Бедеулік пен белсіздік


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Бедеулік пен белсіздік
  2. Бедеулік
  3. ӘЙЕЛДЕР БЕДЕУЛІГІ
  4. Әйел бедеулігін емдеу

Пайдаланған әдебиет

Бедеулік пен белсіздік

Әйел, еркектің үлкен қайғы-қасіреті.

Қай адам үшін де бедеулік пен белсіздік - үлкен қайғы-қасірет. Бұл - ата-тегіңді жалғастыратын ұрпақ сүйе алмау, махаббат ләззатынан айрылу, ерлі-зайыптылық өмірдің мән-маңызының жоғалтуы. Осындай бедеулік пен белсіздіктен жылына қаншама отбасының шаңырағы ортасына түсіп, әйелдер күйеуден қайтып, ерлер «әйелі тастап кеткен» атанып жатады десеңізші.

Ал енді осы бедеулік пен белсіздік дегеніміз не? Біз сол туралы жазылған медициналық басылым материалдары, өзіміз кездесіп, әңгімелескен мамандардың ақыл-кеңесі бойынша ой толғап, бедеулік пен белсіздік, оның себептері, одан жазылу жолдары жөнінде сіздерді таныстырсақ.

Бедеулік

Бедеулік (sterilitas) - кәмелетке толған әйел немесе еркек ағзасының ұрпақ бермеуі. Әйел бедеулігі екі түрлі. Біріншісі - іштен туа біткен, екіншісі жүре пайда болған бедеулік. Іштен туа біткен бедеулікке жатыр түтігінің бітеу болып, немесе жыныс мүшелерінің жетілмей тууы басты себеп. Жүре пайда болған бедеулік - әртүрлі аурулардың зардабы, түсік жасатудың салдары, жатырдың қисаюынан, жыныс мүшелерінің қабынуынан (түсік тастау, эрозия, т. б. ) және де жатырдан тыс жүктілік те 70-80 пайыздық жағдайда бедеулікке алып келеді.

Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей, көп жағдайда, нақтылап айтсақ, 45-50 пайыздық деңгейде отбасында бала болмау еркек бедеулігінен. Еркек бедеулігіне басты себептер: жүрек-қан тамыр жүйесі сырқаты, қант диабеті, созылмалы жұқпалы аурулар, аталық ұрық безіндегі ісік және тағы да басқа жағдайлар. Сондай-ақ еркек бедеулігі оның ағзасында түзілетін шәуһеттің (сперманың) аздығы мен әлсіздігінен де болады. Түрлі мерез, сал ауруларымен сырқаттанған еркектер де бедеулікке ұшырайды. Радиацияның да әсері мол.

ӘЙЕЛДЕР БЕДЕУЛІГІ

Бедеулік дегеніміз, бұл - балалы болуға қабілетсіздік, яғни ана болу бақытынан қол үзу. Әйелдер бедеулігінің сепеп-салдары өте көп. Бедеулікті емдемес бұрын оның нақты неден екендігін анықтау қажет. Өйткені кез-келген аурудың жүз пайыз дәл, нақты себебін анықтау - елу пайыз емделгенмен тең. Бедеуліктің негізгі себептерінің бірі - әйел бойындағы гармондық ауытқушылық (эндокриндік бедеулік), жатыр түтікшелерінің жеткіліксіздігі (түтікшелік бедеулік), әйел жатырының анатомиялық тұрғыда дұрыс болмауы және т. б.

Бедеуліктен емдеудің негізгі әдістеріне әйел мен еркектің қабілеттілігін мүмкін болғанша қайта қалпына келтіру мен ол мүмкін болмаған жағдайда, жасанды жолмен қолдан ұрықтандыру жатады. Бұл жағдайда емдеудің бірінші әдісіне жатыр қуысындағы асқынған суық тию процесі мен жатыр түтікшелерінің жеткіліксіздігін хирургиялық немесе хирургиялық емес жолмен қалыпқа келтіру, сондай-ақ гормондық ауытқушылықтар мен аталық ұрықты қалпына келтіру бойынша емдеу түрлері жатады. Ал осы аталған емдеу түрлерінен ешқандай нәтиже болмаған жағдайда, бедеулікпен күресудің соңғы тәсілі - аталық ұрықты жасанды жолмен жатыр қуысына енгізуді пайдаланамыз. Жалпы, әйел бедеулігі әр түрлі жағдайда кездеседі. Атап айтар болсақ:

- Жыныс жолдарының қатты суықтауы;

- Жатыр түтікшелерінің жеткіліксіздігі;

- Гормондық өзгерістер;

- Иммундық жүйеге қатысты факторлар.

Соның ішінде жыныс жолының суықтауы -- әйелдер арасындағы бедеуліктің ең басты себебі болып табылады. Сонымен қатар, жыныстық қатынас арқылы жұғатын әр түрлі жұқпалы аурулар да әйел бедеулігіне әкеп соқтырады. Әсіресе алғаш жұққан күннен бастап ешқандай мазалаусыз әйел жатырында асқына беретін жыныстық, яғни инфекциялық аурулар әйел ағзасына айтарлықтай қауіпті. Ал жатыр түтікшесінің жеткіліксіздігіне әкеліп соқтыратын негізгі себептерге - әйелдің жатыр қуысына жасалған ота (операция), жасанды түсік (аборт) және гонорея, хламидиоз, сальпингит, эндометрит сияқты басқа да ауруларды жұқтыру, жатырдың қисаю процесі де тұқым жасушаларының жатырға еркін жетіп ұрықтануына кері әсерін тигізеді. Соңынан осындай келеңсіздіктің салдары бедеулікке әкеліп соқтырып жатады. Ал гормондық ауытқушылыққа келер болсақ, әйел бойындағы овуляция кезеңінің қалыптылығына әйел бойындағы гормондар жауап беретін болғандықтан, ұрықтану барысында гормондар өте үлкен маңызды роль атқарады. Тіпті гормондық ауытқушылықтың салдарынан жатырдағы «прогестеронның» көлемі азайып кетеді де, нәтижесінде бәрі ойдағыдай орындалып жатқан қолдан ұрықтандыру кезеңінің өзінде, ұрықтануға дайын тұқым жасушасы жатырға жабысып кете алмайды. Ал бұл жағдай перзент сүюдің ауылын мүлде алыстатып жіберетіні сөзсіз. Ал иммуннологиялық факторға келер болсақ, бұл әйел бедеулігінің «қараңғы» тұсы десек те болады. Себебі, бұл жағдайда әйел организмінен жұбының ұрығына қарсы «антитела» бөлінеді де, ол аталық ұрықтың аналық жасушамен бірлесіп балаға айналуына жол бермейді. Нәтижесінде аталық ұрық өте баяу қимылдап, тіпті олардың біразы өз міндетін орындай алмастан өліп қалады.

Біздің орталықта емделушіге тез әрі ешқандай ауырсынусыз, әйел немесе еркек бедеулігінің себеп-салдарын анықтауға жауапкершілігі аса жоғары маман-дәрігерлер өз көмегін көрсетуге қашан да дайын. Бізге келіп тексерілмек болған жандар медициналық тексеруінің нәтижесін екі күннен соң-ақ білетін болады. Біздің орталықта әйел бедеулігінің себеп-салдарын әртүрлі бағыт-бағдар бойынша анықтап, соңғы мүмкіндікті пайдалана отырып көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, бедеулікті анықтау мен оны емдеу өте күрделі іс. Ол екі тараптан да аса бір үлкен жауапкершілік пен шыдамдылықты талап етеді. Ал біздің міндет - барлық тәжірибеміз бен күш-жігерімізді сіздің арманыңыз бен мақсатыңызға жету жолында жұмсап, көмек сұрап келген жандарға адал қызмет көрсету.

Әйел бедеулігін емдеу

Балшықпен. Халық емінде қолданылатын тәсіл. Мұнымен мамандар жыныс-жатыр жолдарының кейбір сырқатын емдеп, жазады. Балшықпен емдеуді жатыр түтікшелерінің ұрық өткізуге қабілетіздігінде де пайдаланады. Мұндай ем кімге қажет, оны алын-ала жүргізілген медициналық тексеру анықтап береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аталықтардың белсіздігі
Аталықтардың белсіздігі жайлы
Жыныстық жолмен берілетін аурулардың түрлері және олардың алдын алу
Аналық ұрық безі
Асыл тұқымды жылқылардың тіркеу кітабы
Ұрықтардың аналық малдың жыныс жолдарымен жылжуы
Есірткінің адам ағзасына әсері
Суицид әлеуметтік құбылыс ретінде, оның мәні мен мазмұны
Әлем халқының ұдайы өсуі. Халықтың өсу заңдылықтары
Отбасымен әлеуметтік жұмыс өзектілігі мен технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz