Қазақстандағы туризмнің даму тарихы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе . . . 3-4

І. Қазақстан Республикасындағы туризмнің теориялық негіздері

1. 1. Қазақстан Республикасының географиялық орны, халқы және климаты . . . 5-8

1. 2. Қазақстандағы қорықтар және ұлттық табиғи парктер . . . 8-14

1. 3. Қазақстанды зерттеген саяхатшылар . . . 14-21

ІІ. Қазақстандағы туризмнің тарихы

2. 1. Көне кезден қазіргі заманға дейінгі Қазақстандағы туризмнің дамуы . . . 22-29

2. 2. Қазіргі кездегі Қазақстандағы туризмнің даму жағдайы . . . 30-36

Қорытынды . . . 37

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 38

Кіріспе

Туризм тарихы ертеден басталады. Ол XIX ғасырдың аяғында пайда болып, осы қалпында қалыптасты. Қоғамдық қарым-қатынас пен техника және технологияның қарқынды даму кезеңінде - XX ғасырдың екінші жартысында туризм гүлдене дами түсті. Бүгін де туризм ірі капиталдарды, негізгі қаражаттарды және еңбек ресурсының ауқымды бөлігін іске қосқан, әлемдік валдық өнімнің 11 пайызына дейін орын алып отырған ірі әлемдік сала. Бұл жаһандану деңгейдегі салмақты саясат, үлкен ақша және ірі бизнес болып саналады.

Туризм үш ең ірі экспорттық салалардың құрамына автомобиль жасау және мұнай өндіру өнеркәсібінен кейін енеді. Туризм өз кезеңінде әлемдік шаруашылықтың ең қарқынды және өз шығынын өзі өтей алатын түрі болып саналады. Франция, Испания, Грекия, Түркия, Венгрия және Египет елдерінде туризм мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс кіргізетін негізгі экономиканың саласы болып табылады.

Егеменді Қазақстан да туризмнің дамуына мемлекет экономикасы мен қоғамында дәрежесін көтеруге көңіл бөлуде. Әлемдік нарықта Қазақстанның тур өнімдерінің қозғалысына әсер ететін туризм индустриясының дамуына және бұл мәселелерді қалыптастыру жөніндегі зерттеулер, сонымен қатар 1992 жылдан бері көптеген заңдар енгізілді. Қазақстанның қазіргі экономикасында туризм рөлі үздіксіз өсуде. Тек соңғы 2003 жылы елімізге келген туристер саны 229 014 адамды құрайды. Өкінішке орай, Қазақстанда туризм саласының әлі де тиімсіздеу екенін айта кетуге тиіспіз. Шығу туризмі бойынша қызмет көрсетілген туристердің жалпы саны - 94 692 адамды құрайды. Ішкі туризм - 98 332 адам көлеміңде. Ең төменгі көрсеткішті келу туризмі құрайды, ондағы адам саны - 44990. Бұны пайыз тұрғысынан қарасақ, шығу туризмі - 48% тең, ал келу туризмі тек 19% ғана көтерілген. Шығу және келу туризмінің арасында үлкен айырмашылық бар екенін сандар көрсетіп отыр, бұл Қазақстанда келу туризмін дамытудың қажеттілігін білдіреді.

Мақсаты: Осы танда Қазақстан Республикасында туризм индустриясын өркендету жөніндегі үлкен проблема туып отыр. Туризм саласы және жүйесі әлі қалыптаспаған кезде бүтін индустрия туралы не айтуға болады? Қоғам бұл мәселені айтып, жоғары деңгейге дейін сұрақ көтеруі тиіс.

Осы заманғы туризм индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың дамуының негізгі катализаторы болып табылатын, жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететін, жергілікті халықтың тұрмысын көтеретін экономикалық құбылыс. Туризм саласында алдыңғы қатардағы шетелдің туризм индустриясын мысалға алсақ, оған салынған инвестициялардың тез өзін-өзі ақтауының ең жоғары тиімділігін көреміз. Бұл дегеніміз туризм өзі жетілген мемлекеттің экономикасына оң ықпалын тигізеді деген сөз.

Бұл жұмыстың өзектілігі Қазақстандағы туризмнің көне, орта және қазіргі жағдайлары қамтылды. Сонымен қатар дәл қазіргі уақытта Қазақстан қалаларындағы туризмнің әр түрлі салалары бойынша дамуы туралы қарастырылды. Қазіргі уақытта елімізде туризмді қарқынды дамыту үшін мамандар, кадрлар қажет. Келешекте ғарышкер туристерді ашық ғарыш кеңістігіне шығаруды және Айды айналдырып ұшыруды ұйымдастыру шаралары жүзеге асуы ықтимал . . . Қазақстанда туристік индустрияның біртіндеп қалыптасуы өлкетану негізінде іске асырылды. Туристік өлкетану табиғатты, еңбек өмірін, тұрмыс пен мәдениетті бір-бірімен байланыста, әсерде қарастырып, негізгі назарды өлкенің саяхат барысы кезінде байқалған ерекшеліктерді байқауға бағытталады.

І. Қазақстан Республикасындағы туризмнің теориялық негіздері

1. 1. Қазақстан Республикасының географиялық орны, халқы және климаты

Қазақстан Республикасы - ұлан-байтақ, қуатты ел. Жер қойнауында да, жер бетінде де тұнып жатқан байлық мол. Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі он мемлекеттің қатарына жатады.

Қазақстан 1920 жылы 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталған. КСРО құрамына 1936 жылы он бес одақтас республиканың бірі болып кірді.

1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік егемендік туралы Декларациясын қабылдады. Содан бері 25 қазан Республика күні болып жарияланды. Ал 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні.

Қазақстан Республикасы - егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғандықтан, 1991 жылдың 21 желтоқсанында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД), ал 1992 жылдың 2 наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді. Өзіміздің егемендік құқымызды негізге ала отырып, 1995 жылы 30 тамызда Конституция (Ата заң) қабылданды. Ата заңды құрметтеу, жақсы білу және мүлтіксіз орындау - әрбір азаматтың қасиетті борышы. Оның қағидалары заңды түрде қорғалады.

Конституция бойынша мемлекет басшысы және ең жоғары лауазым иесі - Президент.

Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Парламент екі палатадан тұрады. Жоғарғы палата - Сенат, төменгі палата - Мәжіліс деп аталады. Атқару қызметін Үкімет орындайды. Әкімшілік-аумақтық жағынан Қазақстан 14 облысқа, 160 ауданға бөлінеді. Мұнда 85 қала, 200-ден аса қала типтес кент бар.

Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1997 жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан жерінде де басқа республикалардағыдай, көптеген саяси-әлеуметтік өзгерістер болды. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қолы жетті.

Бүгінде Қазақстан Республикасы жас болса да дүниенің 145 мемлекетімен сыртқы сауда байланыстарын орнатқан. Әлемнің 122 мемлекетімен экспорттық, 115 мемлекетімен импорттық тауар алмасуын жасайды.

Қазақстанның географиялық орны. Қазақстан аумағы 2724, 9 мың км 2 -ге тең. Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-орын алады. Біздің еліміз Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен. Мысалы, республика жеріне Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Аустрия,

Нидерланды және Жапония мемлекеттері сыйып кетер еді.

Республиканың халқы 15 млн адам. Қала халқының үлесі 56%-ды құрайды. Қазақстан халқының орналасу тығыздығы 1 шаршы километр жерге 5, 4 адамнан келеді.

Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды. Кіші батыс аймағы Еуропада, ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр. Жайық өзенінің екі жағында орналасқан Атырау қаласы тұрғындарының Еуропа мен Азияға күнде саяхат жасауға мүмкіндіктері бар. Мұндай мүмкіндік, сонымен қатар Ресейде де бар. Республика жерінің шеткі нүктелері 55°26' - 40°56' с. е. және 45°27' - 87°18' ш. б. аралығында орналасқан.

Физикалық-географиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхит пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады. Қазақстан батысында - Еділдің төменгі ағысынан, шығысында - Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі - Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1600 км-ге созылып жатыр.

Сөйтіп, республиканың географиялық орны оның табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа қоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан шұғыл континенттік климатымен көзге түседі. Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінің екінші шетінен айырмашылығы үлкен. Мысалы, оңтүстіктегі тау етектерінде шие мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық, қарлы боран соғып тұрады. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен қапырық Орта Азия тоғысып жатқандай. Географиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Республиканың батыс шеті (45°27' ш. б. ) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87°18' ш. б. ) Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Ендік бойымен батыстан шығысқа қарай, материк ішіне тереңдеген сайын, климаттың континенттігі арта түседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығыс таулы өңірлерінде ландшафттардың күрделене түсетін алуан түрлі биіктік зоналары байқалады. Қазақстанның географиялық орнына байланысты барлық өңірлерінде жылдың төрт мезгілінің ауысуы айқын байқалады.

Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ - Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Еліміздің көп бөлігі жазық, үстіртті болып келеді. Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.

Шекарасы. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15000 км-ден астам, оның 12000 км-ге жуығы құрлық арқылы, ал 3000 км-ден астамы

Каспий және Арал теңіздері арқылы өтеді.

Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте (6467 км) Ресеймен шектеседі. Республиканың Алтайдан Тянь-Шаньға (Хантәңірі массивіне) дейінгі 1460 км-ге созылып жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараға сай келеді. Ал оңтүстігінде тәуелсіз дос мемлекеттер: Түрікменстанмен - 380 км, Өзбекстанмен - 2300 км және Қырғызстанмен - 980 км шектеседі. Республиканың шекарасы батысында - Каспий маңы ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының біраз жерін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстігін; оңтүстігінде Тұран ойпатын, ал шығысы мен оңтүстік-шығысында Алтайдың батыс бөлігінің, Сауыр, Тарбағатай жоталарының, Жоңғар Алатауының негізгі бөлігін және Тянь-Шаньның солтүстік жоталарын басып өтеді. Республика шекарасы кей жерлерде Каспий және Арал теңіздерінде, Алтай және Тянь-Шань тауларында табиғи шепке сай келеді.

Климаты. Қазақстанның климатының шұғыл континенттілігі мен құрғақшылығы географиялық орны мен мұхиттан алыс жатуына байланысты. Солтүсьігінде қоңыржай суық, жазы қоңыржай жылы, оңтүстігінің қысы жылы, жазы ыстық және құрғақ. Климаты үш климат түзуші факторлардың әсерінен қалыптасады. Олар күн радиациясы, атмосфера циркулияциясы және географиялық орын. Қазақстан климатының қалыптасуына арктикалық, қоңыржай теңіздік және тропиктік ауа массалары әсер етеді. Қазақстандағы ең суық ай-қаңтар, ең жылы ай-шілде. Қаңтардың орташа температурасы солтүстікте -19*С оңтүстікте -2*С, кей күндері солтүстік-шығыста -54*С-ге дейін барады. Шілденің орташа температурасы солтүстікте +9*С, оңтүстікте +28*С +30*С, ең жоғарғы температура солтүстікте +41*С, оңтүстікте +47*С болып келеді.

Радиациясы. Жиынтық радиация мөлшері солтүстіктен-оңтүстікке қарай 4200-5500МДж/м тең.

Ауаның қысымы. Қысымның әр түрлі болуына жер бетіне күн жылуының әркелкі таралуы себепші болады. Атмосфералық қысым ауаның жер бетіне, барлық заттарға түсіретін күші.

Қыста - ауаның қысымы жоғары.

Жазда - ауа қысымы төмен.

Қоңыржай, тропиктік, арктикалық ауа массаларды жыл бойы республика аумағында өтеді.

Жел - атмосферадағы ауаның жер бетіне параллель бағытта қозғалуы. Жел атмосфера қабатында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады, әрі жоғарғы қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады. ҚР-да кездесетін желдер: Сайқан, Ебі, Шілік, Арыстанды-Қарабас, Қордай, Мұғалжар желдері. Жоңғар қақпасында үнемі жел соғады.

Ебі желі-Жетісу солтүстік-шығыстан Ебінұр көлінен Жетісу Жоңғар

қақпасы арқылы соғатын сұрапыл дауылды жел. Ебі желі - жоғарғы қысымды антициклон мен төменгі қысымды циклонның тоғысуынан болады.

Сайқан желі - Жоңғар қақпасынан Орталық Азияға қарай соғады, жылдамдығы 50-60м/сек. Қыркүйек, сәуір айларында желдің басымдылығы байқалады.

Қазақстанның ауа-райы температураның қатты тербелісі және жауын-шашын мөлшерінің аздығымен айқындалады. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 130-1600мм аралығында. Жауын-шашын ең көп түсетін жер-Батыс Алтай тауы (1600мм) .

Жылдық жауын-шашын мөлшерінің булануға қатынасын ылғалдану коэффициенті деп атайды.

1. 2. Қазақстандағы қорықтар және ұлттық табиғи парктер

Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған объектілері ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.

Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.

Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда қорықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 9 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау қоғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.

Ақсу-Жабағылы қорығы 1927 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 85, 4 мың га-дан астам жерді алып жатыр. Қорық төрт биіктік белдеуді қамтиды. 1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар дала, 1500-2000 м - даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәрізді арша (биіктігі 20 м аралығында), бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа да оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұнда елік, қарақұйрық, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты аю және т. б. жануарлар кездеседі.

2000-2300 м биіктікте субальпі шалғыны жатыр. Бұл белдеуде төселіп өсетін түркістан аршасынан басқа ағаш өсімдіктері жоқ. Онда таутеке,

ілбіс, суыр, шақылдақтар, ал құстардан ұлар, кезеген торғай, шауқарға, қозықұмайлар мекендейді. Қорықтың аумағында өсімдіктердің 1404 түрі бар. Құстардың 239 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі және сүтқоректілердің 51 түрі, балықтың 2 түрі бар екені есепке алынды. Сүтқоректілерден қорғауға алынған аса бағалысы арқар, сібірдің таутекесі, бұғы, елік, жыртқыштардан ілбіс, ала мысық, борсық. Ең жоғарғы белдеу - биік таулы қарлы және мұзды шыңдар. Бұлардан аңғарларға құлап ағатын көбікті сарқырамалы тау өзендері басталады. Қорықтың Қаратау жотасы беткейлерінде палеонтологиялық филиалы бар. Бұл өңір 120 млн жыл бұрын теңіз түбі болған. Қазір оның орнында әр түрлі сирек кездесетін балықтар мен былқылдақ денелілердің, юра дәуіріндегі өсімдіктердің таңбалары сақталған. Қорықтың бұл бөлігінің органикалық дүние эволюциясын зерттеу үшін ғылыми маңызы бар.

Наурзым қорығы 1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурзым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 87, 7 мың га жерді алып жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі тың дала қорғауға алынып зерттелуде, бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ-шоқ қарағай сақталып келген. Қорық көлеміне Наурзымдағы Қарағай мен Тірсек орманы да кіреді. Ең оңтүстіктегі сор топырақта қарағай сирек өскен. Қорықтағы сор топырақта алуан түрлі қайың ағаштар, тек Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрлері өседі.

Табиғат жағдайының әр түрлілігіне байланысты, таяу жатқан азғана үлескінің өсімдігі мен жануарлар дүниесі әр алуан келеді. Мұнда даланы, орманды және суаттарды мекендейтін жануарлар кездеседі. Поляр фауналары мен флораларының өкілдері жылылықты сүйетін өсімдіктер және жануарлар сияқта жерсініп кеткен. Онда тұяқтылардан қабан, елік, кеміргіштерден суырлар, ақ қояндар және жыртқыштардан қарсақ, түлкі, борсық, күзен, ақ тышқан кездеседі . Қорықта сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 286-ден астам түрі, балықтың 6 түрі, 687-ге жуық өсімдік түрі кездеседі. Аппақ қардай аққулар, шағалалар, бірқазандар мен үйректер қаптап жүреді.

Алматы қорығы 1961 жылы құрылған . Аумағы 71, 7 мың га-ға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі қар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «әнші тауы» Аққұм-Қалқан (биіктігі 100 м-ден асатын құм төбе) жатады. Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрік ағаштары 1800-2000 м биіктікке дейін көтеріледі. 2500 м биіктіктен жоғарыда Тянь-Шань шыршасынан тұратын шыршалы орман белдеуі орналасқан. Одан да жоғары, қарлы-мұзды белдеуде, субальпі және альпі шалғындары болады. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда 39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200-ден астам құстардың, 965 өсімдік түрі бар. Шыршалы орманда бұғы, елік, Тянь-Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқырлар мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар мен таутеке көп. Соңғы уақыттарда қорықта тиін, сасық күзен өсірілетін болды. Қорықта құстардың ең көбі: ұлар, кекілік, бұлдырық , Іле өзенінің бойындағы тоғайларда қырғауылдар, тарғақтар мекендейді.

Барсакелмес қорығы Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 16, 8 мың га. Ондағы мақсат - жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау болды. Бұрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 250-ден аса түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан. 1953-1964 жылдар аралығында 9 құлан Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жіберілген. Соңғы жылдары биологиялық жүргізілген сынақтардың салдары да Аралдың экологиялық жағдайын күрделендіріп, қорықтың біраз жануарларын көшіруге тура келді (мысалы, құланды) .

Қорғалжын қорығы 1968 жылы құрылған. Қорық Ақмола облысының 259 мың га жерін алып жатыр. Оған тың даланың (38 мың гектар) қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай-ақ Қорғалжын және Теңіз (199 мың гектар) көлдері кіреді. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген.

Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүтқоректілердің 41 түрі, құстардың 315 түрі, балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Олар: суыр, дала алақоржыны, су егеуқұйрығы, қосаяқтар және басқалар. Қорғалжың көлінің қамыс нуларында қабандар мекендейді. Көл жиегінің қара суларында үйрек, қаз және басқа суда жүзетін құстар сансыз көп. Теңіз көлінде мыңдаған қоқиқаз ұя салады. Бұл дүние жүзінде сирек кездесетін, ең солтүстікке ұя салатын құс. Қорғалжың көлдерінде үшкір тұмсықты сұқсыр мекендейді, ол балапандарын суда қалқып жүзіп жүрген ұяда басады. Содан кейін балапандарды ұзақ уақыт арқасына салып жүзеді, тіпті олармен бірге суға да сүңгиді. Теңіз-Қорғалжын көлдеріне көктем кезінде көптеген су құстары жиналады. Осының арқасында бұл қорық дүние жүзіне әйгілі болып отыр. Ол ЮНЕСКО-ның тізіміне ерекше қорғалатын батпақты-шөлді ландшафт ретінде енген. Қорықта суда жүзетін құстардың тіршілігін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, музейлер, хайуанаттар бағына арналған материалдар жинастырылады.

Марқакөл қорығы 1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың га, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Өкінішке орай, шығысында 1, 5 мың га жер көлдің аса маңызды бөлігі бола түрса да, қорыққа енбеген. Қорық ауданындағы климат қатаң континентті. Мұндағы Қазақстан аумағы үшін ең төмен қаңтардың орташа температурасы -26° -27°С, ал кейде аяз -55°С-қа дейін жетеді. Шілденің орташа температурасы +14° +17°С, ең жоғарғысы +30°С-қа жетеді. Жауын-

шашынның жылдық мөлшері 400 мм-ге жуық түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмнің даму тарихы
Қазақстандағы туризм туралы
Қазақстандағы емдік туризмнің даму болашағы
ДІНИ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Ішкі туризм
Қазақстанда өлкетану тарихының дамуы
Діни туризмнің даму тарихы
Алматы қаласындағы экскурсиялық - танымдық туризм
Экологиялық туризмнің ерекшелігі
Туристік инфрақұрылым мен қызметтерді дамыту және ілгерілету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz