Жоғарғы оқу орнындағы лекция және оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа формалары мен әдістері



8.1. Педагогикалық категориялар негізгі оқыту әдістерінің сипаттамасы
8.2. Жоғарғы оқу орнындағы лекция
8.3. Жоғарғы оқу орнындағы семинар және практикалық сабақтар
8.1. Педагогикалық категориялар негізгі оқыту әдістерінің сипаттамасы
Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастырудың бiрнеше формалары бар. Негiзгi формасы-лекция.
Лекция латынның «оқу» деген мағынаны бiлдiретiн сөзiнен шыққан. Алғашқы лекциялар ертедегi Грецияда пайда болып,Римде одан әрi дамыды.Ресейде алғашқы лекцияларды өзi iрге тасын қалаған Ресей Университетiнде Ломоносов оқыды. Ол лекцияға:
“Лекция әдемi сөйлеудi, әдемi сөздердi айтуды, тiл байлығын жетiлдiрудiң және оны жүйелi түрде үйренудiң қажеттiлiгi үшiн маңызды нәрсе, қажеттi сөздер мен ережелердi жаттауды қажетсiнбейдi” –деп баға бердi.
Лекцияның негiзгi дидактикалық мақсаты- студенттердiң оқу материалын меңгеруiне қажеттi бағыттаушы негiздi қалыптастыру.
Жақсы дидактикалық мақсаттарға сай ұйымдастырылған лекция лектордың аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиiмдiлiгi жоғары болады. Егер студенттiң ойлау қабiлетi белсендi болса, онда жаңа материал оңай, әрi тез оқылады, сондықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсендiлiгi мен ойлау қабiлетiн тудыру қажет.
Лекциялар мазмұны,құрылымы,сипатына қарай әртүрлi болып келедi. Бiрақ, жалпы басшылыққа алатын әдiстемелiк ереже, қағидалар ортақ болады.
Лекцияның үш түрi болады:
1.Кiрiспе.
2.Ағымдағы лекция.
3.Қорытынды немесе шолу лекциясы.
1.Кiрiспе- мұнда пәннiң мақсаты, ғылымдар жүйесiнде алатын орны,сол мамандыққа қажеттiлiгi, яғни рөлi, сол пән ғылымның пәнi, әдiснамалық негiзi, әдiстер, проблемалар мен гипотезалар, даму перспективасы, iс-тәжiрибесi, яғни практикамен байланысы, теориялық матеиалдар, даму тарихы, студенттердiң болашақ мамандығына байланысы, пәнге байланысты оқулық, оқу-әдiстемелiк құрал, ғылыми әдебиеттермен таныстыру сияқты проблемалар сөз болады.
2.Ағымдағы лекция – оқу жоспары негiзiнде жасалған типтiк бағдарламаға сәйкес жұмыс бағдарламасы бойынша жүргiзiледi.
3. Қорытынды шолу немесе қорытынды лекция – бағдарламаға сай, белгiлi бiр пәннiң толық курсын оқып өтiлуiне байланысты мемлекеттiк емтихандар алдында оқылады.
1.Тілеуова С. Жоғарғы мектеп педагогикасы. Шымкент 2004ж.
2.Қоянбаев Р.М.Ыбыраимжанов Қ.Т. Педагогикалық сөздік. Шымкент 2006 ж.
3.Каракулова К.А. Педагогика. Шымкент 2008ж.
4.Бастауыш мектеп. №5 (20б) 2005ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоғарғы оқу орнындағы лекция және оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа
формалары мен әдістері
8.1. Педагогикалық категориялар негізгі оқыту әдістерінің сипаттамасы
8.2. Жоғарғы оқу орнындағы лекция
8.3. Жоғарғы оқу орнындағы семинар және практикалық сабақтар
8.1. Педагогикалық категориялар негізгі оқыту әдістерінің сипаттамасы
Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастырудың бiрнеше формалары бар. Негiзгi
формасы-лекция.
Лекция латынның оқу деген мағынаны бiлдiретiн сөзiнен шыққан. Алғашқы
лекциялар ертедегi Грецияда пайда болып,Римде одан әрi дамыды.Ресейде
алғашқы лекцияларды өзi iрге тасын қалаған Ресей Университетiнде Ломоносов
оқыды. Ол лекцияға:
“Лекция әдемi сөйлеудi, әдемi сөздердi айтуды, тiл байлығын
жетiлдiрудiң және оны жүйелi түрде үйренудiң қажеттiлiгi үшiн маңызды
нәрсе, қажеттi сөздер мен ережелердi жаттауды қажетсiнбейдi” –деп баға
бердi.
Лекцияның негiзгi дидактикалық мақсаты- студенттердiң оқу материалын
меңгеруiне қажеттi бағыттаушы негiздi қалыптастыру.
Жақсы дидактикалық мақсаттарға сай ұйымдастырылған лекция лектордың
аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның
танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиiмдiлiгi жоғары болады. Егер студенттiң
ойлау қабiлетi белсендi болса, онда жаңа материал оңай, әрi тез оқылады,
сондықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсендiлiгi мен ойлау қабiлетiн тудыру
қажет.
Лекциялар мазмұны,құрылымы,сипатына қарай әртүрлi болып келедi. Бiрақ,
жалпы басшылыққа алатын әдiстемелiк ереже, қағидалар ортақ болады.
Лекцияның үш түрi болады:
1.Кiрiспе.
2.Ағымдағы лекция.
3.Қорытынды немесе шолу лекциясы.
1.Кiрiспе- мұнда пәннiң мақсаты, ғылымдар жүйесiнде алатын орны,сол
мамандыққа қажеттiлiгi, яғни рөлi, сол пән ғылымның пәнi, әдiснамалық
негiзi, әдiстер, проблемалар мен гипотезалар, даму перспективасы, iс-
тәжiрибесi, яғни практикамен байланысы, теориялық матеиалдар, даму тарихы,
студенттердiң болашақ мамандығына байланысы, пәнге байланысты оқулық, оқу-
әдiстемелiк құрал, ғылыми әдебиеттермен таныстыру сияқты проблемалар сөз
болады.
2.Ағымдағы лекция – оқу жоспары негiзiнде жасалған типтiк
бағдарламаға сәйкес жұмыс бағдарламасы бойынша жүргiзiледi.
3. Қорытынды шолу немесе қорытынды лекция – бағдарламаға сай,
белгiлi бiр пәннiң толық курсын оқып өтiлуiне байланысты мемлекеттiк
емтихандар алдында оқылады.
Лекция оқу барысындағы лектордың мiндетi студенттердiң жұмыстарын
тиiмдi ұйымдастыру, яғни лекцияны тыңдау, қабылдауы, түсiнуi сияқты
танымдық процестердiң белсендi байқай отырып қадағалап отыруы. Өтiлген
материалды өңдеу, тұжырымдап, қорытынды жасау. Сонымен бiрге, тыңдай
отырып, жазып алу қабiлетiн қалыптастыру. Дұрыс әрi тиiмдi ұйымдастырған
лекцияның тәрбиелiк маңызы арта түседi, яғни ойлау, еңбек әрекетi, пәнге
деген ынта, ықылас және қызығушылық дамып, қалыптасады.
Лекцияның сапалылығын бағалауда мынадай критерийлер қолданылады:
1. Лекцияның мазмұны
Оған:
а) ғылымилығы – қазiргi кездегi ғылымның дамуына, жетiстiгiне
сәйкестiлiгi;
ә) саяси бағыттылығы – дүниетанымдылық идеяларды бөлiп алу, жекелеу,
әдiснамалық сұрақтарды ажырата бiлiп, оларды түсiндiру;
б) ойлаудың белсендiлiгi – проблемалық сұрақтар қою және пәнаралық
байланыстарды анықтау;
2. Оқытудың әдiсi – лекцияның құрылымы, логикасы, жоспары, әдебиеттер,
қосымшалар, жаңа терминдер, дәлелдiлiгi мен дәйектiлiгi, негiзгi
ойлар мен қортындылар, оларды ажырата бiлу, көрнекiлiк құралдар,
жекеленген жазбалар, тiрек конспектiлердi қолдану.
3. Студенттертер жұмысына басшылық – лекция, конспекттiлердi жазу,
сұрақ –сауал, дискуссия ұйымдастыру.
Лекторға қойылатын талаптар: пәндi жетiк бiлу, идеялық сенiмдiлiк,
көңiл – күй, дауыс ырғағы, сөз құрамының дұрыстылығы мен нақтылығы, дем
алысы, сырт көрiнiсi, өзiн -өзi аудиториямен байланыста болуы.
Лекцияның нәтижесi: ақпаратты құндылығы, тәрбиелiк әсерi,
дидактикалық мақсатқа жетуi.
Лекция және оның құрылымы, өткiзу әдiстерi Орта ғасырларда дәрiс кiтап
жетiспегендiктен бiлiм берудiң жалғыз тәсiлi болды.Қазiргi уақытта да
лекция мектептiң жоғары сыныптарында, колледждерде, ЖОО, бiлiм жоғарылату
оқу орындарында оқытудың басты әдiсiнiң бiрi болып отыр.
Лекция кезiнде оқытушы бiрнеше рөлдердi атқарады:
- құбылыстарды және фактiлердi талдап, түсiндiретiн ғалым ретiнде;
- сабақ берудiң қазiргi заманғы әдiстерiн қолданып, жеке тұлғаның
дүниетанымын, адамгершiлiгiн қалыптастыратын педагог ретiнде;
- тыңдаушыларын сендiретiн, насихаттайтын шешен ретiнде;
-аудиториядағы тыңдаушылардың жағдайын жеке және тұтастай сезiне алатын
психолог ретiнде.
Лекция –бұл көп қырлы құбылыс. Мұнда көрнекi құралдар мен
иллюстрацияларды қолдану, уақытты есептеу, студенттердi белсендiру, сабақты
бұрынғы материалмен байланыстыру, негiзгi мәселелердi есiнде сақтату,
лекция барысында жазғызып және өз бетiндiк жұмысқа әдебиеттер беру
т.б.лекция барысында орындалуы тиiс.
Дайын материалды теледидар, радио, магнитофон арқылы оқу бұл дәрiс болып
табылмайды. Мұғалiмнiң тiлi, дауысы тiкелей бiлiмдi қалыптастыруға әсер
етедi.
Лекция негiзгi үш функцияны атқарады:
-ақпарат берушiлiк ( студентке қажеттi бiлiмдi бередi);
-ынталандырушы ( тақырыпқа қызығу туғызып, басқа да қайнар көздердi
оқып үйренуге шақырады);
-тәрбиелеушiлiк және дамытушылық ( құбылысқа баға берiп, ойланады).
Оқытушы лекцияның негiзгi жақтарын дәл ұсынуға мiндеттi.
1. Ұйымдастырушылық деңгей. Мұнда лекцияға, семинар, тәжiрбиелiк және
зертханалық сабаққа қанша сағат берiлгендiгi шешiледi.
2. Дидактикалық деңгей. Лекция жоспары (еркiн, шолу, мәселелiк, жалпылау
және т.б.), демонстрациялық, техникалық құралдардың, топтық дайындық
деңгейi қарастырылады.
3. Әдiстемелiк деңгей. Лекцияны жазып дайындау, бiлiм берушiлiк және
тәрбиелеушiлiк мiндеттер қою, нақты материалдарды таңдау, логикалық
аппараттарды анықтау, эксперименттi демонстрациялау, техникалық және
көрнекi құралдарды пайдалану әдiстемесiн жасау, нақты өмiрден
деректер келтiру.
Кез-келген лекция құрылымы бойынша 3 бөлiмнен тұрады.
1.Еркiн бөлiм. Тақырып аталып, мiндеттер қойылып, мәселеге қысқаша
сипаттама берiледi,лекцияға қатысты әдебиеттер айтылады, өткен сабақпен
байланыс жасалады.
2.Лекция материалын баяндау. Оқытушы фактiлердi сұрыптап, керек
ақпараттарды келтiредi, тәжiрбиенi талдап, керек кезiнде тарихи анықтама
берiп,ғылыми зерттеу мен iс жүзiнде пайда болған мәселеге баға берiп,
теорияны тәжiрибемен, өмiрмен байланыстыруды, келешектегi дамуын ашады, осы
мәселе бойынша iзденуге мүмкiндiк бередi.
3.Қорытынды.Негiзгi тұжырымдарға тоқталып, алдағы өз бетiмен орындалатын
жұмыстарға әдiстемелiк кеңес берiп, сұрақтарға жауап берiледi.
Құнды лекция бай материалымен ғана емес, оның құрылымы және оңтайлы
әдiстермен берiлiп, қатаң дидактикалық жүйеде құрылуымен сипатталады.
Лекцияның тиiмдiлiгiн жоғарылату үшiн құрылымдық ерекшелiгi, әрбiр типiнiң
оқыту әдiстемесi мен дайындалу деңгейiн жетiлдiру керек. Сонымен қатар
лектордың лекцияны аудиторияға жеткiзу шеберлiгiн, сөйлеу техникасын,
педагогикалық тактиканы меңгеруi қажет.

1. ЖОО-дағы лекция
Лекцияны бiрнеше типтерге бөлуге болады:
-жалпы мақсатына қарай: үгiттеушiлiк, насхихаттаушылық,
тәрбиелеушiлiк, дамытушылық;
-мазмұнына қарай: академиялық және көпшiлiктiк (популярный);
-дидактикалық мiндетiне қарай: еркiн, қорытынды, жалпылай шолу,
мәселелiк, лекция –диалог, баспасөз конференцияны, лекция –толғау, лекция –
iскерлiк ойындар, т.б.;
-әсер етуiне қарай: эмоция деңгейiнде, түсiндiру деңгейiнде, сендiру
деңгейiнде.
Әрбiр лекцияны тыңдаушыларға нақты, сенiмдi сезiне алатындай жеткiзе
бiлу – оқытушының мiндетi.
Оқыту үрдiсiн интенсификациялау тұжырымдамасына негiзделiп, дәстүрлi
дәстүрмен қатар инновациялық түрлерi де жоғары мектеп тәжiрбиесiнде кең
орын алады.Оған лекцияның мына түрлерi кең қолданылады:
-хабарлау лекциясы;
-мәселелi;
-лекция – диалог;
-алдын ала жоспарланған қателерден тұратын лекция;
-лекция – баспасөз-конференция;
-лекция – толғау;
-лекция – iскерлiк ойындар,т.б.
Оқытушы лекцияның әр түрiн пайдалануда өз пәнiнiң, оқыту
әдiстемесiнiң ерекшелiктерiн ескеруi тиiс.
Әрбiр лекция конспектiсiнде мынадай шарттар орындалуы қажет:
-тақырыбы (дәл анық);
-мақсаты мен мiндетi;
-әдебиеттер тiзiмi (мiндеттi және қосымша);
-мәтiн мазмұны (негiзгiсi жанамасынан бөлiнген);
-өз бетiндiк жұмысқа тапсырма.
Ал лекцияға дайындалу кезеңдерi мыналардан тұрады:
-бағдарламаны және оқулықтарды оқу;
-әдебиеттер тiзiмiн құрастыру;
-әдебиеттердi оқу, мазмұнын iрiктеу;
-көрнекi құралдарды таңдау (кесте, сурет, бейнелеу және музыкалық өнер
шығармалары, көркем әдебиеттерден үзiндi, фото, открытка және техникалық
құралдар (киноаппарат), магнитофон, компьютер және т.б.).
Дауыстың дұрыс қойылуы, сөйлеу техникасын меңгеру, мимика және жест
лекцияның берiлу формасына жатады.
Лекцияны оқу барысында мынадай ережелер сақталуы тиiс:
-жоспар бойынша оқу;
-оқулықта толық берiлмеген материалды нақты, толық жазғызу;
-әрбiр сұрақта ең бастысын жанамасынан, қызықтысын қызықсызын, күрделiсiн
бөлектеп айтып беру
-ойлау операцияларын: анализ, синтез салыстыру, жалпылау, жүйелеу және ой
қорытындыларын индуктивтiк, дедуктивтiк, аналогиялық лекция барысында
пайдалану;
- лекция барысында жалықтырмай зейiндi аударып, шоғырландырып,
тұрақтататындай әртүрлi реприкаларды қолдану;
- дәстүрлi педагогиканың әдiстемелiк тәсiлдерiн оқытудың жаңа
әдiстерiмен (диалог, пiкiрталас, шағын әңгiме және т.б.); ұтымды үйлестiру;
-терминдердi анық және шешiп тақтаға жазу;
-сөйлеу техникасын меңгеру, сөздердi, буындарды, дыбыстарды анық, ашық,
дұрыс айту;
-аудитория реакциясын сезiну және түсiну;
Оқытудың белсендi әдiстерiн қолдануды ұйымдастырудың имитациялық және
имитациялық емес түрлерi болатындығы белгiлi. Бiз имитациялық емес
әдiстердiң, яғни лекциялардың сипаттамасына қарастырып көрелiк.
Ол лекция оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлi емес түрiне жатады, себебi,
дәстүрлi емес сабақтар қатаң құрылымы және қалыптасқан жұмыс кестесi бар
күнделiктi оқу жұмыстарына қарағанда ұйымдастыру, өткiзу тәсiлдерi ерекше.
Дәстүрлi емес сабақтардың бiрнеше түрлерiн оқыту барысында орындауға
болады.
Мәселелiк лекция материалды түсiндiрер алдында дiлгiрлiк сұрақтар қою,
мәселе туғызу арқылы жүзеге асырылады. Яғни, сұрақ қою, мәселе туғызу
арқылы жүзеге асырылады. Яғни, сұрақ қою немесе мәселе тудыру арқылы
жасырын тұрған мәселенiң бiр емес бiрнеше жауаптарын қарастыру арқылы
түсiндiргелi отырған тақырыптың шешiмiн табуға болады. Мәселелiк
лекциялардың көмегiмен негiзгi үш мақсатын қамтамасыз етуге болады:
-студенттердiң теориялық бiлiмдердi меңгеруi;
-теориялық ойлауды дамыту;
-оқу пәнi мен болашақ маманның кәсiби мотивациясының мазмұнына
танымдық қызығушылық.
Мәселелiк лекциялар мақсаттарының орындалу жетiстiктерi оқытушы мен
студенттердiң өзара байланыстары арқылы қамтамасыз етiледi. Оқытушының
негiзгi мiндетi – тек қана ақпарат беру емес, сонымен қатар студенттердi
ғылыми бiлiмнiң даму қарама-қайшылықтарының нысаны мен оларды шешу
тәсiлдерiне баулу. Бұл студенттердiң ойлау қабiлеттерiн дамытады,танымдық
белсендiлiктерiн тудырады. Студент оқытушымен бiрiккен iс-әрекет жасай
отырып, жаңа бiлiмдердi меңгередi, өз мамандықтарының теориялық
ерекшелiктерiн түсiнедi.
Педагог лекция оқу кезiнде қарым-қатынас жасаудың неғұрлым тиiмдi
құрылымын пайдалану бiлуi керек. Сонда ғана оқытуды оңтайлы ұйымдастыру
нәтижеге жетелеп, педагог кәсiби маман ретiнде қалыптасады.
Мәселелiк лекцияда оқытушы мен студенттiң бiрiккен iс-әрекетiнiң
негiзiнде маман тұлғасының жалпы және кәсiби дамуы мақсатына жетедi.
Белгiлi материалды дайын күйiнде студенттердiң бойына сiңiретiн ақпараттық
лекцияға қарағанда студентер үшiн жаңа бiлiм белгiсiз күйiнде қабылданатын
мәселелiк лекцияның маңызы ерекше. Өйткенi, қабылданған ақпарат студент
үшiн өзi ашқан жаңалық түрiнде меңгерiледi.
Мәселелiк лекцияның құрылымы – iзденушi, зерттеушi iс-әрекеттердi
студенттiң тануы. Бұл жерде студенттiң меңгерiлетiн материалға тұлғалық
қарым-қатынасы ескерiледi.
Лекцияның басқа да түрлерi кездеседi: визуалды лекция, бiрге жүргiзiлетiн
лекция, алдын-ала қателерi бар лекция, баспасөз-конференция, т.б.
Визуалдау лекциясы (лекция-визуализация) көрнекiлiк ұстанымының жаңа
пайдалану нәтижесi болып табылады. Осы ұстанымның мазмұны психологиялық-
педагогикалық ғылымдардың, белсендi оқытудың түрлерi мен әдiстерiнiң
әсерiмен өзгерiп отырады.
Визуалды лекциялар студеттердi ауызша, жазбаша ақпараттарды визуалды
түрге ауыстыра алуға үйретедi, ал бұл студенттердiң кәсiби ойлау жүйесiнде
қалыптастырылады. Визуалдықтың бұл ұстанымы әр ақпараттардың түрлерiн
көрнекi бейне ретiнде көрсетедi.
Визуалды лекциялардың негiзгi қиыншылықтары көрнекi құралдардың жүйесiн
таңдау мен даярлауда, студенттердiң психологиялық-физиологиялық
ерекшелiктерi мен бiлiм деңгейлерiнде, дидактикалық негiзделген даярлық
үрдiсiнде қалыптасады.
Бiрге жүргiзiлетiн лекцияда (лекция вдвоем) мәселелiк мазмұндағы
материалы студенттерге екi оқытушының өзара диалогтiк қарым-қатынас жасау
түрiнде берiледi. Бұл лекция үрдiсiнде студенттердiң оқу материалын ұғыну
мен бiрiккен жұмыстарға қатыса алу үшiн бұрын бар бiлiмдердi қолдану керек.
Бұл жерде бiр немесе ұқсас бiрнеше мәселелi жағдаяттар туғызылады,
болжамдар ұсынылады, дәлелдеушi және жоққа шығарушы жүйелер ойластырылады,
бiрiгiп нәтижеге келудiң соңғы нұсқасына негiзделедi.
Бiрге жүргiзiлетiн лекция студенттердi ойлау үрдiсiне белсендi
араластырады. Студенттiң мiндетi берiлген ақпараттың екi түрлi
көзқарастарын салыстырып, олардың бiреуiн таңдауы керек немесе өзiндiк
пiкiрiн айтуы керек.
Бұл лекцияның қиыншылықтары: басқа лекцияларға ұқсас студенттерге ақпарат
тек бiр ғана оқытушыдан берiлуiнде. Лекция екi түрлi көзқарастағы
студенттерден өз бетiмен шешiм қабылдауын, қандай көзқарасты ұстайтындығы
немесе өзiндiк өзгеше көзқарастарының негiзделуiн талап етедi.
Лекцияны жүргiзудiң оңтайлы түрлерiнiң бiрi – алдын-ала жоспарланған
қателерi бар лекциялар. Мұндай әдiс студенттердiң бойында кәсiби
жағдаяттарды жылдам талдау бiрлiктерiн дамыту,сараптаушы оппонент, пiкiр
берушi ретiнде сөйлеп, қате және дәл емес ақпараттарды ажыратып беру үшiн
ұйымдастырылады.
Оқытушы лекцияға даярланған кезiнде оның мазмұнына белгiлi мөлшерде
мазмұндық, әдiстемелiк немесе ережелiк сипаттағы қателердi қосады. Осындай
қателердiң тiзiмiн оқытушы сабаққа алып келiп,олармен лекцияның соңында
таныстырады. Қателердiң iшiнен жиi кездесетiндерi таңдап алынады. Оқытушы
лекцияны оқығанда қателердi бiрден байқай қоймайтындай етiп дайындайды.
Мұндағы студенттердiң мiндетi – лекция барысында қателердi байқап,
конспект дәптерiне түртiп алу. Қателердi талдауға 10-15 минут берiледi.
Талдау барысында сұрақтарға не оқытушы, не студент немесе бiрiгiп дұрыс
жауап берiледi. Жоспарланған қателердiң саны оқу материалдарының мазмұнына,
лекцияның дидактикалық және тәрбиелiк мақсаттарына, студенттердiң даярлық
деңгейлерiне байланысты.
Алдын ала жоспарланған қателерi бар лекция тек ынталандыру ғана емес,
сонымен қатар бақылау қызметiн атқарады. Оқытушы студенттiң пән бойынша
дайындық деңгейiн бағалайды, ал студент материал бойынша бағдарын
тексередi. Оқытушы қателер жүйесi арқылы өзiнiң сәтсiздiктерiн анықтай
алады, студенттермен қателердi талдау барысында оқу материалдарының
құрылымы мен меңгеру қиыншылықтары жөнiнде түсiнiктер алады.
Баспасөз-конференция лекциясы әдеттегiге ұқсас. Дегенмен, бiрқатар
айырмашылықтары бар. Оқытушы лекцияның тақырыбын айтады да студенттерден
тақырып бойынша сұрақтарын жазбаша түрде беруiн талап етедi. Әрбiр студент
2-3 минут iшiнде өзiн неғұрлым қызықтыратын сұрақтарын ойластырады, оны
жазбаша түрде оқытушыға ұсынады.Соңынан оқытушы 3-5 минут iшiнде тақырып
мазмұнына қарай сұрақтарды iрiктейдi де лекцияны оқуға
кiрiседi.Материалдарды лекция түрiнде оқуды сұрақтарға жауап ретiнде емес,
тақырыпты аша отырып сұрақтарға жауап бередi. Лекцияның соңында оқытушы
тыңдаушылардың бiлiмi мен қызығуларын бейнелейтiн сұрақтардың қорытынды
бағасын бередi. Студенттердiң барлығы дерлiк сұрақтар қойып, оны сауатты
құрастыра алмауы да мүмкiн. Бұл оқытушыға студенттердiң курс бойынша бiлiм
деңгейлерi мен бiлiктiлiгiн ажыратуға көмегiн тигiзедi.
Баспасөз-конференция лекциясында студенттердiң белсендiлiк iс-әрекетi
әрбiр студенттiң жеке ақпарат алуларына сәйкес орындалады.
Лекция – оқытудың басты формасы. Оның дидактикалық мақсаты –
студенттердiң оқу материалын игеру. Ол оқытудың басты құралы бола тұрып
оның ғылыми, тәрбиелiк және дүниетанымдық қызметi бар.
Лекция мен оқулықтағы жалпы материал бiрдей болғанымен, лекцияның оқулық
алдында даусыз артықшылығы бар: мұнда ғылыми мәселелер жаңа тұрғыда
баяндалады, оқулыққа әлi ене қоймаған ғылым, техника және өндiрiс
жетiстiктерi берiледi. Лекцияның мазмұны пәннiң оқу бағдарламасына
негiзделедi. Бұл материалды сұрыптаудағы қатаң жүйелiлiктi және көрнекi
құралдар мен техникалық құралдарды дұрыс әрi ұқыпты пайдалануын талап
етедi.
Егер лекцияда оқытушының жеке шығармашылығы орын тапса, онда мұндай
лекция студенттердiң пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Лекция ғылымның жүйелi баяндалуы ғана емес, онда сонымен бiрге оқытушының
өзiнiң ғылыми идеясы, өзiнiң шығармашылық түсiнушiлiгi айтылуы қажет.
Лекцияға даярлық аса ұқыптылықпен өтуi қажет.Лекция студенттiң санасын
оятып, өзiндiк қызметпен айналысуға бағыттап, олардың дүниетанымын
қалыптастыруы керек. Бұл оқытушының пәндi жан-жақты бiлiп қана қоймай,
педагогикалық және психологиялық мәселелердi терең түсiнiп бiлуiне
байланысты.
Лекция өткiзу шеберлiгiн қалыптастыруға қойылатын талаптар:
А) конспектi жасап, лекция жоспарын құру;
ә) баяндалатын мазмұндарды қорытындылау;
б) лекция конспектiсiнiң құрылымын белгiлеу;
в) лекция бөлiктерiнде дидактикалық ұстанымдарды қолдану;
г) лекцияда баяндалатын мазмұндарды түсiндiруге қолданылатын әдiстер мен
сипаттамалар;
г) лекция өткiзудiң тиiмдi болатын түрлерi мен типтерiн талдау.
Лекцияның әдiстемелiк талаптары:
- ғылым мен техниканың қазiргi дәрежесiне сәйкес болуы;
- белгiлi тақырыптың баяндалуының қорытынды сипатқа ие болуы;
- iшкi сенушiлiктi, айғақтардың логикалық күшiн және тыңдаушының қызығуын
арттыру;
- мысалдардың жақсы ойластырылған мазмұнды болуы;
- студенттердiң өзiндiк жұмыстарына бағдар беруi;
- тыңдаушылардың қабылдауына түсiнiктi болуы.
Лекцияның педагогикалық тиiмдiлiгi, оның қызықтығы көмекшi құралдарды
пайдалануымен анықталады: тәжiрбиенi көрсету, көрнекiлiк және техникалық
оқу құралдарын пайдалану.
Лекцияда осындай көмекшi құралдарды пайдалану оқытылып отырған тақырыпқа
қызығуды арттырады, қабылдауды жылдамдатып, есте сақтау қабiлетiн дамытады.
Себебi, адамның ақпаратты игеру үрдiсi мынадай көрiнiсте болады екен:
оқығанның 10 пайызы, естiгеннiң 20 пайызы, көргеннiң 30 пайызы, өз қолымен
iстегеннiң 90 пайызы игерiледi.

Әдебиеттер:
1.С.Тілеуова. Жоғарғы мектеп педагогикасы. Шымкент, 2004
2.Қазақстанмектебі.2006.№10.

3. Қазақстан мектебі. 2007. №1

Тақырып 9

Лекция ұйымдастырудың ерекшеліктері

9.1. Оқу процесіндегі лекцияның рөлі.

9.2. Лекция құрылымы және өту ерекшеліктері

9.3. Лекцияға дайындық және міндеттемелер

9.4. Лекция стилі және лектор

9.1. Оқу процесіндегі лекцияның рөлі.

Жалпы адамзат қоғамының жаратылысына байланысты жеке тұлғалардың, яғни
жеке адамның психологиялық ерекшеліктерінің болуы табиғи нәрселердің
бірегейі болып есептелінеді.Тұлғаның жеке дара өзгешеліктеріне темперамент,
қабілет, ес, ойлау,түйсік, сана т.б. кіреді.Адамның мектеп жасына дейінгі,
мектеп жасындағы және мектеп қабырғасынан кейінгі яғни жоғары оқу
орындарында немесе орта, арнаулы оқу орындарындағы жүргізілетін оқу
процесінің бір-бірінен өзгешеліктері бар.Өтілетін оқу процесінің
ерекшелігіне байланысты оқу түрі де айқын ажыратылады.Жоғары оқу
орындарында, орта және арнаулы оқу орындарында жүргізілетін оқу процесінің
негізінің бірі – лекция сабақтары.Лекция сабақтарының жүргізілу ережелеріне
орай бұл сабақ түріне дайындық кезіндегі психологиялық ерекшеліктер
негізінен сабақ түріне байланысты болады.

Лекция сабақтары жүргізілуден бұрын дайындық әрекеттері орындалуы шарт.
Жүргізілетін лекция сабағы ең алдымен студенттің психологиялық
ерекшеліктерін есепке ала отырып өтілуін естен шығармаған жөн.Студенттің
лекция сабағына дайындығы, яғни психологиялық дайындығының ескерілуіне
тікелей лектор жауапты болады.Ең алдымен лекцияның оқу процесіндегі рөлі,
лекция сабағының жүргізілу ерекшеліктері, лекция стилі жайында егжей-
тегжейлі тоқталайық. Лекция – негізінен жоғары оқу орындарында оқылуға
тиісті.Мұның негізгі материалдары оқу дидактикасында болады.Болашақ лектор
ең алдымен дидактикалық оқу сынынан өтуі керек, практикалық тәжірибелер
жинау керек. Лектор өз студенттеріне лекцияның функциясының негізінде
информация арқылы және іздену жолдарын көрсетеді. Ал егер қиын болған
жағдайда лектор өз көмегін беруге тиісті. Студенттер қауымы үшін лектордан
лекция жөнінде сұрауға қолайлы жер – аудитория. Лекцияға арналған
аудиторияларда лекция оқу және өту өте қолайлы болып келеді. Аудиторияның
лекция сабағын өту үшін қолайлы, яғни лекциялық аудитория болса онда оқу
процесі үшін де ең бір тиімді жайлардың бірі болып есептелінеді. Лекциялық
аудиториялар студенттер үшін ең бір жайлы орындардың бірі екенін ұмытпаған
жөн. Сабақ тыңдауға және студенттер санына байланысты арнайы аудиторияның
болуы жоғары оқу орындары үшін ескерілетін жағдайлардың бірі болуы керек.
Лекция – студенттің білімін дамыта түсу арқылы ғылыммен байланыстырып, ары
қарай ізденуге ынталандырады.Студенттің негізгі материалы лекция болғанымен
әр түрлі болып келеді.Мысалы сұрақ болып келуі де ықтимал. Қазіргі заманға
сай ғылыми техникалық материалдар көп. Егер студент кітапты өзі аударатын
болса, ол ең алдымен білімі дами түседі және екіншіден бірнеше жылға дейін
ізденісте болады. Негізінен лекция оқу программасы арқылы жүргізілуге тиіс.
Лекциялар негізінен әртүрлі болып келеді.Лекциялар ғылыми практикалардан
өтіп және әртүрлі жалпы тарихи көріністерді ескере отырып, ғылыми баға беру
арқылы практикада жүргізіледі Лекция оқитын лектор материалдық шығармалар
жинап, өз мамандығына сай тәжірибелі болуға тиісті.Лекция – бұл жәй
кітаптардың бұйрығы емес. Лекция оқу кітаптағы нәрселерді көшіріп айту
деген сөз емес. Лекция оқу әр пән ерекшелігіне байланысты ғылыми
материалдарды, түсініктерді берумен қатар, студенттерді үлкен өмірге
дайындау, яғни тәрбиелеу екенін де ескеріп отыру керек. Нағыз лектор лекция
беру арқылы өз тәжірибесін жинайды және мазмұндамалық фундамент жүйесін
қалыптастырады. Әр жылдағы лекциялардың бір-бірінен өзгешеліктері болуы
керек. Алдыңғы уақыттағы лекциясымен салыстырғанда алға жылжу, салыстырмалы
түрде прогресс көрініс табуы шарт. Лекцияға дайындалар алдындағы ең бірінші
талап әуелі тақырыпқа байланысты толық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттің өзіндік жұмысы
Локальды желілер
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Психологияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал
Жоғары мектеп педагогикасы (дәрістер жинағы)
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру
Оқу іс-әрекеттің психологиялық теориясы
Семинар сабақтарда пәннің мазмұны бойынша проблемалық оқыту принципін іске асыру
Жаңа технологияны қолдануда ақпараттық жүйенің әсері
Оқыту әдістерін жіктеу проблемалары
Пәндер