебі, туризм инфраструктурасының, материалдық-техникалық базаның әлі де болса, төменгі деңгейде болуы.

Қолда бар техникалық базалар мен орналастыру деңгейінің төмендігі отандық туристік қызмет көрсету саласының бәсекелестікке қатысуға қабілетсіз екендігін көрсетеді. Алматыдағы жекелеген жоғарғы сапалы қонақ үйлер ғана халықаралық деңгейге сай келеді. Олар: 5-жұлдызды «Риджент Алматы» және «Хайят Ридженси», Интеротель «Достык» қонақ үйлері, 3-жұлдызды «Астана» және «Премьер Алатау»қонақ үйлері, «Құмбел» таулы VIP-қонақ үйі - өте көркем табиғатты Алмаарасанда орналасқан, ал Астанадағы 5-жұлдызды «Астана-Интерконтиненталь» қонақ үйі өте қымбат болғандықтан шетелдік қонақтардың кейбірі ғана қызметін пайдалана алады. Республикааралық байланыстың болмауы да біріккен туристік кеңістікке әсерін тигізді. Аймақтарда өзіндік ережелер енгізіп, кедендік визамен байланысты шектеулер туризмнің дамуына кері әсер етуде. Мемлекет туризм үшін жарнамаға қаражат бөлмейді. Ал кей елдерде осы мақсатта ұлттық қордың 40-45% астамын жұмсайды.

Қазақстан Республикасында 2008 жылдың 1 шілдедегі статистикалық мәліметтері бойынша 318 туристік агентттіктер мен фирмалар, олардың 8 мемлекеттік, 304 жеке, 6 шетелдік мемлекеттерге тән. ЖШС «Квадротур», «Гиацинт-Рахат» әуе компаниясы сияқты ірі фирмалармен қатар, бірлескен кіші кәсіпорындар, әртүрлі ассоцияциялар, жеке фирмалар мен агенттіктерде жалпы айтқанда бес мыңнан астам халық жұмыспен қамтылған. Аталмыш жылдың бірінші жартыжылдығында бұлардың қызметі 1197, 4 млн. теңге, негізгі қызметтері бойынша 1055, 4 млн. теңгеге пайда түсірген.

Соның ішінде мемлекеттік туризм кәсіпорыны - 15, 4 млн. теңге (қызмет көрсету - 14, 1 млн. теңге) ; жеке фирмалар - 1174, 9 млн. теңге (қызметі - 1034, 3 млн. теңге) ; шетелдік фирмалар - 7 млн. теңге (қызметі - 6, 9 млн. теңге) .

Туристік кәсіпорындардың шаруашылық әрекетінің нәтижелері бойынша, алғашқы жарты жылдықта 25, 9 млн. теңгеге шығынға ұшарағанын көрсетті. Бюджетке және қорға кәсіпорындардан түскен пайда - 36, 4 млн. теңге.

2004-2007 жылдардағы туристік кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық әрекеттері жайлы төмендегі кестеде көрсетілген.

Кесте 1. 1. Туристік кәсіпорынның шаруашылық-қаражаттар нәтижелері .

Кезең
Қызмет көлемі
Түскен табыс
Салық және жинау

млн.

тенге

мың.

долл.

АҚШ

Ішкі туризм
Сыртқы туризм
Ішкі туризм және экскурсиялар, млн. тенге
млн. тенге

мың. долл.

АҚШ

млн. тенге
мың. долл.
млн. тенге
мың. долл.
Кезең: 2004
Қызмет көлемі: 421, 2
Түскен табыс: 5072, 7
Салық және жинау: 0, 9
-
18, 3
-
3, 3
3, 2
90, 5
Кезең: 2005
Қызмет көлемі: 1716, 0
Түскен табыс: 1217, 3
Салық және жинау: 107, 0
-
3, 6
-
39, 8
28, 5
-
Кезең: 2006
Қызмет көлемі: 2665, 6
Түскен табыс: 2085, 0
Салық және жинау: 10, 0
5, 1
9, 1
10, 4
-
94, 0
-
Кезең: 2007
Қызмет көлемі: 2837, 5
Түскен табыс: 2210, 6
Салық және жинау: 25, 6
21, 0
-32, 2
24, 1
-
89, 8
-

* статистикалық есеп бойынша жасалған.

Республикалық бюджетке туристік агенттіктер мен фирмалардан жинақталып түскен салықтар: 0, 03% - 2004жылы, 0, 08% - 2005 жылы, 0, 06% - 2006жылы, 0, 03 - 2007 жылдың алғашқы жартыжылдығында түскен.

Туристік агенттіктердің жұмысы негізінен сыртқа шығатын туризммен байланысты өрбіген. Біздің туристтеріміз орташа есеппен өзге елдерде 5-6 күн өмір сүрсе, елімізге келушілер 6-8 күн өмір сүрген. 2007 жылдары Қытайдан, Кореядан, Пәкістаннан Қытайдан, келушілер 100 күнге дейін өмір сүрген. Бұл адамдардың туристік мақсатта емес, іс -сапармен келгені белгілі.

Туристтердің және өзге қонақтардың санының өсуі республикамыздағы қонақ үй шаруашылығына оң әсерін тигізеді. Қонақ үй қызметіне қызмет бабымен және іс-сапармен келушілерге үйлерін жеке тапсырушылар бәсекелестік тудырады Қонақ үйлердің қонақтармен толтырылуы 30%- дан 15 % аралығында және ол жылдан жылға төмендеп келеді.

Республикамызға туристтердің көптеп келуін қамтамасыз ету ең алдымен қонақ үй шаруашылығы қызметін жолға қояды.

Қазақстан Республикасы туристтердің келуіне және демалыс түрлерін ұйымдастыру үшін климаттық, табиғи және көптеген жағдайлар жеткілікті. Бірақ ол үшін төмендегі мәселелерді жолға қою керек:

  • қызмет көрсету саласын;
  • жолдардың біртегістігі және сапасы;
  • көлік құралдарын техникалық жөндеу қондырғылары;
  • туристік кәсіпорын мен қонақ үй шаруашылығының материалдық - техникалық базасын дамыту;
  • туристік база, қонақ үй, мейрамхана қызметі сапасын көтеру;
  • мәдени, спорттық, сауықтыру, шоу түрлерін кеңейту.

Мамандардың болжамы бойынша, Қазақстан дүние жүзілік туристік нарыққа шығады деп үміттенеді. Бірақ еліміздің туристік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мақсатында басты міндеттерді ұмытпауымыз қажет - саланың инфрақұрылымын дамыту, халықаралық стандарттарға сай келетін орналастыру секторын дамыту қажет[26] .

Алғашқы қонақ үй қашан пайда болғанын нақ айту қиын. Бұл индустрияның тарихы тереңде жатыр. Адамдар саяхатқа шыққаннан бастап, тоқтап демалуға орындар қажет болды. Ежелгі Грекияда таверналар жанында саяхатшылар түнейтін орындар болған. Қонақ үй индустриясы Римде негізі қаланған. Дәл осы қалада байлар мен көпестер сауда ісі жөнінде көп сапар шеккен. Нәтижесінде жолдар бойында қонақ үйлер мен аулалар пайда болған. Римдегі театр көріністерін көруге келген көрермендер үшін де орналасатын орындар қажет болған. Дәрежесі жоғары адамдарға орындар ертерек дайындалып, көпестер өздері табуға мәжбүр болған. Тұратын орын үшін нақты баға болған емес, бағасын сол жерде өздері келіскен. Орта ғасырдағы Еуропадағы алғашқы қонатын аулалар жеке үй ретінде танылған. Кейіннен олар коммерциялық кәсіпорындар ретінде, бірақ ағаштан салынды. Тастардан тек шіркеулерлер мен қорғандар салынды. Олар қарақшылардан жақсы қорғайтын болғандықтан бай адамдар шіркеулерлерде тоқтаған. Шіркеулер саяхатшылар берген қайырды қабылдаған. Қонақ күтетін үйлер ордендермен марапатталған. Салыстармалы түрде шіркеу қонақ үйдің алғашқы жүйесін жасады десек те болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғалармен сөйлесу мәдениеті
ҚР мотельдердің даму ерекшеліктері
Қонақ үй сервисіндегі ақпараттық ресурстар және оның қолданылуы
Туристік қызметтер өндірісі мен демалыс орнының жайлылығы, қызметкерлердің жақсы қызмет көрсетуінің үйлесімділігі
Қазақстан туризмін дамытудағы орналастыру индустриясының маңызы
Демалыс және еңбекті ұйымдастыру
Табиғаты керемет таулы аймақта орналасқан және туристік маршрут бойындағы демалысқа ыңғайлы кішігірім қонақ үйлер
Қонақ үй шаруашылығы
Қонақжайлылық индустриясында қонақ үй қызметінің белсенділігін арттыру жолдарын анықтау
АҚМОЛАТУРИСТ ҚОНАҚ ҮЙІНІҢ ЕСЕПТЕРІНЕ СИПАТТАМА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz