Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және несиелеуді жүзеге асыратын мекемелер



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I БАНКТІК НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Несие және оның қызметтері
1.2 Банктік несиенің экономикалық мәні мен мазмұны
1.3 Банктік несие жүйесі және оның несиелеу механизмі
1.3.1 Банктік несие формалары мен олардың жіктелуі
1.3.2 Несиелеу механизмі. Банктердегі несие беру процесі

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛЕУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МЕКЕМЕЛЕР
2.1 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және оның құрылымы
2.2 Экономиканы несиелеудегі коммерциялық банктер мен банктік емес мекемелер

III ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫН НЕСИЕЛЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШЫҒЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірбие көрсетіп отырғандай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді.
Қаралып отырған тақырып, бүгінгі күннің бірден-бір көкейтесті тақырыбы. Бұл тақырыптың маңыздылығы Қазақстан Президентінің “Қазақстан - 2030” бағдаламасынан шығады: «Соңғы 5 жыл ішінде біздің экономикалық стратегиямыз микроэкономикадағы жетістіктердің тұрақтылығын қамтумен болды. Бұл қатаң монетарлық және несиелік саясатты тікелей түрде жүргізу деген мағынаны білдіреді». Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуi қоғамдық өндiрiстiң сипатын өзгертуде. Сонымен қатар елiмiздегi мол табиғат ресурстары қоғам мен экономиканың дамуының мемлекеттiк стратегиялық мақсаттарын қорландыру және қор жинау механизмдерiн жоғалтып, бүгiнгi күнгi ауадай қажет болып отырған қаржы тапшылығын жауып отыр.
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне несие алу ретінде экономикалық қызметтерін іске асырады. Кәсiпкерлердiң өзара жасаған дәл осы мiндеттемелерi экономикалық механизмнiң тұрақтылығы болып табылады. Ал осы несиелік қатынастар және несиенің формалары ұлттық несие жүйесін қалыптастырады.
Қазақстандағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер).
Несие түрi – бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi қызметтерiнiң, яғни әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық сақталатын көрiнiсiн бiлдiредi. Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн нсеиенi – коммерциялық, ал ақша түрiндегi несиенi банктiк деп атайды. Банктік несие – бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады.
Сондықтан мен «Ақша, несие, банк» пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын «Банктік несие және оның экономиканы дамытудағы рөлі » деп алдым.
Менің осы тақырыпты орындаудағы міндеттерім:
 Банктік несиенің экономикалық категория ретінде мәнін ашу;
 Несиенің экономикалық қатынастардың дамуына қажеттігі мен қызметтерін анықтау;
 Банктік несиенің әр түрлі формаларын және оның түрлерін, осыған байланысты жіктелу ерекшелігін талдау;
 Несиенің даму ерекшеліктерін атап көрсету және дамудың қазіргі сатысында Қазақстан Республикасының несие жүйесіне дәл анықтама беру және банктік несиенің келешегін анықтау.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж
2. Банки Казахстана, 2005 г. №1; “О некоторых аспектах развития филиальных сетей коммерцеских банков” // Кил А. Б.
3. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. – Алматы: Издат Маркет, 2004. – 248 бет.
4. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары. Оқу құралы. – Алматы: «Қазақ университеті» 2002 ж.
5. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика, 2001, - 466 б.
6. Садвакасова Ж. «Кредитная политика коммерческого банка» // Вестник КазНУ, Серия экономическая. №2. – 2005 г.
7. Л.А. Шоманова, С.Б. Мақыш «Қазақстан экономикасының нақты секторын несиелеу жағдайы» // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №6 – 2004 г.
8. Молдабекова А. «Үй шаруашылығының секторында кредиттендіруді кеңейту» // Қаржы-Қаражат. №2. – 2005 ж.
9. Нургалиев К.Р. Қазақстан экономикасы. Оқу құралы. – Алматы: «Қазақ университеті» 1999 ж.
10. «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана,
№ 9- 2005 г. 3-4 стр.
11. www.kazinfo.kz
12. www.kkb.kz «Несие алуға қажетті құжаттар»

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I БАНКТІК НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Несие және оның қызметтері
1.2 Банктік несиенің экономикалық мәні мен мазмұны
1.3 Банктік несие жүйесі және оның несиелеу механизмі
1.3.1 Банктік несие формалары мен олардың жіктелуі
1.3.2 Несиелеу механизмі. Банктердегі несие беру процесі

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛЕУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН
МЕКЕМЕЛЕР
2.1 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және оның құрылымы
2.2 Экономиканы несиелеудегі коммерциялық банктер мен банктік емес
мекемелер

III ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫН НЕСИЕЛЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШЫҒЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік
тәжірбие көрсетіп отырғандай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін
түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар соңы
өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен
қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта
құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың
ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді.
Қаралып отырған тақырып, бүгінгі күннің бірден-бір көкейтесті тақырыбы.
Бұл тақырыптың маңыздылығы Қазақстан Президентінің “Қазақстан - 2030”
бағдаламасынан шығады: Соңғы 5 жыл ішінде біздің экономикалық стратегиямыз
микроэкономикадағы жетістіктердің тұрақтылығын қамтумен болды. Бұл қатаң
монетарлық және несиелік саясатты тікелей түрде жүргізу деген мағынаны
білдіреді. Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық
экономикаға өтуi қоғамдық өндiрiстiң сипатын өзгертуде. Сонымен қатар
елiмiздегi мол табиғат ресурстары қоғам мен экономиканың дамуының
мемлекеттiк стратегиялық мақсаттарын қорландыру және қор жинау
механизмдерiн жоғалтып, бүгiнгi күнгi ауадай қажет болып отырған қаржы
тапшылығын жауып отыр.
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың
басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне несие алу ретінде экономикалық
қызметтерін іске асырады. Кәсiпкерлердiң өзара жасаған дәл осы
мiндеттемелерi экономикалық механизмнiң тұрақтылығы болып табылады. Ал осы
несиелік қатынастар және несиенің формалары ұлттық несие жүйесін
қалыптастырады.
Қазақстандағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік
жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер).
Несие түрi – бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi
қызметтерiнiң, яғни әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық
сақталатын көрiнiсiн бiлдiредi. Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және
ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн нсеиенi – коммерциялық, ал ақша
түрiндегi несиенi банктiк деп атайды. Банктік несие – бұл экономикадағы
кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады.
Сондықтан мен Ақша, несие, банк пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын
Банктік несие және оның экономиканы дамытудағы рөлі деп алдым.
Менің осы тақырыпты орындаудағы міндеттерім:

▪ Банктік несиенің экономикалық категория ретінде мәнін ашу;

▪ Несиенің экономикалық қатынастардың дамуына қажеттігі мен қызметтерін
анықтау;

▪ Банктік несиенің әр түрлі формаларын және оның түрлерін, осыған
байланысты жіктелу ерекшелігін талдау;

▪ Несиенің даму ерекшеліктерін атап көрсету және дамудың қазіргі
сатысында Қазақстан Республикасының несие жүйесіне дәл анықтама беру
және банктік несиенің келешегін анықтау.

I БАНКТІК НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Несие және оның қызметтері

Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар,
мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға
болады.
Несие – бұл пайыз төлеу мен қайтару шартында уақытша пайдалануға
берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы
ретінде құн қозғалысының үздіксіздігінің қамтамасыз етуге тиіс. Құн
қозғалымы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде
мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату
мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде ауарлар айналыс процесіне себепші
болады. Қарыз мәмілесі атуар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату
мәмілесіне қарсы қойып салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін. Олардың
арасындағы негізгі айырмашылық мында: сатып алу-сату кезінде тауарларды
өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қазір мәмілесі кезінде эквивалентінің
қайтарылуы кейінге қалдырылады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие - бұл
банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың
жұмсалымдарының бір формасының білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда –
бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде несие – кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде
қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты
элменттерден, мұндай элементке несиелік қатынастар субъектілері жатады.
Несиелік мәмілелер бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші
және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – бұл несие алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік
қатынастың екінші жағы борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздар
болмағанымен де олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе
жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты
төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас
туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ
адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш – бұл өте ауқымды ұғым. Ал
қарыз алушы – бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне
берілетін объекті де жатады. Беру объектісі – бұл құнның ерекше бөлігі.
Яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Несиенің экономикадағы орны мен ролі, оның атқаратын қызметтерімен
сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді
атқарады:
1. Қайта бөлу;
2. Айналыс шығындарын үнемдеу;
3. Айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
4. Капиталдың шоғырлануын жеделдету;
5. Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының
толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің
көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал
ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржыны қайта бөлу қызметінен
айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен
аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм
негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің
экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектлеріндегі ақшалай
қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей
жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті
қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады.
Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс
шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Ал келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын
уақытша алмастыру. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға
толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар
айналысын емес, сондай-ақ нақты нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра
отырып, ақша айналысында жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік
ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асады.
Несиенің капиталды шоғырландыру процесі экономиканың тұрақты дамуына
жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай мідеттерді шешуде несиенің
бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік
береді. Бұл қызмет шаруашылықтағы маңызды болып саналатын және дамуды қажет
ететін салаларға несие беру арқылы оларды қызмет етуге ынталандырады.
Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-
техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да,
несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының жұмыс жасауы
қиындыққа түседі. Сондай-ақ несиенің өндірісте және жалпы экономикалық
дамуда инновациялы өндірісті ынталандырушы да қызметінің маңызы жоғары.

1.2 Банктік несиенің экономикалық мәні мен мазмұны

Несие түрi – бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi
қызметтерiнiң, яғни әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық
сақталатын көрiнiсiн бiлдiредi. Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және
ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн несиені – коммерциялық, ал ақша
түрiндегi несиенi банктiк деп атйды.
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушiнiң қарыз алушыға берген тауарын
бiлдiредi. Бұл несие вексель айналысының пайда болуына сбеп болған,
эконоикадағы несиелiк қатынастардың алғашқы формасы. Несиенiң бұл
формасының басты мақсаты – тауарлардың өту процесiн жеделдету, сондай-ақ
одан пайда табу.
Банктiк несие – бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай
түрде берiлетiн несиенi бiлдiредi. Банктiк несие – бұл экономикадағы
кеңiнен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк
несие бойынша несиелiк қатынастардың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк
келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк және арнайы қаржы
мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде: кәсiпкерлiкпен немесе
бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген
заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты – пайыз
түрiнде табыс алу.
Коммерциялық несиенiң банктiк несиеден айырмашылығы келесiдей:
• Қарыз берушi ролiнде банктiк мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметтi сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
• Коммерциялық несие тек қана тауар формасында берiледi;
• Қарыз капиталы өнеркәсiптiк немесе сауда капиталымен байланысты;
• Коммерциялық несиенiң орташы құны сол кезендегi банктiк пайыз
мөлшерлерiмен салыстырғанда төмен болады;
• Қарыз берушi мен қарыз алушы арасындағы несиелiк мәселенiң заңды
түрде рәсiмделуi барысында, бұл несие үшiн төленетiн ақы тауар
бағасының құнына қосылады.
Банктік және коммерциялық несиенің динамикасы әр түрлі. Коммерциялық
несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымынының ұлғаюымен жоғарлайды және
олардың азаюымен қысқарады. Өнеркәсіптің даму кезеңінде оған ұсыныс және
сұраныс жоғарылайды, ал дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс дағдарыстары
әсерінен тауарлардың өндірілуі мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды
төлеу үшін банктік несиеге деген сұраныс өседі.Өндірістің жанданып,
жоғарлаған кезінденағыз капиталдың көлемі өседі, өндірістік мақсаттар үшін
банктік қарыздарға деген сұраныс жоғарлайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы
өндірілуі тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына (қарыз алушылар
қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін
пайдаланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз алушылар қаражатты өздерінің
қарыздық міндеттемелерін өтеу үшін алғанда) бөлінеді. Жеке капиталды ұдайы
өндіріс тұрғысынан алғанда, бұл бөліну қарыздың қамтамасыз етілуіне
байланысты және қарыз алушы капиталының шамасына несиенің әр түрлі әсерін
көрсетеді. Несие алу кезінде тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя
отырып, борышқор банктен қосымша капитал алмайды. Оның көзқарасы
тұрғысынан, бұл – ақша қарызы.
Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген
қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл
ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің
дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан
бөлектенген. Кредитордың мақсаты – пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға
қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын
ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.
Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір сандық
және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің
қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол мәміленің екі қатысушылармен
банкирлер және жұмыс істеп жүрген капиталистермен шектеліп қалмайды. Бір
жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әр түрлі мекемелер
(қаржылық компаниялар, өзара несие банктері) жүзеге асырады. Қарыз
капиталымен мәміле жасаушы жаңа типтегі мекемелер кейде банктік емес
деген атаққа ие, ал бұл жағдай олардың мәнін өзгертпейді. Екінші жағынан,
қарыз алушылардың құрамы өзгереді. Жұмыс істеп тұрған капиталистерден басқа
(акционерлік компаниялар және жеке кәсіпорындар) қарыз алушылар – несиелік
–қаржылық мекемелер, тұрғындар, үкімет және жергілікті үкімет органдары
болып табылады. Банктік мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай қаражаттарды
берудің әр түрлі мүмкіндіктері бар.
Несиелік мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар берілген қарыздардың
көлемдері де өзгереді. Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы
факторлар әсер етеді. Біріншіге банктің қолында бар ресурстардың көлемі
жатады. Ресурстардың өсуіне сәйкес оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді
және активтік операциялардың ұлғаюына жағдай жасайды.
Банктің белгілі шетке капитал шығару және оны қарыз алушыларғаберу
мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде депозиттер банктік ресурстардың бірден-бір
көзі болып табылмайды. несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды банк аралық
нарықтан қарызға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа облигациялық
қарыздарды да белсенді пайдаланады.
Банктік несиенің шамасына ақшалай-чектік эмиссиямен толтырылған нақтылы
ресурстардың көлемі ғана емесоған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар
мен мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұраныс та
әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу кезінде қарыз капиталы нарығының
конъюнктурасын айқындаушы негізгі фактор болып, банктердің ресурстары емес,
несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылады.

1.3 Банктік несие жүйесі, оның несилеу механизмі
1.3.1 Банктік несиенің формалары мен олардың жіктелуі

Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелерді ұсынады. Ол
несиелер келесідей белгілеріне байланысты жіктеліп, несиенің түрлерін
құрайды:
1. Қарыз алушылардың категориясына қарай:
1) Қаржылық институттарға берілетін несиелер;
• Мақсатты қорларға;
• Банктерге;
• Қаржы-несиелік мекемелерге.
2) Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
• өнеркәсіп салаларына;
• ауыл шаруашылығына;
• сауда-саттыққа;
• дайындау ұйымдарына;
• жабдықтау-сату ұйымдарына;
• кооперативтерге;
• жеке кәсіпкерлерге.
3) Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.

2. Мерзіміне қарай:
• Қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін);
• Орта мерзімді ( 1 жылдан 3-5 жылға дейін);
• Ұзақ мерзімді ( 5 жылдан жоғары).

3. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
• Негізгі қорларға жұмсалатын;
• Айналым қаражатына жұмсалатын.

4. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
• Кепілхатпен;
• Кепілдемемен;
• Кепілдікпен;
• Сақтандырылған;
• Қамтамасыз етілмеген;
• Сенім несиесі.

5. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
• Стандарты несие – қайтарылу уақыты жетпеге, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер;
• Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер.
• Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
ссудалар шотына жазылған несиелер.

6. Валютамен берілуіне қарай несиелер:
• Ұлттық валютамен;
• Шетел валютасымен.

7. Берілу шартына қарай несиелер келесідей жіктеледі:
1) Тұтыну несиесi – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу
үшiн және тұрмыстық қызметтердi өтеуге берiлетiн несие. Тұтыну несиесінің
басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады.
Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан тауар
айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, екінші халықты несиелеудің
өсуі, әсіресе бүгінгі таңдағы тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда
болуда. Сонымен қатар тұтыну несиесі жеке тұлғаларға тұрғын үй сатып алуға
және құрылысына ұзақ мерзімді банктік сауда формасында да берілуі мүмкін.
Тұтыну несиесінің бүгінгі таңда жылдан-жылға өсіп келе жатқанын көре
аламыз.
2) Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүлiктердi (тұрған үйдi, өндiрiс
ғимараттарын, жердi және т.с.с.) кепiлге ала отырып, ұзақ мерзiмге
берiлетiн несие.
3)Овердравт несиесi – клиенттiң шотынан қаражатты шегеру, дебеттiк қалдық
бойынша берiлетiн қысқа мерзiмдi несиенiң формасы.
4) Овернайт несиесi - өтiмдiлiктi қолдау мақсатында бiр түнге берiлетiн
банкаралық несиенiң түрi;
5) Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетiн қысқа
мерзiмдi несие;
6) Банкаралық несие – банктердiң бiр-бiрiне беретiн несиесi;
7) Ломбардтық несие – тез iске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепiлге алып, берiлетiн несие;
8) Лизингтiк несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берiлетiн
несие;
9) Сенiм несиесi – банктiң сенiмiне кiрген, төлем қабiлетi жоғары
клиенттеге берiлетiн несие;
10) Рамбурстық несие – шикiзаттарды iшке алып кiру және жартылай фабрикат
пен дайын өнiмдердi сыртқа шығару тәжiрибесiнде пайданылатын несие;
11) Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсiмдi алу
мерзiмi арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
Мысалы, бұл несие ауыл шаруашылығында жиi кездеседi.

8. Несиелеу объектісіне қарай:
• Меншікті айналым қаражаттарын толықтыру;
• Материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
• Сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау
мен импорттау;
• Азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар,
құралдар және басқа да мүліктерді алуына;
• Ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
• Театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары
арсындағы маусымдық үзілістерге;
• Күрделі және маңызды өндірістерді қаржыландыруға;
• Тез іске асатын тиімділігі жоғары болатын шараларға несие салу.
Жалпы қорытындылай келе, банктер несие беру барысында несиелiк
саясатты iске асырады. Несиелiк саясат – банктiң несиелiк жұмысын
ұйымдастыру негiзiн және несиелеу процесiне қажеттi құжаттар жұйесiн жасау
шарттары.

1.3.2 Несиелеу механизмі. Банктердегі несие беру процесі

Несиелеу механизмі – несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және
несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын
несиелік механизмнің құрамдас бөлігі. Несиелеу механизмі – бұл несиені
ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм практикада әрекет
ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механиз.Несиелеу механизмі өзінің
сипаты жағынаннесиелік процесс механизмін сипаттайды.
Қазіргі несиелеу механизмінің құрамы төмендегідей құрамдас бөліктерден
тұрады:
• Несиелеу әдістері мен ссудалық шот түрлері;
• Несиелік мәмілені құжаттау;
• Несиенің мөлшерін белгілеу;
• Несиені беру процедурасы;
• Несиені қайтару тәртібі;
• Несиелеу процесіне жасалатын бақылау;
• Кепіл заттарын бағалау және іске асыру.
Банктердің тәжірбиесінде қолданылатын несиелеу процесінің өзіндік
кезеңдері болады. Несиелік процесс несиеге деген өтінішті өідеуден
басталып, несиенің толық қайтарылуыменаяқталады. Жалпы несиелік процесті 1-
сызбамен көрсетуге болады.
Қарыз алушыларға несие беру барысында банктер Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі туралы 31.03.1995 ж. және Қазақстан
Республикасындағы банктер жіне банктік қызметтер туралы 30.08.1995 ж. ҚР
Президентінің заң күші бар Жарлықтарын, 11.02.1994 ж. Қазақстан
Республикасының экономикасын қысқа мерзімде несиелеу ережесін, сондай-ақ
банктің Жарғысы мен нұсқауларын басшылыққа алады.
Несиелеу процессі мынадай кезеңдерді қамтиды:
• несиеге деген өтінішті қарау;
Мысалы, Казкоммерцбанктің несиелік операцияларына байланысты құжаттары.
Яғни, мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі
мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету
мүлкі көрсетіледі.
Несие алуға өтініш қарау үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Несие өтінімін қарауға Тұрғындармен жұмыс жөніндегі менеджерге Қарызгер 
тұтынушылық несиесін алуға ұсынған сауалдама-өтінішнегіз болып табылады.
Қарызгер сауалдама-өтініште көрсеткен деректер негізінде  Тұрғындармен
жұмыс жөніндегі менеджер Несиені төлеу қабілеттілігі мен
төлемқабілеттілігін бағалау әдістемесімен Қарызгерге  несие  берілу
мүмкіндігіне талдау жүргізеді.
Талдау оң нәтиже берген жағдайда, Қарызгер Тұрғындармен жұмыс жөніндегі
менеджерге төмендегі құжаттарды тапсыруға міндетті:
1. Жеке куәлігі
2. СТН3.
3. Соңғы айдың жалақысы және басқа табыстары туралы жұмыс орнынан анықтама
(ЖК (ЧП) тіркелгені туралы куәлік бойынша коммерциялық қызметін жүзеге
асыратын жеке кәсіпкерлерді несиелеуде – бизнесінің экономикалық
тиімділігіне есеп жүргізіледі)
4. Жұмыс орнынан жұмыс өтілі және қызметкердің міндеттемелері болуы туралы
анықтама
5. Қарызгердің ол туралы несие бюросына ақпараттарды ұсынуға келісімі
(белгіленген үлгіде);
6. Қарызгердің несие есебін (белгіленген үлгіде) беруге келісімі;
7. Көліктік құралдарының тіркелгені туралы куәлік;
8. Клиенттің несие алу сәтінде некеге тұрмағаны туралы нотариалды расталған
өтініші;
9. Жұбайыжолдасы бар қарызгерлер үшін:  
10. Жұбайыныңжолдасының жеке куәлігі;
11. Неке туралы куәлігі;
12. Жұбайыныңжолдасының мүлікті кепілдікке беруге келісімі (болған
жағдайда).
13. Қамтамасыз ету бойынша  құқықтық иелегін анықтайтын құжаттар
(меншігіндегі қымбат мүлкі, яғни пәтер, саяжай, үй, автомобиль, жер телімі
және т.б.).
14.Адрестік бюродан анықтама немесе үй кітапшасының көшірмесі.
Барлық құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмесі
ұсынылады
• несиелік қабілетін талдау;
• несиелік келісім-шарт жасау;
• несие беру;
• несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.

1-сызба Банктердегі несиелік процесс

Ссудалық пайыз негізінен несиенің төлемділігі принципіне байланысты.
Несие кең ұғым, ал ссуда – ссудалық шот ашумен байланысты несиелік
қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді. Жалпы несиені
ұйымдастыру принциптері келесідей болады:
• мақсаттылығы
• мерзімділігі
• қайтарымдылығы
• төлемділігі
• қамтамасыз етілуі
Несиенің төлемділігі – бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін
қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын
білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы
(%) түрінде беріледі.
Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды
іздестіру механизмі несиелік келісім шартта анықталады. Сыйақы ай сайын,
тоқсан сайын және т.б. есептелуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі
мүмкін.
Банктік тәжірбиеде ссуда бойынша жай, күрделі пайыз есептеу
формулалары қолданылады.

Жай пайыз есептеу формуласы:

J=(i*p*n)(360*100%)
i – сыйақы мөлшері
p – пайыз қалдығы
n – сыйақы есептеген кезеңдегі күндер саны
J – несиенің барлық мерзімін есептегендегі % сомасы

Күрделі пайызды есептеу формуласы:

J= P*((1+i1200)n -1)
P – несиенің бастапқы сомасы
n – аймен берілген несиенің мерзімі

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛЕУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН
МЕКЕМЕЛЕР
2.1 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және оның құрылымы

Несие жүйесі – жалпы банктердің (ұлттық және коммерциялық) және
банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес
мекемелердің жиынтығы.
Несие – банктік жүйе арқылы өзінің қызметін толық қанды атқарады.
Ұлттық банк бүкiл елдiң несие жүйесiн бақылаушы әрi реттеушi бас органның
ролiн атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың
мемлекеттiк органы болып табылады. Олардың басшылық ролi мемлекет берген
үлкен өкiлеттiктермен анықталады.

Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге
де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие
немесе банк жүйесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиелік механизмнің экономикалық мағынасы
Банктік емес несие институттарының экономикалық мәні мен маңызы
Несие жүйесінің қалыптасуы
Банктің қарыз алушымен несиелік қатынастарды ұйымдастыру
Несие механизмі
НЕСИЕ ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Несие түрлері
Банк қызметіндегі несие
Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеу жүйесін жетілдіру бойынша ғылыми-теориялық және тәжірибелік ұсыныстар дайындау
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Пәндер