Ежелгі ғұндар



Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Ежелгі ғұндар мен юэчжилер туралы қытай деректері
2. Ғұндар мемлекетінің гүлденуі
3. Ғұндардың юэчжилермен, Қытаймен, үйсіндермен, қаңлылармен қарым.қатынасы
4. Ғұндар және халықтардың орын ауыстыруы
ІІІ Қорытынды
Пайджаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды. Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ.Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды. Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар. Мөде тәңіркұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті.Ендігі жерде елбасын сайлау кағаз жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды.
Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люанъ-ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды. Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс жөне Батыс бөліктерін басқаратын хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашақта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретін уәзірлер, қолбасшылар, әскербасылары, малжанның есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды.
Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді. Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды. Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы" деп түсінді. Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4
2. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010
3. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002
4. “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Ежелгі ғұндар мен юэчжилер туралы қытай деректері
2. Ғұндар мемлекетінің гүлденуі
3. Ғұндардың юэчжилермен, Қытаймен, үйсіндермен, қаңлылармен қарым-қатынасы
4. Ғұндар және халықтардың орын ауыстыруы
ІІІ Қорытынды
Пайджаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық -- ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға -- Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды. Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ.Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды. Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар. Мөде тәңіркұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау кағаз жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды.
Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люанъ-ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды. Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс жөне Батыс бөліктерін басқаратын хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашақта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретін уәзірлер, қолбасшылар, әскербасылары, малжанның есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды.
Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді. Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды. Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы" деп түсінді. Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды

1. Ежелгі ғұндар мен юэчжилер туралы қытай деректері
Б.з.д. 1-мыңжылдыктың басында Орталық Азияны мекендеген тайпалар жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, скифтік мәдениетке ұқсас мәдениетті игеріп, арбалы көлікпен көшіп-қонып жүрді. Ежелгі Қытай жазбаларында Қытайдың солтүстік шығыс жағын мекендеген жундер (цяндар) туралы айтылады. Қытай тарихнамашысы Сыма Цянь (б.з.д.145 -- 86 жылдары) Орталық Азияны б.з.д. VII -- ғасырларда мекендеген Солтүстіктегі көршілерін жундер деп атайды. Б.з.д. V ғасырдың соңында бұрынғы жундердің орнына Орталық Азияда көшпенділердің күшті бірлестігі -- ғұндар (қытайша "сюнну") мен юэчжилер пайда болды. Юэчжилер -- шығыс скиф (сақ) тайпаларына жатады. Олардың құрамында үйсіндер де болған. Аумағы Тянь-Шаньнан бастап, Орталық және Батыс Монғолия, Жоңғария, Алтай өңірі, Шығыс Түркістанды қамтыды.
Орталық Азия көшпенділері құдіретті тайпа бірлестігіне жатады. Бань Гу юэчжилердің ғұндардан да күшті болғандығын айта келіп:
"Ұлы иузу елі (үлкен юэчжи) -- түтін саны 400 мың; әскері 100 мың, олар көшпенді мемлекет, мал жайылымы жағдайына карай көшіп-қонып жүреді, әдет-ғұрыпы ғұндарға ұқсас ", - деп көрсетеді. Б.з.д. III ғасырдың соңында олар Ганьсу провинциясының оңтүстік-батысын иемденген. Ғұндардың соққысынан б.з.д. 174 жылдан кейін батысқа кеткен юэчжилер Бактрияны бағындырды, кейіннен Бактрия жерінде Кушан патшалығы пайда болды.
Б.з.д. IV ғасырда қытайлықтар өздерінің қарсыластарының арасында ғүндарды алғаш рет атайды. Ғүндар б.з.д. III ғасырдың соңы мен II ғасырдың басында 24 тайпалар одағынан тұрған Еуразия кұрлығындагы бірден-бір ірі мемлекетке айналады. Шығысында Тынық мұхитынан бастап, батысында Тарбағатай тауларына дейін кең құлаш жайып жатты.
Кейбір зерттеушілер: "Бұл мемлекеттің батыс шекарасы Арал теңізі, кейде Каспий теңізіне дейін жеткен" - деген пікірлер айтады. Б.з.д. IV -- III ғасырларда ғұндардың жауынгерлік күш-қуатынан сескенген қытайлықтар олардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салдырған.
Ғұндар - көшпенді халық. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде шыгыс ху тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сянби және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаньюйлерінің қол астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сюннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли елдерін бағындырғанын хабарлайды. Мәтінде берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сюннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек. Б. з. б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды, бірақ олар бұл аумақты толық қол астына каратқан жоқ. Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, архео-логиялык материалдар да көрсете алмады.
Одан кейінгі онжылдықтарда ғұн тайпаларының күшеюіне қоса олар батыста да қызу кимыл көрсете бастайды. Б. з. б. 177 жылы Мөде көршілеріне қарсы оз бетімен қимыл жасады деген сылтаумен өзінің батыстағы туктерін (князьдарын) юедилерге қарсы жорыққа аттандырды. Ғұндардың атты әскерлері Чжанье-Ганьчжоу ауданы маңында юедилерді жеңіліске ұшыратты және сонымен бірге ғұндардың қалыптасып жаткан бірлестігінің шет аймағындағы бірнеше үлесті бағындырды. Келесі жылғы жазда бұл жөнінде шаньюй былай деген: Аспанның рақымымен жауынгерлер аман, ал аттар мықты шықты: олар юедилерді жойып, жуасытты; семсердің ұшына іліп немесе бағындырып, (өз билігін) нығайтты. Лоулань, Усун, Хуцзе және оларга шектес 36 үлес (князьдік) сюннулерге қаратылды. Олардын бәрі сюннулердің армиясына кіріп, бір әулетке айналды.
Бұл кұжат өте маңызды, бірақ сын көзбен қарауды талап етеді. Отыз алты мемлекет деп қазіргі Шығыс Түркістан аумағына орналаскан князьдіктер, яғни жалпы алғанда батыстағы Каспий теңізінің жағалауына дейінгі бүкіл жер айтылған. Тарихи жазбалардың (Шицзи) авторы Сыма Цянь юедилердің толық талқандалғаны туралы хабарды құп алып, бұл орайда б. з. б. 177 жылы қытайларға юедилердің (юечжилердің) Хуанхэнің солтүстік ойпатынан батысырақта мекендеген бір бөлігінің ғана белгілі болғанын ескермеген. Қытай деректемелерінде юеди деп аталған көшпелі тайпалар Грек-Бактрияны талқандаганнан кейін олар туралы мәліметтер өзінен-өзі бүкіл Орта Азияға да тарала бастайды.
Сірә, б. з. б. 177 жылы сюнну-ғұндардың Тынық мүхиттан Каспий теңізінің жағалауына дейінгі барлық елдерді бір князьдің атты әскері күшімен бағындыруын шындыққа жанаспайды деп санау керек. Дегенмен де, шығыстағы юедилердің бағындырылғанына күмән жоқ, нақ сол сияқты Лоулан, Усун және Хуцзэ бірлестіктерінің юедилерге тәуелді болғаны туралы хабар да рас. Бұл этникалық-саяси атаулардың географиялық орны онша айқын емес. Қазіргі картаға Лобнор ауданындагы Лоулан (Крораина) князьдігі ғана азды-көпті сәйкес келеді. Қытай жазбаларындагы басқа деректердің есімен теңестірілген Хуцзе жерінің немесе тайпасының этнонимі жергілікті Айғыр атауынан шығуы мүмкін. Ол Усун және Цзянь- кунь елдерінің арасында, яғни шамамен Оңтүстік Алтайда болған. Геродоттың аргиппейлер тайпасы осы маңайда орналасқан деп саналады. И. X. Дворещсийдің пікірінше, аргиппейлер деген сөз ертедегі гректерше арғамақ, тұлпар дегенді білдірді, демек нақ сол ұғымға жақын әлдебір жергілікті атаудың аудармасы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, ертедегі қытай тілінің жоғарыда аталған транскрипцияларын түркілердің арғымақ немесе айғыр деген сөздерімен салыстыру дұрыс сияқты.[1] Ғұндар бірлестігіне шыкқан тегі әр түрлі тайпалар немесе этникалық- саяси құрылымдар кірген. Конфедерацияның қоғамдық өміріне бір орталықка бағынғысы келмейтін куатты күштер, кең-байтақ жердің әр түрлі аудандары арасында берік саяси және экономикалық байланыстардың болмауы зор ықпал жасады. Алғашқы кезде біршама бірлік ғұн коғамындағы фратрияаралық ұйымның ерекше түрі болуы арқылы орнаған.
Сюнну-ғұн тарихынан әулеттік бірлестіктің үш, ал кейін төрт экзогамиялық билеуші рулардан (фратриялардан) тұрғаны мәлім. Деректемеде былай делінген: Хуянь руы, Лань руы, олардан кейін Сюйбу руы пайда болды; оларда ең атақты тармақтар да нақ осы үш әулет11. Бұл орайда сол қанатты құрайтын Хуянь руы ең атақтысы болган, ал Лань және оған еншілес Сюйбу он қанат болга. Бір қызығы, шаньюйлік Люаньти руы атақты ру деп аталмаған. Ал Хуянь мен Лань шаньюймен құдандалы туыс болған. Біздің заманымызға жақындағанда құдандалы туыстық біраз өзгерген. Оңтүстік сюннулерде шаньюй руы Сюй-Лянь-ти деп атала бастады, баска ақсүйектер әулетінен Хуянь, Сюйбу, Цюлинь және Лань аталған. Осы төрт әулет олардың елінде атақты рулар болды және әдетте шаньюймен құдандалы туыс еді. Онда бұдан әрі былай делінген: Хуянь руы сол (яғни шығыс және үлкен) қанат, ал Лань және Сюйбу рулары оң (яғни батыс және кіші) канат болды. Тағы екі ғасырдан кейін олардың патшалық руы алмасқан және өз атауын өзгерткен. Тізіп келтірілген ең атақтысы енді Дугэ (Туглаг) руы болып шыгады, ол ең батыр және ұлығы болды, сондықтан шаньюйлер солардан шықты. Олардың атақты төрт руы Хуянь руы, Сюйбу руы, Лань руы, Цяо (Цюлинь) руы болды, бірақ ең атақтысы -- Хуянь руы, одан канцлерлер, сол және оң қанаттағы жичжулер шықкан. Уақыт өте келе шаньюй руының белгісіз рудан ең ержүрек болуы негізінде ең ұлық руга айналған эволюциясы ерекше көрінеді. Тегінде, мұнда белгілі бір кезенде сол кезде-ақ болған ер адам жағынан мұрага қалатын принципті көрсеткен еркек (патриархаттық) тегінің іс жүзінде үстемдік етуімен дуалдық ұйым қалыптасқан болса керек.
Б. з. б. I ғасырдың орта шенінде-ақ сюнну қоғамы өзінің вассалдық иеліктерінен айырылумен бірге байырғы құрамында екі топқа -- Хуханьешаньюй бастаған оңтүстік және Чжичжи басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді. Оңтүстік сюннулер Ордос аумағында мекендеп қалды да, солтүстік сюннулер өз тайпаластарының қысымымен Саян мен Байкал өңіріне ыгысты, яғни солтүстік пен батысқа қоныс аударды.
Б. з. б. 49 жылы Чжичжи көрші князьдікке дипломатиялық сапарға кеткен Хуханьенің аз уақыт болмауын пайдаланып, оның жерін басып алып, сол арқылы конфедерацияның бірлігін қайта орнатуға әрекет жасады. Алайда оның күші жетпейтін еді. Шежірешінің айтқанындай, Чжичжидің өзі сюннуде күшпен нығая алмайтынын білді. Ол үйсін гуньмосы Уцзютудан көмек сұрады, бірақ соңғысы оның елшісінің басын алып, Чжичжиге шабуыл жасауға 8000 атты әскер жіберді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтар мен ғұндардың әскери өнері мен мемлекеттік ұйымы: салыстырмалы талдау
Ғұн тарихы XVIII ғасырдағы орыс және шетел ғалымдары еңбектерінде
Ғұндардың арғы атасы
Ғұндар туралы
Қазақстандағы тайпалык бірлесттіктер
Ежелгі ғұндар мен юэчжилер туралы қытай деректері
Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы туралы
Ғұндар өмірі мен тарихы
Ғұндар - көшпенді халық
Арғытүркілердің мәдени мұрасы
Пәндер