КӘСІПОРЫНДАРДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Шығындардың жіктелуі және тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Өндірістік шығындардың және өндірістің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Өндірістік шығындар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

ІІ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНДАРДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1 Шығынды есепке алудың нормативтік, бөлістік, әдістері ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Шығынды есепке алудың тапсырыстық және процесстік әдістері ... ... ... 21
2.3 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

ІІІ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК АНЫҚТАУДЫҢ ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫН ЕСЕБІ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЗАЛАЛ ... ... ... ... .27
3.1 Өндірілген өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
3.2 Өндірістік залал есебі және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
Өндірістік - тауарлық өнімді дайындаумен және оның өндірістік өзіндік құнын қалыптастыруға кететін барлық шығын жатады (тауарлық өнім өз материалымен де, техникалық бақылаумен қабылданатын, қоймаға өткізілген тапсырыс берушінің материалымен де шығарылатын дайын бұйымдардың құны; тараптарға босатылған өз өндірісінің жартылай дайындалған өнімнің өзіндік құны, сондай-ақ субъектінің негізгі қаражатын толтыруға бағытталған өнім).
Шығындар басқару қызметі (функциясы) бойынша:
— өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);
— коммерциялық (сатумен байланысты);
— әкімшілік (басқару процесімен байланысты).
Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі пайдаланады, оған 8010 – «Негізгі өндіріс», 8030 – «Көмекші өндіріс», 8040 – «Үстеме шығындар», бөлімшелерінің шоттары кіреді.
Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады:
«Цехтар бойынша шығындар» ведомосы, онда 8010, 8030, 8040 және бөлімшелер шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 8010, 8030, 8040 және шоттарының есебі компьютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті машинограмм қолданылады. Ай соңында бухгалтерия өндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге асырады.
Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу - машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ыкпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.).
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісін негізінен жаппай өндіріспен шұғылданатын кәсіпорындар пайдаланады. Өндірістегі шығындарды есепке алу өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдістері бойынша жұмыстардың технологиялық және нормативтік карталар жасаудан басталады.
1 Мырзалиев Б. С. «Бухгалтерлік операцияларды жүргізудің әдістері».
2 Оразбекұлы Бахыт. «Инвестициялық институттардағы бухгалтерлік есеп».
3 Көкенова Фатима. «Кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі».
4 Бухгалтер бюллетені 2009 №16
5 Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі), 10-желтоқсан, 2008 ж // Алматы: ЮРИСТ, 2009 254 б.
6 Баймұханов С.Б., Балапанов Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп». Алматы Экономик'С, 2003
7 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 23 мамыр 2007ж бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары
8 Назарова В.Л., М.С. Жапбарханова, Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Алматы- Экономика, 2005.-298 бет..doc
9 Бухгалтердің және шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру.// Бухгалтер бюллетені №15 .2009
10 Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А.Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы Экономик'С, 2003.
11 Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері. (халықаралық стандарт) оқулық - Алматы 2006 жыл.
12 Нысанбаев С.Н., Қожамкүлова Ж.Т.Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері. Оқу құралы. — Алматы Казақ университет., 2004. — 138 бет..
13 Попова Л.А. Бухгалтерский учет на предприятии, Учебное пособие – Караганда: «Арко», 2005.
14 Нурсеитов Э.О. Бухгалтерский учет в организациях/Учебное пособие. – Алматы,2006.-472с.
15 Сариев Д.Б. «1с:кәсіпорын» жүесінің бүгінүгі күнгі жетістіктері // Егемен Қазақстан газеті, № 62. 2008 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Шығындардың жіктелуі және тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Өндірістік шығындардың және өндірістің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Өндірістік шығындар есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

ІІ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНДАРДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Шығынды есепке алудың нормативтік, бөлістік, әдістері ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Шығынды есепке алудың тапсырыстық және процесстік әдістері ... ... ... 21
2.3 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4

ІІІ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК АНЫҚТАУДЫҢ ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫН ЕСЕБІ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЗАЛАЛ ... ... ... ... .27
3.1 Өндірілген өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
3.2 Өндірістік залал есебі және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

КІРІСПЕ

Өндірістік - тауарлық өнімді дайындаумен және оның өндірістік өзіндік құнын қалыптастыруға кететін барлық шығын жатады (тауарлық өнім өз материалымен де, техникалық бақылаумен қабылданатын, қоймаға өткізілген тапсырыс берушінің материалымен де шығарылатын дайын бұйымдардың құны; тараптарға босатылған өз өндірісінің жартылай дайындалған өнімнің өзіндік құны, сондай-ақ субъектінің негізгі қаражатын толтыруға бағытталған өнім).
Шығындар басқару қызметі (функциясы) бойынша:
-- өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);
-- коммерциялық (сатумен байланысты);
-- әкімшілік (басқару процесімен байланысты).
Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі пайдаланады, оған 8010 - Негізгі өндіріс, 8030 - Көмекші өндіріс, 8040 - Үстеме шығындар, бөлімшелерінің шоттары кіреді.
Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады:
Цехтар бойынша шығындар ведомосы, онда 8010, 8030, 8040 және бөлімшелер шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 8010, 8030, 8040 және шоттарының есебі компьютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті машинограмм қолданылады. Ай соңында бухгалтерия өндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге асырады.
Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу - машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ыкпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.).
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісін негізінен жаппай өндіріспен шұғылданатын кәсіпорындар пайдаланады. Өндірістегі шығындарды есепке алу өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдістері бойынша жұмыстардың технологиялық және нормативтік карталар жасаудан басталады.

1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

1.1 Шығындардың жіктелуі және тәртібі

Кез келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен байланысты.
Шығындар - активтердің кемуі немесе пайда болған өндіріс шығындарымен байланысты міндеттердің артуы.
Ақшалай формадағы субъект шығынына өнімнің өзіндік құны жатады, өзіндік шығындарды дұрыс ұйымдастыру үшін оның ғылыми-негізделген жіктелімі аса қажет, Бухгалтерлік есептің №7 Тауарлы-материалдық қор есебі стандартына сәйкес шығын мыналарға жіктеледі:
1) пайда болу орны бойынша - өндіріс, цех, учаске, құрылымдық бөлімше. Мұндай жіктеу өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін аса қажет;
2) өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша - оның өзіндік құндарын есептеу үшін керек;
3) шығын түрлері бойынша немесе өнімнің өзіндік құнына көшіру тәсілі бойынша - экономикалық элементтер бойынша және калькуляциялау баптарымен.
Сонымен бірге:
а) экономикалық элемент бойынша - өнім өндіру үшін қандай шығын кеткенін көрсетеді. БЕС 7-ге сәйкес мына экономикалық элементтер анықталады:
- материалдық шығындар;
- еңбекақы шығындары;
- аударым;
- құралдың тозуы;
- басқадай шығындар;
о) калькуляция баптары бойынша - өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін пайдаланылады.
БЕС 7-ге сәйкес оған жататындар:
- материалдар;
- еңбекақы;
- аударым;
- үстеме шығындар.
Экономикалық шығындар бойынша шығын (117000 теңге) және калькуляция баптары бойынша шығын (114000 теңге) өндірістік емес шотқа есептен шығару бөлігінде корректив элементі бойынша қорытындыға салғанға дейін аяқталған өндіріс қалдығының өзгеруі сан жағынан бірдей емес, шығындардағы айырмашылық, сонымен қатар, ұқсас (аналотичных) атауда элемент және калькуляция бабы бойынша бар. Мысалы, Еңбекақыға кететін шығын экономикалық элемент бойынша 17000 теңге, ал Еңбекақы калькуляция бабы бойынша 10000 теңге көрініс тапты. Айырмашылық құрал-сайманды күтумен (уход) шұғылданатын қызметкерлердің еңбекақысына кететін шығындарда, яғни үстеме шығындарында ескеріледі.
Алайда, экономикалық элемент және бап бойынша шығынды есепте топтастыру өзара байланысты, өйткені олар құрамы (элементі) және мақсатты тағайындауы (калькуляция бабы) бойынша субъектінің бір ғана шығындарын сипаттайтынын айта кету керек. Бұл ақпарат есебінде шаруашылық жүргізуші субъектінің тұтас шығынын өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша, калькуляциялау баптарымен шығынның пайда болу орнына қарай бөлшектеп (детализировать), элементтік қимада (поэлементном разрезе) қалыптастыруға мүмкіндік тудырады, өнімнің өзіндік құнын әлдеқайда дұрыс есептелуіне және кәсіпорын шығындарына бақылауды күшейтуге жағдай жасайды.
Экономикалық элемент бойынша топтастыру оның құрылымын зерделеу, өндірістік шығындар сметасын пайдалануын бақылау, жоспарлау және талдау үшін қолданылады. Бап бойынша топтастыру кәсіпорын шығынының талдамалық есебін ұйымдастыру, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын бақылау үшін пайдаланылады. Екі топтастыру бірін-бірі толықтырады және өнімді өндіруге кететін шығын, есептеу және өзіндік құнды талдау есебін ұтымды жүргізуге мүмкіндік тудырады.
Негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты: шикізат және материалдар, қосалқы материалдар мен басқа шығындар.
Үстеме - өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету және басқарумен тікелей байланыста пайда болады.
Бір элементті - бір элементтен тұрады (еңбекақы, материалдар, аударым).
Кешенді - бірнеше элементтен тұрады (құрамына қызметкердің еңбекақысы кіретін цех шығындары, аударым, материал, амортизация және басқа да бір элементті шығындар).
Тікелей - өнімнің нақты бір түрін өндіретін өндіріспен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей салынуы мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударым). Жекелеген бөлімшелерге кететін шығын бөлімше шығындары деп аталады (автомеханиктың еңбекақысы - бұл автосервис бөлімшесінің тікелей шығыны болып табылады; цехтағы автомобильдердегі сырлауда пайдаланылатын сырдың құны - сырлау цехының тікелей шығыны болып табылады).
Жанама - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей салынбауы мүмкін жеке шығын жанама (шартты) бөлінеді. Жекелеген бөлімшелерге салынбаған шығын жанама деп аталады (жарнамаға жұмсалатын шығын - бұл субъект бөлімшелерінің жанама шығыны болып табылады).
Шығындар бір бөлімшеде тікелей, екінші бір бөлімшеде жанама болуы мүмкін (зауыт менеджерінің еңбекақысы - бұл жеке бөлімшелердің жанама шығыны, тұтас зауыттың тікелей шығыны болып табылады).
Шығындардың тікелей және жанама болып бөлінуі салалық ерекшеліктерге, өндірістің ұйымдастырылуына, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қабылданған әдісіне байланысты (көмір өнеркәсібінде, энергия қуатын өндіруде - барлық шығындар тікелей болып табылады).
Өзгермелі - оның көлемінің өзгеруі өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей үйлесімді (пропорционально) болады (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және т.б.) және бұл кезеңдегі өнім шығарылымын үйлесімді (пропорционально) бөледі. Мысалы, егер өндіріс көлемі 10%-ке артатын болса, онда жалпы өзгермелі шығын да 10%-ке өседі.
Тұрақты - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне тәуелді емес (жылу, өндіріс ғимаратын жарықтандыру, амортизация, жал (аренда), жарнама шығыны және т.б.).
Егер көлем 10%-ке артса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығын өзгеріссіз қалады, бірақ бір бірлікке ұдайы кеміп отырады.
Ағымдағы - жиі қайталанатын кезеңдік шығын (шикізат, материалдар шығыны).
Бір жолғы - демалыс төлемі, жөндеу жүргізу және т.б. Ол сметаның бекітуімен белгіленген тәртіпте және мерзімде өнімнің өзіндік құнына бөлек қосылады.
Өндірістік - тауарлық өнімді дайындаумен және оның өндірістік өзіндік құнын қалыптастыруға кететін барлық шығын жатады (тауарлық өнім өз материалымен де, техникалық бақылаумен қабылданатын, қоймаға өткізілген тапсырыс берушінің материалымен де шығарылатын дайын бұйымдардың құны; тараптарға босатылған өз өндірісінің жартылай дайындалған өнімнің өзіндік құны, сондай-ақ субъектінің негізгі қаражатын толтыруға бағытталған өнім).
Әкімшілік жалпы басқарумен байланысты шығындар және жалды шаруашылық, әкімшілік тағайындауындағы шығындар.
Коммерциялық (өндірістен тыс) - өнімді сатып алушыға өткізумен байланысты шығын.
Өндірушілік (жоспарланған) - ұтымды технология мен өндірісті ұйымдастыру арқылы өнімді белгіленген сапада өндірте кететін шығын.
Тікелей шығыстарға кеткен материалдар соңғы өнімнің құрамына (яғни, оның құнына басқа да шығындарымен қатар қосылады. Мысалыға, автомобиль өндірісі үшін болат немесе жиһаз өндірісіүшін ағаш негізгі материалдар болып табылады.
Жұмыс күшіне жұмсаған тікелей шығындар - бұл өнімді әзірлеуге тікелей қатысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек ақысы (еңбек ақыданаударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады.
Мысалы, толассыз өндірісте жұмыс істейтін оператордың немесе метал өңдеуші станокта істейтін жұмысшының еңбек ақысы т.б. осы сияқты тікелей еңбек ақылары жатады.
Қызмет көрсететін цехжұмысшыларынның еңбек ақысы тікелей еңбек ақы болып табылмайды, ал олар үстеме шығысқа жатқазылады.
Үстеме шығыстар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей шығындарды (тікелей материалдар шығындары мен өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы) шегеріп тастағаннан шығады. Одан басқа, үстеме шығыстардың қатарына:
Амортизация шығыстары, жао ақысы, сақтандыру жарнасы, тұрғын-үй қызметі, жарықтандыру және басқа да себептердің салдарынан өндірістің уақытша тоқтап қалуының шығыстары т.б. жатады.
Жалпы алғанда, өндіріс есебін төрт негізгі кезеңге болуге болады.
өндіріс түрлері бойынша транзиттік шоттарда субъекттің есепті кезеңнің
барысында тікелей шығыстар туралы ақпараттарға шолу жасалады (негізгі, көмекші т.б. өндірістері бойынша).
Үстеме шығыстардың шоттары бойынша субъектің шығыстары
жинақталып жалпы деңгейі туралы ақпараттар беріледі;
үстеме шығыстарын белгіленген тәсіл (шаруашылық жүргізуші субъекттің
есептік саясатында қаралған әдісі) бойынша негізгі, көмекші өндірістерге таратады;
Транзиттікшоттардағы жинақталған шығыстарды дайын өнім шотына
есептен шығарып, дайын өнімнің нақты өзіндік құны қалыптасады, сондай-ақ аяқталмаған өндірістің үлесі анықталып, тиесілі саласына жатқызылады.

1.2 Өндірістік шығындардың және өндірістің жіктелуі

Шығындар басқару қызметі (функциясы) бойынша:
-- өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);
-- коммерциялық (сатумен байланысты);
-- әкімшілік (басқару процесімен байланысты).
Коммерциялық және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады, ал олар өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады, олардың сызбасын (схемасын) мынадай етіп салуға болады:
Өндірістік өзіндік құн

Материалдар
Жалақы
Жалақыдан аударылған аударымдар
Үстеме шығысы
Өндірістік Активтер (дайын Сатылатын Өндірістік Сатылатын
өзіндік құнға өнім, аяқтал- өнімнің өзіндік құнға жұмыстардың,
қосылатын, маған өндіріс өзіндік қосылатын, қызметтердің
шығындар және т.б.) құны шығындар өзіндік құны

Жұмыстарды атқарған,
Өнімді өндірген кезінде қызметтерді көрсеткен кезде

Келтірілген сызбадан байқағанымыз өзіне активтердің азаюын енгізетін шығындар (материалдар, ақша қаражаты және т.б.) немесе міндеттемелердің өсуіне (көбінесе кредиторлық қарыздар) әкелетін шығындар жаңа активтерді жүзеге асырады, ал ол ресурс ретінде анықталып, өткен оқиғалардың нәтижесі ретінде одан болашақта табыс алынатын болып күтіледі.
Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі пайдаланады, оған 8010 - Негізгі өндіріс, 8030 - Көмекші өндіріс, 8040 - Үстеме шығындар, бөлімшелерінің шоттары кіреді.
Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады:
Цехтар бойынша шығындар ведомосы, онда 8010, 8030, 8040 және бөлімшелер шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 8010, 8030, 8040 және шоттарының есебі компьютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті машинограмм қолданылады. Ай соңында бухгалтерия өндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге асырады.
Цехтар бойынша шығындар ведомосына жазу үшін мыналар негіз болып табылады:
-- Материалдар (жалақы) шығындарын бөлу кестесін әзірлеу, онда шикізат, материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің басқа да материалдық запастары көрсетіледі; өндіріс персоналдарына төленген еңбек ақы шығыстары; еңбек ақыдан аударылатын аударымдар;
-- Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының (тозуының) есебі кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының сомасы көрсетіледі;
-- Материалдық емес активтер амортизациясының есебін кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге жататын амортизацияның сомасы көрсетіледі;
-- Көмекші (қызмет көрсетуші) өндірістер мен шаруашылықтардың көрсеткен қызметтерін бөлу кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен шаруашылықтардың өнім өндіруге, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығындары көрсетіледі.
Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың схемасы төменде келтірілген.

Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

Өндіріске жұмсалған шығындарын көрсететін құжаттар
Материалдар мен жалақы шығындарын тарату кестесін әзірлеу, амортизациясын есептеу (есептеп шығару), көмекші өндірісінің көрсеткен қызметін тарату
Цехтар бойынша шығындар ведомостары (8010, 8030, 8040 - шоттар бөлімшесінің дебеті)
Ай ішіндегі өндіріс шығындарының жинағы
Экономикалық элементтер бойынша өндіріс шығынарының жинағы
Өндіріске жұмсалған шығындары туралы есеп беру
Бас кітап Бухгалтерлік баланс және басқа да
есеп берудің нысандары
Карточкалар, талдамалық есеп ведомостары (тапсырыс, қайта жасау, өндіріс сатылары, т.б. бойынша)

Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебі калькуляция (есеп) объектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша шығын баптарының белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық (көпжазбалық) карточкаларда немесе ведомостарда жүргізіледі.
Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары бойынша қандай калькуляциялау объектісіне жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілерін, шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады. Ал бұл үстеме шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектілері бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді.
Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.
Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарының 10-80-бөлімшелеріне енетін шоттарын жүргізіп, есептің Бас кітабын, кәсіпорынның балансын және қаржылық есеп беруін жасайды.
Басқару бухгалтериясы шоттардың Бас жоспарының 8010-бөлімшелеріне енетін шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару бухгалтериясы жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз билігінде қандай да болмасын бір ноу-хауды және өндірісті басқарудың озық деңгейін ұйымдастыруды, жаңалықтарды өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы ақпаратының сыртқы тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге осы кәсіпорынның қызметкерлері үшін де жабық болуы мүмкін.
Кәсіпорын - түрлі өндірістерден және шаруашылықтардың (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу - машина жасау зауыттарында) арналған шала фабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.)
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.
Эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.
Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәәсіпорын ұжымының тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, моншалар, кір жуатын орындар) болады. Бұл кәсіпорындар өнімді дайындауға, сондай-ақ басқа да тарапта жұмыстарды атқаруға немесе қызмет көрсетуге өз септігін тигізеді.
Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырудың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы зор.
Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына (типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа бөлінеді.
Жеке-дара (жекелеген) өндіріс - өнім жекелеген даналарымен немесе қайталанып отырған шағын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға. Кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды; субъектпен цехтардың өндіріс бағдарламасында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшелінеді; дайындық-қорытындылау жұмыстарына кететін шығындардың деңгейі салыстырмалы жағдайда алғанда біршама үлкен болады; өндірістің басқа да тұрпаттарына қарағанда өндірістік цикл ұзақ болып келеді. Жеке-дара өндірісте, әдетте, шығындарды есепке алу үшін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық әдіс қолданылады, бұл орайда шығындар әрбір бұйым (тапсырыс) бойынша есепке алынады.
Сериялық өндіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын қайталанып отырумен сипатталады және оған мынадай ерекшеліктер тән: шығарылатын өнім номенклатурасының шектеулілігі; жұмыс орындарының салыстырмалы түрде алғанда кең мамандануы; мамандандырылған машиналардың, аспаптар мен қондырғылардың қолданылуының шектеулілігі. Сериялық өндіріс машина жасау өнеркәсібінде және металл өндеуде неғұрлым кең тараған. Бұл кәсіпорындарда өнімнің шығарылуынесепке алу сериялы бұйымдарға тән етіп қолданылады, бірақ ол бұйымдарды құрастыратын партияларға қолданылмайды.
Сериялардың көлеміне қарай өндірістер мынадай үш түрге бөлінеді: ірі сериялықөндіріс (өнім жыл бойы үздіксіз дайындалады), сериялық (мамандану анағұрлым тар, ал өндірістік желілер мен цехтар бойынша және технологиялық жағынан мамандандырылған), ұсақ сериялық өндіріс (жекелеген өндірістен ұсақ серияменөнім шығаруға арналған).
Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік немесе қайта жасауәдістерін қолданады.
Жаппай өндіріс - ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс тұрпаты (типі). Шығарылатын өнімдердің ассортименті (түрлері) көп болмағанымен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін, белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болыптабылады. Бұл арада әдеттегідей өнімнің және оның негізгі элементтерінің өзіндік құнын еспке алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі қолданылады.
Өндірісті ұйымдастыру типі тек шығындарды есепке алуға және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді. Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы ауысым (смен) ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ сериялық өндірістерде - жасалған жұмыстар нарядтарымен үйлесімде көбіне маршруттық парақтарына жазылады.
Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау), қызметтікөрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:
шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер,
цехтар,учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өңдеуі) бойынша, ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;
қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары
жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына енеді;
шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша; тікелей - өнімнің
өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты болып; жанама - өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді;
өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы
шығарылған өнімнің көлемі өзгеумен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикі заттың шығысы, технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.); тұрақты - өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі құралдардың амортизациясы);
шығыстар түрі бойынша (баптары және элементтері бойынша);
экономикалық элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; еңбек ақы шығындары; еңбек ақыдан аударылатын аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы (тозуы); басқада шығыстар кіреді.
Шығындар басқару қызметі (функциясы) бойынша:
өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);
коммерциялық (сатумен байланысты);
әкімшілік (басқару процесімен байланысты).

1.3 Өндірістік шығындар есебі

Кәсіпорын -- түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу - машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ыкпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.).
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.
Эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.
Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын ұжымының тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, моншалар, кір жуатын орындар) болады. Бұл кәсіпорындар өнімді дайындауға, сондай-ақ басқа да тарапта жұмыстарды атқаруға немесе қызмет көрсетуге өз септігін тигізеді.
Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырудың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы зор.
Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына (типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа (тұрпатқа) бөлінеді.
Жеке-дара (жекелеген) өндіріс -- өнім жекелеген даналарымен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды; субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламасында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мелшерде болуымен ерекшелінеді; дайындық-қорытындылау жұмыстарына кететін шығындардың деңгейі салыстырмалы жағдайда алғанда біршама үлкен болады; өндірістің басқа да тұрпаттарына қарағанда өндірістік цикл ұзақ болып келеді. Жеке-дара өндірісте, әдетте, шығындарды есепке алу үшін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық әдіс қолданылады, бұл орайда шығындар әрбір бұйым (тапсырыс) бойынша есепке алынады.
Сериялық өндіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын қайталанып отыруымен сипатталады және оған мынадай ерекшеліктер тән: шығарылатын өнім номенклатурасының шектеулілігі; жұмыс орындарының салыстырмалы түрде алғанда кең мамандануы; мамандандырылған машиналардың, аспаптар мен қондырғыларының қолданылуының шектеулілігі. Сериялық өндіріс машина жасау өнеркәсібінде және металл өңдеуде неғұрлым кең тараған. Бұл кәсіпорындарда өнімнің шығарылуын есепке алу сериялы бұйымдарға тән етіп қолданылады, бірақ ол бұйымдарды құрастыратын партияларға қолданылмайды.
Сериялардың көлеміне қарай өндірістер мынадай үш түрге бөлінеді: ірі сериялық өндіріс (өнім жыл бойы үздіксіз дайындалады), сериялық (мамандану анағұрлым тар, ал өндірістік желілер мен цехтар бойынша және технологиялық жағынан мамандырылған), ұсақ сериялық өндіріс (жекелеген өндірістен ұсақ сериямен өнім шығаруға арналған).
Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік немесе қайта жасау әдістерін қолданады.
Жаппай өндіріс -- ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс тұрпаты (типі). Шығарылатын өнімдердің ассортименті (түрлері) көп болмағанымен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін, белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болып табылады. Бұл арада әдеттегідей өнімнің және оның негізгі элементтерінің өзіндік құнын есепке алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі қолданылады.
Өндірісті ұйымдастыру типі (тұрпаты) тек шығындарды есепке алуға және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді. Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы ауысым (смена) ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ сериялық өндірістерде - жасалған жұмыстар нарядтарымен үйлесімде көбіне маршруттық парақтарына жазылады.
Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау), қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:
-- шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер, цехтар, учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өңдеуі) бойынша, ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;
-- қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына өнеді;
-- шығындар өнімнің өзіндік құнына өну тәсілі бойынша; тікелей -- өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты болып; жанама - өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді;
-- өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы -- шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикі заттың шығысы, технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.); тұрақты - өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі құралдардың амортизациясы);
-- шығыстар түрі бойынша (баптары және элементтері бойынша); экономикалық элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; еңбек ақы шығындары; еңбек ақыдан аударылатын аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы (тозуы); басқа да шығыстар кіреді.

2 КӘСІПОРЫНДАРДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ

2.1 Шығынды есепке алудың нормативтік, бөлістік, тапсырыстық және процесстік әдістері

Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісін негізінен жаппай өндіріспен шұғылданатын кәсіпорындар пайдаланады. Дегенмен де, оны кіші сериялық және жекелеген кәсіпорындарда пайдалануға болады. Өндірістегі шығындарды есепке алу өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдістері бойынша жұмыстардың технологиялық және нормативтік карталар жасаудан басталады. Ол карталарда материалдардың, жалақының жұмсалуы және өнім дайындауға қажетті басқа да шығындар айқындалады. Нормативтік карталардың негізінде өнім бірлігінің нормативтік өзіндік құны көрсетілген нормативтік калькуляциялары бойынша жасалады. Оларды жасау кезінде қолданыста жүрген өндірістік технологияны, жалақы жөніндегі уақыт пен баға нормаларын, материалдар мен сатып алынған шалафабрикаттардың жұмсалу нормаларын негізге ала отырып, бастапқы массасы, таза массасы, қалдықтары, материалдар мен сатып алынған шалафабрикаттарға қолданылып жүрген баға көрсеткіштері және өндіріске қызмет көрсету мен басқару жөніндегі шығындардың бекітілген тоқсандық сметасы ескеріледі.
Нормалардың және шығындар сметаларының өзгеру тәртібін рәсімдеп, сондай-ақ кәсіпорынның мүдделі цехтары мен бөлімдерінің технологиялық процесстерін және басқа да нормалары мен сметаларын өзгерту туралы тәртібін реттеу арқылы жүзеге асырады. Нормативтік әдіс кезінде қоймалық және таразылау-өлшеу шаруашылығын тәртіпке келтірудің, материалдарды сақтау және өндіріске босату, цех бойынша ғана емес, сонымен бірге өнімнің жекелеген түрлері бойынша (егер энергия және басқа да шығындар тікелей жолмен өнімге жатқызылса) және тұтастай алғанда судың, будың, газдың, электр энергиясының тұтынуын анықтау үшін цехтарға есептегіштер мен құрылғыларды орнатудың маңыздылығы зор.
Нормативтік әдістің кезінде әрекет етіп тұрған норма мен оның ауытқуы шығындар есебінде бөліп көрсетіледі. Бұндай шектеулер өндірісті ұйымдастыру мен технологиядағы кемшіліктерді дер кезінде жөндеуге, ресурстардың тиімсіз пайдаланылуына жол бермеуге септігін тигізеді.
Нақты шығындарды нормамен салыстырғанда ресурстардың үнемделуі немесе артық жұмсалуы, нормадан ауытқуы табылады, ал ол өз кезегінде кәсіпорынның ұйымдық-техникалық жұмыстарында біршама кемшіліктердің бар екенін баяндайды.
Нормадан ауытқуларға құжатталған және құжатталмаған болып келеді.
Құжатталған ауытқулар алғашқы құжаттардың мәліметтері бойынша ашылған дабылдары жатады (талап накладнойы, қосымша жұмыстарға жазылған нарядтары, қосымша төлемдер және т.б.), сондай-ақ есептеу жолымен анықталған ауытқулар (түгелдеу тәсілімен, нақты рецептурасы бойынша алдын-ала жасалған есептеулер және т.б.)
Құжатталмаған ауытқуларға ауытқудың жалпы сомасы мен оның құжатталған бөлігінің арасындағы айырмасынан шығады. Әдетте, олар құжатталған ауытқулардың дұрыс есептелмеуінің нәтижесінен, ақау өнімдерін шығарғаннан, нарядтарды артық жазғаннан, кем шығудан, шалафабрикаттардың жоғалтулары мен бұзылуынан, аяқталмаған өндірісті дұрыс бағаламауынан шығады.
Егер де өндірісте құжатталмаған ауытқулар бар болса, онда ол нормативтік есептің дұрыс ұйымдастырылмағанын куәландырады.
Ауытқу теріс те (артық жұмсалғаны) және оң да (үнемделгені) болуы мүмкін.
Теріс ауытқулар (материалдар, отындар, энергиялар, технологиялық процестерде қарастырылмаған, қосымша жұмысқа жасалған төленген және т.б.) өндіріс процесінің дұрыс ұйымдаспағандығынан туындайды.
Оң ауытқулар жекелеген учаскелердің жетістіктерін баяндайды (материалдардың тиімді пайдалануын ашу, материалдарды барынша қалдықсыз пайдалану, өнімнің сапасын арттыру, құрал-жабдықты тиімді қолдану және т.б.), және норма шығындарын үнемдеуді жүзеге асырады. Кейде оң ауытқулар шын мәніндегі қаражаттың үнемделгенін көрсете бермейді, ол тек норманың шын арттырылған деңгейін пайдаланғандығын көрсетеді.
Өндірісте материалдар қатаң белгіленген лимиттер шегінде беріледі. Материалдардың берілуін лимиттеу ай басында цехтарда жұмсалған материалдардың деңгейін ескере отырып, материалдардың шығынын қолданыста жүрген прогресшіл нормалардың негізінде нысаналы түрде жүзеге асырады.
Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бөлістік әдісі өнімді жаппай өндіретін кәсіпорындарда қолданылады, онда бастапқы шикізат дайын өнімге дейін рет-ретімен технологиялық өңдеуден өтеді. Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланылатын кәсіпорындарында: металлургиялық, химиялық, мұнай өңдеу және басқа да салаларда қолданылады. Мысалы, мата тоқу кәсіпорындарында үш қайта жасау -- иіру, тоқу және әрлеу саласы; қара металлургияда -- домен пеші, болат балқыту, прокат; былғары өндірісінде -күлді, тері илеу және әрлеу саласы бар.
Дайын өнім немесе шалафабрикат шығарумен аяқтайтын технологиялық процесті бөлістік әдіс деп атайды. Бөлістік әдісте өндіріске кеткен шығындар олардың әрбір кезеңі, фазасы, ауысымы, яғни бөлісі бойынша есептелінеді. Әрбір бөлістен кейін шалафабрикат шығарылады, ал түптеп келгенде -- дайын өнім алынады. Бөлініс тізбесі пайдаланылатын жабдықтар, өндіріс процесстерінің арасындағы үзіліс-іркілістер; шығарылатын шалафабрикаттардың, өнімнің сипаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Өндіріс шығындарын есепке алудың негізгі әдістері
Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калкуляциялау
Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың нормативтік тәсілі
Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калкуляциялау әдістері
Шығындардың есебі мен калькуляциялық бірліктердің түрлері және түсініктері
Шығындар обьектісін дұрыс белгілеу
Бағалау және калькуляциялау шаруашылық процесінің есебі
Өнімнің өндірістік құнын калькуляциялау
Өндірісті есептеу әдістері
Пәндер