Мех өңдеу технологиясы оқу құралы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

К. БЕЙСЕУОВ

Д. С. ДІЛДАБЕК

МЕХ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Оқу құралы

«ТАУАР»

1999 ж.

1. Терінің және оның жүн түгінің

құрылымы

Терінің атқаратын қызметі жануарлар организмін сыртқы ортадан, механикалық химиялық және бактериялық әсерлерден қорғайды, жылу алмасуды реттейді сезіну органдары болып, сонымен қатар жануардың тіршілігіндегі өңделген заттарды денеден бөліп шығару қызметін атқарады.

Тері қасиеттері, организмнің сыртқы орта әсеріне сәйкестенудің және оның тері құрылымының ерекшеліктерінің әсерінің жоғарғы үлгісі ретінде қызмет ете алады. Жануарлардың өмір сүру жағдайына, климаттық факторларға, жыл мезгілдеріне байланысты теріде, өнімнің тауарлық құндылығына және өңдеу тәсілдеріне әсер ететін айтарлықтай өзгерістер болып тұрады.

Жануарлар тері құрылымы, өзінің жоғарғы сапасына және қысқы жағдайына байланысты, сонан соң мезгілдік өзгеріс ерекшеліктері тұрғысынан, қарастырылады.

Мехтық терілері тері ткані және жүн жабынына бөлінеді.

  1. Тері тканінің құрылымы

Жануарлар терісінің ткані жүн астында жұқа беткі қабатқа - қыртысқа және негізін құрайтын өзеңге бөлінеді. қыртыс жекеленген клеткалардан ал өзең күрделі шиленіскен талшықтардан тұрады.

Өзеңнің жануарлар денесіне беттесетін төменгі жағында өзең талшығы арқылы жұқа бұлшықтық ткандер мен майлы қабаттар орналасқан.

Теріде май және тері бездері, қан тамырлары, май клеткалары, нерв талшықтары болады.

  1. Сурет

Тері құрылымы.

а- қыртыс; б - өзеңнің емізекше қабаты;

в - өзеңнің торлы қабаты; г - тері асты майлы қабаты;

1 - түк(стержень волоса) ; 2 - тері бездерінің шығу жолдары; 3 - май бездері; 4 - түк қалташасы; 5 - жүнді тікірейтетін бұлшықтар; 6 - тері бездері; 7 - коллаген талшықтар тобы.

Қыртыс

Қыртыс бір - біріне тығыз орналасқан клеткалардан тұрады. Ол бірнеше қабатқа бөлінеді. Өзеңге жанаса орналасқан қабат, мальпиги қабаты деп аталады. Ол тірі организмде созылыңқы цилиндр тәрізді клеткалардан тұрады.

2 - сурет

Қыртыс құрылымы.

а - өзең; б - негізгі қабат; в - торлы қабаит;

г - түйіршікті қабат; д - жылтырақ қабат;

е - мүйізді қабат.

Қан тамырларынан қорек алып бөліну жолымен көбеюге қабілетті мальпиги қабатының клеткаларының төменгі қатарын өсімтал немесе базальда қабат деп атайды.

Мальпиги қабатының үстінде тұтас мүйізденген клеткалар қабаттарынан тұратын мүйізді қабат орналасқан.

Мүйізді және мальпиги қабатының арасын түйіршікті деп аталатын қабат бөледі. Түйіршікті қабаттың клеткаларында, қыртыстың беткі қабаттарындағы мүйізді клеткалар түзейтін заттар - кератогиалин түйіршіктері болады.

Жаңа клеткалар пайда болуына қарай бұрынғы клеткалар қыртыстың жоғарғы қабатына жылжиды, бұл кезде тірі организм қасиеті сақталады, тек бөліну қасиетін жоғалтады. Ол клеткалар кішірейе бастайды. Сонымен мальпиги қабатына арықарай тері клеткаларының тіршілігі аяқталады. Олар бірте - бірте мүйізденіп кеуіп, жұқарып қыртысытң мүйізді қабатын түзейді. Клеткалардың орын ауыстырулары мүйізді қабат ішінде де болып жатады. Қыртыстың бетіне шықандар үгітіліп қайызғаққа айналады, осылай әрбір клетка мүйізденіп, керасинге айналады.

Өзең

Өзең - негізінен коллаген және аздау мөлшерде эластин, ретикулин белоктарының талшықтарының күрделі шиеленуісіне құралатын терінің негізгі қабаты. Өзең терінің бертік, илегіштік қасиеттерін, әр түрлі бағыта созылу қабілетін сипаттайды.

Тері өзеңі екі қабатан тұрады. Бірі, - қыртысқа жақын орналасқан емізекше қабаты. Емізекше қабатында негізентүк қалташалары орналасқан. Екінші - торлы қабат - біркелкі талшықтардан құралып, шел қабатымен шектеседі (1 - сурет )

Бұл екі қабаттың ара қатынасы түкті жабының дамуына және алмасуына байланысты. Жүнді дамып жетіліп қыста сойылған жануардың емізікше қабаты жұқа болады да жазғы өсіп келе жатқан жүн түйіршікті қабаттың клеткаларында өзеңді түгелдей тесіп өтетін болғандықтан торлы қабат жұқа болады.

Өзең жуандығы 20 - 100 мк коллаген талшықтар тобынан тұрады, олар жануарлар түрлеріне байланысты әртүрлі байланысқан. Негізінен коллаген талшықтар тобы теріге көлденең орналасады (3- сурет) . Олардың шиеленісуі горизонтальді - толқынды немесе ілгекті түрде болады. Жаңадан сойылған немесе жібітілген терінің өзеңінің талшықтар ара қвашықтығы 0, 1 -0, 2 мк.

Сілті, қышқыл және ферменттер әсеірінен күрделі коллаген талшықтар тобы фибрилл деп аталатынжуандығы 2 - 10мк талшықтарға ыдырайды. Эластин талшықтары өзеңнің емізікше қабатына орналасқан, түк қалташаларының айналасында қалың торлар жасайды. Терідегі жүннің беріктігі осыған байланысты.

3 - сурет

Коллаген талшықтарының өрілу түрлері.

а- ромбтәріздес; б - ілгекті; в - көлденең- толқынды.

Теңіз жануарларының өзеңнің эластин талшықтары өте дамыған.

Ретикулин талшықтарын препараттармен арнайы өңдеулер жолымен анықтауға болады. Олар коллаген талшықтарын орай, негізінен емізікше қабатта орналасқан.

Ретикулин талшықтарының табиғаты мен негізгі міндеттері толық зерттеліп анықталмаған.

Өзеңнің емізекше қабаты - эластин, ретикулин талшықтары орналасқан, коллаген топтарынан тұрады.

Қыртысқа жақындаған сайын талшықты құрылым ыдыранқы болып келеді. Коллаген талшықтарының араларында фибробластер - клеткалы түзілімдер орналасқан.

Емізікше қабатта түк қалташалары орналасқан, оларды эластин талшықтары қоршап жатады.

Өзеңнің торлы қабаты біркелкі болып, негізінен тек коллаген талшықтарынан тұрады.

Торлы қабат шелмен шектесіп қабаттарында коллаген талшықтары ыдыранқы және бағытталмаған, сондықтан торлы қабатты зақымдандырмай шел қабатын бөліп алуға болады.

Өзеңнің түк қалташалары төңірегіндегі тер бездері орналасқан, солардың көмегімен организмнің тіршілігінде өңделген заттар бөлініп шығарылып отырады (4 сурет) .

4 - сурет

Түк қалташасының, түк тамырының, май және тері бездерінің құрылым схемасы.

1 -қыртыс; 2 - түк талшығының сыртқы бөлігі;

3 - май бездері; 4 - түкті тікірейтетін бұлшық;

5 - түк қалташасы; 6 - түк емізікшесі;

7 - түк тамыры; 8 - тері безі; 9 - ішкі түбірлік қуыс;

10 - сыртқы түбірлік қуыс.

Тері бездері қой терілерінде және көптеген жабайы аң терілерінде жоқ есебінде. Май бездері түк қалташаларының қасына орналасқан, одан бөлініп шығатын заттар жүнді, қыртысты қабатты майлау қызметін атқароады. Тері мен май бездері дамуы жыл мезгілдеріне байланысты алма кезек ауысып тұрады. Тері тканунде үннің орналасу бұрышын реттейтін бұлшықты тканьдер орналасқан. олар тартылғанда жүн көтеріледі, бұл жағдайда суыққа төзімділік артады. Тері тканінде нерв талшықтары да болады ол негізінен емізікше қабатта дамыған, ал қан тамырлары қыртысты қабат пен түк қалталарында орналасқан.

Тері асты бұлшықты қабаттар

Тері жануарлар денесімен ыдыраңқы, бұлшықты жалғастырушы тканьдер мен майлы қабаттар арқылы бірігеді. Өңдеу процесінде оларды шелдеу арқылы ажыратады. Тек керілуге әлсіз терілерді, - сары тышқанды, көр - тышқанды өңдегенде бұлшықты қабат ажыратылмайды тек босаңсытылады. Қой, сары тышқан, суыр, теңіз жануарларының өзеңдерінде майлы заттар көп мөлшерде болады. Майлы заттар негізінен өзеңнің астыңғы, бұлшықты қабаттармен шектесетін бөліктерінде болады. Олар жекелеген май клеткаларынан тұрады да, майсыздандырудың қиындатады. Май мөлшері жануардың қондылығына жәгне мезгілінебайланысты.

  1. Жүн түгінің құрылымы

Жануарлардың жүн түгі сыртқы көрініс және құрылымы бойынша әркелкі. Бір терінің өзінде жүннің әртүрлі ұзындығын, жуандығын, реңін, иректігін кездестіруге болады. Негізінен екі түрге бөледі, ірі, ұзын қылтықты және қысқа, жұмсақ, биязы - түбіті.

Қылшықты жүн талшықтарының ірілері бағытаушы қызмет етеді. Серпімді жүн бағытаушы жүн талшықтары жүн тобының негізгі бағытын анықтайды, түбітті жүн талшықтары да сол бағытта орналасады. Түбітті жүн талшықтары топтардан тұрады, кей жағдайларда ұылшыұты бағытаушы талшықты негізі де болады. Топтардағы талшықтар саны жыл мезгілдеріне байланысты. Ақ тиында қыс айларында 12 болса, жаз айларында 4 - 9. Сол сияқты әртүрлі аңдардың өзгешеліктері бар.

5 - суретте қылшықты жүн талшығының түрлері келтірілген. Қылшықты талшық әдетте тік конус бір немесе цилиндр екі түрінде, кейде жоғарғы бөлігі жуандай үш немесе қалақша төрт бұралып немесе бүгіліп кездеседі. Түбітті жүн талшықтары реңінен біркелкі болатын болса, қылшықты талшықтар керісінше боялған мен боялмаған бөліктермен сипатталады. Қылшықты талшық көлденең қимасында дөңгелек эллипс немесе ноқат секілді. Түбітті талшықтар цилиндр формамен әдетте иректелген.

5 - сурет

Жүн талшығының түрлеріне байланысты бөлінуі.

а - конус тәріздес; б - цилиндр тәріздес;

в - оралмалы; г - қалақша тәріздес.

  1. Жүннің құрылымы

Жүн талшығының ұзындығы бойынша екіге бөледі. Қылтық - теріден сыртқы бөлік, түбіт - қылтықтың түп қалташасында жалғасы. Ал жүн талшығын көлденең қимасында үш қабатқа бөлуге болады (6 - сурет) . Сыртқы қабат немесе кутикула, қабыршықты қабат және орталық - жүрекше.

6 - сурет

Түк құрылымы.

1 - кутикула; 2 - қабыршықты қабат; 3 - жүрекше.

Кутикула қалыңдығы 0, 5 мк жобасындағы жалпақ мүйізденген клеткалардан тұратын жұқа қабат. Бұл клеткалар - қабыршықтар қыртыстың қайызғақты қабатына ұқсас. Жүннің жылтырлығы, ұйпаланғыштығы, су сіңіргіштік қасиеттері кутикулға байланысты.

Кутикула 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабат (эпикутикула), ортаңғы қабат (экзокутикула), ішкі қабат (эндокутикула) .

Қабыршықты қабат жүн талшығы жуандығының 20% тең. Орталық қабатты қоршай орналасқан (7 - сурет) негізінен белокты зат - кератиннен тұрады. Клеткалар ұзындығы 100 мк, көлденең 4 мк жобасында.

Жүн талшықтарының беріктік қасиеттері мен серпімділігі негізінен осы қабатқа байланысты. Кератинді әлсірететін өңдеулер (ағарту, бояу), клеткалардың ыдырауына соқтырады.

7 - сурет

Жүн талшығының қайызғақты қабатының түрлері.

а - дөңгелек; б - дөңгелек емес; в - көпір тәріздес.

Қабыршықты қабаттың әртүрлі құрылымды клеткаларында меланин деп аталатын бояғыш белоктардың түйірлері болады. Бояғыш түйіршіктер қара, қызыл және сары болып кездеседі. Сондықтан да аң терілері түрлі түсті болып кездеседі. Талшық жүрекшесі, арасында ауа тола қуыстары бар, мүйізді клеткалардан тұрады. Жүрекшенің дамуы жануарлар түрлеріне байланысты. Биязы, жібек жүнді қой жүндерінде жүрекше болмайды. Жүрекше дамығанталшықтардың беріктігі мен серпімділігі кемиді.

Түк қалташасында түк тамырлары орналасқан (8 - сулрет) .

8 - сурет

Түк қалташасының құрылым схемасы.

1 - түк қалташасы; 2 - негізгі қабыршық;

3 - түк қуысы; 4 - қабыршықты қабат;

5 - түк жүрекшесі; 6 - түк емізікшесі.

Түк қалташасының негізгі берік байланысқан коллагенмен эластин талшықтары құрайды. Қалтаның төменгі жағы өзеңнің емізікшесі еміп тұрады. Емізікшеге қан тамырларының, нервтің соңы келеді. түк қалташасының ішкі жағы мальпиги қабатты клеткаларынан тұрады.

Қыртысты қабаттан айырмасы түк қалташасында мүйізді қабат болмайды. Түк тамырлары талшықтың белгілі дамуы кезеңінде қажетті қоректік нәр алу үшін емізікшемен байланысқан. Тамыр құрылым жағынан қыртыстың мальпиги қабатының клеткаларына ұқсас эпителиальды клеткалардан құралған. Емізікше төңірегінде орналасқан клеткалар өсе келе тез бөлініп түк талшығының 3 бөлігін құрайды: жүрекшк, қабыршықты қабат және кутикула. Жаңа клеткалар пайда болуына қарай жоғарғы ысырылып мүйізденіп, кератинге айналады.

Өндірісте былғары тканінің барлық клеткалары құрылымдарын, әсіресе түк тамырлары беріктігін, сақтау міндетті. Себебі түк тамырлары әлі жетілмеген эпителиалдан тұратын болғандықтан оған кері әсер ететін өңдеулер терінің бұзылуына әкеліп соғады.

2 МЕХ ӨНДІРІСІНІҢ ШИКІЗАТТАРЫ

2. 1. шикізаттарды сұрыптау

Мех өндірісінде өңделетін тері шикізаты негізінен келесі топтарға бөлінеді: аса бағалы аң терілері, мехтық шикізат, теңіз жануарларының терілері.

Аңтерілері шикізат немесе аң терілері ақаулар кезінде кезінде немесе арнайы өсірілген шаруашылықтарда дайындалатын аса бағалы аң терілері.

Мехітк шикізат - мех өндіруге жарамды үй жануарларының өңделмеген шикізаты.

Теңіз жануарлар терісі - өңделмеген теңіз мысығы, теңіз ит балығы және де басқа терісі өңдеуге жарамды теңіз жануаларының терілері.

Аң терілері де, (пушина) мехтық шикізатқа қыстық және көктемдік бұрыш болып бөлінеді. Қыстық аң терілері - қыста ауланатын аң терілері. Бұларға тиын, қама, құндыз, аңкіс, қоян, сусар, күзен, түлкі, қара күзен, ондатра, көгілдір түлкі, бұлғын және тағы басқалар. Қыс айларында бұлардың түк жабындары жетілген, жоғары сапалы болады. көктемгі аң терілері қыста ұйқыға кететін немесе аулау қиынға түсетін, аң терілері сондықтан көктем, күз айларында ауланып дайындалатын аң терілерін айтады. Оларға суыр, сары шұнақ, көртышқан және т. б. Жатады.

Қыстық мехтық шикізатқа жүні жақсы өсіп жетілетін үй жануарларының терісі жатады: үй қояны, ит, мысық.

Көктемгі мехтық шикізат - негізінен үй жануарлар терілерінің жас төл терілері: лақ, қозы, қаракөл елтірісі, сеңсең бұғы, бұзау терілері, құлын, қой және теңіз мысығы терілері.

2. 2. Жүн түгінің өзгермелілігі

Аңдар мен жануаралар терілерінің қасиеттерінің үлкен айырмашылықтары болады. Бұл жануарлардың тұқымдық табиғаттарына тән. Табиғи ерекшеліктерімен қатар, тұқымдық қасиеттеріне қоршаған ортаның тигізер әсері зор.

Қоршаған ортаның өзгеруі жануарлардың сыртқы қабатының организмді жағымсыз әсерлерден қорғауға қалыптастыратындай мүмкіндіктер болады. Бұның дәлелі ретінде жабай аң түрлерінің жүнінің солтүстік қысы суық аудандарда жылы жаққа қарағанда өсіп, қалың болуын келтіруге болады.

Бір аң терілерінңі өзінде қысқы жүн жабынның биік, қалың және жұмсақ болатыны байқалады. Жыл мезгілінің ауысына байланысты, климат жағдайы (ауа райы ) өзгереді, соның әсерінен жүн түгінің бояуы, биіктігі, қалыңдығы және жұмсақтығыда өзгеріп тұрады. Реңінің өзгеруіне ақ түлкі, ақ тышқан, ақ қоян мысал бола алады. Олар жаздық жүннің қоңырқай реңін қысқа қарай ақ түске ауыстырады.

Қысқы ұйқыдан оянғанда аңдардың жүндері, құрғақ, бәсең, шелі - құрғақ, себебі қысқы ұйқы кезінде май бездері май бөлінуін тоқтады. Бұл аңдарда түлеу тек бір рет, жазда ғана болады. Ол кезде жүн түсіп орына күзде өсіп жетілетін жылтыраған, жұмсақ серпімді жаңасы өсіп шығады, шиелі - майланады.

Жануарлардың күтіміне байланысты жүн түгінің өзгеруі әртүрлі болады. ашық ауаду болатын қоян, мысық, ит жүндері жабық бөлмеде болатын аң жүндеріне қарағанда тез алмасады. Селекциялық (тұқым тазарту) нәтижесінде елеулі өзгерістер болады. Биязды жүнді қойда түлеу екі рет, қылшықты жүндіде көктемде ғана болса, жабайы қойлар жылына екі рет көктемде және күзде түлейді. Аң өсіретін шаруашылықтардағы бағалы аң терілерінің жүн түгін тор ішінде ұстап, жақсы күтіммен дұрыс тамақтандыру нәтижесінде таза тұқымды жүн түгінің реңін, биіктігін және қалыңдығын жақсартуға болады. бұны көптеген шаруашылықтар тәжірбиелері дәлелдеп көрсетті. Түлкі, күзен өсірілетін бөлмелерді жаз айларында қараңғылап қою нәтижесінде күзгі тиүлеуді тездетіп қысқы жүнннің дамуын үш аптаға қысқартуға, соның нәтижесінде шығынды азайтуға болады екен. Бұл аңдардың жүн түгінің аққа ауысуы қыста қарлы кезеңде қорғану қызметін атқарады.

Қысқы ұйқыға кетпейтін аңдарда жүн түгінің алмасуы жылына екі рет - көктемде және күзде болады, бұл түлеу деп аталады.

Көктемгі түлеу. Қыстың соңына қарай май бездерінің тіршілігінің тоқтауына байланысты, жүн түгі өңін жоғалтып, түбіт әлсірейді. Көктемнің кірісіне жүннің терімен байланысы әлсіреп, түсе бастайды, қысқы жүн жабыны сирейді. Теріде жүнсіз тақыр дақтар (бөліктер) пайда болады. тері қалыңдап қоңырқай тартады. Бірте - бірте жүннің қылшығы тазарып жаздық түк жабыны пайда болады. Әдетте, жүн түгінің алмасуы жануарлардың басынан құйрығына қарап жүреді.

Көктемгі түлеуде қыстық қалың өсік жабыны жаздың қысқа сирек жабынына алмасады. Күзгі түлеу кезінде астынғы қабатынан шыға береді де жаздық жүн жабыны толық түсіп бірте - бірте алмасады. Әдетте, күзгі түлеуде алмасу керісінше, құйрығынан басына қарай жүреді. Терінің қасиетері жануарлардың тұқымына, жасына және жынысына байланысты болады. Көбінесе аңдардың, үй жануарлардың еркектері ірілеу болып келеді. бұл терінің ауданына әсер етеді. Тек су құндызының ұрғашылары ірі болады. Еркек жануарлардың терілерінің жүндері, әдетте биік және ірі болып келеді, шелдері қалың. Кейбір жануарлардың (мысалы ит балықтың) еркектерінің реңдеріндерінде де өзгешелік болады. Теңіз мысығының еркектерінің жүнінің өсік жалы болады, ал ұрғашыларында ол болмайды.

Аңдар мен ауылшаруашылық жануарларының өсуіне байланысты тері құрылымында және жүн жабыны да өзгеріп отырады. Кейбір теңіз жануарларының балалары жүн сіз, ал кейбіреулерінің балалары жетілген жүнімен туады.

Сүтқоректілердің балаларының алғашқы жүн түп биязы түбіт секілді. Ол түк емген кезде ғана сақталады, ал одан соң қалыңырақ жабынмен алмасады.

Жабайы аңдардың алғашқы жүн түгі түсіп, орнына жаңасы шыққан соң да өмір бойы алмасып отырады. Жануарлар терілері денесі әбден толысқанға дейін өсе береді. Жүн түгі де қалыңдап реңі ашыла береді. Көптеген аңдардың жас балаларының алғашқы жүн жабынының құндылығы төмен болады. Ондай терілерді дайындауға тыйым салынады. Бірақ та жаңадан туған ит балық баласының жабыны өте бағалы шикізат болып есептеледі. Көптеген ауыл шаруашылық жануарларының (қой, ешкі, бұғы, сиыр және жылқы) мехтық теріні тек жас төлдер ғана береді. Мысалы жаңа туған қаракөл қозысының елтірісі өте бағалы, ал бірінеше күн өткен соң қасиетін жоғалтып, құндылығы төмендейді. Үй жануарларының (қоян, мысық, ит) керісінше, жас төлдерінің ересектеріне қарағанда сапасы төмен болады.

Ересек ауыл шаруашылық жануарларының терілері биязы жүнді қойды есептемегенде былғары өндірісінде қолданылады.

Ауыл шаруашылық жануарлары сияқты үй жануарларында терілерінің құрылымнан да, жүн жабының сапасынан да өзгешелентін бірнеше тұқымдарға бөлінеді. Әсіресе қой тұқымдарының өзгешеліктері ерекше. Мысалы, биязы жібек жүнді қой терісінің теңіз мысығына, қоянға кәмшатқа ұқсас өнімдерге дейін алуға болады. ірі жүнді қой терілері тек тондық өнімдерге ғана жарайды. Қояндарға сол сияқты кейбіреулерінің жүнінің ұзындығы 15 - 20 см, ал кейбіреуінікі 3 см жетпейді.

Кейбір жануарлардың жынысының, жасының және өсу табиғатының бірдей болуына қарамастан, жүн жабынының, реңінің, ауданының елеулі айырмалары болады. Мысалы ретінде түлкі терісін келтіруге болады.

2. 3. Мехқа арналған аң және үй жануарларының терілерінің бастапқы өңдеу

Терісі мех өнеркәсібіне пайдаланатын жануарларды сою терісінің тәсілінің терінің ауданына, тері ткані мен жүн түгінің беріктігіне тигізетін әсері мол. Союға қойылатын негізгі талап толық қансыздандыру, себебі тері құрамында қалған қан бактерияларының дамуына қолайлы ортта болып табылады. Жабайы аң терілерінің дайындауға кең тараған тәсіл - атып алу, одан басқа қақпан, тұзақ және с. с. тәсілдер қолданылады. Үй жануарларын бауыздау және маңдайынан немесе шүйдесінен соғып құлату арқылы жансыздандыру. Бауыздаған малдың терісін көпке созбай жаны шыққан бойда тез арада сыпырып алу керек. Терінің алғашқы өңдеу процестері теріні сыпыру, майсыздандыру және консервілеу.

Теріні сыпыру

Терінің жүн түгінің сапасына, илеу тәсіліне және оның пайдалануына байланысты сыпыру бірнеше тәсілмен жүргізіледі: жалпағынан (ақ жолакқ бойымен тілу, яғни төстің қарынның және шеткі мүшелерінің ортасын ала), екі бүйірден тілу, бас жағынан тұтастай төмен сыпыру (9 - сурет) және арт жағынан тұтастай басына қарай сыпыру.

9 - сурет

Жалпағынан сыпырылған терінің тілу сызықтары мен тері көрінісі.

Жалпағынан тілудже негізінен үй жануарларының терісін, қояннан басқа үлкен терілер (аю, жолбарыс) майы көп болатын (теңіз жануарланың ) және терілері жалпағынан қолданылатын кейбір аң терілері, көртышқан т. б. сыпыруда қролданылады.

Бас жағынан төмен қарай сыпыруды жүн түгі ашық түсті, түбіттес жұмсақ жүнді аңдар терісін (ақ тиын, бұлғын) терілеріне қолданылады. Ол үшін ауыздың айналасындағы ерінді ажыратып, мәрін шеміршектерін бөліп төмен қарай сыпырады.

Арт жағынан бас жағына қарай сыпыруды кәмшәт қара күзен, сусар, саз құндызы, түлкі, андатра, мысық, қоян және т. б. бағалы аң терілерінің алғанда қолданылады. Бұл терілердің алынатын өнімдердің түрі олардың ерекшеліктеріне байланысты.

Бұл тәсілде артқы аяқтың іш жағымен артқы тесіке дейін тіліп төмен қарай сыпырады. Көптеген аңдардың басын, аяқтарын, құйрығын, бүтіндей сақтап қалу тиімді.

Теріні майсыздандыру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бояғыштардың жартылай фабрикаттармен өзара әрекеттесуі
Пиксельдік өңдеу
Тері шикізатын өндіру жайлы
Былғары және үлбір шикізаттары
Былғары және мех шикізатының тағайындалуы
Үлбір ішкі заттарын консервілеу әдістері
20-21 ғ. былғары өңдеу жаңалықтары
Тері түрлері
Былғары және тондық- мех тері шикізатының түрлері
Аңшылық өнімдерін өңдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz