Наурызбай батыр (1706 —1781 жж.)


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Наурызбай батыр (1706 -1781 жж. )

Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман - Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы.

Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, Алатаудың баурайында дүниеге келген. Бұл кезде Іле, Талас, Алатау мен Қаратау аралығындағы қазақ пен қырғыз жоңғарларға тәуелді еді.

Батырдың көзін ашқаннан естігені батырлар туралы жырлар, аңыз әңгімелер болып, теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығын да көрді. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету туралы арманға жетеледі, батыр болуға құлшындырды.

Наурызбай батырдың өмірі туралы бүгінгі күнгі деректерде Шапырашты Наурызбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз Абылай хан айналасындағы бас батырлар қатарында бағаланады. Бұқар жырау осы үш түлғаның жанындағы мынадай ірі батырларды атайды: Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қара Тілеуке, Қарақалпақ Қылышбек, Текеден шыққан Сатай мен Бөлек, Қаумен, Дәулет, Жөпек, Сеңкібай, Шойбек, Таңсыққожа, Мәмбет, Молдабай, Есенқұл және басқалар.

Әдеби-тарихи деректер мен ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Наурызбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, мақтанышқа айналуы 1727-1731 жылдардың шамасы екендігіне мегзейді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске жетуі осы уақытқа сәйкес келеді. Алатау етегінде жоңғарлардың Шамалған, Қаскелең, Боралдай секілді атышулы батырлары өлім табатын сұрапыл шайқастарда Наурызбай бабамыз ересен ерлік көрсетеді. Қозыбасыда қалың қол бастап, бас батыр атағына ие болады.

Наурызбай батырдың өмірінің бір сәті Ресей патшалығының 1742 жылы күзде жоңғар қонтайшысы Қалдан Серенге жіберген елшісі Карл Миллердің күнделігінде сақталған. 1742 жылы 6 қыркүйектің кешінде Карл Миллер Қарасу өзенінен өтіп, ертеңіне түске жуық Ұлы жүздің Өтеміс деген батырының ауылына келеді. Қасында Әбілқайыр ханның ұлы Ералы сұлтан бастаған топ пен жоңғардың қазақтарға келген екі жаушысы Қашқа мен Бүрүн болады. 16 қыркүйекте Ресей елшісі осы тобымен Шапырашты Наурызбай батырдың ауылына ат басын тірейді. Батыр орыс елшісінің қайдан келе жатқанын, қайда баратынын, не мақсатпен жүргенін, сапарға кімнің жібергенін сұрап, аулына келген жолаушылар туралы толық білгісі келеді. Карл Миллер Ресей патшасының жарлығы бойынша Орынбордан генерал Неплюевтен Қалдан Серенге хат алып келе жатқанын, онда жоңғарлардың қазақтарға шабуылын тоқтатуы туралы ақ патшаның талабы жазылғанын баяндайды. Ресей елшісінен Наурызбай батыр Неплюевтің Қалдан Серенге жазған хатын өзіне оқытуды талап етеді. Бұл талапқа байланысты К. Миллер хаттың мөрленген жабық қағазда екенін, оны бұзуға болмайтындығын айтқанда, Наурызбай былай деген екен:

- Сенің айтқан сөзіңе сенейін бе, жоқ бастығыңның жазған хатына сенейін бе? Хатталмаған сөзіңе, оқымаған хатыңа қалай сенуге болады?

Сол жылғы 18 қыркүйекте Наурызбай батыр К. Миллермен тағы әңгімелеседі. Бұл жолы ол әңгімеге Мәмбетай мен Келдібай деген екі биін қатыстырады. Ресей елшілігінің мақсаты туралы әңгіме қайта басталады. Ол И. Неплюевтің қонтайшыға хатында анық көрсетілген-ді. Онда қазақтардың Ресей патшалығының қол астына қарайтыны туралы мәліметтер де бар болатын. Сонымен бірге жоңғар тұтқынындағы Абылай ханды босатып, еліне қайтару туралы да талап қойылған болатын. Бұл әңгімелердің мазмұнын Наурызбай батыр да Мембетбай мен Келдібай да мақұл көреді. Әңгіме соңында Наурызбай батыр Ресей елшісіне өзінің көңілі толғанын, оны енді жолынан қалдырмайтынын, сапарының сәтті болуын тілейтінін айтып, қанағаттанғандық сезімін білдіреді. 24 қыркүйекте Наурызбай батыр Ресей елшісін өз ұлысының шекарасына дейін шығарып салады.

К. Миллер бастаған елшіліктің нәтижесінде жоңғар билеушілері Қазақстанның мүддесін Ресей қорғайтынына көздері жетеді. Жоңғардың қазақтармен қарым-қатынас үшін жауапты нояны Сары Манжы К. Миллермен бірге қазақ даласын аралап келген өз адамдары Кашка мен Бүрүн ақпарын тыңдап, одан елшіліктің сөзіне құлақ қойып, істің жайын қонтайшыға мәлімдейді. Елшіліктің үсыныстары мен талаптары, түжырымдары жоңғар басшысын ойға қалдырды. Ақырында қонтайшы Ресей талаптарын қабылдайтындықтарын білдіруге бет бүрады. Абылайды түтқыннан босатып, еліне қайтарады. Осы оқиғадан кейін К. Миллер бастаған елшіліктің Ресей-Қазақстан-Жоңғария қарым-қатынасы аясында қазақтар үшін саяси-өлеуметтік маңызы жоғары келісімге қол жеткізуіне, Абылайдың түтқыннан босануына Шапырашты Наурызбай батырдың қосқан үлесінің барына көзіміз жетеді.

Шәді төренің дастанында да Шапырашты Наурызбай батырға қатысты бір мәлімет бар. Ол мәлімет бойынша Абылай хан қалмақтармен бітімге келеді де, Қытайға елші жібереді. Елшінің алдында Шөуешекте екі жаққа ортақ базар ашып, екі ел арасында сауда қарым-қатынасын орнату туралы келісімге қол жеткізу міндеті қойылды. Осы елшілік қүрамындағы басты түлғалардың бірі Шапырашты Наурызбай батыр болады. Шәді тере осы жайды былай сипаттаған:

Шапырашты Наурызбай дүр бірісі,

Найманнан Барлыбай бар екіншісі.

Елшіге Кіші жүзден қосылды кеп,

Тамадан Есет батыр деген кісі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ батырлары таихы
Наурызбай батыр
XVIII ғасырдың басындағы қазақ жерінің Ресей империясының құрамына қосылуының алғышарты
Жоңғар-Қазақ соғысындағы Қазақ батырлары
Қазақ батырлары
Жетісудің археологиялық ескерткіштері, ортағасырлық қалалары және тарихи-мәдени кешендер
ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан
ХҮІІІ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ
ХVI - XVII iғғ. Қазақтардың жоңғаралармен қарым-қатынасы
Қазақ батырларының әскери өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz