Медицинадағы ақпараттық технологиялар


Тақырыбы: Медицинадағы ақпараттық технологиялар

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 4

І-ТАРАУ. АҚПАРАТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМДЫ БІРЛІКТЕРІ

1. 1 Ақпараттық технология ұғымы . . . 5

1. 2 Жүйелендіру әдістемесі, жіктелуі және қасиеттері . . . 8

1. 3 Жаңа ақпараттық технологиялар . . . 21

ІІ-ТАРАУ. МЕДИЦИНАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

2. 1 Жаңа технологиялардың медицинадағы орны . . . 26

2. 2 Медицинадағы ақпараттық технологиялардың түрлері . . . 28

2. 2. 1 Бальнеотерапия . . . 28

2. 2. 2 Физиотерапия . . . 29

2. 2. 3 Гидроозонотерапия . . . 33

2. 2. 4 Диетотерапия . . . 34

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 36

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі қоғамдық прогрестің ғылыми-техникалық дамуы барысында кибернетиканы және оның басты әдісі жүйелік ыңғайды кеңінен қолдану әлеуметтік-экономикалық үрдістерді басқарудағы мәселелерді шешуде өз септігін елеулі түрде тигізіп отырғандығы мәлім.

Кибернетика ұғымының анықтамасында оның объектісі, пәні және мақсаты төңірегіндегі ойлар қалыптасты. Оның меңгеру объектісіне - күрделі динамикалық жүйелер; пәніне - жүйені басқарудағы ақпараттық үрдіс; мақсатына - басқарудағы тиімді нәтижелерге жетудегі әдістер мен жабдықтарды тұрғызу жатады.

Жүйе, ақпарат, үлгі, басқару ұғымдары әр түрлі жүйелердегі басқару барысының ұқсастықтарын және олардың ақпараттық үрдіс арқылы өрнектелетінін байқатты. Кибернетика басқарудағы үрдістерді үлгілеудің ыңғайлы екендігін де көрсетіп отыр. Ақпарат жүйесінің теориясы деп, ақпаратты алуға, өткізуге, өндеуге және сақтауға байланысты сандық заңдылықтарды меңгеретін ғылымды айтуға болады.

К. Купфмюллер ұсынысымен қалыптасқан «жүйелер теориясы» ұғымы қоршаған шынайы әлем аспектлерін (жайларын) қандай да бір идеялар мен әдістер негізінде танып білуге және сипаттауға қызмет ететін ғылымды білдіреді.

Жалпы, жүйелер теориясы фундаментальді негіз салушы ғылымға жатады, әрі ол қолданбалы ғылым саласында өзінің жүйелік ғылым ретіндегі байланыс әсерін білдіреді.

Жүйелер теориясының негізін салушы, австриялық биолог Людвиг фон Берталанфи «Жалпы жүйелер теориясының тарихы мен статусы» еңбегінде жөне Г. Вунш, Дж. ван Гиг, У. Росс Эшби, А. Холл, А. И. Уемова, Ю. А. Урманцевтер өз еңбектеріңде жүйе, элемент, қатынас немесе байланыс, мақсат, қадағалаушы ұғымдарына анықтамалар беруге тырысып, жүйе категориясын таным теориясы категориясымен қатар қойды.

1930 жылдары Л. Берталанфи тұңғыш рет жүйелердің жалпы теориясы концепциясын тұжырымдады.

1940 жылдары байланыстар теориясының практикалық есептерінен пайда болған ақпарат жүйесі қазіргі кезде жүйе элементтерінің үрдісін оңтайландырудағы (оптимизациялаудағы) қажетті математикалық құралға айналды.

Осы ойлар төңірегінде 1948 жылы Норберт Винердің «Кибернетика, немесе басқару және хайуанат пен машинадағы байланыс» кітабы жарық көрді. Ол сол жылы автоматтардың жалпы теориясын және жасанды интеллект теориясының негізін өндеді.

Сонымен бірге, 1948 жылы С. Шеннонның байланыстар теориясы негізінде ақпарат санының ұғымына берген ақпарат теориясы қалыптасты.

Курстық жұмыстың мақсаты: жалпы медицинадағы ақпараттық технологиялардың орнын, маңызын және қызметін қамтып, зерттеу.

І-ТАРАУ. АҚПАРАТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМДЫ БІРЛІКТЕРІ

  1. Ақпараттық технология ұғымы

Ақпарат - латынның informatio деген сөзінен шыққан, яғни істің жай-күйі немесе біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны. Дегенмен, мәліметтерді ақпаратпен теңестіруге болмайды. Ақпарат тек бізді қызықтыратын істердің нақты емес жақтарын азайтатын мәліметтерді ғана қамтиды.

Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайдалы болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.

Мұндай анықтама ақпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік, семантикалық және прогматикалық.

Синтаксистік деңгейде, ақпаратты қандай да бір қабылдап алушы кісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қатынас қарастырылып, бұл жерде оның мазмұны мен құндылығы ескерілмейді.

Семантикалық сүзгі (тезаурус) мәлімдеменің мазмұнын меңгеруге мүмкіндік береді. Мәлімдеменің мазмұны - белгілі бір түрде реттелген білім болып табылады.

Прогматикалық сүзгі (бағалау механизмі) ақпаратты қабылдаушының іс жүзіндегі қызмет барысында шешетін мәселелеріне байланысты, мәлімдемені бағалауына мүмкіндік береді.

Кибернетикалық жағдайда ақпарат, объектінің жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде, сондай-ақ, басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оны қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге - кез келген объектінің жағдайы туралы деректер, мағлұматтар жатады.

Ақпарат жүйесінде элементтер арасындағы байланыс ақпарат арқылы, яғни осы жүйеге қатысы бар мәліметтер мен қандай да бір оқиғалар туралы белгілер арқылы жүзеге асады.

Ақпарат жүйесі (АЖ) - қандай да бір объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және шығарып беру жүйесі деп қарастырылады. Әрбір ақпарат жүйесі (АЖ) ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандай да бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.

Ақпарат жүйесін жіктеуде оны келесі ішкі кластарға бөлуге болады:

  • ақпараттық-анықтамалық жүйелер;
  • ақпараттық-кеңес беретін жүйелер;
  • ақпараттық қадағалаушы жүйелер. Ақпараттық-анықтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайды.

Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер объектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады.

Ақпараттық қадағалаушы жүйелерде мәліметтер адамның қатысуынсыз ендіріліп, басқарылатын объектідегі үрдіс автоматты түрде реттеледі.

Дегенмен, келтірілген жіктеулер шартты түрде қарастырылған. Оларды таңдау сәйкес факторлардан тәуелді.

Ақпарат жүйесіне қатысты ақпарат құрылымын қарастырсақ, оны ақпараттық бірлікгерге: реквизиттер, көрсеткіштер, құжат, массив, ақпарат ағыны және ақпарат жүйесі деп бөлуге болады. Мұндағы ақпараттың әрі қарай бөлінуге жатпайтын ең кіші өлшем бірлігі - реквизит десек, оның екі түрі бар екені белгілі: реквизит-негіз және реквизит-белгі.

Әрбір реквизит әріптер мен сандар жиынтығынан тұрады және мән-мағынаның сандық қасиетін сипаттайды. Бұл жағдайда ол реквизит негіз деп аталады. Ал ол мән-мағынаның сапалық қасиетін білдірсе, ол - реквизит белгі деп аталады.

Бұл ұғымдар экономикадағы ақпарат жүйелерін қарастыратыи пәндерде осылай беріледі. Ал тек таза ақпарат жүйесінің теориясы төңірегіндегі пәндерде ақпараттың атрибут және құрамды бірлігі деп саналатын екі негізгі бірліктері қарастырылады. Атрибуттың аты және мәні (мән-мағынасы) болады. Атрибуттың аты мәліметтерді өңдеу барысындағы шартты белгілеуді білдіреді. Атрибуттың мәні деп, нақты бір жағдайдағы құбылыстың, жағдайдың, объектінің қандай да бір қасиеттерін сипаттайтын шаманы түсінуге болады. Атрибуттың барлық мүмкін болатын мәндері жиын ретінде біріктірілсе, ол осы атрибуттың домені деп аталады.

Егер атрибуттың А деген аты болса, ол (А, d) деген жұпты белгілеп тұрса, яғни мұндағы dЄD, онда D жиыны А атрибуты мәнінің домені (анықталу облысы) деп аталады, d шамасы А атрибутының берілген уақыт мезетіндегі мағынасы болады.

МҚБЖ-ға арнап бағдарлама жазғанда, ондағы мәтінде кездесетін атрибуттар үшін доменнің барлық элементтерін тізіп шығу мүмкін емес жағдайлар болады. Осындай кезде домен үшін мәннің типі мен ұзындығы көрсетіледі. Мысалы, мекеме доменін - МЕКЕМ қарастырайық. Оның мәтіндік ұзындығын 15 белгіге дейін шектейік. Оны бағдарламалық Паскаль тілінде былай жазуға болады:

var МЕКЕМ: string [15] ;

Мұндай домендегі мәндер жиыны мүмкін болатын мәндер жиынынан тұрады. Қажет болған жағдайда олардың жіктегіштері қалыптастырылып, шартты белгілер қамтылады. Егер жіктегіштер қажет болмаса, мәліметтер қоймасындағы объектілерді тек реттік нөмірімен қоюға болады. Бұл реттік шартты белгілеу деп аталады.

Егер объектілер жиыны бір белгіге байланысты жіктелсе, онда объектілердің шартты белгілерін осы белгінің мағынасының санына байланысты бөліктерге (серияларға) бөлуге болады және әрбір серияға тізбектелген нөмір қолданылады.

Мысалы, "мекеменің шартты белгісі" атрибуты мәнінің шартты белгілеудегі әртүрлі жүйесін қарастырайық. Мекеменің реттік нөмірі берілсін. Оны айталық, 1-ден 300-ге дейін кіші мекеме, ал 301-ден 500-ге дейін орта мекемелерде, 500-ден 600-ге дейін үлкен көлемдегі (ірі) мекемелер деп жіктейік.

Осы жағдай үшін разрядтық шартты белгіні қолдансақ, шартты белгінің бірінші таңбасы үш мәнді қабылдайтын болады (1 - кіші мекеме, 2 - орта мекеме, 5 - ірі мекеме) . Шартты белгінің келесі таңбасы мекемелердің нөмірлерін көрсетеді. Осындай разрядтық шартты белгіде мекемеге қатысты т. б. белгілерді толық сипаттау үшін келесі реттік таңбаларды тізбектеп ұлғайта беруге болады да, ол өз кезегінде мекеме туралы көптеген терең мәліметтерді бере бастайды. Дегенмен шартты белгінің разрядтық жүйесі бірнеше белгілері бар оъектілерді шартты белгілеу үшін қолданылады.

Ақпараттың құрамды бірлігі (АҚБ) деп атрибуттардың жиынтығын айтамыз. Мәліметтер қоймасы да осы бірлікке жатады. Атрибуттардың жиыны бір АҚБ-ға келесі принциптер бойынша бірігеді:

  • сәйкес атрибуттар бір кезеңді немесе жағдайды бейнелейді;
  • бір АҚБ-ға кіретін атрибуттар мені бірдей мезетте туындап, қисынды немесе арифметикалық қатынастар арқылы байланысады.

АҚБ-ны сипаттаушы элементтерге: аты, құрылымы және мәні жатады. АҚБ аты - ақпаратты өңдеу барысында оны белгілеу. АҚБ құрылымы - ақпараттың бір бірлігінің басқа ақпарат бірлігінің құрамына енуі. АҚБ -
құжаттардың құрылымын сипаттауда қажет. Мысалы, құжат ретінде студенттердің сынақ кітапшасынан мәліметтер алайық.

Кез келген жүйені зерттеу мен тұрғызу және ендіру әдістемесінің негізіне өзара бір-бірімен қатынаста, байланыста болатын, әрі бүтіндей бірлікті құрайтын жүйе элементтерінің бірігуін жатқызуға болады. Жүйенің элементі деп, нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлемі бойынша әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Мысалы, егер нарықты жүйе ретінде қарастырсақ, онда оның әр түрлі ортадағы элементтеріне мыналар жатуы мүмкін: тауарды өңдеушілер, сатып алушылар, маркетологтар, тауарлар, бағалар, сұраныс, бәсекелестік, жарнама және т. б.

Жүйе және оның элементтері туралы ой қозғағанда: орта, объект, өзара байланыс пен қасиеттер ұғымдары қоса жүреді. Осы ұғымдар бірігіп, зерттеудегі жүйелік ыңғайдың мән-мағынасын ашады.

Жүйе анықтамасындағы байланыс ұғымы бағыт, күш, түр сипаттауларымен беріліп, ішкі, сыртқы немесе тікелей, кері түрлерімен ерекшеленеді.

Ұйымдастырылған жүйелердің қызметін сипаттау үшін жүйелік теорияда күй (жағдай), өзгеру барысы, теңбе-теңдік, тұрақтылық, даму, мақсат ұғымдары да қолданылады.

  1. Жүйелендіру әдістемесі, жіктелуі және қасиеттері

Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болды. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.

Кез келген жүйені зерттеу мен тұрғызу және ендіру әдістемесінің негізіне өзара бір-бірімен қатынаста, байланыста болатын, әрі бүтіндей бірлікті құрайтын жүйе элементтерінің бірігуін жатқызуға болады. Жүйенің элементі деп, нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлемі бойынша әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Мысалы, егер нарықты жүйе ретінде қарастырсақ, онда оның әр түрлі ортадағы элементтеріне мыналар жатуы мүмкін: тауарды өндеушілер, сатып алушылар, маркетологтар, тауарлар, бағалар, сұраныс, бәсекелестік, жарнама және т. б.

Жүйе және оның элементтері туралы ой қозғағанда: орта, объект, өзара байланыс пен қасиеттер ұғымдары қоса жүреді. Осы ұғымдар бірігіп, зерттеудегі жүйелік ыңғайдың мән-мағынасын ашады.

Жүйе анықтамасындағы байланыс ұғымы бағыт, күш, түр сипаттауларымен беріліп, ішкі, сыртқы немесе тікелей, кері түрлерімен ерекшеленеді.

Ұйымдастырылған жүйелердің қызметін сипаттау үшін жүйелік теорияда күй (жағдай), өзгеру барысы, теңбе-тендік, тұрақтылық, даму, мақсат ұғымдары да қолданылады.

Жүйенің күйі - оның даму барысындағы құбылыс мезетін білдіреді. Оны көбінесе жүйеге енуші әсерлер мен шығушы нәтижелер арқылы анықтауға болады.

Егер жүйе бір күйден басқа күйге өтетін болса, осы үрдіс жүйенің өзгеріс барысын білдіреді.

Сыртқы әсерлер әрекеті қарастырылмаған кездегі жүйенің өз күйін өзгеріссіз сақтап қалу қабілеті теңдік деп аталады.

Сыртқы әсерлер әрекетінен соң, жүйенің теңбе-теңдік күйге оралу қабілеті - тұрақтылық деп қарастырылады. Егер жүйенің теңбе-теңдік қалпына қайтып оралатын қасиеті болса, оны теңбе-теңдіктің тұрақты күйі деп атайды.

Кибернетика мен жүйе теориясында даму үрдісіне көп көңіл бөлініп, даму ұғымы күрделі термодинамикалық және ақпараттық үрдістерді түсінуге мүмкіндік берді.

Мақсат ұғымы да жан-жақты. Оны «қалаған болашақ үлгісі» немесе ұмтылу деп түсінуге болады. Ұйымдастырылған жүйелердегі мақсаттарды негіздеу барысы күрделі және ол толық меңгерілген емес.

Күрделі жүйелерді зерттеуде, жобалауда (тұрғызуда) және ұйымдастыруда жалпы жүйелер теориясының негізгі жағдайларын қолдану әдісі жүйелік ыңғайды қалыптастырады.

Жүйелік ыңғайдың зерттеуді жүйелік қамту, жүйелік бейнелеу және жүйелік ұйымдастыру секілді талаптары бар.

Жүйелік қамту зерттеушінің мәселені жан-жақты зерттеп, оған қажетті мамандарды жұмылдыра білуін қажет етсе, жүйелік бейнелеу жүйелік зерттеу бойынша зерттеу объектісінің бірыңғай үлгісін жасауды қарастырады. Ал жүйелік ұйымдастыру жүйені тұрғызудың барлық сатыларында өңдеулерді жоспарлау, басқару және жұмысты үйлестіру (координациялау) талаптары болып табылады.

Жүйелік ыңғай - құрамы сандық көрсеткіштер арқылы сипатталып, алдағы мақсаттарға байланысты өзгеріп отыратын абстрактілі күрделі жүйелерді ғылыми зерттеулердің әдісін білдіреді. Бұл жағдайда зерттеліп отырған объект элементтерге бөлшектелініп, олардың касиеттері мен бірігуі барысындағы өзара байланысы негізінде қарастырылады.

Мысалы, келесі кибернетикалық жүйені қарастырайық (Сурет 2) .

Қарастырылып отырған кибернетикалық жүйеде мысалы, болашақтағы экономикалық көрсеткіш шамалар, қорлар - (1), (2) ену элементтері ретінде беріліп, олардың өзара әсерлесуі нәтижесінде (3) - басқарылатын бөлімде енген элементтер "өңделінеді". Басқарушы бөлім - (4) өз кезегінде тікелей және кері - (5), (6) тізбектер арқылы (3) - басқарылатын бөліммен байланысады. Осындай алмасулар арқылы нәтиже, яғни дайын тұтыну өнімі мен оған сәйкес экономикалық көрсеткіштер - (7), (8) шығу элементтері ретінде қалыптасады.

Объектіні зерттеу барысында немесе қажетті мәселені шешуде, объектіні немесе мәселені шешу үрдісін жүйе ретінде қарастыруға болады. Ол үшін қажетті элементтерді және байланыс арналарын алға қойған мақсатқа жуықтап жететіндей, қажетті жүйені қалыптастыратындай түрде бөліп алу қажет. Сондықтан бірінші кезекте, «жүйені» ортадан бөліп ала білген дұрыс. Оның сыртқы ортамен байланыстарын «ену-шығу» арналары арқылы көрсетіп, жүйелік теория ұғымындағы «қара жәшікті» тұрғызу керек.

Берілген жүйе үшін қоршаған сыртқы орта деп, қасиеттерінің өзгерісі жүйеге әсер ететін барлық объектілерді немесе жүйе өзгерісінің нәтижесі әсер ететін ортаны айтамыз.

Сонымен, жалпы жүйені толық қарастырғанда, 2 -суреттегі ену және шығу элементтерінен басқа, алдағы мақсат және сыртқы қоршаған орта ұғымдары қоса жүреді.

Жүйені кейде нақты графикалық құрылымда беруге болады. Бірақ, онда да барлық элементтер мен байланыстар толық қамтылмайтындықтан, оларды анықтайтын теориялық-жиындық немесе логикалық бейнелеулерге негізделген арнайы «тіл» жабдықтары қолданылады.

Жүйе анықтамаларының жоғарыда қарастырған түрлері зерттеу барысындағы объектілерді талдауда. кездесетін маңызды құрамдарға сәйкес іріктеліп, қабылданады. .

Жалпы, жүйелік ыңғай термині жүйелердің жалпы теориясындағы элементтерді іс жүзіндегі жағдайларда пайдаланған еңбектерде алғаш рет қолданыла бастады. Бұл термин арқылы объектіні барлық жан-жақты қырларынан, кешенді түрде зерттеу қажеттілігі туындап, объект туралы толық, дұрыстау мағлұмат алу және жаңа қасиеттерді табу мүмкіндігі жүзеге асырылды.

Жүйелік ыңғай объектінің құрылымын, қызмет жасау барысын анықтаудағы мақсаттарды зерттеуге мүмкіндік беретіндіктен, ол басқару мәселелерінде жиі қолданылып жүр. Мысалы, экономикадағы басқару функцияларын ұйымдастырып, жүзеге асыруда ақпарат жүйесі арқылы жүргізілетін жүйелік ыңғайдың тиімді екендігін теориялық зерттеулердегі талдаулардан көруге болады.

Дж. ван Гигтің пікірінше, жүйелік ыңғай келесі жағдайларға негізделетін оңтайлы құрылым әдістемесіне саналады, яғни:

  1. қойылған мәселе қарастырылатын жүйені қамтитын және онымен бүтіндей бірлік құрайтын үлкен жүйелермен байланыс арқылы анықталады;
  2. жүйелердің мақсаттары бөлек немесе дара түрде қарастырылмай, онымен бүтіндей бірлік құрайтын үлкен жүйелермен байланыс арқылы белгілі болады;
  1. бұрыннан бар жобаларды оңтайлы жобадан жүйенің ауытқу дәрежесі шамасымен бағалауға болады;
  2. оңтайлы жоба жоспарлауға, бағалауға және жүйенің бүтіндей жаңа, әрі оң бағытқа қарай дамуына негізделіп қабылданған шешімдеріне негізделеді;
  3. жүйелік ыңғай индукция, синтез секілді талқылау әдістеріне негізделеді.

Жүйенің даму аралығы зерттеу, талдау, жобалау мен пайдалануға беру және сүйемелдеу сатыларын қамтиды. Бұл сатылар мақсаттық өнімдерді тұрғызумен аяқталады. Яғни, жүйелік зерттеу сатысында жүйенің жүзеге асырылу мүмкіндіктері туралы қорытынды қалыптасады. Қазіргі уақытта жүйелік зерттеудің жалпы түрде қабылданған әдістерінің жіктегіштері жоқ. Көптеген жағдайда ұқсас әдістер әр түрлі жүйелік бағыттарда дамып, әр алуан атаулармен аталады. Олардың кейбір түрлерін байланыс салаларыңда осы уақыттарға дейін қолданбай жүргенмен, болашақта байланыс жабдықтары мен жүйені басқару және жобалау есептерін үлгілеуде қолдануға болады.

Жүйелік талдау сатысында болашақ жүйеге атқарымдық талаптарды тұжырымдау мақсат етіледі.

Жүйелік жобалау сатысы ақпарат жүйесінің әрбір элементі бойынша бөлек жүргізіледі.

Жүйені зерттелініп отырған объект, құбылыс туралы ақпарат алудағы білімдерді ұйымдастыру тәсілі деп қарастыруға болады. Ақпарат жүйесін (АЖ) меңгеру барысында да жүйені объектілік категорияға жатқызып, яғни материалдық немесе материалдық емес жүйелерге бөлеміз. Бұл ыңғай шынайы материалдық объектіні ұйымдастыруды, оның таңбалық ұқсас түрі - абстарктілі жүйені, үлгіні тұрғызуды қарастырады. Абстрактілі жүйелер класы шынайы материалдық жүйелерді, кезендерді, құбылыстар мен заңдылықтарды изоморфты көшірме ретінде қарастыратын зерттеу құралына жатады. Бұл жерде изоморфті абстрактілі жүйелерді талқылауда - материалдық жүйелердің дәлме-дәл көшірмесі ретінде емес, ондағы маңызды элементтер мен қасиеттердің және байланыстардың бейнесі ретінде қарастырылғаны дұрыс

Бұл жердегі айнымалыларға объектілердің барлық қасиеттері ене бермейді, тек зерттеліп отырған жүйеге қойылатын мақсаттарға байланысты бірнеше жағдайлар ескеріледі.

Жүйелік зерттеу әдістері ақпараттық жүйелерді болжау, ендіру мәселелерін шешуде маңызды орын алады. Мысалы, ақпараттық жүйелер үшін оның құрылымын дұрыс таңдап, негіздеу аса маңыды шара. Бұл жерде жүйе құрылымын - элементтердің өзара байланысының ішкі кеңістікте тұрақты бір тәртіппен құрылуының арқасында, сол жүйенің атқарымдық міндетінің анықтала түсуі және оның сыртқы ортамен байланысы дейді.

Жүйені ішкі жүйелерге бөлу қажеттілігі, оның көлемінің үлкен болып, оны уақыт, кеңістік, үйлестіру (координата) бойынша зерттеу мүмкіндігінің қиындығына байланысты. Осыған орай, күрделі жүйе ретіндегі ақпарат жүйесін тұрғызуда біршама зерттеушілер тобының ішкі жүйелер немесе басқа элементтер бойынша топтарға бөлініп қатысулары қажет. Бұл бір мақсаттағы ақпарат жүйесінің өзіне бағынышты бірнеше мақсаттардан құрастырылуын қамтиды. Осындай жағдайда бөліну немесе жүйелеңдіру құралына мақсаттар тармағы (бұтағы) мен мәселелер тармағы жатады.

Мақсаттар тармағы жүйенің неге жетуі қажет екендігін анықтаса, ал мәселелер тармағы - қандай мәселелер қайсы тізбектермен шешілуі тиіс екендігін анықтайды. Жүйені құрылымдық тұрғыда зерттеу барысын 3-суреттен көруге болады.

Суретте көрсетілген х 1 4 элементтерінен тұратын жүйе ең жоғарғы деңгейдегі С 1 бақылаушысына тікелей бақыланбайды. Ол үшін иерархиялық тәуелді құрылымдағы бақылаушылар тобы құрастырылады.

Х 1 , Х 2 бақылаушыларынан келіп түскен мағлұматтар, мәлімдемелер іріктелініп екінші деңгейдегі Ү бақылаушысына, ал Х 3 бақылаушыдан Ү 2 бақылаушысына беріледі.

3-сурет бойынша бақылаушылар сызықты-иерархиялы тәуелділікте болады. Сондықтан ақпарат жүйесін және т. б. жүйелерді сызықты-иерархиялы құрылымда қарастырған ыңғайлы. Дегенмен, иерархиялы құрылымда қарастырғанда иерархиялы деңгейлер санының (иерархия коэффициентінің) барынша аз болғаны дұрыс.

Жүйенің сызықты-иерархиялы құрылымында ішкі жүйелердің өзінен жоғарғы деңгейлеріне қатал түрде бағынышты болуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық ақпараттық жүйелер
Стоматологиядағы ақпараттық технологиялар
Медицинадағы бұлтты есептеу
Денсаулық сақтау әлеуметтік институт ретінде
ЖАҢА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДИЗАЙН САЛАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ
Информатиканың ғылым ретіндегі анықтамасы
Байланыс құралдары
Денсаулық сақтау саласы
Библиографиялық іздеуге кіріспе
Семей каласынын диагностикалык орталығынын АЖО жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz