Криминология пәнінің түсінігі
1. Криминология пәнінің түсінігі
2. Криминология пәнінің жуйесі
3. Криминология ғылымының баска ғьшымдармен байланысы
4. Криминология әдістерінің түсінігі
5. Криминология статистикалық әдіс
6. Криминологиядағы социологиялық әдіс
7. Қылмыстылық ұғымы
8. Қылмыстылықгың деңгейі
9. Қылмыстылыктың құрылымы
10. Қылмыстылықтың динамикасы
11. Танымның жалпы ғылыми әдістері
12. Абстрактіден нақтылы көтерілу әдісі
13. Жорамал әдіс
14. Жуйелік.кұрлымдык әдіс
15. Тарихи әдіс
16. Салыстырмалы әдіс
17. Динамикалык және статистикалық әдіс
18. Криминологиядагы нақты социологиялык әдіс
19. Құжаттарды зерттеу әдісі
20. Анкеталық әдіс
21. Байкау әдісі
22. Эксперименттік әдіс
23. Латентті кылмыстылық
24. Қазақстандағы кылмыстылық
25. Қылмыстылыктың себептері
26. Қылмыскердің жеке тұлғасы
27. Виктимология түсінігі
28. Виктимдік классификациясы
29. Криминологиядағы виктимдіктің алдын алу
30. Қылмыстылыктың алдын алу
31. Қылмыстылықтың алдын алу субъектілері
32. Қылмыстылықтың алдын алу құқықтық реттеу
33. Қылмыскерлердің классификациясы
34. Криминологиядагы болжау (прогнозирование) тусінігі
35. Болжаудың турлері мен шығу тегі
36. Криминологиялық болжау әдістері
37. Қылмыстьшықпен күресті болжау мен жоспарлау
38. Әлеуметтік катынастар және кылмыстылық
39. Экономикалық қатынастар және кылмыстылық
40. Саяси мүдде және кьшмыстылық
41. Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің криминологиялык сипаты
42. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылыгының себептері мен жағдайлары
43. Кәмелетке толмагандардың қылмыстылығының алдын алу
44. Зорлыкшыл кылмыстылық пен бузақылық қьшмысының жалпы криминологиялық сипаты
45. Зорлықшыл қылмыстылык пен бузақылық кьшмысының себептері
46. Зорлыкшыл қылмыстылык пен бұзақылық кьшмысының алдын алу
47. Экономикалық қылмыстылық ұғымы
48. Экономикалык кылмыстылық себептері мен жағдай лары
49. Экономикалық кылмыстылықтың алдын алу
50. Ұйымдасқан қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлыктың криминологиялық сипаты
51. Қылмыстық бірлестіктер мүшелерінің тұлғасының типтік белгілері
52. Ұйымдасқан қылмыстылыктың алдын алу
53. Кәсіби қылмыстылық ұғымы
54. Кәсіби қылмыскердің тұлғасы
55. Кәсіби қылмыстылыктың себептері мен жағдайлары
56. Кәсіби қылмыстылықтың алдын алу шаралары
57. Рецидивтік кылмыстылық уғымы мен түрлері
58. Рецидивтік қылмыстылыктың себептері мен жагдайлары
59. Рецидиквтік кылмыстылыктың алдын алу
60. Абайсызда жасалатын қылмыстардың алдын алу
61. Рецидивистердің типтері
62. Кәмелетке толмаған кылмыскерлердің тұлғасының ерекшелігі
63. Әйелдер кылмыстылығының құрылымы
64. Әйелдер қылмыстылығының динамикасы
65. Әйелдер қылмыстылығының себептері
66. Әйелдер қылмыстылығының алдын алу
67. Абайсызда жасалатын қылмыстардың ұғымы
68. Абайсызда жасалатын қылмыстардың криминологиялык сипаты
69. Абайсызда жасалатын қылмыстардың себептері
70. Қазақстандағы экономикалық жағдай

Криминологияның түсінігі. Жоғарыда тізімі келтірілген криминология пәнінің компоненттері қолдана отырып, оның түсінігін беру - анықтама берудің ең оңай жолы, яғни криминология дегеніміз - қылмыстылықты, оның себептерін, жеке қылмыстардың себептері мен жағдайларын, жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасын, қылмыскердің тұлғасын, сондай-ақ қылмыстылықтың алдын алу мен болжауды зерттейтін салааралық ғылым. Не болмаса, ғалымдардың бір шоғыры осылардың бәрін тізбектеп жатпай қысқартылған да анықтама береді, олардың айтуынша криминология - қылмыстылықты, оның себептерін және қылмыскер тұлғасы мен қылмыстылықтың алдын алуды зерттейтін салааралық ғылым саласы. Олар жоғарыда айтылған компоненттерді жоққа шығармайды, бар болғаны оларды ірілендіріп біріктіреді, яғни қылмыстылықтың себептерін, жеке қылмыстардың себептері мен жағдайларын, сондай-ақ жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасын қылмыстылықтың себептеріне шоғырландырса, қылмыстылықтың алдын алу мен болжауды бір деп қарастырады. Криминология ғылымын басқа қырынан да келіп анықтаушылар бар. Бірақ ол негізгі түсінікті толықтырушы ғана анықтама. Криминология қылмыстылықты ғана емес, онымен байланысты өздері қылмыстылықты құрамаса да онымен тікелей байланысты жағымсыз құбылыстарды зерттейді. Олар, айталық, жезөкшелік, өзін өзі өлтіру, маскүнемдік, наркомания т.б. Осылардың бәрі де (қылмыстылықты қоса алғанда) әлеуметтік ауытқулар. Әлеуметтік ауытқуларды зерттейтін ілімнің аты - әлеуметтік патология. Бірақ соңғы ілімнің айналысатын мәселесінің барлығы криминолгия үшін қажет емес, тек оның ішіндегі ең бір асқынған, қоғамға қауіпті түрлеріне ғана криминология ғылымы қызуғышылық танытады. Осыны ескере отырып, криминология дегеніміз - әлеуметтік патология деп аталатын жан жақты, конгломерат ілімнің өзегі болып табылады деушілер бар.
Криминологияның міндеттері. Криминология ғылымының мынандай үш түрлі міндетін атауға болады: 1. Аналитикалық, яғни зерттеу міндеті. Қылмыстылықты, оның себептерін, қылмыскердің тұлғасын, жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасын (виктимологиялық аспектілерді) зерделеп, талдау
2. Болжау міндеті - криминогендік құбылыстардың болашақтағы өзгерістері туралы негізді ұсыныстар жасау.
3. Әр түрлі жолмен тәжірибелендіру. Бұл қылмыстылықтың алдын алуға келеді, сол сияқты виктимологиялық профилактиканы да қолдануды көздейді.

Криминологияның түсінігі. Жоғарыда тізімі келтірілген криминология
пәнінің компоненттері қолдана отырып, оның түсінігін беру - анықтама
берудің ең оңай жолы, яғни криминология дегеніміз - қылмыстылықты, оның
себептерін, жеке қылмыстардың себептері мен жағдайларын, жәбірленушінің
мінез-құлқы мен тұлғасын, қылмыскердің тұлғасын, сондай-ақ қылмыстылықтың
алдын алу мен болжауды зерттейтін салааралық ғылым. Не болмаса, ғалымдардың
бір шоғыры осылардың бәрін тізбектеп жатпай қысқартылған да анықтама
береді, олардың айтуынша криминология - қылмыстылықты, оның себептерін және
қылмыскер тұлғасы мен қылмыстылықтың алдын алуды зерттейтін салааралық
ғылым саласы. Олар жоғарыда айтылған компоненттерді жоққа шығармайды, бар
болғаны оларды ірілендіріп біріктіреді, яғни қылмыстылықтың себептерін,
жеке қылмыстардың себептері мен жағдайларын, сондай-ақ жәбірленушінің мінез-
құлқы мен тұлғасын қылмыстылықтың себептеріне шоғырландырса, қылмыстылықтың
алдын алу мен болжауды бір деп қарастырады. Криминология ғылымын басқа
қырынан да келіп анықтаушылар бар. Бірақ ол негізгі түсінікті толықтырушы
ғана анықтама. Криминология қылмыстылықты ғана емес, онымен байланысты
өздері қылмыстылықты құрамаса да онымен тікелей байланысты жағымсыз
құбылыстарды зерттейді. Олар, айталық, жезөкшелік, өзін өзі өлтіру,
маскүнемдік, наркомания т.б. Осылардың бәрі де (қылмыстылықты қоса алғанда)
әлеуметтік ауытқулар. Әлеуметтік ауытқуларды зерттейтін ілімнің аты -
әлеуметтік патология. Бірақ соңғы ілімнің айналысатын мәселесінің барлығы
криминолгия үшін қажет емес, тек оның ішіндегі ең бір асқынған, қоғамға
қауіпті түрлеріне ғана криминология ғылымы қызуғышылық танытады. Осыны
ескере отырып, криминология дегеніміз - әлеуметтік патология деп аталатын
жан жақты, конгломерат ілімнің өзегі болып табылады деушілер бар.
Криминологияның міндеттері. Криминология ғылымының мынандай үш түрлі
міндетін атауға болады: 1. Аналитикалық, яғни зерттеу міндеті.
Қылмыстылықты, оның себептерін, қылмыскердің тұлғасын, жәбірленушінің мінез-
құлқы мен тұлғасын (виктимологиялық аспектілерді) зерделеп, талдау
2. Болжау міндеті - криминогендік құбылыстардың болашақтағы өзгерістері
туралы негізді ұсыныстар жасау.
3. Әр түрлі жолмен тәжірибелендіру. Бұл қылмыстылықтың алдын алуға келеді,
сол сияқты виктимологиялық профилактиканы да қолдануды көздейді.
2. Криминология пәнінің жуйесі
Криминологияның жүйесі. Криминология құқық саласы емес. Бірақ құқық
салаларына тән қасиет мұнда да бар, ол - жалпы және ерекше бөлімдерден
тұру. Криминологияның жалпы бөлімі (немесе жалпы криминология) жоғарыда
аталған өз пәнін (қылмыстылық, оның себептері тағы басқалары) жалпылама
қарастырады, яғни онда ешқандай да қылмыстылық түрі туралы әңгіме
қозғалмайды. Ал ерекше бөлімде болса (немесе ерекше криминология) нақты
қылмыстылықтың түрлері алынып, жалпы бөлімде алынған білімдер нақты
қолданылады. Мысалға, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы алынып, тек
қана соның деңгейі, қарқындылығы, динамикасы (жалпы бөлімде барлық
қылмыстылықтың осындай көрсеткіштері зерттеледі), тек қана соның себептері
(жалпы бөлімде барлық қылмыстылықтікі), тек қана кәмелетке толмағандардың
жасаған қылмысын жәбір шегетіндердің мінез-құлқы мен тұлғасы, тек қана
кәмелетке толмаған қылмыскердің тұлғасы, тек қана осы қылмыстылықтың
түрінің алдын алу мен болжау сөз болады. Дәл осы сияқты әйелдердің
қылмыстылығы, рецидивистік қылмыстылық, кеден қылмыстылығы, коррупциялық
қылмыстылық т.б. жөнінде де осылай айтуға болады.
3. Криминология ғылымының баска ғьшымдармен байланысы
Криминологияның өзге ғылым салаларымен арақатынасы. Криминология таза
ғылым саласы. Бірақ Н.Ф.Кузнецова оны ‘’әлеуметтік-құқықтық салааралық
ғылым және заңдардың кешендік саласы’’бір деп те есептейді. Бірақ заңдардың
кешендік саласы екендігімен келісе қою қиын. Заңдардың саласы болған соң ол
да құқық жүйесіне ену керек. Осы жерде криминологияның сабақтас құқық
салаларымен арақатынасын қарастыру барысында құқықтық өзі де үш түрлі
мағынада түсінілетіндігін ескерген жөн. Әйтпесе, криминология мен қылмыстық
құқықтың құқық саласы ретіндегі мағынасы қиюласпайды. Осы жерден-ақ ашып
алайық. Себебі, студенттер кез келген құқық саласынан оқу пәнін бастағанда,
оқытушы оның үш түрлі мағынасын, атап айтқанда, құқықтың саласы ретінде,
оқу пәні ретінде және ғылым саласы ретінде түсінілетіндігін айта отырып,
осы үшеуін бір бірімен шатыстырып алмауды сұрайды. Мысалға, қылмыстық
құқықты алайық. Қылмыстық құқық құқық саласы ретінде бар болғаны мемлекет
пен қылмыс жасаушы тұлғаны арасында қылмыс жасау сәтінде пайда болған
қылмысқа қатысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін, сол сияқты
өзге құқық салаларымен бұған дейін реттеліп қойған қоғамдық қатынастардың
кейбірін қорғайтын және өзге ешқандай да құқық саласымен реттелмеген, тек
мораль, этика т.б. әлеуметтік институттармен реттелген кейбір қоғамдық
қатынастарды қорғайтын нормалардың жиынтығы. Ал ғылым ретінде осы нормалар
туралы, олардың практикада қолданылуы туралы (құқық ретінде оның практикада
жұмысы жоқ), тарихы мен оларды жетілдіру туралы және осындай нормалардың
шет елде қолдану практикасы туралы көзқарастардың, жүйеленген идеялардың
жиынтығы (нақтылау үшін оны қылмыстық құқықтың ғылымы деп те атайды). Ал
оқу пәні ретінде қылмыстық құқық ғылыми көзқарастарды қолдана отырып,
қылмыстық құқықты құрайтын нормалардың мәнін ашады. Демек, криминологияның
осындай құқық салаларымен арақатынасын анықтағанда олардың ғылымы алынуы
керек, себебі криминологияның өзі де таза күйіндегі ғылым. Бірақ сол құқық
салалырының ғылымы аспаннан түскен жоқ сол нормалар туралы, ал нормалар
болса ғылымына тікелей бағынышты: тиісті механизмдерден өтсе, ғылымының
айтқаны құқық саласында жүзеге асады.
4. Криминология әдістерінің түсінігі
Криминологияның әдістері мен методологиясы. Криминологиядағы жалпы
ғылымдық әдістер. Соңғы уақытта терминжасамға байланысты пайдасы шамалы бір
үрдіс қалыптасты – ол барлық терминдерді бір шыбықтың астына алып
қазақтандыру. Осының нәтижесінде жаңадан ‘’әдістеме’’, ‘’әдіснама’’,
‘’тәсілдеме’’ деген тәрізді терминдер қолданыста жүр. Олар методика,
методология терминдерін тәржімалауға тырысқан. Бірақ бұл қолдауға тұрарлық
іс емес. Енді осы ұғымдардың арқатынасына келейік. Әдіс - ол белгілі бір
нәтижеге жетудің жолы болса, методика - ол осындай әдістердің жиынтығы, ал
методология - әдіс туралы ілім болып табылады. Криминологияда қолданатын
әдістерді екіге, атап айтқанда, жалпы ғылымдық және арнайы ғылымдық деп
жіктеуге болады. Соның ішінде жалпы ғылымдық әдістерді оның табиғатына
қарамастан барлық ғылымдар қолданады. Олар:
- абстрактіліктен нақтыға өту. Бұл әдіс, ең алдымен, бұған дейінгі
қылмыстылық, оның детерминанттары мен жасалған шаралардың тиімділігі туралы
жеткен нәтижелерге көз жүгіртуді, және, одан кейін, ол жеткен нәтижелердің
де жеткіліксіз екендігін білу мен қылмыстылықтың, оның детерминанттарының
қозғалып бара жатқан ашық жүйе екендігін үнемі есте ұстауды білдіреді. Әл-
Фарабидың сөзімен айтқанда, құбылысты неғұрлым жақсы танып, оған жақындаған
сайын ол да соншалықты одан қашады.
- гипотеза. Бұл әдіс бұған дейін алынған эмпирикалық мәліметтерді есепке
ала отырып, жөн-жосықсыз зерттеу жүргізбей, зерттеуді мақсатты жүргізуге
жәрдемдеседі.
- жүйелік-құрылымдық талдау. Кез келген құбылысты құрылымдық элементтерге
бөліп және олардың өзара ықпалын зерттеуді білдіреді.Қылмыстылықтың
құрылымын немесе оның детерминанттарын топтастырғанда оны аңғаруға болады.
Сол сияқты қылмыстылықтың өзі де қоғам деп аталатын үлкен жүйенің элементі.
- тарихи әдіс. Неғұрлым ұзақ мерзімді алып зерттеуді көрсетеді.
- салыстыру. Әр түрлі елдердегі осы құбылыстың зерттелуін
салыстыруды мегзейді . Криминологияда қолданылатын әдістерді реактивтік
және реактивтік емес деп те бөледі. Алғашқысы зерттеуші мен зерттелушінің
тікелей байланысқа түспей-ақ зерттеу жүргізу әдісін білдірсе (мысалға,
қылмыстық материалдарды, істерді талдау), соңғысы - тікелей зерттеуші мен
зерттелушің түйісуі нәтижесінде мәлімет жинауды көрсетеді (мысалға, сұхбат
алу, анкета жинау т.б.).
5. Криминология статистикалық әдіс
Нақты статистикалық әдістердің ішінде криминология көп арқа сүйейтіні
- ол байқау, бірақ ол социологиялық емес, статистикалық байқау. Байқаудың
өзі статистикалық зерттеулердің бірінші сатысы екендігі анық. Статистика да
құбылыстардың сапалық жағын есепке ала отырып, сандық жағын зерттейді және
оның заңдылығын анықтауға тырысады. Заңдылықтар статистикалық қана емес,
динамикалық та бола алады. Екеуінің айырмашылығы сонда - динамикалық
заңдылықты жаратылыстану ғылымдары бойынша жалғыз ғана зерттеу объектісін
алып анықтауға болады. Мысалға, тарақанның көбею инстинкті бар екендігін
жүздеген-мыңдаған тарақанды зерттемей-ақ, бір-екі, ары кеткенде оншақты
мұртты қоңызды зерттеп-ақ анықтауға болады. Ал статистикалық заңдылықты тек
қана массаны, зерттеу объектісін жаппай алып қана анықтауға болады.
Статистикалық заңдылығын анықтауға жататын құбылыстың бірі - қылмыстылық.
Бірді екілі қылмыстың себебін ғана анықтап, оларды барлық қылмыстырға
таңуға әсте болмайды. Сондықтан да қылмыстылық деп аталатын салыстырмалы
жаппай құбылыстың көріністерін неғұрлым кеңірек, көбірек алып қарастыруға
тырысу керек. Қылмыстылықты жаппай байқау мүмкін емес, әрі латенттік
қылмыстардың да бар екенін ескеру керек. Статистикалық байқаудағы жиынтық
бірлігінің толықтығаны қарай оны: жаппай байқау және іріктеп байқау деп
бөлуге болады. Іріктеп байқау да үш түрге жіктеледі: а) негізгі массивті
байқау (барлығы мүмкін болмаса да негізгі басым бөлігін назарға алу); ә)
монографиялық байқау (жеке бір мәселені мұқият, бүге-шігесіне дейін
талдау); б) таңдаулы байқау. Соңғы байқау түрін қолданғанда құбылыстың
объективтік заңдылығын анықтау үшін жиынтық бірліктері тек қана кездейсоқ
алынуы керек, яғни алдын ал зерттелмей, бас-көзіне қарамай алынуы керек.
Мысалға, рецидивистік қылмыстылық қылмыскер кәмелетке толмай тұрғанда
жасаған қылмыстарына бастау алады деген гипотезаны дәлелдеуге бір зерттеуші
бел буды делік. Ол үшін рецидивистердің зерттелетін бөлігі кездейсоқ алынуы
керек, Егер де зерттеуші өз ойын дәлелдеу үшін алдын ала атүсті байқау
жүргізіп, тек қана кәмелетке толмаған шағында қылмыс жасаған рецидивистерді
ғана зерттеу объектісіне алып, қалғандарын ысырып қойса, құбылыстың
объективтік заңдылығы шықпайды, тек қана зерттеушінің субъективтік пікірі
болып қана қалады. Дәл осы сияқты, Ломброзо барлық қылмыскерлерді зерттей
алған жоқ, тек он бір мыңына ғана қолы жетті. Бұл оның таңдаулы байқауы.
Сөйте тұра, ол тек бас сүйегінде атвизимдері барларды ғана емес барлық
‘’қолына түскен‘’ қылмыскерлерді зерттеу объектісіне айналдырған жоқ па
еді?!! Математикалық статистика таңдаулы байқаудың мынандай түрлерін
ажыратады: қарапайым, кездейсоқ, жүйелік, типтік, сериялық, екісатылы,
аудандандырылған, квота принципі бойынша таңдау т.б. Осы жерде заңдылықты
көрсету қабілетіне орай репрезентативтілік ұғымына назар сала кеткен жөн.
Репрезентативтілік дегеніміз – басты жиынтықтың параметрлерін таңдаулы
жиынтықтың көрсете алу қабілеті. Мысалға, кәмелетке толмағандар жасаған
қылмыстарға қатысты үш жүз қылмыстық істі зерттеп, кәмелетке
толмағандарсанының шамамен 14%-нде қылмыстық жолға түсуіне жолдас-жоралары
ықпал еткен деген заңдылығын шығарамыз. Бірақ бұл Қазақстанда жасалған үш
жүз кәмелетке толмаған адамның қылмысы ғана. Ал шын мәнінде жылына он
мыңдаған кәмелет жасына толмаған адам қылмыс жасайды. Егер де осы жыл сайын
жасалатын кәмелетке толмағандардың қылмысын тіркеп, олардың сеьептерін
бірден есепке алатындай құрал табылса және осы құралымыздың өзі шыныда да
олардың 13,4%-нде олардың қылмыс жасауына жолдас-жоралары итермелейді деп
анықтаса заңдалығын, онда расында да жоғарыда кездейсоқ таңдалып алынған үш
жүз қылмыстық істің репрезентативтілігі бар. Егер де мүлде жақындамайтын
заңдылық анықталса, керісінше, зерттелген материалдардың
репрезентативтілігі жоқ болып шығады.
6. Криминологиядағы социологиялық әдіс
Криминологиядағы нақты социологиялық әдістер. Криминологиялық зерттеулер
жүргізген кезде көп қолднылатын әдістердің бірі - нақты социологиялық
әдістер. Олардың мынандай түрлері бар: 1) құжаттарды талдау әдісі. Бұл
әдіске латенттік қылмыстылықты зерттеу жөнінде әңгіме қозғағанда аздап
жанап өттік. Бұл құжаттар, әдетте, осы зерттеліп отырған мәселеге орай
емес, мүлде басқа себеппен жиналған, бірақ криминологиялық зерттеу жүргізу
үшін оларды қолдануға болады. Мысалға, азаматтық-құқықтық құжаттарды талдау
арқылы (қорлауға байланысты моральдық шығынды өтету туралы талаптар)
шағымданбай қалған қылмыстардың мөлшерлі санын анықтау.
2) Байқау. Оның үш түрі бар: а) сырттай байқау, яғни байқаудың қарапайым
түрі: мысалға, қарапайым зерттеушінің әрекеті; ә) іштей байқау, мысалға,
кеден қылмыстылығын байқау үшін кеден органдарына жұмысқа орналасу; б)
қатысушы-байқаушы, яғни қылмыстық мінез-құлықты байқап қана қоймай, оның
кейінгі бағытына байқаушының да ықпал етуі: мысалға, сол кедендегі
контрабандамен айналысатын қылмыстық ұйымға мүше болып кіру. Соңғысы,
қаншалықты криминология ғылымына пайдалы әрі тиімді зерттеу болса да
байқаушы-қатысушының жасаған қылмыстары үшін құқық қылмыстық жауаптылықтан
босатпайды.
3) әлеуметтік эксперимент. Ол әдіске сәйкес ұсынылған гипотезаларды
қорытындылай келе эксперимент жасалып, оған дейінгі және одан кейінгі
нәтижелер салыстырылады. Егер тиімді болса, практикаға енгізіледі. Мысалға,
қылмыскердің түзелуі мен рецидивистік қылмыстылықтың алдын алуда тиімді
болып есептелетін қоныс-колониялар ең алдымен осындай әлеуметтік
эксперимент есебінде сынақтан өткен.
4) Сауалнама (опрос): а) Қарапайым сауалнама. Оның да екі түрі бар: а)
іштей (сұхбаттасу) және сырттай (анкета жүргізу). Анкетаның өзі де
анонимдік немесе қарапайым бола алады. Осы жерде, сұхбаттасу мен
әңгімелесудің айырмасын білген жөн. Сұхбаттасу кезінде тек қана
корреспондент пен респондент, яғни сұраушы мен сұралушы ғана бар болса,
әңгімелесуде әңгіменің еркін өрбуіне екі тарап та үлес қосады. Әдетте,
әңгіме жүргізуші-зерттеуші өзінің мақсаттары туралы жасырады, тіпті, әңгіме
барысы үшін және оппонеттің жанына үңілу үшін ойдан шығарылған оқиғаларды
айтуға шейін барады. Осы сауалнамада маңызды нәрсе болып сұрақтарды құру
мен сұраунама техникасы табылады. Сұрақтарды құрастыруға байланысты кейбір
мынандай талаптары бар:
1) сұрақ нақты, қысқа, түсінікті және қарапайым болуға тиісті;
2) сұрақ жауапта ескерілуге тиісті уақытты, орынды және контексті
көрсетуі тиіс;
3) көпмағыналы сөздерді қолданбаған абзал;
4) бақылаушы, нақтылаушы сұрақтар негізгі сұрақтан кейін іле-
шала қойылмауы тиіс;
5) сұрақ болып қалуы мүмкін балама жауаптырды көрсетуі тиіс
(терістуші, жақтаушы т.б.);
6) жауапты нақтылау керек болғанда сұраққа кішкене алғысөз
келтіруге болады;
7) сұрақты түзу мен оның мағынасы сұралушылардың тәжірибесі
мен қызмет салсын ескеруі қажет;
қиын сұрақтар мен сұралушыны толғандыратын сұрақтар анкетаның
басында қойылмауы керек.
ә) Социометриялық сауалнама. Социометрия сөзі латынша socіum (жолдас,
қатысушы) және metrum (өлшеу) деген екі сөзден шыққан.Ол -сол индивидуумның
бірге тұрып, бірге жұмыс істейтін топтарымен әлеуметтік-эмоционалдық
байланысын сапалы талдауға арналған техникалық амалдар мен процедуралардың
жүйесі, яғни өзге ‘’жолдас’’ топ мүшелерімен арақатынасты қарапайым жолмен
анықтау. Криминологияда социометрия сирек қолданылса да, жанұялық
криминология деп аталып жүрген криминологияның ерекше бөліміндегі жанұя
саласындағы қылмыстылықты зерттеу мен алдын алуда таптырмайтын құрал.
б) Сарапшылық бағалау әдісі. Бұл әдіс сарапшылардың пікіріне сүйеніп
қортында жасау болып табылады. Кез келген маманның емес, осы аумақта
тұратын және ондағы криминогендік жағдайды білетін мамандардың пікірі
жиналады. Сарапшылардың саны зерттеудің маңызына байланысты. Сарапшылардың
арасында сұраунама жүргізу топтық та, жеке-дара да; іште де, сырттай да;
ауызша да, жазбаша да; жалпы да, жеке де мәселелер бойынша болуы мүмкін.
Олардың пікірін жинай отырып, кесіп айтылған, жалпы жұрт пікірінен қия
кететін гипотезалар алынып тасталады да, жалпы, ортақ бір қорытынды
шығарылады. Эксперттік бағалау әдісінің тек субъективтік пікірге ғана
сүйнетіндігінен өз кемшіліктері болғанмен де, кейбір криминологияны
толғандыратын мәселелерді осы әдісті қолданбай зерттеу мүмкін емес.
7. Қылмыстылық ұғымы
Қылмыстылықтың түсінігі мен белгілері. Қылмыстылық - бұл салыстырмалы
жаппай, тарихи өзгермелі әлеуметтік, қылмыстық- құқықтық сипатқа ие,
белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың
жиынтығынан тұратын таптық қоғамның құбылысы. Осындай анықтаманы алпысыншы
жылдары Н.Ф.Кузнецова берген болатын. Одан бері де осы анықтаманың мұрты
қисайған жоқ.Оның өзіндік себептері де бар. Жоғарыда айтып өткеніміздей
қылмыстар жинақтала келгенде жаңа бір сапаға ие болады, ол -қылмыстылық.
Осыған байланысты теңіз бен тамшыны, клетка мен организмді мысал қып
келтіре кеттік. Қылмыстылық - әлеуметтік құбылыс, өзінше бір организм,
қоғамның өзіне бағытталған сырқаты. Сырқат демекші, қылмыстылықтың сыртқа
көрінетін көрсеткіштері оның симптомы сияқты екендігін айта кету керек,
себебі кейбір сырқат түрлерінің симптомы бірдей болғанымен диагнозы және
емдеу жолдары әр түрлі болатыны аян. Мысалға, тұмау мен сібір жарасының
сыртқы симптомдары бірдей болғандықтан АҚШ-та 2001 жылы сырқаттанғандарды
тұмаудың дәрісімен емдегендіктен бернеше Адам қайтыс болды. Сол сияқты
ұрлық пен кісі өлтірудің немесе, тіпті, ұрлық пен алаяқтықтың алдын алу
жолдары да әр қилы болу керек екендігі хақ. Жоғарыдағы анықтамадан
қылмыстылықтың мынандай белгілерін анақтауға болады: оның салыстырмалы-
жаппайлығы. Жалпы жаппай емес салыстырмалы жаппай болатын себебі - қоғамның
бәрі қылмыстылық атты сырқатпен ауырмайды, тек белгілі бір бөлшегі ғана
қылмыстылық құбылысына үлес қосады, ал тұмау эпидемиясы жаппай құбылыс,
өйткені ол кездерде жұрттың бәрі тұмауратып шығады. Ал салыстырмалы жаппай
болмаса да ол қылмыстылық емес, бар болғаны бірді-екілі немесе жүз-екі жүз
қылмыстардың жиынтығы ғана болып қалады. - тарихи өзгермелі болатындығы
қоғамның қылмысқа деген көзқарасы үнемі өзгеріп отыратындығында. Бір
уақыттарда қылмыс боп есептелген әрекеттер басқа бір кезде қылмыс емес
немесе керісінше. Мысалға, Кеңес дәуірінде алып-сатарлық әрекеті қылмыс
боп, қылмыстылықты құрап тұрса, қазір ол қылмыс болмақ түгілі экономиканы
дамытушы факторлардың бірі (бизнес). Не болмаса сол уақытта компьютерлік
қылмыстардың атын да білмеген болса, қазір ол дүниежүзінде кең тараған
қылмыс түрі. Яки құл иеленушілік құрылыс кезіндегі құлды өлтіру мен осы
күнгі адам (кез келген) өлтіруді, ортағасырдағы еуропа елдеріндегі
‘’алғашқы түн’’ құқығын атауға да болады
8. Қылмыстылықгың деңгейі
Қылмыстылықтың деңгейі дегеніміз белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт
аралығында жасалған қылмыстардың абсолюттік саны. Мысалға, Қазақстан
Республикасында 1960 жылы - 29 426 қылмыс жасалса, 1970 жылы ол деңгей 56
164-ке көтерілген, 1980 жылы 76 517 болса, 1990 жылы 148 053, 2000 жылы 150
790 болған
Қылмыстылықтың қарқындылығын коэффициент арқылы анықтауға болады.
Коэффициенттің өзі де фактіге қатысты, қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты
және сотталғандарға қатысты деп үш түрлі бола алады. Мысалға, фактіге
қатысты коэффициент (Кф) былайша есептеліп шығарылады:
Кф = қылмыс фактілерінің саны х 10 000 (масса) халық саны
Бұл формуладан біз әрбір он мың халыққа қанша қылмыс фактісінен келгендігін
көресіз. Мысалға, 1993 жылы қылмыстылық деңгейі ең шарықтау шегіне жетті,
яғни 206 006 қылмыс жасалды, демек оның коэффициентін есептесек, Кф = 206
006 х 10 000 (масса) = 121, 18 17 000 000 яғни 1993 жылы әрбір он мың
халыққа 121 қылмыс фактісінен келді. Ал 2002 жылы болса 135 000 қылмыс
жасалды, яғни Кф = 135 151 х 10 000 (масса) = 96, 53 14 000 000 демек, 2002
жылы әрбір он мың халыққа 96 қылмыс фактісінен келген. Ал 2003 жылғы ахуал
одан өзгеше: Кф = 118 485 х 10 000 (масса) = 84, 63 14 000 000 Бұл 1993
жылға қарағанда (Қазақстандағы қылмыстылық деңгейінің ең жоғары дәрежеге
көтерілген жылы) 2002 жылы қылмыстылықтың қарқындылығы әлдеқайда төмен
дәрежеге түскен. Ал формуланың бөліміндегі 1993 жылы 17 млн. тұрып, 2002
жылы 14 млн.-ның тұруы халық санының өзгеруімен түсіндіріледі. Халық саны
демекші оның өзін екі түрлі есептеуге болады. Біріншіден, коэффициент
шығару есебі барлық халыққа жүргізіледі, екіншіден, тек қана қылмыстылық
жасына жеткен халық арасындағы есеп. Ол үшін жалпы халық санынан он төрт
жасқа жетпеген адамдардың саны алынып тасталады. Есептің олай жүргізілетін
себебі - алғашқысы қаншалықты қоғамның қылмыстылықпен уланғандығын білдірсе
(өйткені, он төртке дейінгі тұлғалар да қылмыс жәбірленушісі бола алады),
соңғысы қылмыстылық жасындағы адамдардың қаншалықты криминогендік
асқынғандығын көрсетеді. Коэффициенттің екінші түрі тұлғаға қатысты.
Аталмыш коэффициентті анықтау барыснда да дәл осындай формула қолданылады,
бірақ жасалған фактілер санының орнына қылмыс жасаған тұлғалар саны тұрады.
Мысалға, Кт = қылмыс жасаған тұлғалар саны х 10 000 (масса) халық саны
Егер алғашқы есеп, әр бір он мың халыққа қанша қылмыс фактісінен келеді
дегенді білдірсе, бұл есеп сол жылы әрбір он мың халықтың қаншасы қылмыс
жасаған дегенді білдіреді.
9. Қылмыстылыктың құрылымы
Қылмыстылықтың құрылымы - бұл белгілі бір аумақта белгілі бір уақыт
аралығында жасалған барлық қылмыстардың ішіндегі нақты қылмыстылық түрінің
үлес салмағы және қылмыстар санының арақатынасы. Оны есептеудің де
формуласы бар: Ққ = Қт х 100 Қб Бұл жердегі: Ққ - қылмыстылықтың
құрылымы; Қт- нақты қылмыстылықтың түрі; Қб - барлық қылмыстылық саны; ал
100 дегеніміз процентті анықтаушы көрсеткіш. Мысалға, 1999 жылы ауыр және
аса ауыр қылмыстардың үлес салмағы 48,6% болса, керісінше кішігірім және
орташа ауырлықтағы қылмыстардың салмағы 51,4%; 2000 жылы осындай есеп 48,5%
(ауыр мен аса ауыр) және 51,5% (кішігірім және орташа) болса; 2001 жылы -
53% те 47%; 2002 жылы - 51 % те 49 % болған, демек соңғы екі жылда барлық
қылмыстылық санында ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлессалмағы артқан. Не
болмаса 1998 жылы кісі өлтіру қылмысы – 2531 болса, пайдақорлық-зорлықшыл
қылмыстар (бандитизм, қорқытып алушылық, тонау, қарақшылық) - 13285, ал
Есірткімен байланысты қылмыстар - 18 676 болды, қалған қылмыстар өзге
қылмыстар десек, бұл да құрылымы, бірақ одан ешқандай да заңдылық жоқ.
Заңдылықты олардың үлес-салмағын анықтағанда болады (1-суретті қараңыз).
Заңдылық, сол сияқты, жалпы қылмыстылықтағы жеке қылмыстардың үлес
салмағының өзгеруін (қозғалысын) анықтағанда байқалады. Мысалға, төменде
көрсетілген қылмыстардың соңғы бес жылдағы үлес салмағы мен олардың
өзгеруін былайша көрсетуге болады (2-суретті қараңыз):
10. Қылмыстылықтың динамикасы
Қылмыстылықтың динамикасы - белгілі бір кезеңдегі қылмыстылықтың
деңгейі мен құрылымының өзгеруі, оның қозғалысы. Динамиканы анықтауға
байланысты үш түрлі есеп түргізуге болады: 1) ағымдағы талдау - 1 жылға
жүргізілетін есеп; 2) жүйелік талдау - жыл сайынғы, бесжылдық сайынға,
онжылдық сайынғы қылмыстылықтың қозғалысын анықтау; 3) қылмыстылықтың
мерзімдік өзгерістерін талдау. Осы үш түрлі есеп мынандай үш түрлі әдіспен
жүзеге асады: базистік, жалғаспалы, интервалдарды біріктіру әдісі.
Базистік әдістің негізгі ерекшелігі басқа барлық жылдардың көрсеткіштері
бір жылдың ғана көрсеткішімен салыстырылады және сол салыстырылушы (базис)
жылдың көрсеткіші 100 пайыз деп алынады. Сол жылмен салыстыра отырып есеп
жасағанда артып кетсе тек қанша процентке артып кеткендігі ''+'' таңбасы
қойыла отырып жазылады, ал керісінше болса ''-'' таңбасы қойыла отырып
жазылады. Келесі жалғаспалы әдіс алдыңғы әдіске ұқсайды, дегенмен, бұл
әдісте бір ғана жыл базис деп алынбайды, оның орнына үнемі алдыңғы жыл
алынып отырады. Мысалға, Қазақстандағы қылмыстылықтың қозғалысын 1990
жылдың көрсеткішімен (базистік әдіс) және алдыңғы жылдарымен (жалғаспалы
әдіс) салыстырып шығайық.
Үшінші интервалдарды біріктіру әдісінің бар айырмашылығы -бір жылдың ғана
емес бес жылдықтардың, онжылдықтардың немесе елу жылдықтардың көрсеткіштері
алынып, жоғарыдағы екі әдістің бірін қолдана отырып есеп жүргізіледі. Ол
көрсеткіштерді қоса отырып, абсолюттік санын алуға да, не болмаса олардың
орташа көрсеткішін де алуға болады. Мысалға, 1960 жылдан бері қарайғы
қылмыстылықтың көрсеткіштерінің әрбір он жлдығын алып көрелік (3-суретті
қараңыз).
11. Танымның жалпы ғылыми әдістері
Криминологиядағы жалпы ғылымдық әдістер. Соңғы уақытта терминжасамға
байланысты пайдасы шамалы бір үрдіс қалыптасты – ол барлық терминдерді бір
шыбықтың астына алып қазақтандыру. Осының нәтижесінде жаңадан ‘’әдістеме’’,
‘’әдіснама’’, ‘’тәсілдеме’’ деген тәрізді терминдер қолданыста жүр. Олар
методика, методология терминдерін тәржімалауға тырысқан. Бірақ бұл қолдауға
тұрарлық іс емес. Енді осы ұғымдардың арқатынасына келейік. Әдіс - ол
белгілі бір нәтижеге жетудің жолы болса, методика - ол осындай әдістердің
жиынтығы, ал методология - әдіс туралы ілім болып табылады. Криминологияда
қолданатын әдістерді екіге, атап айтқанда, жалпы ғылымдық және арнайы
ғылымдық деп жіктеуге болады. Соның ішінде жалпы ғылымдық әдістерді оның
табиғатына қарамастан барлық ғылымдар қолданады.
12. Абстрактіден нақтылы көтерілу әдісі
абстрактіліктен нақтыға өту. Бұл әдіс, ең алдымен, бұған дейінгі

14. Жуйелік-кұрлымдык әдіс

- салыстыру. Әр түрлі елдердегі осы құбылыстың зерттелуін салыстыруды
мегзейді . Криминологияда қолданылатын әдістерді реактивтік және реактивтік
емес деп те бөледі. Алғашқысы зерттеуші мен зерттелушінің тікелей
байланысқа түспей-ақ зерттеу жүргізу әдісін білдірсе (мысалға, қылмыстық
материалдарды, істерді талдау), соңғысы - тікелей зерттеуші мен зерттелушің
түйісуі нәтижесінде мәлімет жинауды көрсетеді (мысалға, сұхбат алу, анкета
жинау т.б.).

мен сұраунама техникасы табылады.
19. Құжаттарды зерттеу әдісі
құжаттарды талдау әдісі. Бұл әдіске латенттік қылмыстылықты зерттеу жөнінде
әңгіме қозғағанда аздап жанап өттік. Бұл құжаттар, әдетте, осы зерттеліп
отырған мәселеге орай емес, мүлде басқа себеппен жиналған, бірақ
криминологиялық зерттеу жүргізу үшін оларды қолдануға болады. Мысалға,
азаматтық-құқықтық құжаттарды талдау арқылы (қорлауға байланысты моральдық
шығынды өтету туралы талаптар) шағымданбай қалған қылмыстардың мөлшерлі
санын анықтау.
20. Анкеталық әдіс
Сауалнама (опрос): а) Қарапайым сауалнама. Оның да екі түрі бар: а) іштей
(сұхбаттасу) және сырттай (анкета жүргізу). Анкетаның өзі де анонимдік
немесе қарапайым бола алады. Осы жерде, сұхбаттасу мен әңгімелесудің
айырмасын білген жөн. Сұхбаттасу кезінде тек қана корреспондент пен
респондент, яғни сұраушы мен сұралушы ғана бар болса, әңгімелесуде
әңгіменің еркін өрбуіне екі тарап та үлес қосады. Әдетте, әңгіме жүргізуші-
зерттеуші өзінің мақсаттары туралы жасырады, тіпті, әңгіме барысы үшін және
оппонеттің жанына үңілу үшін ойдан шығарылған оқиғаларды айтуға шейін
барады. Осы сауалнамада маңызды нәрсе болып сұрақтарды құру мен сұраунама
техникасы табылады. Сұрақтарды құрастыруға байланысты кейбір мынандай
талаптары бар:

Байқау. Оның үш түрі бар: а) сырттай байқау, яғни байқаудың қарапайым түрі:
мысалға, қарапайым зерттеушінің әрекеті; ә) іштей байқау, мысалға, кеден
қылмыстылығын байқау үшін кеден органдарына жұмысқа орналасу; б) қатысушы-
байқаушы, яғни қылмыстық мінез-құлықты байқап қана қоймай, оның кейінгі
бағытына байқаушының да ықпал етуі: мысалға, сол кедендегі контрабандамен
айналысатын қылмыстық ұйымға мүше болып кіру. Соңғысы, қаншалықты
криминология ғылымына пайдалы әрі тиімді зерттеу болса да байқаушы-
қатысушының жасаған қылмыстары үшін құқық қылмыстық жауаптылықтан
босатпайды.
22. Эксперименттік әдіс
әлеуметтік эксперимент. Ол әдіске сәйкес ұсынылған гипотезаларды

Қылмыстылық латенттілігі. Латенттік қылмыстылық дегеніміз әртүрлі
себептермен құқық қорғау органдарының назарынан тысқалған қылмыстардың
жиынтығы. Ол латынша latens сөзінен шыққан, ол жасырын дегенді білдіреді.
Мысалға теңізде қалқып жүрген мұзарттың (айсберг) су бетінде бізге көрініп
жүрген бөлігінен су асты көрінбейтін бөлігі әлдейқайда көлемді болады.
Криминология дәл осындай Архимед ашқан физикалық заңдылыққа бағынбаса да
қылмыстылық мәселесі туралы осы бір заңдылықты мысал ретінде келтіруге
болады. Өйткені қылмыстылықтың көрінетін бөлігінен де жасырын бөлігі
(латенттік) көлемді болып келеді. Мысал үшін неміс ғалымы К.Майердің
жүргізген зерттеуі бойынша анасының өз баласын өлтіруі фактісі бойынша
оннан бірі ғана құқық қорғау органдарына мәлім болады, ал заңсыз аборт
жасау 1100; қарапайым ұрлық - 120; ірі мөлшердегі ұрлық - 18; тонау -
15; алаяқтық - 120 т.б.
Латенттік қылмыстардың екі түрі бар: жасырын (табиғи) және жасырылған
(жасанды). Алғашқысы табиғи жолмен әр түрлі себептермен құқық қорғау
органдарына хабарланбағандар. Мысалға, есік алдындағы ұрланған нәрсеге
‘’садақа’’ деп ешкімге жүгінбеу. Ал соңғысы құқық қорғау органдарына
хабарланғанмен де осы органдардың қызметкерлерінің өз қолымен жасырылған
қылмыстар.
24. Қазақстандағы кылмыстылық
Қазақстандағы қылмыстылық жағдайы. Қылмыстылықтың кең таралуын
оның жалпы көрсеткіші арқылы бағалайды. Е. Қайыржановтың тұжырымдауынша
қылмыстылықтың ахуалын анықтау үшін оның сандық көрсеткіштерін қолдану
керек дейді. Қылмыстылықтың динамикасын төрт тарихи кезеңге бөліп
қарастырсақ:
1) 60 жылдардың ортасынан 80 жылдардың бірінші жартысына дейін (1966-
1985) қылмыстылық ұдайы өсіп отырды, әр бес жылдықта орташа коэффициенттің
өсімі екі есеге жуық болды. Тіркеу тәртібіне талап көтерілуіне байланысты
1983 жылы тіркелген қылмыстар саны күрт кобейіп кетті.
2) Қайта құру кезеңінде қайшылықты процестер болды. 1986-1987 жылдары
маскүнемдікке байланысты қылмыстар саны ситуцияға байланысты азайғанымен,
олардың пайдакүнемдікке қатысты жағы көбейді.
3) Реформа кезеңі (1991-1993) тіркелген қылмыстар санының шұғыл
ұлғаюымен және халықтың қылмыстық әрекеттерг белсенді кірісуімен басталды.
Сонымен қатар, бұл кезде қылмыстылықтың құрылымдық өзгерісі, ондағы
ұйымшылдықтың күшеюі, қоғамға аса қауіпті іс-қимылдар нысандарының өзгеруі
байқалды. Бұл мән-жайлар, сондай-ақ қылмыстық заңнамадағы едәуір өзгерістер
1994 және 1996 жылдардағы тіркелген қылмыстар санының азайуына себеп болды.
1995-1997 жылдары қылмыстылықтың кейбір түрлеріне, автап айтқанда,
көшедегі, тұрмыстағы түрлеріне белсенді шабуылдың оң нәтижелері байқалды.
Дегенмен ұйымдасқан қылмыс, әсіресе экономикалық саладағы қылмыс, сыбайлас
жемқорлық, терроризм түбірін тереңге жібере бастады.
25. Қылмыстылыктың себептері
Себептілік туралы философиялық ұғым. Детерминация -латынның determіnare
(анықтау, айқындау) деген сөзінен шыққан. Яғни дереминация - ол айқындау,
анықтау процесі. Дүниедегі барлық құбылыстар, процестер бірі біріне
тәуелді: бір құбылысты пайда болуы, дамуы, жойылуы өзгелеріне тікелей
байланысты, соңғысының тағдырын алғашқы құбылыстар айқындайды.
Детерминизмнің негізгі мазмұнын себептілік құрайды. Дүние үлкен бір
тізбекке бағынышты, әлбетте осы тізбектің қалай түзілуіне адамның қомақты
үлесі бар. Ломоносов айтпақшы, ештеңе де жоқтан пайда болмайды, пайда
болған нәрсе өмірде бар молекулалардың қосылысы, ажырауы нәтижесінде өмірге
келеді. Бүгінгі парта осылай бола салған жоқ. Алдыңғы күні кішкене ұрықтан
ағаш боп ондаған жылдар өсіп тұрды, кеше - бірнеше жыл құрылыс материалы
боп жатты, бүгін - парта боп келіп тұр, ертең – ол отын, арғы күні -
жартысы ауаға кеткен, жартысы күл боп жерде қалған нәрсе. Күл басқа нәрсеге
сіңіп, ауа миллион саққа бөлініп дүние жалғасып, айналып кете береді. Тек
біз бірнеше жыл бойына партаны көріп тұратын себебіміз - оның тізбегі
асықпай жүретіндігінде. Ал басқа бір процестердің тізбегі тез жүреді.
Тізбекке түспейтін нәрсе өмір сүрмейтін материя, өйткені қозғалыс
материяның өмір сүру нысаны (формасы). ‘’Объективтік шындықтың әрбір
құбылысы, кез келген процесі немесе заты - бар болғаны оқиғалардың
жалпылама тізбегінің бір сәттік звеносы ғана’’.Мысалға, Демокрит айтқандай
‘’Бір түскен суыңа екінші рет түсе алмайсың’’, өйткені ол да қозғалыста,
суға сүңгіп шығып, бір минуттан соң қайта сүңгісең ол су емес басқа су -
алғашқысы одан басқа жерде ағып бара жатыр, судың өзге молекулаларына
сүңгідің, уақыт та басқа. Ал осы таудағы ағынды суды фотосуретке түсіріп,
іле-шала екінші рет түсірсең де басқа сурет. Өткені ештеңе де екінші рет
қайталанбайды. Міне, біздің партаны бес-он жыл бірқалыпта көретіндігіміз
оның бір ‘’фотосуретке’’ түскен сәті салыстырмалы түрде тұрақты
тұратындығында (ағын судай емес), тізбегі асықпай жүретіндігінде, бірақ ол
да асықпай болса да қозғалып бара жатыр бізге білінбей. Үлкен тарих үшін
партаның бес-он жыл тұрғаны фотосуретке түсіруден де тез. Ал оның осы
күндегі тізбеке келу себебі мен болашақтағы жай күйін білу үшін олардың
алдындағы өткен негізгі тізбектерін білу керек. Оны білу детерминизмді
білуге, яғни құбылыстар мен процестердің жалпыға бірдей тәуелділігін білуге
нұсқайды. Детерминация процесі тек қана себептілік байланысын білдірмейді,
сонымен қоса байланыстың өзге нысандарын да білдіреді: функционалдық,
статистикалық тәуелділік, жағдайлардың тәуелділігі, т.б.
26. Қылмыскердің жеке тұлғасы
. Қылмыскер тұлғасының түсінігі мен құрылымы. Қылмыстылық туралы сөз
болғанда ондағы маңызды мәселе қылмыскердің жеке тұлғасы болып табылады.
Әлеуметтік жаратылыс ретінде адам өзінің биологиялық белгілерімен
ерекшеленеді. Биологиялық ерекшеліктер адамның физикалық денсаулығын және
белгілі бір кемшіліктерін байқатады. Адамның физиологиялық жағдайы
әлеуметтік құбылыстарды қабылдауға қабілетті етеді. Психикалық ауру мұндай
қабылдаушылыққа қабілетсіз болып табылады. Мұндай адам қылмыстылықтың жеке
тұлғасын таныта алмайды.
Қылмыскердің тұлғасы дегеніміз - қылмыс жасаған тұлғаны сипаттайтын және
оның қылмыстық мінез-құлқына ықпал ететін әлеуметтік-демографиялық,
әлеуметтік-психологиялық, адамгершілік, құқықтық қасиеттердің, белгілердің,
байланыстардың, қатынастардың жиынтығы. Айта кетерлігі, қылмыскер тұлғасы
мен қылмыс субъектісін шатастырып алмау. Қылмыстың жалпы субъектісі үшін
бар болғаны адам болуы, жасы толуы және есі дұрыс болуы деген сияқты үш
белгі жеткілікті, ал қылмыскер тұлғасын сипаттау үшін оның бала күнінен
бастап бойына сіңірген барлық қасиеттерін ақтарып шығу керек. Тіпті, қылмыс
субъектісінің тұлғасы десек де қателеспейміз. Біреуді бойы ұзын деп жақсы
көрсеңіз - ол биологиялық қасиеті, енді береуді ақылды деп сыйласыңыз - ол
психологиялық-интеллектуалдық қасиеті. Қай ортада сыйлы-сыйсыз болу да
адамның белгілеріне, қасиеттеріне байланысты. Бір ортада сұраныс пен
қадірлеуге ие белгі келесі ортаға қажеті шамалы. Мысалға, мектепте бақылау
жұмысы үстінде ақылды бала сыйлы, өйткені оның есепті тез шығара алатын
қасиеті бар, ал жоғары сыныптың балаларымен есеп айырысқанда басбұзар
баланың сыйы артады, оған білімнің қажеті жоқ, тек төбелесе білу керек.
Өмірде мынау қылмыскердің тұлғасының қасиеті деп шодырайып шығып тұрған
қасиет болмайды, ол қарапайым өмірде нақты адамның белгілі бір қасиеті, тек
оны біз сырттай ғана мына қылмыскердің тұлғасын сипаттайтын ''бәлен'' деген
қасиеттері бар деп бағалаймыз. Осыған орай қылмыскердің тұлғасының
құрылымына тоқталу ләзім. Қылмыскердің тұлғасы оның анықтамасымен тығыз
байланысты. Құрылымға байланысты мәселе тек тұлғаны сипаттаушы қасиеттерді
топтастыруда ғана.
27. Виктимология түсінігі
Виктимологияның түсінігі. Атам заманнан ғылым пайда болғаннан бастап
онда екі түрлі процесс жүріп жатыр. Бірі – диференцияция (бөліну) және
интеграция (бірігу). Әуелгіде мифологиядан соң тек философия ғана ғылым
болып қалыптасты. Ол әрі дами келе диференцияцияға ұшырады, яғни екі негізі
бағытқа (жаратылыстану және қоғамтану) ажырады. Жаратылыстану - астрономия,
физика, химия, биология, ботаника т.б. деп бөлінсе, қоғамтану - тарих,
социология, құқық, филология т.б. деп бөлшектенді. Тіпті олардың
әрқайсысынан да жаңа ғылым салалары бөлініп шықты. Мысалға, құқықтың өзі де
конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік т.б. деп бөлінсе, азаматтық
құқықтың өзінен де кәсіпкерлік, міндеттемелік т.б. деп, экологиялық - жер,
су, атмосфералық құқық деп бөлшектеніп кетті. Бұл дифиренцияция құбылысы
бөліну қызық болғандығы үшін жүрмейді, оның зерттеу пәні мен зерттеу әдісі
ажырай бастағанда, неғұрлым нақтылана бастағанда және оған идеялардың,
білімдердің, көзқарастардың қоржыны жеткілікті болғанда жүзеге асады. Дәл
сол сияқты ғылымда интеграция процесі де жүріп жатады, оның қажеттілігі
жалғыз ғылым біржақты кететіндіктен өзі толық шешуге қабілетті
болмағандықтан өзге ғылымдармен біріге отырып шешу керек болғанда
туындайды. Мысалға, жаратылыстанудан - физикалық химия, биологиялық химия,
гендік инженерия, кибернетика т.б.; құқыққа қатысы бар ғылымдардан -
құқықтық психология, құқықтық статистика, құқық социологиясы т.б. ғылымдар
осындай бірігуден туындаған ғылым салалары. Осындай гәпті криминология
ғылымы бойынша да айтуға болады. Криминология ғылымдардың интеграциясы
нәтижесінде дүниеге келді, ол құқық, социология, психология, биология,
статистика, асторномия т.б. ғылым салаларының тоғысуынан туындады. Бірақ,
дүниеге жаңа ғана келіп, буыны бекімей жатып, өзінің құрсауынан жаңа бір
ғылым саласын қанаттандырмақшы (диференцияция). Ол -виктимология.
Виктимология латынша vіctіma (құрбан) және грекше -logos (ілім) деген екі
сөзден тұрады, яғни құрбан туралы ілім дегенге келеді. Бірақ осы ілімнің
табиғаты туралы ғылымда пікіралуандығы да жоқ емес. Бұл туралы үш түрлі
көзқарас бар:
1) Виктимологияны криминологияның саласы деп есептейтіндер;
2) Виктимологияны криминологиямен қатар өмір сүретін салааралық ғылым деп
санайтындар;
3) Виктимологияны жалпы барлық құбылыстардың құрбандары туралы ғылым деп
санайтындар.
28. Виктимдік классификациясы
Виктимділіктің түсінігі мен түрлері. Криминологияда vіctіma (құрбан)
түбірінен тұратын үш түрлі ұғым қолданылады. Олар -виктимология,
виктимизация және виктимділік. Оның виктимологиясы құрбан туралы ілім
екенін айттық, ал виктимизация болса, адамның қылмыс құрбанына айналу
процесін білдіреді.
Виктимділік - өзіне тән қаситтерге не атқаратын қызметінебайланысты
тұлғаның қылмыс жәбірленушісіне айналып кету бейімділігі. Ол бейімділік
оның өз мінез-құлқына да тәуелді бола алады немесе оған тәуелсіз объективті
де өмір сүре алады.
Индивидуалдық виктимділік - белгілі бір тіршілік жағдайына байланысты
(ситуацияға) қылмыс жасау үшін жағдай жасауға жәрдемдесетін жеке индивидтің
әлеуметтік, биофизикалық,психологиялық сипаттағы қасиеттері.
Түрлік виктимділік - бірқатар мән-жайларға орай кейбір жеке адамдардың
белгілі бір қылмыс түрлерінің құрбаны болуға бейімділігі (тонау, зорлау).
Топтық виктимділік - демографиялық, психологиялық, биофизикалық және
басқа да қасиеттері ұқсас адамдардың қылмыс құрбаны болуға бейімділігі
(инкассаторлар, күзетшілер, таксистер).
Жаппай виктимділік - адамдардың белгілі бір бөлігінің субъективтік
қасиеттеріне қарай қылмыстан тәни, моральдық, материалдық зардап шегуінің
объективтік мүмкіндігі.
Жәбірленушіні топтау. Біз жоғарыда қылмыскер тұлғасына сай келетін
белгілеріне орай оларды топтастырдық. Жәбірленушілерді де қылмыскер тұлғасы
сияқты жас мөлшеріне қарай, рөлдің статусына қарай, қылмыскермен қатынасына
қарай, адамгершілік-психологиялық белгілеріне қарай, олардың ''кінәсінің''
деңгейіне қарай, олардың мінез-құлқының сипатына қарай топтастыруға
болады.10 Соның бірі жәбірленушілерді оларға тән белгілеріне қарап
топтастыру.
29. Криминологиядағы виктимдіктің алдын алу
Виктимизация туралы неміс ғалымдары оны бірнеше деңгейге бөледі. Бірінші
деңгейдегі виктимизация - ол жәбірленушінің қылмыстан тікелей шеккен
материалдық, тәни, моральдық, психикалық зардаптары. Ал екінші деңгейдегі
болса, ол - қылмыстан жанама келетін зиян түрлері, атап айтқанда,
жәбірленушіге қылмыс жасаудан кейінгі қоршаған ортасының, құқық қорғау
органдарының, дәрігерлердің көзқарасының өзгеруі жатады. Осы неміс
ғалымдары үшінші дәрежедегі виктимизацияның әлі де зерттелмегенін айта
келе, оны (Баурман) жәбірленушіні өз мақсаттарында қолдана отырып оларға
келген зиянды есепке алмастан зерттеушілер мен лауазымды тұлғалардың өзіне
жүктелген міндеттерін асыра пайдалану процесі деп түсінеді (карьера, сол
уақыттағы қылмыстық саясат). Төртінші дәрежедегі виктимизация -құқық қорғау
органдары мен өзге тұлғалардың тарапынан саналы түрдежабылған жаласынан
жәбірленушілерге зиян келтіру процесі (мысалға, зорланған адамды олардың
таққан айыбы жалған деп бетке шіркеу ету, зорлық жасаған күйеуін қылмыстық
жауаптылыққа тартпай жәбірленушіні бұзылуына ықпал етеді). Виктимизация
процесі кезіндегі де қылмыстық болашақ жәбірленушілерінің мінез-құлқын да
топтастыруға болады.
30. Қылмыстылыктың алдын алу
Қылмыстылықтың алдын алудың түсінігі. Қылмыстылықтыңсалдарымен күресуден
гөрі себебімен күресу әлдеқайда тиімді. Қылмыстылықтың алдын алу құлашты
кеңге сермейтін ауқымы кең шаралардың кешені. Ол тікелей қылмыстылықты
ауыздықтауға бағытталған әрекеттерді де, тіпті, онымен жанама қатысты
құбылыстарға да бағыттлаған шараларды қамтиды. Мысалға, осы таяу арада ғана
мектеп бағдарламаасына салауатты өмір салтын үйрететін ''Валиология'' пәні
енгізілді, осы пән оны игерген мектеп оқушыларының соз ауруларымен
байланысты қылмыстарды жасамауы мен оларды жасаушылармен күресуге жәрдем
көрсететіні анық. Не болмаса, бір әкімшілік аумақтық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz