Қазақтың ежелгі заңдары. Қасым ханның касқа жолы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 1

ҚАЗАҚТЫҢ ЕЖЕЛГІ ЗАҢДАРЫ ҚАСЫМ ХАННЫҢ КАСҚА ЖОЛЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 «Есім ханның ескі жолы» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2 «Тәуке Ханның Жеті Жарғысы» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2 МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

3 МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫ

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
КІРІСПЕ

Әдет ғұрып құқығы құқықтық жүйенің тарихи тұңғыш түрі. Ол мемлекет заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде мәдени астарында.
Әдетте, әдет - ғұрып нормаларының көп түрлілігі, яғни әмбебабтығы, елгезектігі, "адамгершілігі" дұрыс бағаланбай, керісінше, кері түсініліп, оның тұрақсыздылығы, табансыздығы, үйлесімсіздігі (партикуляризм) деп жазылып жүр. Шын мәнінде бұл әдет - ғұрып нормаларының нағыз беріктігін, бірлігін және біркелкілігін көрмеу еді. Олар өстіп құбылмалы, елгезек, өзгергіш болу арқылы өздерінің мақсаттарына жетіп, өздері реттейтін қатынастардың беріктігін, тұрақтылығын, бір қалыпта сақталуын қамтамасыз етеді.
Тақырыптың өзектілігі көшпелі қоғамдағы құқықтық жүйе - ерекше құбылыс. Яғни, әдет ғұрып нормалары - өзгеше бір әлеуметтік кеңестіктің, қоғамдық емірдің көріністері, сондықтан олардың өлшемдері мемлекет заңдарынан бөлек. Әдет -ғұрып құқығы нормаларын дұрыс ұғынып, түсіну олардың ішкі мәніне сай көзқарас, зерттеу әдістері керек. Демек, әдет - гұрып құқығын зерттеуде бірізділік, біржақтылық сарыны біршама орын алған.
Зерттеу жұмысының міндеттері. ендігі міндет жеткен жетістіктерді ескере отырып, сонымен қатар жіберген олқылықтарымыздың орнын толтыру, аталмыш мәселені зерттеудегі, оған баға берудегі кеткен қателерден уақытылы арылу. Сөйтіп, әдет - ғұрып құқығын құқық формасы ретіндегі өмір арнасының шынайы табиғатын ашу қажет.
Жұмыстың жаңалығы көшпелі қазақ қоғамында мемлекеттік биліктің ең кең және шырқай дамыған саласы - сот билігі болатын. Ол мемлекеттік биліктің іске асуының негізгі құралының бірі еді, сондықтан сот қызметі (билердің құқықшығармашылық қызметі) өкімет органдары жүйесінде әмбебабтық сипатқа ие.
Қазақ қоғамындағы сот билігі бірнеше даму кезеңін басынан өткерді. Осыған сәйкес оның құрылымы, қызметінің мәні мен мазмұны және бағыт бағдары да өзгерістерге ұшырады. Сот билігінің негізгі кейіпкері — би, ал құқықтық негізі - әдет - ғұрып құқық нормалары болғандықтан, олар да тарихи сабақтастыққа сот эволюциялық даму үстінде болды.
Ұсынылып отырған курстық жүмысында әдет- ғұрып құқығын құқық формасы ретінде көпаспектілі жүйелік кұбылыс тұрғысынан қарастырып, соның ішінде көшпелі қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып құқық нормаларының сипатына ерекше мән беріледі. Сонымен қатар, дәстүрлі қазақ қоғамындағы билердің құқықшығармашылық қызметінің орнының биіктігі сонша, ол кейбір кездері хан билігінен де жоғары тұрған. Қалай десек те, билердің құқықшығармашылық қызметінің нәтижесі қазақ қоғамында беделді, халыққа кең тарамды- билердің шешімі, төтенше билер съезінің ережелері.Ұлттық сананың қайта түлеп, жанданып-жаңғырығуы бірте-бірте құқықтық саланы қамтып, дәстүрлі құқықтық жүйені жаңа қырынан зерттеуге жол ашады.
Қорғауға ұсынылып отырған негізгі тұжырымдары:
әдет-ғұрып құқығы екі негізгі кезеңдерді қамтиді: мемлекетке дейінгі және мемлекеттік. Әдет-ғұрып құқық жүйесіндегі әдет-ғұрып нормасының ерекшелігін, оның орны мен маңызын зерттеей келе, әдет-ғұрып нормалары былайша жіктеледі:
а) Айқындалған көрініс дәрежесі бойынша-норма идеяға, норма принципке және норма ережесіне;
б) Құқық жүйесіндегі маңызына (ролі мен орнына) және жұмыс жасау көлемі бойынша - басты және жергілікті;
в) Пайда болу тәсілі бойынша - бастапқы және қайталанушы;
г) Көрініс (тіршілік ету) формасы мен жүзеге асырылу ерекшелігіне байланысты-синкретті және жіктелген.
Құқықтык нормалардың ресми нысаннан биресми нысанға түсуінің бірнеше жолын көрсетуге болады:
көшпелі қазақ қоғамындағы әлуметтік, адам аралық қатынастарды реттеудің тек мемлекеттік билікке тәуелді емес. Көшпелі қоғамда ата-бабадан қалған, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған табиғи және тарихи өзін-өзі реттеу, өзін-өзі басқару жүйесі болды;
Қазақ қоғамындағы даудың юридикалық табиғаты талданды.
Жер-су дауларының ұстанымы, қағидалары анықталды.
Мал-мүлік пен жесір дауларын шешу юридикалық шеберлігі мен тосын әдіс-тәсілдері сараланды.
Қолданылған әдебиеттердің тізімі

1. Ахметова Н.С. Обычное право казахов в ХУІІІ – первой половине ІХ века. Караганда, 1999
2. Ақышев А.К., Асылбеков М.Х. Қазақстан тарихы (очерктер). лматы. Дәуір баспасы, 1994
3. Ақбаев Н. Ата салтыңды аяла. Алматы//Ана тілі, 1998
4. Алексеев С.С. Теория права. Москва, 1994
5. Аль-Халел Карпык. Белая кость прошлого (наши современники) әуір. Алматы, 1994
6. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. Алматы. Қайнар, 1996
7. Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы отбасы және неке. Алматы, 1973
8. Асфендияров С. Қазақстан тарихы. Алматы, 1993
9. Ардақ Нұрғали. Отбасы және туыстық дәстүр//Ақиқат, 1998, № 10
10. Азаматтық құқықтану. Жас алаш, 1999, 5 қаңтар
11. Қ.Әлішев. Келелі сөзді кім айтар?//Егемен Қазақстан. 11 шілде 1996 жыл
12. Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында.Алматы. Санат, 1994
13. Билер тарихы. Алматы. «Жеті жарғы», 1993
14. Большая Советская энциклопедия. Т.1. Москва, 1949
15. Б.Бабақұлы. Әз Тәукенің Жеті жарғысы//Ақиқат, 1993 №6
16. Дәуітов С. Төле би. Мұраттас ғылыми зерттеу орталығы. Алматы, 1991жыл
17. Под.ред. Дулатовой Д.И. История Казахстана с древнейших времен до конца ХУІІІ века. Алма-Ата. Қазақ университеті, 1992
18. Қ.Еламанов. Билер қызметі//Фемида, 1997 № 11
19. Жездібаев С. Не білу керек?//Ақтөбе, 1991
20. «Жеті жарғы» Бұрынғы қазақтардың ел билеу заңы. Алматы//Айқап баспасы, 1993
21. Ө.Жаппархан. Билер алқасы тәртіпке шақырады//Егемен Қазақстан, 1995, 27 мамыр
22. Зиманов С.З. Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары.Алматы. «Жеті жарғы», 1996
23. Зиманов С.З. Проблемы казахского обычного права. Алма-Ата, 1961
24. Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины ХІХ века. Алма-Ата, 1958
25. З.Кенжалиев. Неке және отбасы//Жас алаш, 1998, 11 маусым
26. Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. Алматы. «Жеті жарғы», 1997
27. Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов. Алматы, 1955
28. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995ж. (07.10.1998ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілді)

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...3 1 ҚАЗАҚТЫҢ
ЕЖЕЛГІ ЗАҢДАРЫ ҚАСЫМ ХАННЫҢ КАСҚА ЖОЛЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Есім ханның ескі жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.2 Тәуке Ханның Жеті Жарғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2 МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ... ... ... ... ... ... ..26
3 МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫ
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 30
Қолданылған әдебиеттердің
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..32

КІРІСПЕ
 
Әдет ғұрып құқығы құқықтық жүйенің тарихи тұңғыш түрі. Ол мемлекет
заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Қазақ қоғамындағы
құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде мәдени
астарында.
Әдетте, әдет - ғұрып нормаларының көп түрлілігі, яғни әмбебабтығы,
елгезектігі, "адамгершілігі" дұрыс бағаланбай, керісінше, кері түсініліп,
оның тұрақсыздылығы, табансыздығы, үйлесімсіздігі (партикуляризм) деп
жазылып жүр. Шын мәнінде бұл әдет - ғұрып нормаларының нағыз беріктігін,
бірлігін және біркелкілігін көрмеу еді. Олар өстіп құбылмалы, елгезек,
өзгергіш болу арқылы өздерінің мақсаттарына жетіп, өздері реттейтін
қатынастардың беріктігін, тұрақтылығын, бір қалыпта сақталуын қамтамасыз
етеді.
Тақырыптың өзектілігі көшпелі қоғамдағы құқықтық жүйе - ерекше
құбылыс. Яғни, әдет ғұрып нормалары - өзгеше бір әлеуметтік кеңестіктің,
қоғамдық емірдің көріністері, сондықтан олардың өлшемдері мемлекет
заңдарынан бөлек. Әдет -ғұрып құқығы нормаларын дұрыс ұғынып, түсіну
олардың ішкі мәніне сай көзқарас, зерттеу әдістері керек. Демек, әдет -
гұрып құқығын зерттеуде бірізділік, біржақтылық сарыны біршама орын алған.
Зерттеу жұмысының міндеттері. ендігі міндет жеткен жетістіктерді
ескере отырып, сонымен қатар жіберген олқылықтарымыздың орнын толтыру,
аталмыш мәселені зерттеудегі, оған баға берудегі кеткен қателерден уақытылы
арылу. Сөйтіп, әдет - ғұрып құқығын құқық формасы ретіндегі өмір арнасының
шынайы табиғатын ашу қажет.
Жұмыстың жаңалығы көшпелі қазақ қоғамында мемлекеттік биліктің ең кең
және шырқай дамыған саласы - сот билігі болатын. Ол мемлекеттік биліктің
іске асуының негізгі құралының бірі еді, сондықтан сот қызметі (билердің
құқықшығармашылық қызметі) өкімет органдары жүйесінде әмбебабтық сипатқа
ие.
Қазақ қоғамындағы сот билігі бірнеше даму кезеңін басынан өткерді.
Осыған сәйкес оның құрылымы, қызметінің мәні мен мазмұны және бағыт бағдары
да өзгерістерге ұшырады. Сот билігінің негізгі кейіпкері — би, ал құқықтық
негізі - әдет - ғұрып құқық нормалары болғандықтан, олар да тарихи
сабақтастыққа сот эволюциялық даму үстінде болды.
Ұсынылып отырған курстық жүмысында әдет- ғұрып құқығын құқық формасы
ретінде көпаспектілі жүйелік кұбылыс тұрғысынан қарастырып, соның ішінде
көшпелі қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып құқық нормаларының сипатына ерекше мән
беріледі. Сонымен қатар, дәстүрлі қазақ қоғамындағы билердің
құқықшығармашылық қызметінің орнының биіктігі сонша, ол кейбір кездері хан
билігінен де жоғары тұрған. Қалай десек те, билердің құқықшығармашылық
қызметінің нәтижесі қазақ қоғамында беделді, халыққа кең тарамды- билердің
шешімі, төтенше билер съезінің ережелері.Ұлттық сананың қайта түлеп,
жанданып-жаңғырығуы бірте-бірте құқықтық саланы қамтып, дәстүрлі құқықтық
жүйені жаңа қырынан зерттеуге жол ашады.
Қорғауға ұсынылып отырған негізгі тұжырымдары:
әдет-ғұрып құқығы екі негізгі кезеңдерді қамтиді: мемлекетке дейінгі
және мемлекеттік. Әдет-ғұрып құқық жүйесіндегі әдет-ғұрып нормасының
ерекшелігін, оның орны мен маңызын зерттеей келе, әдет-ғұрып нормалары
былайша жіктеледі:
а) Айқындалған көрініс дәрежесі бойынша-норма идеяға, норма принципке
және норма ережесіне;
б) Құқық жүйесіндегі маңызына (ролі мен орнына) және жұмыс жасау
көлемі бойынша - басты және жергілікті;
в) Пайда болу тәсілі бойынша - бастапқы және қайталанушы;
г) Көрініс (тіршілік ету) формасы мен жүзеге асырылу ерекшелігіне
байланысты-синкретті және жіктелген.
Құқықтык нормалардың ресми нысаннан биресми нысанға түсуінің бірнеше
жолын көрсетуге болады:
көшпелі қазақ қоғамындағы әлуметтік, адам аралық қатынастарды
реттеудің тек мемлекеттік билікке тәуелді емес. Көшпелі қоғамда ата-бабадан
қалған, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған табиғи және тарихи өзін-өзі реттеу,
өзін-өзі басқару жүйесі болды;
Қазақ қоғамындағы даудың юридикалық табиғаты талданды.
Жер-су дауларының ұстанымы, қағидалары анықталды.
Мал-мүлік пен жесір дауларын шешу юридикалық шеберлігі мен тосын әдіс-
тәсілдері сараланды.

1 ҚАЗАҚТЫҢ ЕЖЕЛГІ ЗАҢДАРЫ ҚАСЫМ ХАННЫҢ КАСҚА ЖОЛЫ

Қазақ хандығында Қасым ханның қасқа жолы деп аталатын заң болды. Бұл
заң сол заманда ислам дінін тұтынатын Күншығыс пен Орта Азияның бірсыпыра
елдердегі феодалдық мемлекеттермен хандықтар да жаппай қолданылып отырған
ислам дінінің шариғат заңынан мүлдем басқаша болатын. Бұл қазақ
хандығының ерекше тарихи әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайының
туындысы еді.
Қасым ханның қасқа жолы атанған, әрі ел басқару ісінде қолданылған
әдет-ғұрып заңдарының негізі ежелгі әдет-ғұрып заң нормаларына сүйенген.
Жошы ханның екінші баласының тұқымы хан өзінен жоғары бесінші ата жердегі
бабасы – Жошы ханның тәртіп-заңдарындағы кейінге қалдырып кеткен әдет-
ғұрып жол-жораларына, дәуіріне сай кейбір өзгерістер енгізген.
Қасым ханның қасқа жолы аталатын бұл көне жарғы сол кездегі қазақ
қауымының қоғамдық және құқықтық заңдарын қалыптастырады, әдет- ғұрып,
тұрмыс-салт ережелерін байыптайды, жеке адамдар арасындағы, ру- тайпалар
мен қоғамдық топтар арасындағы қатынас жүйесін тағайындайды.
Қазақ Ордасының мемлекеттік негіздері де осы Қасқа жолда көрініс
тапқан тәріздес. Бір сөзбен айтқанда Қасым ханның қасқа жолы - қазақ
жұртының елдік санасын негіздеуде шешуші қызмет атқарған өзгеше құжат
болды. Бұл әдет-ғұрыптық ереже ежелден ел салтына сіңген. Халық бұқарасына
түсінікті заң болды.
Белгілі ірі ғалым Ә.Х.Марғұлан Қасым ханның қасқа жолы заңдарын
былайша түсіндіреді: Қасым ханның қасқа жолының негізі Орта ғасырларда
Қыпшақ, Шағатай ұлыстары қолданған Ярғу заңынан алынған, қазақша жарғы
хақиқат деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір
жағына аудармай, дәл, әділ айырудан шыққан. Даудан әділ, тура шешкен
билерді халық бұқарасы ардақтап Қара қылды қақ жарған деп мадақтаған.
Өзінің мазмұны бойынша бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскери-демократия
арнасына барып тіреледі. Шындығында да Қасымның жинағында қомақты орын
әскери және емшілік нормаларға берілген. Бұл заңға кірген ережелер мынадай:
1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері).
2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына
жаза).
3. Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны,
тұлпар ат).
4. Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда
сыпайлық, әдептілік).
5. Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер,
жасауыл, бекеуіл, тұтқауылдардың міндеті).
Қазақ Ордасының мемлекеттік негіздері, қоғамдық қатынастары да осы
Қасқа жолда көрініс тапты. Көбінесе осы заң жүйесі моңғолдардың Жаса
заңы үлгілерінен құралған – дейді тарихшы ғалымдар. Бұл негізінен қазақ
тарихындағы және құқық тарихындағы зерттелмеген жақ. Бірақ та осы Алтын
Орда, яғни Шыңғыс ханның енгізген Жаса заңы осы айтылып жатқан заң
жүйесінде, оның бір бабында немесе бір өзінің сипатында сақталуы ықтимал.
Себебі қазақ мемлекеттігінің өз негізінде дамығаны, ертедегі түрік
мемлекеттігінің дәстүрлі жалғасы болғаны күмәнсіз. Мұны Алтын Орда да айқын
дәлелдейді. Ал, бұл дегеніміз қазақ мемлекеттігінің құрылымы жаңағы Қасқа
жолда айқындалып, көрсетілсе Шыңғыс ханның яғни Алтын Орданың оның
мемлекеттік құрылысының, онымен бірге оның Жаса заңының қазақ халқында
қолданғандығын көреміз. Бірақ та Жаса заңын қолданғаны белгісіз.
Тарихтағы қазақ халқының тарихына шолып көрсек осы Жаса заңының Қасым
ханның өзіндік бір құқық жүйесін құруда бір әсерін тигізді деп ойлаймын.
Қасымның қасқа жол аталуының бір айғағы немесе көрінісі ол Қасымның
тарихтағы өмірі мен орны. Ол өз өмір жолында қасқа жолмен өтіп, өз
саясатында жеңіске жетіп отырды. Қасқа жол аталуының өмірі мен жүргізген
саясатына байланысты шықты немесе пайда болды деп ойлаймын1.
___________________________________ ___________________________________ ______
_
1Зиманов С.З. Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары.Алматы. Жеті жарғы,
1996
Қасым хандық билікке өте қартайған кезінде келді. Ресми түрде 1511
жылдары хандық билікке келсе, қасым 60-тан асқан адам болды, яғни ол
тәжірибелі, білімді болып келді. Нәтижесінде елдәі саясатына байланысты
елді біріктіру және реттеу мақсатында Қасқа жолды енгізеді. Бұған халық
риза болып ұнатып оны Қасым ханның қасқа жолы деп атады.
Қасым хан кезіндегі жарлықтардың бір ерекшелігі қатал кесім, қанды
өлімге салған. Әріден беріге қанды өткел салып, қарғыс зауалындай суық
түсті, суық сұсты ажалын сүйреп жеткен қанға-қан, жанға-жан дейтін тоқтам-
байламды барынша жеңілдетіп, енді құн төлеу сияқты жаза, кесік түрлерін
далалық правоға енгізген болатын.
Көшпелі қазақ қоғамда талиондық принцип кеш басталып, баяу жүзеге асса
да қанға-қан, жанға-жан принципімен толықтырылып отырған. Қылмыстық іс-
әрекеттер үшін жауапкершіліктің мүліктік түрлері де (құн, айып) кең
қолданылды. Мүліктік талаптар жазалау ғана емес, келтірілген шығынның орнын
толтыру және кекті қанағаттандыру деп саналған.
Мүліктік талаптар құн және айып деген екі түрге бөлінетін. Құн
негізінен малдан тұратын болды. Ер адамды өлтіргені үшін 1000 қой, ал
әйелді өлтіргені үшін 500 қой берілген. Қасым ханның әдет-ғұрып заңы
бойынша кісі өлтіруші айыпкердің шаңырағы ортасына түсіріліп, қара орманы
бүлдіргісіне дейін түк қалынбай түгел таланып, өзі өлім жазасына
бұйырылатын болған. Оны – қара қазан төлеу деп атаған1. Айыптың жоғарыда
атаған үш түрін қолданған. Енді жазаға келсек, қазақтардың әдет құқығы
қылмыскерді жазалауда тікелей болды, яғни өлім жазасы (халық жиналысының
шешімі бойынша қолданылды); жазалау арқылы өсиеттеу (басты жару - найза
не пышақпен бастың терісін тіліп жіберетін); дене жазалары (негізінен үй
ішіндегі жаза) сияқты түрлері болды. Сол кезде жазаның ежелгі түрлері де
пайдаланылатын, мысалы – қара найза. Айыптыны жерге қағылған, жоғарғы
ұштары түйіскен үш найзаның астына отырғызып қоятын. Көшпелілердің ежелгі
сенім-нанымдарымен байланысты жазалаудың басқа түрлері де сақталды.
___________________________________ ___________________________________ ______
____________
1Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. Алматы.
Жеті жарғы, 1997
Мысалы, адамды жерде сызылған дөңгелектің немесе киіз үй керегесінің
ішіне отырғызып қоятын. Бұл аса қорқынышты саналып, сирек қолданылатын.
Тағы да басқа билер сөгіп тастау және түкіріктеу сияқты жазаны қолданып
жүрді. Ел аузындағы аңыздарға сүйеніп, халықтық дастандарға жүгінсек, онда
Қасым түзген Қасым ханның қасқа жолының ұзын ырғасы төмендегі жосындарды
қамтуы ықтимал.
Бірінші һәм негізгі сала – жер дауы. Жерді қазақ қауымы аса қадірлеп,
сыйлады. Қыс қыстау, жаз жайлау, қоныс, құдық-мал баққан елдің атадан
балаға мирас қып қалдыратын еншісі. Өткені жер-атамекен, кіндікжұрт, отан.
Жер – тіршілік етер ортасы, баба моласы, кіндік байлардың қасиетті
тұрағы. Сондықтан көшпелілер үшін жерден киелі ештеңе жоқ. Жер дауынан қиын
дау да жоқ.
Екінші сала – ұрлық пен қорлыққа, барымта мен сырымтағы кедергі қойып,
бұқараны адалдыққа шақырып, еңбекпен күнелтуге бейімдеген заңдар тізбегін
қамтиды. Арам жемейік, адал өлейік дейтін пікір сол кезде қалыптасса
керек.
Үшінші тармақ – ел бірлігін сақтау, отанын қорғау, сыртқы жауға
тойтарыс беру, жасақ құру, сардар сайлау, сауын айту тәрізді жаугершілік
кезіндегі мемлекеттік ірі оқиғаларды қамтыған ереже-қағидалар шоғырын түзсе
керек.
Төртінші тармақ- ел мен ел, халық пен халық, ру мен ру арасындағы дау-
дамайды әділдікпен шешуге арналған. Ынтымақтық тілеген ел дауды білекпен
емес, билікпен тындыруды көздегені ақиқат. Сондықтан бұл тармақтың қазақ
даласы үшін мәні зор екені даусыз.
Бесінші сала – үй ішілік тірліктегі сыйластық, той, ас, байланыстылық,
әке мен бала, ене мен келін арасындағы, қарым-қатынас, үлкен мен кіші
арасындағы сыпайыгершілік, ата-анаға деген құрмет, қонақжайлық, жастарды
тәрбиелеу, баулу сияқты инабаттылық шаралары. Өйткені, Баланы жастан
дейтін қағиданы қатты ұстаған халқымыз ұл-қызын ибалыққа үйретті, имандылық
қасиетке икемдеп отырған.

1.1 Есім ханның ескі жолы

1598 жылы туған ағасы Тәуекел-бахадұр ханның ақ өлімінен соң ел
билігін қолына алған Еңсегей бойлы Ер Есім хан атағына да, ата тағына да,
асқарлы жұртына да лайықты тұлға болатын. Ол қазақ тарихында Еңсегей бойлы
Ер Есім деген атпен әйгілі болды, оған бұндай атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел
ханмен бірге Мауараннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін
берілген екен.
Есім хан – Шығай ханның баласы, ол бұрын Қазақ хандығының Түркістан
қаласындағы хан ордасында тұрған. Тәжірибелі қолбасы ғана емес, білікті
саясатшы 1598 жылы күзде Бұхар әміршілерімен арада жасалған тиімді бітім
шартынан соң Есім хан Қазақ Ордасының сыртқы шекарасын бекітумен қатар,
оның ішкі жағдайын да әбден орнықтырады. Есім ханның ескі жолы аталатын
заң желісі осы кезде қабылданған. Есім хан қазақ хандығын бір орталыққа
бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа
бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге
тырысты. Сонымен 1603 жылы Есім хан бұхар хандығымен бастайды. Себебі Бұхар
хандығында ежелгі Шибан әулетінің орнын басқан жаңа әміршілер – Хажы-Тархан
әулеті бұл қазақтарға көнгісі келмейді. Бітім шартты бұзып, соғыс ашады.
1603 жылы басталып, 1624 жылы аяқтаған қазақ-бұхар соғысының барлық
кезеңінде де айқын басымдық қазақ жағында болады. Тынымсыз жүргізілген
жиырма жылдық қазақ-бұхар соғысында екі жақтан бірдей қаншама әскер
қатысқан, ерекше қантөгісті жеті үлкен шайқас болыпты. Ең бірінші ұрыс –
Айғыр-Жарда болған екен. Жиырма жылдық қазақ-бұхар соғысының жетінші, ең
соңғы үлкен ұрысы 1624 жылы Фергана жазирасында, Ахсы қамалының түбінде
болады. Қазақ Ордасының қалың қолын бастаған – Есім ханның өзі. Бұл жолы да
алаш ұраны өктем шығады. Осымен бұл соғыс бітеді, Есім хан билігіне келген
кездегі оңтүстік шекара берік бекиді. Ауыр күрес, ұлы жеңіс. Қазақ Ордасы
Орта Азияның шулы базарына – сол арқылы бір жағы Ұлы Моғол империясы –
Үндістанға, бір жағы Иран мен Орта шығыс елдеріне жол ашты. Енді Есім хан
ежелгі жібек жолының түйінді бір бөлігі – Шығыс Түркістан үшін күрес
бастайды. Шығыс Түркістанға жорық жасап, оларды жеңіп алады. Ташкент қаласы
қазақ хандығына қараған соң, оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның
баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді. Ол көп ұзамай тәуелсіз хан
болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, баж және хараж алым-
салықтарын жинады.
Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, бірі Түркістан қаласын орталық
еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан билеген еді.
Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз,
қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жасақтар іздеуге кірісті. Есім
хан Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен
одақтасты. Ал Тұрсын ханжағы Яркент билеушісі Шамай Ахметтің жақтасы болды.
Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып
отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент
ханы Әбдірахиммен құнды құдандалық байланыс орнатты. Есім хан Әбдірахимнің
қызы Патша ханымға үйленеді де, ағасы күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге
береді. Есім мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе түсті, 1627 жылы Есім
хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қоластына біріктірді. Есім
ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы
күрестері қазақтың Еңсегей бойлы Ер Есім атты тарихи жырына өзек болған.
Есім хан Ташкент қаласына білдіртпей түнде кіріп, хан сарайының
күзетшілерін байлап тастап, Тұрсын ханды қаперсіз ұйықтап жатқанда
қапылыста өлтіреді, солайша Есім шошып оянған Тұрсын ханның басын алады.
Есім хан өзінің саясаткерлігімен өз қазақ халқының тұтастығы мен бірлігін
нығайту жолында көп қилы да қиын күреседі. Есім хан өз хандығында ішкі
саясатта ғана емес, сыртқы немесе әскери саясатында өте үздік болған.
Сондықтан соғысу тақтикасын жақсы меңгерген екен. Соның бір дәлелі
бұхарлықтармен қақтығыстар кезінде көрінеді. Тағы басқа, есім хан қазақ-
қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды. Еңсегей бойлы Ер Есім хан тұсында,
Қазақ Ордасы кемеліне келіп тұрған заманда, ойрат, яғни қалмақ жұрты мен
алаш жұртының арасындағы ежелгі қайшылық біржола ушығады, бұдан жетпіс-
сексен жыл бұрын басталған тынымсыз майдан енді, бітіспес күреске ұласады.
Махмуд ибн Уәлидің айтуына қарағанда Есім хан 1628 жылы қайтыс болған. Ал
Қазақ Совет энциклопедиясының мәліметіне қарағанда Есім 1645 жылы қайтыс
болған көрінеді. Олай болса Есім ханның жаңағы қалмақтар жорығында 1643
жылы болғаны ықтимал.
Сонымен Есім ханның саясаты мен күшті әскерін оның маңызды еңбегі
десек те болады, яғни Есім ханның ескі жолы аталатын заң желісі, Есім
ханның 40 жылдан артық хандық етіп тұрған кезінде, өзінен бұрын өткен
шөбере жердегі атасы Қасым ханның қалдырған әдет-ғұрып, салт- сана
заңдарына сүйеніп, көптеген жол-жоба, кәде қаумет заңдарын шығарған.
Есімнен кейінгі қазақты билеген хандардың кезінде қолданылғаны Есімнен
қалған ескі жол-жоба болғандықтан, кейінгілер Есім ханның ескі жолы
атандырыпты. Есім хан көбінесе жорықтарда жүрген. Сондықтан ол Қасым
ханның қасқа жолына көп өзгертулер енгізбеген. Деректер бойынша Есім хан
ердің құнына 100 жылқы, алты жақсы түйе (6 түйе) кесім көрсеткен. Бұдан
басқа ол өнер құны, сүйек құны деген үстеме құн белгілеген. Әйел құны
алынатын қалың малы шамасында төленген. Біз мұнан әйел құны әкесінің
ауқаттылығына қарай төленіп, сол дәуірдегі тап теңсіздігінің көрінісіне куә
боламыз. Есім хан заң желісінде әскери мәселелерге көп көңіл бөлген. Мүмкін
Шыңғыс ханның Жаса заңына жақын болуы ықтимал.
Сонымен, Қасымның да, Есімнің де хандық құрған кездері Қазақ
мемлекетінің аумақтық жағынан кеңейіп, халқының саны молайып, өкілеттің
орталық билігі тұрғысынан алғанда қатайып әне күшейіп, өз заманындағы ірі
де қуатты монархияға айналған дәуірлері. Әрине, бұл уақыт аралықтарында
Қазақ мемлекеті әлі толық қалыптасып бітпеген еді, ол даму және құралу
жолында болатын. Хандық билік қазақ халқының этникалық аумағын біріктіру,
соның басын қосу мақсатында әр түрлі әскери жорықтар ұйымдастырып жатты.
Сырдария қалалары үшін аумалы-төкпелі, қиян-кескі айқастар жүргізілді,
көрші мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнатыла бастады. Яғни, бұл
кезеңдері мемлекеттің сыртқы саяси ахуалы толық орнықпаған, соған сай ішкі
жағдайы да бұлғаққа бейім, саяси құрылысы аяғына дейін қалыптасып бітпеген
еді. Мінеки, осы жәйттің барлығы қоғамдағы құқықтық жүйенің тыныс-
тіршілігіне әсер етпей қалған жоқ, оның ішкі мәнін және сыртқы кейпін
қалыптастырып, мемлекеттік билік пен әдет-ғұрып құқығы нормаларының
арасындағы өзара байланысты анықтауда негізгі рольдердің бірін ойнайды.
Көшпелі қазақ қоғамында пайда болған әдет-ғұрып құқығы нормаларының
тұнғыш ресми жинақтары – Жолдар - ауызша дайындалып қабылданған. Бұл
жинақтарда әдет-ғұрып құқығы нормалары тұтастай қамтылмаған. Көріп
отырғанымыздай Есім мен Қасымның жинақтарында қомақты орын әскери және
елшілік нормаларға берілген. Бұл түсінікті де. Себебі, жас мемлекеттің ең
басты мақсаты – күн астындағы өз орнын табу және соны нығайту еді.
Халықаралық және мемлекетаралық қатынастардың жеке-дара субъектісі есебінде
өзін таныту және сол деңгейде әркез көріне білу болатын. Сондықтан да
сыртқы жаудан қарғана білу, дер кезінде әскери қосын жасап оны
жарақтандыру, жеңілген аумақтан алым-салық жинау мәселелеріне арналған әдет-
ғұрып нормаларын, жол-жораларын ұтымды пайдалану – кезек күттірмес
қажеттілік болатын. Сондай-ақ, ел мен ел, мемлекет пен мемлекет аралық
қатынастарда қолданылатын ережелерді жинақтап, оны өз жөнімен қолдана білу
де – ең жоғары өкімет билігі тұрғысынан реттеуге және жүргізуге тиісті
құқықтық саясаттардың бірі болу керек еді. Есім мен Қасымның жинақтарында
бұл нормаларға да арнайы орын берілді. Негізінен қазақ хандығының
заңдарының негізі-феодалдық базис пен патриархалдық-феодалдық өндірістік
қатынас болды. Оның міндеті: феодалдық базиске қызмет ету, феодалдық
меншікті қорғау және нығайту, феодалдық үстем таптың еңбекші халық
бұқарасын езіп – қанауын заңды ету, еңбекші халықтың феодалдық қанауға
қарсы күресін басып-жаншып тұншқтыру еді. Бұл заңдарда феодалдық меншікті
қорғауға және меншік жөніндегі дау шараларды шешуге баса мән берілді.
Феодалдық құққа қайшы келгендер қатал жазаланып отырды.

2 Тәуке Ханның Жеті Жарғысы
Көп жылдар бойы ұлтымыздың тамыры тереңге кеткен тарихы және елінің
бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен аяулы тұлғаларының есімін атауға
тыйым салып, коммунистік-тоталитарлық идеологияның үстемдік етуімен
басылған әдебиеттерде өткен өміріміз бір сорлы, басқа ел емес, тіпті өзіміз
шошитын құбыжық өмір болып суреттелінді. Тек тәуелсіздікке қолымыз
жеткеннен кейін тарихымызға деген көзқарас, құштарлық арта түсіп, еліміздің
өткенін тану жиналған астықпен, қазылған кенмен тепе-тең бағаланып, өшіп
қалған есімдерді қайта тірілтіп жатырмыз. Міне, осыған орай заманындағы
Тәуке хан сондай ардақты есімдердің ішінен ерекше орын алады. Бұған тарих
куә, халқымыздың ой-санасы куә. Тәуке хан туралы зерттеулер мүлдем жоққа
тән. Оның себебі негізінде Тәуке хан туралы мәліметтердің сол заманнан бері
архив қазыналарында сақталмауы және тарихи зерттеулерде ізденіс
болмағандығы. Жалпы жарық көрген тарихи әдебиеттердің беттерінде Тәуке хан
туралы мәлімет өте жұтаң, тіпті бір-екі ауыз сөзбен шектелетіні бәрімізге
аян. Батыр да, хан да, қара да, өз заманының перзенті Тәуке хан өз дәурінде
қазақ, орыс, қытай, жоңғар және басқа Шығыс халықтарының тарихында ірі
қайраткер, көрнекті қолбасшы ретінде де елеулі орын алған. Ал өз елінің
өміріндегі дипломат-мәмілегер, данышпан айлакер қолбасшы, әдеттік құқық
системасының реформаторы және ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын
сақтауға жан аямай күш салған ірі мемлекеттік тұлға ретінде танылды1.
Бізге жетіп отырған тарихи деректерде Тәукенің туған жылы белгісіз, ал
қайтыс болған жылы туралы ғылыми зерттеулерде қарама-қайшы пікірлер бар.
Жарық көрген тарихи әдебиеттерде Тәуке 1718 жылы дүние салды деген пікір
тұрақты болып қалыптасқан. Ал белгілі қазақ тарихын зерттеуші ғалым В.А.
Моисеевтің тұжырымдауынша Тәуке ханның есімі орыс тарих- намасында
сақталған құжаттарда 1716 жылдан мүлдем кездеспейді. Оның ойынша, осыған
қарағанда Тәуке хан 1715 жылы қайтыс болуы әбден мүмкін.
___________________________________ ___
1Билер тарихы. Алматы. Жеті жарғы, 1993

Бұл мәселе болашақта негізінде қытай тіліндегі құжаттарды зерттеуде
нақтылы анықталады деген ойдамыз.
Тегі жағынан алып қарайтын болсақ, Тәуке хан Есім ханның немересі,
Жәңгір ханның баласы. Шежіре түрінде былайша көрінеді: Керей – Мұрандық –
Жәдігер – Шығай – есім – Жәңгір – Тәуке. Одан Болат, Сәмке, Қосым, Қасым,
Қөшын, Ғайып, Мұрат, Тұрсын. Бізге жеткен деректер мен аңыз әңгімелерге
қарағанда Тәукенің әкесі Жәңгір хан бар өмірін қазақ жерін жоңғар
басқыншыларынан қорғаумен өткізген, өзі жаумен кезекті шайқаста ерлікпен
қаза тапқан. Халық оны Салқам Жәңгір деп атап кеткен. Жәңгір хан туа
біткен данышпан, көрегенді қайраткер және соғыстың әртүрлі айла-тәсілдерін,
ұрыстың өзіндік ерекшеліктерін пайдалана білетін ірі қолбасшы ретінде
танылады. Ол қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда баға жетпес еңбек
сіңірген, елінің тәуелсіздігін сақтау мақсатында келер ұрпақ алдында
сүйіспеншілікке бөленген ірі болғаны ақиқат, тарихи шындық.
Әкесі Жәңгір ханның ерліккен толы қимыл-әрекеттері Тәуке ханның бойына
дарығандықты аңғармасқа болмайды. Тәуке жас кезінен-ақ саясатқа жақын
болған, әкесі оған жастығына қарамастан сенім артып, елшілікке жіберіп
отырған.
Тәуке жас кезінде, бейнелей айтқанда, қазақ даласының емін-еркін
бесігінде тербеліп, көшпелі өмірдің бар өсиет-өнегесін, ерлік-батырлақ
қасиеттерін бойына сіңіріп өскен. Табиғат алғыр етіп жаратқан жанның
балалық шағы жайлы әрқалай аңыздар да, әңгімелер де болған-ақ шығар.
Олар уақыт пердесінің арғы жағында қалып, әзірге бізге жетпей отыр.
Болашақта көп мәліметтер мен деректер, кітаптарда және қолжазбаларда болуы
әбден ықтимал.
Осындай деректердің тапшылығына байланысты Тәукенің қай жылдардан
бастап хан болғандығы туралы деректер тарихи әдебиеттерде әртүрлі. Қазақ
сахарасының дарынды философы Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің зерттеулерінде
Тәукенің тек хан болып сайлануына ғана тоқталып, былай деп жазды: Бұл әз
Тәуке Салқам Жәңгірдің қалмақтың ханының қызы қатынынан туған баласы еді.
Мұнан басқа Ургенштегі Ғайып ханның қызынан туған Уәлибақы Ғайып деген
баласы бар еді. Жәңгірдің орнына әз Тәуке хан болғанда, хандыққа өкпелеп
Уәлибақы Ғайып ханға кетіп еді. Бұл мәліметтен біз Тәуке ханның шешесі
қалмақ екенін байқаймыз және Жәңгірдің тағын Уәлибақы емес, керісінше Тәуке
басқаны кездейсоқ жағдай емес. Бұл негізінде Тәукенің ақыл-ой, парасатының
терең болғанын тағы да айқындай түскендей.
Атап айтатын болсақ, бәріміз білетін еліміздің тарихында Тәуке 1680
жылы әкесінің тағына отырды делінген. Бұл дерек ешбір өзгертусіз кейінгі
жылдары басылып шыққан тарихи әдебиеттерге енген еді. Халқымыздың тарихында
ірі құқықтық құжат болып саналатын Жеті Жарғыны зерттеуге елеулі үлес
қосқан шығыстанушы, заңгер-ғалым Нұралы Өсеров өзінің кандидаттық
диссертациясында Тәуке 1678 жылы хан болды деп тұжырымдайды. Бұл мәселеге
ьайланысты Сәкен Сейфуллин де кезінде өз пікірін ортаға салған. Көрнекті
жазушы кезінде былай деп жазған: Жәңгірден кейін қазаққа Тәуке хан болды
(1688 жылда)1.
Тәуке хан Ташкент ауданында тұрады. Тәуке ханның тұсында да қазақ ылғи
қалмақпен қағысып тұрса да өзге хандардың тұсындағы тыныс алмай жөнкілу,
аттаныс, шабыншылыққа қарағанда сәл шабыншылығы аздау болып, тіршілік
жасайды. Бірігіп өмір сүрген: қазақ, қырғыз, қарақалпақтың ірі руларында
билік жүргізген алты бидің аты шығады. Ұлы жүзде Төле би (Дулат, Әлібек
баласы). Орта жүзде- Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзде- Әлім руынан Әйтеке
би, қырғызда Кәкім би, қарақалпақта – Сасық би, Қатаған- Жайма, басқа ұсақ
рудан тағы бір би. Қазақ совет энциклопедиясының 10-шы томында Тәукенің
хан болып сайлануы 1680 жылды қайталап жазған. Әрине, қазіргі уақытта жалпы
әдебиетте қалыптасқан көзқарасты мойындай отыра біз Тәуке ханның таққа
отыруын 1680 жылмен белгілейміз. Ал жалпы оның жылын анықтауды болашақ
зерттеушілердің үлесіне қалдырдық. Тәуке хан қазақ елінің қасиетті қаласы
Түркістанда ақ киізге көтеріліп, бүкіл үш жүздің ханы болып
___________________________________ _
1Б.Бабақұлы. Әз Тәукенің Жеті жарғысыАқиқат, 1993 №6
сайланғаннан кейін қазақтың сол заманындағы қоғамының ішкі және сыртқы
саясатына ерекше көңіл бөліп, сол кезеңнің өзінде-ақ ұлт мемлекеттілігін
халықаралық деңгейге, биік дәрежеге көтеруге аянбай күш салады. Атап
айтатын болсақ, Тәуке хан қазақ мемлекеттілігін нығайту үшін ең алдымен бет-
бетімен ру-руға бөлінген, бір-бірімен қырылысып жатқан елінің ұлттық
бірлігін сақтауға аянбай күш салады. Елдің басын біріктіру мақсатында ру
басшыларының алауыздылық қимыл-әрекеттерін қолдағы бар тәсілдің бәрін
қолданып тыюды мақсат етті.
Тәуке хан ішкі саясатында қолдағы бар мүмкіншіліктерді пайдалана
отырып, қайткен күнде де ру арасындағы алауыздықты тыю ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасым ханның қасқа жолы
Қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық мәдениетінің алтын қорынан сақталған қымбат қазыналар
Қасым ханның қасқа жолы заңдары
Қазақ ордасының мемлекеттік құрылымы
Жеті жарғы туралы деректер
Қазақ хандарының негізгі заңдары қазақ тарихының дерек көзі
Қазақтың әдет - ғұрып құқығының қайнар көздері
Қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқығының бастаулары
Қазақтың көне ел билеу заңы – «Жеті жарғы»
Тәуке ханның өмірі
Пәндер