Қоршаған ортаның химиялық ыластануы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
Жоспары
Негізгі бөлім:
Қоршаған ортаның химиялық ластануы.
Қоршаған ортаның радиоциялық ластануы
Пайдаланған әдебиеттер
Қоршаған ортаның химиялық ластануы.
Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластанушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.
Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі.
Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ Антрактиданы алайық . Бұл жерде адамдар кішігірім ғылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғалымдар осы заманғы өнекәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидадан да тапқан. Олар бұл жерде басқа жерлерден ауа ағымдардан келіп түскен.
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болсада адамға әсері-адамдың басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егерде адам организміне осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе, қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кету де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптік қалардың үстіне желсіз күндері қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіп орындардың қалдықтары мысал бола алады. Элекр станциялары, түрлі-түсті металл өніретін зауыттар химиялық және мұнайды қайта өңдейдін кәсіп орындар атмосфераға түтін шығаратын мұржалар арқылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түседі.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкірттің қос тоғығы (SO ) коксхимия зауыттарымен, тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар туман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабатына терісіне әсер етеді және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауада күкіртті сутек адам организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады.
Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық-түліктің құрамындағы фторлы сутек адамды, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек плассмаса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда адамның тыныс жолдарының кілегейлі қабығын зақымдап, өкпенің ісік ауруын туғызады.
Қоңыр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауыл шаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс - жидек өсімдіктеріне де зияны тигізеді. Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың, адамдардың организмдерінде физиологиялық өзгерістер болады.
Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топырақта калий, кальций, магний элементерінің көбеюіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді.
Дәрігерлер адамдың әр түрлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі, қатерлі ісік ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық жағдайымен тығыс байланысты екенін анықтап отыр. Сонымен қатар, хром, никель, берилий, бензоперин, асбест, түрлі улы химикаттар сияқты өнеркәсіп қалдықтары-канцерогентік заттар болып табылады. Олардың адамдарда қатерлі ісік ауруларын туғызатындығы анықталды. Егер өткен ғасырда балалардың қатерлі ісік аурулары сирек болса, қазір балалардың арасында ол ауру өте жиі кездесіп отыр. Ал, химиялық заттармен ластану нәтижесінде бұрын кездеспеген жаңа аурулар пайда болуда.
Адам денсаулығына зиян келтіретін улы химиялық заттардың қатарына темекі мен есірткі заттары да жатады. Темекі түтінінің 4 мыңға жуық химиялық заттар кіреді, олардың көбі улы заттар. Олардың қырыққа жуығы қатерлі ісік ауруын туғызады, темекінің уы сонымен қатар қолқаиың созылмалы ауруын туғызады, сол себептен темекі шегетіндер жиі жөтеледі. Темекі шегетін ата-аналардың жаңа туған нәрестелерінің организмінде улы газ сәби бойындағы қан құрамында бірнеше сағатқа дейін болады. Есірткі заттары да қолқа, өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызады. Көптеген органикалық еріткіштер: авиациялық бензин, желім, бензин, эфир, еріткіштермен аэрозольдер уланып ауаға көтеріледі. Егер осы заттардың буы көп мөлшерде түссе жүйкені, миды, асқазанды және өкпенің ауруын туғызады. Кейде ол өлімге де әкеліп соғуы мүмкін.
Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздердің төмендегідей топқа бөлеміз:
1. Физикалық ластану - радиоактивті заттар, электрмагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер.
2. Химиялық ластану- көміртегі өнімдері, күкірт көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозольдар.
3. Биологиялық ластану ауру қостырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс зиян келтіретін жәндіктер.
4. Эстетикалық зиян-табтғаттын қайталагбас сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайларының жойылуы т. б.
Биосферадағы ластану процесі үш кезеңге бөледі
- ластаушы заттардың таралуы,
- лаштағыштардың биомассаға енуі.
- Лаштағыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы.
Адам баласының организмі жоғарыдағы ластаушы заттарды қабылдаған кезде белгілі бір дейгейге мөлшерге дейін ғана көтере алады. Ал, зиянды заттардың одан әрі организмде көбейе түсуі денсаулықты бұзып, ауруға шалдықтырады.
Қоршаған ортаның химиялық ластануының кейбір түрлері қазіргі кезде глобальды экологиялық проблемаларды туғызып отыр. Олар жер шарындағы жиі-жиі байқалып отырған «Жылу эвектісі», «Озанның жұқаруы», « Қышқыл жауындары», « Фотохимиялық тұмшалар » және осылардың әсерінен туындайтын аурулар.
Қөміртегі оксиді (СО ) және монооксид (СО ) . Жалпы отын жаққан кезде көміртегінің екі газы түзіледі. Екеуі де ластағыш газдар. Оның бірі көміртегі диоксиді-улы емес, ал монооксид улы болып келеді. Ол адамның қанындағы гемоглабинмен өте тез қосылып зиянды қоспа түзіп, ауру туғызады.
Соңғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін жылдамдатуда. Нәтижесінде, көміртегі оксиді әрбір он жыл сайын екі процентке өсіп, атмосферада жылу эффектісін туғызуда. Ал, жылу эффектісі өз кезегінде жер шары климатының орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың мұхиттардың көтерілуі, ауа райының өзгерілуі, қауіпті циклондар мен цунамилар, шөлейттену, өрттер, т. б. тууына себеп болып отыр. Аталған газдармен қатар метан, азот оксиді, озон, т. б. газдар күн сәулесін жер бетіне кедергісіз жібергенімен, ал жер бетінен космос кеңістігіне кететін ұзын толқынды жылу сәулелерін өткізбей, көмір қышқылы газдарының қызып, жалпы атмосфера шегінде жылу процесін тездетуде. Мәселен, ХIХ ғасырдың 20 - жылдарында көмір қышқылы газдарының қызып, жалпы атмосферадағы мөлшері 0, 029 % болса, ал 90 жылдары - 0, 035% жетіп, 20% - ке көбейіп отыр.
«Озонның жұқаруы». ХIХ ғасырдың жылдарында атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерінде жұқаруы байқалған. Мәселен, 1987 жылы Антрактида тұсында байқалып озонның мөлшері күрт азайып, ол7 млн км аумақты қамтыған. Ал осы жағдай 1992 жылы онтүстік Америка тұсында байқалған.
Осыған байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес құрылып «озонның жұқару» себебін зерттеу басталды. Нәтижесінде, оның негізгі көзі-хлорфторкөміртектік фреондар қосылыстар екені анықталды.
Осы химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұшырап, хлор тотығын түзеді. Ол өз кезегіндегі озон молекуласын ыдыратып жойып отырады. Нәтижесінде озонның жұқару процесі басталып, Космостан келетін зиянды ультрокүлгін сәулесінің еркін өтуіне жол беріліп, бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді.
Қышқыл жауындар-атмосферадағы байланысты қазіргі кезеңдегі үлкен проблема. Оның негізгі көздері күкіртті ангидрид пен азот тетраоксиді.
Күкіртті ангидрид . Адам баласы жылу алу үшін көмір мен мазутты жағу кезінде ангидриді ауаға түседі. Мәселен, 1 млн тонна көмір жаққан кезде 25 тонна күкірт бөлінеді екен. Әрине, күкірт жеке элемент күйінде емес, оның күкірт тотығы ретінде ауаға шығарылады. Осы газ атмосфераға түсіп, оттегімен тотығып әрі су буымен қосылып одан күкірт қышқылы түзіледі. Құрамында қышқыл бар тумандықдар жауын түрінде биосфераға түсіп қауіпті зиян келтіріп отырады.
Азот оксидтері. Азоттың қосылыстары атмосфераға көбінесе ормандағы өрттерден, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттар төңірегінде жинақталады. Жалпы атмосфераға азот қышқылының 95%көмірді пайдаланғанда бөледі. Оның 40% автокөлік 20%, электростанциялар, өндіріс орындарында қазба отындардың үлесіне тиеді. Нәтижесінде, жер шары бойынша жыл сайын атмосфераға 60 млн. тонна азот оксиді шығарылып отырады. Ол одан әрі су буымен реакцияға түсіп, азот қышқылын түзеді. Азот қышқылы табиғатта нитраттарға айналып, одан жауын құрамында жер бетіне түседі. Нәтижесінде, бүкіл тіршілікке зиянын тигізеді. Адам баласы азот оксидтеріне душар болған жағдайда тыныс жолдарының қабыну, бронхит, ентікпе және өкпе-тыныс жолдарының ауруынан зардап шегеді.
«Смог» (улы туман) . Смог ағылшын сөзі көмір сөзі, түтін деген мағынаны білдіреді. Аталған улы түтін өнеркәсіп, басқа да қажеттіктер үшін көмір мен мазутты жаққанда пайда болады. Тұманның 2 типі бар.
Лондондық туман типі-негізгі көзі көмір мен мазутты пайдаланғанда түзілетін күкіртті газдың атмосферада концентрациясының көбейіп кетуі. Бұл құбылыс Лондон қаласының ауа бассейінінде алғаш рет есепке алынған. Мәселен, 1952 жылы ауа бассейінінде улы қара тұмандық 2 жұма бойы тұрып алған. Нәтижесінде 4000-нан астам адам қаза болған. Осы азапты тарихи оқиғадан Лондон тұрғындары 1873, 1882, 1891, 1948, т. б. жылдары зардап шекті.
Фотохимиялық тұман. Атмосфера қабатында азот оксидтері, көмірсулар озон, күннің радиациясының фотохимиялық реакцияға ұшырауы нәтижесінде пайда болатын улы түтін. Оның Лондондық тұманнан вйырмашылығы автокөлік моторларынан шығатын газдарды құрап күндізгі жағдайда улы түтін түзуге бейім келеді. Фотохимиялық тұман алғаш рет 1930жылдары Лос-анжжелес қаласы үстінде есепке алынған. Одан соң бұл құбылыс Нью-Йорк, Токио, Сеул, Афин, т. б. қалаларда байқалғаны тарихқа мәлім.
Қоршаған ортаның химиялық заттармен ластауын жіктеу кестесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz