Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . . 3: АНЫҚТАМАЛАР . . . 4
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . . 3: БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 5
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . . 3: КІРІСПЕ . . . 7

1 Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 12

1. 1 Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің педагогикалық негіздері . . . 12

1. 2 Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің мүмкіндіктері . . . 23

2 Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің

ӘДІСТЕМЕСІ . . . 40

2. 1 Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің жолдары . . . 40

2. 2 Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің әдістері . . . 49

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67

ҚОСЫМШАЛАР . . . 70

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. - Астана, 2004.

2007 жылдың 27 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген.

Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2004.

Білім беру бағдарламасы. ҚР МЖМБС 5. 01. 021 - 2008. Негізгі ережелер. 2008. - 8 б.

АНЫҚТАМАЛАР

Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарты - жоғары білім беру құрылымын, мазмұнын және жоғары білімнің негізгі бағдарламаларының көлемін анықтайтын құжат.

Білім беру бағдарламасы - білім беру мазмұны мен оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттайтын білім беру мекемелерінің нормативтік - басқару құжаттары.

Этнопедагогика -белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы.

Халық педагогикасы - халықтық ауыз әдебиетінде, салт- дәстүрлерінде, ырымдарында, балалар ойындары мен ойыншықтарында мәңгі қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелу тәжірибесінің жиынтығы.

Әдет-ғұрып дегеніміз- белгілі бір қоғамда немесе коллективте белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің түрі.

Салт - адам өмірінің күнделікті тіршілгінде (отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынаста) жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы. Ол жеке адам өмірінде еңбек іс әрекет, адамгершілік, құқы, діни ережелермен байланысты көрініс береді де, біртіндеп ауыл-айма, ру тайпаға ортақ рәсімге айналады.

Дәстүр - қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын әдет-заңын марапаттайтын ритуал. Ол ғылымда әдебиетте, мектепте, халытық ортақ өнерде немесе қоғамдық қатыраста ал салт қоғамдық психологияға жақын. Мәселе, үлкенді сыйлау, қонақжайлық-дәстүрлер. Олар көптеген салттардан, ырымдардан, жол-жоралардан, рәсімдерден тұрады.

Ұлттық сезім дегеніміз - адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті білдіруі. Ұлттық сезім адамды қоршаған ортаның әлеуметтік экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының сол ұлт өкіліне тартқан ерекше табиғи сыйы.

Ұлттық мінез - адам мінезінен іс-әрекетінен көрінетін тұрақты құбылыс. Ұлттық мінез осы ұлтқа тән темпераменттік психикалық рухани сапасымен ерекшеленіп көзге түседі.

Мектепке дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту және оның негізгі заңдылықтары туралы ғылым.

Қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының даму мен тәрбиенің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.

Ойын әрекеті - баланың барлық нышандарының дамуына мүмкіндік тудыратын өзіндік ерекшелігі бар зияткерлік (интеллектуалдық) мектеп.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

ЖОО - жоғары оқу орны

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстанның егеменді ел болуымен байланысты оқу-ағарту ісінде оның басшылыққа алатын негізгі идеялық бағыты, ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей «Қазақстандық патриотизм мемлекеттің территориялық тұтастығын, салт-дәстүрдің, ұлттық мәдениеттің сақталуын, Қазақстанда тіршілік етуші ұлттардың бірлігін қамтамасыз етуді, олардың саяси-экономикалық және мәдени байланысын мемлекеттік қазақ тілі мен халықаралық қатынас тілі - орыс тілінің жетіліп көркеюіне баса назар аудару», т. б. болмақ. Бұл тәрбиеде көзделетін мақсат келер ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін қамқорлық жасау, оларға қажетті білім беру және дүниетану көзқарасын қалыптастыру, бүгінгі нарықтық қатынас жағдайында өздерінің ата-бабаларының дәстүрін сақтай отырып еңбек етуге әзір болуын қамтамасыз ету болмақ. Келер ұрпақ бейбіт өмірде шапшаң қарқынмен дамушы, гүлденген отанының патриоты болып өсуі тиіс.

Білім беру жүйесін реформалау, білім мазмұнын жаңарту мәселесі тәуелсіз еліміздегі саяси-әлеуметтік даму талаптарынан туындайтындықтан үздіксіз тәрбие мен білім берудің жүйесін жетілдіру ісі адамзаттық құндылықтарға негізделіп, жаңа бағыт алуда.

Қазақстан Республикасы Конституциясында[1], «Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» заңы»[ 2], «Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы» [3], «Үздіксіз тәрбие тұжырымдамасы» [4], «Назарбаев Н. Ә. «Мәдени мұра» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама» [5], «Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» [6] жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуге, олардың бойындағы адами, рухани байлықтарын жетілдіруге және еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеуге баса назар аударылған.

Ал «Қазақстан Республикасы әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасында»: «Енді Қазақстан халықтарына өз мәдениетінің келбетіне қайтадан толық көлемінде ие болуға тура келеді, ал бұл арада қазақ мәдениетіне, яғни мемлекетке тарихи атауын берген халықтың мәдениетіне даусыз басымдық берілуге тиіс, өйткені ол Қазақстаннан басқа еш жерде шын мәнінде түлеп, қажетінше дами алмайды», - деп атап көрсетілген. Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл» [7] атты еңбегінде: « . . . қазақ тарихы адамзат шежіресінің құрамдас бөлігі екені ғылыми тұрғыда дәлелденуі керек», - деп ерекше тоқталды, тәрбиенің тарихпен сабақтастығының ашылуы, қажеттігі мектепке дейінгі мекемелердің қалыптасу, даму зандылықтарын, қазіргі қоғам талаптарымен салыстыра зерттеудің, ғылыми негізде зерделеудің көкейкестілігін көрсетеді. Себебі, оқыту мен тәрбие-қоғамдық үрдіс, сондықтан, ол қоғаммен бірге дамып, бірге өзгеріске түсіп отырады

Қазақстан Республикасына шын берілген, адал патриот азамат даярлау олар мемлекеттік белгілердің мәні мен маңызын терең түсінген, халықтық дәстүрлерді қастерлейтін халықтар достығының негізінде тәрбиеленген, халық, отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын сезінген Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқы мен басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қадір тұтып игеруге пейілді азамат болуы керек» делінген.

Бұл міндеттер мемлекеттік құжаттарда Қазақстан Республикасының Конституциясында, Тіл туралы Заңында, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңдарында т. б. атап көрсетілген.

Мектепке дейінгі тәрбиені дамыту, балабақшаларды көптеп ашу мәселесі қашанда үкіметтің қаулы-қарарларында, мемлекеттік құжаттарда басты назарда болды. Сонымен бірге бұл мәселеге Н. К. Крупская[8], Л. А. Давиденко[9], Л. С. Выготский[10], А. С. Макаренко[11], Э. К. Суслова[12], В. А. Сухомлинский[13] еңбектерін арнаған.

Біздің елімізде мектепке дейінгі тәрбие, баланы балабақшада тәрбиелеу жөніндегі ең алғаш еңбекті Нәзипа Құлжанова (1887-1939) жазған «Мектептен бұрынғы тәрбие» (алғы сөзін жазған А. Байтұрсынов) [14], «Ана мен бала тәрбиесі» деп аталатын педагогикалық еңбектері бүгінгі күні де өз өзектілігін жойған жоқ [15] .

Бүгінгі танда педагог ғалымдар: А. В. Андросова, Б. Арзанбаева, Б. Б. Баймұратова, С. Г. Бәтібаева, Н. Баримбеков, Ә. С. Әмірова, Г. Х. Дүкенбаева, З. Д. Еденбаева, А. К. Меңжанова, Г. Ж. Меңлібекова, Т. А. Макеева, Қ. М. Меңдаяқова, Г. Метербаева, Т. А. Левченко, А. Е. Манкеш, М. Т. Тұрыскелдина, Ж. А. Исмайлова, Т. Иманбеков, Ф. Н. Жұмабекова[16], С. Н. Жиенбаева, О. Жұмадиллаева, М. С. Сәтімбекова, А. Ж. Салиева, Ш. Сапарбаева, Н. Сайлауова, Ғ. З. Таубаева, Х. Т. Шерязданова, А. А. Нурахунова, т. б. мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі салалары бойынша зерттеу жүргізіп, тәлім-тәрбиенің мазмұнын, әдістерін талдаған. Аталған ғалымдар еңбектерін оқып зерделеу арқылы мектепке дейінгі тәрбиенің даму, қалыптасу бағыт-бағдарын айқындауга болады.

Бұл күнде ол толық мәнді ғылыми теория дәрежесіне кетеріліп, мектепке дейінгі тәрбие тәжірибесінде қолданылып келеді.

Осы міндеттерді ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды тәрбиелеуші келешек ұстаздар қауымы - педколледждер мен университеттерде оқып, білім алып жатқан студент-жастар.

Ал студент-жастарға халық педагогикасының қыры мен сырын, ғылыми негіздері мен тәлімдік мәнін ғылыми-педагогикалық тұрғыда игерудің теориясы мен әдіс-тәсілдерін меңгерту мәселесімен этнопедагогика пәні айналысады.

Этнопедагогиканың зерттеу объектісі халық педагогикасы. Халық педагогикасы халықтардың ғасыр бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген тағылымдарының бай тәжірибесінің эмпирикалық жиынтығы.

Ал этнопедагогика халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы.

Ә Табылдиевтың зерттеулеріне көре этнопедагогиканың мақсаты - халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу[17] .

Бұл пәннің міндеті халықтық тәрбие түрлерін оқушы жастардың бойына сіңіріп, білім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайында өмір сүруге икемді, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол жан тәрбиесі мен тән тәрбиесін қатар жүргізе отырып, оқушы жастардың қайрат жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып тәрбиелеу арқылы іске асырылады.

Халықтық тәрбиенің негіздерін оқытып, білдіріп меңгерту үшін, ең алдымен этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық танымдық негіздерін үйретіп білдіруге тура келеді. Ал ол этнос туралы ұғымды, этностардың туып, дамып қалыптасуын, этномәдениеттің ерекшеліктері мен оның әлемдік өркениетке ұштасуын, кірігу жолдарын теориялық тұрғыда қарастырудан басталады.

Сондықтан этнопедагогика пәнін этностар мәдениетін зерттеудің ғылыми методологиялық, теориялық негіздерін оқытып білу жөн.

Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерінде XVII- XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайын, ғылым ретінде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөліп қарастырамыз.

Бірінші - XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері жайында тұңғыш еңбектер жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э. С. Вульфсон, П. С. Паллас, А. Вамбери, А. Левшин, В. Радлов, А. Янушкевич, Н. Г. Потанин, Н. Л. Зеланд, т. б. ) жолжазбалары десек, екінші - XX ғасырдың алғашқы 20-30-жылдарында бұл істі ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә. Диваев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, X. Досмұхамедов, М. Дулатов, Н. Құлжанова, М. Әуезов, Әбілова З т. б. болды. Яғни, бұл кезеңді қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасу кезеңі деп қараймыз. Үшінші кезең - 35-40 жылдық үзілістен кейін (1970-2000 ж. ж. ) қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі деп аламыз[18] .

Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың оқымысты демократ-ағартушылары: Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтардың ғылыми еңбектерімен тығыз байланысты болғандықтан, қазақ халқының салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық мәдениеті жайында олардың ой-пікірлеріне арнайы тоқталуды қажет демекпіз.

Жоғарыда көрсетілгендей, этнопедагогикалық материалдар арқылы баланың дамуындағы құдіреті туралы еңбектер бола тұра, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде этнопедагогика материалын пайдалануды ғылыми негізде жүйелеген зерттеулер жеткілікті емес. Осының нәтижесінде мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде этнопедагогика материалын пайдаланудың қажеттілігі мен оны ғылыми тұрғыда негіздеудің арасындағы қарама-қайшылық туып отыр.

Осы қайшылықтардың шешімі ғылыми-зерттеу жұмысының көкейтестілігін көрсетеді. Сондықтан да этнопедагогика материалдарын мектепке дейінгі мекемеде ақыл-ой тәрбиесінің құралы ретінде пайдалана отырып, оның мазмұнын, мүмкіндіктерін қарастыру, тәрбие үрдісіндегі тиімді әдістері мен жолдарын іздестіру мақсатында біз диплом жұмысымыздың тақырыбын «Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу» деп таңдауды ұйғардық.

Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің жолдарын қарастыру.

Зерттеудің міндеттері:

  • мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің педагогикалық негіздерін анықтау;
  • Ұлттық құндылықтар арқылы мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мүмкіндіктерін қарастыру;
  • Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің жолдарын талқылау;
  • Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің әдістерін пайдалану;

Зерттеу нысаны. Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеудің пәні: Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің ерекшеліктері айқындалып, сол арқылы оның үлгісі жасалып, сонымен қатар педагогикалық бағыттарын жетілдіріп, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің тиімділігі артады, өйткені мұндай жағдайда қарастырылып отырған үдерістің жүйелілігі мен тұтастығы қамтамасыз етіледі.

Зерттеудің жетекші идеясы: Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің олардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу негізінде қалыптастыру жалпы адамзаттық және этноәлеуметтік құндылықтарына баулу жолдарының бірі болып табылады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:

- жеке тұлға факторы ретінде, сананың мәдени-тарихи даму теориясы;

  • ұлттық құндылық теориясы;
  • жеке тұлғаның әлеуметтік, ұлттық құндылық үлгілері;
  • мектеп жасына дейінгі балалардың даму заңдылықтары мен принциптері;
  • тәрбиенің құндылық аспектілері;
  • балаларға ұлттық құндылық білім беру тұжырымдамасы;
  • жоғары мектеп студенттеріне ұлттық құндылық білім беру тұжырымдамасы.

Зерттеудің әдістері. Зерттеу жұмысында Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің теориялық негіздерін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының ресми материалдарына, тұжырымдамалары мен бағдарламаларына, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық тұрғыда талдау жасау, оқулықтар мен әдістемелік құралдарды зерделей отырып, озық тәжірибелерді меңгеру, тәрбие берудің мазмұнын анықтап, сандық және сапалық талдау жасау, жинақтау, қорытындылау.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары және басқа да құжаттар мен ресми материалдар, педагогтар мен психологтар еңбектері, зерттеу тақырыбына сәйкес оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-педагогикалық басылымдар, журналдар материалдары, озат педагог-тәрбиешілердің озық тәжірибелері, интернет материалдар басшылыққа алынды.

Зерттеу базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласындағы № 31 бастауыш мектеп-балабақша «кешені»

Жұмыстың құрылымы : Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден, қосымшадан тұрады.

  1. Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде ТӘРБИЕЛЕУДІҢ Теориялық НЕГІЗДЕРІМектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің педагогикалық мәселелері

Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің жаңаруына, жан-жақты жетілген, ұлттық сана-сезімі, ұлттық психологиялық нышандары қалыптасқан, рухани байлығы дамыған, ғылым мен практика жетістіктерінен хабары бар ертеңгі азаматты тәрбиелеу - отбасы, балабақша және мектептің үздіксіз жүзеге асыратын міндеттері екені баршаға аян.

Бұл жөнінде «Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу, оқыту мазмұнын жаңарту тұжырымдамасын» және «Қазақ балабақшаларындағы үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасы» дайындалып, осы құжаттарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстаң Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы №1762 «Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері туралы» қаулысындағы ережесінде қазақ балаларын қоғамдық мекемелерде, отбасында және мектепте өз ана тілінде тәрбиелеу мен білім беруге ерекше көңіл бөліну қажеттілігі атап көрсетілді.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» білім беру жүйесін дамытудың мақсатттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжатта: «Білім берудің деңгейлері мен мазмұны» белгіленіп, сонда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі деп көрсетілген.

Бәтібаева С. Ғ. аталған құжатта мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты: мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзеу бағдарламаларымен қамтуды дәйекті ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету көзделген. Ал міндеттері:

- әлеуметтік жағдайы мен тұратын орнына қарамастан, барлық балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен ертерек қамту;

- бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтуды қамтамасыз ету;

- мектепалды даярлығының мазмұнын мектеп жасына дейінгі балаларға тән қызмет түрлерін, жасына және даралығына сай тәсілдерді ескере отырып, қайта қарау және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде заттық кеңістік ортасын жасау;

- баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу, - делінген [19] .

Жас ұрпақ тәрбиесі сияқты ұлы міндетті шешуде мектепке дейінгі коғамдық тәрбие орындарының алатын орны ерекше. Олар өмір есігін жаңа ғана ашқан жас буындардың денесінің, ақыл-ойының, сана-сезі-мінің, адмгершілік қасиеттерінің дамуына жағдай жасайды, тәр-биелейді.

Қазақстанда мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу, ана тілінде сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын дамыту, балабақшалардағы балаларды сабақ үрдісінде тәрбиелеу мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары 1958-64 жылдардан бастап жүргізілді.

Зерттеуші ғалым Б. Баймұратова мектеп жасына дейінгі сәбилердің сөздік қорының даму ерекшеліктерін зерттей отырып, соның нәтижесінде баланың тілін дамыту мәселесінде ауыз әдебиеті мен балалар әдебиетін сабақтастыра қарастырып, 2-6 жас аралығындағы балалардың тілін дамытудың ғылыми-әдістемесінің негізін жасады [20] . Ғылыми зерттеудің негізгі үш ерекшелігін атап өтуді жөн көрдік. Зерттеудің бірінші ерекшелігі - мектеп жасына дейінгі балалардың ана тілін дамыту мәселесі жөніндегі алғашқы әдістемелік нұсқауын дайындалуында. Екінші ерекшелігі қалалық, ауылдық балабақшаларда және отбасында тәрбиеленуші балалардың сөз игеру ерекшелігі туралы салыстырмалы қорытынды жасауында. Үшінші ерекшелігі - әрбір кезеңдегі бала тілін дамыту мәселесін, оны мейірімділікке, адамгершілікке, еңбекке, ізеттілкке, ақыл-ойын тәрбиелеумен біртұтас қарастырылуында. Аталған еңбекте автор әдеби шығармалардың тіл дамытудағы ролін баланың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің ролін көрсеткен. Онда мектеп жасына дейінгі балаларға оқып беретін шығармаларды негізінен үш салаға бөлген.

- ауыз әдебиеті нұсқалары;

- классик жазушылардың шығармалары;

- кеңес жазушыларының шығармалары;

Көркем шығарманы оқу, әңгімелеуде тәрбиешілерге қойылатын талаптарды ұсынған. Ғалымның еңбегіне талдау жасай отырып, баланың жас ерекшелігіне сәйкес алынған шығарманың идеялық мазмұны, тіл көркемдігін ескеруде, олардың өзіне шығарманың кейіпкерлерін таңдауда, өздігінен қорытынды жасауда негізгі тұжырымдарды басшылыққа алдық.

Ғалым А. К. Меңжанованың «Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы тәрбиелеу» атты монографисында: Еңбек әрекеті үстінде көркем әдебиет шығармаларын пайдалану арқылы баланы адамгершілікке, еңбекке баулу мәселесін қарастырған. Зерттеу нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасаған [ 21 ] . Онда:

Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Осы кезде игерген баланың рухани байланысы өмір бойына із қалдырып, оның дұрыс жетілуіне негіз болады. Сол себептен де мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие орындарында мамандар даярлау ісіне ерекше көңіл бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы
МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Балабақша балаларын оқытудың психологиялық негіздері
Қазіргі тәрбиенің басты бағыты - оның көзқарас негіздеріне бағытталуы, тұлға құндылығына қайта оралуы
Балалар бақшасындағы балаларды тәрбиелеудегі еңбектің маңызы
Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру
Балалардың табиғатпен таныстыру туралы түсінік қалыптастыру және олардың маңызы
12 жылдық білім беру жүйесінде мектепалды даярлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz