Қазакстанның рухани келбеті-ұлттық идеялогия



Қазакстанның рухани келбеті.ұлттық идеялогия.
Мәдениеттегі ұлт көрінісі
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан қоғамының санасындағы өзгерістер тарихи тағдыр тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен құндылықтарды қайта жаңғыртумен сипатталады. Ол бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен мәдени деградация мен трансформацияға ұшыраған ұлттық мәдениетті қайта өркендету, мемлекеттік деңгейде ұлттық идеяның негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару, осы уақытқа дейін тыйым салынып келген халықтың тарихи өткенін толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру және ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы – мәдени-рухани мол мұраны игеру сияқты міндеттерді шешуді жүктейді.
Сонымен қатар, тәуелсіздік алған жылдардан кейін еліміздің алдындағы өзекті мәселелердің бірі – жаңа заман талабына жауап бере алатын мемлекеттің ұлттық идеясын жасау мәселесімен қатар, қазіргі модернизациялану жағдайында қоғам өміріндегі ұлттық идея¬ның алатын орнын анықтап, рухани жетілу, адамгершілікті дамыту, идеологиялық біріктіру қызметтерін кеңейту мүмкіндіктерін іздестіру қажеттілігі туды.
Қазақстандық көпұлтты қоғамның қазіргі ұлттық даму сатысындағы өзіне тән ерекшеліктердің бірі – әртүрлі құндылықтар негізінде қалыптасқан сан-алуан әлеуметтік-мәдени құрылымдардың қатар өмір сүруі және олардың әрқайсысына сәйкес қоғамдық сана мен мінез-құлық үлгісінің пайда болуы деп айтсақ болады. Сонымен қатар, бұрыңғы концепциялар қайта қаралып, тарихта ұмытылған немесе тоталитарлы кезеңде тыйым салынған құбылыстарды қайта жаңғырту үрдісі байқалуда.
Осылайша, қазіргі қоғамдық өмірдің реформалануы мен демократиялануы жағдайында, Қазақстан Республикасы мен ТМД-да болып жатқан түбегейлі өзгерістер тұсында ұлттық идеяны қалыптастыру – тарихи қажеттілік, әрі уақыт талабы болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардан көретініміз, халыққа ортақ бағыт-бағдар беретін ұлттық идеяны қалыптастыру көпұлтты қоғамды біріктірудің маңызды шарты болып табылады. Себебі, өз дамуының белгілі бір шарықтау шыңына жетіп, дамудың түбегейлі жаңа сатысына көтерілудің орасан зор мақсаты жолындағы қоғам мен мемлекеттің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және басқа барлық күштерін біріктіру міндеті туындаған кезде кез келген ел өзінің ұлттық идеясын қалыптастыруға деген қажеттілікті сезінеді.Ұлттық идеяның табиғатын түсіну үшін, алдымен «идея» мен «ұлт» түсініктерінің ғылыми анықтамаларына тоқталуымыз қажет.Идея сөзі грек тілінен аударғанда – көрініп тұрған нәрсе, бей¬не, яғни, мағына, ой, пікір, маңыз, мән ұғымдарын білдіретін, түрлі мағынада қол¬да¬нылатын философиялық термин. Идея болуға тиістінің жалпы кескінін көрсетеді, соның жалпы бағытын анықтайды. Сол идеяның негізінде кейін тұтас бір жүйелер, олардың нақты түрлері мен фор¬малары өрбиді. Осы жағынан алғанда идеялар саяси және әлеуметтік өмірде, көркемөнерде, дінде, философияда шын мәнінде белгілі бір (жалпыадамзаттық, ұлттық, гуманистік, т.б.) құндылықтармен тығыз байланысып жатады. Қоғамдағы әрбір адамның өзіндік идеялары, өмірге деген көзқарастары, идеалдары мен құндылықтар жүйесі бар. Бұлар жиналып, келіп, адамның рухани жан дүниесін құрайды.
Пайдаланған әдебиеттер




1. К. Қожахметова «Ұлт тағдыры мен қыз бала тәрбиесі - біртұтас». «Ұлт тағылымы» журналы 2005жыл.

2. К.Мәлікқызы «Козы Көрпеш - Баян сұлу»жырындағы тәрбие мәселесі. «Қазақ тілі мен әдебиеті»,2005жыл.

3. Б. Тойлыбаев «Ұлттық тәрбиеде жеке тұлғаның қалыптасуы». «Ұлт тағылымы»,2004,№2

4. Б. Жалмағамбетова «Ұлттық мектеп - ұлттық болмыс ортасы». «Қазақстан мектебі»,2005жыл

5. А.Сисенбердиева «Билер сөзінің тәрбиелік маңызы» «Қазақстан мектебі»,2006жыл

6. К. Оразбекова. «Қыз бала тәрбиесі». «Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында»кітабы,2000 жыл.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазакстанның рухани келбеті-ұлттық идеялогия.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан қоғамының санасындағы
өзгерістер тарихи тағдыр тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен
құндылықтарды қайта жаңғыртумен сипатталады. Ол бірнеше ғасыр бойы
отаршылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен мәдени деградация мен
трансформацияға ұшыраған ұлттық мәдениетті қайта өркендету, мемлекеттік
деңгейде ұлттық идеяның негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару,
осы уақытқа дейін тыйым салынып келген халықтың тарихи өткенін толығымен,
жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру және ғасырлар бойы қалыптасқан
қазақ халқының асыл қазынасы – мәдени-рухани мол мұраны игеру сияқты
міндеттерді шешуді жүктейді.
Сонымен қатар, тәуелсіздік алған жылдардан кейін еліміздің алдындағы
өзекті мәселелердің бірі – жаңа заман талабына жауап бере алатын
мемлекеттің ұлттық идеясын жасау мәселесімен қатар, қазіргі
модернизациялану жағдайында қоғам өміріндегі ұлттық идея¬ның алатын орнын
анықтап, рухани жетілу, адамгершілікті дамыту, идеологиялық біріктіру
қызметтерін кеңейту мүмкіндіктерін іздестіру қажеттілігі туды.
Қазақстандық көпұлтты қоғамның қазіргі ұлттық даму сатысындағы өзіне тән
ерекшеліктердің бірі – әртүрлі құндылықтар негізінде қалыптасқан сан-алуан
әлеуметтік-мәдени құрылымдардың қатар өмір сүруі және олардың әрқайсысына
сәйкес қоғамдық сана мен мінез-құлық үлгісінің пайда болуы деп айтсақ
болады. Сонымен қатар, бұрыңғы концепциялар қайта қаралып, тарихта
ұмытылған немесе тоталитарлы кезеңде тыйым салынған құбылыстарды қайта
жаңғырту үрдісі байқалуда.
Осылайша, қазіргі қоғамдық өмірдің реформалануы мен демократиялануы
жағдайында, Қазақстан Республикасы мен ТМД-да болып жатқан түбегейлі
өзгерістер тұсында ұлттық идеяны қалыптастыру – тарихи қажеттілік, әрі
уақыт талабы болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардан көретініміз, халыққа ортақ бағыт-бағдар
беретін ұлттық идеяны қалыптастыру көпұлтты қоғамды біріктірудің маңызды
шарты болып табылады. Себебі, өз дамуының белгілі бір шарықтау шыңына
жетіп, дамудың түбегейлі жаңа сатысына көтерілудің орасан зор мақсаты
жолындағы қоғам мен мемлекеттің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени,
рухани және басқа барлық күштерін біріктіру міндеті туындаған кезде кез
келген ел өзінің ұлттық идеясын қалыптастыруға деген қажеттілікті
сезінеді.Ұлттық идеяның табиғатын түсіну үшін, алдымен идея мен ұлт
түсініктерінің ғылыми анықтамаларына тоқталуымыз қажет.Идея сөзі грек
тілінен аударғанда – көрініп тұрған нәрсе, бей¬не, яғни, мағына, ой, пікір,
маңыз, мән ұғымдарын білдіретін, түрлі мағынада қол¬да¬нылатын философиялық
термин. Идея болуға тиістінің жалпы кескінін көрсетеді, соның жалпы бағытын
анықтайды. Сол идеяның негізінде кейін тұтас бір жүйелер, олардың нақты
түрлері мен фор¬малары өрбиді. Осы жағынан алғанда идеялар саяси және
әлеуметтік өмірде, көркемөнерде, дінде, философияда шын мәнінде белгілі бір
(жалпыадамзаттық, ұлттық, гуманистік, т.б.) құндылықтармен тығыз байланысып
жатады. Қоғамдағы әрбір адамның өзіндік идеялары, өмірге деген
көзқарастары, идеалдары мен құндылықтар жүйесі бар. Бұлар жиналып, келіп,
адамның рухани жан дүниесін құрайды.
Сонымен, идея – бар нәрсені емес, басқа ұғымдардан өзгеше әлі жоқ
нәрсені, жасалуға тиіс дүниелерді білдіреді. Идея өзі тарихи дамудың
нәтижесі ретінде өзінің даму барысында өзінің көптеген қырларын айқындап
толысқан ұғым. Ол бүкіл даму тарихындағы жасалған рухани байлықтардың бәрін
бойына сіңірген, бір жүйеге біріктірген.Ал, ұлттық термині ұлтқа тиесілі
деген мағынаны білдіреді. ұлт ұғымына Қазақстанның ұлттық
энциклопедиясында былай деп анықтама берілген: ұлт – ортақ тілі,
қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші салт-дәстүрлері мен діні бар адамдардың
әлеу¬мет¬тік бірлестігі. Сонымен бірге, көптеген ұлттардың ортақ аумағы,
ортақ экономикасы, сол ұлт өкілдерін біріктіретін мемлекеті болады. Ұлт
қалыптасуында адамдардың бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетикалық
тек те маңызды рөл атқарады. Осындай талап тұрғысынан қарастыр¬ғанда ұлт
және этнос ұғымдары біріне бірі өте жақын, этнос ұлттың туып,
қалыптасуына негіз болады . Дегенмен, әлі де философиялық және саяси-
әлеуметтік ой-пікірде ұлт, этнос категориялары туралы бір арнаға
тоғысқан түсінік қалыптаспаған.
Бұл орайда, ұлт туралы О. Бауер: ұлт – тағдыр ортақтығы
байланыстырған ортақ сипатты адамдардың бүкіл жиынтығы. Осы тағдыр
ортақтығы негізінде пайда болған белгі ұлттық мәдениет ортақтығын
интернационалдық ортақтықтардан : кәсіби, таптық, мемлекетті құрайтын
халықтық – бір сөзбен айтқанда, түп негізін бір тектілік құрайтын осындай
барлық ортақтықтардан бөліп тұрады... Ұлттық сипат – сол ұлт тарихының
таңбасы, одан басқа ештеңе де емес, – деп айтады .
Әлемдік философиялық, әлеуметтік – саяси ойда ұлт ұғымы әр түрлі
түсіндіріледі. Себебі, әр мемлекетте ұлт ұғымы жергілікті әлеуметтік және
саяси ахуалға байланысты қабылданады. Дегенмен, ұлт дегеніміз этнос
негізінде пайда болатын әлеуметтік қауымдастық. Ұлттық белгілер этникалық
белгілерден туындайды. Халықтарды әлеуметтік–экономикалық формациялар
теориясына сүйеніп ұлтқа, этносқа, ұлысқа, тайпаға бөлу маркстік идеялардың
негізінде пайда болған.
Жоғарыда айтылғандардан, ұлт – бұл өз ерекшелігімен анағұрлым
дамыған әлеуметтік-этникалық қауымдастық. Бұл этникалық қауымдастықтың
тұрақты белгілері негізінде пайда болған қауымдастық, оған – ортақ
экономикалық байланыстар, территория, тіл, мемлекет және ұлттық сипат
жатады, бұл ұлттың мәдениеті, тұрмыс ерек¬ше¬лігінен көрініс тауып отырады.
Мәдениеттегі ұлт көрінісі – бұл тек тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүр ғана емес,
сонымен қатар, халықтың өзіндік мінезі, тілі, психологиясы, оның тарихи
негізі және әлемді қабылдау ерекшеліктері .

Жоғарыда айтылған идея мен ұлт терминдерін біріктіретін болсақ, онда
ұлттық идея бұл ұлттың ойы, санада көрініс табатын мақсат-мұраттары десе де
болады. Ол ұлттың өзіндік санасының жүйеленген көрінісі ретінде халықтың,
этностың, ұлттың өмір сүру мәнін анықтап, ұлттың пайда болуы мен тарихын,
оның тарихи миссиясын көрсетеді.Ұлттық идея – туған жер, өскен орта
әсерле¬рінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-
ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген этностық сезім. Ол – ұлттың
болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ұлт бар жерде ол да бар. Ұлтпен
бірге өмір сүреді, жойылмайды, құбылып өзгермейді.Ұлттық идея, академик Д.
Кішібековтың пікірінше, тамырын тереңнен алады және этностың болмыстық
табиғатын түзеді, оның тарихымен және мәдениетімен байланысты болады.
Ұлттық идея этникалық сезімдердің негізінде пайда болады. Ал идеология
қоғамдық сананың жоғары даму сатысы болып табылады. Егер ол ұлттық идеяға
негізделсе, оны құндылықтармен толықтырса, күшке ие болады. Идеялардың
маңызды топтастырушысы болып табылатын идеология стихиялы түрде пайда
болмайды, оны адамдар қалыптастырады және оның өзіндік мақсаты мен қызметі
болады. Ұлттық идеяның одан айырмашылығы – оны адамдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы көппартиялық жүйе
Әлеуметтік философиядағы Ислам құндылықтары
«Қазақ» газетіндегі көтерілген оқу –тәрбие мәселелері
Геоэкология пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
Қазақстанның бейнелеу өнерінің даму тарихы
ҰЛТТЫҚ ӨНЕР ШЕБЕРІ С.А. ТӨЛЕНБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жайында
Президенттің халыққа жолдауы бойынша құқықтық сана, құқықтық тәрбие және құқықтық мәдениеттің пәрменділігін арттыру
Геоэкология пәнінен дәрістер кешені
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Пәндер