Ағымдағы активтерді талдау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
I БАЛАНС БАБЫНДАҒЫ АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕРДІҢ СИПАТТА МАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Ағымдағы активтер түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Ағымдағы активтердің көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
II БАЛАНС АКТИВТЕРІ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.1 Баланс бабындағы ағымдағы активтердің құрамына талдау жүргізу ... 15
2.2 Баланс бабындағы ағымдағы активтердің құрастырылу көздерінің құрамын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысым «Ағымдағы активтерді талдау» тақырыбына жазылған. Курстық жұмыста баланс бабындағы ағымдағы активтердің сипаттамасы, ағымдағы активтер түсінігі, ағымдағы активтердің өтімділік көрсеткіштері, баланс активтері құрамы және құрылымының динамикасын талдау, ағымдағы активтердің құрамы мен құрлымының динамикасын талдау, ағымдағы активтердің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрлымының динамикасын талдау мәселелері қарастырылады.
Кәсіпорындар активтерді өздері өндіріп шығару (жасап шығару), сатып алу немесе басқалардан уақытша жалға алу арқылы иеленеді. Активтер өздерінің пайдалану мерзіміне қарай мынадай екі топқа белінеді:
- ағымдағы активтер (бір жыл уақыт аралығында пайдаланатын).
- ұзақ мерзімді активтер (бір жылдан артық уақыт пайдаланатын);
Ағымдағы активтер дегеніміз бір жыл ішінде жұмсалатын, пайдаланылатын кәсіпорынға пайда алып келетін ресурстар болып табылады.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және топтарын талдау, олардың тиімді таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің меншігіндегі активтерін сол кәсіпорынды басқару, өнім өндіру, басқадай заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету, яғни ұйымның алдағы уақыттарда табыс табуы үшін пайдаланады. Осы активтерді пайдалану арқылы алдағы уақыттарда алынатын кіріс (пайда) — кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаларына тікелей немесе жанама түрде келіп қосылып оның көлемін (үлесін) арттырып отырады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Баканов М. И., Шеремет А. Д. Теория анализа хозяйственной деятельности: Учебник. - 4-е изд., перераб. и доп. - М.: Финансы и статистика, 1997.
2. Дүйсенбаев К.Ш және басқалар Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау /Оқу құралы. – Алматы: Экономика.2001 – 300 бет.
3. Ковалев В.В. Практикум по финансовому менеджменту. Конспект лекций с задачами. – М.:Финансы и статистика, 2004. – 288с.
4. Ковалев В. В. Финансовый анализ: управление капиталом, выбор инвестиций, анализ отчетности. - М.: Финансы и статистика, 1994
5. Савицкая Г. В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. - Мн.: ИП “Экоперспектива”, 1998, с. 409 - 485.
6. тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами., ч. І. /под. Общ. Ред. Академика К.А.Сагадиева – Алматы.: ТОО «Бизнес информация», 2004. – 270 с.
7. Финансовый менеджмент: теория и практика. / Под ред. Стояновой - М.: 1998.
8. Шеремет А. Д., Сайфулин Р. С. Методика финансового анализа предприятия. - М.: ИНФРА-М, 1996, с. 72 .

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
М.ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫ
Экономика факультеті
Есеп және Аудит кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ағымдағы активтерді талдау
Орындаған:
Жетекші:
Алматы-2008
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
I БАЛАНС БАБЫНДАҒЫ АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕРДІҢ СИПАТТА
МАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Ағымдағы активтер
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...5
1.2 Ағымдағы активтердің
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1
II БАЛАНС АКТИВТЕРІ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Баланс бабындағы ағымдағы активтердің құрамына талдау жүргізу ... 15
2.2 Баланс бабындағы ағымдағы активтердің құрастырылу көздерінің құрамын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 30
КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысым Ағымдағы активтерді талдау тақырыбына
жазылған. Курстық жұмыста баланс бабындағы ағымдағы активтердің
сипаттамасы, ағымдағы активтер түсінігі, ағымдағы активтердің өтімділік
көрсеткіштері, баланс активтері құрамы және құрылымының динамикасын
талдау, ағымдағы активтердің құрамы мен құрлымының динамикасын талдау,
ағымдағы активтердің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрлымының
динамикасын талдау мәселелері қарастырылады.
Кәсіпорындар активтерді өздері өндіріп шығару (жасап шығару), сатып
алу немесе басқалардан уақытша жалға алу арқылы иеленеді. Активтер
өздерінің пайдалану мерзіміне қарай мынадай екі топқа белінеді:
- ағымдағы активтер (бір жыл уақыт аралығында пайдаланатын).
- ұзақ мерзімді активтер (бір жылдан артық уақыт пайдаланатын);
Ағымдағы активтер дегеніміз бір жыл ішінде жұмсалатын, пайдаланылатын
кәсіпорынға пайда алып келетін ресурстар болып табылады.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау
барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда
болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және топтарын
талдау, олардың тиімді таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін
болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің меншігіндегі активтерін сол
кәсіпорынды басқару, өнім өндіру, басқадай заңды және жеке тұлғаларға
қызмет көрсету, яғни ұйымның алдағы уақыттарда табыс табуы үшін
пайдаланады. Осы активтерді пайдалану арқылы алдағы уақыттарда алынатын
кіріс (пайда) — кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаларына тікелей немесе
жанама түрде келіп қосылып оның көлемін (үлесін) арттырып отырады.
I БАЛАНС БАБЫНДАҒЫ АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕРДІҢ СИПАТТА МАСЫ
1.1 Ағымдағы активтер түсінігі
Актив деп кәсіпорынның ақшаға (құнмен) бағаланатын игіліктері мен
құқықтарын, мүліктерін (заттарын) айтады. Олар ұйымның өткен уақыттардағы
қызметінің нәтижесі болып есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің
меншігіндегі активтерін сол кәсіпорынды басқару, өнім өндіру, басқадай
заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету, яғни ұйымның алдағы уақыттарда
табыс табуы үшін пайдаланады. Осы активтерді пайдалану арқылы алдағы
уақыттарда алынатын кіріс (пайда) — кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаларына
тікелей немесе жанама түрде келіп қосылып оның көлемін (үлесін) арттырып
отырады.

Ағымдағы активтер мынадай баптары бойынша жіктеледі:
а) қысқа мерзімді қаржы салымы (инвестиция);
ә) ақшалар;
б) тауарлық-материалдық қорлар;
в) алдағы уақыт шығындары. (бір жыл уақыт аралығында есептен
шығарылатын);
г) қысқа мерзімді дебиторлық борыштар, оның ішінде:
1. төленген аванстар;
2. алынуға тиісті борыштар;
3. алынған векселъдер;
4. жұмысшылар мен қызметкерлердің дебиторлық қарызы;
5. басқа да дебиторлық борыштар.
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында
басқа занды және жеке тұлғалармен қарым қатынас жасайтындығы белгілі. Сол
уақытгардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы
жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір
заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін
кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан
Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке
сәйкес жүргізіп отырады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу
операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу
керек:
- ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер
кезінде есептеу;
1. кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың
тиімді пайдаланылуын бақылау;
2. есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының
кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін
төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың
ақшалары олардың кассасыңдағы есеп айырысу және валюталық шоттарындағы
ақшаларынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан,
банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы
ақшаларынан құралады. Көсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы
ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар
шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.
Ақша баламалары (эквиваленті) — бұл ақшаларға үқсас, бірақ басқаша
жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер,
коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі
ұсталымдар мен айыппүлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды.
Сондықтан да оларды (ақша баламаларын) кассадағы ақшалар шотында
есептемейді.
Овердрафт дегеніміз кәсіпорынның иелігіндегі, яғни активті шоттың
қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған
кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және
кредиторлық борыш ретінде есептеледі. Овердрафт кәсіпорындар мен ұйымдардың
банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы (сомасы) есеп айырысу
шотындағы қалдық сомадан артық болған уақытта ғана пайда болады. Егер
овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома кәсіпорынның
балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатында бөлек
көрсетілуі тиіс.
Қаржы салымына (қаржылық инвестиция) көсіпорындар мен ұйымдардың
басқа занды тұлғалардың құнды қағаздарын (акцияларды, облигацияларды және
басқа да құнды қағаздарды сатып алуға, депозитке салған тағы да басқа)
сатып алуға жұмсаған қаржылары жатқызылады.
Қаржы нарығының айрықша бөлігі, ол — құнды қағаздар нарығы. Ал
қаржылық инвестициямен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты.
Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру
компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары,
сонымен қатар басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда
аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығы да еліміздегі құнды қағаздар
нарығының потенциалды қатысушылары қатарына жатқызылады. Олардың
кейбіреулері эмитент, яғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар болып
табылса, ал екіншілері инвестор ретінде қызмет атқарады. Кәсіпорындар мен
ұйымдарға жаңа технология енгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау),
қайта құру (реконструкциялау) әрқашаңда ірі капитал салымын керек етеді. Ал
бұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді.
Сондықтан да кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен
заемдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса,
онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Іс жүзіңде акция, облигация және басқа да құнды (бағалы) қағаздарын
шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп
аталады және сонымен қатар олар құнды (бағалы) қағаздарды иемденушілердің
(сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып
табылады.
Эмитенттің кім болғанына байланысты құнды (бағалы) қағаздар төмендегідей
үш түрге бөлінеді:
3. мемлекеттік;
4. муниципалдық;
5. корпоративтік.
Құнды (бағалы) қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады:
а) ақшалай құнды (бағалы) қағаздар;
ә) капиталды құнды (бағалы) қағаздар.
Өздерінен алынатын табысқа байланысты құнды қағаздар мынадай екі топқа
бөлінеді:
6. қарыздық құнды (бағалы) қағаздар;
инвестициялық қунды (бағалы) қағаздар.
Қарыздық құнды қағаздар — құнды қағаздың бұл түрі бойынша эмитент
көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен)
тиісті қарыздарын өтеуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық құнды (бағалы)
қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы да басқа бағалы
қағаздар жатқызылады.
Инвестициялық құнды қағаздар — құнды қағаздың бұл түрі иемденушіге
активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Құңды қағаздардың бұл түріне
акцияны жатқызуға болады.
Құнды қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге бөлінеді:
8. қорлы құнды (бағалы) қағаздар,
9. саудалық құнды (бағалы) қағаздар.
Қорлы құнды қағаздар — бұндай құнды қағаздар қор биржаларыңда айланысқа
түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Құнды қағаздардың бұл түріне
акциялар және облигациялар жатқызылады.
Саудалық құнды қағаздар — құнды қағаздың бұл түрі белгілі бір
коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.
Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты құнды қағаздар мынадай
болып екіге бөлінеді:
10. нарықтық құнды (бағалы) қағаздар;
- нарықтық емес құнды (бағалы) қағаздар.
Атқаратын қызметіне және роліне байланысты құнды қағаздар мынадай үш
топқа бөлінеді:
- негізгі (акция, облигация),
1. көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар),
2. туынды (варианттар, опциондар, фьючерстер, бондар, тағы да
басқалары)
Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандай-да бір акционерлік
қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік
қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидендт түрінде (табыс ретінде) алуға
құқық беретін құнды қағаз болып табы-лады. Акциялар айналым мерзімі
белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу
құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:
1. жәй акциялар;
2. артықшылығы бар акциялар
Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу ережелеріне сәйкес
оларды атаулы акциялар және ұсынбалы акциялар деп аталатын екі түрге
бөледі.
Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және
оған керсетілген мерзім ішінде осы құнды қағаздың атаулы (номиналды) құнына
белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін
мақұлдайтын құнды қағаз болып табылады. Облигациялар белгілі бір мерзімге
шығарылады. Жалпы облигацияларда акциялар сияқты кәсіпорын үшін
инвестицияның маңызды көзі болып табылады.
Яғни, облигациялар — кәсіпорындар мен ұйымдардың қарыз міндеттемелерін
растайтын құжат. Ол корпорацияның активтеріне қарсы жұмсалады.
Облигацияларды мерзімдік, қарыздық міндеттемелер ретінде өтеу кепілдігі
эмитент тарапынан берілген жалпы кепілдік болып табылады. Жалпы кепілдік
эмитенттің банкрот болып өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда облигация
ұстаушының сол кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни облигацияны шығарған
ұйымның мүліктерінің белгілі бір бөлігін алуға құқылы екендігін көрсетеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасыннан нақты ақша кассалық шығыс ету
ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу
тізімдемелері, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысы мен бас
бухгалтерінің қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар
тағыда басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің
деректемесі (реквизиті) көрсетілген мөртаңба (штамп) басылуы керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына нақты ақшаны қабылдау немесе
кассадан ақша төлеу барысында (кассир) касса қызметкері кассалық кіріс ету
және кассалық шығыс ету ордерлерінің дұрыс толтырылғандығын бұл құжаттарда
ұйымның басшысы мен бас бухгалтерінің қолдарының болуын, және ордерлерде
керсетілген қосымша құн түгелдігіне тексеру жүргізуге, қадағалауға
міндетті. Бұл операциялар орындалғаннан кейін құжаттардың тиісті жеріне
касса қызметкері өз қолын қоюы керек. Касса операцияларының есебі кассалық
кітапқа тіркеліп отырылуы тиіс.
1.2 Ағымдағы активтердің көрсеткіштері
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффиценті) барлық
ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне
қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай
есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз
уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана
емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарыньң басқа элементтері қажет
болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік
мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді
міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және
сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның
өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін
дәлелдейді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткішке кәсіпорынның
ағымдағы өтімділігін бағалау кезінде ерекше мән беріледі. Оның кеңінен
қолданылуының негізгі себептері:
1) бірішіден, ағымдағы активтермен ағымдағы пассивтердің өтелу
дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалықты
кысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу сенімділігі жоғары болады;
2) екіншіден, ағымдағы активтердің ағымдағы пассивтерден асып кетуі
ағымдағы активтерді (ақша қаражаттарынан басқасы) сату немесе жою (тарату)
кезінде зияндардың пайда болуына бөгет болады. Бұл қарсы әрекеттің
қаншалықты күштірек болуы, кредитор үшін соншалықты тиімді. Бұл
арттыруды шетел компанияларында жұмыс істеуші капитал (30) немесе қаржы-
эксплуатациялық қажеттілік деп атайды.
Жалпы өтеу коэффициенті өндіріс сипатына байланысты күрт ауытқуы
мүмкін. Оның деңгейіне тиелген тауарлар мен көрсетілген қызметтермен есеп
айырысу нысандары, өндіріс циклінің ұзақтығы, тауарлы-материалдық
қүндылықтар қорларының құрылымы және басқалар әсер етеді. Берілген
көрсеткіш үшін мына шектеу (2, 25, 29, 30) қалыпты мән болып табылады:
Кағ.ө.. 2.
Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға (немесе қаражаттарға)
тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет
екендігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффициенті барлық айналым
қаражаттарының бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңдегі кәсіпорынның
күтілетін телеу қабілеттілігін сипаттайды.
Осы көрсеткіштің нормативті маңызына байланысты басқа пікірлер де
кездеседі (6). Ол 1 мен 3 арасындағы шектерде болуы тиіс (4). Төменгі шегі
ағымдағы міндеттемелерді өтеуге жеткілікті болуы тиіс, жетпесе кәсіпорын
төлеуге қабілетсіз болуы мүмкін.
Ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерден екі есе артық болуы
орынсыз болып саналады, себебі бұл компанияның өз қаражаттарын рационалды
салмауы мен олардың тиімсіз пайдалануын көрсетеді.
Ағымдағы өтімділік коэффициентінің 2-ге тең нормативтік мәні біздің
елімізде есеп беру кәсіпорындардағы нақты жағдайды ескермей, кәсіпорынның
банкроттығы туралы шешім қабылдау үшін қажет белгілердің бірі ретінде
алынған. Ағымдағы өтімділік коэффициентінің нормативтік мәні барлық
кәсіпорындар үшін бірдей, яғни шаруашылық субъектісінің өндіріс түрі мен
салалық ерекшеліктері есепке алынбайды.
Көптеген отандық кәсіпорындарды банкроттық анықтамаға жатқызуға
болады. Яғни, бұндай белгілермен анықтау дұрыс емес, себебі көп
кәсіпорындар ішінен нақты банкроттық шаралар қаупі төнген кәсіпорындарды
бөліп көрсетпейді.
Егер ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің ара
қатынасы 1:1 - төмен болса, онда кәсіпорын өз шоттарын төлей алмайды деуге
болады. 1:1 арақатынасы ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді
міндеттемелердің теңдігін білдіреді. Активтер өтімділігінің әр түрлі
дәрежесін ескере отырып, активтердің барлығы тез арада өтімді деуге
болмайды, яғни бұл жағдайда да кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп
төнеді. Егер де Кағ.ө мәні 1:1 арақатынасынан көп болса, онда кәсіпорынның
өзіндік көздері есебінен құралатын бос ресурстарының едәуір көлемі бар
екені туралы қорытынды жасауға болады.
1-кесте
Қамқор ЖШС-ның ағымдағы активтерінін өтімділік көрсеткіштері
(мың теңге)
№ Керсеткіштер Жыл Жыл Өзгеріс
басында соңында (+;-)
2006 2006 (2гр.-Ігр
.)
1. Ағымдағы активтер 27562 43912 16350
мың теңге, оның ішінде:
1.1Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді 2926 2850 -76
. қаржылық салымдар
1.2Дебиторлық борыш жоне басқа да 2330 5828 + 3498
. активтер
1.3Алдағы кезең шығындарынсыз 22306 35234 +12928
. тауарлы-материалдық қорлар қо-сылған
басқа кәсіпорындардың жарғылық
капиталға салған са-лымдарының
мөлшеріне азайтыл-ған құрылтайшылармен
есеп жә-не ұзақ мерзімді қаржы
салымдары
2. Қысқа мерзімді міндеттемелер 9286 19362 +10076
мың теңге, оның ішінде:
2.1Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар
2.2Кредиторлық борыш 8588 16162 +7574
2.3Басқа да ағымдағы міндеттемелер 698 3200 + 2502
3. Өтімділік көрсеткіштері - - -
3.1Абсолюттік өтімділік коэффи-циенті 0,63 0,294 -0,336
(1.1қ:2қ)
3.2Аралық өтімділік коэффициенті 1,132 0,896 -0,236
[(1.1қ+1.2):2қ]
3.3Жалпы (ағымдағы) етімділік 5,936 4,536 -1,4
коэффициенті [1.1қ+1.2+1.3қ):2қ]
1-кестенің мәліметтері жыл аяғындағы өтімділік жыл басына қарағанда
біршама төмендегенін көрсетеді. Осылай, абсолютті өтімділік коэффициенті
0,336 пунктке, аралық - 0,236 пунктке және ағымдағы – 1,4 пунктке
төмендеді. Егер бірінші көрсеткіш жыл басында теорияға сәйкес, ал екінші ең
төменгі талап етілген шектеуден аз болса, онда жыл аяғында бұл көрсеткіштің
деңгейі біршама төмендеді, сәйкесінше 0,294 және 0,896-ді құрады.
Жалпы өтеу, яғни ағымдағы өтімділік коэффициенті жыл басында да, жыл
аяғында да талап етілген шектеуге жауап берді, бірақ жыл басына қарағанда
1,4 пунктке төмендеді. Бұған көлемін тізбектеп ауыстыру әдісімен анықтауға
болатын, оның қүрылу факторлары әсер етті. Келесі есептеу кестесін қүрай
отырып, оларды есептеу әдістемесін көрсетейік.
II БАЛАНС АКТИВТЕРІ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ
1. Баланс бабындағы ағымдағы активтердің құрамына талдау жүргізу
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау –
кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсалютті
және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мумкіндік береді.

Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары
деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден
айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет.
Отандық тәжірбиеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық
құнын құру барысында жүргізіледі.
Отандық есептік-аналитикалық тәжірбиеде өндірістік қорлар, дайын өнім
және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының
өсуі, инфляциялық фактор әсірінен болатыны күмәнсіз.
Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі
көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті.
Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құрамына бөлу арқылы
анықталады.
Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық
ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорында берілген көрсеткіштің
деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.
Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері
кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді
және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың деңгейі болып табылады:
ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз
капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы
керек.
Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер
болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын
құрайтын және негізгі қорлары болып табылатын, оның өндірістік
потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.
Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты
құнынының үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл
көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты
бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі
құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің
барлық сомасының елу пайызынан кем болмауы тиіс.
Сапа дегеніміз – бұл осы қарызды толығымен қайтарып алу
ықтималдылығы, ол қарыздың қалыптасу мерзіміне байланысты болады.
Дебиторлық борыштың мерзімі қаншалықты ұзақ болса оны
қайтарып алу ықтималдылығы соншалықты төмен болады. Дебиторлық борыштың
мөлшерлі мезгілін сипаттау үшін, оларды пайда болу мерзімі бойынша
топтастыру керек.
Бұл коэффициент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталатын
қаражаттардың жалпы сомасындағы төлеуге дайын қаражаттардың үлесін
көрсетеді. Ең мобильді қаражаттар сомасының азаюы және айналым
қаражаттарының мобильдік коэффициентінің жылдам төмендеуі кәсіпорынның
төлеу қабілетінің нашарлағанын көрсетеді деп айтуға болады.

2-ші кесте
Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы.
(мың теңге)
Көрсеткіштер 2006 жыл 2007 жыл Өсуі (+)
Кемуі (-)
Сомасы мың Үлес Сомасы мың Үлес
теңге салмағы теңге салмағы
% %
Ағымдағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz