Дәрілік заттардан жедел улану (бөлім: журек-тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілік заттардан улану). Оқу әдістемелік құрал


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Ж. О. Исакова, А. Н. Ихамбаева
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДАН ЖЕДЕЛ УЛАНУ
(БӨЛІМ: ЖУРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ДӘРІЛІК ЗАТТАРДАН УЛАНУ)
Оқу әдістемелік құрал
Қарағанды 2011
УДК 615. 065
ББК 53. 52
И-76
РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Т. М. Мажитов - АҚ «Астана медицина университеті» клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, м. ғ. д., профессор.
Г. М. Мулдаева - Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің амбулаторлы-емханалық терапия және шұғыл көмек көрсету кафедрасының меңгерушісі, м. ғ. д.
Б. Н. Тюлемисова - отоларингология, офтальмология, сәулелік диагностика, анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі, м. ғ. к.
И-76 Ж. О. Исакова., А. Н. Ихамбаева . Дәрілік заттардан жедел улану (бөлім: журек-тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілік заттардан улану) -
Оқу-әдістемелік құрал. - Қарағанды. - 2011. - 48 б.
Оқу-әдістемелік құрал дәрілік заттармен жедел улану, атап айтқанда, жүрек-тамыр жүйесіне әсер ететін заттармен улану мәселесіне арналған. Оқу-әдістемелік құралда дәрілік заттардың жіктелуі, жедел уланудың жіктелуі, уланудың синдромдық сипаттамасы, уланудың клиникалық диагностикасының принциптері мен әдістері, дезинтоксикациялық, патогенетикалық, симптоматикалық терапия принциптері ашып көрсетілген. Сонымен қоса, оқу-әдістемелік құралда жүрек-тамыр жүйесіне әсер ететін заттардан уланудың шұғыл токсикологиясынан мәліметтер бар. Мазмұндалған материал дәрілік заттардың клиникалық токсикологиясын және жүрек-тамыр жүйесіне әсер ететін заттардан улану кезінде шұғыл көмек көрсету шараларын игеруге мүмкіндік береді.
Оқу-әдістемелік құрал медициналық жоғары білім беру орынының жоғарғы курс студенттеріне, интерндерге, резиденттерге, клиникалық фармакологтарға, тәжірибелік дәрігерлерге арналған.
ББК 53. 52
И-76
ҚММУ Әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланып, бекітілген
Хаттатма № «10» 11. 06. 2011 жыл
ҚММУ Ғылыми кеңесімен бекітіліп, басылымға рұқсат етілген
Хаттатма № «11» 30. 06. 2011 жыл
© Ж. О. Исакова, А. Н. Ихамбаева, 2011
Қысқартылулар тізімі
АҚ - артериялық қысым
АлАТ -
АсАТ -
АС - обстинентті синдром
АГ - артериялық гипертензия
АХ - ацетилхолин
АСҚ - ацетилсалицил қышқылы
АР - адренорецептор
АХЭ - ацетилхолинэстераза
ОБТ - оттегінің белсенді түрі
БК - белсендірілген көмір
ЭЖСХ - тиімділігі жоғары сұйық хроматография
ЭЖСХ/МС - эффективлігі жоғары сұйық хроматография массспектрометриямен
ГО - гипербариялық оксигенация
СГХ - сүйық газды хроматография
ГХ-М-С - газды хроматография масс-спектрометриямен
ГД - гемодиализ
ГС - гемосорбция
ГЭТ - гематоэнцефалдық тосқауыл
ДТІҚҰС - диссеминирленген тамыр ішілік қан ұю синдромы
АІТ - асқазан-ішек жолы
ССЭ - сұйықтық-сұйық экстракциясы
ҚНС - қатерлі нейролептикалық синдром
ЖБМЖ - жабық бас-ми жарақаты
ӨЖЖ - өкпенің жасанды желденуі
ҚНЖ - қышқылды-негізді жағдай
КТЗ - клиника-токсикологиялық зерттеу
ДЗ - дәрілік зат
ЛГТ - лазерлі гематотерапия
МЭТЖ - микросомальді этанол-тотықтырушы жүйе
МРТ - магнитті-резонансты томография
ҚАМҚ - қан айналымының минуттық көлемі
МГТ - магнитті гематотерапия
СЕҚҚЗ - стероидты емес қабынуға қарсы зат
ЖБЖ - жедел бүйрек жеткіліксіздігі
ОР - опиатты рецептор
ЖТАЖ - жедел тыныс алу жеткіліксіздігі
ЖБЖ - жедел бауыр жеткіліксіздігі
ОББЖ - жедел бауыр-бүйрек жеткіліксіздігі
ҚАО - қан араластыру отасы
АПК - айналымдағы плазма көлемі
АҚК - айналымдағы қан көлемі
ПБЗ - психобелсенді зат
ЛТҚ - липидтердің тотығып қышқылдануы
КАЖ - көп ағзалы жетіспеушілік
ТКТӘ - тікелей кардиотоксикалық әсері
ПД - перитониальді диализ
ПФ - плазмаферез
ІТТ - ішектің толық тазалануы
ҚАКР - қанның агрегатты күйінің реттелуі
ЖҚХ - жұқа қабатты хроматография
ӨАҰТТ - өкпе артериясының ұсақ тармақтарының тромбоэмболиясы
УКГТ - ультракүлгінді гемотерапия
УКСФ - ультракүлгінді спектрофотометрия
ФД - форсирленген диурез
ФОҚ - фосфорорганикалық қосылыс
ХЭ - холинэстераза
ХР - холинорецептор
ХТА - химия-токсикологиялық анализ
ХТЗ - химия-токсикологиялық зерттеу
СБЖ - созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
ОЖЖ - орталық жүйке жүйесі
цАМФ - циклдық аденозинмонофосфат
цГМФ - циклдық гуанозинмонофосфат
ОВҚ - орталық веналық қысым
ЭЭГ - электроэнцефалограмма
ЭХО-КГ - эхокардиография
ЭХГТ - электрохимиялык гемотерапия
ЭМГ - электромиография
Мазмұны
Кіріспе
Жедел уланулар токсикалық қасиеті бар химиялық заттармен ағза әрекетке түскен кезде дамиды. Аурулардың халықаралық жіктелуі (АХЖ-10) бойынша олар былай жіктеледі: дәрілік және биологиялық заттармен улану (Т36-Т50), сонымен қоса, медицинада қолданбайтын заттардан улану (Т51-Т65), атап айтқанда алкогольдің токсикалық әсері, күйдіретін заттардан улану (қышқылдар мен сілтілердің әсері және т. б. ) .
Оның ішінде тұрмыстық уланулар кең таралған. Кездейсоқ уланулар тұрмыстық химикаттар, инсектицидтер, медикаменттер, басқа да химиялық препараттарды дұрыс сақтамау және оларды қателесіп қолдану салдарынан дамиды. Қасақана улануларды біреуді немесе өзін-өзі өлтіру мақсатында психикалық жағдайы нашар тұлғалар жасайды. Қауіпсіздік ережелерді ұстанбаған жағдайларда химиялық кәсіпорындармен лабораторияларда өндірістік уланулар кездеседі.
Балалар арасындағы уланулар 5 жасқа толмаған балаларда жиі кездеседі, оларды дәрілік заттардың сыртқы түрі қызықтырады. Сонымен қоса, емдеу мекемелерінде дәрілік заттардың мөлшерлеу тәртібін ұстанбай, қателескенде дамитын медициналық ятрогенді улануларда кездеседі. Өсімдік, жәндіктер мен жылан шағу салдарынан дамитын биологиялық улануларда кездеседі. Этиологиясы инфекциялық болып табылатын тағамдық уланулар жеке қарастырылады. Жедел дәрілік заттарды қолдану салдарынан болған уланулар, көбіне, суицидальді мақсатта қолға оңай түсірілетін дәрілік заттарды пайдаланумен байланысты.
Қазіргі кезде олар «химиялық аурулар» ішінде бірінші орында. Жедел уланулардың таралуы бойынша облыстық токсикалық орталықта КГП облыстық медициналық орталықтың 2010жылы берген мәліметтеріне сүйенсек - барлығы 1365 ауру емделген. Олардың ішінде 449 науқас дәрілік заттардан уланған. Ол барлық аурулар санының 33%-ын құрайды. Дәрілік заттардан жедел улану көрсеткіштері келесідей: антибактериялық дәрілік заттардан - 35 адам (2, 6%) ; гормональды препараттардан - 4 адам (0, 3%) ; СҚҚП уланғандар - 64 адам (5%) ; анальгетиктерден - 31 адам (43%) ; психотропты заттардан - 111 адам (93%) ; журек-тамыр жүйесіне әсер ететін препараттармен - 100 адам (74%) ; басқа дәрілік заттармен - 104адам (76%) .
Жедел дәрілік уланудан емделген аурулар құрылымынан журек - тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілік заттармен улану, психотропты заттармен уланудан кейін 2-ші орынды алатынын көруге болады.
Летальдылық - 23 адамды құраған, мұның ішінде дәрілік заттармен улану - 4 жағдай (психотропты заттармен, клофелинмен, темір препараттарымен улану) .
Жыл сайын жаңа дәрілерді, әсіресе жүрек тамыр препараттарын шығару және қолдану көбеюде. Сондықтан дәрілік улануларды жедел химия- токсикалық диагностикалау және мамандандырылған емдеу мүмкіншілігі бар арнайыланған токсикологиялық бөлімдерде емдеу қажет.
Дәрілік заттармен жедел уланудың жіктелуі
Дәрілік заттармен жедел уланулардың жіктелуі Д. Р. Лауренса, П. Н. Бенитта(1991) бойынша қарастырылады:
- Препараттардың терапиялық бағыттағы әсері бойынша (антибактериялды, гипотензивті, диабетке қарсы, т. б. )
- Әсер ету механизмі бойынша:
- Молекулярлық деңгейде (рецептор, фермент, белоктар, т. б. )
- Жасушалық деңгейде (кері ұстау блокаторлары, ілмекті диуретиктер т. б. )
- Физиологиялық процесті реттеу деңгейінде (тамыр кеңейткіші, антикоагулянт, гиполипидемиялық заттар т. б. )
- Химиялық құрылымды (барбитураттар, гликозидтер, стероидтар т. б. )
Барлық жалпы қабылданған дәрілік заттардың жіктелуі жоқ. Біздің елде М. Д. Машковский ұсынған дәрілік заттарды жүйелеу көп ұсынысқа ие.
- ОЖЖ -ға әсер ететін дәрілік заттар
- наркозға арналған
- ұйықтатқыш заттар
- қалтырауға қарсы заттар
- психотропты заттар
- паркинсонизмнің емі үшін қолданылатын препараттар
- анальгетиктер
- наркотикалық емес қабынуға қарсы препараттар
- құсуға қарсы және құстыратын заттар
- Шеткері нейромедиаторлы процестерге әсер ететін дәрілік заттар
- шеткері холинергиялық процестерге әсер ететін заттар
- шеткері адренергиялық процестергше әсер ететін заттар
- дофамин және дофаминергиялық заттар
- серотонин және серотонергиялық процеске әсер ететін заттар
- гистамин және гистаминге қарсы препараттар.
ІІІ. Сезімтал (афферентті) жүйке аяқтамаларына әсер ететін заттар.
- жүйке аяқтамаларының сезімталдығын төмендететін заттар.
- тері және тері асты тіндердің, шырышты қабаттардың рецепторларын ықпалдандыратын заттар
- әлсіреткіш заттар
- қақырық түсіретін (муколитикалық заттарды қосқанда), өкпелік сурфактанттар
IV. Жүрек-қантамыр жүйесіне әсер ететін заттар
- кардиотоникалық заттар
- аритмияға қарсы заттар
- мүшелер мен тіндердің қанайналымын жақсартатын заттар
- әртүрлі фармокологиялық және химиялық топтардағы шеткері возодилиятаторлар және спазмолитикалық (миотропты) препараттар
- кальций каналының блокаторы (калций ионының антоганистері)
- калий каналының активаторы
- ангиотензивті жүйеге әсер ететін заттар
- гипотензивті препараттар (гипертензияға қарсы)
- АҚ-ды жоғарылататын заттар
- ангиопротекторлар
- гиполипидемиялық заттар
- қанның ұюына және тромбоциттердің агрегациясына әсер ететін заттар
V. Бүйректің сыртқа бөлу қызметін күшейтетін заттар
- диуретикалық заттар
- зәр конкременттерінің түзілуін тежейтін заттар
VI. Гепататропты заттар
- өт айдайтын заттар
- гепатопротекторлы заттар
- холелитикалық заттар
VIІ. Жатырдың бұлшықететіне әсер ететін (жатырлық заттар) заттар
- жатыр бұлшықетін ықпалдандыратын заттар (утеротоникалық заттар)
- жатыр бұлшықетін босаңсытатын заттар (токолитиктер)
VIІІ. Зат алмасу үрдісіне әсер ететін заттар
- гармондар, олардың аналогтары және антигормональды препараттар
- простогландиндер, лейкотреиндер
- витаминдер және оған туыстас препараттар
- ферментті препараттар және ферменттердің ингибиторлары
- амин қышқылдары
- парентералды қоректенуге арналған препараттар
- плазма алмастырушы және дезинтоксикациялық ерітінділер
- синовиальді және жас сұйықтығын алмастыратын препараттар
- ҚСО коррекциясына және иондық тепе-теңдікті ұстап тұруға арналған препараттар
- Зат алмасу үрдісіне әсер ететін әртүрлі заттар
ІХ. Антигипоксанттар және антиоксиданттар
Х. Иммунитет үрдісін реттейтін (иммуномодуляторлар, иммунокорректорлар) препараттар
ХІ. әр түрлі фармакологиялық топтардағы препараттар
- қанттар
- спецификалық антидоттар, сорбенттер, комплексондар
- сәуле ауруын емдеуге және оның алдын алуға арналған препараттар
- фотосезімтал және фотоқорғаушы препараттар
- алкоголизмді емдеуге арналған заттар
- дене салмағын (сезімдік) төмендетуге арналған анорексигендер және басқа да дәрілік заттар
ХІІ. Инфекциялық ауруларды емдеуге және профилактикаға арналған заттар
- химиотерапевтикалық заттар
- антисептикалық және инсектинцидті заттар
ХІІІ. Онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар
- алкилдеуші зат
- антиметоболиттер
- әр түрлі химиялық топтағы ісікке қарсы синтетикалық заттар
- цитостатикалық әсер көрсететін алкалоидтар, олардың өнімдері және басқа да өнім текті заттар
- ісікке қарсы антибиотиктер
- онкологиялық ауруларды емдеуге арналған ферменттер
- интерферондар және интерлейкиндер
- онкологиялық ауруларды емдеуге арналған гормональды препараттар және олардың антоганистері
ХІV. Рентгеноконтрасты және басқа да кейбір диогностикалық заттар
- рентгеноконтрасты заттар
- әр түрлі диагностикалық заттар
Дәрілік заттардың барлық топтары мен топшаларының барлық класстары токсикология тұрғысынан қызығушылық тудыра бермейтінін ескерген жөн. Маңызы зор дәрілік заттар болып ОЖЖ-ға және нейромедияторлы үрдістерге (соның ішінде наркотикалық емес анальгетиктер және СҚҚП) әсер ететін, жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйесіне әсер ететін заттар, инфекциялық ауруларды емдеуге және профилактикасына арналған препараттар т. б табылады. Сонымен қатар бүйрек қызметін реттейтін, гепатопротекторлар және витаминді препараттар, иммунокорректорлар, антигипоксанттар және антиоксиданттар улылығы төменділігімен сипатталады және олар жедел улануға сирек әкеледі.
Нақты мүшелердің немесе жүйелердің зақымдалуымен көрінетін, уланудың синдромологиясына тікелей емес қарым-қатынасы бар таңдамалы улылығы бойынша удың жіктелуі (кесте-1) . Әсіресе, ауыр жағдайды айтқан кезде олиго және полиорганды зақымдалу туралы әңгіме болады, ал критикалық мүше (немесе жүйе) бұзылысында (қызметінің бұзылысы) интоксикацияның пайда болуы ең маңызды рөл атқарады. (Лужников Е. А., Костомарова Л. Г., 2000, Лужников Е. А., Суходолова Г. Н., 2008) .
1 кесте - Токсикалық қасиеті «таңдамалы» улардың жіктелуі
(Лужников Е. А., Костомарова Л. Г., 2000)
Токсикалық
қасиеті «таңдамалы» уланудың сипаттамасы
Типтік улар
«Жүректік» улар (кардиотоксикалық әсері - ритмнің, жүрек өткізгіштігінің бұзылысы, миокардтың токсикалық дистрофиясы)
Жүректік гликозидтер, үшциклдік антидепрессанттар, өсімдік улары (аконит, ақсырғақ және т. б. ), жануардың улары, барий, калий тұздары,
«Жүйкелік» улар (нейротоксикалық әсері - психикалық белсенділіктің бұзылысы, токсикалық кома, гиперкинездер, параличтер)
Психофармакологиялық дәрілік заттар (наркотикалық анальгетиктер, транквилизаторлар, ұйықтатқыш заттар және т. б. ), изониазид туындысы, ФОҚ және т. б.
«Бауырлық» улар (гепатотоксикалық әсері -бауырдың токсикалық дистрофиясы)
Хлорланған көмірсутектер, улы саңырауқұлақтар, альдегидтер, фенол туындысы және т. б. )
«Бүйректік» улар (нефротоксикалық әсері - токсикалық нефропатия)
Щавель қышқылы,
этиленгликоль, ауыр металдардың қосылыстары және т. б.
«Қандық» улар (гематологиялық әсері - гемолиз, метгемоглобинемия)
Анилин және оның туындылары, нитриттер, аминохиноландар және т. б.
«Асқазан-ішектік» улар
( әсері - токсикалық гастроэнтерит)
Күшті қышқылдар және сілтілер ауыр металдар және күшала қосылыстары
«Өкпелік» улар (пульмонотоксикалық әсері - токсикалық ісік, өкпенің фиброзы)
Паракват, азот оксиді, фосген
Уланудың негізгі клиникалық сипаттамасы, этиологиялық факторлардың көрінісі, ауыр және интоксикацияның даму темпі және т. б., төменде берілгендер.
Уланудың негізгі клиникалық сипаттамасы:
1. Этиологиясы бойынша:
- Белгілі (танылған) улар
- Белгісіз (танылмаған) улар
2. Даму темпі бойынша:
- Өте жедел
- Жедел
- Жеделдеу
- Созылмалы
3. Ағзаға удың түсу жолдары бойынша:
- Ингаляционды
- Перкутанды
- Пероральді
- Инъекциялық
- Қалғандары
4. Ауырлық дәрежесі бойынша:
- Жеңіл
- Орташа ауырлықта
- Ауыр
- Өте ауыр
5. Интоксикациялық кезеңі бойынша:
- Бастапқы (жасырын)
- Клиникалық көрінісінің байқалуы
- Реконвалесценция
- Жақында және бұрын болған оқиғалар
6. Сатысы бойынша(организмдегі удың мөлшеріне байланысты) :
- Токсигогенді
- Соматогенді
7. Этиологиялық факторлардың саны және түрі бойынша:
- Жай формасы
- Бірлескен
- Аралас
Бұдан басқа, уланудың орнына және себебіне байланысты жіктелуі:
1. Кездейсоқ:
- Шығарылған
- Тұрмыстық:
-өзін-өзі емдеу, дәрілерді артық пайдалану
-алкогольді, наркотикалық немесе басқа тұрмыстық интоксикация
-химиялық заттармен қолайсыз жағдай
- Медициналық қате
2. Қасақана жасалған:
- Қылмыстық:
-өлтіру ү шін
-өзін-өзі қорғау қабілетінен айыру мақсатында
- Суицидальді
- Демонстрациялы
Улануға диагноз қойған кезде ағзаға түскен удың мөлшерін, атауын, ауырлық дәрежесін, себебінің сипаттамасы немесе оқиға болған орынын, ауру сатысын, интоксикацияның негізгі синдромы және жүйелер мен мүшелердің бұзылу дәрежесін, асқынуын, қосымша ауруын, негізгі медициналық манипуляцияны анықтап алу қажет. Улануды диагностикалауда ең маңыздысы - оптимальді емдік тактика болып табылады және ол болып жатқан синдромның генезін анықтауға мүмкіндік береді.
Жедел уланудың емдеу әдістері
Дәрілік заттармен жедел улануды емдеу басқа да химиялық агенттермен улану терапиясынан ерекшеленбейді. Жедел уланған науқастарды емдеу және оларға дәстүрлік медициналық көмек келесі бағыттарды қамтиды:
- өмірлік маңызды функцияларды қалпына келтіру
- удың ағзаға түсуін тоқтату және сіңірілмеген уды ағзадан аластау
- сіңірілген уды ағзадан форсирленген түрде шығару
- улы затқа қарсы арнайы заттарды қолдану
- патогенетикалық және симптоматикалық терапия, органотропты жәрдем, гомеостазды қалпына келтіру
- асқынулардың алдын алу және оларды емдеу
Жедел улануларды емдеу негізінде дезинтоксикациялық терапия жатыр.
Детоксикациялық терапия әдістері
- Ағзадағы табиғи тазару үрдістерін белсендіру
- шығаруды белсендіру
- асқазанды шаю (қарапайым және зондпен) ;
- ішектерді шаю (зондтық лаваж 500 мл/кг- 30 л; клизма) ;
- іш жүргізетін заттар (тұзды, майлы, өсімдік майымен) ;
- стимуляциялау
2) форсирленген диурез
- су-электролиттік жүктеме
- осмостық диурез
- салуретикалық диурез
3) өкпенің емдік гипервентиляциясы
- биотрансформацияны белсендіру
4) гепатоциттердің ферменттік қызметін реттеу:
- индукция
- фармакологиялық (зиксорин, фенобарбитал) ;
- физико-химиялық (ультрафиолеттік, лазерлік гемотерапия) ;
ингибиция(левомицетин, циметидин) ;
5) емдік гипо- және гипертермия (пирогенал) .
6) гипербариялық оксигенация
7) электрохимиялық гемотерапия (гипохлорит натрия) .
- қанның иммундық жүйесін белсендіру
8) физиогемотерапия: ультрафиолетті, магнитті, лазерлік.
9) фармакологиялық коррекция (тактивин, миелопид) .
- Антидоттық (фармакологиялық) детоксикация
- Химиялық уға қарсы заттар
- жанасқан әсерлі
- парентеральдық әсер
- Биохимиялық уға қарсы заттар (токсикокинетикалық) .
- Фармакалогиялық антогонисттер (симптоматикалық) .
- Антитоксикалық иммунотерапия
- Жасанды физико-химиялық детоксикация
- Аферетикалық детоксикация
- плазма алмастырушы заттар (гемодез) ;
- гемаферез
- плазмаферез
- криаферез
- лимфаферез
- лимфалық жүйе перфузиясы
- Диализдік және фильтрациялық детоксикация
- экстракорпоральдық әдістер
- гемо-, плазмо-, лимфодиализ
- ультрафильтрация
- гепатоциттердегі биодиализ
- интракорпоральдық әдістер
- ішектік диализ
- перитонеалдық диализ
- Сорбциялық
- экстракорпоральдық әдістер
- гемо- (плазмо-, лимфо-) сорбция;
- биосорбция (көк бауыр) ;
- аппликациялық сорбция.
- интракорпоральдық әдістер (энтеросорбция - абсорбенттер, адсорбенттер, ионалмастырушы заттар, комплексондар) .
- Физио- және химиогемотерапияны біріктіре қолдану.
Жіктелудегі аталған барлық детоксикациялық әдістердің емдік тиімділігі дәрілік заттармен жедел улану кезінде бірдей емес. Уланудың алғашқы сатыларында ең негізгі деген алғашқы көмек көрсетумен емдеу шараларының маңыздыларына тоқталғанды жөн көрдік.
Сіңірілмеген улы затты ағзадан шығару
Пероральді улану кезінде АІТ-нен сорылмаған уды шығару оптимальді уақыт ішінде уланудың ағымы мен және интоксикацияға әсер етуге қаблетті. Ішкі ағзалар токсикалық затпен уланған кезде шұғыл жағдайда зонд арқылы асқазанды жуады.
Ауыр улану кезінде науқас ес түссіз жағдайда болса (ұйықтатқыш заттармен, фосфорорганикалық бинсектицидтер т. б. уланғанда) асқазанды жуу уланудың 1-ші тәулігінде 2-3 рет қайталанады, бірақ резорбцияның тежелуі нәтижесінде науқас терең комада болған кезде, сорылмаған улы заттың көп мөлшері ағзаға жиналуы мүмкін.
Асқазанды жуу аяқталған соң асқазанға іш жүргізетін зат ретінде 100-150 мл 30% күкірт қышқылды натрий немесе вазелин майын енгізуге болады. Ішекті улы заттардан тазарту сифонды клизманың көмегімен жүргізіледі. Кома жағдайында, яғни жөтелу жұтыну рефлекстері тежелгенде, асқазанды жууда тыныс алу жолдарын тазалау мақсатында үрленген манжеткасы бар түтікше қолданылады.
Асқазандағы қышқылды бейтараптау мақсатында сілтілі ертіндіні пайдалану нәтижесіз, ал осы мақсатпен натрий гидрокарбонатын пайдалану асқазанда көмір қышқыл газын түзіп, кеңейтіп науқастың жағдайын тіпті нашарлату мүмкін. Күйдіретін затпен уланғанға әлсіреткіш заттарды қолданбайды, 100г өсімдік майының эмульсиясын анестезин және левомицетинмен бірге 1, 0 г-нан ас қасықпен күніне 4-5 реттен ішке енгізеді.
Жұтқыншақтың артқы қабырғасын тітіркендіріп және құсық шақырытын дәрілерді (апоморфин) ерте жастағы балаға қолдануға болмайды. (5 жасқа дейінгі), сонымен қатар сопор жағдайында немесе ессіз жатқан және күйдіргіш улармен уланғанда да қолданбайды.
АІТ-гі улы затты адсорбциялау үшін белсендірілген көмірді сумен бірге ас қасықпен асқазанды жуғанға дейін және кейін қабылдау керек.
Белсендірілген көмір әр түрлі улы агенттерді байланыстыруға қабілетті. Ол төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте 2 - Белсендірілген көмірмен әртүрлі заттардың адсорбциясы
Жақсы адсорбцияланады
Орташа дәрежеде адсорбцияланады
Нашар адсорбцияланады
Афлатоксиндер
Амфетамин
Антиэпилептикалық дәрілік заттар
Антигистаминді заттар средства
Атропин
Барбитураттар
Бензодиазепиндер
Бета-блокаторлар
Хлорохин және примахин
Циметидин
Дапсон
Опиоидтар
Оймақгүл гликозидтері
Қастауыш алкалоидтары
Фуросемид
Глибенкламид және басқалар.
Глютетимид
Индометацин
Мепробамат
Фенотиазины
Фенилбутазон
Фенилпропаноламин
Пироксикам
Хинин және хинидин
Стрихнин
Тетрациклиндер
Теофиллидер
Аспирин және басқа салицилаттар
ДДТ
Дизопирамид
Керосин, бензол, дихлорэтан
Көптеген «жоғарыдозадағы» стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар
Толфенам қышқылы
Мексилетин
Парацетамол
Полихлорланған бифенилдер
Фенол
Ипекакуана сиропы
Толбутамид, хлорпропамид,
карбутамид, толазамид
Цианид
Этанол
Этиленгликоль
Темір
Литий
Метанол
Күшті қышқылдар мен сілтілер
Сонымен бірге белсендірілген көмір Са 2+ каналдарының ингибиторын және АФП жаңа заманғы аритмияға қарсы заттар, антидепресанттар, туберкулезге қарсы препараттарды т. б. сіңіреді. Белсендірілген көмірдің әмбебап сіңіру қасиетіне және жанама әсерінің аздығына байланысты практикада кеңінен қолданады, сонымен қатар улы заттардың қосындысымен және белгісіз улармен уланғанда да пайдаланады. Одан басқа белсендірілген көмір тұзды ішжүргізетін және сорбитолды сіңірмейді. Белсендірілген көмірді жүйесіз түрде вазелинмен немесе басқа майлармен келсін келмесін қоса берсе онда оның сіңіру қаблетін төмендетеді.
Улы зат тек ішекке, қынапқа, несеп ағарға түссе онда оны клизманың көмегімен жуады.
Соңғы жылдары дәрілік заттармен улану және оларды артық қабылдауға ерекше назар аударылып жур.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz