Кәсіпорынның инновациялық қызметі
Жоспар.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Бөлім. Инновацияның жалпы мазмұны және классификациясы.
1.1. Инновацияның мәні, белгілері және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Инновациялық процестің негізгі кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3. Инновация әсерлерін бағалау және өлшеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
II Бөлім. Кәсіпорынның инновациялық қызметі.
2.1. Кәсіпорынның инновациялық қызметінің мәні мен алғышарттары ... ..17
2.2. Ұйым және инновациялық қызметті қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның инновациялық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
III Бөлім. Қазақстанның инновациялық қызметін ұйымдастыру жолдары.
3.1. ҚР.ның инновациялық қызметінің маңызы және саясаты ... ... ... ... ... ..29
3.2. ҚР.ның инновациялық қызметін сақтандыру ісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
3.3. Инновациялық қызметтерді басқарудағы жаңа тәсілдері ... ... ... ... ... ... 37
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
Қосымша.

Кіріспе.
Инновация: 1) техникалар мен технологиялардың ауысуымен қамтамасыз етуге байланысты экономикаға қаржы жұмсау;
2) ғылыми техникалық прогрестің жетістігі нәтижесінде жаңа техника мен технология. Инновацияны анықтайтын фактор ─ ол өнертапқыштық, оңтайландыру, ірі жаңалықтарды жарыққа шығару болып табылады.
Инновациялар ғылымды қажет ететін технология негізінде инвестиция арқылы жаңа құрылыстарды салуды және жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта құруды қамтамсыз етеді. Инновацияның қаржылық базасы кәсіпкердің жеке меншігіндегі қаржыларына және қарыз қаражаттарынан құралады. Инновациялық менеджмент банк несиесі, бағалы қағаздар, ақша және тауарлар нарығына сүйеніп, іс жасайды. Инвестицияны қатыстыра отырып, өндірістік жаңа енгізілімін жүзеге асырады.
Инновацияға қатысушылардың арасындағы қатынастардың тиімділігін белгілеу: өндірістік субъектілермен, инвесторлармен (тапсырыс беруші), жұмыс атқарушылармен, жеткізушілермен, олардың жобалау жөніндегі қызметін үйлестіру, инновациялық жобалауды басқаруда назар аударатын мәселе ─ оның нәтижелілігін бағалау.
Инновациялық қызмет ─ бұл әр түрлі тәсілдердің, факторлардың өзара әрекет етуі және ғылыми зерттеулермен, жаңа өнім түрлерін жасаумен, еңбек құралдары мен құрал-жабдықтарды жетілдірумен, ғылым мен техниканың жаңа жетістеріне сәйкес технологиялық процестер мен өндірісті ұйымдастыру формаларымен, жоспарлаумен, қаржыландырумен және ҒТП-тің басқаруымен, экономикалық тетіктер мен стимулдарды жетілдірумен айналысатын басқару органдарының күрделі динамикалық жүйесі; ҒТП-тің интенсивті дамуын жеделдетуге және оның әлеуметтік-экономикалық тиімділігін көтеруге бағытталған өзара шарттастырылған кешендерді реттеудегі шаралар бойынша өңдеу жүйесі болып табылады.
Инновациялық қызмет көпшілік жағдайда ғылыми, техникалық идеялардың жүзеге асырылуымен, нарық сұранысына сәйкес нақты өнім мен технологиялардың өңдеулерімен байланысты болып келеді. Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметті басқару механизмінің экономикалық жетілдіруді қалыптастырудың қажетті негізгі шарты инновациялық кәсіпкерліктің дамуы болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Жолдасбаева Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы ─ Алматы: Экономика, 2002. ─ 109 бет.
2. Мейірбеков А.К., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы ─ Алматы: Экономика, 2003─ 252 бет.
3. Экономика предприятия и отрасли промышленности. 3-е изд., перераб. и доп. ─ Ростов н/Д: «Феникс», 1999 ─ 608 с.
4. Экономика предприятия: Учебник для вузов / И.Э. Берзинь, С.А. Пикунова, Н.Н. Савченко, С.Г. Фалько: Под ред. С.Г. Фалько ─ М.: Дрофа, 2003 ─ 368 с.
5. Экономика предприятия: Учебник для вузов / Под ред. проф. В.Я. Горфинкеля, проф. В.А. Швандара ─ 4-е изд., перераб. и доп. ─ М.: ЮНИТИ─ДАНА, 2004 ─ 670 с.
6. Экономика предприятия: Учебник для вузов / Под ред. П.П. Табурчака и В.М. Тумина. Ростов-н/Д: «Феникс», 2002─ 320 с.
7. Экономика предприятия: Учебник / Под ред. проф. Н.А. Сафронова ─ М.: Юристъ, 2003─ 608 с.
8. Инновационный менеджмент: Учебник / Под ред. В.А. Швандара, проф. В.Я. Горфинкеля ─ М.: Вузовский учебник, 2004 ─ 302 с.
9. Медынский В.Г. Инновационный менеджмент: Учебник ─ М.: ИНФРА-М, 2002 ─ 295 с.
10. «Аль-Пари». Экономический журнал. 2005 – 2.
11. «Аль-Пари». Экономический журнал. 2004 – 2,3.
12. «Қаржы-қаражат ─ финансы Казахстана», 2005 -1.
13. «Саясат». Информационно-аналитический журнал. 2005-3.
14. Статистический ежегодник Казахстана: Статистический сборник/ Под. ред. К.С. Абдиева ─ Алматы: Агенство РК по статистике, 2004─ 598 с.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ
ЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша
Тақырыбы: Кәсіпорынның инновациялық қызметі.
Орындаған:
студенті
Тексерген: э.ғ.к., профессор
Жоспар.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Бөлім. Инновацияның жалпы мазмұны және классификациясы.
1.1. Инновацияның мәні, белгілері және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Инновациялық процестің негізгі
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..7
1.3. Инновация әсерлерін бағалау және
өлшеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..12
II Бөлім. Кәсіпорынның инновациялық қызметі.
2.1. Кәсіпорынның инновациялық қызметінің мәні мен алғышарттары ... ..17
2.2. Ұйым және инновациялық қызметті
қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның инновациялық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
III Бөлім. Қазақстанның инновациялық қызметін ұйымдастыру жолдары.
3.1. ҚР-ның инновациялық қызметінің маңызы және
саясаты ... ... ... ... ... ..29
3.2. ҚР-ның инновациялық қызметін сақтандыру
ісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
3.3. Инновациялық қызметтерді басқарудағы жаңа
тәсілдері ... ... ... ... ... ... 37
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..42
Қосымша.
Кіріспе.
Инновация: 1) техникалар мен технологиялардың ауысуымен қамтамасыз
етуге байланысты экономикаға қаржы жұмсау;
2) ғылыми техникалық прогрестің жетістігі нәтижесінде жаңа техника мен
технология. Инновацияны анықтайтын фактор ─ ол өнертапқыштық, оңтайландыру,
ірі жаңалықтарды жарыққа шығару болып табылады.
Инновациялар ғылымды қажет ететін технология негізінде инвестиция
арқылы жаңа құрылыстарды салуды және жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта
құруды қамтамсыз етеді. Инновацияның қаржылық базасы кәсіпкердің жеке
меншігіндегі қаржыларына және қарыз қаражаттарынан құралады. Инновациялық
менеджмент банк несиесі, бағалы қағаздар, ақша және тауарлар нарығына
сүйеніп, іс жасайды. Инвестицияны қатыстыра отырып, өндірістік жаңа
енгізілімін жүзеге асырады.
Инновацияға қатысушылардың арасындағы қатынастардың тиімділігін
белгілеу: өндірістік субъектілермен, инвесторлармен (тапсырыс беруші),
жұмыс атқарушылармен, жеткізушілермен, олардың жобалау жөніндегі қызметін
үйлестіру, инновациялық жобалауды басқаруда назар аударатын мәселе ─ оның
нәтижелілігін бағалау.
Инновациялық қызмет ─ бұл әр түрлі тәсілдердің, факторлардың өзара
әрекет етуі және ғылыми зерттеулермен, жаңа өнім түрлерін жасаумен, еңбек
құралдары мен құрал-жабдықтарды жетілдірумен, ғылым мен техниканың жаңа
жетістеріне сәйкес технологиялық процестер мен өндірісті ұйымдастыру
формаларымен, жоспарлаумен, қаржыландырумен және ҒТП-тің басқаруымен,
экономикалық тетіктер мен стимулдарды жетілдірумен айналысатын басқару
органдарының күрделі динамикалық жүйесі; ҒТП-тің интенсивті дамуын
жеделдетуге және оның әлеуметтік-экономикалық тиімділігін көтеруге
бағытталған өзара шарттастырылған кешендерді реттеудегі шаралар бойынша
өңдеу жүйесі болып табылады.
Инновациялық қызмет көпшілік жағдайда ғылыми, техникалық идеялардың
жүзеге асырылуымен, нарық сұранысына сәйкес нақты өнім мен технологиялардың
өңдеулерімен байланысты болып келеді. Нарықтық экономика жағдайында
инновациялық қызметті басқару механизмінің экономикалық жетілдіруді
қалыптастырудың қажетті негізгі шарты инновациялық кәсіпкерліктің дамуы
болып табылады.

1.1. Инновацияның мәні, белгілері және түрлері.
Инновация сөзі 1440 жылдары француз тіліндегі жаңғыру немесе жаңару
әлде зат жасаудың жаңа жолы деген мағыналарды білдіретін, innovacyon
сөзінен пайда болған.
Инновация дегеніміз ─ ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің
нәтижесі болып табылатын жаңа технология. Бұл процесс негізгі капиталдың
(өндірістік қорлардың) жаңаруын қамтиды.
Кәсіпорындағы инновациялық стратегияның қалыптасуы мынадай жағдайларға
байланысты:
• жаңа техниканы жасап іске енгізудің тиімділігін арттырудағы
ғылымның айрықша рөлі;
• өндірістің техникалық деңгейінің өсуі;
• жаңа техниканы жасап және іске асыру мерзімдерін қысқартудың
қажеттілігі;
• өндіріс дамуының интенсивті факторларының артуы, олардың ғылыми
техникалық прогресті экономиканың барлық саласында қолданылуына
ықпал жасауы;
• ойлап тапқыштар мен рационализаторлардың творчествосын дамыту;
• жаңа өнімді шығаруда, кәсіпорындардың шығындарының көбейіп,
экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы;
• техника мен технологияның тез арада моральдық тозуы;
• жаңа техника мен технологияны жылдам енгізудің қажеттілігі және
т.б.
Инновациялық қызмет кәсіпорынның жұмыстары мен кезеңдерінің орындалуын
қарастырады. Осы жұмыстардың көлемі мен мазмұны инновацияның түрлеріне және
кәсіпорынның бар әлеуетіне байланысты. Инновацияның негізгі белгілерін
қарастырайық:
Жаңалық (новизна). Бұл белгі негізінен өзгеру процесін сипаттайды.
Жаңалық деңгейі жоғары болған сайын, материалды-заттай және адам
ресурстарына инвестициялар көлемі үлкен болады.
Белгісіздік және теуекелділіктер. Сонымен қатар жаңалық деңгейі
белгісіздік дәрежесін анықтайды, бұл жеткіліксіз тәжірибе мен жаңа
идеяларды жүзеге асырудағы сәтсіздікпен түсіндіріледі. Тәуекелділік ең
алдымен мынадан тұрады: нәтижелер тіпті жүзеге аспайды немесе кеш жүзеге
асады және бұл бірінші кезекте кәсіпорынның имиджне әсер етеді.
Нәтижелердің жүзеге асурылуы кезінде нақты шығандар елеулі түрде жоспардан
артуы мүмкін, соңында бұл өнімнің бәсеке қабілеттілік деңгейін төмендетеді
және нарықтағы орнын жоғалтады.
Жиынтылық. Инновацияларды жекеленген шаралар ретінде қарастыруға
болмайды. Әр түрлі қатысушылардың жұмысын басқарушы қажеттілігі және
инновациялық процестің бөлек кезеңдері жиынтылықтың белгісі болып табылады
және бұл инновациялық процесстерді басқару бойынша дербес ұйымдық құрылымын
қажет етеді.
Жанжалдық. Жоғарыда қарастырылған инновация белгілері тұлғааралық және
іскерлік жанжалдардың себептері болып табылады. Негізінен көпшілік
жағдайда жанжалдар кәсіпорын қызметкерлері жаңалықтар енгізу кезінде өзінің
жұмыс міндеттерінен басқа жаңа қызметтер мен қосымша міндеттерді орындау
уақытында пайда болады.
Инновацияның мынадай түрлері болады:
1. Жаңалығына байланысты:
• базистік инновациялар, олар ірі зерттеулерді жүзеге асырады;
• жақсарту инновациялары, кіші және орташа зерттеулерді іске
асырады;
• жалған инновация, техника мен технологияның ескірген бөліктерін
біртіндеп жақсартуға қолданылады.
2. Қолданылуына байланысты:
• өнімдік инновациялар ─ жаңа өнімдерді шығарып, қолдануға
бағытталған;
• технологиялық инновациялар ─ жаңа технологияларды шығарып,
қолдануға бағытталған;
• әлеуметтік инновациялар, жаңа құрылымдарды құруға бағытталған;
• нарықтық инновациялар, жаңа нарықтардағы өнімдер мен қызмет
етуді тұтынуды іске асыруға бағытталған.
3. Шығу көздеріне байланысты.
• ғылым мен техниканың дамуынан пайда болған инновациялар;
• өндірістің қажеттілігінен пайда болған инновациялар;
• нарықтың қажеттілігінен пайда болған инновациялар.
4. Қайта өндіру процесіндегі рөліне байланысты:
• тұтыну инновациялары;
• инвестициялық инновациялар.
5. Масштабына байланысты:
• күрделі инновациялар;
• жай инновациялар.
Инновациялардың классификациясына қарай отырып, жаңа енгізілімдердің
көп түрлі болатынын байқаймыз.
1.2. Инновациялық процестің негізгі кезеңдері.
Инновациялық процесті идеяның тауарға айналу реттілік процесі ретінде
қарастыруға болады және іргелі, қолданбалы зерттеулер, конструкторлық
өңдеулер, маркетинг, өндіріс, өтім кезеңдерінен өтудегі ─ технологияларды
коммерциализациялау процесі.
Инновациялық процесс әр түрлі жағдайлардан және әр түрлі дәрежедегі
нақтылаудан қарастырылуы мүмкін.
Біріншіден, ғылыми-зерттеудің, ғылыми-техникалықтың, инновациялықтың,
өндірістік қызметтің және маркетингтің параллельді-реттілік түрдегі жүзеге
асырылуы.
Екіншіден, жаңалықтың өмірлік циклның идеяның пайда болуынан бастап
оның өңдеуі мен таратуындағы уақытша кезеңдері ретінде.
Үшіншіден, жаңа өнім түрі мен қызмет көрсетуді өңдеу мен таратудағы
қаржыландыру мен инвестициялау процесі ретінде.
Жалпы инновациялық процесс жаңа табыстарын алудан және
коммерциализациялаудан, жаңа технологиялардан, өнім және қызмет түрлерінен,
өндірістік, қаржылық, әкімшілділік немесе басқа сипаттағы және басқа
интеллектуалдық қызметтің нәтижелерінен тұрады.
Изменение характера инновационного процесса атты еңбегінің авторы Рой
Росвелл инновациялық процестің бірнеше модель буынын ұсынды.
Инновациялық процестің мәнінің желілік жолын ол 1950 және 1960
жылдардың ортасына жатқызады, яғни инновациялық процестің бірінші буынына,
бұл технологиялардың әсерлерінен алға жылжып отырады. (1-сурет).
1-сурет. Инновациялық процестің бірінші буыны.
Росвелл бойынша, инновациялық процестің екінші буыны 1960 жылдардың
аяғы мен 1970 жылдардың басына жатады деген. Бұл да желілік-тізбектілік
модель, бірақ нарық маңыздылығына тіреледі және қажеттіліктерге ҒЗТКЖ
әрекет етуді. (2-сурет).
2-сурет. Инновациялық процестің екінші буыны.
Үшінші буын: 1970 жылдардың басы ─ 1980 жылдардың ортасы. Түйіндес
модель. Маңызды түрде бірінші мен екінші буындардың қиыстырылуы
технологиялық қабілеттер мен нарық қажеттіліктері мен мүмкіндігіне
байланысты. (3-сурет).
3-сурет. Инновациялық процестің үшінші буыны. Инновациялық процестің
интерактивті моделі.
Төртінші буын: 1980 жылдардың ортасы ─ қазіргі уақыт. Бұл алдыңғы
қатарлы жапондық модель. Интегралданған топтың параллельді қызметіне және
сыртқы көлденең және тік байланыстарға назар аударуымен ерекшеленеді.
Мұнда параллельді қызмет маңызды. Әр түрлі бағыттардағы іс-әрекетті орындау
негізінде бірнеше топ мамандары бойынша бір уақытта жұмыс жасау
қарастырылады. Бұл тапсырмаларды шешуді тездетеді.
Бесінші буын: қазіргі уақыт ─ болашақ. Бұл стратегиялық тораптар,
стратегиялық интеграция, байланысты орнату моделі. Бұның басқалардан
ерекшелігі, параллельді процеске жаңа функциялардың қосылуында. Бұл есептеу
техника жүйесін, информатиканы қолданудағы ҒЗТКЖ-нің енгізу процесі және
солардың көмегімен стратегиялық байланыстар орнатылады.
Инновациялық идеялардың пайда болуы жаңа ғылыми нәтижелерді пайдалану
мүмкіндігі фундаментальды кезеңде және іздестірушілік зерттеулерінде,
қолданбалы зерттеулерде, өңдеулерде жүзеге асады.
Жаңа техниканы жасау және меңгеру процесі жаңа ғылыми білімдерді
алуға бағытталған фундаментальды зерттеулерден (ФЗ) басталады. ФЗ-ның
мақсаты ─ құбылыстар арасындағы жаңа байланыстарды ашу, табиғаттың даму
заңдылықтарын түсіну. ФЗ теоретикалыққа және іздестірушілікке бөлінеді.
Теоретикалық зерттеулердің нәтижелері ғылыми жаңалықтарда , жаңа
түсініктерді ұсыну мен дәлелдеуде, жаңа теорияларды жасауда көрініс табады.
Іздестірушілікке негізгі міндетті қамтитын идеялар мен технологиялардың
жаңа прициптерін ашудағы зерттеулер жатады. Іздестірушілік ФЗ қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдістерін экспериментальдік
тексерумен және дәлелдеумен аяқталады. Барлық іздестірушілік ФЗ академиялық
мекемелерде, ЖОО-да, сонымен қатар ірі ғылыми-техникалық өнеркәсіптік
ұйымдардағы жоғары ғылыми білікті персоналдарында жүргізіледі.
Инновациялық процестің келесі кезеңі ─ қолданбалы ғылыми-зерттеушілік
жұмыстар. Олардың орындалуы теріс нәтижелерді алумен байланысты болып
келеді. Қолданбалы ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды жүргізуге құралдарды салу
кезінде тәуекелділік пайда болады. Егер инвестициялар инновацияда
тәуекелділік сипатта болғанда, олар тәуекелді инвестициялар деп аталады.
Тәжірибелі-конструкторлық және конструкторлы-жобалау жұмыс кезеңдері
жаңа өнім түрін өңдеумен байланысты. Ол эскизді-техникалық жобалауды,
жұмыстық конструкторлық құжаттамалауды шығаруды, тәжірибелі нұсқаларды
сынауды және жасауды қарастырады.
Тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар (ТКЖ) техникалардың,
материалдардың, технологиялардың жаңа нұсқаларын жасау үшін қолданбалы
зерттеулердің нәтижелерін қолдануда көрініс табады. ТКЖ ─ бұл ғылыми
зерттеулердің қорытынды сатысы және зертханалық жағдайлар мен
экспериментальдық өндірістерден өнеркәсіптік өндіріске өзгеше түрде өтуі.
ТКЖ-ға мыналар жатады: инженерлік объектінің белгілі конструкциясын өңдеу,
жаңа объектінің нұсқаларын және идеяларды өңдеу, технологиялық процестерді
өңдеу.
Инновациялық жобаның күрделілігіне байланысты (жаңа өнім түрін меңгеру
және өңдеу) инновациялық қызметтің бастапқы кезеңінде шешілетін міндеттер
әр түрлі болуы мүмкін. Көбінесе, ірі инновациялық жобаларды меңгеру және
өңдеу кезінде ғылыми-зерттеулер жұмыс нәтижелерінің жүйелік интеграциясы
жүзеге асады.
Бастапқы кезеңдегі жұмысты атқарушылары болып ғалымдардың шығармашылық
ұжымдары, ЖОО-дың, университеттердің, институттардың, мемлекеттік және
ғылыми-техникалық орталықтардың (ҒТО) инженерлі-техникалық жұмысшылары
табылады.
Инновациялық қызметтің нәтижесінің тәжірибелік жұмысын жасау нарықтық
кезеңде жүзеге асады, бұл нарыққа енгізуді, нарықты кеңейтуді, өнімнің
жетілуін және төмендеуін қамтиды.
Өндірістің алдын алу сатысында тәжірибелі және экспериментальды
жұмыстар жүргізіледі. Ғылыми зерттеулер мен өңдеулерді жүргізуге қажетті
экспериментальдық жұмыстар арнайы құрал-жабдықтарды қамтамасыз етуге,
жасауға, жөндеуге бағытталған.
Өнеркәсіптік өндіріс сатысы екі кезеңнен тұрады: жаңа өнім өндірісі
және оны тұтынушыларға жеткізу. Біріншісі ─ бұл тұтынушылардың сұранысымен
анықталатын, материалданған жетістіктердің ғылыми-техникалық өңдеудегі
тікелей қоғамдық өндірісі. Екіншісі ─ жаңа өнімді тұтынушыға жеткізу.
Инновациялық процестің ҒТП-тен айырмашылығы, ол енгізумен аяқталмайды,
яғни жаңа өнімнің нарықта бірінші пайда болуы және қызмет көрсетуі. Бұл
процесс енгізуден кейін де тоқтамайды, өйткені тарату (диффузия) шаралары
бойынша жаңалық әбден жетіледі, тиімдірек болады, бұрын белгілі болмаған
тұтынушылық қасиетті иемденеді. Бұл оған жаңа нарық пен қолдану саласына
және жаңа тұтынушыларға жол ашады. Осылайша, бұл процесс нарық талап ететін
өнімдерді жасауға, қызмет көрсетулерге бағытталған және тығыз біртұтас
ортада жүзеге асатын: оның бағыттылығы, қарқындылығы, мақсаттары әлеуметтік-
экономикалық жағдайларға байланысты және онда ол қызмет атқарады, дамиды.
Инновациялық ортаның әр түрлі деңгейлерінде пайда болатын диффузды
процестердің мәні жаңалықтар мен жаңалық енгізудің тепе-теңдік күйде
таралуының ғылыми-техникалық, өндірістік, ұйымдық-экономикалық қызметтердің
іскерлік циклмен және қызмет көрсету сферасымен анықталады. Соңында
диффузды процестер қоғамдық өндірістегі жаңа технологиялық тәртіптерге
басымдылық жағдайды алуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге экономиканың құрылымдық
қайта құрылуы жүзеге асады.
1.3. Инновация әсерлерін бағалау және өлшеу.
Инновацияның әсерлеріне техникалық, экономикалық, әлеуметтік,
экологиялық және инновациялық процестің басқа нәтижелері жатады.
Инновация әсерлері мен инновациялық процестің тиімділігін бағалау
келесі шектеулер мен рұқсаттамаларға негізделген:
• инновация әсерлері бөлек кәсіпорын деңгейлерінде бағаланады және
өлшенеді;
• өлшеуде экономикалық, техникалық, әлеуметтік, экологиялық және
т.б. әсер түрлері қарастырылады;
• кәсіпорын инновациялық жобаға инвестицияланған құралдарды
қайтарып алуға сенеді, яғни қаржылық нәтиже инновация
табыстылығының соңғы белгісі болып табылады;
• әсерлерді өлшеу үшін сапалық және мөлшерлік әдістер қолданылады;
• әсерлер инновациялық процестің барлық кезеңдері бойынша өлшенеді
және бағаланады, инновация идеяларынан бастап коммерциялық іске
асырудың бастапқы кезеңімен аяқталады;
• инновациялық процестің барлық қатысушылары жағынан кезең бойынша
әсерлерді өлшеу мен бағалау жүзеге асады;
• алынған инновация нәтижелерін салыстыру үшін өлшенетін
көлемдердің барлығы қарастырылады.
Инновацияны жүзеге асыру кезінде пайда болатын нәтижелер әр түрлі
деңгейлер мен бағыттарда өлшенуі мүмкін. Жалпы екі негізгі деңгейді
қарастыруға болады: микро және макродеңгейде. Микродеңгейде, яғни кәсіпорын
деңгейінде, бөлек инновациялық жоба бағаланады, бұл жаңа өнім жасауды,
енгізуді немесе қызмет көрсетуді, технологияларды, жоспарлау жүйелерін,
есептеуді және т.б. қарастырады. Бір кәсіпорын деңгейінде жүзеге асатын
кешенді жобалар сериялары бағаланатын болса, онда макродеңгейлік бағалауды
айтуға болады. Бұл жерде, саладағы лидердер болып табылатын ірі
кәсіпорындар туралы айтылған. Макродеңгейге әр түрлі саладағы кәсіпорындар
мен кооперация шеңберінде іске асатын инновациялық жобалардың кешендерін
жүзеге асыру нәтижелері жатады. Салалық немесе халықшаруашылық бағытындағы
инновациялардың іске асуы кезінде пайда болатын әсерлер макродеңгейде
бағалануы және өлшенуі керек.
Макро және микродеңгейлер арасындағы аралық кәсіпорын деңгейінде
бірнеше техникалық тектес және өзара байланысты синергетикалық әсерлердің
жетістіктерін қамтамасыз ететін инновациялық жобалардың өңделу нәтижелері
болып табылады.
Тікелей Тікелей Тікелей Тікелей емесЖүйеліктерИндивидуалд
емес ы
Объект жаңа айналыстыбәсекелестерэкологиялы ғылыми
бірліктертехнологиялжоғарлатуде гі сату қ қабылдау
і үшін арды көлемінің
ерекше меңгеру, төмендеуі
түрде оқу
анықталад
ы
ноу-хау табысты әсекелестердәлеуметтікөзін таныту
көбейту егі
шығындардың
көбеюі
патенттер,ашығындард басқарушыл
ртықшылықтаы ық
р төмендету
әлсіз нарықтың
орындарды өсім
табу үлесі
4-сурет. Инновациялық қызмет әсерлерінің түрлері.
Жоғарыда айтылғандай, инновация процесінің барлық нәтижелер түрлері
бағалану және өлшену қажет.
Техникалық әсерлер. Инновациялық жобалардың әр қайсысына техникалық
әсерлердің өзіндік ерекше өлшеуіштері анықталуы керек. Мысалы, техникалық
инновация процесі кезінде сенімділік, беріктілік, тезқозғалғыштық, уақыт
мерзімдік және т.б. берілген сипаттамалар жүзеге асуы мүмкін.
Басқарушылық инновация сферасындағы техникалық әсерлерге, мысалы,
шығындардың пайда болу орындарына байланысты олардың дәл есептеулерін
көтеру, құжат айналым уақыттарын қысқарту және т.б. жатқызуға болады.
Тікелей техникалық әсерлерді объективті бағалау зерттеушілердің,
инженерлердің, технологтардың және инновацияның объектісі бойынша басқа
мамандардың көмегі арқылы алынуы мүмкін.
Тікелей әсерлермен қатар тікелей емес әсерлер болады. Тіпті егер
инновация жоспарланған техникалық әсерлерге жетпесе, жаңа өнім, қызмет,
әдістер мен амалдарды меңгеру аймағында оқытулық әсерлер пайда болады.
Сонымен қатар, бөлек ноу-хау және артықшылықтарды тіркеуді патенттеу жүзеге
асуы мүмкін, сонымен бірге техникадағы әлсіз орындарды, технологияларды,
кәсіпорын ұйымдарын білу қарастырылады.
Экономикалық әсерлер. Шешім қабылдау сатысында инновацияның
экономикалық тиімділігін бағалау есептемелерін және инновацияның жүзеге
асудағы коммерцияның бастапқы фазасында бағаланатын экономикалық әсерлерден
айырып білу керек. Біріншілері ─ инновацияның ең қолайлы баламаларын
таңдауда қолданылады, екіншілері ─ кәсіпорын қызметтерінің нақты
жағдайларын қоса алғанда, таңдалған баламаларды жүзеге асырудағы
нәтижелерді бағалау үшін қолданылады.
Экономикалық әсерлерді техникалық әсерлер сияқты тікелей және тікелей
емес деп бөлуге болады. Тікелей әсерлерге пайда өсімін, айналыстың
жоғарлауын, нарық өсімін, шығындардың төмендеуін және т.б. жатқызуға
болады. Қарастырылған экономикалық әсерлер түрлерін белгілі уақыт
аралығында және де өнім бірлігінде де өлшеуге болады. Өлшеу әдісін таңдау
инновацияның түріне байланысты.
Тікелей емес экономикалық әсерлер ең алдымен бәсеке аймағында көрініс
табады: бәсекелестердегі сату көлемінің төмендеуі, бәсекелестердегі
шығындардың жоғарлауы және т.б.
Басқа әсерлер. Жүйелік және индивидуалды аймақтағы әсерлерді бағалай
және тани білу керек. Инноваторлардың сәттілігінің индивидуалды
аспектілерінде маңызды орынды жариялауда қабылдау, беделді премия алу және
т.б. алады. Қазіргі кезде жаңа өнімдерді және технологияларды жасау
саласында қоршаған ортаға зиянды әсер етудің төмендеуі инновацияның
сәттілік көрсеткіші болып табылады.
Инновацияның жүзеге асырудың әлеуметтік нәтижелері ретінде жаңа жұмыс
орындарын жасауды, жұмыс жағдайын жақсартуды, жаңа басқару әдістерін енгізу
арқылы ұжым арасында адамдық қатынастарды жасауды айтуға болады.
Инновация табысты ма немесе табысты емес пе? деген қорытындының
дұрыстығы табыс көрсеткішінің қандай уақытта өлшенгендігіне байланысты.
Мысалы, инновациялық процестің жүзеге асырылуындағы тікелей экономикалық
әсерлер өлшенетін болса, онда өнімді шығарғаннан кейін өлшеуді жүргізу
керек. Бұл жерде жыл ішінде белгілі бір сату көлеміне жеткеннен кейін
өлшеуді бір жылдан, екі жылдан кейін жүргізу керек.
Инновациялық әсерлерді өлшеу мен бағалауда маңызды орынды бағалау
субъектісін таңдау алады. Оның сайма-сайлығы, толықтылығы, аспектілері,
әділдік деңгейін бағалауды кім жүргізгеніне байланысты. Инновацияның
табыстылығын бағалау субъектілерінің түрлері 5-суретте көрсетілген.
5-сурет. Инновацияның табыстылығын бағалау субъектілерінің түрлері.
Инновация әсерлерін өлшеу концепциясы инновациялық процестің барлық
кезеңдерін реттілік түрде қамтуына негізделген. Осы концепцияға сай өлшеуді
процесс алып жүреді, ал нәтижелер басқарушылық шешім қабылдау үшін
қолданылады. Кезеңнің аты, аралық нәтижелердің түрлері, сандық өлшеуіш,
бағалау субъектілері 1-кестеде көрсетілген.
1- кесте.
Инновациялық процестің кезеңдері бойынша бағалау және өлшеу.
Кезеңнің аты. Аралық Нәтижелердің Бағалау
нәтижелердің түрі сандық өлшеуі субъектісі
(сатыны
бағалаушы)
Өнім(қызмет) Бірнеше өңделген Идеялар саны, Техника бойынша
идеясы идея мен ұсынысты альтернативалар эксперттер
сипаттайтын
хаттама
Зерттеулер, Конструкциялар, Өндірістіліктің Техника бойынша
өңдеулер прототиптер, өсімі, жылдық эксперттер
экспериментальды өнімнің шығуы,
қондырғылар ресурс
шығындарының
төмендеуі,
техниканы дамыту
Жаңалық ашу Патенттер, Аталған Ғылыми
публикация, премиянәтижелердің саны қызметкерлер
Инвестициялар, Нарықтық өнімдер, Техникалы-экономикМаркетинг бойынша
шығару, маркетинг жүзеге асырылатын алық жақсарулардыңменеджерлер,
технологиялар толық сипаттамасы инженерлер
Инновацияларды Айналым, Ақша құралдарының Маркетинг,
нарыққа немесе шығындарды абсолютті сомасы, өндіріс
өндіріске шығару экономдау, пайда индекстер, уақыт бөлімдері,
бойынша салыстыру тексерушілер,
көлемі, бағалы сала бойынша
қағаздар курсының эксперттер,
өсімі банкирлер
Ағымдық сауда Нарық, шығын,
немесе қолдану пайдалар үлесінің
өзгеруі

2.1. Кәсіпорынның инновациялық қызметінің мәні мен алғышарттары.
Кәсіпорынның инновациялық қызметі ─ бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы,
не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы
ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке
сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын
қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
• өнімділік;
• үдерістік.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбейгейлі өнімділігі
ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияларға
негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологиялардың жаңа түрін
пайдаланып ұштастырады.
Процестік инновация ─ бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және
технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды
өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновациялар негізінде жаңа, яғни өткен отандық
және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрселердің салыстырмалы
жаңалығы болып ұсақталды. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және
қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің
түп нұсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестің және
жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік
кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келгеннен өндірістік өткізуден
алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды
пайдалануда қосылатындары:
• жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің
жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа
конструкцияның және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және
конструкциялық жұмыстарды жүргізу;
• өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен
материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу;
• жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
• қажетті өнімді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтардан өткізу
және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
• жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-
басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
• қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен
қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
• қажетті ғылыми зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу
үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді
арнайы әдіспен іріктеу;
• лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе
қажетті құжаттарды алу;
• инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік
зерттеулерді жүргізу.
Әлемнің дамыған елдерінің басты мақсаттарының бірі ұзақ мерзімді
экономикалық өсімді қамтамасыз ету болып табылады. Мұнда үлкен көлемдегі
өндіріс, жоғары сапалы тауарлар мен қызметтер туралы айтылады.
Экономикалық өсім өндіріс тиімділігінің жоғарлауымен, жұмыссыздықты
азайтумен, баға мен қаржылардың тұрақтылығымен, сыртқы экономикалық
байланыстардың кеңеюімен және басқа да оң нәтижелі экономикалық, әлеуметтік
процестермен бірге жүреді.
Экономикалық өсім ұлттық экономика және өнеркәсіптің барлық
салаларындағы кәсіпорындардың табысты қызметінің нәтижесі болып табылады.
Ресейлік Эксперттік институтының экономистері өнеркәсіп саясатының
мәселелерін зерттеу барысында мынадай қорытынды жасады: экономикалық
өсімнің негізіне екі процесс жатады. Олар:
1. технологиялық укладтың ауысымы, бұл жаңа тауарлар өндірісін
жасауға және бұрын меңгерілген тауарлардың өндіріс тиімділігін
көтеруге ықпал жасайды;
2. елде технологиялық укладқа негізделген өндіріс өсімі ─ тауар мен
қызмет өндірісінің техникалық тәсілдер жиынтығы және оларға
шаруашылық қызметтегі ұйымды-экономикалық формаларының неғұрлым
тепе-тең болуы.
Технологиялық укладтың концепциясы соңғы үш ғасыр кезеңінде технология
эволюциясында бес толқулар болып өтуіне негізделген. Осылардың әрқайсысы
технологиялық укладтың белгілі типін қалыптастырды.
Бірінші уклад (1785-1835) текстильді өнеркәсіпте жаңа технологиялар
және су энергиясын қолдану негізінде қалыптасты.
Екінші уклад (1830-1890) теміржол транспортының және бу двигателін
қолдану негізіндегі барлық өнім түрлерін өндірістік механикаландырудың
дамуымен байланысты. Сонымен қатар шағын фирмалармен бірге мыңнан астам
жұмыс орны бар ірі кәсіпорындар дамыды және кәсіпкерліктің жаңа формалары,
акционерлік қоғамдар пайда бола бастады.
Үшінші уклад (1880-1940) өнеркәсіптік өндірісте электроэнергияларды
қолдануға, ауыр машина жасау және электротехникалық өнеркәсіптің дамуына,
химия және химиялық кешен саласындағы жаңалықтардың дамуына негізделген.
Үлкен фирмалар, картельдер, трестер, шағын компаниялар дамыды, шағын
компаниялар үлкейе бастады және орта буынды басқаратын басқарушылар пайда
болды. Нарықта үстемдік жағдайға монополиялар мен олигополиялар ие болды,
бірақ сонымен бірге мемлекет не бақылау жасайды, не мемлекет толық табиғи
монополияларға ие болды және мемлекет қоғамдық игіліктермен қамтамасыз
етті. Банктік және қаржылық капиталдардың шоғырлануы жүзеге аса бастады.
Төртінші уклад (1930-1990). Оның негізіне ─ келешектегі энергетиканың
дамуына және негізінен мұнайды, мұнай өнімі және газды, байланыс
құралдарын, жаңа синтетикалық материалдарды қолдануға негізделген. Бұл ─
көптеп өндіру кезеңі. Шапшаң автомагистральдар, әуежайлар құрыла бастады.
Содан кейін кең көлемде компьютерлер таратыла бастады және оларға қажетті
бағдарламалық өнімдер, радарлар, атомдар, бұл әскери мақсаттарда, содан
кейін бейбітшілік мақсатта қолданылды. Нарықта олигополиялық бәсеке
үстемдік етті, әр түрлі елдер нарығында тікелей инвестицияларды жүгезе
асыратын және сонда өздерінің өндірістерін қалыптастыратын трансұлттық
корпорациялар пайда болды.
Бесінші уклад 80-ші жылдардың ортасынан бастап қалыптаса бастады. Оның
негізі болып микроэлектроника, информатика, биотехнология, жаңа энергия
түрлері, ғарыштық кеңістікті меңгеру, байланыс спутниктерінің жетістігіне
және т.б. табылады. Бұл кезеңде өнімнің сапасын бақылау, инвестицияларды
жоспарлау, технология саласында тығыз қарым-қатынастар орнатыла бастады.
2.2. Ұйым және инновациялық қызметті қаржыландыру.
Инновациялық қызметтің келесі негізгі ұйым формалары бар:
• ғылыми орталықтар және корпоративтік құрылымдар құрамындағы
зертханалар. Олар ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелі-
конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) жүзеге асыруға, жаңа өнім мен
қызметтер өндірісін және меңгеруді ұйымдастыруға бейімделген;
• уақытша шығармашылық ғылыми ұжымдар немес орталықтар, бұлар
белігілі бір ірі және оригиналды ғылыми-техникалық мәселелерді
шешу үшін құрылады. Қойылған мақсатқа жеткеннен кейін осы
ұжымдар немесе орталықтар тарап кетеді немесе қайта құрылады.
• мемлекеттік ғылыми орталықтар (МҒО) ─ мемлекеттік ғылыми
ұйымдардың ерекше типі, келісуді қамтамасыз етуге бейімделген,
бір жағынан, мемлекеттің ұзақ мерзімдік стратегиялық
басымдылықтарының ғылым мен техника маңызды бағыттарын дамыту,
екінші жағынан, ғылыми-техникалық қызметтің экономикалық және
әлеуметтік мүдделерінің нақты субъектілері;
• технопарктік құрылымдағы әр түрлі формалары (ғылыми
технологиялық және зерттеушілік парктер, инновациялық,
инновациялы-технологиялық және бизнес-инновациялық орталықтар,
бизнес инкубаторлары, технополистер).
Технопарктар ─ бұл ғылыми-өндірістік территориялық кешендер, бұлардың
мақсаты шағын және орта ғылымды қажетсінетін инновациялық фирма-
клиенттерінің дамуына қажетті жақсы ортаны қалыптастыру болып табылады.
Технопарктің құрылымында информациялы-технологиялық, оқу, консультациялық,
информациялық, маркетингтік орталықтар, сонымен қатар өнеркәсіптік зоналар
болуы мүмкін. Осы орталықтардың әрқайсысы маманданған қызмет жиынтығын
ұсынады, мысалы, іздеу бойынша қызмет және белгілі бір технология бойынша
информацияны жіберу, мамандарды қайта даярлау бойынша қызметтер, әр түрлі
сипаттағы консультациялар және т.б.
Мысал ретінде Зеленоградтық ғылыми-технологиялық парк, Пермдық ғылыми-
технологиялық парк және т.б. келтіруге болады.
Бизнес-инкубатор ─ жаңа кәсіпкерлер өзінің ісін атқарудағы дағдыларын
алады, бұнда оларға құқықтық, экономикалық консультативтік көмек
көрсетіледі.
Технополистер заман талабына сай ірі ғылыми-өнеркәсіптік кешендер,
сонымен қатар университеттер және басқа да жоғары оқу орындары, ғылыми-
зерттеушілік институттар болып табылады. Бұл жерде жаңа ғылыми бағыттар
және ғылымды қажетсінетін өндірістердің дамуына жақсы жағдайларды
қамтамасыз етуді жүзеге асырылады. Мысал ретінде Обнинскідегі, Пущинедегі
технополистер келтіруге болады. Бұлар альтернативті фирмалар және
жаңалықтарды меңгеруге, ноу-хау, жаңа өнім және қызмет түрлерінің аз
көлемдегі серияларының өндірісін меңгеруге маманданған.
Инновациялық қызметті жүзеге асыруда үлкен маңызды орынды оның
анықтылық және өз уақытындағы қаржыландыруы алады. Бұл қызмет үлкен
дәрежелі белгісіздік пен тәуекелділіктік сипатта болғандықтан, оның
қаржылық реттелуіне қаржылық көздерінің көптілігі, инновациялық
процестердің тез ауысатын ортасына икемділік пен бейімділік маңызды.
Ресейде инновациялық қызметтің негізгі қаржыландыру көздері ─
бюджеттік және бюджеттен тыс құралдар болып табылады.
Бюджеттік құралдарға федералды бюджет, РФ субъектілерінің бюджеттері
және жергілікті бюджеттерді жатқызуға болады. Ірі масштабты ғылыми-
техникалық мәселелерді, шағын және орта инновациялық бизнестерді
қаржыландыру бюджеттік құралдар есебінен жүзеге асырылады.
Бюджеттен тыс құралдарға: 1) инновациялық қызметті жүзеге асыратын
кәсіпорындар мен ұйымдардың өздерінің құралдары; 2) инвесторлардың
құралдары.
1. инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған кәсіпорындар мен
ұйымдардың өзінің құралдарының құрамына пайдадан аударымдар,
амортизациялық аударымдар қорлары, өндірісті дамыту қорлары кіруі мүмкін.
Амортизациялық аударымдар амортизациялық қорларда шоғырландырылады.
Бұл қор инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті жаңа құрал-жабдықтарды
алудағы, жаңа технологияларды енгізудегі негізгі көзі болып табылады.
Өндірісті дамыту қоры кәсіпорынның билігінде қалатын пайдалардан
қалыптасады. Бұл қордың құралдарына құрал-жабдықтарды алуға, өндірісті
қайта құруды жүзеге асыруға, жаңа объектілердің құрылысын қаржыландыруға
болады.
2. Инновациялық қызметке инвесторлардың құралдары тартылады. Бұл
мыналар болуы мүмкін: ақша түріндегі, бағалық қағаздар түріндегі тікелей
салымдар, құрал-жабдықтар, негізгі қорлардың басқа түрлері, несиелік
инвестициялар, акциялардағы инвестициялар, облигациялар, вексельдер және
т.б.
Инновацияны жүзеге асыруға қажетті жалға беру сипатындағы қымбат құрал-
жабдықтарды, энергетикалық қондырғыларды, компьютерлік және
телекоммуникациялық техникалар алуға немесе қолдануға инвестициялаудың
прогрессивті формасына, яғни лизингке жүгінеді.
Лизинг ─ машиналар мен құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға беру,
жалға берушімен сатып алынған жалға алушы үшін инвестициялық мақсаттағы
басқа тауарлар.
Экономикалық жағынан лизинг несиемен ұқсас. Басқаша айтқанда, егер
лизингті жеделдік, қайтарымдылық, төлемділік шарттарына негізделген
меншікті уақытша қолдануға беру құралы ретінде қарастырсақ, онда оны
негізгі қорларға тауарлық несие ретінде классификациялауға болады, сонымен
қатар олардың активті бөлігіне ─ құрал-жабдықтар жатады. Бірақ лизинг
дәстүрлі банктік несиелеуден тартымдырақ, әсіресе тез дамытын шағын және
орта кәсіпорындарға.
Лизингтік компаниялар, көпшілік жағдайда бір уақытта лизинг беруші ─
кәсіпорындарға, жиі жеке тұлғаларға құрал-жабдықтарды жалға беруді
қамтамсыз ететін мамандандырылған мекеме. Лизингтік компанияның негізгі
мақсаты өздерінің клиенттеріне қажетті бұйымдарды алуға және оларды алдын
ала белгілі бір төлемге сай белгілі уақытқа жалға беру болып табылады.
Жалгерлік аяқталғаннан кейін материалдық құндылықтарды жалға алушы фирма
лизингтік компанияға қайтарып береді, не келісім шарттың уақытын ұзартады
немесе қалдық құны бойынша оны сатып алады.
Лизингтің тиімділігі сонда, ол арқылы жалға алушы қазіргі техниканы
сатып алуға көп ақша жұмсамайды. Бұл жалгерлік форма шағын және орта
кәсіпорындар үшін тартымды. Лизинг тұтынушылардың ғылым мен техниканың жаңа
жетістіктеріне жол ашады.
Лизингтің экономикалық мазмұны және оның жалға беруден (аренда)
айырмашылығы келесілерден тұрады. Белгілі бір материалды құндылықтарды
жалға алу кезінде жалға алушы олардың иесі болмайды және осы меншікке
байланысты құқықтық міндеттерге ие болмайды. Лизингті алушы меншік
құқықтарына байланысты міндеттерді өзіне жүктейді. Лизингті беруші жалға
беруші сияқты лизинг объектісінің иесі болып қалады. Лизинг объектісін
жойылуы немесе қолдану мүмкін емес жағдайда лизингті алушы қарызды өтеу
міндеттерінен босатылмайды.
Кей кезде, лизингтің жалға беруден айырмашылығы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz