Сақтардың мәдениеті мен өнері жайлы



І. Кіріспе: Этникалық және саяси тарихы
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тұрғын үй және киімі
2. Діни нанымдары мен ғұрыптары
3. Бейнелеу өнері
ІІІ. Қорытынды
1. Сақ тайпасының қалыптасуы
Сақ заманында Қазақстан аумағындағы мал өсіретін тайпалардың мәдениеті мен өнері өзінің алдындағы уақытпен салыстырғанда дамудың біршама жоғары сатысына жетті. Темір металлургиясы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы материалдық және рухани мәдениет түрлерін түбірімен өзгертті.
Евразияның мал өсіретін тайпаларының өз негізінде біртұтас экономикалық базисі, экономикалық және мәдени байланыстары Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан аумағын, Еділ бойын, Солтүстік Қара теңіз өңірін мекси деген тайпалар мен халықтардың - әсіресе ерте кездегі сақтардың, сарматтардың, скифтердің және басқаларының көптеген ұқсастығы бар мәдениетін өмірге әкелді. Алайда осы тайпалардың мәдениеті мен өнерінде елеулі айырмашылықтар да бар, олар Қазақстанның түрлі аудандарын мекендеген сақ тайпаларында әр түрлі болған,
Ғылымда сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы туралы деректер көп емес. Бәлкім, көшімқонымы көп тұрмыс салтына лайықты тұрғын жайдың тігіліп-жығылатын үлгісі - киіз үй сол кезде-ақ шыққан болуы ықтимал. Аңызға айналған аргиппейлерді сипаттай келіп, Геродот былай деп жазды. «Олардың әрқайсысы ағаштың астында өмір сүреді. Қыста ағаш кез келген сәтте тығыз ақ киізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырылады». Көшпелі тұрғын жайдың бұдан кейінгі эволюциясы барысында киіз үйдің кұрылымы кемелдене түсті, бірақ оны жасаудың принципі б. з. б. мыңжылдықтың өзінде-ақ белгілі болған еді.
1) Қазақстан тарихы төрт томдық Алматы баспасы 1996ж.
2) Қазақстан тарихы очерктер.
3) Қазақстан тарихы Т. Тұрлығыов.
4) Қазақстан көне тарихы Алматы баспасы 1993ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
САҚТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨНЕРІ
Тұрғын үй және киімі

Сақ заманында Қазақстан аумағындағы мал өсіретін тайпалардың
мәдениеті мен өнері өзінің алдындағы уақытпен салыстырғанда дамудың біршама
жоғары сатысына жетті. Темір металлургиясы, көшпелі және жартылай көшпелі
мал шаруашылығы материалдық және рухани мәдениет түрлерін түбірімен
өзгертті.
Евразияның мал өсіретін тайпаларының өз негізінде біртұтас
экономикалық базисі, экономикалық және мәдени байланыстары Оңтүстік Сібір,
Алтай, Қазақстан аумағын, Еділ бойын, Солтүстік Қара теңіз өңірін мекси
деген тайпалар мен халықтардың - әсіресе ерте кездегі сақтардың,
сарматтардың, скифтердің және басқаларының көптеген ұқсастығы бар
мәдениетін өмірге әкелді. Алайда осы тайпалардың мәдениеті мен өнерінде
елеулі айырмашылықтар да бар, олар Қазақстанның түрлі аудандарын мекендеген
сақ тайпаларында әр түрлі болған,
Ғылымда сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы туралы деректер көп
емес. Бәлкім, көшімқонымы көп тұрмыс салтына лайықты тұрғын жайдың тігіліп-
жығылатын үлгісі - киіз үй сол кезде-ақ шыққан болуы ықтимал. Аңызға
айналған аргиппейлерді сипаттай келіп, Геродот былай деп жазды. Олардың
әрқайсысы ағаштың астында өмір сүреді. Қыста ағаш кез келген сәтте тығыз ақ
киізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырылады. Көшпелі тұрғын жайдың
бұдан кейінгі эволюциясы барысында киіз үйдің кұрылымы кемелдене түсті,
бірақ оны жасаудың принципі б. з. б. мыңжылдықтың өзінде-ақ белгілі
болған еді.
Геродот пен Гиппократтың хабарлайтынындай, мал өсіретін тайпалардың
көш-қонды тұрғын үйлерімен бірге, кешпелілерде барынша кеңінен тараған төрт
және алты доңғалақты арбаларға орнатылған киіз үйлер де болды; жартылай
көшпелілер мен отырықшы малшылар оларды жыл маусымдарында пайдаланды.
Қазақстан аумағының оңтүстік, шығыс және солтүстік аудаңдарында тұрақты
тұрғын үйлер: оңтүстікте — шикі кірпіштен, солтүстікте және шығыста —
бөренелерден салынған үйлер болғаны мәлім.
Археологиялык деректер бойынша, қола дәуірінде даланы мекендеушілер
күмбез тәрізді қима шатыры бар жертөле түріндегі тұрғын жайлар салды.
Төбесі ағашпен дөңгелете жабылған мұндай үйлер Қазақстанда, Орта Азияда
және Ресейдің оңтүстігінде табылды. Бұғылы өңірінен (Орталық Қазакстан),
Шағалалы өзенінің бойынан (Солтүстік Қазақстан) табылған соңғы андроновтық
кезеңдегі жер үстіндегі тұрғын жайлар киіз үйдің одан да гөрі жақын
ертедегі үлгісі болып табылады. Төбесі шатырланып және дөңгелете жабылған
бұлағаш құрылыстар киіз үйге ғажап ұқсайды. Көшпелі сәулет өнерінің
бастамасы нақ осы киіз үй тәріздес тұрғын жай болған. Орманды аймақ
көшпелілерінің киіз үй тәріздес құрылыстарының, бастапқы түрі төбесі шошақ
күрке, ал далалық аймақта дөңгелете шатыр шығарылған жартылай жертөле
болды.
Күрке мен жертөленің эволюциясы бір жағдайда төбесі шошақ киіз үйдің,
екінші жағдайда төбесі дөңгелете жабылатын киіз үйдің жасалуына жеткізді.

Сақтардың киім, бас киім және аяқ киім үлгісі туралы деректер көбірек.
Мәселен, Геродот сақтар топтарының бірі жайында олардың тығыз киізден
тігілген шошақ бөрік киетінін хабарлайды.
Персепольдегі Ксеркс сарайының бедеріндегі және Пасаргадтағы Дарий
мазарындағы бейнелер сақтардың киімі туралы айқын түсінік береді. Оларда
бейнеленген сақтар биік шошақ бөрік, денемен дене, тізесіне дейін жететін
бешпент кйген, белбеу буынған, тар шалбар және өкшесіз аяқ киім киген;
белбеудің оң жағына қанжар, ал сол жағына садақ ілінген.
Археологиялық олжалар осы түсініктерді қуаттап толықтыра түседі. Б.з.
б. VІ – V ғасырлардағы Орта Азия тұрғындарының Әмудария көбесінен табылған
алтын және платина табақшаларында бейнеленген киім-кешек пен аяқ киім иран
бедерлеріне жақын, бірақ бас киімінің шошақ төбесі мұнда төмен қайырылған,
Оңтүстік Қазақстаннан табылған сақтың қола мүсінінде тік жағалы қысқа
бешпент, қырлы дулыға киген адам бейнеленген; Жетісудан табылған алтын
тоғалардан жалбағайлы шекпен киген салт аттыны көреміз.
Есік обасынан табылған олжа ақсүйек сақтың сән-салтанат киімін бас
киімін, аяк киімін, үстіне тағатын сәндіқ заттарының қалай орналасатынын
қалпына келтірудің ілуде бір кездесетін мүмкіндігін береді. Оның басында
тымақтәріздес желкелігі бар,төбесі шошақбөрік болған,ол жылқы, барыс,
таутеке, құс, ағаш бейнеленген алтын қаптырмалармен және тоғалармен
сәнделген; мойнында - ұшы жолбарыстың басы іспеттес алтын алқа, сол
жаққұлағының сырғаларында - перузадан жасалған салпыншақтар бар көз салған
алтын сырға болған. Үстіне мата көйлек кигізілген, оның өңірі мен жеңдері
неше түрлі алтын қаптырмалар мен тізбелер араластырып, әшекейлеп,
кестеленген; көйлектің сыртынан киілген қызыл бояумен боялған былғары
бешпенттің өн бойы жолбарыстың басы бейнеленген алтын тоғалармен және үш
сала жапырақ формасындағы кішкене тоғалармен қапталған; бешігенттің
сыртынан зооморфтық стильде жасалған, көздің жауын алатын он алты көлемді
қаптырмамен қапталған құрама белдік буынған. Белдіктің оң жағына қызыл
қынға салынған ұзын темір семсер, сол жағына бұлан мен жылқы бейнеленген
алтын қаптырмалар шегеленген қыны бар темір ақинақ ілінген. Тігіс-тігісі
бойымен ұсақ алтын шеттіктермен әдіптелген шалбар киіп, балақтары
бешпенттегідей алтын қаптырмалар шегеленген саптама етікке сұғындырылған.
Есік жауынгерлерінің алтын киімі не рархиялық басқыштың жоғары сатысында
тұрған адамның салтанатты киімі болған.
Тон болып қатып жататындықтан Таулы Алтайдағы сақ обаларында неше
түрлі киімдер: тігістігісіне қызыл жүн бау жүргізіліп әшекейленген ақ мата
көйлектер, ақ, талдырма киізден және бұлғын терістен тігілген бешпент,
жалбағайлы киіз күртешелер, ерлер мен әйелдердің киіз ұйықтары. әйелдердің
тар жеңі кестеленген бешпенітері мен қысқа қонышының ойығы бар шегірен
етігі, бұлғын терісінен тігілген балалар мен әйелдердің кеудешелері және т,
б. сақталған.
Діни нанымдары мен ғұрыптары
Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз зерттелген. Жерлеу
материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруағына, отбасылық-рулық
әулйелер мен желеп-жебеушілерге сыйыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың
шығуы өлген тумаларының мәнгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымыңың
салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойын-ша өмір сүре беретін о
дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның
беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің көмілуі, қауымның
жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән
күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Малшыларда бұл ең алдымен қыстау маңы болды.
Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, шалғай жерден болса
да осы жерге жеткізілді.
Мұндай ғұрып кейін сүйегін ру зиратына көшіретін болып не уақытша
жерлеуді, немесе өліктің сақталуына көмектесетін қайсыбір амал қолдануды
керек еткен.
Таулы Алтай мен Қазақстан аумағындағы сақтар зираттарын ашып-қазу сақ
қоғамының ерекше ақсүйек өкілдері үшін өліктерді бальзамдау мен мумиялау
қолданылғанын көрсетеді.
Ондаған және жүздеген обалардан тұратын ірі-ірі рулық зираттар
Қазақстаннын көптеген аудандарында (Шілікті, Есік, Бесшатыр, Жуантөбе,
Сыпыра-оба, Қдраоба, Ұйғарақ), яғни отырықшы және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті туралы
Сақтар мен ғұндардың әскери өнері мен мемлекеттік ұйымы: салыстырмалы талдау
Ежелгі Қытай өркениеті
Сақтар жайлы
Тасмола мәдениеті
Сақтар мәдениеті
Қазақстандағы көшпелілер мәдениеті
Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар тарихы
Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар
Пәндер