Ислам дiнiнің әлеуметтік құндылықтары


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ МАГИСТРАТУРАСЫ
Философия және ғылым методологиясы кафедрасы
Ислам дiнiнің әлеуметтік құндылықтары
Орындаушы
2 курс магистрант Бекбенбетов С. Б.
Ғылыми жетекші
Филос. ғ. к., доцент Затов Қ. А.
Қорғауға жіберілді:
Философия және ғылым методологиясы
кафедрасының меңгерушісі,
философия ғылымдарының докторы,
профессор
Байтенова Н. Ж.
Алматы, 2008
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . . . . 3
1. Жеке тұлғалық құндылықтар . . . 5
1. 1. Құндылықтар жайында жалпы мағлұмат . . . 5
1. 2. Сәлем мен сабырдың жеке тұлғаға әсері . . . 11
1. 3. Тұлғаның кемелденуінде тәуекел мен шыншылдықтың орны . . . 44
2. Отбасылық құндылықтар . . . 76
2. 1. Ерлі - зайыптылардың бір-біріне деген міндеттері . . . 76
2. 2. Баланың ата-ана алдындағы міндеті . . . 88
3. Іскерлік қарым-қатынас құндылықтары . . . 98
3. 1. Тұтыну мен өндіру құндылығы . . . 98
3. 2. Іскерлік қарым-қатынаста өсім тыйымы . . . 102
Қорытынды . . . 115
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 118
Кіріспе
Тақырыпты зерттеудің объектісі
Бұл ғылыми жұмыстың зерттейтін басты объектілері - жалпы құндылықтар жайында мағлұмат беру, Ислам дінінің қоғам мен жеке тұлғаға беретін маңызы, діни құндылықтардың адам өміріндегі орны мен ролі және де құндылықтардың қоғамға тигізер пайдалары мен мән-жайы. Адамзат өркениетінің адамгершілік сана деңгейлері мен ұстанатын құндылықтар жүйесіндегі сапалық қасиеттер, олардың қоғам дамуына ықпалы сипатталады. Жеке тұлғалық құндылықпен отбасылық құндылықтың қоғамдағы орны. Іскерлік қарым - қатынаста тұтұну мен өндірудің маңыздылығы және өсім тыйымы жөнінде баяндалады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті
Қоғамдағы адамдар арасындағы сүйіспеншілік, бауырластық, бір-біріне деген сенімділікті арттыратын басты құндылықтарды зерттеп, олардың іске асуын халыққа негізгі дәлелдерімен ұсыну. Сонымен қатар, Ислам дінінің ұмытылған кейбір міндеттерін жаңғыртып, көпшіліктің назарына ұсыну. Бұған қоса, сәлем мен сабыр, тәуекел мен шыншылдық сияқты жеке тұлға өміріндегі ең басты құндылықтарды нақты дәлелдер арқылы ашып беру. Қоғамымыздағы отбасылық өмірде белең алып бара жатқан, ата - ананы сыйламау, шаңырақтың шайқалуы сияқты келеңсіз жағдайларды Ислами тұрғыдан қарастырып, мұндай жәйттарға жол бермеу.
Жұмыстың ғылыми жаңалылығы
1. Осы тақырып еліміз Қазақстанда айтарлықтай зерттелмеген сыңайлы. Бұрынғы әдеби қайнар-көздер басқа дереккөздеріне сүйеніп жазылған болса, біз жұмысымызды Исламның діни қайнар-көздеріне, құнды әдебиеттеріне, әсіресе, Құран Кәрім, Хадис Шәриф және де ғалымдардың ұлағатты сөздері мен құнды еңбектеріне назар аудара отырып, шама-шарқымызша талқыладық.
2. Біз бұл жұмысымызда Исламның негізгі құндылықтарының кейбіреулеріне тереңінен тоқталып, пікір-көзқарастарымызды аят-хадистермен толықтырып кеттік. Сонымен қатар, замандас ғұламалардың көзқарастарынан да үзінділер келтіре отырып, бұл жолдың өркендеп дамуы үшін қажетті әдістер мен нақты дәлелдерді баяндадық.
3. Бұл ғылыми зерттеу жұмысы негізінен тек қана қазақ тілдік әдебиеттер мен шектелместен, басқа да шеттілдік әдебиеттерден үзінділер мен пайдалы деректер келтіріле отырып әзірленді. Атап айтар болсақ, араб тілдік, түрік тілдік, орыс тілдік әдебиеттердің ішінен ең маңыздылары таңдалып алынып, білімгер қауымның назарына ұсынылды.
4. Тұлғаның бойында рухани құндылығын қалыптастырудың теориялық-тұжырымдамалық негіздері, шынайы құндылықтар жүйесі және оны қалыптастырудың факторлары анықталды.
Ғылыми зерттеу жұмысының маңыздылығы
Бұл зерттеу жұмысымыздың ең басты маңыздылықтарына келер болсақ: ХХІ ғасырдағы экономика мен технологияның қатты дамыған заманында, адамның материалдық және рухани күшінің тепе-теңдігін қалпына келтіру, тек қана заттық тұрғыдан күшеюді мақсат етпей, сондай-ақ рухани жақтан да алға ұмтылуы керектігін ескерту. Адамның ішкі дүниесіндегі руһани құбылысының табиғаты мен әрекеті ғылыми және герменевтикалық тұрғыдан жан-жақты талдауды қажет етеді. Қоғамдағы қазіргі замандағы болып жатқан түбегейлі өзгерістер, жаһандану үрдістері зерттеушілердің алдына теориялық және практикалық маңызы бар жаңа міндеттер қойып отыр. Ғылыми-техникалық өрлеу мен материалдық - экономикалық даму адам өміріне жеңілдік әкелумен қатар, оны өзінің ішкі дүниесінен алыстатады да, өкінішке орай ол сыртқы дүние мәселелерімен айналысуына әкеліп соқты. Қазіргі кезеңде адамға, оның тағдырына немқұрайдылық әдеттегі іске айналып, біртіндеп адамдардың бір-біріне жанашырлығы азайып, адамдардың қатыгезденуі, мейірімділіктің азаюы, ата-аналар мен жастардың арасында түсініспеушіліктің орын алуын байқауға болады. Рухани құндылықтардың құнсыздануы, адамгершілік қалыптарына теріс көзқарастардың белең алуы, әділеттіліктің барлығына сенбеушілік, жеке өмірлеріндегі мақсатсыздық, бей-берекетсіздік адамның көңілінің мазасыздығына, моральдық адамгершілік деңгейінің төмендеуіне алып келуде. Осы жағдайлар нәтижесінде адам әбігерге толы өмірдің бостан босқа өтуіне, өмір ағысымен еріксіз жылжуға әдеттенген. Күнделікті күйбің тіршілік жағдайында адам рухани жағынан даму мен ақыл-ойын жетілдіруге, әлемді түсіне білуіне және оны тереңдетуге уақыт таппайды. Сондықтан да ол өмірдің сұлулығын сезінбейді, айналасында болып жатқан оқиғалар туралы терең ойланбайды, көпшілігі сары уайыммен, немесе шарасыздықпен тіршілік етеді. Құндылықтар табиғатының құпиясын түсіну адамға жарқын көңілмен өмір сүріп, еңбек етуге, өзін-өзі тануына, ішкі дағдарыстар жағдайында өзіндік бағыт-бағдар, жол табуға және өзінің ішкі мүмкіншіліктерін жан-жақты ашуға көмектеседі. Алайда бүгінгі таңда адам үшін өмірдің мәні құндылық ретінде жойылып, оның материалдық игіліктерді жинақтау қамында жүру құбылыстарының белең алып отырғандығын тағы да жасырып қалуға болмайды. Рухани құндылықтардың рөлінің төмендеуі, адам ойының материалдық құндылықтарға бағытталуы қоғамда қылмыстың, зорлық-зомбылықтың өсуіне жағдай жасады. Ал бұл жағдай адамның үнемі қорқыныш жағдайында өмір сүруіне алып келді.
Қоғамымыздағы әрбір жеке тұлғаның бойына сәлем мен сабыр, тәуекел мен шыншылдық сияқты ең негізгі құндылықтарды және отбасылық өмірдегі ерлі - зайыптылардың құқықтары, ата -ана алдындағы перзенттің міндеті іскерлік қарым - қатынас саласында тұтыну мен өндірудің маңыздылығын өз бойымызға сіңдіріп қоғамның гүлденуіне үлес қосу.
1. Жеке тұлғалық құндылықтар
1. 1. Құндылықтар жайында жалпы мағлұмат
Әлем өзінің байлығымен және алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Құндылықтық қатынас әрқашан да субьектінің бойында белгілі бір эмоцияларды - қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т. б туғызады.
Құндылықтар әлемі - сөздің кең мағынасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығы өлшемін білдіретін, оның адамгершілік санасының, басымдылықтарының саласы.
Құндылықтың айқындамасы. Құндылықтар теориясы немесе аксиология (грек тілінде «axia» - құндылық және «logos» - ілім) құндылықтар жаратылысы туралы, оның нақтылықтағы орны мен құндылықтық әлемдегі құрылымы туралы ілім.
Адамдар құндылық деп есептейтіннің бәрін негізінде «құндылық» дейміз. Құндылық белгілі нәрсе, қымбат зат, қоғамдық құбылыс немесе адамдардың ұстанымы мен идеялары, мәдени туындылары немесе табиғаттың сұлулығы болуы мүмкін. Құндылық қолма-қол, бар, экзестенциалы, сонымен қоса ойда, зауықта, нормативті идеал болуы мүмкін. Адамдар құндылыққа мақсат ретінде ұмтылады немесе оған мақсатқа жететін құрал ретінде қарауы мүмкін. [3., 135б]
Құндылық идея немесе идеал (соның ішінде саяси), адамгершілік норма, көркем шығарма сияқты норма, рухани өмір құбылыстары үшін жалпылай жинақтаушы ұғым ретінде алға тартылады. Құндылықты жалпылама мағынада былай айқындамалауға болады: Құндылық - белгілі бір тарихи қоғам адамдарына немесе нағыздық, мақсат немесе идеал ретінде пайдалы және қажетті, табиғи немесе қоғамдық құбылыстардың мәні (жақтары, қасиеттері) . Бұл айқындамадан құндылықтың тек бір ғана емес, әлі болмаған, болдыру үшін күресті қажет ететін нәрсе екендігі көрінеді. «Құндылық» ұғымы дерліктей, «игілік» ұғымына пара-пар. Бірақ құндылық пен игіліктің арасында айырма жоқ деуге болмайды.
Қазіргі заман құндылықтардың тез өзгерістерге түсуімен, көптеген дәстүрлі құнды түсүніктердің жойылуымен және бұрын мызғымас берік саналған дүниенің құнсыздануымен, кесірінше белгісіз процестер мен құбылыстардың жоғарғы деңгейге көтеріліп, құндылықтарға айналумен сипатталады.
Құндылықтар проблемасы қазіргі заманның өткір мәселелеріне жауап табу мақсатында халық өзінің өткен тарихы мен мәдениеті қайда жете көзбен қараған сәтте, яғни тарихының тоқырау дәуірінде міндетті түрде туындайды. Құндылықтар - халық мәдениетінің түйіні, кез келген мәдениеттің іргетасы. Құндылықтар жүйесінің болуы қажеті және сөзсіз, өйткені олар осынау күрделі де өзгермелі әлемде бағдарлануға мүмкіндік береді.
Адам қалыптасуындағы дәстүрлі және жаңашылдық құндылықтарға тоқтала отырып, ондағы рухани - адамгершілік құндылықтар - тұлғаның ішкі құрылымының маңызды элементі болып табылады, ол тұлғаның әлеуметтік және кемеліне келу деңгейін көрсетеді және ішкі құрылымның тұрақтылығын қамтамасыз етеді, қоғамдық индивидтің мінін, адамның ішкі дүниесінің, ақылының мінез-құлқының, санасының, ар-ожданының даму қалпын анықтайды, тұлғаның адамилық деңгейін сипаттайды. Олар тұтастай алғанда қоғам мен адам өмірінің шабыты - сезімдік жағын мазмұндық тұрғыдан толықтырады. Тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтары оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процессінде қалыптасатын адамгершілік рухани мұраттармен анықталады, яғни тәрбиенің обьектісі, мақсаты бағытталған әсер ету обьектісі болып табылады.
Тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру процесінің мәні мен мазмұны -тұлғаның эмоционалды, сезім, ақыл-ой және рациональды ауқымның бірлігі мен үйлесімділігіне біртіндеп қол жеткізу. Ол адамның өмір сүру салтына рухани - адамгершілік құндылықтардың барлық жиынтығын жүзеге асыру мен жетілдіруге жағдай жасайтын эмоциональді түрде бастан кешкен және өзі қабылдаған рухани бағдарлармен мінез-құлықтық этикалық нормаларды танып білу жинақтауды, дамыуды жүзеге асыруға бағытталған.
Тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтары адам өмірінің өне бойында қалыптасады, және өзгеріске түсіп отырады. Бірақ, оның қалыптасуы балғын шақта белсенді түрде жүреді, бұл кезде тұлғаның алғашқы өзін-өзі тануы, қоғамның құндылықтарын «теориалық» ұғынуы жүзге асады. Орта жаста адам тұрақталған рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде мейілінше әлеуметтік сарп етумен, оларды жетілдіру және тереңдеумен сипатталады. Бұл жас кезеңде де адам әлеуметтік кәсіби, отбасы мәдени өрістерде мейілінше дербестік танытады. Негізгі қажеттіліктерді, дүние-танымды нақтылау және өзін өзі бағалауды тұрақтау жүреді. Бұл жас өзіне барынша талап қойғыштықпен ерекшеленеді. Кәрілік кезде адамның рухани-адамгершілік, ақыл-ой, эмоциялдық дамуы жалғаса береді. Адамның қоғамдағы өз рөлі мен өзін түсініп тану деңгейі кемел шаққа қалыптасқан құндылықтар мен қызығушылықтардың алуан түрлілігіне байланысты.
Рухани құндылықтарды жасайтын да оған құндылық бағасын беретін де оны әлеуметтік өмірде дамытатын да, әлеуметтік практикада керектісін сақтайтын да адам. Әсіресе тарихта қолданылатын құндылықтар жүйесін тұжырымдау халық діліндегі ерекшеліктерін бейнелеу - үлкен ғұлама ойшылдардың шығармашылық иегерлерінің еншісіде.
Рухани құндылықтың ұғымдық негіздеріне тоқталатын болсақ, онда айта келетін жағдай бұл құбылыстың көздері «руханилық», «жан», «мәдениет» «адам», деген категориялармен астасып жатуында. Сондықтан, рухани құндылықтарды - адамның шынайы болмысының нығаюына әсер ететін, оның тұлғалық дамуына өзек болатын, еркіндігін жасампаздық, шығармашылықпен паш етуге мүмкіндіктер ақиқаттың нұрлы құбылыстары деуге болады.
Алдымен проблема ретінде ашып алатын нәрсе - материялдық дүние мен рухани дүниенің өз ара айырмашылықтары бар екендігін мойындау. Әрқайсысы өз заңдылықтарымен дамиды. Ол екеуін біріктіріп тұратын - ақиқат яғни, бұл ғаламның, дүниенің тұтастығын білдіретін ұғым. Рухани құндылықтардың материалды құндылықтардан айырмашылығы әрбір жанның ішкі потенциалын ашуға көмектеседі, жалпы рухани үйлесімділікке қызмет етеді.
Адамзат қоғамның барлық саласында айтарлықтай өзгерістер мен жаңалықтар болып жатқаны мәлім. Бұл өзгерістер мен жаңалықтар қоғамдағы жеке тұлғалар мен топтарға кейде бұрыс әсерін тигізеді. Әрине, қоғамдағы бұл өзгерістердің адамзат тәрбиесі жөніндегі пікірге айтарлықтй қозғау салғанына күмән жоқ.
Біздің алдағы міндеттеріміздің бірі-жастарымыздың көкірегіндегі кішіпейілдік қасиеттерін оятып, олардың жандарына адамдардың өзара силастық және бір-біріне деген сенімділік дәнін егу болып отыр.
Жалпы адам қалыптасуындағы дәстүрлі және жаңашылық құндылықтар уақыттың өзгеруіне қарамастан тәрбие құндылығының тұрақты болатынын дәлелдейді. Яғни, біздің адамдар немесе басқа дүниелер жөніндегі көзқарасымыз өзгергенімен, өміріміздегі тәрбие құндылығы өз тұрақтылығын сақтап қалмақ.
Адам қалыптасуындағы құндылықтар әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталады, сондықтан үнемі, үздіксіз даму үстінде болу қажет.
Өткен ғасырларда өмір сүрген даналарымыз халықты рухани адамгершілік бағдарларға шақырып отырған. Әл-Фараби «Қайырымды қаланың жетекшілігін», айтса Ж. Баласағұн әділетті болуға шақырған. Абай «Адам бол!» деп нақты ойын көрсетсе, Шәкәрім ар - ұяттан адамзаттың ортақ тағдыры ғұламалардың сөздерін жандандыра түсуі және бәріміздің ақиқатқа бет бұруымызды талап етіп тұрғандай, онсыз болашақтың жарқын жолы ашылмайтыны анық.
Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық, адамдардың өзін-өзі ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі сөздің кең мағынасындағы, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының өлшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнелеуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие. Біздің өмір сүріп жатқан дүниеміздің ендігі келбеті, мәдениеттер мен құндылықтардан құралуда. Мемлекеттер ретінде де, немесе жеке басты адам ретінде де, алып қарасақ дүниенің шырайы, мәдени құндылықтар арқылы өлшенетін жағдайға жетіп отырғандығын көреміз.
Жалпыадамзаттық құндылықтар - халықтың, түрлі діннің, әрқилы дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс. Зерттеуіміздің негізгі мақсаты тұлғаның бойында тәрбиенің негізгі өзегі болып табылатын патриоттық құндылықты қалыптастыру. “Құндылық” (И. Кон, В. А. Караковский, А. Г. Здравомыслов, В. А. Ядов, В. П. Тугаринов, С. Қалиев, Ж. Наурызбай, Г. Қ. Нұрғалиева, Р. К. Төлеубекова, т. б. ғылыми зерттеулерінде) - Отан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік қарым-қатынасы, шыншылдық, әділеттілік, білім, ғылым, өнер, еңбек, адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы, т. б. болып саналады.
Кең дүниенің ішінде, пиғылдары тарайып бір-біріне қысым жасай отырып, жан-жақтылы өз аумағын ұлғайтыуды көздеп басқасына озбырлық, басымшылық қылатын, өзегін өртеген ойын іске асырып, өзгенің ұлттық пішінін бұзып, руханиятын құлатқысы келетін, шағын ұлттық ұйымдар да бар. Бұл дәуірде жаңа орныққан жүйелер, ендігі кезекте мәдени бөліну нүктесіне барып тіреледі. Менің ойымша: «Менің мәдениетім сенің мәдениетіңді жаныштайды!»-дейтін адамдарды тіпті осы типтегі ұлттарды кезіктіретін уақытта алыс емес. Көп уақыт қажет етпей-ақ, ұраны бір осы сарындағылар біздің қарсымызғада шығады. Дүниедегі ең маңызсыз нарселердің бірі болған торттың бір тілімі үлкен мәдениет ретінде саналатын дәуірге келіп тірелдік, одан еш күмәніңіз болмасын. Бұл айтылғандардың келесі жағынан қарағандағы пішіні де мынау: Өзіне тән мәдени байлықтарының қадір-қасиетін білместен өмір сүрген адамдар, жарты ғасырдан кейін, мәдениеттеріне ие болып қалған адамдардың көзіне екінші сатыдағы адам, шала жетілген түрге айналуға мәжбүр болады. Өйткені мәдени құндылықтары болған діні, тілі, салт-санасы, жалпы түсінігі өзгеріп өзгенің жетегінде кеткен негізгі ұстанымынан айырылған адам жетім қозыға ұқсап жетімсіреуі танқалатын жәйт емес. Ендігі мәселе бұған қарсы өзгеріспен кері қайтудың жаңа бағыты, өз-өзіне оралу және өз құндылықтарын сақтау арқылы өзгере алады. Енді жаһанданудың соңынан ерген ұлттар, тарихта еш өмір сүрмеген сияқты, өз-өздерін айыптауға мәжбүр және де осылай келешекке еш жалғасы бола алмайды да.
Шынайы және алдамшы құндылықтар. Жалтырағанның барлығы алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе - нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу. Адамның өзінің солай деп таңдауына орай, құндылық қашанда белгілі бір қанағаттанарлық нәрсені білдіреді. Ал материалдық және рухани қажеттіліктердің өтелуі тұрғысынан, құндылықтардың бәрін қанағаттанарлық категорияға жатқызуға болмайды.
«Шынайы құндылық деп - адамға пайда алып келетін, оның санасына жоғары адамдық қасиеттерді сіңіретін, адамдардың бақыты мен игіліктігін қамтамасыз ететін, адамның тұлғасын ажарландыратын, адам мен қоғамның ілгерілей дамуын қамтамсыз ететін құндылықтарды айтқан жөн»
Алдамшы құндылықтарға жеке индивиттер құндылық деп қабылдағанмен, шынында қоғамның дамуына септілік тигізбейтін, оны кері кетіретін, адамды аздыратындарды айтамыз.
Адам мен адамзат ең жоғарғы болмыстық құндылықтар ретінде қарастырылу керек. Одан кейін адамдардың руһани өміріне, әлеуметтік және қоғамның материалдық өміріне қатысты құндылықтар алынады.
Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар. Кім екендігіне қарамай, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және басқа белгілерін есепке алмай барлық адамдарға бірдей құнды болып келетін құндылықтар бар. Олар адамзат тарихының дамуының барлық кезеңдерінде өмір сүрген, барлық халықтардың өкілдері үшін құнды болып табылады. Бұл құндылықтарға мыналарды жатқызамыз: шындық, сабырлық, игіліктілік, сұлулық, бірлік, тәуекел, ізгілік т. б құндылықтар. Жоғарыда аталған құндылықтар мен басқаларын бір сөзбен айтқанда, жалпы адамзаттық құндылықтар деп қарастыруға болады.
Ұлттық құндылықтарға белгілі бір жақты ұлт өкілдері құнды деп есептейтіндер жатады. Олар да жалпы адамзаттық құндылықтар сияқты, өзінің ұлтына тәнділігін қадірлейтіндер мен онысын мақтаныш ететіндер үшін құнды. Ұлттық құндылықтарға отан, жер, туған жер, туған ошақ, халық, ұлттық тіл, ұлттық мәдениет, дәстүрлер мен ғұрыптар жатады. Сонымен қоса, бұл тұлға аралық қатынастар, шаруашылық және қолөнер аясының құндылықтарымен (ұллтық, киім, тамақ) толтыруға болады. Жалпы адамзаттықа қарағанда, ұлттық құндылықтар қатаң номиналды және нақты.
Адамның ішкі дүние қасиеттерімен рухани құндылықтарды үйлестіру, оның өзіндік жетілуінің өзектерін немесе жан сұлулығы мен адамгершілік дүниесінің өзара тығыз байланыстығын айтуға болады.
Рухани құндылықтар мақсаты - жеке адам мен қоғам игілігі. Яғни, адамгершіліктің жоғарғы мәні.
Қоғамдық өмірде адамдардың қарым-қатынасы негізгі рухани жетілуі. Рухани жетілудің көзі адамның өзін-өзі тануы мен өзін түсініп, өз орнын таба білуінде. Ол үшін, әлеуметтік-мәдени ортада адамның қалыптасуына жағдай жасалынып, адамның рухани дамуының мүмкіндігі айқындалуы қажет.
Қазіргі кезеңдерде, рухани дамудың негізін материалдық даму деп түсінетіндер бар. Материалдық жағдайдың жақсы болуы дамудың жемісі деп танитыңдар өте көп.
Осындай ұғымдар негізінде «руханилық» сияқты таным-түсініктер қоғамдық өмірдің өзекті мәселесі ретінде қаратылмайтыны анық. Адамның өзіндік қасиеті оның руханилығында дейтін болсақ, онда оның тіршілігінің мәніде сол адамгершілік құндылықтарында емес пе?! Қоғамдық өмірдің де ең басты мазмұны - рухани дүние қатысында.
Рухани құндылықтар қоғамдағы өмір сүру үйлесімділігі, онымен тұтастығы. Қоғамдағы үйлесімділік тұтастығын адам парасаттылық негіздерін сезініп, онымен біте қайнасқан ерекшелік күйге енуін айтуға болады. Адам өзінің парасаттылық деңгейін ұғынуы, оны айналасындағы қарым-қатынас көрінісінен сезіну арқылы шынайы руханилық түрін анықтай алады. Адам өзін ерекше жаратылыс көрінісі ретінде өзін-өзі танып-түсінгенде, өзін Адам сабақтасқан руханилықты сезінеді. Мұндай үйлесімділікті бар болмысынмен сезіну ғана жанды ерекше күйге бөлейді.
Қазақ халқының ең басты рухани құндылық үлгісі саналатын көптеген ұғымдық таным - түсініктерде адамгершілік, әдептілік тұрғысынан қарау, халық даналығының көрінісі. Дүниеге рухани құндылықтар тұрғысынан көз жіберіп талдау жасау, өмірлік қағида принциптерін ұсынудың маңыздылығын ұқтырады. Қазақ халқының данасы Абай ұлттық ойлау дүниесінің терең сырын танытатын қара сөздерінде халықтың дүние танымының маңызы да мәнді қағидаларына ерекше тоқталып тұжырымдар жасайды.
Халықтың өмір сүруі ондағы рухани құндылықтар дүниесі, адами түсініктерге негіз болған қағидалар халық менталитетінің ерекшелігін анықтап, өмірді реттеп, қалыптастырудағы негізгі мақсаттарының бірінен саналған.
Сондықтан да, рухани құндылықтар өзектері адамгершілік қағидаларының өлшемі екенін ұмытпағанымыз жөн болар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz